Жұмыспен қамту саясаты және бағдарлама Жұмыспен қамту


ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіпорын экономикасы және менеджмент кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Қазақстанның территориялық дамуын жоспарлау және болжау» пәні бойынша
«Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері»
тақырыбында
5B051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы
Қабылдағандар: Орындаған:
Комиссия төрағасы: ГМУ 19-1 тобының 1 курс студенті
Бақыт Досжан Сатжанұлы
(ТАӘ, лауазымы, ғ. д. ) (қолы) (студенттің А. Т. Ә)
Комиссия мүшелері: Ғылыми жетекшісі: Жакбаева А. Х.
(ТАӘ, лауазымы, ғ. д. ) (қолы) (ТАӘ, лауазымы, ғ. д. )
Комиссия мүшелері:
(ТАӘ, лауазымы, ғ. д. ) (қолы) (қолы)
Қарағанды 2020
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстандағы жастардың жұмыспен қамтылуы Һәм олардың мәселесін шешу жолдары
1. 1 «Жастардың кадрлық қоры» жобасының нәтижелері бойынша.
1. 2 «Ауыл жастары»
2. Жұмыспен қамту саясаты және бағдарлама «Жұмыспен қамту - 2020»
2. 1. Жұмыспен қамту - 2020
2. 2. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері
3. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары.
3. 1. Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы.
3. 2. Жұмыссыздарды еңбекпен қамту.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық - белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.
Жастар - жас адамдардың әлеуметтік жағдайы, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы олардың орны мен атқаратын іс-әрекеті, ерекше қызығушылықтары мен құндылықтарының жас мөлшерімен анықталатын әлеуметтік-демографиялық топ.
Қазақстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады.
Осыған сәйкес, жастар саясатының қазіргі жағдайы мен оның болашағын айқындау мәселесі үлкен өзектілікке ие. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық маңызы бар басымдықтарының бірі. Жыл сайынғы Елбасының жолдауларында әлеуметтік-хабардар мемлекеттің құрылуы мен дамытылуына айрықша көңіл бөлінеді. Мұндай әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен алдағы уақытта тұрақты дамуының шешуші факторы - жаһандану жағдайындағы қазіргі халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін отандық бәсекеге қабілетті жастар қатарын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Осындай жастарымыздың болуы - ұлттың гүлденуі мен дамыған азаматтық қоғамның кепілі, яғни, еліміздің демократия институтының тірегі.
14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, өздерінің жас мөлшеріне байланысты жас адамдар қандай да бір салада үлкен тәжірибеге ие болмағанымен, ірі көлемді инновациялық және шығармашылық мүмкіндіктер, сондай-ақ жемісті еңбек етуге деген айрықша құлшынысқа ие.
Саясаттанушы Гүлден Жоламанованың мақаласы Қазақстан Республикасындағы жастардың жұмыспен қамтылу мәселесіне арналған. Өзінің «Қазақстан Республикасының жастар нарығындағы жағдайың сараптамасы» атты мақаласында ол жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейінің төмен болу себептерін келтіреді:
Біріншіден, жоғары оқу орындарына белгілі бір мамандықты оқуға түскен жастар еңбек нарығындағы ағымдағы сұранысқа назар аударады. Ал оқуларын аяқтаған жастар заман талабына сәйкес мамандықтарға деген сұраныстың да өзгеріп кеткенін түсінеді.
Екіншіден, техникалық мамандықтар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар, сондай-ақ, био және нанотехнология салаларындағы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар санының арту үдерісіне қарамастан, білім беретін оқу ордаларының професорлық-оқытушылық құрамы мүлдем өзгермейді, осыған байланысты, студенттерге берілетін білім нарықтағы жұмыс берушілердің талаптарына сай келмей, бұрынғы сабақтастығын сақтап қалады.
Айта кететін жайт, жоғары оқу орны түлектерінің оқу үрдісінде алатын теориялық білімі, іс жүзіндегі дағды мен ептілікті былай қойғанда, еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің талаптарына мүлдем сәйкес келмей жататын жасырудың қажеті жоқ. . Осылайша, Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы студенттердің мамандану деңгейі шынайы өмір ағымы мен талаптарына жауап бермейді деуге толық негіз бар. Бұл университет қабырғаларында білім беретін профессорлық-оқытушылық құрамның өзгермеуі мен берілетін білімдердің бұрынғы сарынмен, жаңа үрдерістерге сәйкес болмауына байланысты. Ағымдағы өмір көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарының түлектері өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмай, басқа кәсіппен айналысады немесе сұранысқа ие мамандықты алу мақсатында қайта оқуға түсуге мәжбүр.
Бұл мәселенің шешімін табудың өзіндік жолы ретінде «Дипломмен ауылға» акциясы ұйымдастырылған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы әлеуметтік саланың 6 582 маманы ауылдық жерлерге көшіп жұмысқа тұрды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Оразаев М. айтуы бойынша,, олардың 78% - мұғалімдер, ал қалғандары - денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет пен спорт салаларында жұмыс істейтін мамандар. Оразаев М. сөзіне сенсек, бұл бағдарлама осы жылы да жалғасын таппақ. Сонымен қатар,, «көтерме жәрдемақы ретінде төленетін ақшаға қосымша бюджеттік несие беру мақсатында 3, 5 млрд. теңге бөлінетін болады”, деп атап өтті вице-министр. Бұл акция 6 582 жас маманның жұмыспен қамтылу мәселесін шешті, алайда бұл 600 000 жас маманның небары 1 % құрап отыр.
Игерілген мамандықтың қыр-сырын іс жүзінде шыңдай түсуге университет қабырғасынан жаңа шыққан жастарды жұмыс берушілердің қабылдамауы да кедергі болып отыр. Тіпті жолы болып, сынау мерзімінен сүрінбей өтіп жұмысқа қабылданған жас түлектің жалақысы оның қажеттіліктері мен талаптарына жауап бермейтіні анық.
Сонымен қатар, елімізде мамандануға бағыттау, жастарға еліміздің экономикалық талаптарын ескере отырып мамандықтың түрін таңдауға көмектесу жұмыстарын реттеумен айналысатын арнайы қызметтің жоқтығын да ерекше атап өткен жөн.
Жастардың қызметтік мансапты жылдам өсіруді көздеп, жұмысты «әлеуметтік лифт» ретінде қарастыратындарын жасырудың қажеті жоқ. Ал жұмыс берушілердің көпшілігі жас кадрларды «қосымша оқытуға» қаражат шығындауға әркез дайын бола бермейді. Сонымен қатар, жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындарының түлектері үшін ешқандай әлеуметтік көмек, ең алдымен, тұрғын үй алу мәселесі қарастырылмаған. Өздігінен аяғынан тік тұруды көздеген жас мамандар үйлі-баранды болуға да асықпайды. Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстандағы ер адамдардың некеге тұру жасы 28-30 құраса, әйел адамдардың ішінде - 27 жасты құрайды . Сол себептен де, жұбайлардың жасы 29 аспайтын, сондай-ақ балалары бар жас отбасына арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу мүмкіндігі де өте төмен. Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алатын жас мамандардың қатарынан жастарды көру мүмкін емес, ал қазіргі жағдайда олардың басым бөлігінің жалақысы отбасын асырауға де жетпей жатады. Сондай-ақ, Алматы қаласында пәтер жалдап тұруды әрбір мемлекеттік қызметкердің қалтасы көтере бермейді.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы ҚР Үкіметінің жанындағы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Нәтижесінде, әкімшіліктер мен орта және кіші бизнес субъектілерінің арасында 16, 2 мың келісімге қол қойылды. 2009 жылы өндірістік іс-тәжірибеден өтуге 48 мың жұмыс орны берілген болатын.
ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2005 жылғы 13, 4% көрсеткіштен 2009 жылы 5, 9% төмендеген. 2010 жылдың 3 ақпанында өткен ҚР білім және ғылыми министрлігінің кеңейтілген отырысында Министр Ж. Түймебаев 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық қоры», «Жастар - Отанға» және «Жастар практикасы» жалпы ұлттық бастамалық жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Ж. Түймебаевтың есебінде жобалардың берген қорытындылары туралы ақпарат берілмеді, сол себептен де әрбір жобаның нәтижесін өзіміз сараптап көрелік.
1. бөлім. Қазақстандағы жастардың жұмыспен қамтылуы Һәм олардың мәселесін шешу жолдары:
1. 1«Жастардың кадрлық қоры» жобасының нәтижелері бойынша,
2009 жылы 1000 үміткердің 32 тіркеуге алынып, барлығы дерлік оқыту мен іс-тәжірибеден өтті. «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Н. Утешевтің айтуы бойынша, іріктеу сындарының ең соңында кадрлар қоры 300 адамнан тұратын болады. Байқау сынының барлық кезеңдерінен өтіп, ең жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге жеткен 300 үміткердің ішіндегі 70 адам республикалық деңгейдегі кадрлық қорға тіркеледі. Ал қалған 230 үміткер аймақтық деңгейдегі кадрлар қорына тіркелетін болады. Кадрлық қорға тіркеу - үміткердің одан да биік лауазымға ұсынылуы немесе мемлекеттік қызметке тұруына өзіндің «ұсыныс хат» болып саналады. Сонымен қатар, бұл жоба мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану мамандықтары бойынша білім алған студенттердің жұмыспен қамтылуына аз да болса үлес қосты.
Өзіміз білетіндей, бұл бағдарлама 2008-2010 жылдарға арналған, бірқатар іс-шаралар кешенін жүргізу арқылы жастардың қатарынан партиялық кадрлар, қоғамдық жас саясаткерлер мен мемлекеттік апарат қызметкерлерін тәрбиелеу, анықтау және олардың қызметтік ілгерілеуіне жол ашуға мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама Қазақстанның болашағы зор жастарының бәрін дерлік қамтыды. Осылайша, 2008-2010 жылдар аралығында бағдарламаны іске асыру барысында 3000 астам жас мамандарды мемлекеттік қызметтің түрлі салаларына жұмысқа тарту жоспарланып отыр.
1. 2«Ауыл жастары»
бағдарламасы бойынша, мысал үшін, Жамбыл облысында 200 жас маман жұмысқа орналастырылды. Олардың әрбіреуіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Педагогика мамандары үшін жұмыс орындарын табу қиынға соқпағанымен, жас дәрігерлердің мәселесі сол ашық күйінде қалды. «Ауыл жастары» ҚБ төрағасы Ихтияр Мурзахметов өзінің баяндамасында жастардың ауылдық жерлерде жұмыс істеуден бас тартуының негізгі екі себебін атап көрсетті: жалақысы жоғары жұмыс пен қазіргі заман талабына сай инфрақұрылымның жоқтығы. «Бұл мәселелерді мемлекеттің жастарға көрсетілетін қолдауынсыз шешу мүмкін емес», - деді И. Мурзахметов. Оның ойынша, мемлекеттік қолдаумен қатар, жергілікті билік органдарының батыл әрекеттері ауадай қажет. Атап айтқанда, аудандық бюджеттерді бекіту кезінде жастарды ауылдық жерлерде үлкен сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту үшін қосымша қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Сонымен қатар, жас мамандарға жеңілдіктер бойынша тұрғын үй беру, мал мен жер телімдерін сатып алуда көмек көрсету, қажет жағдайда - жас мамандардың балаларының мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылуын қамтамасыз ету сияқты механизмдерді қолданып, аудандық бюджеттерден қосымша қаражат бөлу қажет.
Мұндай мәселелерді шешудің тағы бір жолы ретінде «Дипломмен ауылға» акциясы ұйымдастырылған болатын. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметі бойынша 2009 жылы әлеуметтік саланың 6 582 маманы ауылдық жерлерге көшіп, жұмысқа тұрды. Бұл жоба 6 582 маманның қызметке тұрып, үлкен өмірге қадам басуына жасалған үлкен көмек болды. Дей тұрсақ та, бұл 600 000 жуық жас маманның 1 % сәл ғана артық болып отыр.
«Жастар практикасы» жобасы 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасының аясында басталып, бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерді. Бұл жоба оқу орындарының түлектеріне игерілген мамандық бойынша іс-тәжірибе жинақтақтап, кәсіпқой мамандармен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Іс-тәжірибеден өту мерзімі 6 айды құрайды.
Жастар практикасына жоғары және орта кәсіби білім беретін мекемелердің түлектері жіберілді. Ал оның ұзақтығы, жоғарыда аталып өткендей, алты айдан аспауы тиіс. Бұл бағдарламаның жүзеге асуы мен бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ақпарат БАҚ таратылмады. Жалпы алғанда, «Жастар практикасы» бағдарламасын кеңейту барысында 51 мың жас маман жіберілген 13 мың кәсіпорынмен келісімшарттарға қол қойылған болатын. Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығының қызметін орындаушы Бахтияр Макеннің айтуынша, 2009 жылы 3044 жас маман жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, болашақ мамандардың жұмыспен қамтылуын қарастыратын 1000 астам келісімдерге қол қойылды.
«Жас Отан» ЖҚ аясында «Жастар - Отанға» жобасы жастар арасындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған. Осылайша, 2009 жылы билік органдары жастардың 50 әлеуметтік жобаларына қолдау көрсеткен болатын.
Осылайша, бүгінгі таңда Республика аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде, 2009 жылғы көрсеткіш бойынша жоғары оқу орындарының жұмыспен қамтылу ісінде «Дипломмен ауылға» жобасы ең үлкен жетістіктерге жетті, ал оның аясында 6 582 маман жұмыспен қамтылды. Қалған жобалардың жұмысына қатысты жүргізілген сараптама көрсетіп отырғандай, олар жоғары оқу орындарының түлектерін кешенді жұмыспен қамту ісінде өз тиімділіктерін көрсете алмады. Жұмыспен қамтылған жас мамандардың саны бойынша екінші орын алатын жоба - «Жастар практикасы» болып отыр. Айта кететін жайт, мұндай жобалардың басым көпшілігі іс жүзіндегі жұмысты 2009 жылдың соңына қарай бастады, бәлкім, нәтижелердің төмендігі осыған байланысты болар.
Мұндай мәселелерді шешімін автор былай ұсынды:
Ең дұрысы - соңғы курстардағы болашақ мамандарға жетекшілік ету, олардың іс-тәжірибеден өтуін ұйымдастыру, оқу орнын аяқтаған жас мамандарды жұмыспен қамту міндеттерін атқаратын арнайы ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен оқу ісін іс-тәжірибемен қатар алып жүру. Мұндай орталықтың қызметі Алматы қаласында түрлі мамандықтар бойынша әртүрлі мекемелердегі жұмыс орындары туралы мәліметтер қорын құру болуы мүмкін. Мәліметтер қорын құру, ағымдағы бос орындар мен болашақта босайтын жұмыс орындарын бір орталықтан реттеу - қоғамымыздың басты жарасына айналған жемқорлықты ауыздықтауға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, жастардың шақырған жерге жұмысқа шыға беруін болдырмай, мамандардың игерген мамандықтары бойынша қызметке тұруына көмек көртсетілуі тиіс. Және де, бұл студенттердің екінші жоғары білім алуына немесе қайта мамандануға жұмсаған шығындарын қысқартып, мемлекеттің тарапынан бөлінетін гранттарға шығындалған қаражат көлемінің құр бос кетпеуін қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас мамандардың игерген мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылуы еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл бизнестің өзіндік бір әлеуметтік жауапкершілігі болмақ. Ең алдымен, мұндай жобаны студенттер мен жұмыс орындары көп қала ретінде Алматы қаласының негізінде бастауға болады. Алдағы уақытта, жоба өзінің өміршеңдігін дәлелдеп жатса, мұндай орталықтарды елордамыз Астана қаласы мен облыс орталықтарында ашуға болады. Мұндай жобаның сәтті іске асуы - ұлт гүлденуінің кепілі ретінде республикамызда бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына ықпалын тигізер еді.
«Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ автордың пікірімен толықтай келісе отырып, мәліметтер қорына негізделген ресурстық орталықтың құрылуы жастардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешуге мүмкіндік береді деген ойда. Бұл орталық бизнес пен азаматтық қоғам, бизнес пен мемлекеттің арасындағы байланыс орнатушы түйін болмақ, ал бұл, өз кезегінде, еліміздегі азаматтық қоғамның дамуы мен бәсекеге қабілетті экономиканы құрудың шешуші факторы болып табылады.
2. бөлім. Жұмыспен қамту саясаты және бағдарлама «Жұмыспен қамту - 2020»
2. 1. Жұмыспен қамту 2020
Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды жоғарылату және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті.
Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бүкіл барысында әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда.
Дағдарысқа қарсы реттеу тәжірибесі жинақталды. Жол картасы (2009 - 2010 жылдары) шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды.
Осы бағдарлама - «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы (бұдан әрі - Бағдарлама) аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Бағдарламаға Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды кеңейту және жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау бөлігінде берген тапсырмаларын ескере отырып өзектілендірілді.
Мемлекет басшысының төрағалығымен 2015 жылғы 11 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өз тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын» сақтап қалу қажеттігін атап өтті.
Айталық, 2011 - 2014 жылдар аралығында оның шеңберінде табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатынан 462 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Көзделген шараларды іске асыру нәтижесінде 472 мың адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде 66 %-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал 121 мыңнан астам адам жаңа кәсіп меңгеруге мүмкіндік алды, шамамен 29 мың ауыл тұрғыны жеңілдікті шарттармен микрокредит алды.
Бұл жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізді, оның деңгейі 2014 жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша 5, 0 %-ды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 0, 8 %-ға азайған.
Бұл ретте жұмыспен қамтылғандардың саны тиісінше 8, 1 млн. адамнан 8, 6 млн. адамға көбейді. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың құрамындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың үлесі 33 %-дан (2010 жылы) 29, 4 %-ға (2014 жылдың 4-тоқсаны) азайды.
2013 жылдың басымен салыстырғанда нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың саны 1, 0 млн. адамнан 721 мың адамға төмендеді.
Жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламаларын іске асыру жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге ықпал етті.
Оның көрсеткіші 4, 0 % деңгейінде (15-28 жастағы) қалыптасты, бұл соңғы 20 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш болып табылады.
Осылайша, Бағдарламаның іске асырылуы қабылданып жатқан қадамдардың, олардың оң әсері мен атаулылық бағытының дұрыстығын дәлелдейді.
Оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен бөлініп отырған қаражат шалғай ауылдарға дейін жетіп, қоғамда қордаланған проблемаларды шешуге ықпал етуде.
Алайда, қабылданып жатқан шараларға және оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы теңестірілмеген. 458, 6 мың жұмыссыз бола тұра, олардың көпшілігі 34-ке дейінгі жаста, бос жұмыс орындары сақталуда. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқытудың нақты байланысының болмауына байланысты жұмыс күшінің тапшылығы, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсететін жұмыскерлердің тапшылығы байқалады.
Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі басым. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығымен айналысады, олардың табысы көбінесе күнделікті тіршілігіне ғана жетеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.
Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді бағдарламалары (бұдан әрі - ЕНББ) қолданылады.
Оларда:
1) еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау) ;
2) жұмыс күшіне сұранысты ұлғайту (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс орындарын құру) ;
3) жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз ету (жұмыспен қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелерді құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру) ;
4) еңбекке ынталандыруды күшейту (кәсіптік бағдар, келісілген әлеуметтік көмек көрсету) көзделеді.
Халықаралық тәжірибеде қолданылатын ЕНББ-нің көпшілікке танылған құрамдастары:
1) мемлекеттік жұмысқа орналастыру қызметтері (бұдан әрі - МЖҚ) қабылдап жатқан жұмыссыздық кезеңіндегі алдын алу шаралары және жұмыс іздеп жүрген адамдар мен МЖҚ консультанттарының арасындағы тығыз байланыс;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz