Тарихи жырлардың субъективтілігі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Тарихи жырлардың поэтикалық ерекшеліктері
Мамандығы : 5B011700-қазақ тілі мен әдебиеті
Орындады: МеңдібайС. М.
( қолы) (аты-жөні, тегі)
Жетекші: Баят Е. ( қолы) (аты-жөні, тегі) «Қорғауға жіберілді» « » мамыр 20 21 жылКафедра меңгерушісі Жумагулова О. А.
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Көкшетау 2021
Н. 5. 03-01
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Факультет Филология
Кафедра қазақ филологиясы
Мамандық 5B011700-қазақ тілі мен әдебиеті
(шифры, атауы)
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
ф. ғ. к., доц. Жумагулова О. А.
« » 20 21 ж.диплом жұмысы бойынша ТАПСЫРМА
Студент Меңдібай Сағынгүл Мақсұтқызы
(аты-жөні, тегі)
1. Жоба тақырыбы (жұмыс) Тарихи жырлардың поэтикалық ерекшеліктері
« » 202 1 ж. № бұйрығы бойынша университетте бекітілді.
2. Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі « » 20 2 1 ж.
3. Жоба (жұмыс) бойынша дерек көздер:
4. Жоба (жұмыс) мазмұны (қарастырылатын сұрақтар тізімі)
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Тарихи жырлардағы тілдік-көркемдік тәсілдер
4. Тарихи жырлардағы көркемдік дәстүр сипаты
5. Қорытынды
6. Жоба (жұмыс) бойынша кеңес беру (жоба (жұмыс) тарауларына қатысты)
Тапсырма
берді
4 Тарихи жырлардағы көркемдік дәстүр сипаты
5 Қорытынды
Жетекші Баят Е.
( қолы)
Тапсырманы орындауға алдым Меңдібай С. М (студенттің қолы)
Н. 5. 03-02
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАр
Дипломшы-студент Меңдібай Сағынгүл Мақсұтқызы
Жоба (жұмыс) жетекшісі phD докторы Баят Е.
Н. 5. 03-03
Қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі
ф. ғ. к., доц. О. А. Жумагуловаға күндізгі оқу бөлімінің 3- курс
студенті Меңдібай Сағынгүл Мақсұтқызынан
Мекен жайы: Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Красный яр селосы, Достық 79\1
Ө Т І Н І Ш
Сіздің кафедраңызда Тарихи жырлардың поэтикалық ерекшеліктері
атты дипломдық жұмысты орындауға рұқсат беруіңізді, әрі ғылыми жетекші ретінде phD докторы Баят Ерболатты тағайындауыңызды сұраймын.
Тақырып « » ж . оқытушымен келісілген.
Студент Меңдібай С. М
(студенттің қолы)
Келісілген Баят Е.
( жетекшінің қолы)
Нақты тақырыптың толық аты: Тарихи жырлардың поэтикалық ерекшеліктері
Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында бекітілген.
« » 21ж. № хаттама
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 7
ІІ. Негізгі бөлім
1. 1 Тарихи жырлардағы тілдік-көркемдік тәсілдер . . .
1. 2 Тарихи жырлардағы көркемдік дәстүр сипаты . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бұл күндері тәуелсіз ел болып шаңырақ көтердік. Қоғамдық өмірде түбегейлі өзгеріс болды. Атажұртты аңсаған ағайындарды бауырға тарта бастадық. Олардың тағдыр-тарихын, рухани дүниесін зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл жөнінде елбасы Н. Назарбаев: «Ұлттың рухани өмірі, оның мәдениетіне байланысты әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мән бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу - бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді» - деген болатын.
Халқының қамын ойлаған батырлардың ерлік әрекеттері көп көңілінде қалды, ұрпаққа өнеге болды. Сондықтан халық ішінен шыққан ақын-жыршылар батырлардың ерліктері жайында көптеген өлең-жырлар тудырды. Ұлтының азаттығы үшін күрескен ерлерді дәріптейтін мұндай тарихи жырлар ауызша тарап, халықтың рухани қажетін өтеп келеді.
Алғашқы кезеңдердегі, яғни Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына қарсы феодалдық соғыстар «Едіге», «Нұрадин», «Қарасай-Қажы», «Орақ-Мамай» жырлары, жоңғар, қалмақ шапқыншыларына қарсы соғысқан батырлар Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, т. б., қазақ халқының ұлт азаттығы үшін күрескен ерлердің көтерілісіне байланысты туған “Кенесары-Наурызбай”, “Исатай-Махамбет”, “Арқалық батыр”, “Есет батыр” қатарлы тарихи жырлар алғаш рет зерттеу нысанына айналды. Бұрын терең зерттелмеген бұл жырлардың ерекшеліктерін ашып, жан-жақты зерттеу - фольклортану ғылымының басты проблемаларының бірі. Жұмыстың өзектілігі де осы қажеттіліктен байқалады. Сондай-ақ, бұл жұмыс мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасына да сәйкес келеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақтың халық әдебиеті, соның ішінде тарихи жырлардың туып, даму жолдары соңғы жылдары ғана зерттеу нысанына айнала бастады. Әйтсе де, ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлар қазірге дейін терең зерттелген емес. Бұл жанрдың мән-маңызы туралы мақалалар жазған әдебиетші-зерттеушілер саусақпен санарлық. Олардың қатарында А. Татанайұлы, Б. Кәсей, А. Кірішбаев, О. Қызырқанұлы, Ж. Маман, З. Сәнік, І. Сүлейменұлы, Т. Қабаев, т. б. болды. Бұл әдебиетшілердің мақалаларында таптық принцип пен коммунистік идеологияның әсер-ықпалы зор болды. Сондықтан олардың зерттеулерінде ұлт-азаттық көтерілісінің шығу себептері мен олардың мақсаттарын ашып айта алмады, тек мазмұндық таныстыру деңгейінде ғана жазылған еңбектер болды.
Халқымыздың фольклоры соның ішінде тарихи жырларын зерттеу нысанасы етіп алған ғалым З. Сейітжанов болды. Ол 1988 жылы “Қазақтың реалды-тарихи эпосы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Автор өз жұмысында Қазақстандағы ғана емес, Шыңжаңдағы қазақтардың да бірнеше тарихи жырларының ерекшеліктерін ашып, оларға алғаш рет түркі тілдес халықтардың жырларымен тарихи-типологиялық салыстыру жасады. Ортақ сипаттары мен өзгешеліктерін айқындады. Осы арқылы эпикалық дәстүрдің жаңа бір белесін - реалды-тарихи эпостың қалыптасуын тұжырымдады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыста ұзақ уақыт ақтаңдақ қатарында қалып, зерттелмей келген тарихи жырлардың пайда болып, қалыптасу жолдарын белгілі кезең шындығымен байланыстыра қарап, сипаттама беру мақсат етілді. Осындай өзекті мәселені шешуде төмендегідей міндеттер белгіленді:
- Тарихи жырлардың жиналу, жариялану, зерттелу деңгейін пайымдау;
- Тарихи жырлардың жанрлық табиғаты мен жырлану ерекшеліктерін саралау;
- Тарихи жырлардың тақырыптық-идеялық сипатын зерделеу;
- Тарихи жыр мен тарихи шындықтың арақатынасын анықтау;
- Жырлардағы образдар жүйесінің бейнеленуіне мән беру;
- Тарихи жырлардың поэтикасы - бейнелеу құралдарының эстетикалық табиғатын ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ халқының азаттық жолындағы көтерілісіне байланысты туған тарихи жырларды жүйелеп, алғаш рет ғылыми айналымға қосу және оларды жан-жақты бүгінгі күн талабы тұрғысынан зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығын көрсетеді. Дипломдық жұмыста ХIV ғасырдың басы және ХХ ғасырдың бірінші жартысында туған тарихи жырлар халықтың батырлық, азаттық, бостандық жолындағы күрестерінің фольклордағы көріністері екендігі дәлелді түрде тұжырымдалады. Халық үшін қан майданға шығып, қаһармандық-ерлік көрсеткен батырлар жайында туған тарихи жырлардағы ұлт-азаттық идеясы сол тұстағы саяси-әлеуметтік жағдайлармен, тарихи факті-деректермен салыстырыла, сабақтастырыла қарастырылуы - ғылыми еңбекте көтерілген мәселенің сонылығын, маңыздылығын, ауқымдылығын байқатады. Есімдері ел тарихында мәңгілік жатталатын батырларымыз хақындағы тарихи жырлардың тарихқа қарым-қатынасы мен поэтикалық ерекшеліктерінің фольклорлық тұрғыдан талдануы ғылым үшін мәні бар жаңалық екендігін дәйектейді.
Зерттеудің нысаны. ХІV ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік жағдайы мен елім деп еңіреген ерлердің ерліктері негіз болған тарихи жырлардың жарық көрген жыр нұсқаларының мәтіндері алынды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері М. Әуезов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, С. Сейфуллин, Е. Ысмайылов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Н. С. Смирнова, З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы, Т. Қоңыратбай, Ш. Керім, Б. Әзібаева, т. б. ғалымдар еңбектері теориялық-методологиялық негіз ретінде пайдаланылды. Сонымен бірге орыс ғалымдары В. Я. Пропп, Б. Н. Путилов, В. М. Жирмунский, В. М. Гацак еңбектері назарда болды.
Зерттеу жұмысының әдісі. Жырларға талдау жасау барысында жүйелі-кешенді, тарихи-салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
Тарихи жырлар - белгілі тарихи окиғаға байланысты туған эпикалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдігі сақтала бермейді. Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік. коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан корытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалык мақсаттар қаға беріс калып, жалпы халыктық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар тарихи жырларда ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе көркемдеу құралы (гипербола) тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі - ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары - көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды.
"Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" (Әуезов М., "Уакыт және әдебиет", 1962, 75-бет) .
Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде Тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді.
Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ. ) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т. б. жырлар) .
Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ. ) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды.
Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ. ) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т. б.
Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі ("Туар ма екен бізге күн", "Еріксіз келдім елімнен", "Зарлы заман кезінде", "Құлақасқа", "Бекболат", "Ұзақ батыр", "Амангелді" т. б. ) .
Қазақ әдебиетіндегі Тарихи жырларды Үмбетей, Мұрат, Тілеміс, Нысанбай, Жанкісі, Шернияз, Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын сияқты ақынжыраулар шығарған, толықтырып, өндеп қайта жырлаған. Тарихи жырларға алғаш көңіл бөлген Ш. Уәлшанов еді. Ол "Абылай", "Орақ батыр" жырларын жазып алып, зерттеді. Одан кейін 19 ғ-да В. Радлов, Г. Потанин, И. Березин, И. Аничков, 20 ғ-дың басында М. Ж. Көпеев, Ә. Диваев т. б. көрнекті фольклористер Тарихи жырларды жинауда көп еңбек сіңірді. Қазір Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында 400-дей Тарихи жырлар бар. Кеңес дәуірінде Тарихи жырларды зерттеуге С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мщанов, Ә. Маргцлан, К, . Жцмалиев, Е. Ысмайылов, М. Ғабдуллин, Н. С. Смирнова, Б. Кенжебаев, Ф. Бердібаев, Б. Уахатов, Н. Төреұлов, К. Сейдеханов, т. б. ғалымдар зор үлес қосты. Көптеген Тарихи жырлар хрестоматияларға, жинақтарға енді, жеке кітап болып басылды.
Қазақ қоғамында ауызша сөз өнеріне негізделген тарихи жыр ұғымы мен анықтамасы әлі күнге дейін бірізділікке түскен жоқ. Оған қатысты қазақ және орыс тілдеріндегі тарихи зерттеулерде ауызша руханиятымыз «фольклорлық деректер», «қария сөздері», «ауыз әдебиеті туындылары», «далалық ауызша тарихнама», «ішкі деректер», «қазақи деректер», «далалық ауызша тарих айту», «тарихты жатқа айту», «қазақтың дәстүрлі ауызекі тарихнамалық шығармашылығы», «ауызша жыр», «дәстүрлі емес деректер», «ауызша жыр айту дәстүрі» т. б. атаулармен аталып келді. .
Тарихи жырлар негізіне өмірде анық болған әлеуметтік, саяси оқиғалар алынады. Жалпы, батырлар жырлары мен тарихи жырлар арасындағы алшақтық онша терең емес сияқты болып көрінеді.
«Тарихи жыр» жанрының басты ерекшеліктері мыналар:
- Идеялық ерекшелігі . Ру-тайпалық мақсаттар орнына, жалпыхалықтық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады.
- Көркемдік ерекшелігі . Батырлар эпостарында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар тарихи жырларда ұшырамайды. Көркемдеу құралы (гипербола) тарихи жырларда мүлде әлсірейді.
- Тарихи жырлардың субъективтілігі . Тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға алмастырады.
- Тілдік айырмашылығы . Батырлық эпостарда поэтикалық, психологиялық параллелизм, шендестіру көбіне әсірелеу болса, тарихи жырларда поэтикалық өрнек аз, көпшілігінде психологиялық параллелизм жоқ.
- Бірнеше варианттылығы . Жырдың бірнеше вариантымен танысу арқылы ұлтымыздың фольклоры қаншалықты бай екенін байқауға болады және халық қиялының қаншалықты ұшқыр екенін көрсетеді.
ХІХ ғасырдағы тарихи жырлардың басты ерекшелігі - оқиға неғұрлым бертінгі уақытқа жақын болса, ол туралы шығарма одан аса көп мезгіл өтпей-ақ тууы да мүмкін екендігі. Оның себебі - ХІХ ғасырда қазақ даласында Ресей мен қоқандықтардың үстемдігіне қарсы күрестің жиі болуы. Ұлт азаттығы үшін шайқаста адамдар барынша қаһармандық көрсетті, міне, солардың ерлігін дәріптеу қажеттігі пайда болды.
Қазақ эпосында батырлар жыры мен ғашықтық жырларға қоса тарихи жырлар да мол. Бұл жырлар XVIII және XIX ғасырларда да, әсіресе кең өрістеп дамыған. Патша үкіметінің соғыс отаршылдығы мен қысымы, хан-сұлтандардың, болыстардың өктемдігі қазақ арасында көтеріліс тудырып отырды. XVIII ғасырдың екінші жарымы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысы бойына қазақ халқы өзін езіп-қанаушыларға қарсы қару алып күресті. Көтеріліс кең сахараның әр тұсынан-ақ ауық-ауық бұрқ етіп жатты. Күреске шыққан халықтың осындай ерлік айбары бірқатар тарихи жырлар тудырды. Сырым жайындағы, Исатай мен Махамбет жайындағы, Бекет пен Жанқожа жайындағы тарихи жырлар осындай.
Бұл тарихи жырлардың дәстүрі тереңде, алыста жатыр. Ол бастауын Азия мен Сибир тайпаларының ру аралық тартысы кезінде шабуыл-жорық жайындағы жырлардан алады. XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ - қалмақ соғыстары, соның салдарынан қазақ халқының көп қиындық көріп, Сырдария жағасынан Арқаға көшуі сияқты тарихи оқиғалар «Ақтабан шұбырынды» жайындағы жыр-аңыздар тудырды. Есімнің, Абылай мен Қабанбайдың, XVI - XVIII ғасырларда өмір сүрген басқа да тарихи адамдардың жорықтары жайындағы тарихи жырлар да мол. Бұдан басқа адайлар мен түрікмендердің ұзаққа созылған соғысы халық басына зор ауыртпалық болып түскендігі жайындағы тарихи жырлар ерекше бір цикл құрайды.
Хандар мен бектер, басқа да әміршілер көрші отырған тайпаларды, көршілес халықтарды біріне - бірі айдап салып, өшіктіріп, жауықтырып отырғанын бұл жырлар айқын танытады.
Бұл жырлардың бәрі де, ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да - анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар. Жырлардың авторлары - көбінесе сол оқиғаларды көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай сап -сабымен баяндайды. Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік баға басады.
Сақталып жеткен тарихи жырларды жазып хатқа түсіру әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Көлемді тарихи жыралрдың бірі - Есім жайындағы жыр. Есімнің Орта Азия тайпаларының хандарына қарсы күресін баяндайтын бұл жыр 1938 жылы жазылып алынды. Ал Орақ - Мамай жайындағы тарихи жырлардың да талай - талайы әлі жарияланған да жоқ.
Бекет жайындағы, Абылайдың жорықтары жайындағы жырлар өте - мөте мол таралған. Ал, Жанқожа туралы тарихи жыр қызғылықты болғанымен, онша көп таралмаған.
Осылардың ішінде Бекет жайындағы жыр анық тарихи оқиғалар жайында. XIX ғасырдың алпысыншы жылдарында Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісі жайында баян етеді. Шекті руының батыл, ержүрек ұлы Бекет Арыстан төреге қарсы шығады. Бекет шамадан тыс салыққа шыдамаған, жерді күшпен тартып алуға көнбеген, Сұлтанның езіп-жаншуына қарсы болған халықты соңынан ертеді. Сұлтан елге әскер шығарады. Бірақ Бекет күтпеген жерден шабуыл жасап, Арыстан Сұлтанды өлтіріп, оның әскерінің талқаның шығараыд. Көтерілісшілерге қарсы патша отрядтары шығады. Бекет олармен ұзақ уақыт бойынан соғысады. Патша әскерінің жәрдемімен күдер үзген сұлтандар мен даланың ақсүйектері Бекеттің басына көп ақша тігеді. Бекеттің бұрынғы досы әрі серігі Шернияз опасыздық жасап, батырды ұстап береді. бекет Сибирьге айналады.
Бекет жайындағы дастан осы тарихи оқиғаларды, халық батырының образын суреттейді. Дастанның екінші бөлімінде Бекеттің Орынборда қамауда болғаны, жер ауып айдалғаны, соңынан жас жұбайының іздеп барғаны, Бекеттің айдаудан қашып келгені, опасыз Шернияздың өлтірілуі баяндалады. Бекеттің ыза-наласы, оның қашуына әйелінің жәрдем бергені - осы тарихи жырдың қызғылықты романтикалық бөлімін құрайды.
Халық арасына кең таралған бұл тарихи жырды кім шығарғаны беймағлұм. Жырдың бірнеше варианттары бар.
Қазақ халқының тарихи жырлары мен тарихи өлеңдерін қазақтың, жалпы түркі-моңғол халықтарының ортақ эпикалық дәстүрінен жеке түрде бөлек алып, жеке қарастыруға болмайды. Тарихи жырлар мен өлеңдер - ежелден келе жатқан жалпы эпикалық дәстүрдің заңды жалғасы.
Тарихи жырларға тән бірқатар ерекшеліктер өз бастауын батырлық эпостан алады, ал тарихи өлеңдерге ортақ кейбір өзгешеліктер тарихи жырлар арнасында пайда болып, қалыптаса бастаған. Тегінде, жанрлық тұрғыдан қарағанда "тарихи жырлар" деп аталатын ауыз әдебиеті үлгілерін "ескі батырлар жырлары" мен "тарихи өлеңдер" арасындағы жанрдың өткінші аралық түрі деп қарастырғанымыз жөн сияқты. Шынтуайтына келсек, ескі батырлар жырлары мен тарихи жырларды бір арнаға тоғыстыратын жәйттер бар. Мысалы, ескі батырлар жыры да, тарихи жыр да тарихта нақты болған адамдардың батырлық іс-әрекеттерін баяндайды. Айталық, Қабанбай, Олжабай, Ағыбай, Есет, Жанқожа сияқты батырлар тарихи жырдың кейіпкерлері, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Сайын тәрізді ескі батырлық жырлардың кейіпкелері де тарихта болған адамдар. Ер Көкше орыстың Никон жылнамасында 1423 жылы қаза тапқан тарихи кейіпкерлердің бірі болып көрсетіледі.
Қобыланды мен Сайын да тарихта болған адамдар екені белгілі.
Ескі батырлар жырларында баяндалатын оқиғалар тарихи оқиғаларға негізделіп суреттелетіні дәлелденіп отыр. Тіпті, жыраудың өз ойынан шығарып, жыр желісіне өз тарапынан қосқан оқиғалардың тарихта шын болған ақиқат істермен байланысының барлығы болашақ жүргізілер зерттеулерде айқындалмасына кім кепіл бола алады?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz