Қазақ халқының ислам дініне дейінгі діни сенім - нанымдарының зерттелу тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жасұланұлы Жалғас

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ДӘСТҮРДІҢ РӨЛІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В020600-« Дінтану»

Алматы 2021 ж

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

«Қорғауға жіберілген»

Кафедра меңгерушісі: Құрманалиева А. Д.

«ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ДӘСТҮРДІҢ РӨЛІ»

тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В020600-« Дінтану»

Орындаған: Жасұланұлы Ж.

Ғылыми жетекші: Шағырбай А. Д.

Аға оқытушы

Норма бақылаушы: Тунгатова. Ұ. А

Алматы 2021 ж.

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың көлемі - 54 бетті қамтиды. Дипломдық жұмыс мазмұнында - кесте қолданылмаған, пайдаланылған әдебиеттер саны - 45.

Кілт сөздер: мәдениет, салт-дәстүр, этика, шариғат заңы, ислам діні.

Жұмыстың мақсаты: ислам дінінің халықтың мәдени-рухани тіршілігіндегі мәнін таныту арқылы қазақ халқының өзіне тән өркениеттін қалыптарын көрсете отырып, қазіргі кезендегі таным-талаптарының ұлтқа тән қырларын айқындау.

Жұмыстың міндеті: қазақ жеріндегі ислам дінінің қалыптасу жағдайын жан-жақты анықтау. Халықтың мәдени-рухани дүниесімен байланысты ислам дінінің орнын бағамдау. Діни сана негізіндегі халықтың болмыс-бітімінің өзіндік табиғатын зерделеу. Ислам дінінің тағылымдық үрдістерін зерделеу арқылы оның ықпалын көрсету.

РЕФЕРАТ

Объем дипломной работы- 54 страницы. В содержании дипломной работы - таблица не используется, количество использованной литературы - 45.

Ключевые слова: культура, традиция, этика, закон шариата, религия ислам.

Цель работы: определить национальные аспекты современных знаний и потребностей казахского народа, отражающие сущность ислама в культурной и духовной жизни, особенности цивилизации казахского народа.

Задачи: комплексная оценка состояния становления ислама на казахской земле. Оценить место ислама в культурном и духовном мире народа. Изучение характера существования населения на основе религиозного сознания. Продемонстрировать влияние ислама через изучение образовательных процессов. .

ABSTRACT

The volume of the thesis is 54 pages. In the content of the thesis - the table is not used, the number of used literature is 45.

Key words: culture, tradition, ethic, sharia law, the islam.

Purpose of work: to determine the national aspects of modern knowledge and needs of the Kazakh people, reflecting the essence of Islam in cultural and spiritual life, the peculiarities of the civilization of the Kazakh people.

Objectives: a comprehensive assessment of the state of the formation of Islam in the Kazakh land. Assess the place of Islam in the cultural and spiritual world of the people. Study of the nature of the population's existence based on religious consciousness. Demonstrate the influence of Islam through the study of educational processes.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . 7

1. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ҮНДІСТЕРІ.

1. 1 Қазақ халқының ислам дініне дейінгі діни сенім-нанымдарының зерттелу тарихы . . . 8

1. 2 Қазақ жеріне ислам дінінің таралуы және оның тигізген ықпалы . . . 16

2. ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ

2. 1Ислам мәдениетінің ұлт менталитетін қалыптастырудағы рөлі . . . ………. . 24

2. 2 Ислам дінінің қоғамдық-мәдени мәні . . . 27

2. 3 Дін және мәдениет . . . . . . ………. . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . …53

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипатамасы . Қазақ руханиятының құрылымында ерекше орын алатын ислам дінінің ұлттық негізді қалыптастырудағы маңызы зор. Диплом жұмысында қазақ руханиятын айқындайтын ислам дінінің мәдени мәні, оған негіз болған дүниетанымы салт-дәстүрімен қоғамдағы маңыздылығы айқындалып отыр.

Ислам дінінің маңыздылығы - халықтың руханият негізін орнықтыру, ұлт ішіндегі кемелділік идеясын анықтау.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ислам діні - ұлттық дүниетаным өзегі. Ол - қазақ халқының өзіндік санасы мен болмыс-бітімінің қалыптасуына ықпал еткен мәдени құбылыс, этникалық рухани кеңістіктегі ислам дініне мән беріп, зертеу бүгінгі исламтану мәселесінде қарастырылуға тиіс мәселенің бірі.

Ислам - ұлт руханиятының қалыптасуындағы қайнар бұлақ. Ол қазақ халқының дүниетанымы мен тіршілігіне ықпал еткен, мәдени құндылығы болып саналады. Тақырыптың өзектілігінде ислам дініне және оның рухани құндылықтары туралы айтылып, оның халық менталитетінің қалыптасуындағы рөліне байланысты таным-түсініктер зерделенеді. Ислам дінінің қазақ халқының мәдени даму шеңберіндегі маңыздылығын айтар болсақ, онда оның халықтың рухани негіздеріне ұйытқы болған қуатын айтпай кету мүмкін емес. Осындай тұжырым негізінде халық өзін тану, сезіну, қабылдау сияқты түсініктері бар. Нәтижесінде халықтың қадыр-қасиеттік, оның рухани дүние байлығының өзегіне айналған ислам дінінің табиғатын тануға деген мүмкіндіктерін танимыз. Қарастырған тақырыбымыздың өзектілігі де осы тұстан анық пайымдалады.

Кез-келген халық діни сана негізінде өзіндік болмыс бітімінің ерекшелігін анықтай алады. Әр халықтың өзіндік дүниетанымы, пайым-парасаты дінмен тығыз байланысты. Қазақ халқының мәдени-рухани тіршілігінде салт-дәстүрінде ислам дінінің ерекшелігін атап айтуға болады. Мәдени - рухани таным-түсінігінде әлем, табиғат, тіршілік турасындағы мәселелер діни таным мен астасқан сана үлгісінің барлығын көреміз. Диплом жұмысында да ұлтқа тән өзіндік болмыс-бітімін ашықтаймын мәселелердің көрініс табатыны айтылады яғни рухани өрістердің тек-тамырын пайымдайтын ислам дінінің халықтың болмысын айқындайтын құбылыс деп таныту өзектілігі қарастырылады.

Диплом жұмысының өзектілігі ретінде ислам дінінің әмірлік қасиет-қадірінің ұлттық болмысқа тұғыр болған этикалық, эстетикалық, тәрбиелік функциясына да назар аударылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ халқының мәдени-рухани аспектісінің бір қыры ретіндегі ислам дінінің қадыр-қасиеті, оның мәдени-рухани мәні, халықтың тыныс-тіршілігіндегі орны қарастырылып отыр. Ұлттық сапа болмысында діни сана қуаты басым. Бұл басымдылықтың астарында ұлтқа тән руханилық сыры мен мәні жатыр. Ол - халықтың өзіндік қасиетімен орайласқан болмыстық негізі.

Қазақ халқының өзіндік рухани даму тарихында ислам дінінің шариғат нұсқаларын орнықтырған. Шариғат нұсқаларын салт-дәстүрлерінде, күнделікті өмір толқындарында пайдаланып, түрлі деңгейдегі қағида-ережелерін қалыптастырғаның айтуға болады. Яғни халықтың діндік ерекшелігі мәдени даму дәрежесін, рухани өркениетің ислам дінінің келуімен байланыстыруға болады.

Диплом жұмысымның мақсаты мен міндеті.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты ислам дінінің халықтың мәдени-рухани тіршілігіндегі мәнін таныту арқылы қазақ халқының өзіне тән өркениеттін қалыптарын көрсете отырып, қазіргі кезендегі таным-талаптарының ұлтқа тән қырларын айқындау. Осы мақсатына байланысты мындай міндеттер алға қойылады:

  • Қазақ жеріндегі ислам дінінің қалыптасу жағдайын жан-жақты анықтау;
  • Халықтың мәдени-рухани дүниесімен байланысты ислам дінінің орнын бағамдау;

- Діни сана негізіндегі халықтың болмыс-бітімінің өзіндік табиғатын зерделеу;

  • Ислам дінінің тағылымдық үрдістерін зерделеу арқылы оның ықпалын көрсету.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

.

1. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ҮРДІСТЕРІ.

1. 1 Қазақтың исламға дейінгі діни сенім-нанымдарының зерттелу тарихы

Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сонымен қатар қазақ тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу - басты мақсатымыз. Мұндай тәрбиелік мәні бар шаралар сөзсіз отбасында жүзеге асады. Ал, отбасы мәселесі тарихымыздың қай кезеңі болмасын өзекті тақырып.

Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін - руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.

Үлкен өркениеттердің қалыптасуында ұлттық діндердің тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы, дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше маңызды.

Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар өркениетке ор­тақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол себепті қазақтардың діни көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары синонимдер ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-сенімдерден исламдық діни жүйеге ауысу бірнеше ғасырларға созылды және бұл қарым-қатынас тұтастану бағытында өтті.

Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына тигізген игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға болмас, алайда қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде қалыптастырған, руханиятының өзегін құрап, тұрақтандырған архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес.

келеді Сол себепті дін аса күрделі, көп мағыналы ұғым. Дің ұлт мәдениетінің рухани байлық ретінде әртүрлі болып келетіндіктен, тек сену мен сыйынудан құрылады. Бірақ атеистік ілімдердің кейбіреуінің өзі бір ұлт немесе бірнеше ұлт-ұлыстар ұстанған кезде дінге айналады. Мысалы: әлемді жаратқан, оған қожалық етуші құдайды жоққа шығарып, ғарыштық "қасиетті шындықтарды" мойындайтын түсініктердің негізінде қалыптасқан салт-дәстүр, үлгі өнегелердің де буддизм, даосизм "дін" деп аталатынын еске сала кетудің артықтығы болмас, олар да адам руханилығың дамуын дәріптейді. Бірақ, руханилықты діндер қалай түсіндіреді?

Тәңір дініндегі ата-бабаларымыз ешқандай елдің дінін жоққа шығармаған. Құдіреті мен мүмкіндігі шексіз Көк Тәңірі қай елге қандай құдай жібереді немесе қандай есіммен, қандай кейіппен келеді, сол елде соған сәйкес дін қалыптасады деп есептеген. өйткені әлем біреу, ал тірлік түрі, сана-сезім формасы әртүрлі. Яғни әртүрліктің бірлігі. Осыған орай Тәңірге, Ақиқатқа апаратын жолдар да қисапсыз көп.

Сондықтан " әр елдің салты басқа", "иттері де қара қасқа", деген ата-бабаларымыз. Тәңірдің құдіретін рухани дамудың нәтижесінде ақыл-ойдың өсуімен, сана-сезімнің жетілуімен тануға болады деген. Осыған орай рухани дамуға ден қойған ата-бабаларымыз басқа елдердің діндерін жоққа шығармақ түгілі, жөндеп көңіл де бөлмеген. Сондай-ақ тәңір дінінің қағидаларын бұлжытпай орындауды діттеген діндарлықты да аса құнттамаған.

Діндарлық сенімнен туындаса, сол сенімнің өзіне сын көзімен қарай білген. Қазақ халқы Жаратушы, құдіреті күшті Тәңірге сенген. Ал Абай болса, "Біз білеміз: біздің ақыл-ойымыз шектеулі, ал Жаратушы Тәңір - Шексіздік. "өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды" деген.

Қазақ халықтың, елдің руханилығының бірден - бір көрсеткіші - адам баласын, ел-жұртты, сенім-нанымына қарап алаламай, өзге жұрттың дініне, салтына кеңдікпен қарай білу қасиетінде.

Рухани тұрғыдан дамыған адамға немесе елдерге моральдық принциптерді ұстанудың ешқандай қиындығы жоқ, Мысалы: "ұрлама", "кісі өлтірме" т. с. с қазақтарда "кісінің ала жібін аттамау" деген ұғым бар. Моральдық принциптердің сақталуын, діни жөн-жоралардың қалтқысыз орындалуын қатты қадағалайтын, қазақ халқы осындай кісілікті қалыптастыра алған. Қазақ халқының, кең көлемде көшпелі ата-бабаларымыздың дінінің басты ерекшелігі - біздің бас құдайымыз - Аллаға жақын, рухани аспектіге жататын Көк Тәңірінің өзі деп білген.

Қазақтардың діни жүйелерін қарастырғанда олардың бір-бірімен қатар дамығанын, оларды бөліп қарастыру тек ғылыми абстрактілеу арқылы, қолайлылық мақсатында қолданылғанын естен шығармаған жөн. Нақтылы тарихи даму барысында олар бір-бірімен қабаттасып, тұтасып кеткен.

Қазақтардың мифологиялық және архетиптік тарихи даму кезеңдерінде генотиптік діни жүйелер басым болды. Ата-баба аруағын қастерлеу - сақтар заманынан осы күнге дейін жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап ас беру осы дәстүр көрінісі. .

Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында еуроазиялық көшпелі шаруашылық - мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған. Академик Ғарифолла Есім "Хакім Абай” кітабында: тәңірге сыйыну - сенім емес, дін емес, ол Адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған. "Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңірге көзқарас өзіне қарама-қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір - табиғат, ол өмір сүру үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың өзімен байланысты. Оны табиғаттың синонимі деп те қарауға болады. Адамның табиғатқа табынуы, бір жағынан, натуралистік түсінік болса, екіншіден, өзінен тыс рухты іздеу, оны субъект ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі”, -дейді [4, 125 б. ] .

Демек, біздің ата-бабаларымыз қатып-семген діни жүйелерге қарағанда, ашық дүниетаным тұрпатындағы сенімді тән мен жан дүниесіне рухани ізденістерінің барлығын көрсетеді. Барлық діни жүйелердегі тәрізді тәңірлік сенім де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларын түсінуден тұрады. Алайда, Тәңірлік діни сана түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен әлдеқайда жоғары саты болып саналады.

М. Орынбеков "Ол (тәңір) - әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастыратын натурфилософиялық гилозоизм болып табылады, ол түптеп келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын пантеизмнің негізін құрайды”, -деп жазады[5. 59, б. ] .

Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі - ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарады. В. В. Бартольд: "Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, - деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы "объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су - тіршіліктің тірегі [6, 82 б. ] .

Әйелді сыйлау, әйелді құрметтеу дүние жүзінің халықтарының бәріне тән көрініс. Байырғы замандарда әйелді ана ретінде сыйлаумен бірге, оның сұлулығына тәнті болған адамзат баласы өздерінің діни сана-сезімінен туындаған этикалық-эстетикалық түсініктері негізінде әртүрлі "құдай ана", бейнелерін қалыптастырған. Бұл үрдісті біз адам баласының әйелге көрсеткен құрмет-қошеметінің ең биік шыңы деп айта аламыз. Бұның мысалы ретінде көне Грецияның құдайлар пантеонындағы әйел құдайлар Афродита, Гера т. б.

ал Ата-Бабаларымыз Ұмай ананы құрмет тұтқан. Бұның мәнісі жоғарыда айтылған әйелді сыйлау үрдісінің ең жоғарғы көрінісінде жатқанымен, оның сакралдық мағынасы екінші жағынан алғанда одан да тереңірек. Көне Грецияның кез келген әйел құдайынан Ұмай ананың дәрежесі биік, бейнесі жұмбақ. Біз бұның сырын түсіну үшін мынадай мәселеге назар аударып көрейік.

Дүниенің екіұдай екені адамзатқа баяғыдан мәлім. Ғылымда бұны "плюс-минус" дейді. Ол, мысалы, физикада электр зарядтарының таңбаларының қарама-қарсылығын білдіреді. Дүниенің екіұдайлығын адамзат баласы баяғыдан-ақ табиғатқа қарап көкейіне түйген болатын. Жаз-қыс, ыстық-суық. Күндіз бен Түн. Еркек пен әйел. Сондай ақ, Көк пен жер. Осының бәрінің бір-біріне қарама-қарсылығы мен біртұтастығы, бір-бірімен тығыз байланысты ара-қатынасы, сайып келгенде, жер бетіндегі барша тіршіліктің, адам баласының өмірінің қайнар көзі, тірегі деп атаған.

Қытай елінде Даосизм деген діни-философиялық ілім бар. Және Даосизмнің негізгі тірек ұғымы - Ян-Инь. Буддизмде "Нирвана". Түпкі мақсат азаттыққа жету, дүниеден азат болу. Бізде де ата-бабаларымыз ғарыштық екіұдайлықты Аталық рух, Аналық рух деп қарастырған. Екіұдайлықтың ата-ана болып қалыптасуының негізі осында және аталарымыздың ие-кие ұғымында жатыр. Бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, қатар өрбитін субстанция ретінде қарастырылған. Аспан иесі - Көк Тәңірі аталық рух, Ұмай ана - Жердің иесі аналық рух.

Ұмай ана әсіресе әйелдер оның айырықша қамқорлығында. Әйелді ренжіткен, жәбірлеген адам Ұмай ананың қаһарына ұшырайды. Бала көтермей жүрген әйелдер "Ұмай тартар" ырымын жасаған. Ол үшін шаңыраққа үш жібек жіп іліп қоятын болған. Ұмай - жанұяның қамқоршысы, шаңыраққа құт таратушы, балаларды қорғаушы құдай ана.

Сондай-ақ, әйелдер босанар кезде қатты қиналған жағдайда Ұмай ананың атын атап жәрдем сұраған. Әйелдің босануына көмектесуге келген бақсылар да Ұмай анаға жалбарына тіл қатқан.

Түркілік таным бойынша тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, бастағаны оңынан келіп, жолы болса түркілер "тәңір қолдады", дейді, қателік күнә жасаса, адасса, "Тәңірім, кешіре гөр”, -деп сыйынған.

Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген келесі діни наным-тип - шаманизм болды. Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVІІІ ғасырда енгенмен, ол туралы айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ. "Шаманизм” термині әр түрлі мағынада қолданылады. Кейбір зерттеушілер шаманизм дін емес, себебі онда құдай туралы түсінік жоқ десе, басқалары оны діннің әмбебап формасы деп санайды. Бұл құбылысты ғылыми бағалауда да қарама-қарсы көзқарас бар. Шамандық қасиеттің психикалық жағдаймен байланысына басты назар аударған зерттеушілер, оны да тылсымға бар табыну деп қарастырады.

Шаманизмді зерттеген көптеген ғалымдар өте құнды пікірлер айтқанмен, ғылымдағы еуроцентристік көзқарас шеңберінде қалып қойды. Шаманизм еуропалықтар үшін бөтен мәдениет туындысы болғандықтан, олар оған экзотикалық құбылыс, архаикалық дүниетаным рудименті ретінде қарады.

Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. "Шамандық дегеніміз, - дейді Шоқан, - әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. Шамандық сенім табиғатқа бас иеді”. Қазақ қоғамдағы шаман дінің қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: "Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”. [7, 251-б. ]

Шамандықты зерттеген қазақ ғалымдарының бір тобы оны адамның виртуалдық, тылсымдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі деп санайды. М. С. Орынбековтің пікірінше, шаман, адам мен әлем арасындағы үйлесімділіктің барлығын түсіндіруге тырысады. Мистикалық желігу, зікір салу практикасы арқылы адам мен әлемді біріктіріп, сананың тұтасуына ықпал етеді. "Шаман дүние түйсінуінің негізі бұл дүниедегі сананың толымдылығы, үйлесімділігі, кең ауқымдылығы болып табылады. Ол сырқат тану дүние арасындағы үйлесімділіктің бұзылуының салдары”[8, 103-б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
Өзге діндер жайында
Қазақ жеріндегі исламның таралуы. туралы ақпарат
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Тәңіршілдік діні мен Ислам діні
Діни қызмет және діни бірлестіктер
Қазақ батырларының наным-сенімдері мен этикасы
Қорқыт ата жырларының тәрбиелік маңызы
Зороастризм тарихы. Қазақ мәдениетіндегі зороастризм көріністері
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz