Ақпараттық туристік кәсіпорындар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі

Мемлекеттік басқару және аймақтық даму бағдарламасының

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Түркістан облысында туризм секторын дамыту жолдары»

5B051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша

Түркістан 2021

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі

Мемлекеттік басқару және аймақтық даму бағдарламасының

«ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ»

Бағдарлама жетекшісі,

PhD Масадиков Х. Г.

«___» 2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Түркістан облысында туризм секторын дамыту жолдары»

5B051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша

Ғылыми жетекші,

Э. ғ. к., доцент

Батырова Н. Т. .

«___» 2021 ж.

Студент

Ж.

ДОТ -911тобы

«___» 2021ж.

Түркістан 2021

МАЗМҰНЫ

Белгілеулер мен қысқартулар

КІРІСПЕ

4

5

Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ: 1 ТУРИЗМ СЕКТОРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
45:
Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ:
  1. Туризм түсінігінің теориялық негіздері
  2. Туризм саласын басқарудың негізгі ерекшеліктері

1. 3 Туризм саласының экономикадағы теориялық маңызы

45:

7

16

26

Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ:
45:
Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ: 2 Түркістан облысында туризм секторының қазіргі жағдайын ТАЛДАУ
45:
Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ:

2. 1 Ел экономикасының дамуындағы туризмнің рөлін бағалау

2. 2 Түркістан облысындағы туризм секторының қазіргі жағдайын талдау

2. 3 Түркістан облысында туристік қызмет сапасын бағалау

45:

35

42

51

Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ:

3 Түркістан облысында туризм секторын дамыту жолдары

3. 1 Түркістан облысында туризм секторын кластерлі дамыту жолдары

3. 2 Түркістан облысында туризм секторын басқару мәселелері

45:

57

65

Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
45: 71
Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
45: 74-76
Белгілеулер мен қысқартуларКІРІСПЕ:
45:

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ТӨ - туристік өнім

ТҚ - туристік қызмет

МЖӘ - мемлекеттік жеке әріптестік

ЕО - Еуропалық Одақ

G7- Үлкен жетілік

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдарының

ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

АЕК - айлық есептік көрсеткіш

БСҰ - Бүкіләлемдік сауда ұйымы

БЭК - Біртұтас экономикалық кеңістік

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

ШАК - шартты ақшалай көмек

ҒЗИ - ғылыми-зерттеу институты

ЖОО - жоғары оқу орындары

QUANGO - квазимемлекеттік емес үкіметтік ұйымдар

БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

БAҚ
Бұқаралық ақпарат құралдары
БAҚ: БҰҰ
Бұқаралық ақпарат құралдары: Біріккен Ұлттар Ұйымы
БAҚ: ХEҰ
Бұқаралық ақпарат құралдары: Халықаралық еңбек ұйымы
БAҚ: БҒМ
Бұқаралық ақпарат құралдары: Білім және ғылым министрлігі
БAҚ:
Бұқаралық ақпарат құралдары:

Кіріспе

Зepттeу тaқыpыбының өзeктілігі . Түркістан облысында туризмді дамытуды біздің мемлекет экономиканың өсуін қамтамасыз етудің перспективалы бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру және келешекте Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру міндеті алға қойылған.

Түркістан облысында туристік бизнестің дамуына басты бағыт - ол туризм индустриясына қызмет көрсететін инфрақұрылымды жақсарту. Оған туристерді орналастыру, қазіргі заманғы байланыс түрлерімен, көлікпен қамтамасыз ету және түрлі ұлттық тағамдар ұсыну.

Түркістан облысында туристік ақпараттық орталық құру ішкі нарықта қатысудың шоғырланған стратегиясының болмауын және сыртқы нарықта қазақстандық туристік өнімнің таралуын жоюды жорамалдайды.

Түркістан облысында туристік салада шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінде технопарктер институтын пайдалану қазіргі жағдайда туристік өнім ерекшелігіне, сондай-ақ туристік қызметтер пакетін қалыптастыру кезінде инновациялық технологиялардың жоқтығына байланысты мүмкін болмай отыр. Бұл факт, Түркістан облысында туризм саласында (мемлекеттік мекемелер зерттеулер жүргізеді) зерттеумен айналысатындардың жоқтығымен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде Түркістан облысында туризм саласының қолда бар білім беру институттарының бәрі зерттеу жүргізуге және әзірлеуге қабілеті бар мамандармен қамтамасыз ете алмайды, міне бұл бүтіндей алғанда туристік саланың дамуының негізгі кедергілерінің бірі болып табылады.

Түркістан облысында туристік дамудың мақсаты - Түркістан облысында тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы, жергілікті тұрғындардың табыс көзі деп танылуы. Туристік өнім бүгінгі таңға дейін тауар - нарықтық қатынастар элементінің бірі ретінде әлі қаралған жоқ.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты, Түркістан облысында туризм секторын дамыту жолдары талдау болып табылады. Осы мақсатқа жетуге орай, келесі міндеттер айқындалды:

  • Туризм секторының теориялық аспектілері ашықталды
  • Туризм түсінігінің теориялық негіздеріне анықтамалар берілді
  • Туризм саласын басқарудың негізгі ерекшеліктері айқындалды
  • Туризм саласының экономикадағы теориялық маңызы келтірілді
  • Түркістан облысында туризм секторының қазіргі жағдайына талдау жасалды
  • Ел экономикасының дамуындағы туризмнің рөлін бағаланды
  • Түркістан облысындағы туризм секторының қазіргі жағдайын талданды
  • Түркістан облысында туристік қызмет сапасы бағаланды
  • Түркістан облысында туризм секторын дамыту жолдары ұсынылды
  • Түркістан облысында туризм секторын кластерлі дамыту жолдары қарастырылды
  • Түркістан облысында туризм секторын басқару мәселелері талданып, оларды шешу жолдары ұсынылды

Зерттеу тақырыбы : Түркістан облысындағы туризм секторы Зерттеу нысаны: Түркістан облысындағы туристік орындар Зeрттeу жұмыcының тeoриялық жәнe әдіcтeмeлік нeгіздeрі бoлып oтaндық жәнe шeтeлдік ғaлымдaрдың eңбeктeріндeгі іргeлі жәнe қoлдaнбaлы тұжырымдaмaлaры, caлaлық әдіcтeмeлік мaтeриaлдaр, зaңдық-нoрмaтивтік aктілeр мeн Қазақстан заңдылық қaулылaры қoлдaнылды.

Прaктикaлық мaңыздылығы диплoмдық жұмыcтa жaзылғaн қoрытындылaр мeн ұcыныcтaр Түркістан облысындағы туризм секторын дамытуға мүмкіндік бeрeді.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, 8 тармақтардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 76 бет.

1 ТУРИЗМ СЕКТОРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Туризм түсінігінің теориялық негіздері

Туризм - әлем шаруашылығының ең тез дамитын салаларының бірі. Халықаралық туризм мұнай өнеркәсібі мен автомобиль өнеркәсібінен кейін, үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Дүние жүзінде туримзмнің мәні үнемі артуда. Бұл жағдай жеке ел экономикасына туризм ықпалының өсуімен байланысты [1] .

Туризмнің қол жетімділігі, олардың сапалылығы және алуан түрлілігі саяхаттанушылардың демалыс нысанын таңдауда маңызды фактор болып саналады. Кәсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты:

  • бастапқы инвестициялар
  • туристік қызметтерге деген сұраныс
  • туризмнің пайдалылығының жоғары деңгейі
  • шығыстардың қайтарымдылығының қысқа мерзімі [2] .

Туристік операторлар қызметі - туристік өнімдерді қалыптастыруға, дамытуда және ол өнімдерді туристік агенттер мен туристерге сатуға рұқсаты бар заңды тұлғалардың қызметі.

Туристік агенттер қызметті - туристік операторлар қалыптастырған туристік өнімдерді дамыту мен сатуға рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі [3] .

Олардың арасындағы айырмашылық - туристік операторлар туристік өнімдерді дамытумен сатудан басқа туристік өнімдерді қалыптастыра алады.

Туристік өнімдерді қалыптастыру - щет елдік әріптестерді табу, қонақ үйлерді, экскурсияларды таңдау, көрмелерде жұмыстар, қонақ үйлер мен авиарейстерде сақтап қою орындарының нақты санын есептеу, каталогтарды шығару, агенттіктерді іздестіру және талдауды білдіреді. Басқаша айтқанда, туристік оператор визаларды рәсімдеу, экскурсиялар және т. б. әр түрлі қызметтерді орындайды.

Туристік өнім туристік саяхат мерзімінде көрсетілген туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер жіне сонымен байланысты саяхат мақсатына сай корсетілген басқа да қызметтер жиынтығын білдіреді [4] .

Туристік жолдама - туристік өнімнің болу фактісін растайтын құжат.

Туристік фирма үшін туристік саяхат өнім болып табылады, оның өзіндік құны туристік жолдамаға кіретін қызметтерді толығымен көрсететін шығындардан тұрады.

Шетелдік туристік фирмалар есеп айрысу үшін банктік аударымдарды жиі қолданады. Аударымдарды шет ел орналастыру үшін туроператор шет ел банктерімен корреспонденттік байланыстары бар банкте валюталық шоты бодуы тиіс.

Туропереторларда сатудан түскен табыс туристік қызметтерді көрсетуге келісім шартта анықталған бағалар бойынша туристік жолдамаларды сату құны негізінде анықталынады.

Сату бағасын анықтаудың ең қарапайым әдісі - өндірушіден тұтынушыға туристік өнімнің қозғалысы жолында щығындарды, салықтарды жіне пайда нормаларын сипаттайтын туристік жолдамалардың өзіәндік құнына белгілі бір қосымша құндарды қосу жолымен оларды орнату.

Бағаны қалыптастыру тек бағаны орнату ғана емес, төлеу әдісін, жеңілдіктерді бағалардың өзгеру саясаты, қосымша қызметтерге бағаларды анықтауды қамтиды. Туризмде сұраныстағы мерзімдік ауытқулар өте маңызды болғандықтан, бағаларды мерзімге сәйкес уақытымен есепке ала отырып ауыстырады [5] .

Туристік агенттің табысы туроператормен қалыптастыруда туристік өнім сатудан түскен комиссиялық сыйақы сомасы болып табылады.

Туристік қызметтердің тиістілігі компания алатын табысымен сипатталады. Бұнда пайда туристік өнімдер нарығында орын алатын бәсеке жағдайларында турфира өмір сүре алатын туристік өнімнің пайдалылық деігейін қамтамасыз етуі керек.

Пайданы қызметтің қаржылық нәтижесі ретінде бағалау табыстар жіне шығыстар жайлы есеп берудің үлгілі сызба-нұсқасы ьоцынша жүзеге асырылуы тиісті, жолдамаларды сатудан түскен - сатылған қызметтердің өзіндік құны - мерзім шығындары [6] .

Туризм қызметін ұйымдастыру үлкен еңбекті қажет ететін іс - шара болып табылады. Ол тәжрибеде ұйымдастырушыдан шығармашылық мүмкіндігін және ұйымдастыру барысындағы кез келген кездескен мәселе тәжрибелік тапсырманың стандарттық емес шешімін талап етеді. Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің қайнар көзі болып табылады [7] .

Туристік қызметтің ерекшеліктерін қарастырудан бұрын, жалпы туризм түсінігін және туризм нарығында кәсіпкерлік субьектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген қазіргі қатынасын қарастырып өтейік.

Туристік қызметтің ерекшелігі ең алдымен туристік өнім сонымен қатар туристік қызметтерді тұтынушылар мен өндірушілердің айрықша белгілерінің ерекшелігімен анықталады.

Туристік өнім дегеніміз - Қазақстан Республикасының «туристік қызмет туралы» 13. 06. 2001 жылы №211-2 заңына сәйкес - саяхат барысында туристердің қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын туристік қызметтер жиынтығы [8] .

Туристік өнім ең алдымен жақсы сатып алынуы керек. Туристік қызмет осы мақсатқа жетуге бағытталған бірінен кейін бірі жасалатын іс - шаралардан тұруы керек. Осыған орай туризмдегі көрсетілген қызметтердің ойға сиятын және негізделген анықтамасы қанағаттандыру үшін қажет қызметтер жиынтығын айтамыз.

Туристік қызмет дегеніміз - туристік өнімнің негізгі бірлігі. Ол туроператордың еңбегінің нәтижесі, бағытқа, белгілі бір мерзімге және біртұтас беріледі [9] .

Тауарлар туристік өнімнің материалды бөлігінен тұрады. Олар туристік карталар мен қала жоспары, буклеттер, туристік құрал-жабдықтар.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер жолдама немесе виза құнына кірмейді. Оларға жататындар телефон, пошта, заттарды сақтау, ақша айырбастау, қосымша тамақтану, ойын-сауық.

Туризм өзінің негізгі сипаттамалары бойынша шаруашылық қызметтердің басқа түрлерінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан, туризмде қазіргі кездегі қызметтің барлық түрлері қолданыла алады. Туристік өнімнің жалпы қызметтер сипаттамасымен қатар өзіндік ерекшеліктері де бар [10] :

Біріншіден, туристік өнімнің ұсынысы икемсіз өндіріспен ерекшеленеді. Туристік ұйымдардың басым көпшілігі сұраныс өзгересіне қарай әрекеттене алмайды. Қонақ үй, демалыс базасы маусым соңына қарай басқа аймаққа көшіріле алмайды. Ұсыныстың икемсіздігі ерекше білінеді, себебі туристік қызметтерге сұраныс маусымдық ауытқулар мен күтпеген сыртқы өзгерістерге өте қатты тәуелді.

Екіншіден, туристік өнім кәсіпорынның бірнеше құрамдас бөлімдерінің күшімен жасалады. Олардың әр қайсысы жұмыс істеуінің өзіндіңк ерекше тәсілдері, арнайы қажеттіліктері және коммерциялық мақсаты бар. Өнімнің көпшілігі толығымен сатылады, ал туристік қызмет ақырындап өндіріліп сатылады. Тасымалдау кәсіпорындары жылжытуды қамтамасыз етсе, қонақ үйлер орналасу мен тамақтануды, таныстырушы «гид» - жергілікті аймақтың көркем жерлерімен таныстыру қажеттілігін қанағаттандырады.

Туристік қызметтер көрсету үзінді түрде жүзеге асады. Себебі, бір кәсіпорын екінші туристік кәсіпорынның қызметін ттолықтырып, содан кейін ғана белгілі бір туристік өнім пайда болады. Егер бірін-бірі толықтыру үрдісі екі кәсіпорын тарапынан келісіліп, бір ортадан жүйелі түрде жасалатын болса, онда бұл істің маркетингтік тиімділігі де жоғары болады. Туристік кәсіпорынның аз ғана бөлігі жеке өздігінен туристік қызмет көрсету пакетінің барлық элементтерін қамтамасыз ете алады. Сондықтан кәсіпорындардың өзара тәуелділік деңгейі жоғары. Мысалы, тауда орналасқан қонақ үйлер олардың қызметтерін өткізетін туристік агент пен туроператорға ғана тәуелді емес, сонымен қатар, көлік кәсіпорындарына, жергілікті шаңғы туризмінің операторларына, банктік мекемелерге т. с. с. ұйымдарға тәуелді болады. Олардың ішіндігі бір кәсіпорындарыннан, кеткен кемшілік екінші кәсіпорынға әсер етуі мүмкін [11] .

Үшіншіден, туристік қызметтердің жоғары сапасына, аз да болса жіберілген кемшіліктер үлкен әсерән тигізеді.

Қызмет алдын ала өндіріле алмайды, бірақ оны керек кезде көрсету жағдайы алдын ала жасалынып, мерзіммен сұраныс ауытқуларына байланыссыз мүмкіндігінше дәл жосарланып қамтамасыз етілуі тиіс.

Туристік саяхаттың тұтыну құны мәдени оң танымидық немесе инвестициялық әсерден тұрады. Туристік өнімнің соңғы әсері оны өндіру үрдісімен бірге жүреді, ал бұл өз кезегінде оның пайдалылығын анықтауда қиындықтар туғызады.

Туристік өнімнің құны қызмет және тауардан құрылатын өндірістің материалдық және материалдық емес шығындарымен анықталады. Қоғамдық еңбектің туынды шығындары туристік саяхаттан тиімді әсер алуына тең емес. Мысалы, форс-можорлық жағдайларға байланысты тұтынушы оң әсер алмаса, онда бұл жағдайда туристік өнімнің құны жүзеге асырылмайды [12] .

Туристік өнімнің ерекшеліктері:

  • Туристік өнімнің түрлері мен компоненттері арасындағы өзара байланысты күрделі жүйе болып табылатын қызметтер мен тауарлар кешені
  • Туристік қызметті сақтауға және қоймалауға болмайды. Сонымен тауарлық үлгі ретінде ұсынуға да болмайды. Туристік өнімді бағалау үшін өлшейтін өлшем жоқ. Объективті бағалау тек жеке қызмет компененттеріне ғана тән.
  • Тұтынушы туристік өнімді, оны тұтынғанша көре алмайды. Ал көп жағдайда тұтынушы туристік қызметті өндіру орнына жүзеге асырады.
  • туристік өнімді уақыт және кеңістік сияқты айнымалыларға тәуелді болып келеді, мерзімдік факторы - ең негізгісі. Сонымен қатар, ұсыныс статикалық жағынан ерекшеленеді.
  • Туристік қызметтің сапасына форс-мажорлық сипаттағы сыртқы факторлар да әсер ғетеді, сатушы мен сатып алушының іс - әрекеттері мен талғамдарына қарамастан, ауа-райы, табиғи жағдайлар, туризм саласындағы саяхат, халықаралық жағдайлар т. б
  • Ұсыныс пен динамикалық сұраныс арасындағы қарама - қайшылық. Ұсыныс ландшафттары және климат өзгермейтін орынға байланысты [13] .

Туристік қызметті өндіруші мен тұтынушылардың осындай айрықша ерекшеліктері болады. Туристік қызметке сұраныс конъюнктураға, табысқа, білім деңгейіне, бағасына, жарнамасына және т. б байланысты икемділігімен ерекшеленеді. Туристік қызметтің сапасын бағалау субъективті болып табылады. Тұтынушының бағалауына әсерді сыртқы факторлар мен алынған қызмет пакетіне тікелей қатысы жоқ тұлғалар, демалушылар және туристік қызмет тек қана соңғы тұтынушыға - туристерге ғана емес, сонымен қатараралық тиісті мекемелерге, туристік агенстволарға, туризмді реттеу бойынша мемлекеттік органдарға, қоғамдық туристік ұйымдарға және т. б. қатысты.

Туристік қызметтерді өндірушілердің ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады: Туристік қызметтерді өндірушілер болып табылатын әр түрлі мақсаттары бар, профилі және мамандануы әр түрлі Туристік кәсіпорындардың саны. Осы жерде туристік қызмет көрсетудің бірнеше деңгейін қарастырады: мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар. Туристік кәсіпорындардың әр түрі үшін арнайы қызметтік сипатта болуы қажет, өйткені туризм - күрделі жүйе, экономика, саясат, әлеумет, экология, мәдениет, оң маркетингтік әсерге жету үшін мұнда осы салада жұмыс істейтін әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың тығыз шоғырлануы қажет.

Жоғарыдағы айтылғандарға негізделе отырып туристік қызметтің келесідей ерекшеліктерін қарастыруға болады [14] :

  • Туризмдегі қызмет үшін сұранысты ынталандыру басты міндет болып саналады. Туристік қызметке сұраныс әрқашанда өсу үстінде, туризм индустриясы басқа салаларға қарағанда экономикалық конъюнктураның өзгерісіне байланысты болады. Туристік қызмет сұранысты қажетті жерге бағыттау міндеті маңызды болып табылады.
  • Клиенттерге қатысты нақты ақпараттық саясаттың орны ерекше, әсіресе қызметті сату кезеңінде
  • Туристік қызметті сатып алу үрдісінде субъективті факторлардың ерекше орнын ескере отырып, туристік фирмалар клиенттердің құқығын қорғауға және туристік қызметті түтынушылардың талғамына көп көңіл бөлуі қажет.
  • Мерзімдік фактордың әсерінен фирманы уақыт факторына тәуелділігін азайту үшін мерзім аралық кезеңдерге маркетингтік шаралар аса назар аудару не туристік қызметті диверсификациялау қажеттілігіне негіздейді.
  • Туристік қызметті ұйымдастыру үрдісінде басқа салаға қарағанда тұтынушының тек материалдық аспектілеріне ғана емес, сонымен қатар оның психологиялық, діни-эмоциялық жағдайын ескеру қажет.
  • Туристік қызметтер бойынша іс-шаралардың оңтайлы соңғы нәтижесіне жету үшін туристік қызмет ондіру, туристік орталық мемлекеттік турістік органдар, қоғамдық бірлестіктердің барлық қатысушыларына маркетинг координациясы болады [15] .

Туризмнің алғашқы және барынша толық анықтамаларының бірін Берндегі университет профессорлары Фрунзикер мен Крапф берген, кейіннен бұл анықтаманы туризмнің халықаралық ғылыми-сараптамалық ассоциациясы қабылдаған. Олардың пікірінше, туризм - азаматтың жол журуін, саяхатқа шығуын айқындайтын, ешқандай табыс табумен байланыссыз құбылыс.

Туризмнің экономикалық сипаттамаларының ішінде 5 тужырымдама анықталады [16] .

  1. туризм-адамдардың әртурлі туристік бағыттармен жол журу сапары
  2. туризмнің әртурлі үлгілері 2 ұғымды қамтиды: белгіленген жерге саяхаттау және сол жерде тынығу
  3. саяхатқа шығу - туристтің тұрғылықты жерінен басқа жерге шығуы
  4. туристердің белгілі бір жерге баруы уақытша болып табылады, демек туристер белгілі бір уақыттан соң тұрғылықты жеріне қайта оралуы тиіс
  5. туризм турғылықты тұруды және пайда табуды қамтиды [16] .

БҰҰ мамандары турист 24 сағат не одан да көп кезеңге турғылықты жерінен басқа жерге саяхаттайтын адам деген анықтаманы бекітті. Бұл анықтама бойынша туристер:

  • көңіл көтеру, жанұялық себептер, денсаулық жағдайы және басқа да себептермен саяхаттайтын адамдар
  • іскерлік мақсатпен саяхаттайтын адамдар
  • ел жағалауына круизді кемемен елде 24 сағаттан аз уақыт болса да саяхаттайтын адамдар

Бұл келтірілген анықтама келесі тұлғаларды қамтиды

  • жұмысқа тұру келісім шартымен жұмыс істеуге мумкіншілігі бар адамдар
  • елге қоныстану мақсатында келген адамдар
  • елге оқуын жалғастыру не дәрежесін көтеру мақсатында келетіндер
  • көршілес ел шекарасында тұрып, басқа елге жұмыс істейтіндер [17] .

1969 жылы Римде өткен БҰҰ-ның халықаралық туризм мен саяхат жөніндегі конференциясы арнайы саяхатты ұйымдсатырудың халықаралық ұйымын құруды ұсынды және Барушы деген ұғым сол елге келетін әр бір адамды сипаттау керектігі жайлы келісімге қол жеткізді. Анықтама туристтің 2 санатын қамтиды [18] :

  1. Туристер әр елге ваканттық жұмыс табу мақсатымен укақытша барып сол елде 24 сағаттан көп уақыт болатындар, конференцияға қатысатындар, жолдастарымен және туыстарымен кездесуге баратындар, сондай-ақ елдің аумағында болған уақыт аралығында ұшақ экипаждары мен кемелердің құрамындағы мүшелері.
  2. Экскурсанттар. Басқа елге барып, сол елде 24 сағаттан аз уақыт болатын адапмдар.

Бүкіл әлемдік туризм ұйымының ұйымдастыруымен құрылған халықаралық туризм конференциясы1980 жылы 27 қыркуйек пен 10 қазан аралығында Манилада ішкі туризмге тусінік беру мақсатында өтті. Түристік ресурстар жөніндегі Ұлттық комиссияныңпікірі бойынша ішкі туризм - адам тұрақты жерінен 50 миль кем емес қашықта орналасқан жерде көру мақсатымен өзінің тұрғылықты жеріне уақытша тастап кетуі [19] .

Туристік бизнес - бұл туристік өнімді өндіру үшін нысанды кәсіпорындары бар өндіріс орындары. Туристік бизнес қандай тауар мен қызмет турін орындауды, қандай көлемде, қай бағамен сату қажеттігін анықтайтын ұғым [20] .

Туризм индустриясын туристік саяхатты іске асырумен байланысты қызмет көрсететін кәсіпорындар құрайды. Туристік қызметтің ерекшелігі олардың ұсынатын өнімнің көп турлілігі мен біртексіздігі ішінде.

Туризм индустриясы туризмнің дамуына және оның жаңа негізге көшуіне бірқатар өзгерістер әкелді:

  • Туризм қызметін ұсынушы фирмалардың саны өсті;
  • Ірі туристік фирмалар көлік, сауда, сақтандыру компаниялары мен банктердың қаржылары негізінде құрылған корпорацияларға айналды [21] .

Туристік агенттіктер - туроператарлар фималар мен қызмет көрсетуші кәсіпорындар арасында және клиенттер арасында делдалдық істі атқарушы жеке фирмалар. Олар туроператарлық фирмалар ұсынған тауарды өткізеді және тасымалдау ұйымдары, қонақ үймен тікелей қарым-қатынаста бола отырып, жекелеген туристер мен туристік топтарға әртурлі қызметтерді жеткізумен айналысады [22] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Туристік бизнесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру
Майбалық демалыс үйі негізінде туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлату
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Ғылыми техникалық прогресс және туризм саласының дамуы
Экономиканы басқарудың жаңа бағыты – кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу
Туризм менеджментінің теориялық және әдістемелік негіздері
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz