Характер мен жағдайдың байланысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қожа АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ХАРАКТЕР ЖӘНЕ ЖАҒДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
Қазақ филологиясы кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. к., проф. м. а.
Г. Жылқыбай
___»2020__ж.
Дипломдық жұмыс
ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ХАРАКТЕР ЖӘНЕ ЖАҒДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ
мамандығы: 5В020500- Филология: қазақ филологиясы
Дипломшы Атабек Арслан
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
ф. ғ. к., доцент м. а Ә. Т. Толысбаева
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Характер мен жағдайдың байланысы
1. 1 Характер мен жағдай түрлерінің теориялық тұрғыдан негізделуі
1. 2. Характер мен жағдай түрлерінің теориялық тұрғыдан зерттелуі
2. Ж. Әбдірашов поэзиясындағы жағдай мен характер байланысы
2. 1. Ж. Әбдірашев поэзиясындағы характер мен жағдай байланысындағы типтер: анықтаушы, бағыттаушы, қалыптастырушы;
2. 2. характер мен жағдайдың байланысы;
2. 3. Ж. Әбдірашев поэзиясындағы жағдай мен характердің көркемдік-эстетикалық қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеу жұмысының нысаны болып отырған Жарасқан Әбдірашов поэзиясындағы характер мен жағдай мәселесі. Осы уақытқа дейін зерттеуші ғалымдар көбіне көркем прозадағы характер мен жағдай байланысын зерттеді. Қазақ жазушылары мен ақындардың қаламынан туған шығармалар осы тәуелсіздікке жеткенше түрлі тоқыраулар мен елдегі саяси қайшылықтарды, қоғамдағы жағдайдың күн сайын құбылуын , рухани дағдарыс пен ғасырлар тоғысындағы адам болмысының ішкі жан жүниесінің сан алуан өзгерісін бастан өткерді. Қоғамдағы осындай маңызды әлеуметтік мәселелерді әдебиетке көркем шығарма етіп әкеліп, характердің жан - жақты болмысын ашып, осы болмыс арқылы характер мен жағдай арасында көпір болатын шешім шығарып, характердің ішкі жан дүниесіндегі сырын алдияр оқырманына бүкпесіз ашу - ақынның парызы. Себебі, осы арқылы оқырманның эстетикалық талғамы қалыптасады. Ал, оқырманның талғамы жоғары болса, бұл қазақ поэзиясындағы тақырыптық - идеялардың ауқымын кеңейтуге жақсы ықпал етеді. Осындай шарттылықтардың негінде қазақ қоғамында, қазақ әдебиетінде «талғампаз оқырмандар» көбейді. Қазақ поэзиясының тәуелсіздік кезеңінде «дүниеге келген» өлеңдерден жаңа көркемдік ізденістер, әдебиеттегі жаңа бағыттар, тіпті жаңа эксперименттер де байқалады. Оқырманға ой тастайтын, оқырманды ойлантатын, көркемдік - эстетикалық қуаты күшті, жаңа, тың идеяларға толы өлеңдерді ғылыми айналымға қосудың реті де келді.
Шынайы өмірде характердің басынан кешіп жатқан тұрмыстық жағдайлары санаулы ғана адамның тағдырына байланысты болса, әдебиеттегі характердің басынан өтіп жатқан ұлттық, қоғамдық жағдайдың күші бүкіл адамзаттық жағдайды қамти алатын қуаты бар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі қазақ поэзиясындағы жағдай мен характер байланысы осы күнге дейін толық зерттелмеді. Өткен жиырмасыншы ғасырмен салыстырғанда, қазіргі қазақ поэзиясының өкілдері арасындағы шығармашылық, идеялық байланыс пен үндестік, интермәтінділік сияқты талдаулар өте аз. Сонымен қатар, бұл тақырып әдеби үдеріске қарасты әдеби-сын мақалаларда азды-көпті қарастырылып жүрген ғылыми мәселелердің бірі.
Зерттеу нысаны ретінде Жарасқан Әбдірашовтың шығармалары алынды.
Зерттеу пәні. Тәуелсіздік дәуір әдебиеті, қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазіргі қазақ поэзиясындағы характер мен жағдай арасындағы байланысу деңгейлері мен түрлерін ғылыми негіздемлерге сүйеніп айқындау. Осы мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді орындау алға қойылды:
- Жағдай мен характерге байланысты ғылыми - теориялық пікірлер мен көзқарастарды негізге ала отырып, бүгінгі қазақ әдебиетімен байланыстырып, жаңаша көзқарас қалыптастыру;
- Қазіргі қазақ поэзиясындағы характер мен жағдайдың байланысының типтік сипаттарын зерттеу;
- Қазіргі қазақ поэзиясындағы характер мен жағдайдың байланысу түрлерін анықтау;
- Өткен мен бүгін арасындағы өзгерістер, поэзияның әр кезеңдегі ерекшеліктерін салыстыру;
- Мінез бен жағдайды негізге ала отырып, қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығының сипатын ашу;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының ұлттық характер мен жағдайдың даму сипатын бағалау;
- Характер болмысындағы ұлттық менталитет пен ұлттық қасиеттеріміздің сипатын саралау;
- Характер табиғатын ашудағы ақынның көркемдік қуатын, өлеңдегі көркемдік қызметін талдау;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі қазақ поэзиясындағы характер мен жағдай арасындағы байланысты зерттеу алғаш рет қолға алынып отыр;
- Тәуелсіздік кезеңін ұлттық поэзиядағы характер мен жағдай арасындағы байланысу түрлері;
- Қазіргі поэзия жанрындағы характер мен жағдайдың көркемдік - эстетикалық қызметі;
- Ғылыми - теориялық мәселелерге байланысты жаңа көзқарас;
- Тәуелсіздік ақындарының шығармашылығындағы үндестік, ой жалғастығы, көркемдік ізденістер, эстетикалық ой өресі талданды.
Зерттеу әдістері. Диипломдық жұмысты жазу барысында тарихи- салыстырмалы, проблемалық, жүйелі және кешенді талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми-тәжірибелік мәні. Зерттеуде қазіргі қазақ ақындарының поэзиясындағы характер мен жағдай байланысы ғылыми тұрғыдан қарастырылған. Зерттеу барысындағы ой - тұжырымдар мен салыстыруларды, сонымен қатар зерттеу нәтижесін қазіргі қазақ әдебиетіне қатысты сабақтарға, арнайы курстарға пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу кіріспеден, негізгі екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ поэзиясы - еліміз егемендігін алған жылдарға дейін де, кейін де өз деңгейінде тоқтаусыз даму үдерісінде болды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ әдебиетінің даму қарқынындағы жанрлық - тақырыптық өзгерістерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан байқаймыз. Қоғамда болып жатқан әртүрлі жағдайлардың тарихи себептері мен олардың сол уақытқа тигізіп жатқан әсері тарих ғылымы үшін қаншалықты маңызды болса, әдебиеттану ғылымы үшін де өте маңызды екені сөзсіз. Мәселен, өткен жиырмасыншы ғасыр мен бүгінгі ғасыр арасындағы характер мен жағдай мәселесін салыстырып қарайтын болсақ, ол кезеңдегі поэзия мен бүгінгі поэзия арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Әрі зерделей қараған адамға байқалатын бір жайт: ұлттық поэзиямыздағы жаңа характер мен жаңа жағдайлардың пайда болуы. Жаңаны қайдан байқадық? Тарихқа көз жүгіртсек, сол кезеңдерде жазылған шығармаларда «өндірістік», «колхоздық ұйымдастыру» т. с. с тақырыптар қамтылса, бүгінгі поэзиядағы характер мен жағдай мүлдем жаңаша.
Кеңестік кезеңде жазушылар мен ақындардың шығармашылығы қоғамда болып жатқан жеке тұлғаларға әсер ететін жағдайларға байланысты шығарма ауқымын көлемді, эпикалық ауқымды алуға тырысатын еді. Революция, азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы, коллективтендіру сияқты саясаттың ұшқынын көреміз. Осыған байланысты, әдебиеттанудың белгілі бір кезеңдерінде ғалымдар характерді қоғамдық, әлеуметтік, ұлттық, топтық, таптық, кезеңдік тұрғыдан бөліп қарастырды. Алайда, мұндай жүйелеудің жетістігі де, кемшілігі де аз болған жоқ, талқыға да көп түсті.
«Характер автордың көркемдік-эстетикалық концепциясы», -дейді «Энциклопедиялық әдеби сөздікте» [8. 72. ] . Бұл пікірмен келіспеске де болмайды, себебі, дәл осы пікірмен психология, әлеуметтану, философия салалары осылайша зерттеп жүр. Мысалы, «Әдебиет теориясының негіздері» атты оқулықта «характер - әдеби типтің жеке көрінісі», - деп жазады. [9, 121. ] . Нақ осы пікірге байланысты бірнеше пікірлер айтылып, сынға алынғанымен бұл пікір осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Сонымен қатар, Қ. Жұмалиевтің, М. Қаратаевтың, З. Қабдоловтың характер хақындағы ой-тұжырымдарын теориялық негіз ретінде қабылдау да өз жемісін беруде.
«Әдеби энциклопедия сөздігінде» - «Характер» - (грек тілінен аударғанда «қолтаңба», «белгі», «ерекшелік») көркем әдебиеттегі жеке бір тұлғаның орнын анықтайтын, сол арқылы адамның мінез-құлқының тарихи-шартты типтері (әрекеті, ойы, күйініш - сүйініші ) ашылатын және авторға тән рухани-эстетикалық концепциясын айқындайтын адамның көркем образы»[10. 78. ] деп толығырақ тоқталған. Дәл осы пікір, жоғарыда берілген әлеументтану, психология, философия сияқты ғылым салаларының характерге беріп жүрген анықтамасынан, характердің осы әдеби белгісі басқа ғылымдардан өз айырмашылығын айқындайды. Әдебиеттегі характерді жасау барысында біз әдеби - көркемдік әдістерді, яғни «не» және «қалай жасалады» деген шарттылықтарды білуіміз және игеруіміз шарт. Шын мәнінде, әдеби мінездің, әдеби болмыстың эстетикалық мәнін анықтағымыз келсе, оның бойында психологиялық, философиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің болатынын ұмытпаған жөн. Байқағанымыздай, «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» [11. 98. ] характерге берілген анықтама сол кезеңдегі аталмыш ұғым төңірегіндегі әр түрлі көзқарастардан, ғылыми таластардан хабар беріп тұр. Бұл сөздікте әрбір ілімнің характерге байланысты зерттеу ауаны айқындалған, сонымен бірге әдеби характерді нақты адаммен тең сипатта қарауға болмайтындығы, оның шартты түрдегі көркем бейне екендігі нақты айтылған.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының қай кезеңінде болмасын, осы характерге байланысты зерттеулер мен пікірлер сан алуан, тіпті кереғар, қайшылықты пікірлер де жетерлік. Характерді бірде әдебиеттің белгілі бір қалыбына салса, бірде оның прозадағы типтік бейнелерін алға шығарды. Ал, бір кездері оның ойшылдық, сезімталдық, интуитивтік, рационалдық белгілеріне жетекші мән бергенін байқаймыз. Қай қалыпқа салып, қалай типке бөліп жатса да, зерттеулер арқылы айтылған пікірлердің басым бөлігінде характердің тұтас бір ғасырмен, бір дәуір, қоғаммен байланыстырып, сол характердің бойынан ұлттық характер, ұлттық эстетиканың белгілерін іздеу көптеп кездеседі. Қоғам өзгерген сайын, заман ауысқан сайын қоғамдағы характер де өзгеріп отырғанын шығармалардың өн бойынан байқаймыз. Бұлай деуімізге бірден - бір себеп: «Мінез - адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы»[12. 67. ] деп мінездің қоғаммен, ортамен байланысына баса көңіл бөлген З. Қабдоловтың аталмыш проблема төңірегінде қорытып айтқан пікірі. Осы пікірден кейін, «Мінезді өлеңде көрсету керек, өмірде емес», - деп жүрген ақындардың пікірін қуаттағың келеді. Алайда, сол қоғамда қалыптасқан мінез болмаса, өлеңге ол мінез қайдан келе қойсын?!
Қаншалықты пікір көп болса, соншалықты дау. Бәрінің илеп жүргені бір пұшпақ болғанымен, әркімнің илеу әдісі әртүрлі. Осы характер жайлы, қазақ ғылымынан бөлек, орыс әдебиетіндегі пікірге келсек, Бочаров С. Н. айтқан пікірді қуаттай аламыз. Оның пікірінше, «характер бейнелеу құралы емес, бірақ сол бейнелеу әдеби образдың бір қыры, әдеби мінез қашанда шындық өмірге, нақты тұлғаға қарағанда адамның сапалық өзгерістерін көркемдік дәрежеде шынайы бере алады» дейді. [13. 75]
Л. И. Тимофеев «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбегінде характер мәселесіне ерекше тоқталып, тұшымды пікірлер айтқан. Онда: «Характер таза психологиялық ұғым ретінде әлі күнге дейін қарастырылмай келеді. Ол заман талабын сай белгілі бір қалыпқа салынып келеді. Әдебиет тарихында характер бір - біріне мүлде ұқсамайды. Өйткені әрбір жазушы характер жасау кезінде өзі өмір сүріп отырған қоғамға тән мінезді ерекше назарға алуы мүмкін»[9. 65] . XX ғасыр әдебиетін зерттегенде осындай көзқарастарды білген дұрыс. Осы орайда, бүгінгі біздің ғалымдар пікірімен салыстырсақ, З. Ахметов айтқандай, «Ақынның поэзиядағы өз тұлға, бейнесi арқылы бiз оның өмiр сүрген заманды қалай танитынын, халықтың мүддесiн, арман-тiлегiн қалай түсiнетiнiн көремiз».
Әдебиеттану ғылымы басқа да ғылымдармен тығыз байланыста екенін ескерсек, біздің қарастырып, зерттеп отырған характеріміз де басқа ғылымдармен тығыз қарым - қатынаста. Әдеби характер өзіне тән эстетикалық болмысы арқылы философия, психология, әлеуметтану сияқты ғылым салаларының ауқымындағы характерлік мүмкіндіктерін шектемейді, қайта осылай өзінің зерттеу объектісіне қатысты жақтарын толық пайдаланады. Мысалы, адамның ішкі жан дүниесінде болып жататын әртүрлі психологиялық ерекшеліктерін қоғамда алатын әлеуметтік орны мен өзіндік дүниетанымын, философиялық тұғырнамасын анықтау әдебиеттану ғылымы үшін өте маңызды. Адам мінезін психологиялық жақтан зерттеуде Н. Д. Левитовтың «Вопросы психологии характера» атты еңбегі зерттеушілердің назарын аударып отыр. Ол өзінің аталмыш еңбегінде: «Адамға мінездеме беру- тұлғаның тек өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін көрсету яғни бір адамды басқалардан өзгешелейтін ерекшелігін табу. Тек сол ерекшеліктер ғана тұтас бір адамның мінезін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл ерекшеліктер сипаты бір жақты емес, қарама -қарсы болуы да мүмкін. Сонымен қатар характерде «жетекші» (доминанта) мінез қашанда болады» [14. 52] дейді. Дәл осы пікірді тарқатып, В. В. Фащенконың өмірдің түрлі сәттерінде қалыптасатын, өсіп - жетілетін характер адам концепциясын жасау барысында адам бойына тамырын жаятын жетекші оң қасиетті жоғары бағалайтын: «Көркем шығармадағы характер мәселесі адамның әртүрлі сәттердегі қалыптасқан мінез - құлқын автордың өмірдегі міндеті және өзгермелі заңдылықтарды меңгере отырып бейнелеу тұрғысынан ашылады» [15. 12] деген пікірін келтірсек болады.
Әдеби характер поэзияның өн бойындағы көркемдік жүйесімен тікелей байланысты. Әдебиет тарихында бір кезде «типтік жағдайдағы типтік характер» деген түсінік қалыптасқаны белгілі. Бұл ұғым характердің бойына сол дәуірге тән жиынтық белгілерді топтастырды. Өлеңнің толықтай идеясын ашуға ақынның ішкі әлемі толықтай бағынышты болады.
«Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта», - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев осыны айтса керек. Өлеңге келгенде, өлеңнің жазылуы мен оған берілетін анықтамаға келгенде, шынында, Абайдан асып кім айтар:
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы»
Ақынның өлеңінен - ақынның характері байқалады. Оның ішкі жан дүниесінің арпалысы мен ұлттық болмысы байқалып тұрады. Өлеңі - өмірбаянына айналған қаншама ақындар осының нәтижесі. Қасым
Аманжолов та «Өлеңім, өзіме тарт» деп бекер жырламаса керек. Л. И. Тимофеевтің: «Адам әлеуметтік және ұлттық тұрғыдан анықталған, тарихи негізделген, өмірге деген өзінің жеке көзқарасы, өз өміртанымы, өз тілі бар мінез» [9. 65] деуі де осы айтқанымызды қуаттап тұрғандай.
Өлеңнің өн бойынан өзі өмір сүріп отырған уақыттың, жағдайдың, ұлттық болмыстың, ортасының мінез - құлқы мең мұндалап көрінеді. «Жалпы біздің әдебиетімізде «ұлттық мінез» туралы жалған ұғым қалыптасқан. Көп жағдайда біздің ақындарымыз поэзиядағы ұлттық мінезді экзотикалық көрініс пен жылтырақ бояудан ғана іздестіріп жатады. Әйткенмен, нағыз ұлттық поэзия аясы тар, мұндай түсінікпен ешқашан да үзеңгі қағыстыра алмайды. Ұлтының жоғын түгендеп, «терлігі майдай еріген» (Махамбет) поэзияның ғана ұлы атануға хақысы бар. Ал ұлы поэзия - ең алдымен ұлттық болмысқа жақын тұрады», - дейді Арман Шеризат [16. 1] қазіргі тәуелсіздік поэзиясындағы ұлттық мінез жайлы.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деп хәкім Абай жырлағандай, туғаннан өлгенге дейінгі өмірдің бәрін өлең көрген ақындардың поэзиясындағы характер мәселесі қоғамдағы, объективті өмірдегі моральдық, рухани қысымдарға деген кеудесіндегі бұлқынып, жанартаудай атқылап жатқан қарсылықты көзқарастарын байқатады. Бұл мәселе осы күнге дейін талай ғалымның зерттеу нысанына айналғанымен, характер мен жағдай арасындағы байланыс әлі күнге толық зерттелмеген. Мысалы, көркем шығармадағы концепция характер мен жағдай арасындағы байланыс негізінде шығатынын ұлттық әдебиетімізде М. Әуезов, Н. Ғабдуллин, Р. Бердібаев, А. Нағыметов, Ш. Елеукенов, Б. Майтанов, Т. Есембеков, Е. Адаева сияқты ғалымдар жазса, ал орыс әдебиеттану ғылымында Л. И. Тимофеев, А. Н. Иезуитов, Д. Тамарченко, Е. Хализов, В. Петров, Д. Крамарска, Л. Лавров, Ю. Борев сияқты ғалымдар атап көрсеткен.
«Жағдай» сөз өнері ғылымында көп ретте көркемдік- эстетикалық ерекшелігі толық айқындала қоймаған әдеби категория. Табиғаты күрделі, қызметі сан қырлы ұғым. Көбіне жағдайды нақты қоғамдық ортамен ғана байланыстыру басым, оның көркем шығармадағы өзіне тән спецификасы идея, тартыс, орта сияқты негіздерге байланысты.
Жағдай ұғымы өмірде соншалықты жиі қолданылатындықтан, оның мағыналық ара-жігін ажырату да күрделі болып отыр. Өйткені жағдай ұғымының астарына қоғамдық жағдай, əлеуметтік жағдай, психологиялық жағдай, тұрмыстық, тарихи-философиялық жағдай деген ұғымдар біте қайнасып кеткен. Аталмыш ұғым туралы философиядағы«табиғат заңдарын білгеннен кейін адамдар өз іс-əрекетіне қолайлы жағдайлар жасап, қолайсыздарын жояды. Жағдай құбылыстар мен процестерге ықпал жасай отырып, өзі де солардың ықпалына ұшырайды. Мəселен, адамдардың материалдық жəне рухани өмірінің белгілі бір жағдайында пайда болған қандай да болмасын жағдайдың өзін одан əрі түбірімен өзгертеді» делінген пікірге назар аударуға болады.
Қазақ әдеебиетінде көркем прозасы қандай өзгерістерді басынан кешсе, қазақ әдебиеті де дәл сол өзгерісті басынан өткерді. Себебі, қоғамдағы жағдай жиі ауысып отырды. Ауыспағанда ше? Кешегі ауыл, кешегі өндіріс, соғыс . . . қоғамдағы барлық жағдай өзгерді. Ғылыми - техникалық даму, қала мен ауыл, адам мен қоғам, тұлға мен табиғат, адам мен ғылым, кеше мен бүгін, ұлттық және қоғами сана арасындағы жаңа қатынастар . . . осының барлығы дерлік поэзияда болсын, көркем шығармада болсын ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әдебиет айдынанда жетекші тақырыптарға айналды. Дөнегеленген дүниенің тоқтамауы, уақыттың жылдамдығы, заманның құбылуы, дүниетанымның түрленуім мен тосын жағдайлардың барлығы әдеби көркемдік әдіске түрленген бағыт әкелгенімен, ақындардың отты, шабытты жырларынан ескіні аңсау, өткенді сағыну да көптеп байқалады. Тәуелсіздік ақындарға басқа шығармашылық нысан ұсынғанымен, ақыт ағысы, замана түрленуі, дүниетаным құбылысы тосын көркемдік мақсат - мүдде, басқа шығармашылық нысана ұсынғанымен, таяқтың екінші ұшы тосын жағдайлар туындатуда. Мысалы, ғалым А. Иезуитов:«Жағдай дегеніміз - адамның сезімдері, ойы, іс- әрекетімен бірге өзі өмір сүріп отырған ортаның барлық саяси, экономикалық, экологиялық сипаттарын өз бойына сіңірген тарихи ортасы»[17. 32] деп мәселені нақты тарихи көзқарас тұрғысынан қарастырған.
Әрине, қоғам өзгерді, жағдай өзгерді десек те әдебиетте, жалпы өмірде ешқашан өзгермейтін, өлмейтін «мәңгілік тақырыптар» бар. Өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, күн мен түн, жалғыздық деген сияқты жағдай тудыратын өмірдің зандылықтары керісінше қоғамдағы жағдайларды одан сайын нақтылап, тұмшаламай, адамдарға ненің қалай, қашан, неге, не үшін әсер ететінін өмір таразысына салып, таразылап отырды. Қоғамдағы кейбір түйткілді жағдайлар, қарама - қайшылықтар, дұрыстың бұрысқа айналып кетуі шығармашылықта жүрген ақын - жазушыларға ой салып, қанаттарын қомдата түсті. Себебі, В. Г. Белинский айтқандай: «Бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір - поэзия дүниесі, осы құбылыстарға құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар - поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні»
Характер мен жағдайдың ара қатынасын гармониялық түрде бейнелеу мәселесі осыған дейін де қарастырылған . Әдебиеттің бір кезеңдерінде, әсіресе көркем шығармада ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлер болған. Олар ұнамды деген кейіпкердің жолын ақ, күнәсіз періште, бар жақсыны бойына жиған керемет адам етіп, ұнамсыз, сынайтын кейіпкеріне бар жамандықты төндіріп, зұлымдықтың тағына отырғызды. Осы бір кезеңнің өзі, шығармалардың өзі бір дәурен, жағдайдың өзгергендігінің көрінісі емес пе? Қазір бұл шығрамаларды сыншы да оқырман да керісінше, үстірт жазылған, кейіпкерді толық танымаған, өмір иірімдерін толық бермеген деп таниды. Бұл туралы пікірді М. Әуезовтен асырып айта алмаспыз: «Жазушы неге нашар жазады? Мұның себебі біреу ғана емес. Ең әуелі өмірді нашар білу бар. Жазам деген ортадан сыртқары тұрып жазуға болмайды. Өзің таңдап алған материалды сүю ғана емес, барлық шетін, нәзік жайларына дейін түгелімен қиялдап та іштен кеміру шарт. Таңдап алған ортасын және тиісті байланысты жайларын сүйіп сезінген көңілге ғана шыншыл, терең, сенімді суреттер сай келеді» [18. 96] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz