Информатика сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Бөбек Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтырау орталығы
Өзін-өзі тану Адамның үйлесімді даму гуманитарлық колледжі


Курстық жұмыс

Мамандық: 0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105023 Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі
Курсы:IIІ
Курстық жұмыс тақырыбы: Информатика сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану

Алматы 2020 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2
І ТАРАУ 3
ІІ ТАРАУ 4
ҚОРЫТЫНДЫ 5
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 6

КІРІСПЕ
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бастауыш сынып арасында сыни ойлауға дағдыланған оқушылар санын артқан және білім беру жағдайында заманауи интеграциялануға қабілетті оқытудың озық технологияларын меңгерген A ұрпақтарының санын көбейту болып табылады. Дидактикалық материалдар - тақырыптық тапсырмаларды түсіндіру іс - әрекеттің бір түрі, өзін - өзі басқаруды және жаңа ақпаратты ізденіп, білімін жетілдіреді. Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі - оқушыларды өзін - өзі басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқыту жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымда ұсынылып отырған дидактикалық материалдарды түрлендіріп өткізу әдістерін осы курстық жұмысыма енгіздім. Бұл тұста жаңа технологиялық әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Ұсынылып отырған Информатика сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану курстық жұмыста қолданатын ойындардан, логикалық есептерден, жалпы дидактикалық материалдардың түрлеріне бірнеше тараулар әзірленіп мысалдар кірістірілді. Осы жұмыста материалдар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне негізделіп құрастырылды.
Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты: Білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларына бағытталған дидактикалық әдіс-тәсілдерін пайдалану. Сабаққа заманауи мұғалім образын дайындау болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу міндеттері:
Жеке тұлғаны өнегелі бағытта болуын тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау, білім алуға қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылардың ойын, құзыретті тапсырмалар арқылы өздігінен білім алуларына, ізденулеріне мүмкіндік беру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні:
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы:
Курстық жұмыстың зерттеу құрылымы:


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Өмір бойы білім алу - әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет, - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Бұл жинақта осыны басты назарда ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттық. Әрі пайдалануға жеңілдік тудыру үшін әдіс-тәсілдердің атауын алфавиттік ретпен орналастырып шығуды жөн санап отырмыз.
Мұғалім шығармашылығы - ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
Сөз басын талантты педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаева апайымыздың айтып кеткен ұстаздық жауһар жазбаларынан үзінді келтіре отырып бастауды жөн санап отырмыз. Тағылым берер, ұстаздық жолдың ұлағатын сездірер алтын көмбе - ой орамдары кез келген ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Әрі осы жинақтағы әдіс-тәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар, әр сабағына шығармашылықпен пайдаланып, түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына үміт арттық. Сонымен:
Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің еркіндігіне шідер салумен бірдей.
Шәкіртке екі қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. Екілік - өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш болады.
Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды.
Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды, мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады.
Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді - тәртіпті қылу деп ойлаймыз.
Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті жерде шулата білген сабақ қызық.
Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған балаға мектепте де, өсіп, кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан, ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін.
Тіл алмайтын ызақор бала кемшілігін бетіне баса беруден шығады.
Шәкірттің сеніміне кіру қиын. Ол үшін шәкіртке әуелі өзің сенуің керек болады. Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп есептеген. Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек бағамен өлшенеді.
Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады.
Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.
Педагогикалық өрістетпейтін нәрсе: Анау керек емес, мынау керек емес дейтін шектеу. Керегі: ізденіс, ізденіс. Ал 30 жылдан аса педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз ретінде менің әріптестеріме айтарым: "Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын емдейді.
Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек.
Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім - бақытты.
Әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар.
Жеке басыңның проблемасы үйіңнің босағасында қалсын.
Сабақтағы әдісті менікі деме, біздікі де.

Оқу процесіндегі дидактиканың мәні. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы оқытушылардың қызметін, ал оқып-үйренуді ұсынылған білімдерді игеруге бағытталған білімгерлер іс-әрекетін танытады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) оқытушы мен оқып-үйренушінің бірлескен ескен іс-әрекеті; 3) басқару оқытушы тарапынан; 4)жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6)білімгерлердің жас ерекшелік даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) білімгерлердің дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу: қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса - қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқу қажет деген мәселелерді қарқыңды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары, нәтижесі. Дидактикалық жүйе және оның технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да, ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым [5, 156 б]
Дидактика педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Дидактика білім беру, оқыту. "Дидактика" деген термин гректің "didaktikos" деген сөзінен алынған, қазақшасы - "оқытушы", "үйретуші" деген мағынаны білдіреді. Дидактиканың негізгі мақсаты - алған білімді нақтылау және ауқымын кеңейту болып табылады.
Дидактиканың зерттейтін пәні - ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Оқыту екі жақты процесс
Оқыту процесі оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен құралатын күрделі әрекет. Оқыту - мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу баланың өзіндік танымдық әрекеті. Оқыту қалай болса солай жүрмейді, ұйымдасқан түрде жүзеге асырылады.
Нені оқыту керек?
Оқушыларды тиянақты кең білім алуға және олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды мақсат ету. Үнемі білім мазмұнын кеңейтіп, жаңашылдықты қолдап отыру керек.
Қалай оқыту керек?
Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын дамытып жетілдіру қажет.
Не үшін оқыту керек?
Қоғамдық өмірдің барлық саласына белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптерін заңдылықтарын дәлелдеп жүзеге асыру.

Дидактикалық материал - сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер және т.б.). Дидактикалық материалдар - үлестірмелі материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша үлестірмелі материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,жарты жылдық, жылдық), дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану оқушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады [6, 5 б]. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы: олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қорыта айтқанда, дидактикалық материалдар оқушылар мен білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Технологияның мәндік сипаты
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Пәндер