Қыстырма сөздер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОБА
Тақырыбы: «Оқшау сөздер»
Орындаған: Ахатбек А. Ж.
Тексерген: Уайсова Г. И.
Мамандық: 6В01303 « Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен»
Алматы, 2021 ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. 1. Оқшау сөздердің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері
1. 2. Оқшау сөздердің түрлері
Жобаның нәтижесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тілді қолданушы жеке субьекті болғандықтан, ол обьективтік түрдегі тілдік бірліктер арқылы субьективті көзқарасын, яғни тыңдаушыға немесе қоршаған ақиқат шындыққа деген эмоционалды-экспрессивті қатынасын білдіреді. Бұл әсерлілік, экспрессиялық пен бейнелілік тілде әр алуан амалмен жүзеге асырылып отырады. Сол амалдардың бірі ретінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің тілде әр түрлі стильдік қызметте жұмсалуын да атауға болады. Стильдік тәсіл ретінде және бейнелеуіш амалдар жүйесінде оқшау сөздердің қазақ тіліндегі, әсіресе, көркем әдебиетте атқаратын қызметі орасан зор.
Қазақ тіл білімінде оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы, синтаксистік сипаты сияқты грамматикалық табиғаты осындай және басқа да мәселелерді қарастырған қазақ тіл біліміндегі А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, Т. Қордабаев, І. Кеңесбаев, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, М. Томанов, А. Ысқақов, К. Аханов, Ш. Сарыбаев, Р. Сыздықова, Қ. Есенов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев, Б. Хасанов, Р. Әміров, Б. Шалабаев, Н. Уәлиев, М. Бимағамбетов, Н. Егіншібаева, Л. Дүйсембекова, Г. Садырова т. б. ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық негіздемесі ретінде алынды. Осы еңбектер негізінде жазылған бұл жұмыстың зерттелу өзектілігі оқшау сөздердің тіл ғылымында әзірше тың жатқан немесе түбегейлі зерттелмеген, әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблемаларының бірі - олардың (оқшау сөздердің) стильдердегі қолданысына, өзіндік ерекшеліктеріне арналғандығында болып отыр. Оқшау сөздер қай тілде болса да жиі қолданылып, сөйлеуде коммуникацияны “жанды” ете түседі, әр түрлі эмоционалды-экспрессивті реңктер үстеуде қызмет атқарады және олардың қолданылуында өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан оның стильдік қызметін зерттеу стилистиканың жалпы проблемаларын шешуге де көмектеседі. Оқшау сөздерді стильдік жағынан зерттеу арқылы басқа да тілдік бірліктердің, сөз таптарының да функционалды стильдердегі қызметінің сырын аша түсуге мүмкіндік туады. Тілдік құралдардың, оның ішінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің қолданылуының жалпы сырын ашу жалпы тіл мәдениетін жетілдіруге де септігін тигізеді.
Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің стильдердегі қызметін анықтау, біріншіден, сөз таптарының стильдік қызметін талдап-тануға көп көмегін тигізеді, екіншіден, оқшау сөздердің айтушының сан түрлі субьективтік көзқарастарын, сезімдерін жеткізудегі бар мүмкіншіліктерін аша түседі.
Жобаның мақсаты: Оқшау сөздер туралы түсінік беріп, оның түрлерін жеке сипаттау.
Жобаның міндеттері: - Оқшау сөздердің зерттелу жайына түсінік беру;
- Оқшау сөздердің жіктелуін көрсету;
- Оқшау сөздердің түрлеріне (қаратпа, одағай, қыстырма сөздер) сипаттама беру;
1. 1. Оқшау сөздердің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері
Оқшау сөздер - сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын ( -Балақай, сурет сала білесің бе? ), айтушының оған деген көзқарасын ( -Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады ), көңіл-күй, сезім толқынысын ( -Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау! ) білдіру мақсатында қолданылады.
Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұрау белгілерімен дараланып тұрады.
Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы аңғарылады.
- Мысалы:Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз.
1. 2. Оқшау сөздердің түрлері
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.
Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Балалар , бұл жол басы даналыққа. Аягөз , қайда барасың? Туған жер , тауыңда туып, тасыңда өстім!
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Түнде жыламас болар, қарағым .
Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы. Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы !
Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:
1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.
2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз , т. б.
3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т . б.
4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т. б.
5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.
Қыстырма сөздің тыныс белгісі - үтір . Қыстырма сөз:
-сөйлем басында келсе, одан кейін;
-сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
-сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Әрине , еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір , екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.
Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздерге байланысты тыныс белгісі - үтір. Мысалы: Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!
Логикалық көтеріңкі екпінпен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.
Жобаның нәтижесі: мәтіндегі оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажырату.
Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді. Мүмкін, мен жастығымды қайыра алмаспын. Бірақ ол босқа кетпейді, менен кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, сендер бақыттысыңдар. Сендер соғыс дегенді білмей өтетін боласыңдар. Біз жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан еттік.
Мен өз елімді қорғаймын. Менің момын да бауырмал, ардақты елім бар. Сол елім мен аттанарда былай деген болатын:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz