Сауатты жазуға үйрету мәселелері


SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогикалық факультеті
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: « Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі »
Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы: « Сауатты жазуға үйрету жолдары»
Орындаған:Мұхтар Б. Ә
Тобы:102-85
Жетекшісі:Молдабек К
(АЖТ, қолы )
Шымкен 2021 ж
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1. Бастауыш сынып оқушыларының сауатты жазуға үйретудің маңызы . . . 4
1. 1 Сауатты жазуға үйрету мәселелері . . . 8
1. 2 Жазу сауаттылығы мен каллиграфияның өзара байланысы . . . 12
2. Бастауыш сынып оқушыларын сауатты жазуға үйрету және танымдылықтарын арттыру . . . 15
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларын қатесіз сауатты жазуға үйрету әдістері . . . 20
2. 2Сауатты жазуға үйретуде берілетін ойындар мен тапсырмалар . . . 23
Қорытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
Кіріспе
Курстың жұмыстың өзектілігі. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең - идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика - дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.
Алфавит пен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталды.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ: ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы реніші т. б. с. с. бәрі сөз арқылы жеткізіледі, жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын қажет етеді т. с. с.
Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.
Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай бірте - бірте бастапқы қозғалыстарын жыйнақтап, азайта түседі. Ал, кейін әріп бөліктерін аса күш салмай - ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты - балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.
Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір - бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, естіру кнестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Курстық жұмыстың міндеті. Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Граматиканы оқытуға байланысты сауатты жазуға үйрету мәселелері.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы. Бастауыш класста сауатты оқыту әдістемесін жетілдіру, бастауыш мұғалімдері мен әдіскерлердің іс - тәжірибесінде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау
1. Бастауыш сынып оқушыларының сауатты жазуға үйретудің маңызы.
1. 1 Сауатты жазуға үйрету мәселелері.
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс жазуға үйрету жұмысында көзделетін негізгі мақсат-олардың қате жібермей, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Бұл мәселе жөнінде де орыс мектептерінің емлеге үйрету методикасы тарихына зер саламыз. Өйткені сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс мектебі үлгісімен оқу-ағарту ісін жаңаша құрған Ы. Алтынсариннен бастап орыс тілінің хат таныту, дұрыс жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін қалыптастыру жолында алғашқы қадам жасады.
Орыс мектептерінде дұрыс жазуға үйрету методикасы грамматикалық және антиграмматикалық деген екі бағытта болды. Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский дұрыс жазуға үйретуді грамматиканың негізінде, грамматикалық анықтама-ережелерді саналы түрде қолдану арқылы жүргізу методын ұсынады. Демек, орфографиялық дағдыны қалыптастыруда грамматикалық бағытқа жетекшілік мән беріледі. Грамматикалық әдіс оқушылардың сөзді дұрыс жазу жолын саналы түсінуін қамтамасыз етеді. Оқушылардың сауатты жазу дағдысының қалыптасуына грамматиканың теориясы мен орфография ережелерін меңгерулері негіз қалайды.
Бастауыш сыныптың сабақтарында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті. Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғары сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың жастары қатар болса да қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі. Әр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп зерттелгеннен кейін, білім деңгейіне сай тапсырма беріледі. Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуде оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Сауатты жазу дегеніміз әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. ( Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. ) Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін 1- ші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.
Оқушыларды дұрыс жазуға дағдыландыру ісінде грамматикалық бағыттың күшке енуіне методист А. М. Пешковский ( 1878-1933) елеулі еңбек сіңірді. Сөйтіп қазір біздің оқыту жүйемізде орфографиялық дағды берудің негізіне грамматикалық білім алынды. Ал, орфографиялық дағды беру процесінде көру, есту, сөйлеу аппараты, қол қимылы және сөйлеу факторлары өз тұстарынан қызмет көрсетеді. Сонымен қатар үйренілетін орфограмманың сипатына қарай факторлардың атқаратын рөлі бірде артып, бірде кеміп отырады. Сауатты жазу дағдысы емле ережелерін жақсы білуге байланысты қалыптасады. Оқушылар емле ережелерін өз бетімен емес, мұғалімнің үйрету нәтижесінде ұғынады.
Оқу- тәрбие жұмысында оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге үйрету- алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі. Бұл жұмысты қалыптастыруда диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарының маңызы зор. Сауатты жазуға үйретуді оқудан бөліп қарауға болмайды.
Оқуға үйретудің алғашқы күнінен бастап жазуға да қойылатын талапты естен шығармау керек. Әліппе кезеңінде алған білімдерін пысықтап, оқу және жазу дағдыларын дамыта түсу мақсатында арнайы мағлұмат берілген. Бірақ бұл мағлұматпен шектелмей, балалар кітаптарынан, журналдардан өлең, ертегі, әңгіме оқытып жазғызған жөн.
Сауатты жазуға төселдіру үшін де үлкен ізденіс, шеберлік керек. Бұл жұмыс жеңілден ауырға қарай күрделеніп отырады. Алғашқы сабақтарда дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны көп сөзді естіп жазуға төселдірген дұрыс.
Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді тану, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету сауатты жазу дағдаларын қалыптастыру өздігінен оқуға, жазуға дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге жүзеге асырылады. Осы мақсаттарды шешу үшін, сауат ашуды төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек. Оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
1. Оқыту принциптерін басшылыққа алу;
2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
3. Буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру
4. Дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға, сөз ішінен олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;
5. Жазудың талаптарын орындату;
6. Балаларды сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Оқытудың тиімді амалдарын саналы меңгеру үшін мұғалім төменде келтірілген ең негізгі жағдайларды білуі тиіс :
1. Сөздегі дыбыстардың бірізділігін, дыбыстық құрылымын сақтап, сол қалпында қабылдап және қайтадан еске түсіру шеберлігін айқындау. Балалар ана тілінің дыбыстық құрылымының, әр дыбыстың маңызын түсінуі керек.
2. Сөздің дыбыстық құрылымын талдауды білу. Ашық буындағы дауыссыз дыбыстың дыбысталуы одан кейін тұрған дауысты дыбысқа тәуелді екенін түсінуі, балалардың буындап оқудың тез және нақтылы игеруіне негіз болады.
3. Оқу мен жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді.
Оқу мен жазудың негізі - ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды. Бағдарлама талабына сәйкес балаларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және қарапайым орфографикалық дағды (сөздің дыбыстық және әріптік құрылымын дұрыс жазу) қалыптастыруы қажет. Жазу бірнеше бөліктерден құралады. Жазатын сөздерге талдау жасай білу, дыбыстардың реттілігін сақтау дыбыстарды сәйкес әріптермен белгілеу, бейнелеу.
Бастапқы кезеңде бұл бөліктер арнайы қайталанады. Жазу сабағы дыбыстық талдаусыз өтпейді. Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады. Әріптерді жазуға үйрету тәртібі мынадай: Жаңа әріпті таныстыру, көрсету, плакатта, дидактикалық материалдар, дәптердің бетінде;
1. Мұғалім жаңа әріптің ауада және тақтада жазып көрсетеді;
2. Дәптердегі жаңа әріптің үстінен басып жазу;
3. Жаңа әріп элементтерін және әріпті толық жазу;
4. Сөздерді жазу;
5. Сөйлемді жазу.
Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсете отырып түсіндіреді. Әр баламен қаламды ұстап жүргізіп, бір әріпті жазып көрсетеді. Келесі әріпті бала өзі жазады. Мұғалім аралап жүріп дұрыс жазбаған баламен жеке жұмысын жалғастырады.
Сауат ашу кезеңіндегі жазу сабағының құрылысы мынадай:
1. Сөзге дыбыстық талдау жасау;
2. Кеспе әріптерден сөз құрау;
3. Жаңа әріпті көрсету;
4. Жаңа әріпті тұтас жазу;
5. Жаңа әріппен сөз, сөйлем жазу;
6. Балалардың жұмысын талдау;
Оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланудың тағы бір ерекшелігі - оқытушы мен білім алушының күрделі, тығыз байланысын оңтайлы шешуге көмектесе отырып, сенімділікпен жұмыс жасауға, өзара батыл пікірлесуге, оқуға деген ынтасын арттырады, қысқасы, сапалы білім берудің оң жолдарын қамтиды. Сондықтан да ендігі жерде педагогикалық технологияны меңгеруде үлкен бетбұрыс жасалуы қажет, ол мемлекеттік стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Сауат ашу сабақтары дыбыстық талдау - жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс ана тілінің фонетикасы мен грамматикасына, балалардың физикалық-психологикалық және логикалық-психологикалық, педагогика ғылымының дидактикалық принциптеріне негізделеді.
«Сауат ашудың» негізгі объектісі - сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері мыналар:сөзді ауызша айту, сөзді жазу және оқу. Осыған орай сауат ашу жұмысы сөздегі жеке дыбыстарды бөліп алып құрастырудан басталады. “Дыбыстық әдіс” тек дыбысқа ғана қатысты, яғни оған буынның дыбысталуы да сөздің дыбысталуы да сөйлемнің дыбысталуы да кіреді. Дыбыстық талдау жасағанда аса бір түйінді мәселе - дыбыстардан буын құрастыру, сол арқылы сөз жасап, оқуға әкелу. Сөзді дыбыстаудың өлшемі-буын. Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жаза біледі.
Жаңа тақырыпты өту немесе үйге берілген тапсырманы орындау ретінде берілген жаттығуды тек көшірмей, оқығанын жатқа жазып, талдау арқылы сауаттылыққа жаттықтырған жөн. Сурет бойынша сөйлем, шағын әңгімелер жазу жұмыстары да жиі жүргізіліп, тақырып бойынша шығармалар жазғызу да тиімді әдіс. Керекті нүктелердің орнына тиісті әріп, буын, сөз қойып жазу сияқты жұмыстарды оқушылар ынтамен орындайды. Осындай жұмыс түрлерін сабақтың әр кезеңінде кірістіріп, жүргізгенде ғана оқушы сауатты жазуға тез төселуге болатынын атап өту керек. Сауатты жазудың ең негізгі құралы- ережелер. Ережелерді жаттап, оны пайдалану ең басты мәселе. Сондықтан ережелерді жаттап қана қоймай, оны іс жүзінде қолдану керек.
Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін пән-қазақ тілі. Бала сауатты жазу үшінқазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолданаалатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауыш сыныпта сауаттылықты жете меңгермегеноқушы жоғарғы сыныптарда оны толықтыра алмайды. Сондықтан оқушының сауатты жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп, олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн. Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі мен тікелей байланысты болады. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге үйрету - әр мұғалімнің міндеті. Бұл жұмыстарды қалыптастыруда жазба жұмыстарының орны ерекше. Соның бірі -диктант. Әліппе кезінде әріп диктантын, буын диктантын, сөздік және терме
диктантын орынды жүргізіп, онда жіберген қателерін еске алып, оларды әркезқайталап, жаздырып жіберген қателерін түзеткен оқушыларды мадақтап
көтермелеп отырса, олар үнемі қатесіз жазуға ынталанады. Сауатты жазудың
негізі әліппенің сауат ашу кезеңінде қалыптасады.
Алғашқы әріптерді үйренісімен сабақ сайын сын жұмысы жазылады. Мұның бірі-әріп диктанты. Онда үйренген дыбыстарының әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқаймыз. 1-4 сынып оқушыларын сауатты жазуға үйретуде ойын түрлерін, диктант түрлерін жазу шығармашылық тапсырмаларды 1-сыныптан бастап жүргізген жөн.
Шығармашылық талант, дарын, қабілетті сөздерімен тығыз байланысты. Сондықтан баланың жасырын, тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін оқытып, жан - жақты дамыту керек. Уақыт мектеп мұғалімдеріне заман талабына сай әрі озық технологиямен қаруланған, жан-жақты дамыған жеке тұрғаны дайындауды жүктеп отыр. Бұл міндеттерді шешу әрі абыроймен орындау үшін оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керек. Әр бала ол- жеке тұлға екенін ескерсек, оның білім дағдыларының дұрыс қалыптасуына мұғалім тікелей жауапты. Бұл жерде, әсіресе, бастауыш сынып мұғаліміне жүктелер міндет зор.
1. 1 Сауатты жазуға үйрету мәселелері.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғырлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесінде негіз болатын грамматикалық саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.
Мұғалім тіл өұбылыстары мен жазу ережесін анық етіп түсіндіріп, оқушылырға солтережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруы тиіс. Мысалы, қандайда болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендерін сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға оларды бір - бірімен салыстыруға, ой жүгіруге, сипаттауға, өз беттірімен жазған жұмыстарында қолдануға міндетті.
Граматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қататар, тілдің нақты фактілерінде білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстарының балалар есте қалдыра алады, сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып бере алады. Егер олар сөйлем құрағанда сөздердің арасында байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметін көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланыстары өздері сөйлем құрағанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайда?) барамын т. б
Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәттіннен ұқсас мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алаға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл - ой дағдысы қалыптасады деп есептеуге болады.
Дұрыс сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар ІІІ - ІV сыныптарда да жүргізіліп отырады.
Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т. б сөздерді тек есту дағдсына сүйеніп, жазуға болмайды . Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай - ақ -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғауларымен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазылуындағы түзеткенде көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы - тұщы, бар ма т. б) .
Сөйтіп, сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.
Әрине сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдалануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының ұсқыныда тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш класс балаларыүшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кедің өзінде - ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстың құрамға ойша тәріппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т. б сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз.
Сөйіп, жоғарыда айтылғандарды қорыту келген, оқушылардың сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:
1. Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына түсінбегендіктен қате жібереді) .
2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.
3. Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салысстыру - мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды.
4. Дыбыстың талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру, диктант) тіл дамыту жаттығулары мен (мазмұндама мен шығарма) кезек жүргізіледі.
5. Сөздік жұмыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Әр оқушының жазудан да басқа әлсіз жақтары болады (кей сөздерден қате жіберу т. б) . Мұғалім ондай балаларымен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.
6. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі - орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала жинақтау, талдау жұмысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz