Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшелерден, 30 суреттен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом көлемі 74 беттен тұрады. Дипломдық жұмысының тақырыбы С++ бағдарламалау тілінен оқып-үйрену бойынша арналған электрондық оқулық құру.

АННОТАЦИЯ

Диплом состоит из введения, трех разделов, восьми параграфов, 30 рисунков, заключения и списка использованной литературы. Диплом состоит из 74 страниц. Тема дипломной работы - Создание электронного учебника для изучения языка С++

ANNOTATION

The Diploma consists of introduction, three sections, eight paragraphs, 30 pictures, conclusions and list of the used literature. The Diploma consists of 74 pages. Subject of the degree work - "Making the electronic textbook for study of the language C++ ".

Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 5
1.1 Электрондық оқулық 5
1.2 Электрондық оқулықтардың қолдануы 7
1.3 Электрондық оқулық және оның құрылымы 12
1.4 Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері 13
1.5 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар 16
2 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 20
2.1 Autoplay Media Studio бағдарламасымен танысу 20
2.2 Adobe Photoshop бағдарламасы 21
3 Жобалық бөлім 25
3.1 AutoPlay Media Studio бағдарламасымен жұмыс істеу 25
3.2 "С++ бағдарламалау тілін оқып-үйрену" бойынша электрондық оқулығын құру әдістемесі. 30
3.3 AutoPlay Media Studio бағдарламасында қазақ тілінің шрифтерін орнату 60
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 62
4.1 ҚР еңбекті қорғау туралы заң және нормативтік актілер 62
4.2 Жұмыста қолданылатын электро қауіпсіздік талаптары 63
4.3 Өрт қауіпсіздігінің талаптары 66
5 ЖҰМЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕЛУІ 69
5.1 Хронометриялық қатарды есептеу 69
5.2 Көпеңбектілік пен ұзақтық бағасы 73
5.3 Бағдарламалық өнімнің бағасын есептеу 74
5.4 Әлеуметтік нәтижені анықтау 75
ҚОРЫТЫНДЫ 78
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМША А 81

КІРІСПЕ

Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай - ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтты. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; онлайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.
Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.
Зерттеу өзектілігі - қазіргі заманның дамуына байланысты жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Әрбір пән бойынша электрондық оқулықтар бар. Сол себепті С++ бағдарламалау тілін оқып-үйрену бойынша арналған электрондық оқулық міндетті түрде қажет. Соған сәйкес бұл тіл бағдарламасын мемлекеттік тілде оқулықтардың аздығына байласнысты, кітапты құруға негіз болды.
Зерттеу мақсаты - С++ бағдарламалау тілін оқып-үйренуг бойынша арналған электронды оқулық құру.
Зерттеу мәселесі - электрондық оқулықтардың көбі мемлекеттік бағдарламаға сай келмейді, берілген пән бойынша электрондық оқулықтардың аздығы.
Зерттеу нысаны - С++ бағдарламалау тілін оқып-үйрену бойынша арналған электронды оқулық.
Зерттеу пәні - С++ бағдарламалау тілі пәні.
Гипотеза - егер электрондық оқулық С++ бағдарламалау тілін оқып-үйрену пәнінде қолданылса, оқытушының қызметі неғұрлым жеңілдеуі мүмкін. Сабақ көрнекі, әрі қызықты өтуі мүмкін.
Зерттеу міндеттері:
Autoplay Media Studio ортасы жайында мәліметтерді меңгеру;
электронды оқулық құрылымымен танысу;
жобаны орындау;
жасалған қосымшаның қолдануының экономикалық тиімділігін дәлелдеу;
Autoplay Media Studio ортасында автоматтандырылған жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруды жасау және жүргізу пәні бойынша қосымша құру;
экономикалық бөлімін зерттеу;
еңбек қорғауды меңгеру.
Ғылыми жаңалығы - технологиялардың дамуына байланысты электронды оқулықтарға сұраныс өсуде. Берілген пән бойынша кез келген нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік маңызы - құрылған электрондық оқулық кез келген қолданушыларға түсінікті әрі ыңғайлы түрде жасалған. Оқулық Си бағдарламалау тілі пәнінен дәрістерді қолдануға мүмкіндік береді. Студенттердің уақыттарын үнемдейді, пән бойынша керек мағлұматты кітапханаға бармай - ақ осы оқулықтан табуға болады.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Электрондық оқулық

Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсынуды қарастыруға болады. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударуға және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай - ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды рөлі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген . Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни кең қолданысқа ие мультимедиялық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен (гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиялық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.
Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ПЭВМ магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде)қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады. Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болсын десек,онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады; қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу), әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т.б. оның түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады.
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері. Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:
бақылаусыз оқыту;
бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады [12].
Электрондық оқулық білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда және әсіресе қашықтықтан оқытуда қажетті:
оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, есту және оның жадымызға әсері және т.б. оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;
дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;
көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;
барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіншіліктерді пайдалануға мүмкіндік беру;
жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызады;
шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанбайтын басқа да сөздерді пайдалану.
Мұндай жетістікке жету үшін студент өз білімін жетік игере білу қажет. Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :
дәрістерге және тәжірибелік жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді;
студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.

1.2 Электрондық оқулықтардың қолдануы

Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін аткаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мулътимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға ену жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады.
Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің мемлекетіміз де коғамның акпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен шеткері кала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы осы істі қолға алудың алғашқы қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, бағдарламалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (бағдарламалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дидактикалық бағдарламалар (КДБ) болып табылады. Бүгінде бақылаушы, оқытушы бағдарламалар, бағдарламалық тренажерлер, дидактикалық ойындар, гипертекстік жүйелер сияқты КДБ кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптау-оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолданылуда.
Мұндай бағдарламалардың көпшілігінің ортақ кемшіліктері баспа оқулықтың көшірмесі ретінде ұсынылуында, компьютердің иллюстрациялық, тестілік мүмкіндіктерін ғана пайдалануында және берілетін тапсырмалар жүйесінің өте шектеулі болуында. Бұл жағдай студенттің шығармашылық ойлау қабілетін толығымен пайдалануын жүзеге асыра алмайды, яғни оның интеллектуалдық потенциалын дамытпайды.
Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық бағдарламалардың соңғы жетілдірілген түрі - электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДБ-дан универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім деңгейін дұрыс бағалау, т.с.с.) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен ерекшеленеді.
Біздің елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы Электрондық оқулықтар шығару болып табылады. Бүгінгі танда бұл орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
бір катардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;
оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық түрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұ-нында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
Схемокурс - оқулық мазмұнын қысқартылған мәтін-график қатынасы түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық бейнелер арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.
Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тесттік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бұлай үш түрде берілуі, студенттің оку материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.

1.3 Электрондық оқулық және оның құрылымы

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық түрге аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны пайдаланушылардың интелектуальдық ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б. Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы бағдарламалар қолданылып келдi. Бұл бағдарламалар пайдаланушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол пайдаланушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

1.4 Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері

Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оның құрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінше нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың, тақырыптардың, тараулардың өзара байланысын мұқият зерттеп, айқындауға саяды. Мұны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.
Оқулықтың интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп жатқан зерттеулер компьютерлік оқыту бағдарламаларының тиімділігі көпшілік жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Бағдарламаның безендірілуі студенттің ынтасына, қызығушылығына материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді.
Шет ел психологтарының еңбектерінде компьютерлік бағдарламалардың безендірілуі жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. Жақсы интерфейс ыңғайлы аяқ киімге ұқсас, - деп жазады атақты безендіру маманы М.Донской. -Оған ешкім көңіл бөлмейді. Көңіл аударған күнде де, Мұнда тұрған не бар - дейді. Ал нашар интерфейс барлық жұрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейсті пайдаланушы байқамайды, өйткені ол бағдарламаның ажырамас функционалдық бөлігі ретінде қабылданады .
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік оқыту құралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл -жүйелік безендірудің негізі, ол құрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл тәсіл бағдарламаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информатика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуникативтік, компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды аньқтау. Студент жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезінде материал мен осы материал жайлы өзі білетін ақпаратты салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру үйрену тиімділігін арттырады және бұл оку материалының психологиялық негізін, логикалық байланыстарын көрсету деңгейіне тәуелді анықталады. Электрондық оқу материалына және оның берілуіне қойылатын талаптар студенттің жаңа ақпаратты қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмұндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына байланысты.
Ни одна большая книга, не должна выходить без указателя. Книга без указателя - дом без окон, тело без глаз, имущество без описи: не так легко ими вослользоваться, - дейді Я.А. Коменский .
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: электрондық оқулықтың оқытудың негізгі деңгейлерін бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл студентке өзінің оқытудың қай кезеңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде Жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп құрылуы керек (Қайда алып барады? Нені көрсетеді?); бағдарламаның міндетті түрде іздеу жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмұн элементтері арасындағы мета-тегтер дұрыс қойылуы тиіс т.с.с
Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді.
Оқыту бағдарламаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды кабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады. Анимациялық интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ колдану қажет. Пайдаланушыны таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда, пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені кабылдамай тастауына соқтырады,-дейді М.Донской .
Оқулықты құруда колданылатын құралдарды анықтау. Казіргі талаптарға сай электрондық оқулық жасап шығаруда бағдарламалау тілдері (Dеlрhі, Vіsual Ваsіс, С++, НТМL, Jаvа Sсrірt т.с.с.) және Autoplay Media Studio, FгоntРаgе Ехргеss, Місгоsоft Рublіshег. бағдарламалары да ақпараттық байланыстарды гиперсілтемелік ұйымдастыру орталары және ақпаратты бейнелеудің мультимедиялық құралдары сияқты жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Бүгінгі таңда оқушылар мен студенттер үшін электрондық оқулық мектепте, ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп, оны дамытудағы Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының (РБАО) жұмысы да қайта оралып, келіп түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыратыны талас тудырмаса керек.
Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу материалы студентке компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші кұралдарды молынан ала алады. Міне, білімді жоғарылатуға электрондық оқулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, мектептің, кәсіптік - оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиіс. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану - білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады [11].

1.5 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар

Электрондық оқулықтың объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
Электрондық оқулық оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни, оқу курсының мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын ақпаратты қамтымау керек.
Электрондық оқулықта интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді болуы мен қатар, пайдаланушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін бүтін электрондық оқулықтың және оның жеке бөліктерінің жұмыс істеу логикасын түсінуге көмектесетін түрде болу керек.
Электрондық оқулықта оқылатын объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттердi имитациялау үшiн, имитациялық компьютерлiк моделдер ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет мәселелері оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан оқушының көңілін бөлмей, оларды меңгеру үшін интеллектуалды ынтаны елеулі азайтатындай болуы керек.
Электрондық оқулық жабық та, ашық та ортада қолданылу мүмкіндігіне ие болу керек. Электрондық оқулық жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локалды компьютерлік желіде орындалушы бағдарламалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. Электрондық оқулық ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін бағдарлама-браузерлерді қолданады.
Электрондық оқулық қосымша бағдарламалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің, нұсқасын ескере отырып автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес Электрондық оқулықтың тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және бағдарламалар пакеттері болуы керек.
Электрондық оқулық қажетті өзгертулерді енгізуді оңайлату және сынақтан кейін бағдарламаның алғашқы кодын өзгертпей ЭОБ-ның мазмұнын жетілдіру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар оқу материалы мен статистикалық деректерге рұқсатсыз қолжетпек болмауы керек.
Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар. Электрондық оқулықтың оқыту элементтерiне: Теория, Мысалдар, Тапсырмалар, Сұрақтар, Тестілер, Тезаурус, Анықтамалық, Графика, Аудио және Видео жатады, оларға да қойылатын бірнеше талаптар бар. Олар:
Оқыту элементі Теория оқылатын сабақтың теориялық материалдарының гипермәтiндi сипаттауына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Мысалдар мысалдардың сипаттамасы мен олардың түсініктеріне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Тапсырмалар ағымды сабақ бойыншажаттығуларға және есептерге, сонымен қатар оларды орындау мен шығаруға байланысты көмекке қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Сұрақтар ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін жауаптары интерактивті берілетін және тексерілетін сұрақтарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Тестілер оқытудың ағымды бірлігі бойынша білім бақылауды өздігінен жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек:
сабақ деңгейінде - ағымдағы білім бақылау;
блоктар деңгейінде - аралық білім бақылау;
модульдер деңгейінде - белестік білім бақылау;
ЭОБ-ы деңгейінде - қорытынды білім бақылау.
Оқыту элементі Тезаурус ЭОБ-да кездесетін және олардың анықтамаларына гипермәтіндік сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Анықтамалық ағымды сабақ бойынша анықтамалыққа қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементтері Графика, Аудио және Видео қосымша дидактикалық материалдарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Графика схемаларға, сызуларға, суреттерге, фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Аудио оқылатын сабаққа қатысты негiзгi ұғымдарды, фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді дыбыстауға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Видео оқылатын сабаққа қатысты объектiлердің, үрдістер фрагменттерiнің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын және сабақты оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек [6].
2 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Autoplay Media Studio бағдарламасымен танысу

AutoPlay Media Studio - бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама. Бұл AutoPlay Media Studio бағдарламасының жалпы мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы электронды оқулық, портфолио, CD\DVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады. Осының барлығын арнайы бағдарламашының білімінсіз-ақ жасауға болады. Ал C++, Java, Visual Basic бағдарламаларының мүмкіндіктері арқылы жұмыс нәтижесі жоғарлай түседі. AutoPlay Media Studio бағдарламасының құрал - саймандар тақтасында объектілермен қарапайым және жеңіл жұмысы жасауға арналған элементтер орналасқан. Бұл бағдараланың құрал - саймандар тақтасында бейнелермен, бейнефильмдермен және дыбыстармен жұмыс жасауға арналған батырмалар да орналасқан.
AutoPlay Media Studio бағдарламасын компьютерге орнату үшін:
1. Компьютердің амалдық жүйесі Windows 2000, Windows XP, Windows Vista, Windows 7 және жағалау;
2. Процессоры Pentium 4 және одан да жаңа;
3. Оперативті жады көлемі кемінде 256 МБ;
4. Экран кеңейтілімі кемінде 1024x768;
5. Түс тереңдігі 16 бит және одан да жоғары;
6. Қатқыл дискідегі бос орын кемінде 100 МБ;
7. Тінтуір;
8. DirectX 7 және одан да жаңа нұсқасы;
9. Internet Explorer 4.0 және одан да жаңа нұсқасы;
10. Adobe Flash Player 8 және одан да жаңа нұсқасы;
11. Adobe Reader 8 және одан да жаңа нұсқасы болуы тиіс.
Бұл бағдарламалық жасақтамалардың жаңа нұсқаларының болуы жасалатын жоба сапасына да әсер етеді. AutoPlay Media Studio бағдарламасының мүмкіндіктері орнату барысында плагиндарға да қатысы болады [28].
AutoPlay бағдарламасымен жұмыс
Бағдарламаны орнату әрекеті:
орнату (autoplay-media-studio-trial.exe) белгішесінде тінтуірдің сол жағын екі рет шерту.
Ашылған орнату терезесіндегі Next батырмасын баса отырып, бағдарламаны орнату.
Бағдарламаға орыс тілін орнату (Русификатор для AMS v.8.0.2.0.exe) белгішесінде тінтуірдің сол жағын екі рет шерту.

2.2 Adobe Photoshop бағдарламасы

Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны AdobeSystems inc. фирмасы өңдеп жариялаған.Adobe Photoshop-ты кəсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, веб-дизайнерлер жəне қарапайым қолданушылар пайдаланады. Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны әркім өзіне ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерін өзгертуге, кесуге, түс түзетуін жасауға мүмкіндікбереді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil жəне т.б. Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор объектілерді қолдайды. Бағдарламаның сыртқы көрінісі 2.2.1 суретте көрсетілген [14].

2.2.1 сурет - Adobe Photoshop бағдарламасының бейнесі

Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері. Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез-келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы енгізілсін, басқа бір бағдарламадан енгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын ол - растрлық болып табылады. Растрлық суреттер- кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Әрбір нүкте- пиксель деп аталады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді, суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек- бөлек өзгертуге болады.
Adobe Photoshop бағдарламасының түстер палитрасы (Color Picket) алдыңғы қатардың және артқы қатардың түсін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар түсті сандар координатасын жазу арқылы таңдауға болады. Adobe Photoshop бағдарламасында дайын түстерді де таңдауға болады. Ол CMYK - моделінің түстері. Бағдарламадағы түстер палитрасы негізгі болып алынған, 2.2.2 суретте түстер палитрасы берілген. Басқа палитраны қолданғаннан кейін негізгі палитраға ауысу үшін менюде файл Орналастыру Негізгі палитра [15].

2.2.2 сурет - Color Picket (Түс палитрасы)

Color (Түс) палитрасы түстерді араластыруға және таңдауға мүмкіндік береді. Бұл түстер суретті өзгерту кезіндегі құралдарға қолданылады, мысалы, Fill (құю) немесе Canvas Size (Холст размеры). Палитра моделінен түс моделін таңдаңыз, осы кезде сурет түстерін араластыруға болады. Түсті таңдау үшін ,палитрасынын астында орналасқан түстер жобасын басыңыз. Түстер таңдайтын Color Picket (Түс палитрасы) панелін ашу үшін, негізгі төртбұрышты шертіңіз, егер ол қазір жабық болса, оны екі рет шертіңіз. Түстер палитрасының астындағы сол бөлігінде екі кішкентай тіктөртбұрыш бар: ақ және қара. Оларды шерту арқылы түстерді белгілеуге болады: негізгі- қара, артқы түс-ақ. Ақ және қара түстерімен әртүрлі суреттер бейнелеп салуға болады.
Color Picket (Түстер палитрасы) мынадан тұрады:
Түс таңдау бөлігі (үлкен төртбұрыш)
Түс реңдерін таңдау бөлігі
Түс салыстыру бөлігі (кішкентай тіктөртбұрыш, ол көлденең екі бөлікке бөлінген: үстіңгісі - нақты түс, астыңғысы - таңдалған түс)
Цифрлы түстер бөлігі: HSB, RGB, Lab, CMYK моделдері.
Түстерді салыстыру бөлігінде екі ескерту шығуы мүмкін.
Warning: out of gumut for printing - Стандартты түстер аймағынан шығып кету
Warning: not a Web safe color -Қауіпсіз түстер аймағынан шығу (интернет үшін)
Бірінші ескерту (үшбұрыш ортасында леп белгісі бар)-сіз таңдаған түсті басып шығаруға мүмкін емес екендігін көрсетеді. Себебі CMYK стандартты түстер аймағында сіз таңдаған түстің жоқ екендігін көрсетеді. Осы кезде сіз таңдаған түске ұқсас, стандартқа сәйкес түс үлгісі көрсетіледі.
Екінші ескерту (кубик)- бұл ескерту сіз таңдаған түстің Windows және MAC ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін бағдарламаларда әртүрлі көрсететінін айтады. Себебі олар әр түрлі палитралар жүйесінде жұмыс істейтінін көрсетеді. Осы екі ақпраттық жүйеде бірдей көрсететін түс үлгісі жанында көрсетіледі. Сол түсті таңдау үшін тіктөртбұрышты басыңыз.
Color Picket (Түстер палитрасы) арқылы:
Түстер реңінің аймағын белгілеуге болады.ол үшін өзгерту тетігін қою (H, S, B, R, G, B, I, a немесе b) және тышқанды қозғалту арқылы.
Үлкен төртбұрыштың белгілі біл аймағын шерту арқылы, белгіленген түстер ішінен түс таңдауға болады
HSB, RGB, Lab немесе CMYK Түстер моделінен түстің цифрлық белгісін белгілеу арқылы түс таңдауға болады.
Стандартты каталогтардағы керекті түстерді қолдану үшін Custom (түстер каталогы) мәзірін басу керек. Бұл жерде Adobe Photoshop бағдарламасының стандартты 17 түстер каталогы көрсетілген. Осы каталогтардың ішінде ең көп тараған PANTONE [16].

2.3 WinRar және Backup программалары.

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі ақпаратты жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін және файлдардың көлемін кішірейтуге (сығуға) тура келеді. Осындай жағдайларда шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек.
Архивтеу дегенiмiз - алдын ала сығу жолымен файлдардың көшiрмесiн дискiде немесе дискетте (магниттi таспада) сақтау.
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге және т.б. істер атқаруға мүмкіндк береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты мүмкіндіктерімен айрықшаланады.
Кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP, WinRar, WinZip, Backup және т.б. архивтеу программалары жатады.
Windows операциялық жүйесінде WinRar және WinZip архиваторлар кең тараған. WinRar архивтік программасының жұмысын қарастырайық, себебі .rar кеңейтілмесімен архивтелген файлдар Интернет желісінде кеңінен қолданылады.
Программаны жүктеген кезде программаның бейкоммерциялық қолданылуы тіркеусіз жүзеге асатыны, бірақ міндетті түрде Сіздің келісіміңізді қажет етеді, сондықтан шыққан сұхбаттық терезеде Установить командасын бассаңыз болғаны, программа үнсіздік бойынша ұсынылған дискіде орнатылады (2.3.1-сурет).
Келесі сұхбаттық терезеде программаға қатысты байланысқан типтегі кеңейтілмелерді және қажетті интерфейстерді белгілеуді сұрайтын сұхбатты терезе шығады. ОК батырмасын шерткеннен соң WinRar программасы орнатылған бума аты және өзіңізге қажетті Анықтама алуға мүмкіндік беретін сұхбаттық терезе шығады. Бұл терезеде Готово батырмасын шерткеннен соң Сіздің компьютеріңізде WinRar программасы орнатылады (2.3.2-сурет).

2.3.1-сурет.WinRar архивтік программасын орнату терезесі.

2.3.2-сурет. Архивтеу программасын орнату барысы.

Жұмыс үстелінде орналасқан LEK-1-kz.doc файлын осы программа көмегімен архивтеуді қарастырайық.:
Жұмыс үстеліндегі LEK-1-kz.doc файлын белгілеп, тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Шыққан сұхбаттық терезеде Добавить в архив немесе Добавить в архив LEK-1-kz.rar командаларының бірін таңдаймыз (2.3.3-сурет).

2.3.3-сурет. LEK-1-kz.doc файлын архивтеу.

Келесі сұхбаттық терезеде архивтік файлдың аты және қажетті параметрлері таңдалады (2.3.4-сурет).

2.3.4-сурет.Архивтік файлдың аты және қажетті параметрлері

ОК батырмасын шерткеннен соң архивтеу программасының орындалу барысының сұхбаттық терезесі шығады (2.3.5-сурет).

2.3.5-сурет. Архивтеу программасының орындалу барысы.
Жұмыс үстелінде архивтелген программаның таңбашасы шығады (2.3.6-сурет).

2.3.6-сурет. Жұмыс үстеліндегі архивтелген файл.

Қатты дискідегі мәліметтердің көшірмесін алу үшін Backup программасы қолданылады. Бұл программа операциялық жүйенi бастапқы орнату кезiнде қондырылмауы мүмкiн. Мұндай жағдайда оны орнату керек.
Бұл программа ақпараттың резервтi көшiрмесiн құру және бұрын көшiрiлiп қойылған ақпараттарды қалпына келтiру мақсатында да қолданылады. Программаны iске қосу үшiн Бас мәзірде: ПрограммаларСтандарттыҚызмет программалары (Служебные программы) Backup (Архивация данных) қатарын таңдаймыз.
Программа iске қосылғаннан кейiн архивтеу, қалпына келтiру, файлдарды салыстыруға арналған үш астарлы беттен түратын Backup программасының терезесi ашылады (2.3.7-сурет). Әрбiр астарлы беттiң негiзгi бөлiгi Сiлтеуiш программасы терезесiнiң көрiнiсi сияқты болады және жоғарыда айтылған мақсатқа қолданылады.

2.3.7-сурет. Backup (Архивация данных) программасын іске қосу.

Архивтеу және қалпына келтiру әрекеттерiн жүзеге асыру үшiн көшiрiлетiн файлдарды таңдап алу керек. Әрбiр буманың немесе файлдың тұсында кiшкене төртбұрыш тұрады. Егер осы төртбұрышта тышқанды шертсек, онда сол файлдың немесе бумадағы файлдардың барлығын көшiру үшiн ерекшеленгендiгiн бiлдiретiн қанат белгi ( ) пайда болады. Жоғары деңгейдегi бумалардың тұсындағы төртбұрыштағы қанат белгiнiң түсi сұр болады, ол осы бума сақтаулы тұрған файлдардың барлығы ерекшеленбегенiн бiлдiредi. Қажеттi файлдарды таңдап алғаннан кейiн Ары қарай (Далее) батырмасын шертемiз.
Екiншi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқулықты пайдалану
Мультимедиалық электронды оқулықтың мәні мен маңызы
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Электрондық оқулықтар жасау
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары
Электрондық оқулық туралы түсінік
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
Электрондық оқулықтардың қолдануы
«Қан түзуші жүйе» пәні бойынша электронды оқулық дайындау
Пәндер