Көркем мәтіннің тілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

«Қорғауға жіберілген»

Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы (Кафедра атауы)

Ильясова Нағима Әбзелбекқызы (Т. А. Ә. кафедра меңгерушісі)

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Негізгі білім беру деңгейінде мәтін талдау әдістемесінің ғылыми-практикалық мәні» (7-сынып)

«Білім беру бағдарламасының коды - білім беру бадарламасының атауы»

Орындағандар: Қожабек Дамира Талғатқызы

Қуатбек Дәрия Ғаниқызы

Мұқан Ақерке Ермекқызы

Ғылыми жетекші: Ильясова Нағима Әбзелбекқызы

Алматы, 2021 жыл

Диплом жұмысын орындаудың

КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Іс-әрекет түрлері
Мерзімі
Орындалу туралы белгі
№: 1
Іс-әрекет түрлері: Ғылыми-зерттеу бағдарламасын құру
Мерзімі: Қыркүйек
Орындалу туралы белгі:
№: 2
Іс-әрекет түрлері: Тақырып бойынша аналитикалық шолуды дайындау
Мерзімі: Қазан
Орындалу туралы белгі:
№: 3
Іс-әрекет түрлері: Бастапқы эмпирикалық мәліметтерді жинау
Мерзімі: Қараша
Орындалу туралы белгі:
№: 4
Іс-әрекет түрлері: Алынған ақпаратты өңдеу және талдау
Мерзімі: Қараша
Орындалу туралы белгі:
№: 5
Іс-әрекет түрлері: Жобалау-есептеу жұмыстарын орындау
Мерзімі: Желтоқсан
Орындалу туралы белгі:
№: 6
Іс-әрекет түрлері: Дипломдық жобаның мәтіндік бөлігін дайындау және рәсімдеу
Мерзімі: Желтоқсан
Орындалу туралы белгі:
№: 7
Іс-әрекет түрлері: Визуалды (графикалық) материалды дайындау және рәсімдеу
Мерзімі: Қаңтар
Орындалу туралы белгі:
№: 8
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысының тәжірибелік бөлімін анықтау
Мерзімі: Ақпан
Орындалу туралы белгі:
№: 9
Іс-әрекет түрлері: Баяндама, демонстрациялық материалдарды дайындау
Мерзімі: Наурыз
Орындалу туралы белгі:
№: 10
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысын алдын ала қорғау
Мерзімі: Сәуір
Орындалу туралы белгі:
№: 11
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысын қорғау
Мерзімі: Мамыр
Орындалу туралы белгі:

Тапсырма берілген күн « » 2020 ж

Ғылыми жетекші: Ильясова Нағима Әбзелбекқызы

Студент: Қожабек Дамира Талғатқызы

Студент: Қуатбек Дәрия Ғаниқызы

Студент: Мұқан Ақерке Ермекқызы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Шалабай Б, Ахметова М. Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері // Тілтаным, 2002. - № 1. - 44-45 бб.

2. Откупщикова М. И. Синтаксис связного текста. - Ленинград: Изд. ЛГУ, 1992. -430 с.

3. Бахтин М. М. Эстетика словесного творчества. - Москва: Искусство, 1986. -502 с.

4. Руднев В. П. Словарь культура XX века: Ключевые понятия и текст. -Москва: Наука, 1997. - 486 с.

5. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы

14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.

6. Қазақстан Республикасыны «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы. - «Егемен Қазақстан» 2007, 15 тамыз. №254-256.

7. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

8. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012- 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы) .

9. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы «Ана тілі». -1996.

10. Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия. - Алматы: Рауан, 1995. - 311 б.

11. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.

12. Жарықбаев Қ. - Жантану . - Алматы: «Шұғыла» ЖШС, 2008. - 638 б.

13. Нарқұлова Б. А. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі (5 сыныпматериалдары бойынша) дисс. авторефераты. -Алматы, 2006.

14. Выготский Л. С. Педагогическая психология. - Москва: Педагогика, 1991. - 480 с.

15. Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. -Алматы: «Білім». 2007.

16. Жарықбаев Қ. Психология негіздері. -Алматы, 2005.

17. Оразбаева Ф. Ш. Рахметова Р. С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. -Алматы: Print-S, 2005.

18. Күзекова З. С. Екінші тіл ретінде қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері. - Алматы. ТОО»Издательство LEM». - 2005.

19. Оразбаева Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. -Алматы: РБК, 2000.

20. Белкин А. С. Ситуация успеха. Как ее создать? -М. : «Просвещение», 1991.

21. Орфографиялық сөздік. Уәли Н., Күдеринова Қ., Фазылжанова А., Исаева Ж., Әміржанова Н., Әмірбекова А. Алматы: Дәуір, 2013.

22. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Қосымова Г., Рахметова Р., Алматы: Атамұра, 2017.

23. Анализ художественного текста. Тюпа В. И. 3-издание. Москва: Академия, 2009.

24. Кубрякова Е. С. О связах между лингвистикой текста и словообразование // Лингвистические проблемы текста // Под ред. Е. С. Кубрякова. - Москва: Наука, 1983. -355с.

25. Гальперин И. Р. Текст как объект лингвистического исследования. -Москва: Наука, 1981. - 139 с.

26. Автореферат. Шалабаев Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Алматы, 1997

27. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. - 472б

Тіл білімінде мәтін туралы, мәтін талдау мәселелері өткен XX ғасырдың екінші жартысынан бастап лингвистика тарихында елеулі жетістіктерге жетті. Мәтіннің ақпараттық құндылығына, оның таңбалық, тілдік және қатысымдық, мәдениеттанымдық, когнитивтік ерекшеліктеріне қарай зерттеу бағыттары да сан қырлы болып келеді. Алдымен мәтін туралы жалпы түсінікті айқындап алу қажет. Бұл туралы тілтанымда мәтін теориясы және мәтін лингвистикасы туралы жазылған негізгі тұжырымдарды толық саралай отырып, айтылған басты қағидалар негізінде ой дамытылды. Әсіресе, орыс тіл білімінде мәтінге қатысты зерттеулер XX ғасырдың соңғы ширегінде жан-жақты көріне бастады. Мәтінді лингвистика пәні деп қарастыру мақсатында И. О. Москальскаяның пікірі:

• Аяқталған айтылымды білдіретін сөздің негізгі бірлігі сөйлем емес, - мәтін; мәтін синтаксис деңгейінің жоғары бірлігі.

• Нақты сөз (речь) туындылары - мәтіннің негізінде мәтінді құрудың жалпы принциптері жатыр; олар сөз саласына емес, тіл жүйесіне немесе тілдің құзырына жатады, сонымен мәтінді сөздің бірлігі ғана емес, тілдің бірлігі деп қарау керек.

• Мәтін тілдің басқа да бірліктері сияқты таңба жүйесінің бөлігі болып табылады.

• Мәтінді ерекше деңгейдегі тіл және сөз бірліктері ретінде жан-жақты қарастыру ерекше лингвистикалық пән - мәтін лингвистикасының құрылуын талап етеді. Сондай-ақ, мәтін лингвистикасының пайда болуына 40-50 жылдары барлық лексикалық және грамматикалық феномендерді сөйлемнің шеңберінде толық түсіндіру, толық ашу мүмкін емес, деген пікірлерден кейін мәтін лингвистикасы бастауын алды. (1980, 33) . Қазақ тіл білімінде өткен ғасырдың соңғы он жылдықтарында мәтін лингвистикасы туралы жаңа бағыттағы зерттеулерден басталған ізденіс қазірге дейін жалғасып, қазақ мәтіндеріне қатысты филологиялық еңбектер жазылды. Дегенмен, қазақ тіл білімінің негізін салған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтьң ғылыми ойларынан мәтінтанудың әлемдік проблемаларымен ұштасып жатқан пікірлері байқалады. Олардың зерттеу еңбектеріне аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, өлең жырлардың мәтіні арқау болып, дыбыс, сөз, сөйлемдерден де күрделі құрылымдар бар екендігін айтқан.

Қазіргі қазақ тіл білімінде сол ғалымдардың мәтінге қатысты алғашқы ұшқын ойлары ары қарай дамытылды. Мәтін туралы анықтамалық деректер бірізге түсірілді. Мәселен, тіл білімінде мәтінге берілген анықтамалардың көптігіне қарамастан, олардың ең негізгілері бойынша мәтін туралы қорытынды тұжырым мына мәселелерге қатысты нақтыланды.

• Мәтін тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстығы негізінде түзіледі, textus - латынша -байланысу, бірігу мағынасын білдіреді.

• Мәтін сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мағынаға (мазмұнға) және адресат үшін дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым-қатынас жасауды іске асыру т. б.

• Мәтіндегі тілдік тұлғаларды байланыстырушы амалдарға қосымшалар, қыстырмалар, қайталаулар, сөздердің орын тәртібі, интонация, есімдіктер т. б. жатады.

• Мәтін - сөйлеу процесінің жемісі. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. Тілдің жүйелілігі сөйлеуге әсерін тигізеді.

• Мәтін - жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамытып отыратын тілдік құрылым.

• Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі - оның аяқталғандығы.

• Мәтіннің тақырыбы болады. Көбінесе ол міндетті мәтіннің бірінші сөйлемі атқарып тұрады.

• Мәтіннің негізгі категорияларына хабарлау, қосымша хабар (подтекст) біртұтастығы уақыт бірлігі, модальдық т. б. жатады. Бұлардың мазмұны берілу жолдары мен формалары мәтіннің гиптеріне (көркем мәтін, публицистикалық мәтін т. б. ), олардың дұрыс құрылуына байланысты. Әр стиль мәтіндерінің өзіндік ұйымдасу (түзілу) моделі, олардың өздеріне тән белгілері, байланыс құралдары болады.

• Мәтіннің көлемі (ұзақтығы) туралы мәселеге оны зерттеушілер арасында әр түрлі пікірлер туғызып келеді. Мәтін бір сөйлемнен құрылуы мүмкін бе, әлде міндетті түрде бірнеше сөйлем болуы керек пе - бұл мәселе әлі басын аша түсуді керек етеді.

• Мәтіннің құрылымдық тұлға бірліктеріне көптеген зерттеушілер сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, абзацты жатқызады. Олардың арасындағы байланыстық табиғаты бірдей болмайды. Мәтін туралы зерттеу мәтін лингвистикасы арқылы жүзеге асырылады. Ал мәтін лингвистикасы тіл білімі ғылымының жеке саласы болып қалыптасты. Мәтін лингвистикасының зерттеу обьектісі - мәтін. Мәтін - қатысымның ең кіші бірлігі. Тілді «өз ішінде және өзі үшін зерттеу міндетінің кезеңі өтті. Қазір тілдегі адам факторы, тілдік тұлға мәселесі, әлемнің тілдік бейнесі сияқты проблемалар негізінде лингвистиканың зерттеу нысандары қатысымдық, когнигивтік, прагматикалық арналарға ойысты. Бұл қазіргі мәтін лингвистикасын да қамтитын күрделі бағыттар. Мәтін лингвистикасына қатысты басқа да қажетті зерттеу нысандарын Қазақ тілінің энциклопедиялық анықтамалығы түйіндеп көретеді. Олар:

• Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіне тән мәні мен болмысы, сөйлеу актісі ретінде ерекшелігі, оны қабылдаудың сипаты, мәтіндегі автор мен кейіпкер мәселесі т. б. қарастырады.

• Мәтінді зерттеуге қызығушылықтың артуына көптеген мәселелер әсер етті. Оны зерттеу: тілді әлемдік ауқымдауы кең құбылыс ретінде түсіну үшін де қарым-қатынас жасаудың бірден-бір тұтас құралы ретінде ұғыну үшін де, тілді адамзат қызметінің әртүрлі жақтармен байланысын терең білу үшін де қажет болды.

• Мәтіннің көмегімен тілдің өмір сүруін, оның заңдылықтарын тануға болады. Өйткені бұлар тілдік түлғалардың тек сөйлемде ғана емес, одан да ірі бөлшектердің кұрамында қызмет етуін зерттегенде ғана ашылатын еді. Бұл жағдай тілдің мәтін құру қызметіне зейін қойып, көңіл аударылуына негіз болды.

• Мәтін лингвистикасының қалыптасуы тілдік ілімдермен (лексикология, семасиология, морфология, синтаксис, стилистика) ұдайы байланысты болса, жалпы филологиялық (текстология, поэтика) тіпті филологиялық емес ілімдермен де (философия, психология, логика, эстетика) сондай байланысты. Ал қазіргі кезде мәтін лингвистикасының қандай зерттеу бағыттарынының бар екендігін мына төмендегідей бөліп көрсетуге болады:

• Мәтінді тіл жүйесіндегі өзіндік белгі, сапалары бар ең жоғарғы тұлға-бірлік (жүйе) ретінде алып тексеру.

• Мәтіннің түрлерін ажыратып, мәтін типологиясын жасау.

• Мәтін құрушы тұлға-бірліктерді және олардың қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу.

• Мәтінге тән категорияларды анықтау.

• Мәтін құрушы байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу.

• Мәтіннің коммуникативтік-прагмагикалық, когнитивтік аспектілері т. б. Мәтін - тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық-құрылымдық күрделі тұлға. Ол - логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі. Сондықтан мәтіннің құрылысына, оның түрлі қыртыс қабаттарына түзіліп, мәнді де сипатты ерекшеліктерін ашу, белгілі кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір

сүру заңдылықтарын айқындау, сөйтіп мәтіннің ішкі бірлігінің сыр-сипатын түстеп-түгендеу мәтін лингвистикасының міндеті. Мәтін лингвистикасы ілімімен мәтін теориясы тығыз байланысты. Екеуінің обьектісі бір-бірімен ұштасып жатады. Мәтін теориясы мәтінді құрылымдық және қызметтік жақтарынан алып талдайды. Құрылымдық тұрғыдан зерттегенде мәтіннің байланыстылығы (байласымы) мен тұтастығы сияқты негізгі сапаларына көңіл бөлінеді. Мәтін байласымы - бұл мәтіннің дұрыс құрылуы, дұрыс құрылмауы деген мәселелермен ұштасады. Мұнда мәтін элементтері неден тұрады және олардың арасындағы байланыстың сипаты қандай, оны нелер құрайды деген сұраққа жауап алынады. Мәтін аударудың жалпы да ортақ принциптері, олардын мәтіннің мазмұнының, жанрлық т. б. ерекшеліктеріне байланысты болатыны талдаудың негізгі объектісіне айналады. Мәтіннің тұтастығын зерттеу оның элементтерінің қызмет ауқымын айқындау тұрғысынан жүзеге асады. Мәтіннің мазмұнын ашу мәтіндегі қандай да болмасын зерттеулердің түпкі мақсаты болмақ.

Мәтін - аяқталған тілдік шығармашылық процесс ретінде тақырыптан тұратын және ерекше бірліктері бар (күрделі синтаксистік тұтастық) лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилдік өзара байланысы бар оқушыға (адресатқа) бағытталған прагматикаға негізделген таңбалар әлемі. Бұл орыс тіл білімінде алғашқы мәтінтанушы - И. Р. Гальперин берген анықтама.

Қазақ тіл білімінде жалпы мәтінге қатысты біршама зерттеу еңбектері әр жылдары жарық көрген. Мәселен, мәтін түзуші тілдік бірліктердің ерекшеліктеріне қатысты: Е. Жанпейісов. Қазақ прозасының тілі. (1968) ; Р. Сыздықова. Абай өлеңдерінің синтаксистік кұрылысы. (1970) ; Х. Кәрімов. Көркем әдебиет тілін зерттеудің мәселелері. (1986) ; Р. Сыздықова, Б. Шалабаев. Көркем тексті лингвистикалық талдау (1989) ; М. Серғалиев. Көркем мәтіннің тілі. (1996) ; Б. Шалабай. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. (1997) ; т. б. кітаптар шықты. Мәтінді зерттеудің қолданбалы міндеттері бар. Олардың ішінде мәтінді автоматты сұрыптау, компьютерлік мәтіннің семантикалық жағын сұрыптау т. б. Қазақ тіл білімінде А. Жұбановтың «Основные принципы формализации содержания казахского текста. » (Алматы, 2001) деген еңбегінің маңызын ерекше атаған жөн. Қолданбалы лингвистика пәні үшін бұл кітап құнды зерттеу. Соңғы жылдары қазақ мәтіндері туралы ғылыми зерттеулер жан- жақты көрініп, мәтінтанымның қалыптасуына елеулі үлес қосуда. Мысалы, мәтін кұрылымы туралы, мәтін прагматикасы, өлең мәтінінің семантикалық құрылымы және синтаксистік ерекшеліктері т. б. тақырыптарды қамтыған ғылыми ізденістер мәтін лингвистикасының нәтижелі дамуын байқатады.

Мәтін дегеніміз - жазба құжат түрінде объектіленген аяқталғандықты білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, тақырып (атау) лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әр түрлі типтерімен біріккен, бірқатар ерекше бірліктерден (күрделі фразалық тұтасымнан) тұратын, белгілі бір мақсаты мен прагматикалық нұсқауы бар сөйлеудің (речь) шығармашылық процесінің туындысы (Гальперин, 1981, 18) .

• Мәтін - мағыналық және грамматикалық байланыстармен біріккен айтылым, күрделі фразалық тұтасым, үзінділер, тараулар, және т. б. сөз бірліктерінің бірізділігі. (Солганик, 2000, 16) .

• Мәтін - сөйлеу процесінің сапалы түрде ұйымдасуының нәтижесі. Мәтін әдеби тілдің жазбаша варианты негізінде идеясы пайда болған және өмір сүріп, одан әрі дамыған тілдік құрылым. Мәтіннің ажыратылуы тек осы жазба варианты негізінде жүзеге асады. (Қазақ тілі, (1998, 270) .

Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына іліккен кезде қазақ тіл білімінде де бұл мәселеге қатысты қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен де алғашқы ойларды кездестіреміз. Бұл жайлы қазірде қазақ тіл білімінде Б. Шалабай сынды ғалымдарымыз өз пікірлерін былайша білдіруде: «Біздің ойымызша, ғалым А. Байтұрсынұлы мәтінді «шығарма сөз» деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. А. Байтұрсынұлы шығарманың тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытындыдан тұратынын көрсетеді. Сондай-ақ мәтіннің қатысымдық қызмет тудыруға негіз болатынын, айтушының ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты» [5, 24 б. ] . Бұдан басқа да көптеген ғылыми ойларды зерделей отырып, мәтінтану қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады деуге әбден болады.

Соңғы кездері қазақ тіл білімінде де мәтін мәселелеріне ерекше назар аударыла бастады. Мәтіннің түрлі аспектілерінің табиғатын тануға бағытталған еңбектердің қатарына Р. Сыздықова, М. Серғалиев, Б. Шалабай, Г. Смағұлова, Г. Әзімжанова, А. Таусоғарова, С. Жусанбаевалардың зерттеу еңбектерін, газет мәтінін қарастырған Б. Момынова, Қ. Есеновалардың, көркем мәтінді жеке зерттеу нысаны ретінде қарастырған С. Құнанбаева, Ж. Т. Қайшығұловалардың еңбектерін жатқызуға болады.

Қазақ тілтанымында мәтін лингвистикасы ғылым саласы ретінде филолог-ғалым Р. Сыздықова еңбектерінен бастау алады. «Абай шығармаларының тілі» атты іргелі зерттеуден өріс алған мәтінтану ғылымы әрі қарай жалғасын табуда. Ғалым қазақ тіліне қатысы бар ортағасырлық жазба ескерткіштер тілін зерттеген еңбектерінде «ХҮ-ХІХ ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы», «Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің тілі», «Абайдың сөз өрнегі», «Жазушы және сөз мәдениеті», «Сөз құдіреті» сияқты монографиялық еңбектері мен ғылыми зерттеулерінде мәтін тілінің көркемдік-эстетикалық белгі-сипаттарын танып-танытуды мақсат етті. Сонымен қатар М. Әуезов, Ғ. Мүсіреповтерден бастап бүгінгі Ә. Кекілбаев, Д. Исабековтерге дейінгі аралықтағы жазушылардың тілі мен көркемдік әлемін әр қырынан танытқан еңбектер - мәтін лингвистикасына қосылған үлкен үлес, теориялық-практикалық құнды зерттеулер қатарынан табылады.

Мәтін лингвистикасы - тіл ғылымының жеке саласы болғанымен, соңғы отыз жылда, өзіндік дамуында түрлі қиындықтарға толы болды. Мәтінді танудың өзінде сан түрлі сұрақтар туындады. Мәтін дегеніміз не? Оның категориялары қандай? Мәтіннің ұйымдасуында қандай заңдылықтар бар? т. б. Мәтінді анықтау мәселесімен байланысты яғни, оның шекараларын нақтылап, мәтінді басқа бөлшектерден ажырату қажет.

Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдайларға, сөзді айтушы мен тыңдаушыға байланысты болып келеді. Мәтін авторының ойланып белгілі бір бағытты таңдауының нәтижесі болады. Осыдан жалпы мәтін құралады.

Мәтінге қатысты көптеген мәселелер өз шешімдерін тапты, алайда сыры ашылмай келе жатқан жайттар да кездеседі. Осы уақытқа дейін мәтіннің орныққан анықтамасы белгіленбей келеді. Көптеген ғылым салаларындағы кейбір ұғымдардың тиянақты анықтамасын дәлме-дәл берудің қиындығы сияқты «мәтін» ұғымына да тұрақты бір анықтама берілмей келеді. Мұның дәлелі ретінде осыдан 10-15 жылдар бұрын бұл ұғымның ешбір анықтамасыз-ақ қабылданып келгенін айтсақ та жеткілікті тәрізді. Мәтінге түрлі ғылым салаларында берілген анықтамаларды жинақтай келе екі негізгі түрге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, қысқа, жинақы берілген анықтамалар. Екіншісі, керісінше жан-жақты қамтылған анықтамалар. Мұнда зерттеушілер мәтіннің сырын ашуға, маңызды белгілерін толық беруге тырысқан. Бірінші жағдайдағы анықтамаларда мәтіннің негізгі, маңызды қасиеті беріледі. Мәтінге берілген анықтамалардың екінші типінің көпшілігінде ерекше белгілерімен қатар кешенді касиеттері де көрінеді. Басым бөлігі мәтіннің табиғатына сай болып келеді. Анықталған терминологиялық дәрежеге жеткен жоқ. Мәтін әртүрлі ғылым салаларында, түрлі бағыттарда қарастырылуда. Соған орай мәтінге берілген анықтамалар сан алуан. Қазірде тіл білімінде мәтінге берілген үш жүздей анықтамалар кездеседі. Мәтіннің анықтамаларының көптігін айта келе, М. И. Откупщикова «Сөйлемге берілген анықтама қанша болса, мәтіннің сонша анықтамасы бар» деп көрсетеді [6, 312] . Дегенмен жұртшылық біршама мойындаған мәтін анықтамаларының саны соншалықты көп те емес. Солардың ең негізгі бірнешеуін көрсете кетейік:

Мәтін дегеніміз - жазба құжат түрінде обьектіленген аякталғандықты білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, тақырып (атау) лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әр түрлі типтерімен біріккен, бірқатар ерекше бірліктерден (күрделі фразалық тұтасымнан) тұратын белгілі бір мақсаты, грамматикалық нұсқамы бар сөздің (речь) шығармашылық процесінің туындысы [7, 18] . Мәтін - жүйелі, тұтас, тиянақты қалыптасқан және мағыналық жақтан өзара байланысқан сөйлемдердің бірізділігі, коммуникацияға қатысуға тән сөйлемелік бірізділігі, жазу үлгісіндегі ауызша сөйлеу шығармашылығы [8, 54] . Мәтін - обьективті әлемнің субьективті бейнесі, кең мағынада екі сананың қарым-қатынасқа түсінуінің бір жолы. Мәтін - (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреулерге бағышталған, әрі сол бағышталғанымен ғана күнды бағалы. Мәтін - өзіңді жеткізудің, көрсетудің бір түрі, өзіңді ойлай білетін субстанция ретінде табу жолы. Іс-әрекет, қылықта өзіндік мәтін түрінде түсіндіріле алады. Адам іс-әрекеті потенциалды мәтін және ол өзі уақытынын сүхбаттылық контексі арқылы ғана түсіндіріледі [9, 74] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәтіннің байланыстылығы
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Мұғалімнің жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
Бастауыш сыныпта жазба жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Сауат ашудан кейінгі кезеңде мәтіндермен жұмыс істеу ерекшеліктері.
Ауызша мәтін артикуляциясы
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
Мәтінді оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz