Банктік тәуекелдің деңгейі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
тақырыбы: Компанияны несиелеу барысында банктік тәуекелдерді талдау және бағалау

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
1.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Банктік тәуекелдердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерде
тәуекелдерді басқару процесін талдау
2.1 Коммерциялық банктерде тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру ... ... ... ... ... .
2.2 Банк Каспийский Акционерлік Қоғамындағы тәуекелдерді басқару процесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Банк тәуекелдері мәселелері және оны шешу жолдары ... ... ...
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың шет елдік тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Тәуекелі жоғары аймақтағы қызметтер жетістіктерге жету үшін банктерге шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамыту керек. Олар банктерге тәуекелдердің қандай түрлері және қандай көлемде екенін бағалауға мүмкіндік беру қажет; күтілген табыстылықтың сәйкес тәуекелділікті ақтайтындығын анықтау. Осының негізінде тәуекел факторларының әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін шараларды құрастырып іске асыру қажет. Берілген мақсатты жүзеге асырудың әдісі болып банк басқармасына тәуекелділікті анықтауға, өлшеуге және бақылауға және сол арқылы оның әсерін минималдауға мүмкіндік беретін тәуекелді басқару жүйесін құрастыру болып саналады.
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.
Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.
Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген опрециясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.
Диссертация жұмысының негізгі мақсаты. Диссертация жұмысын жазу барысында мен келесідей мақсатқа жетуді көздедім. Банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылу мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылған болатын:
- банктік тәуекелдердің табиғаты мен пайда болу алғышарттарын, олардың теориялық негізін және басқарудың негізгі жолдарын зерттеу;
- шетел банктерінің тәжірибесінен банктік тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі олардың қолданылуына талдау жасау;
- Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің іс-әрекетінде кездесетін тәуекелдердің түрлерін анықтап, оларға талдау жасау және оларды бағалау мен басқару әдістерін анықтау.
Диссертация жұмысының негізгі объектісі - Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерде кездесетін тәуекелдер және олардың пайда болу ықтималдығы.
Диссертация жұмысын жазуда теориялық - методологиялық негіз ретінде шетел, Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалым-экономистерінің қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтау және оны бағалау әдістерінің мәселелері туралы ғылыми еңбектері мен монографиялары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік құжаттары қолданылды.
Жалпы банк қызметі өзінің табиғаты бойынша банк өнімдері түрлерінің қиындауына қарай тәуекелдер жүйесінің пайда болуымен ерекшеленеді. Банктік тәуекелдерді басқару - бұл күрделі мәселе, бұл тәуекелді бақылау, бағалау (өлшеу), сәйкестендіру күрделі процесі. Банктердің коммерциялық операцияларын жүзеге асыру кезінде тәуекелді басқару маңызды болып саналады.

1. Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
1.1 Банктік тәуекелдердің теориялық негіздері

Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын банк қызметтерінің түрлерінде банк табысқа ие болу үшін шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамытады. Банктер тәуекелдің мүмкін болатын деңгейін анықтап, оның табысты қандай дәрежеде ақтайтынын есептейді. Осының негізінде банк тәуекелдерді анықтауға өзгертуге, бақылауға, деңгейін төмендетуге байланысты іс-шараларды дайындап жүзеге асырады. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі төмендегі суретте көрсетілген элементтерден тұрады (сурет-1)1.

Нормативтер мен лимиттерді белгілеу
Нормативтер мен лимиттерді белгілеу
Активтерді және пассивтерді басқару
Активтерді және пассивтерді басқару
Ақпараттық аналитикалық қызмет
Ақпараттық аналитикалық қызмет
Тәуекелді басқару жүйесінің элементтері
Тәуекелді басқару жүйесінің элементтері

Қызметтер мен өнімдерге баға белгілеу
Қызметтер мен өнімдерге баға белгілеу

Жеке салаларға байланысты шешім қабылдау уақтысында уәкілділікті бөлу
Жеке салаларға байланысты шешім қабылдау уақтысында уәкілділікті бөлу

Қаржылық талдау мен ішкі басқармашылық есептің жүйесі
Қаржылық талдау мен ішкі басқармашылық есептің жүйесі

Мониторинг
Мониторинг

Құжат айналымына және есеп беруге байланысты талаптарды белгілеу
Құжат айналымына және есеп беруге байланысты талаптарды белгілеу
Аудит
Аудит
Несиелік саясатты жасау және жүзеге асыру
Несиелік саясатты жасау және жүзеге асыру

Қауіпсіздік қызметі
Қауіпсіздік қызметі

Сурет-1. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі
Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып келеді. Стратегиялық басқару мен жоспарлау болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар ресурстар мен мақсаттардың сәйкестігін қамтамыз етеді. Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың негізгі мақсаты - операциялардың көлемін, табыс деңгейін жоғарлату, акциялардың нарықтық құнын жоғарлату мақсатында банктік қызметтердің жаңа түрін енгізу.
Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады. Олардың ішінде жиі кездесетіндер:
- диверсификация;
- нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды алу;
- лимиттеу;
- өзін-өзі сақтандыру;
- хеджирлеу;
- сапаны басқару.
1) Диверсификациялау арқылы банктік операциялардың бір түріне байланысты тәуекелділікті жояды немесе төмендетеді. Банк өзінің портфелін төменде көрсетілген бағыттарға байланысты жиі диверсификациялау керек.
a)Тартылған қаражаттың диверсификациясы:
- мерзімі бойынша;
- тартылу түрлері бойынша (заңды тұлғалардың депозиттері, жеке тұлғалардың депозиттері, банк аралық несие, халық аралық қарыздар);
- тартылу көздері бойынша (сала, клиенттердің топтары бойынша);
b) қолданылатын құралдардың диверсификациясы: активтер портфелінде төлем құралдары көп болу керек;
c) қалыптастырылған портфельдің диверсификациясы:
- мерзімі бойынша: көбінесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді;
- қарыз алушылар бойынша: ссудалық портфельде қарыздың аз мөлшерде бірақ көп тұлғаларға берілуі керек.
2) Нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпараттарды алу практикада келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады:
- банктің клиенттері, банктің қауіпсіздік бөлімшесінің материалдары және мерзімді басылымдар бойынша ақпараттарды іздестіру;
- Блумберг, Телерейтер, Рейтер. Интернет сияқты маманданған фирмалардан электрондық және ақпараттық қызметтерді алу және аналитикалық агенттіктердің мерзімді басылымдарына жазылу;
3) Лимиттеу - банктік тәуекелдерді шектеу мақсатымен партнерлар, құралдар және көлемдері бойынша банктік операцияларды зерттеуді шектеу. Шектеудің келесідей көп тараған түрлері бар:
- әр контрпартнерлармен операциялар бойынша лимиттер;
- әр құрал, актив түрі, нақты бөлімше немесе дилерге лимиттер;
- бір қарыз алушыға минималды қарыз мөлшері;
- баланстан тыс міндеттемелердің минималды мөлшері;
- келесі күнге қалдыруға мүмкін ашық позицияның минималды мүмкін мөлшері;
- банктің әр бөлімшесі, әр құралы, әр позициясы бойынша пайда мен шығындар лимиті.
4) Өзін-өзі сақтандыру. Банктің ссуда бойынша үмітсіз қарыздарды есептен шығару және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрылтайшылардан қосымша алған құралдар немесе банктің пайдасынан құралған резервтік қоры болуы керек. Сақтандыру. Мейлінше, тәуекел деңгейі бар банк активтерінің барлық түрлері сақтандырылуы керек;
5) Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық позициялар кері мәмілелер арқылы хеджирлену керек;
6) Сапаны басқару - тәуекелді басқарудың қазіргі уақытқа ең көп қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан тәуекелдердің алдын алу болып табылады. Мұндай тәсілмен басқару үшін банкке маманданған қызметкерлер керек.
Несиелік тәуекелді басқару. Банк үшін несиелік тәуекелді басқарудың маңызы зор болып табылады. Несиелік тәуекел - негізгі қарызды және берілген қарыз бойынша есептелген проценттерді қайтармауға байланысты туындайтын тәуеклдің түрі. Несиелік тәуекелдің бірдей дәрежеде клиентке және банкке қатысы бар. Ол мынадай факторлармен байланысты туындауы мүмкін: кәсіби белсенділіктің төмендеуі, сұраныс деңгейінің төмендеуі, келеңсіз жағдайлар және тағы да басқа факторлар.
Банктердің несиелік тәуекелі негізінен екі тәуекелден тұрады: несиелік тәуекел және контрпартнер тәуекелі. Несиелік тәуекел несиені уақтылы емес немесе ішінара қайтаруға байланысты туындайды, ал контрпартнер тәуекелі контрпартнердың қаржылық жағдайының нашарлауымен немесе банкроттыққа ұшырауымен байланысты туындайды.
Несиелік тәуекел немесе негізгі соманың қайтарылмау тәуекелі келесідей өндірістік мәселелермен түсіндіріледі: өндірістің құлдырауы, өнімге деген сұраныстың төмендеуі және жеке өндіріс саласындағы кризистік жағдай.
Банктегі несиелік тәуекелдің деңгейі келесідей факторларға байланысты:
- Ұзақ мерзімді приоритеттердің болмауы немесе банктің несиелік саясатының жиі өзгеріп отыруы;
- Банктердің жаңадан пайда болған клиенттерінің арасында несиенің үлкен бөлігін орналастыруы;
- Жағымсыз конъюктуралық өзгерістермен сипатталатын географиялық аймақтар мен салалардағы банк клиенттерінің көп шоғырлануы;
- Қамтамасыз етілмеген несиелер, күмәнді несиелер, қаржылық жағдайы нашар клиенттерге берілген несиелердің үлес салмағының көп болуы;
- Нарықтың жаңа сегменттеріндегі банк іс-әрекетінің тығыздығы.
Әр банк өзінің несиелік саясатын жеке құрастырады. Сондықтан да, әр банкте несиелік процессті ұйымдастырудың, қарыз сомасы мен есептелген проценттерді өтеу ерекшеліктері бар. Банктің несиелік саясаты үш бөліктен тұрады: несиелеу туралы ұсынысты алдын ала талдау, несиелеу процесінде қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтау, несиенің қайтарылу процесі.
Потенциалды қарыз алушыны алдын ала талдау келесідей тексеру кезеңдерінен тұрады:
- Қарыз алушының әрекет қабілеттілігін тексеру. Әрекет қабілеттілігі мемлекеттік тіркеу құжаттарымен тексеріледі.
- Қарыз алушының репутациясын тексеру, яғни қарыз алушының партнерлармен және несие берушілермен кем дегенде бір жылдың ішіндегі қарым-қатынасын тексеру. Ол қаржылық есеп және банктің қауіпсіздік қызметінің материалдары негізінде жүргізіледі.
- Кәсіпорынның меншікті капиталының көлемі. Дамыған мемлекеттерде қарыз алушы жоспарланған инвестициялық жобаға өз капиталын белгілі деңгейде жұмсамаса, ешқандай банк мұндай жобаға қатыспайды. Көбінесе, меншікті қаражаттар мен тартылған қаражаттардың ара қатынасы 70% 30%-ға тең.
- Нарықтық конъюктураның жағдайы. Ұзақ мерзімді несиелендіру кезінде банк қарыз алушының конъюктурасын толығымен анықтау керек, яғни несие алушының өндіретін товарына нарықтағы сұраныс пен ұсыныс қатынасы.
- Міндетті түрде қарыз алушының негізгі қаржылық коэффиценттері анықталады және кепілдік объектісі бағаланады. Банк әрқашан кепілдіктің сапасын, өтімділігін, оның нарықтық бағасының несие көлеміне қатынасын реттеп отырады.
Несиелендіру процесінің екінші кезеңі клиент іс-әрекетінің тиімділігін периодты тексерумен сипатталады, яғни осыны тексеру арқылы банк клиенттің ағымдағы қаржылық жағдайын анықтайды. Клиенттің ағымдағы төлем қабілеттілігіне талдау жүргізу үшін келесідей ақпараттар керек:
- Жылдық, кварталдық және айлық қаржылық есептері;
- Товарлы материалдық қорлардың, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың құрылымдары немесе үлес салмағы;
- Қарыз алушының өндірген өнімінің өткізілу дәрежесіне талдау жасау;
- Қарыздың толығымен өтелуіне дейін қарыз алушының ақша қозғалысын талдау.
Үшінші кезеңде қарыз алушы несиені өтейді. Жоғарыда айтылып өткен кезеңдердің әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді.
Несиелік тәуекелді басқарудың тәжірибеде ең көп тараған тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Банк, клиент іс-әрекеті туралы статистикалық ақпараттарды талдау арқылы қарыз алушыға байланысты тәуекелдерді бағалау. Осы үшін коммерциялық банктерде тәуекелдің деңгейін талдау жұмыстарымен айналысатын және табыстарды басқаратын бөлімше құрылады;
- Қарыз алушының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелдерді бағалау;
- Қарыздың нақты сомасы мен қайтарылу мерзімін анықтау;
- Несиені сақтандыру;
- Қайтарылмаған қарыздарға байланысты арнайы резервтер құру;
- Тәуекел деңгейі жоғары болса, қарыз беруден бас тарту;
- Несиелік тәуекелді диверсификациялау;
- Несие беруге байланысты келісім шартты заңға сәйкес құрастыру.
Несиелік процесс кезінде қарыз алушының несие қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігін алдын ала талдау өте маңызды болып келеді. Бұл процессті тәжірибеде алты әдіспен зерттеуге болады. Олар:
- қаржыландыру бағытын талдау;
- несиені өтеу кезеңдерін талдау;
- тәуекелдерді талдау;
- менеджмент деңгейін талдау;
- қаржылық тұрақтылығын талдау: коэффиценттерді талдау және ақша қозғалысын талдау;
- кепілдіктің жеткіліктік дәрежесін талдау.
Несиелік тәуекелді бағалаудың қорытынды нәтижелері болып мыналар табылады - күтілген шығындар және күтілмеген шығындар. Несиелік тәуекелге байланысты күтілген шығындар құралған резервтердің негізінде орны толтырылады, ал күтілмеген шығындар банктің меншікті қаражаттарының есебінен орны толтырылады.
Несиелік тәуекел бойынша жеке бір операция бойынша күтілетін шығындардың сомасы мына формуламен есептеледі:
EL = CE*PD*SL, мұндағы
EL - күтілген шығындар;
CE - тәуекелмен байланысты сома;
PD - дефолттың ықтималдығы;
SL - дефолт кезіндегі шығындардың көлемі.
Несие беруге байланысты күтілмеген шығындар сомасы:
UEL = CE*SL
UEL - күтілмеген шығындар;
CE - тәуекелмен байланысты сома;
SL - дефолт болған жағдайдағы шығындар.
Әлемдік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалаудың екі негізгі әдісі бар. Олар жеке және бір бірімен қолдануы мүмкін:
- несиелік инспекторлар мен сараптаушылардың субъективті қорытындысы;
- автоматтандырылған скоринг жүйесі.
Скоринг математикалық немесе статистикалық модель болып табылады. Осы модель арқылы банк бұрынғы клиенттерге талдау жүргізудің негізінде потенциалды клиенттердің қарызды уақытында қайтару немесе қайтармау ықтималдығын есептейді.
Проценттік тәуекелдерді басқару. Проценттік тәуекелдер дегеніміз - тартылған қаражаттар бойынша төленетін проценттік ставканың орналастырылған активтер бойынша алынатын проценттік ставкалардан жоғарлап кетуге байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.
Жалпы қарастырсақ, банк ісінде көп қолданылатын пассивтер мен активтерді басқару түсінігі нарықтық конънктураның өзгеруіне байланысты активтер мен пассивтер бойынша проценттік ставкілерді басқару ұғымымен сипатталады. Банктердегі проценттік тәуекелдерге талдау жүргізу үшін активтер мен міндеттемелер өзгерісінің проценттік ставканың өзгерісіне тәуелділігін анықтап алу керек.
Проценттік тәуекелдерді басқарудың мынадай құралдар қолданылады:
- проценттік тәуекелдерді сақтандыру;
- несиені өзгермелі проценттік ставкамен беру;
- ФРА (Forvard Rate Agreement) операцияларын жүргізу.
Валюталық тәуекелдерді басқару. Валюталық тәуекелдер - әр түрлі бағам бойынша валютаны сату және сатып алу кезінде шығынға ұшырау. Бір валютаның басқа валютамен салыстырғандағы бағамы әр түрлі факторларға байланысты өзгереді. Ондай факторларға мыналар жатады: валютаның ішкі құны, спекуляция, бір мемлекеттен екінші мемлекетке ақша ағымы. Валюталық тәуекел ашық позиция жағдайында пайда болады.
Валюталық тәуекел әр банкте әр түрлі әдіспен басқарылады. Банктер тарапынан ең жиі қолданылатын әдістердің бірі валюталық операцияларға шек немесе лимит белгілеу болып табылады. Ондай лимиттерге мыналар жатады:
- шетел мемлекеттеріне байланысты лимиттер;
- клиенттермен жүргізілетін операциялар бойынша лимиттер;
- әр дилерге байланысты лимиттер;
- шығындарға байланысты лимиттер.
Өтімділік тәуекелін басқару. Өтімділік тәуекелі банк өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау барысында өтімді қаражаттардың жетіспеу мүмкіндігіне байланысты пайда болады. Өтімділік тәуекелі басқа банктік тәуекелдердің туындысы болып табылады, яғни несиелік, проценттік тәуекелдердің шамадан тыс жоғарлап кетуі өтімділік тәуекелінің жоғарлауына әсерін тигізеді.
Өтімділік тәуекелінің деңгейі пассивтер есебінен қаржыландырылатын өтімділігі жоқ активтер дәрежесімен сипатталады. Өтімділік тәуекелінің пайда болу көзі ретінде пассивтердің мерзімі мен активтер мерзімінің арасындағы айырманы қарастыруға болады, яғни банктердің ағымдағы инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін қажетті пассивтерді уақтылы тарта алмауы.
Дүниежүзілік тәжірибеде өтімділікті басқаруға байланысты бірнеше әдістер қалыптасқан. Өтімділікті басқарудың базалық әдісі ресурстарды активтер топтарының арасында бөлумен байланысты болып келеді. Ресурстарды бөлу мынадай екі әдіске байланысты жүргізіледі: "жалпы қор"әдісі және `банк ішіндегі банктер' әдісі.
"Жалпы қор" әдісінің мазмұны: ресурстардың қалыптасу көздеріне қарамастан пассивтер сомасын әр түрлі активтердің арасында бөлу. Банк белгілі бір активтік операцияны жүргізу кезінде осы әдіске сәйкес ресурстардың қалыптасу көздерін есепке алмайды. Бұл тәсіл өтімділіктің талаптарына жауап бермейді, сондықтан ол қарапайым немесе жай әдіс болып саналады.
"Банк ішіндегі банктер" әдісіне сәйкес банктер тарапынан пассивтерді бөлу барысында тартылған ресурстардың құрамына көңіл бөлінеді. Осылайша, мерзімсіз депозиттер ретінде тартылған қаражаттар қысқа мерзімді және өтімділігі жоғары активтерге орналастырылуы керек.
Өтімділік кризисі банктің банкроттыққа ұшырауына дейін пайда болады. Ол негізінен банктік тәуекелдерді басқарумен байланысты проблемалардан басталады. Өтімділік тәуекелін нашар басқару өтімділік кризисіне алып келеді. Сондықтан банк төменде көрсетілген шараларды қолдана отырып өтімділік тәуекелінің деңгейін төмендетуге тырысады:
- несиелік және проценттік тәуекелдерді тиімді басқару;
- өтімді активтердің жеткіліктігін қамтамасыз ету;
- баланстан тыс міндеттемелерді (кепіл, несиелік желі, овердрафт) жоспарлау және реттеу;
- қызметкерлер арасында банктің қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды құпияда сақтау;
- банктің кез-келген уақытта нарықтан қарыз алу үшін жоғары репутациясын сақтау немесе қалыптастыру.
Өтімді активтердің жеткіліктігін қамтамасыз етудің мынадай тәсілдері бар. Өтімділікті басқарудың дәстүрлі әдісі болып, белгілі бір активтер сомасын абсолютті өтімді түрде, яғни қолма-қол ақша түрінде сақтау. Бірақ бұл әдіс банк тарапынан жиі қолданыс таппайды, өйткені бұл жағдайда банк капиталының белгілі бір бөлігі жұмыс істемей, табыс деңгейі төмендейді. Өтімділікті басқарудың екінші әдісі филиалдар жүйесін ашу арқылы тез арада заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын қолма-қол ақша ретінде тартады. Өтімділікті басқарудың үшінші әдісі өтімді пассивтер құрылымын қалыптастыру, ал төртінші әдісі резервтік қаражат көздерін қалыптастыру болып табылады.

1.2 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері

Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез-келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез-келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты. Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланысты төмендегі сызбадан көруге болады (сурет-2). Бұл сызбада табыс пен тәуекел арасындағы байланыс бірнеше бөліктерге бөлінген және әр бір бөліктің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Егер де банк өз қызметін бірінші бөлікте ұйымдастырса, мұндай банктің табыс деңгейі өте төмен болады. Банк ұзақ мерзімде бұл бөлікте қызмет етсе үлкен проблемаларға жүгінеді. Бұл бөлікті жеткіліксіз табыс бөлігі деп атауға болады.

тәуекел

2

1 3

табыс

Сурет-2. Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланыс

Ал, екінші бөлікте қызметін ұйымдастыратын банк өзіне тәуекелділікті қабылдайды. Бірақ мұндай банктің жоғары табыс алу ықтималдығы төмендеп кетеді. Бұл бөлікті бекер тәуекелге бару бөлігі деп атауға болады.
Банк өз қызметін үшінші бөлікте ұйымдастыратын болса, өзін қажетті табыс деңгейімен қамтамасыз етеді және негізделген тәуекел деңгейін қабылдайды. Тәуекел мен табыс деңгейлерінің оптималды қатынасы осы бөлікте орнығады.
Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (сурет-3). Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады.
Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:
- Проценттік тәуекел - ағымдағы проценттік тәуекелдің өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
- Валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
- Инвестициялық тәуекел - қор нарығындағы өзгерістермен байланысты тәуекелдің түрі.

тәуекелдің пайда болу көздері
тәуекелдің пайда болу көздері

субъективті
субъективті
объективті
объективті

басқару тәуекелі
басқару тәуекелі
несиелік тәуекел
несиелік тәуекел
нарықтық
тәуекел

нарықтық
тәуекел

операциондық тәуекел
операциондық тәуекел
стратегиялық тәуекел
стратегиялық тәуекел

инвестициялық тәуекел
инвестициялық тәуекел
проценттік тәуекел
проценттік тәуекел
валюталық тәуекел
валюталық тәуекел

Сурет-3. Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері

2. Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел - контрагенттің өз міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына байланысты тәуекелді айтамыз.
3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:
- Оперативтік тәуекел - банктің кейбір функцияларымен байланысты тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілу дәрежесі, кадрлардың мамандану деңгейі, банктің өз қызметін жедел және нақты орындау қабілеті.
- Стратегиялық тәуекел - банк қызметінің дұрыс ұйымдаспауымен немесе жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар: шешім қабылдау үшін ақпараттық базаның жеткіліксіздігі, қаржы нарығының математикалық модельдерінің сапасының төмен болуы, болжау және жоспарлау әдістемелерінің толық еместігі.
Тәуекел дәңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады.
Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады:
- Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін жоғалтумен байланысты.
- Проценттік тәуекел нарықтағы процеттік ставканың ауытқуымен байланысты.
- Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты.
- Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы қағаздардың мүмкін болатын құнсыздануымен байланысты.
- Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
- Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейден ауытқуымен байланысты.
- Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе мәліметтерді электрондық өңдеу кезінде пайда болады.
- Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы болатын жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.
- Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.

1.3 Банктік тәуекелдердің жіктелуі

Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Ондай тәуекелдер пайда болу уақытысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерияларға байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.
Осылайша банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:
- коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
- банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;
- банк клиенттерінің құрамы;
- тәуекелділікті есептеу әдістері;
- банктік тәуекелдің деңгейі;
- тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
- тәуекелді есепке алу сипаты;
-банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.
- Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуге болады: маманданған, салалық және әмбебап (сурет-4).
Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.

Коммерциялық банктердің түрлері
Коммерциялық банктердің түрлері
маманданған

маманданған

салалық
салалық
әмбебап
әмбебап

Нарықтық:

Аймақтық;
Аймақаралық;
Трансұлттық.
Нарықтық:

Аймақтық;
Аймақаралық;
Трансұлттық.
Функционалдық:

биржа;
сақтандыру;
трасталық;
кооперативтік;
коммуналдық.
Функционалдық:

биржа;
сақтандыру;
трасталық;
кооперативтік;
коммуналдық.
Салалық:

ауылшаруа-шылық;
өндірістік;
құрылыстық.
Салалық:

ауылшаруа-шылық;
өндірістік;
құрылыстық.
Товарлық:

иновациялық;
инвестициялық;
ипотекалық;
депозиттік;
клирингтік.

Товарлық:

иновациялық;
инвестициялық;
ипотекалық;
депозиттік;
клирингтік.

Сурет-4. Коммерциялық банктердің мамандануына байланысты жіктелуі

- Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясы.
Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясына сәйкес ішкі және сыртқы деп екігі бөлінеді. Сыртқы тәуекелге банктің немесе клиенттің іс-әрекеттеріне тәуелді емес тәуекел жатады. Сыртқы тәуекелдің деңгейіне көп факторлар әсер етеді. Олар: саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, географиялық және тағы басқалары. Ішкі тәуекелге банктің және оның клиенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты пайда болатын тәуекелдерді жатқызуға болады. Ішкі тәуекелдерге мыналар жатады: банк басқармасы іс-әрекетінің белсенділігі, тиімді маркетингтік саясатты таңдауы және тағы басқа факторлар. Сыртқы тәуекелге мемлекеттік тәуекел, валюталық тәуекел, табиғи апаттар тәуекелі жатады, ал ішкі тәуекелдерге банк клиентінің құрамы, банктік операциялардың сипаты және коммерциялық банктердің түрлері жатқызылады (сурет-5).

ресурстық
ресурстық
реттеулік
реттеулік
сыртқы
сыртқы
ішкі
ішкі
экономикалық
экономикалық
саяси
саяси
Банктік тәуекелдер
Банктік тәуекелдер

Коммерция-
лық
банктердің
түрлері
Коммерция-
лық
банктердің
түрлері
Банктік операция-ларының сипаты
Банктік операция-ларының сипаты
Банк клиенттерінің құрамы
Банк клиенттерінің құрамы
Стихиялық апат тәуекелі
Стихиялық апат тәуекелі
Валюталықтәуекел
Валюталықтәуекел
Мемлекеттік тәуекел
Мемлекеттік тәуекел

әр түрлі салаға жатуы бойынша
әр түрлі салаға жатуы бойынша
коммерциялық
коммерциялық
Айырбасталмалық
тәуекелі
Айырбасталмалық
тәуекелі
Баланстық операциялар бойынша
Баланстық операциялар бойынша

трансляциялық
трансляциялық
Трансферт тәуекелі
Трансферт тәуекелі

Баланстан тыс операциялар бойынша
Баланстан тыс операциялар бойынша
Көлемі бойынша
Көлемі бойынша
Төлем мораториясының тәуекелі
Төлем мораториясының тәуекелі

Активтік операциялар бойынша
Активтік операциялар бойынша
Меншікке қатысы бойынша
Меншікке қатысы бойынша

Пассивтік операциялар бойынша
Пассивтік операциялар бойынша
өндірістік
өндірістік
Операция түрлерінің
тәуекелі
Операция түрлерінің
тәуекелі

несиелік
несиелік
Диверсификация тәуекелі
Диверсификация тәуекелі
Келеңсіз жағдай

Келеңсіз жағдай

портфельдік
портфельдік
Инфляция тәуекелі
Инфляция тәуекелі

қаржылық
қаржылық
өтімділік тәуекелі
өтімділік тәуекелі

жүйелік
жүйелік
Жүйелік емес
Жүйелік емес

факторинг
факторинг
лизинг
лизинг
несиелендіру
несиелендіру
клиринг
клиринг
бартер
бартер

Сурет-5. Банктік тәуекелдердің ықпал ету аясы

Ал, қазақстандық экономистер ішкі және сыртқы тәуекелдерді жоғарыдағы кестеге қарағанда біраз өзгеше топтастырған (сурет-6)1.

Банктік тәуекелдер
Банктік тәуекелдер


сыртқы
сыртқы
ішкі
ішкі

Ұйымдастыру
шылық
Ұйымдастыру
шылық
Басқарылатын
Басқарылатын
басқарылмайтын
басқарылмайтын
әкімшілік
әкімшілік
Қаржы
лық
Қаржы
лық

Сурет-6. Банктік тәуекелдер

Мұндағы негізгі ерекшелік сыртқы тәуекелдердің басқарылатын және басқарылмайтын деп екіге бөлуі болып табылады. Ал ішкі тәуекелдер әкімшілік, қаржылық және ұйымдастырушылық деп үшке бөлінген. Басқарылатын сыртқы тәуекелге клиенттік тәуекел, контрпартнерлық тәуекел жатады. Басқарылмайтын сыртқы тәуекелдерге саяси, экономикалық, сақтандыру, депозиттік, валюталық, инвестициялық, проценттік тәуекелдер жатады. Ал әкімшілік тәуекелдерге құрылымдық, басқару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық тәуекелдер жатады. Қаржылық тәуекелдерге қаржыландыру, өтімділік, диверсификациялық, табыстылықтың төмендеу тәуекелдері жатады. Ұйымдастырушылық тәуекелдерге ақпараттық, персоналдық, жаңа технологияларды қолданумен байланысты тәуекелдер жатады.
- Банк клиенттерінің құрамы. Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне байланысты тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады.

Банк клиенттерінің құрамы
Банк клиенттерінің құрамы

Салаға жатқызылуына байланысты
Салаға жатқызылуына байланысты
Көлеміне байланысты
Көлеміне байланысты
Меншігіне байланысты
Меншігіне байланысты

өндірістік
өндірістік
кіші
кіші
мемлекеттік
мемлекеттік

келеңсіз жағдай
келеңсіз жағдай
орта
орта
Жеке меншік
Жеке меншік

ресурстық
ресурстық
ірі
ірі
Акционерлік қоғамдар
Акционерлік қоғамдар

Сурет-7. Банк клиенттерінің құрамы

Кәсіпорынның көлеміне байланысты клиенттерді кіші, орта және ірі деп үш топқа бөлуге болады. Кіші және орта қарыз алушылар немесе клиенттер нарықтағы өзгерістерге тез бейімделеді. Олардың құрылымы өте қарапайым болып келеді, сондықтан мұндай кәсіпорындар жоғары табыс алу мақсатында кәсіби бағытын жедел өзгерте алады. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы аз болады, сондықтан олар саяси немесе экономикалық өзгерістерге, қатаң бәсекеге төтеп бере алмай банкроттыққа ұшырайды. Ал ірі кәсіпорындар керісінше, нарықтағы сұраныстың өзгеруіне өте жай бейімделеді және өздерінің кәсіби бағыттарын мүлдем өзгертпейді. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы үлкен болады, сондықтан олар нарықтағы жағымсыз экономикалық өзгерістерге төтеп бере алады.
Меншікке қатысына байланысты банктің клиенттері немесе кәсіпорындар мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік деп бөлінеді. Меншікке қатысына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын немесе несие берместен бұрын клиенттер портфелінің сапасын тексереді. Осылайша банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деңгейде ұстау үшін үнемі түрде клиенттер портфелінің сапасын тексере отырып нақты және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.
- Тәуекелді есептеу (талдау) әдістері. Тәуекелді талдау арқылы банк жобаға қатысу кезінде қаржылық шығындарды шектеуге тырысады. Тәуекелді талдау келесі кестедегідей жүргізіледі (сурет-8).1

Тәуекелдің нақты түрлерінің көбейюі немесе азаюына әсерін тигізетін ішкі және сыртқы факторларды анықтау
Тәуекелдің нақты түрлерінің көбейюі немесе азаюына әсерін тигізетін ішкі және сыртқы факторларды анықтау

Анықталған факторларға талдау жасау
Анықталған факторларға талдау жасау

Төмендегі екі әдісті қолдана отырып нақты тәуекелді анықтау
Төмендегі екі әдісті қолдана отырып нақты тәуекелді анықтау

Жобаға салынатын қаржылардың экономикалық тиімдігін анықтау
Жобаға салынатын қаржылардың экономикалық тиімдігін анықтау
Жобаның қаржылық тұрақтылығын анықтау
Жобаның қаржылық тұрақтылығын анықтау

Тәуекелдің минималды рұқсат етілетін деңгейін анықтау

Тәуекелдің минималды рұқсат етілетін деңгейін анықтау

Тәуекелдің алынған деңгейі бойынша жеке операцияларға талдау жасау
Тәуекелдің алынған деңгейі бойынша жеке операцияларға талдау жасау



Тәуекелді төмендетуге байланысты іс-шараларды анықтау
Тәуекелді төмендетуге байланысты іс-шараларды анықтау

Сурет-8. Тәуекелді талдау

Тәуекелді талдау кезінде бір бірімен тығыз байланысты екі әдісті қолдануға болады. Олар: сандық және сапалық. Сапалық талдау жеңілірек болып келеді. Оның негізгі мақсаттары - тәуекелдің факторларын, пайда болу кезеңдерін, пайда болуының мүмкін аймағын анықтау болып табылады. Тәуекелді анықтау жүйесі үш элементтен тұрады: тәуекелдің ұзақтығы, көлемі, ықтималдығы. Қазіргі уақытта тәуекелді сандық талдаудың жиі қолданылатын әдістері мыналар болып табылады: статистикалық, аналитикалық, сараптамалық және тағы басқалары.
- Банктік тәуекелдің деңгейі. Банктік тәуекелдің деңгейі оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Ол процент түрінде немесе коэффицент түрінде анықталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылдың үшінші шілдесінде бекіткен "Коммерциялық банктер үшін пруденциалды нормативтер туралы ережеге " сәйкес тәуекелдің деңгейіне байланысты банк активтері ірі бес топқа бөлінген. Бірінші топтағы активтерге кассадағы қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар, үкіметке берілген несие, Ұлттық Банкке берілген несие, Ұлттық Банктегі депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және тағы басқалары жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекелділік деңгейі 0-ге тең. Екінші топтағы активтерге жергілікті билік органдарының шығарған бағалы қағаздары, ЖАҚ "Қазақстан ипотекалық компаниясының" бағалы қағаздары. Бұл активтердің тәуекел деңгейі 0.2-ге тең. Үшінші топтағы активтерге аффинирленбеген бағалы металдар және тағы басқалары жатады және олардың тәуекелі 0.5-ке тең. Төртінші топтағы активтерге төлем бойынша есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдық қорлар жатады және бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең. Бесінші топқа әділеттік құны бойынша есептелетін инвестициялар, субординацияланған қарыз, лицензияланған программалық жабдықтау жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең.
- Тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру. Нарық жағдайында тәуекелдерді уақыт тұрғысынан үлестіру банк үшін маңызды элементтердің бірі болып келеді.

Уақыт тұрғысынан алғандағы тәуекел
Уақыт тұрғысынан алғандағы тәуекел

өткен
өткен
ағымдағы
ағымдағы
келешектегі
келешектегі

Сурет-9. Банктік тәуекелдерді уақыт тұрғысынан жіктеу.

Уақыт тұрғысынан қарастырсақ тәуекелдер ағымдағы, келешектегі және өткен деп үшке бөлінеді. Өткен тәуекелдерді талдау арқылы біз ағымдағы және болашақтағы тәуекелдердің деңгейін төмендете аламыз. Бұл үш кезендегі тәуекелдер бір бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, ағымдағы кезеңде несие берілсе, ол несиені қайтармауға байланысты шығындар келешекте көрініс табады. Сондықтан да банк үшін тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру маңызды болып келеді.
- Тәуекелді есепке алу сипаты. Есепке алу сипатына байланысты тәуекелдер баланстық және баланстан тыс, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекел деп бөлінеді.
- Банктік тәуекелдерді басқару мүмкіндігі. Басқару мүмкіндігіне байланысты тәуекелдер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық тәуекелдер реттелуге жатпайды, ал жабық тәуекелдерді реттеуге болады.

2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерде
тәуекелдерді басқару процесін талдау
2.1 Екінші деңгейлі банктердің бүгінгі таңдағы қаржылық жағдайы
Екінші деңгейлі банктердің жиынтық есеп-айырысу меншікті капитал мөлшері 2019 жылғы жағдайына байланысты 127,6 млрд. теңгені құрады. Осыдан, бірінші деңгейлі капитал 2020 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша 1085,6млрд. теңгеге дейін төмендеп, екінші деңгейлі капитал 307,9 млрд.теңгеге көбейді.
4-кесте. Меншікті капитал көрсеткіштері
Атауы
01.01.19. (млрд. теңге)
01.03.20 (млрд.теңге)
01.03.20** (млрд.теңге)
1-ші деңгейлі капитал
1525,0
-1085,6
1076,6
Жарғылық капитал
1017,7
1435,3
778,6
Қосымша капитал
4,9
4,5
4,5
2-ші деңгейлі капитал
501,2
307,9
307,9
Реттелген борыш
562,6
590,4
368,2
3-ші деңгейлі капитал
0,9
0,6
0,6
Банктердің инвестициялары
73,3
174,3
0
Барлық меншікті есеп айырысу капитал
1 953,9
-951,5*
1385,1
Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2020 жылдық есебі.
* есептелген меншікті капиталдың теріс мәні Форте Банк АҚ, Нурнбанк АҚ және Альфа Банк ЕҰ АҚ меншікті капиталының азаюымен байланысты.
** деректер Форте Банк АҚ, Нурнбанк АҚ және Альфа Банк ЕҰ АҚ есепке алусыз.
2020 жылғы 1 наурыздығы жағдай бойынша банктік сектордың меншікті капитал жеткіліктігінің көрсеткіштері к1 - -8,6 (0,06 нормативі бойынша) (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банкке - 0,05 нормативі), к2 - -12,1 (0,12 нормативі бойынша) (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банкке - 0,10 нормативі).

5-кесте. ҚР екінші деңгейлі банктерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері

Меншікті капитал жеткіліктілінің коэффициенті к1-1
01.01.19
01.03.20
01.03.20*
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к1-2

-11,6
11,9
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к2
14,9
-12,1
14,9
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к1-1
12,4
-8,6
19,2

Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2019-2020 жылдың мәліметтері.
* деректер Форте Банк АҚ, Нурнбанк АҚ және Альфа Банк ЕҰ АҚ есепке алусыз.
Жыл басынан бастап екінші деңгейдегі банктер активтері 187,9 млрд.теңгеге немесе 1,6%-ға көбейді, банктік займдар және кері РЕПО операциялары 83,0 млрд. ьеңгеге немесе 0,9%-ға азайды, резервтер (провизиялар) 51,7 млрд. теңгеге немесе 1,3% төмендеді.
2020 жылғы ақпан айында ЕДБ активтері 76,6 млрд.неңгеге немесе 0,7%-ға көбейді, банктік займдар және кері РЕПО операциялары 2,0 млрд. теңгеге азайды, резервтер (провизиялар) 36,7 млрд. теңгеге немесе 0,9 %-ға көбейді.

6-кесте. Банктік сектордың жиынтық активтерінің құрылымы және динамикасы

Банктік сектордың жиынтық активтерінің құрылымы және динамикасы
01.01.20.
01.03.20.
Өсу, (%-бен)

млрд. теңге
Қорытын-дыға
%-бен
млрд. теңге
Қорытын-дыға
%-бен

Қолма-қол ақшалар, тазартылған қымбат металлдар және корреспонденттік шоттар
1037,0
8,97
893,5
7,6
-13,8
Салымдар, басқа банктерде орналастырылған
1072,1
9,28
1153,7
9,8
7,6
Бағалы қағаздар
1779,7
15,40
2063,5
17,6
15,9
Банктік қарыздар және кері РЕПО операциялары
9638,9
83,40
9555,9
81,3
-0,9
Капиталға инвестициялар
290,6
2,51
294,1
2,5
1,2
Резервтер (провизиялар)
-4000,3
-34,61
-3948,6
-33,6
-1,3
Басқа активтер
1739,3
15,05
1733,1
14,8
-0,4
Барлық активтер
11557,3
100,0
11745,2
100,0
1,6

Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2019-2020 есебі.

Банктердің активтер құрылымында банктік заемдар және кері РЕПО операциялары (81,3%), қолма-қол ақшалар, тазартылған қымбат металлдар және корреспонденттік шоттардағы қалдықтар (7,6%), бағалы қағаздар портфелі (17,6%), басқа банктерде орналастырылған салымдар (9,8%) алады. 2020 жылдың басынан бастап банктік заемдар және кері РЕПО операциялары 83 млрд. теңгеге немесе -0,9%- ға төмендеді , қолма-қол ақшалар, тазартылған бағалы металлдар және корреспонденттік шоттардағы қалдықтар 143,5млрд. теңгеге немесе -13,8%-ға кеміді , бағалы қағаздар - 283,8 млрд. теңгеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі
Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Тәуекелдің деңгейі
Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
Несиелік тәуекел
Банктегі несиелік тәуекелділік. «Алматы сауда қаржы банкі» акцонерлік қоғамының несиелік қызметіне талдау
БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
Пәндер