Мектеп жасындағы балалардың тәрбиесіне қатысты мәселелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Ислам діні бойынша мектеп жасындағы балалардың тәрбиесі

1. Мектеп жасындағы балалардың тәрбиесіне қатысты мәселелер

1. 1. Тәрбиенің мәні мен маңызы

1. 2. Мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері

(педагогикалық- психологиялық талдау)

1. 2. 1. еуропа, ресей

1. 2. 2. отандык галымдар

1. 2. 3. Мұсылман әлемінде қалыптасқан жас ерекшелік категориялары

2. Ислам діні бойынша мектеп жасындағы балалардың тәрбиесіне қатысты мәселелер

2. 1. Пайгамбар сас кезиндеги тәрбие

2. 2. Халифаттар кезіндегі тәрбие

2. 3. Мұсылман отбасындағы бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар

1. Мектеп жасындағы балалардың тәрбиесіне қатысты мәселелер

1. 1. Тәрбиенің мәні мен маңызы

Ақпарат ағыны толассыз дамыған заманда ғаламдануға бет бұрған бүгінгі қазақ халқының мақсаты - жаһандану процесіндегі өзінің ұлттық құндылықтары мен дін педагогикасы дәстүрлерін ұштастыру, ғылым-білім пәндерін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында діни құндылықтарды да өркендету. Бұл бүгінгі мәдени-әлеуметтік ортадағы жеткіншектердің дәстүрлі дінге деген құндылық бағдарын қалыптастыруды, ата-бабалар тәжірибесін меңгертуді міндет етеді.

Бүгінгі таңда жасөспірімдерге көпсалалы ұлттық мектептерде халықтың дәстүрлі дінімен тығыз байланыста тәрбие беруге зор үміт артылып отыр.

Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектептерінің көшірмесі еді, ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы тәрбиесіне зияны тиді.

Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік-әміршілдік әдіске негізделген тәрбие кезінде жеке адам елеусіз қалды, оның өзіндік мүмкіндігіне, өмірлік мақсатына мән бермеушілік және оның еріктілік негізінде дамуына тежеу салушылық орын алды. Жас ұрпақ ата тарихындағы дәстүрлі дін тәрбиесінен, ана тілінен, төл мәдениетінен қол үзді. Сондықтан да бүгінгі таңда, отарлау мен бодандықтың бұғауынан азат етілген ерікті қоғамда, тәуелсіз және құқылық мемлекет құру кезеңінде қазақ халық педагогикасындағы дін тәрбиесінің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңартудың қажеттігі туып отыр.

Қазақтың дәстүрлі дін тәрбиесіндегі тәжірибесін бүгінгі таңдағы жеткіншектер тәрбиесінің негізіне алу - халық педагогикасының мүддесі, әрі талабы. Жеткіншектердің әлеуметтік ортадағы сан салалы қарым-қатынасы мен іс-әрекетін ұйымдастыру барысында халықтық тәжірибе мен ізгі қасиеттерді оның бойына дарыту қашаннан игі мақсат болып келеді.

Демек, тәрбие - жалпы адамзаттық құндылықтар мен халықтың ғасырлар бойы жинақталған, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Және дін - осы тәрбиенің негізгі бөлшегі болып табылады.

Атақты неміс философы Гегель: «Тәрбиенің мақсаты - жақсы азамат өсіру» деген тұжырымға келсе, Джон Девид «тәрбиенің мақсатын адамдардың адамгершілікке қол жеткізуі» деп пайымдайды. Атақты тәпсірші Байзауи болса: «Тәрбие - бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» - деп түсіндірген. Яғни, ислам дініндегі тәрбиенің мақсаты - адамды кәміл адам ету, ақиқатқа, нағыз әділдікке, шын бақытқа жеткізу болып табылады. Бұл туралы «Бақара» сүресі 201-аятында “Ей, Раббымыз, бізді бұл дүниеде де және ахиретте де жақсылықтарға бөле және тозақтың азабынан сақтай гөр!” делінеді.

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестіруге болады.

1. Раба-ярбу - көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда «Рум» сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған.

2. Раба-ярби - пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.

3. Раба-яруббу - реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. [1] . «Раб» сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын «Аллаһ» сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында «раб» сөзі тұрады. [2] .

«Раб» сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады. Тәрбие сөзінің «әдеп» сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді. /3/.

Асылында, тәрбие - өз алдына мақсат емес, себеп болып есептеледі. Кейбір ата-ана балаларын өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді, кейбірі білімдар болуы үшін тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет ететін асыл азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені алуан түрлі мақсаттарда қолданып келді. Сондықтан «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген мәтелді негізгі қағидаға айналдырып, осыны бетперде тұтқан. Сол себепті тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі түрде берілгенін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде ең құрметті адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ренессанс дәуірінде тәрбиенің мақсаты - адамдыққа қол жеткізу болса, ХVІІ ғасырда ғалымдарды көбейту тәрбиенің басты мақсатына айналды.

Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі орныңды біле аласың, дүниенің кетігін тауып, кірпіші боп қалана аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Қазақтың ұлттық санасында біздің ата-бабамыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дәл тауып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғанын көре аламыз. Неге десеңіз, атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен, тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала». Міне, мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастырылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Ұлттық тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.

1. 2. Мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері

(Педагогикалық-психологиялық талдау)

Адамның діни дүниетанымының қалыптасуына әсер ететін субъективті факторларының бірі - тұлғалық дамудың өзіндік ерекшеліктері болып табылады. Жас ерекшелік психологиясы тұрғысынан тәрбие мәселесін қарастыратын болсақ, жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшеліктері көп жағдайда дамудың әлеуметтік жағдайының ерекшелігімен байланысты. Оның мәні - қазір қоғам жастардың алдына жеке басы және кәсіби тұрғыда өзін-өзі айқындауды жүзеге асыруда табанды болуды міндеттейді, сондай-ақ өмірлік маңызды міндеттер қояды. Айта кететіні, өткен ғасырда бұл міндет отбасы және мектеп төңірегінде шешілсе, бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезінде ата-ана мен мұғалім баланың көзінде авторитетті бола алмай отыр. Индивидтің тұлғалық өзін-өзі анықтауы, өмірінің тұтастай жоспарын (сценарийін) құру, өзін болашаққа жобалау мәселесіне ата-ана мен мектеп ұстаздары бағытталса да, жастарға заманауи көмек көрсету мәселесі ақсаңдап тұр. Л. И. Божович болашаққа деген көзқарасты, өмірлік жоспарлар мен перспективаларды құруды жастар өмірінің аффективті орталығы деп санады. Көптеген жас ғалымдар мұны өзіндік сананың қарқынды дамуымен байланыстырады. Жас кезінде қайталанбас жеке тұлға ретінде паш ету - қоғамдағы әлеуметтік желінің ашылуымен, дамуымен тығыз байланысты. Өзін-өзі талдау, рефлексия процесінде өзіне бағытталған сұрақтар индивидтің әлеуметтік-адамгершілік немесе жеке өзін-өзі анықтаудың элементі бола отырып, дүниетанымдық сипатқа ие. [3] .

Мектеп жасындағы балалар өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Бұл кезеңдегі балалардың бірден-бір ерекшелігі - ой-өрісі тар болып келеді және лексиконында сөздік қоры да аз, сабақ оқуға қарағанда ойын ойнағанды жақсы көреді. Ал жоғарыда айтып өткенімдей, жаһандануға сәйкес келетін күнделікті өзгеріп отыратын қоғам талаптары, ауқымдар кеңейіп келеді. Еліміздің өркендеп өсуі үшін біз өскелең ұрпақ тәрбиесіне жауаптымыз. Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның қарыштап дамуы да, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті ел болу да ұрпақ тәрбиесі мен білімділігінің ең жоғары дәрежеде болуын талап етеді, ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығын көзге көрсетеді. Бұл орайда, баланың денсаулығына да мән бермеу мүмкін емес. Ал адам денсаулығының мықты болуы оның психологиялық дұрыс дамуымен тікелей байланысты болып келеді.

Мектеп жасындағы жас балалардың әр түрлі физикалық сипаттамалары бар. Сол себепті оны назарда ұстау ата-ана мен мұғалімнің үнемі ақылында болу керек. Толық жетілмегендіктен бала психикасына көп көңіл бөлуі қажет. Жүйке-жүйесінің даму жүйесі 7 жастағы балада 1250 грамм әлі жетілмеген ми болып табылады. Осы жаста баланың танымдық процесі тұрақсыз болып келеді. Оларда сабаққа белсенділік әлсіз. Олар - алаңдағыш, жылдам назарын өзгеге аударғыш келеді. Сондықтан тәрбие беру процесі көбіне - ойын түрінде өткені абзал.

1. 2. 1. Отандық ғалымдар

Қазіргі уақытта отандық және шетелдік ғылымда отбасын зерттеу объектісі болып табылатын көптеген зерттеулер бар. Бала тәрбиесін, ата-ана мен бала қарым-қатынасын зерттеуші отандық педагогтар мен психологтардың еңбектерінде есею кезеңіндегі жасөспірім мен ата-ана арасындағы конфликт, бала ата-ананы эмоциялық жағдайларына сәйкес талғайтыны, қарым-қатынастағы жас ерекшелігі жайлы, ата-ананың махаббаты мен ата-ананың бала өміріндегі жекелей рөлі жайлы жазылған. Сондай-ақ, әке мен шешенің баламен қатынас орнатуындағы нақты ерекшеліктерін бөліп көрсеткен.

Отандық зерттеушілердің ішінен А. Ш. Таңірбергенова өз зерттеулерінде оқу іс - әрекетінің негізгі саласы еңбек процесі нәтижелі болуы үшін қажетті білімді, дағдыны жүйелі түрде игеру қажет екені анықталған. Оқу іс-әрекеті арқылы балаға қоғамда ғасырлар бойы жинақтаған білімнің асыл мұра тәжірбиелері беріледі. Оқу материалдары мен ақпараттарды қабылдау бала психологиясына зор ықпалын тигізеді. Себебі ұғынуы өте қиын болғандықтан, оқу әрекетінің өзіне тән бір түрткілері болады. Тәрбиелеу мен оқытуда мұғалім осы бір ниеттерді білу керек. Бұл кезеңде балалардың білім алуға, жаңаны білуге деген мотивациясы жоғары деңгейде болады. [4] .

Мектеп жасындағы баланың психологиясы тек жас ерекшеліктерімен ғана емес оның әлеуметтік ортасына, отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне және қабілеттеріне тікелей тәуелді болады.

Қазақ ғалымы, профессор М. Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» кітабында баланың жас кезеңдерге бөлудің өзін екі түрлі жағдаятта бөліп қарастырды:

І. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын қезеңдерге бөлу:

1. Туғаннан 1 жасқа дейін - нəресте жас кезеңі. Оның ішінде: а) бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін) ; б) еңбектеу жасы (7-12 ай) .

2. 1-ден 3 жасқа дейін - бөбектер жасы.

3. 3-тен 7-ге дейін - сəби жасы.

4. 8-ден 11 жасқа дейін - періште жасы.

5. 12-ден 15 жасқа дейін - бозбала (қызбала) .

6. 15 жастан бастап - үлкендер жасы.

ІІ. Қазіргі кезде ғылыми тұрғыдан балалар психологиясының дамуын кезеңдерге топтастыру:

1. Туғаннан 1 жасқа дейін - нəресте жасы.

2. 1-ден 3 жасқа дейін - алғашқы балалық шақ немесе бөбек жасы.

3. 3-тен 7-ге дейін - мектепке дейінгі жас.

4. 7-ден 11-ге дейін - бастауыш мектеп жасы.

5. 11-16 жас аралығы - ортаншы кластағылар немесе жеткіншектер.

6. 16-18 жас аралығы - аға кластар немесе ересектер жасы. [7]

Зерттеу жұмысымда тек мектеп жасындағы балалардың тәрбие процесін қарастырып жатқандықтан, тек осы кезең туралы жазбасын ұсынуды жөн көрдім. Яғни, 7 жас пен 17 жас аралығын бұрынғы қазақ еліндегі топтастыруға байланысты былай сипаттайды:

8-ден 11 жасқа дейін - періште жасы. Психикалық жəне физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда, қазіргі ғылыми тұрғысынан (1-1, 5) жыл алда келетінін, елде мəдениет таралмай тұрған кезде əбден жақсы білінді. Қыздар шешесіне көмек көрсетуге тиіс болса, ұл балалар үй-ішінен сыртқы жұмыстарға жегілді. Демек, осы жастағылар игілікті өндірілуге қатыстырылды. Дегенмен бұл жас əлі кішкентай болып есептелінді. Мəселен, біреудің үйіне қонақтар келсе, осы жастағы балалар солармен дастарқан басына отырғызылмайтын, тек шешесімен бірге ғана ас ішетін.

12 жастан 15 жасқа дейін - бозбала (қыз бала) кезеңі. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың едəуір есейіп қалған кезі. Мұны мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін. Ұлдарды үлкендермен бірге табақтас ететін, киген киімі де өткен жастағыдай емес, үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға (аң аулау, т. б. ) қосылатын.

15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын. [8] .

Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кездегі бала өзінің ісін, яғни, қашан мектепке баратынын, қай кезде үйленетінін немесе қыздар ұзатылатынын толық орындады деген сөз емес. Таңдау еркі болды. Алайда, бұл мағұлматтар баланың хронологиялық жасымен бірге əлеуметтік жасының кездескенін де көрсетеді. Өкініштісі сол, осы кезеңдегілердің ішінен бірен-сараны болмаса, (онда да үстем тапқа жататындардың балалары) қарапайым халықтың балалары оқи алмады. Дегенмен, олар өздерінің білімін, ақыл-ойын тіптен дамытпады дей де алмаймыз. Себебі, балалар кіші жасынан 5-6 жасынан туған-туысқандарымен бірге жұмыс істеп, сөйтіп үлкендерге еліктеу арқылы өзінің білімін, еңбек дағдыларын дамытты. Сондай-ақ, жасөспірім жасқа жеткен ұл не қыз бала түрлі жиындарға, ойынсауықтарға баратын болған. Мысалы, айтыс кезінде кім қандай деректер келтірілгенін тыңдап, кейін өлең шығаруға, сөзді тауып айтудың айналасына ұмтылып, ораторлық қабілетін дамыта бастайтын-ды. Демек, оқымаған адам ешнəрсе білмейді деу қате пікір.

Ал ғылыми тұрғыдан баланың психикасының даму кезеңдерін топтастырған кезде:

7-ден 11-ге дейін - бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дəрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды. 11-16 - орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялдары кеңінен өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайтындықтан, осы жас кезеңі ерекше сипатталады. Жеткіншек - балалық кез бен ересек жасының шекарасы болып есептелінеді. [8] .

М. Қ Бапаева өзінің «Даму психологиясы» атты оқулық еңбегінде қазіргі кезде студенттерге дəріс беруде қолданып жүрген жас шақтарының атауларын көрсетеді:

1. Туғаннан 60 күнге дейін - нəрестелер.

2. 2 айдан 12 айға дейін - бөбектер.

3. 1-ден 3 жасқа дейін - сəбилер.

4. 3-тен 6-7 жасқа дейін - кішкентай балалар немесе ілік мектепшілер.

5. 6-7-ден 10-11 жасқа дейін кіші мектепшілер немесе жеткіншектер; ұландар; ересек балалар.

6. 10-11-ден 15-16 жасқа дейінгілер - ортаншы мектепшілер немесе жасөспірімдер.

7. 15-16-дан 17-18 жасқа дейінгілер - а) жоғары мектепшілер немесе ержеткен ұлдар, бозбалалар, ə) бойжетіп қалған қыздар. Бұл кезең - жастық шақтың алғашкы кезеңі немесе балаң жастық шақ деп аталады.

8. 18 бен 22-23 арасындағы шақ - жастық шақтың 2-кезеңі - есейген жастар, студенттік шақ.

9. 23-тен 30-35-ке дейін -толысқан (кемелденген) жастық шақ.

Жоғарыда айтылғандай, адамның жас шақтарын жіктеп жүйелеу жəне олардың əр кезеңіне лайықты қазақша атаулары əлі күнге дейін бір ізге түсіп қалыптаспаған. [8] .

1. 2. 2. Әлемдік ғалымдар

Қазіргі уақытта отандық және шетелдік ғылымда отбасын зерттеу объектісі болып табылатын көптеген зерттеулер көп екенін жоғарыда айтып өттім. Маргарет Маллер, Джон Боулби, А. Я. Варга, А. И. Захаров, А. И. Кабанова, А. Г. Лидерс, Т. В. Якимова, Е. О. Смирнова, А. С. Спиваковская Б. Г. Ананьев, В. Н. Мясищев сияқты атақты педагог-психолог ғалымдарының еңбектерінде ата-ана мен бала қарым-қатынасының әртүрлі бағыттары: баланың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері; ата-ана мен бала қатынасының дамуы; баланың жеке басының қалыптасуы; отбасыдағы қарым-қатынастың сипаты және соған байланысты баланың жеке басының ерекшеліктеріне әсері қарастырылады.

А. Р. Лурия, Д. Б. Эльконин өз еңбектерінде баланың психикалық дамуы ата-анасына деген эмоционалды байланыспен және олармен ынтымақтастықтың ерекшеліктерімен анықталатынын көрсетті. С. Л. Рубинштейн, И. Божович, В. Н. Мясищев сияқты совет заманындағы ғалымдар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты отбасының әлеуметтік-психологиялық жағдайын көрсететін көрсеткіш ретінде таниды. Л. И. Маленкова, В. Н. Ярош, Е. П. Арнаутова сияқты бірқатар психолог, педагогтардың жұмыстары отбасы тәрбиесінің тиімділігіне әсер ететін себептерді зерттеуге арналған. В. И. Гарбузова, А. И. Захарова философ, ғалымдардың зерттеулерінде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың үйлесімсіздігі баланың психикасының бұзылуын анықтайтын негізгі фактор екенін атап өтті.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде “отбасының әлеуметтік-психологиялық жағдайының өзгеруі, күнделікті қарым-қатынас практикасындағы өзгерістердің нәтижесінде отбасылық құндылықтарының біршама жоғалу нәтижесінде және уақыттың аздығы атап өтіледі. Себебі жеке және қоғамдық өмірдің шекаралары жойылуы; отбасылық дәстүрлердің жоғалуы; ата-аналардың өз балаларының болашағына деген үрей-наразылығы және т. б., осының барлығы балалардың жеке дамуына, олардың психологиялық саулығына және олардың ата-аналарға және жалпы отбасына қарым қатынасы тікелей көрініс табады” [6]

Ата-ана мен бала қарым-қатынасы - ата-ана мен баланың бір-біріне әртүрлі деңгейде әсер ететін, бір-біріне қарама-қайшы келетін спецификалық, қоғамдық-психологиялық байланысынан тұратын, эмоционалдық маңызы өте мықты күрделі құрылым.

Баланың дамуы кезеңдерін, ата-ана мен бала қарым-қатынасы мәселелерін американдық психоаналитик, даму психологиясын зерттеуші психолог Э. Эриксон қарастырды. Ол аталмыш қарым-қатынасты тұлға дамуындағы ең маңызды бағыт деп көрсетті. Баланың даму кезеңінде ересектер тарапынан продуктивті, генеративті түрде көрсетілген көмек есейгенде бір қазықта қадалып, тұлғалық деградацияға ұшырауына қарсы тұрады. Осылайша, қартайған шақта ұрпағының, немерелерінің, шәкірттерінің жетістігін көру - адамға кемелдік (самореализация) сезімін сыйлайды[17] .

Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері:

Ерте нəрестелік - туғаннан 1 жасқа дейін;

Кеш нəрестелік - 1 жастан 3 жасқа дейін;

Ерте балалық шақ - 3-5 жас шамасы;

Орта балалық шақ - 5-тен 11 жасқа дейін;

Жыныстық жетілу, жасөспірімдік жəне жастық шақ - 11-ден 20 жасқа дейін;

Ерте ересектік - 20 жастан 40-45 жасқа дейін;

Орта ересектік - 40-45 жастан - 60 жасқа дейін;

Кеш ересектік - 60 жастан ары қарай.

Жас ерекшелік жиіліктерінің мөлшері мен олардың салыстырмалы сипаттамаларының бөлшектену мөлшері біртіндеп ұлғайып отырды.

Ғалым баланың дамуы мен тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін де зерттеді. Әкелік махаббат пен ана махаббатының ерекшеліктерін жекелей талдап, ата-ана мен бала қарым-қатынасын "екеуара интенция" ретінде атап көрсетті. Оның ішінде ата-ананың балаға қамқорлығымен қатар, толықтай сенім артуы қажеттігін, сондай-ақ, бала ата-анасының бұйрығын жеке инициативасына сәйкес орындайтынын қамтыған[19] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Баланы тәрбиелеп оқыту барысындағы ата- аналармен жұмыс бағыттары
Педагоикадағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Отбасылық тәрбие
Жас ұрпақтың тәрбиесiне терең үңiлетiн уақыт келдi
Бастауыш сынып баланың ерекшелігі және оның дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz