Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы мен түсінігі1. 1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі мен маңызы

1. 2 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы

Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық2. 1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың объективті және субъективті белгілері

2. 2 Алаяқтық құқық бұзушылықтың сараланған құрамдары

2. 3 Алаяқтық құқық бұзушылығының ұқсас қылмыс құрамдарынан айырмашылығы

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабының бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» деп көрсетілгендей алаяқтық тәсілмен меншікке қол сұғу да, қылмыстық заңмен қорғалады. [1, 5]

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылы 20 мамырда жариялаған, үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарының 32 - ші қадамында ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру көзделген. [2, 32] Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетіндігін көздейді. Бүгінгі күні меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылығы артып келуіне орай 32 -ші қадам, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылығының тез ашылуына өз септігін тигізері анық.

2014 жылы жарияланған елбасымыздың жолдауын негізге ала отырып, қоғамдағы қылмыс саны азайтуымыз керек. Елбасымыз өз жолдауында «Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет » - деп көрсеткен. [3]

Таңдалып отырған тақырып өзектілігінің негіздемесі. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, оның ішіндегі алаяқтық қылмысының мемлекеттік сипаттағы мәселелері мен олардың болашақта даму тенденцияларын қарастыруға байланысты зерттеулер жиынтығы.

Ғылыми жаңалығы ретінде ұсынарым, Қылмыс субъектісінің қылмысты жүзеге асыру механизімін толыққанды тексеріп анықтауы міндетті. Қылмыстық топтың басшысын анықтамай, оның қарамағындағы адамдарды жауапқа тартқанмен ол қылмыс тоқтамайды, керісінше, оданда сауатты түрде, қылмыс арықарай дамып, ұйымдастырылады. Бұл қоғам үшін өте зардабы өте ауыр болып келетін қылмыс түрі. Қаншама адам өзіндегі бүкіл қаражатын беріп, үйін, жерін алаяқтық топқа сеніп, беріп қойып жатқанын тәжірибе көрсетуде.

Банктегі барлық операцияларға бақылау жасалынуы, күдік туғызатын шоттар болса, соған ерекше назар аудара отырып, ақшаның қалай, қайда кеткенін анықтауы. Күдікті шот иелеріне жасырын бақылау жүргізуі.

Тәжірибелік мәні - зерттелетін аядағы алаяқтық қылмысының көптеп орын алуы және ондағы тактикаларының даму деңгейінің өзгеруі.

Биылғы көктемде Оңтүстік Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі өтіп, оған облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов қатысып, баяндама жасаған болатын. Сол баяндамада қылмыстық істер саны 2014 жылға қарағанда 2015 жылы 19, 2 пайызға, ал, 2014 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 21, 5 пайызға артқаны айтылды. Қылмыстық істер бойынша жүргізген талдау көрсеткендей, сотталған 2773 адамның 2354-і, яғни басым бөлігі еш жерде жұмыс істемейтін азаматтар болса, 67-сі студент пен оқушы, 115-і мемлекеттік қызметкер және 114-і кәмелетке жасы толмағандар екен. Үлкен өкінішке қарай, солардың қатарында 379-ы әйелдер болғандығы бізді қатты қынжылтты. Жасөспірімдер мен әйелдердің арасындағы қылмыстың артуы қоғамда дабыл қағарлықтай жағдайға жетті. Бала тәрбиесі отбасынан басталады десек, балаларға тәлім-тәрбие беретін кейбір әйелдердің қылмыстық жауапқа тартылуы әрбірімізді толғандыруы тиіс. Бала тәрбиесін бір мектепке ғана артып қоймай, жастар тәрбиесіне қатысты кешенді жоспар жасап, арнайы бағдарлама әзірлеп, оны дайындауға бүкіл білім мекемелері мен ата-аналар, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп жасағанда ғана тиісті нәтижесін береді.

Қарастырылып отырғалы тұрған тематиканың теориялық және методологиялық негізі - мемлекеттегі алаяқтық қылмысына байланысты құбылыстардың жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістерін қарастыру: тарихи, салыстырмалы, логикалық, формальді-құқықтық, функционалды және тағы басқа. Зерттелетін аядағы Қазақстан Республикасының әрекет ету қағидалары мен мазмұнының түсінігі туралы ғылыми көзқарастардың жетілуіне әсерін тигізеді деген қорытындыға жетуге болады. Қазақстан Республикасында сот жүйесінде алаяқтық қылмысын дұрыс саралаудың жетілуі - орын алған алаяқтық қылмысының қауіптеріне әсерлі тойтарыс бере алады. Тек оған жету жолдарына билік тарапынан жақсы қолдаулар және жаңа заң актілері қабылданса өте дұрыс болар еді. Жұмыста қарастырылған нәтижелер мен ұсыныстар қылмыстық құқықтың және қылмыстық процестік құқықтың дамуына пайдалы болады деген үміттемін.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - алаяқтық құқық бұзушылығын қоғамнан азайту, алдын алу, сондай - ақ, алаяқтардың сенімге кіру және алдау тәсілдерінің жаңа формаларын айқындау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері келесідей:

Алаяқтық құқық бұзушылының түсінігі мен сипатын баяндау;

Алаяқтық құқық бұзушылығының құрамын талдап көрсету;

Алаяқтық құқық бұзушылығы үшін тағайындалатын жазаның

мөлшерлерін айқындау;

Ұқсас құқық бұзушылықтардан айырмашылығын көрсете білу;

Диплом жұмысының объектісі Қазақстан Республикасында алаяқтық қылмысы бойынша қоғамдық қатынастарда туындайтын материалдық - құқықтық мәселелер болып табылады.

Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1] .

Қазіргі кездегі алаяктық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар занды тұлғаның атынан азаматтық - құқықтық мәмілелер жасап және қаржылық - шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында. Кейінгі жылдары алаяқтық құқық бұзушылығының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, жалға беру, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды колдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, құнды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т. б.

Қазақстан халқына ел Президентi Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030 даму, қауiпсiздiк және болашақ қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» атты жолдауында бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң перспективтi дамуы жоспарланды. Жинақталған өмiрлiк тәжiрибиеден арылмас үшiн қоғамға қайта қарау және ғылыми баға беру қажеттiгi туындайды. Басқа сапалық құқықтық және әлеуметтiк жүйеге өту кезеңi бойынша уақыт күрделi жұмыстар жүргiзудi қажет етедi[2] .

Осыған орай қоғамымыздағы өзгерiстерге сәйкес мемлекеттiк таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды. Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың қылмыстардан тұрақты өсу тенденциясы қоғамдағы табиғи - саяси климатқа терiс әсер етедi, адамдар ертеңгi күнге сенiмсiздiк тудырады.

Практикалық базасы: Біздің бітіру жұмысымыздан алынған нәтижелер қылмысқа барған алаяқтар мәселесімен айналысушы барлық мамандардың табысты жұмыстары үшін, әсіресе түзету мекемелеріндегі адамдардың болашақ өміріне деген жағымды көзқарасты қалыптастыруда өте маңызды болуы мүмкін.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Мәселенің зерттелу деңгейі анықталып, дерек көздері сараланады. Еңбектің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы ашық көрсетіледі.

1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы мен түсінігі

1. 1 Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі мен маңызы

Жалпы алаяқтық қылмысының қысқаша түсінігі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 - бабында көрсетілген, «алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену» - болып табылады. [4]

Меншікке қарсы таралған қылмыстардың бірі алаяқтық болып табылады. Алаяқтық адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларына енген. Алаяқтық тәсілдері әртүрлі және бақыланбайтын кірістердің кіруіне, бөтеннің мүлкін заңсыз иеленуге бағытталған. Алаяқтықпен қылмыстық-құқықтық күрестің мәселелерін зерттеу отандық құқықтануды теориясы мен практикасының өзекті мәселелерінің бірі. ҚР Конституциясының 26 бабына сәйкес ҚР азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады делінген. [1] Оған ешкімнің қол сұғуына жол берілмейді. Нарықтық қатынасқа өтумен, меншік нысанының және кәсіпкерлікке еркіндіктің көптүрлілігімен адамдардың белсенділігі мүмкін, рұқсат етілген нысанда ғана емес, сонымен бірге баю мен бизнестің криминалдық тәсілдері шеңберінде де едәуір өсіп отыр. Галопирациялық инфляция, экономикалық және құқықтық тұрақсыздық жағдайында экономикалық қылмыстардың шығыны миллиондаған теңгемен есептеледі. Меншікке қарсы қылмыстар түрін өзгертеді, жаңа, әлі зерттелмеген, сапалы форманы иеленеді. Бұл жалпылай алаяқтыққа қатысты. Қазіргі уақытта алаяқтық едәуір сырт пішінін өзгертті, оның жаңа белгілері паайда болды. Әрине, қазір де ақшаны немесе валютаны алдау арқылы ауыстырумен т. б., өмір сүріп отырған адамдар бар. Бұл алаяқтықтың дәстүрлік түрлері әлі де ұзақ уақыт бола беруі мүмкін. Алайда, нарықтық қатынас алдаудың жаңа түрлерінің пайда болуының мүмкіндігін туғызады. Бұл-банктік алаяқтық, (кредитті заңсыз алу жолымен тонау, жасанды авиозоны пайдалану және т. б. ), компьютерлік және қамсыздандыру алаяқтығы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу кезіндегі алаяқтық, оның ішінде ипотека, бизнес және т. б.

Нарықтық экономика жағдайына және кәсіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байланысты талан - тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы көп кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның есу қаркыны бірден көзге түседі. Алаяқтың қоғамға қауіптілігі күннен - күнге өсуде, бұл тектес қылмыстық әрекеттер мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, коммерциялык құрылымдарға және азаматтарға үлкен материалдық зиян келтіріп, саяси тұрақсыздандыруға апаратын факторға айналып отыр. Алаяқтық құқық бұзушылықтың заты, бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқық алу болып табылады. Көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық кол сұғушылық заты болып ақша табылады. Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау қызметкері етіп көрсету, әр түрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу жалған шатастыру, жалған сенімхаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін және басқа да мүлкін сатып, айырбастап жіберу т. б. болып табылады. «Алаяқтық жасаудың тәсілі ретінде алдау өткен немесе қазіргі кездегі фактілерді бұрмалап көрсетуде ғана емес, алаяқтық келешекте болатын мән - жайларды да бұрмалауында. Алдаудың жәбірленушінің санасына ықпал ететін тәсіл болуы бұл қылмыстың міндетті белгісі болады». [5, 316]

Кейбір жағдайларда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бұйымдарды, өнер тауарларын иемденеді. Алаяқтық қылмысы әр түрлі тәсілдермен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің көптен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады: карта, басқа да әуесқой, құмар ойындарды («рулетка», «сүйек-бөтелке» айналдыру т. б. ) ойнағанда әр түрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған ақша купюраларының эквивалентті емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және құқық қорғау және т. б. органдарының қызметкерлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау. Алаяқтар жоғары кәсіпқойлығымен, техникалық, жағынан толық жабдықтануымен ерекшеленеді. Карта ойнайтындар ойынға қатысушылардың картасын көру үшін телеқондырғыларды қолданған жағдайлар да кездеседі. Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге жылдам назар аударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсанттардың жеткілікті кұқықтық білімінің және нарықтық қатынастарға сәйкес тәжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарыктағы бағалы қағаздармен, шетелмен коммерциялық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвестициялармен, несиелік - банктік қызметпен байланысты әр түрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда.

«Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау қызметкері етіп көрсету ж әне т. б. болып табылады». [6, 150]

Нарықтық қатынастардың және шаруашылықтың жеке секторының әрі қарай дамуы, кәсіппорындар мен мекемелердің санының көбеюі, оның ішінде ұсақ және орта кәсіпкерліктің, қаржылық - мүліктік қатынастардың, осы құрылымдағы жұмысшылардың санының өсуі, бақталастықтың шиеленісуі банкроттық қауіпінің өсуіне алып келеді. Алаяқтықтың ұзақ тарихы бар, криминалдық ортада бұл қылмысты жасау тәжірибесі толы және тәжірибе толысып жатыр. Алаяқтықпен ұрлық әлемінің кәсіпқойларының яғни, кәсіпқой қылмыскерлік, сондай-ақ көптеген жасанды банктік және қаржылыққұжаттарды пайдалануды талдаудан шыққан ұйымдасқан қылмыскерліктің іс-әрекеті, алаяқтық операцияларын жасау үшін арнайы құрылған әр түрлі фондтар, кәсіпорындар және компаниялардың әрекеттері. Бұл көрсетілген криминалды кәсіпшілік пайдасымен түсіндіріледі. «Меншікке қарсы қылмыстар - пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді». - деп көрсетілген. [7, 93]

Бір қарқынды және ебін тауып жүргізілген операция дайындығына кеткен барлық шығынды ғана жаппай, сонымен бірге алынған кірістермен салыстырғанда өлшеусіз үлкен болып табылатын табыстар әкеледі, мысалы, ұрлық, Алаяқтық меншікке қарсы қылмыстарға қарағанда қауіпті тәуелділігі азырақ қылмыс. Жоғарыда клтіргендей қазіргі уақытта алаяқтық мәселесі едәуір өзекті деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жоғарыда айтылғандай алаяқтықтың жаңа түрінің саралануы негізгі мәселе болып табылады. Зиян келтірудің көлемі бойынша экономикалық қылмыстың ерекше тобын кредиттік-қаржылық қатынастар саласындағы алаяқтық талан - тараж құрайды. Дәл осы бағытта іс-жүзінде күрделілік туындайды. Сөз ҚР ҚК-нің іс - әрекеттер саласында басқа қылмыстардан ажырауы туралы болып отыр. Бөтеннің мүлкі немесе бөтеннің мүлкіне құқық болып табылатын алаяқтық қол - сұғушылықтың объект ерекшелегінен шыға отырып, осы қылмысты алаяқтау сәтін белгілеу кезеңінде де қиыншылық туындайды.

Сонымен бірге, соңғы уақытта отандық баспасөзде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің стандарттық шеңберінде кездеспейтін қылмыстық әрекеттердің жаңа түрінің пайда болуы туралы мақалалар жариялануда. Басқаша айтқанда, құқыққа қарсы әрекеттер бар, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде оны саралау үшін сәйкес баптар жоқ болып отыр. Сөз жоғары технология (фрикерлік, хакерлік, радиопираттық) саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы болып отыр. Осы әрекеттерді толықтай сенімділікпен алаяқтыққа жатқызуға болады. Заң әдебиеттерінде алаяқтықтың жеке мәселелеріне ғалым-құқықтанушылар Б. Завидов, Г. А. Кригер, В. Д. Ларичев, В. Лимонов, Б. С. Никифоров, Ф. Г. Шахкелдов және т. б. бірқатар жұмыстары арналған. Алаяқтықтың бұл нарықтың экономика және кәсіпкерлік қызмет еркіндігіндегі жағдайда неғұрлым кең таралған талан-тараж нысаны. Бұл ең алдымен Қазақстанның қылмыстық құқығында толық болмаған оның жаңа түрлерінің туындаумен байланысты. Жаңа қылмыстың құқықтық қабылдауына байланысты жаңартулар енгізу алаяқтық құрамына да қамтиды. Осы сұрақтардың бәрі де мұқият зерттеуді және одан әрі ұғынуды талап етеді. Нақ осы мүліктік құқықтар, оларды сатып алуды қосқанда мүліктік құқықтарды қамтитын құжаттар, тәжірибе көрсетіп отырғандай түрлі алаяқтық операциялардың нысаны болады. Залал келтіру ауқымы бойынша кредиттік ақша қатынастары саласындағы алаяқтық талан-тараж экономикалық қылмыстардың ерекше тобын құрайды. Банк капиталы саласы соңғы жылдары экономиканың ең кримиогендік секторы болады. Осы саладағы кең тараған алаяқтық тәсілдердің бірі- кәсіпкерлік құрылымдардың кредиттер мен ссудалардың иелену болып табылады. Нарықтық қатынасқа өту және заңдарды либерализациялауға байланысты директорат ішкі шаруашылық бақылауды әлсіретіп қана қоймай, өзінің лауазымдық жағдайын теріс пиғылмен пайдаланып, экономикалық қылмыстардың жолында тұр. Мысалы, Смагулов және оның қатысушыларының жасаған қаржылық пирамида түріндегі алаяқтықтан Алматы қаласының мыңдаған тұрғындарына залал келді. Қылмыстылықпен күресте заң ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымы маңызды роль атқаруы қажет. Оның жетістіктері мемлекеттің заң шығару қызметі сияқты, құқық бұзушылармен күрес жүргізетін органдардың жұмыс тәжірибесіне де ықпал жасайды. Мұның үстіне қылмыстық құқық ғылымының маңызды міндеті - қылмыс тық қол сұғушылықтан меншіктің барлық нысандарын сақтау, оларды қорғау шараларын қамтамасыз ету болып тыбылады. Яғни, әрбір жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі зор мағынаға ие.

Бұл іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі сонда, оның жасаудың нәтижесінде меншік құқығы бұзылады. Алаяқтық объектісі меншік болып табылады. Алаяқтың заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен қатар оған құқық, сондай-ақ мүлікке кейбір өклеттіктер де табылады. Алаяқтың ерекшелігі осы қылмыстың жасалу тәсілінде - мұнда алдау және сенімге қиянат келтіру орын алады. Алдау болған адам бір нәрсені жалған ұғынады, адасады. Алдау белсенді нысанда не пәс мінез - құлықта көрініс табады. Белсенді нысандағы алдауда адамға қандай да бір фактілер, оқиғаларжайында жалған деректер беріледі. Пәс алдауда шындық айтылмай қалады, егер фактілер мен мән-жайлар жайында дұрыс ақпарат алса, жәбірленуші өз мүлкіне билік етуден тартынған болар еді. Мүліктік құқық қатынасының шарты мен мазмұнын елеулі өзгертіп мән-жайларды айтпау да пәс алдауға жатады. Алаяқтық жасаудың тәсілі ретінде алдау өткен немесе қазіргі кездегі фактілерді бұрмалап көрсетуде ғана емес, алаяқтың келешекте болатын мән-жайларды да бұрмалауында. Алаяқтың көп тараған түрлерінің бірі келешекте болатын оқиғалар жайында алдау. Мысалы: қымбат автомобиль сатып аламын деп немесе жай «қарызға» жәбірленген ақша алу сияқты әрекеттер. Алдау сөз нысанында да немесе жәбірленушіні қатерілестіретін басқа әрекеттер арқылы да көрініс табады. Мүлікті немесе мүлікке құқықты алаяқтық жолмен алудың басқа бір тәсіліне заң сенімде қианат жасауды жатқызады, бұл жағдайда айыпты өзінің меншік иесімен немесе мүліктің заңды иегерімен арадағы сенімдік қатынасты пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші арасындағы сенімді қатынасты пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші арасындағы сенімдік қатынастың негізінде тек құқықтық негіздеме ғана емес, сонымен қатар сенімдік қатынасты тудырған өзге де мән-жайлар, мысалы: жеке таныстық, туысының ұсынысы, қалыптасқан нақты жағдай, т. б болады. «Алдау кезінде адам бір нәрсені жалған ұғынады, адасады. Алдау белсенді формада не пәс мінез - құлықта көрініс табады. Белсенді формадағы алдау адамға қандай да бір фактілер, оқиғалар жайында жалған деректер беріледі. Пәс алдауда - шындық айтылмай қалады, егер фактілер мен мән - жайлар жайында дұрыс ақпарат алса, жәбірленуші өз мүлкіне билік етуден тартынған болар еді». [8, 289]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқық міндеттері мен заңға принцептері
Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру қылмысының өзгеде меншіке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ерекшелігі
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
Экономикалық қылмыстың жалпы түсінігі
Қарақшылық талан-тараждың нысаны ретінде
Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz