Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Білім алушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы

Орындаған: Ермекқали К. Р

Тобы: 4 а МК-9

Тексерген: Нурашева Г. С

Мазмұны

Кіріспе2

I ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ4

1. 1 Эстетикалық тəрбие - тəрбиенің құрамды бөлігі4

1. 2. Оқушыларға эстетикалық тəрбие берудің ерекшеліктері жəне оның міндеттері7

1. 3. Педагогика ғылымында “эстетикалық тәрбие” ұғымының анықталуы. 13

1. 4. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы. 18

1. 5. Ұлттық өнерге баулу - ұлттық тəрбие беру20

ІІ Ұлттық өнер арқылы балалардың таным эстетикалық қабілетін арттыру. 25

2. 1. Балаларға тəрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі25

2. 2 Ұлттық өнер арқылы жеткіншек ұрпақтың эстетикалық танымын қалыптастыру мəселесі28

2. 3 Оқу тəрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тəрбие берудің жолдары33

2. 4 Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары39

Қорытынды41

Қолданылған әдебиеттер:43

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі . Қазақтың ұлттық өнерінің өсу жолы, өзіне тəн даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған тарихи негіздермен қоса Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нəтижесінде анықталған ежелгі мəдениеттің үлгілері дəлел болады. Міне осы қазақ халқының дəстүрлі ұлттық өнерін қазіргі заман талабына сай əрі қарай дамыта беруді, келешек ұрпақты, жастарды осы салада тереңдеп оқытуды, жан дүниесіне сіңіру тəрбиелік мəнге ие. Оның себебі əрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан -- ұрпаққа жалғастыру. Сонымен бірге ұлтшылдық пен отаншылдыққы баулу болып келеді. Ою - өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы əдет - ғұрып, салт - дəстүріне сай дамып, түрлендіріліп, жетілдіріліп отырған. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою -- өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мəдениет үлгісі ретінде сақталып келеді.

Халық шеберлері ою -- өрнекпен, сəулетті ғимараттарымен, киім - кешек, жиһаз, қару - жарақ, ат əбзелдерін, зергерлік əшекей заттарын т. б. тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. Міне осы əдет - ғұрыпты əрі қарай сөндірмей жалғастыру жас ұрпаққа оқу-тəсіл арқылы ұлттық тəрбие ретінде қалыптастыру біздің міндетіміз.

Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тəрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі əдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі əсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В. Белинский былай деп жазған: "Əдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін". Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тəрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: балаларға білім берудің деңгейін жетілдіру жəне тəрбие берудегі ұлттық өнердің рөлін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері : Балалардың ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, өнерге көзқарастарын қалыптастыру, балаларға эстетикалық талғам мен ұлттық тəлім - тəрбие жұмыстарын жетілдіру.

Зерттеу жұмысының нəтижелері педагогика ғылымының саласы эстетикалық тəрбие беру ісін байытып оның теориялық мазмұны жəне деңгейлік сипаттамаларын дамытуға үлес қосады. Зерттеу жұмысының тəжірибелік құндылығы: Ұлттық өнер арқылы балалардың шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруға жəне эстетикалық тəрбие беру ісіне көмегін тигізеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысымыз кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған əдебиеттер тізімінен тұрады

I ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Эстетикалық тəрбие - тəрбиенің құрамды бөлігі

Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын жəне жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жанжақты мəдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мəдениетті əрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.

Жас азамат мəдениетті дегеніміз - инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тəжірибелер мен əрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мəдениеттінің негізгі жəне құрамды буыны оның эстетикалық мəдениетінің болуын қажет етеді.

Эстетикалық мəдениет - рухани мəдениеттің маңызды бір саласы ретінде, табиғат жəне адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау қолдану тəсілдері.

Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.

Қоғамның дамуында эстетикалық тəрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.

Эстетикалық тəрбие - жан-жақты тəрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.

Эстетикалық тəрбие - болмыстағы жəне өнердегі сұлулық пен əсемдікті дұрыс қабылдауға жəне эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тəрбиелейді.

Өнерде жəне өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Жас ұрпақты тəрбиелеудегі эстетикалық тəрбиенің рөлін, мəнін ашқан көрнекті ғалым-педагогтар А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, С. Т. Шацкий, К. Д. Ушинский тəрбие жүйесін ұйымдастыруға өз үлестерін қосты.

Біздің елімізде жас буындарды эстетикалық тəрбиелеуді пайдалану мəселесіне арналған іс-тəжірибелік сипаттағы мақалалары мен көлемді де іргелі еңбектері бар ғалым-педагогтар Х. Арғынбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, К. Оразбекова, А. Бейсенбаева, М. Мырзахметов, А. Тұрбекова, Қ. Сыздықов, т. б. айтуға болады.

Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы - жасөспірімдерді жан-жақты дамыған тұлға ретінде тəрбиелеу. Сол тəрбиенің ішінде эстетикалық тəрбие қомақты орын алды. Нақ осы мектепте жас буынның эстетикалық мəдениетінің негіздері қаланады, сондықтан да эстетикалық тəрбие мəселелері біздің елемізде əрдайым жан-жақты тəрбиенің жалпы проблемаларынмен байланыстыра қарастырылып келеді. Эстетикалық тəрбие адамның өмірінде зор рөл атқарады. Əсемдікті көре түсіне, жасай білу адамның өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани лəззаттануға мүмкіндік береді.

Болашақ тəрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нəр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің қоғамның тəлім-тəрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келеді, жалпы адамзаттық қүнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана сезімнің дамуына, рухани, мəдени байлықты, ұлттық тəрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігі өз халқының тарихын, тілін, əдет-ғұрпын, салтсанасын, ұлттық дəстүрлерін жете білмеуіне əкеп соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесіне деген эстетикалық санасын ояту - тəрбиеші мен мұғалімдердің, ата - аналардың ең үлкен парызы болмақ.

Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тəрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тəрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.

Эстетикалық тəрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тəрбиелейді.

Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі əдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі əсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы орыс жазушысы В. Белинский былай деп жазған: Əдемілікті сезіну − адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін. Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тəрбиелеу − ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.

Эстетикалық тəрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке, тəрбиелейді.

Эстетикалық тəрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған кітап, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең бастысы, адамгершілік, эстетикалық сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез - құлқын түзету, əсемдікті түсіне білу. Егер бала өзін жаман əдеттен алшақ ұстап, өз əрекеттерінің əдемілігін, қажеттігін түсініп, еңбек нəтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.

1. 2. Оқушыларға эстетикалық тəрбие берудің ерекшеліктері жəне оның міндеттері

Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тəрбиелеу арқылы оларға білім беріп қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, əрекеттілік қабілетін (интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді жəне нəтижелі дамиды. Осыған орай көркемдік-эстетикалық тəрбиенің мектеп алды мекемелерге қоятын міндеттері:

  • Баланың қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын жүйелі жəне биік мақсатқа бағытталған түрде дамыту; өнердің барлық түрі қажеттілік сияқты сезімдерді тудырады;
  • Баланы өнер саласындағы əрекетке, алғашқы көркемдік білімді игеруге жəне көркемдік деңгейді бағалауға баулу.
  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бала бақшалардағы көркемдік-эстетикалық оқу-тəрбие үрдісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты. Көркемдік-эстетикалық тəрбие жұмысын нақты, нəтижелі ұйымдастыру үшін, оның мазмұнын əрбір жас ерекшелік талаптарын анықтап алу қажет.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың күнделікті өмірінде зор рөл атқарады. Əсемдікті көріп, түсіне, бағалай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, одан ең жоғары рухани лəззат алуға мүмкіндік береді. Біз əр адамның адамгершілік, тұлғалық келбетін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан əр баланың сезім нəзіктігін, көркемдікті, əсем нəрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның əсемдік пен жексұрындықты, адамгершілік пен ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тəртібі мен мінезқұлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның əсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тəрбиелеу - тəрбие барысыда тұрақты зейін салуды, күн сайын талапты күшейтетін мəселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің ғана емес, сондай-ақ еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тəртіп, тұрмыс, табиғаттың да əсемдік жақтары да ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа деген бағамын анықтайды.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас əрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, əсемділікке ұмтылу тəн нəрсе. Ол əрдайым бойларында əсемдік құндылықтары бар қатар - құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-əрекеті тиімді жəне сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нəрсені оң қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да əсемдігі ашылады. Еңбек əсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-əрекет əсемділігіне сезімталдығын тəрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тəрбиелеудің экономикалық мəселелерге əрі тікелей, əрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани жəне материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Сонымен оқушылардың эстетикалық көзқарасын тəрбиелеу - дамыған əсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау жəне бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Эстетикалық көзқарасты тəрбиелеу оқушыны жан- жақты үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде, ең алдымен өзіне тəн қызмет атқарады. Ол іс-əрекеттің барлық түрлеріндегі əсемдік нышанын анықтап, оны оқушының əсемдікке көзқарасының даму, білім алу, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой-өрістілік сөйлеу, іс-əрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек ісəрекетінде еңбек мақсаттары жəне процесі, оның нəтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-əрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның, ынтасы мен тəртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-əрекеті барысында балаларға көзге көрінетін əлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тəрбиесі мəдениеті жəне гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тəн жəне жан сұлулығын таниды т. б. Оқушыны əсемдікке тəрбиелеудің, жан-жақты жəне үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызмет те бар. Əсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-əрекетінің белсенді жəне тиімді дем берушісі де болады.

Оқушы өнегелігінің əсемдігі, оның жан дүнисінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек əсемдігі, оның еңбегін тартымды етеді жəне еңбек іс-əрекетінің үрдісін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық əсемдігі адамдарды қоғамдық тəртіп жəне құқықтық əрекеттерін орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тəрбиелеу, əсемділік қасиеттері бар əртүрлі өмірдегі қатынастар мен əсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нəрсе ‒ оқу, қоғамдық жəне тұрмыстық еңбектің жаңа жүйе деңгейіне көтерліуі.

Эстетикалық көзқарасты тəрбиелеудің негізгі құралы ‒ өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып жəне осылар арқылы адам сезімі мен санасына əсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жəрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тəрбиелеу тəрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тəрбиесін, зерттелген құбылыстар əсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тəрбиелеу ‒ адамдардағы əсемдікті, еңбек мазмұны мен үрдісін танымай саналы тəртіп пен мінез құлықты тəрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ, əсемдікке көзқарасты тəрбиелеуді өмірден, белсенді іс-əрекеттен жəне мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Мектеп оқушыны əсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-əрекетінен, еңбек нəтижесінен көруді жəне лəззат алуды үйреніп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы əсемдікті жасау ынтасы мен талпынысын тəрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тəрбие ‒ табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан лəззат алу. Эстетикалық тəрбие адамды дүниедегі əдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды.

Эстетикалық тəрбиенің өзіне тəн міндеттері бар. Олардың бірі ‒ эстетикалық сезімді жəне эстетикалық қабылдауды тəрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі əдемілікті сезу жəне көру адамдарда əртүрлі болады. Біреулер əдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал, кейбіреулер оған онша мəн бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады, əдемілікті сезу үшін, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка жəне əн саласы бойынша əрбір адамда түсінік, білім болуы қажет. Білім адамды əдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру ‒ эстетикалық тəрбиенің тағы да бір міндеті. Əдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен əндегі дыбыстарды жəне өнер əдістері туралы білімді игеруі қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, пайымдай жəне бағалай алады.

Көркемдікке жəне сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным ‒ бұл өмірдегі, еңбектегі жəне табиғаттағы сыртқы əдемілік пен нағыз сұлулықтың аражігін ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мəселелердің бірі баланың эстетикалық белсенділігін тəрбиелеу. Ол əдемілікті сезіп жəне оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге кіріккен эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы жəне жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі əдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тəрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға баулу керек. Балалар əдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болады. Əртүрлі əдеби, музыкалық шығармалардағы іс-əрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

Эстетикалық тəрбиенің маңызы міндеті ‒ өнер жəне əдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын жəне бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін жəне қабілетін барынша анықтау керек.

Эстетикалық тəрбиенің негізгі құралдары - əдебиет жəне өнер. Олар зор идеялық тəрбиелік роль атқарады. Əдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі əсер етеді. Өнер жəне əдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды əртүрлі құралдар арқылы (əдебиетте - проза, поэзия; кескіндеме жанр, баталия, пейзаж; мүсінде - бюст, т. б; музыкада - симфония, оратория, əн енгізіледі) . Белгілі орыс суретшілері П. А. Федотовтың, В. Г. Перовтың, И. Е. Репиннің, В. В. Верещагиннің, И. И. Шишкиннің, И. Н. Левитанның жəне қазақ суретшілері Ə. Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың т. б. шығармашылығы биік талғам деңгейлікке көтерген бейнелеу өнері адамдардың тəрбиесіне үлкен ықпал етеді.

М. Горький, Н. А. Островский, А. А. Фадеев, М. А. Шолохов, М. Əуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, т. б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты жəне бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды үлкен ерліктерге рухтандырады.

Сонымен өнер жəне əдебиет шындықты түсінудің жəне танудың бірдең-бір құралы. Өнер мен əдебиет адам дамуынын жəне рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Əдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғаттағы бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық тұлға. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ жəне гулдер өсіру, мəдениет жəне демалыс орындарын безендіру ‒ бұл маңызы зор эстетикалық шаралар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері
Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы
Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері
Эстетикалық тәрбие теориясы
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Мектепке дейінгі ұйымда музыка сабағында қазіргі заманғы музыкалық технологияларды қолдана отырып, балалардың музыкалық қабілетін дамыту жолдары
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері
Балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz