Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
Мазмұны
Кіріспе
І Өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
1.4 CМУ-Шығыс ЖШС-нің өндіріс тиімділігін талдау
ІІ СМУ-Шығыс ЖШС-нің жалпы сипаттамасы
2.1СМУ-Шығыс ЖШС-нің техникалық-экономикалық сипаттамасы
2.2СМУ-Шығыс ЖШС-нің өндіріс тиімділігін экономикалық талдау
2.3СМУ-Шығыс ЖШС-нің өндірістік тиімділігін арттыру жолдары
ІІІИнновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі
3.1СМУ-Шығыс ЖШС-нің өндірістік тиімділігін жоғарылату шаралары
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер 62
Кіріспе
Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз.[1]
Бүгінде еліміздің алдында жаңа, өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. ҚР Президенті үстіміздегі жылдың 1-ші наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап берді.[2] Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, қызмет етіп отыр.
Ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық "секірістерге" негізделген елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай "секіріс" сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс екендігін атап көрсетті.
Кәсіпкерлікті, экономиканы әртараптандыру мен инвестициялар тартуды белсенді ету мақсатында туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ, мәшина жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы секілді 7 басым кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстар басталды. Таяудағы уақытта елде іскерлік ортаны жетілдіру және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар қабылдау жоспарланған.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары даму қажет. Инвестициялардың өндіруші секторларға ағылуы жалғасты. Осының нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп, машина жасау химия өнеркәсібі және басқа да салалар өнімдері нарық талаптарына сәйкес емес болып, оларда өткізу мәселесі шиеленісіп, не мүлдем өнім өндірілмей өнеркәсіп салалары терең дағдарысқа түсті. Міне осылар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі салаларында, біріншіден, өндеріс құлдырауының ең жоғарғы көрсеткіштері, екіншіден, жинақ үшін қор жетіспеушілігі, үшіншіден, ескірген өндірістік құрал - жабдықтар мен машиналарды алмастыру үшін мүмкіндіктердің және инвестициялық ынталандырудың болмауы байқалуда. Көптеген кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің төмендігі олардың шаруашылық қызмет нәтижелеріне, олармен байланысы бар басқа да субьектілер нәтижелеріне кері әсерін тигізді.
Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы - ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.
Осы мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы. [3]
Диплом жұмысының мақсаты - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:
Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін қарастыру;
Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың көрсеткіштерін талдау;
Жалпы Қазақстан Республикасындағы кірпіш пен кірпіш өнімдерін шығару нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;
СМУ-Шығыс ЖШС - ның технико - экономикалық сипаттамасын беру және өндірістік тиімділігін талдау;
Қазақстан Республикасын кірпіш пен кірпіш өнімдерін шығару нарығының дамуын қолдау мүмкіндіктерін және СМУ-Шығыс ЖШС - ның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі - Зайсан ауданында орналасқан СМУ-Шығыс ЖШС-гі. Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін отандық кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін талдау, бағалау және арттыру бойынша еліміздің және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары мерзімді баспа сөздегі мәліметтер мен ақпараттар, арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар нормативтік құқықтық актілер мен ҚР Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары кірпіш шығару мен айналысатын СМУ-Шығыс жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
1 Өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы). Даму деген - шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.[5]
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.
Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.
Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда - ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипаттайды. К. Маркс былай деген "уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда" 7. Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі - жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.
Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз - ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі [8]. Ал М.Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі - бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория 9.
А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз - қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н.Уоол, Л.Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік - ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім өндіру);
- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі) 10.
Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік - жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы 11. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі - кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді.
Сонымен қатар, өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді - ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта. Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді 14. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді 15.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
өнім көбейеді, шығындар азаяды;
өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным - экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет. Алайда, экономикалық әдебиетте еңбекке ынталандыру мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде экономикалық мүддерлер, қажеттілік, ынталандыру, материалдық ынталандыру, уәж, уәжділік сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, ынталандыру категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз. Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, еңбекке ынталандыру дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы. Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория.
Экономикалық ынталандыру - адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қамтиды.
Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің жиынтығы.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс.
Бұлар:
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі жұмыскерлердің іскерлік қабілетімен біліктілігін арттыру;
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі - бой көтере бастаған және ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады.
Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру.
Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады.
Ол мақсаттың орындалуы әр - түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.

Өндіріс тиімділігін басқару - оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларның мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар 13. Олар келесілер:
- ҒТП - тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік мәдениет және т.б. жатқызамыз. Ішкі факторлар негізі және негізі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жатады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы, шаруашылық, қаржы және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет саналады.
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адама қызмет, іс-пайдалыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызмет, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгіме дегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа су т.б игіліктер туралы сөз болуы керек.
Адамзат баласы өз басынан әр түрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сипаттайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.
Өндіріс -- бұл коғамның дамуы мен омір сүруі үшім қажеті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.Өндіріс ұғымы жалпы қоғмда -- бұл абстракцля, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәмінде жалпыламаны мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығың құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралмдары -өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс бойышпа) жүзеге асуы мүмкіи. Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшішнісі өндіріс процесінін заттық факторы ретінде жүзегс асады.Осы жағдайды ескере отырыл, К.Маркс былай жазған: "Қоғамдык өндіріс түрлері (нысандары) кандайда болмасын -- жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып калады".
Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен кызмет көрсетуінде колданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс- әрекетте болуы кажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамыың табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.
Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен кажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым жәнет.б. нәрселер. Еңбек құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылатын өндіріс факторлары:
еңбек;
капитал;
жер;
Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емесе. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды., еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытт, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.
Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы деген ұғымдарға да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы - белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейлерлі тізбекті жұмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылыығн арттыруға болады. Ғылыми-техникалық революция революция жағдайда , өндірісті кешенді механизациялау және автамнттандыру мен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды, есесіне ой-ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін. Еңбектің мамандық дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлау кететін уақыт көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс істей алаты, өздігнен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс күні бойынша еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін өзін қажетті өнімдерді өндіруге жұмсайды. Бұл уақыт ішінде жұмсалған еңбек қажетті еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай көлемде өнім өндірумен шекиелсе, қоғам одан әрі дами алмаған болар еді. өндіріс ұдай өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан тыс еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған еңбек-қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және қосымша болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.
Капитал -өндіріс факторы: өндірістің келесі бір факторы кпитал. Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтид, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономиканың класиктерінен тарған. А. Самит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, прокат стандары, өндірістік үйлер т. б. Жатады. кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы деген еңбегінде, капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған,-деп жазды.
Маркстік саяси экономикасының маңызды категорясы ретінде капитал қоғамының бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын құбылыс ретінде сипатталады, яғни капитал капиталистер мен жұмысшылардың қосымша құнды өндірумен байланысты қатынасын, әрі оны бөлумен байланысты таптар арасындағы қатынастарды қамтиды. Маркс капиталдың жалпы формуласын шығарды. Ақша-тауар - ақша осыған орай ол капитал мәңгі қозғалыста болады. Деген қорытындыға келді. Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз иеменденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен өндірілетін қосымша құн болып табылады. Сырт қарағанда капитал мынадай нақты нысандарда орын алады: өндіріс құрал-жабдықтары -өндіргіш капитал нысанда ақша-ақшалай, тауарлар-тауарлы капитал болады дегенді айтпайды, олар белгілі бір өндірістік қатынастар құрамында ған капитал деген көзқарас әр қилы, алайда олардың бір мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін қабілеті тұрғысынан капитал меншікпен үндеседі.
Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп кпиталы деп аталады. өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылық бөлінген ақша өндірістік объектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалды. өнеркәсіп капиталының өндіріс объектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп айтады. Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады. Да өндірілген өнімге бірден көшеді.
Негізгі капиталдық қызмет етумен байланысты физикалық және моралдық тозу орын алады. Физикалық тозу процесі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сипаттайды. Негізгі капиталдың физикалық тозуына көптеген факторлар әсер етеді. Олар ең алдымен машина мен жабдықтарды пайдалану ұзақтығы мен қарқындылығы, негізгі капиталды пайдаланатын өндіріс технологиясының құрылымы, атмосфералық ықпал, материалдың өз бойындағы болып жатқан ішкі процестер. Негізгі капиталды пайдалану ұзақтығы мен физикалық тозу дәрежесінің арасында тікелей пропорцияялы тәуелділік бар, машиналар мен жабдықтарды пайдалану уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады.
Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа, оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алды. Негізгі капиталдың моральдық тозуы оең әуелі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты. Моральдық жағынан тозған жабдықтар экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өнімсіз сондай-ақ онымен өндірілген өнімдердің бәсеке қабілеті де төмен болады. Моральдық тозған, ескірген жабдықтарды, құралдарды жаңарту белгілі бір бағдарламаға сай жүргізіледі, ол негізгі капиталға деген үлкен шығындарды қажет етеді. Осымен байланысты өндірісті техникалық жаңартуға жұмсалған күрделі қаржының үлесі ұлғаяды. Дамыған елдерде өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалған қаражат бүкіл күрделі қаржаның 60-80 процентін құрайды.
Заттай және моральдық жағынан тозған, ескірген құралдарға кеткен шығындар амортизациялық жарна арқылы өтеліп оырады. (негізгі капитал құнының бір бөлігінің жыл сайын шығарылатын өнімге ауысуы). Амортизациялық жарна сомасының негізгі капитал құнына процентпен шаққанда қатынасы амортизация нормасы деп аталады. Ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқынмен,негізгі капиталдың моральдық тез тозуымен байланысты мемлекет заңды жолымен амортизация нормасын көтеріп отырады. Мемелекеттің бұл әрекеті жабдықтардың құнын шығарылатын өнімдерге тез ауыстырып, моральдық ескірген, уақыт талабына сай келмейтін құрал-жабдықтарлан құтылуға бағытталған амортизацияны тездету саясаты деп аталады. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында негізгі капиталдың моральдық тозған бөлігін қалпына келтіру қаражаты осы амортизацияны тездету есебін ен түседі. Амортизацияны тездету пайдадан көптеген соманы амортизация қорына аударуға мүмкіндік береді. Мұның тағы бір ұтымды жері, амортизация қорына бөлінетін пайда салықтан босатылады.
Өндірістің кең көлемде жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының бір бөлігін өзінің тұтынуына емес, өндірісті қаржыландыруға жұмсауы міндетті. Пайданың бір бөлігін үстеме капитал ретінде пайдалануды капиталдың қорлануы деп атайды. Ол тек жеке капиталдың ғана емес, бүкіл қоғамдық капиталдың өсуін сипаттайды. Капиталдың өсуінің тағы бір жолы- оның орталықтануы, бұл фирмалардың бірін-бірі қосып алуы немесе жойып жіберуі нәтижелерінде мүмкін болады. Капиталдың орталықтануынан экономикада қызмет етуші капиталдың жалпы көлемі өзгермейді.
Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Ақша капиталы жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жұмсалады. (А-Т). Өндіріс процесінде (Ө) сатып алған факторлар өзара әрекет етеді және жаңа өнім өндіреді. Рынокта осы өнімдерді сатып (Т1-А1), кәсіпкер алдын ала жұмсаған капиталын қайтарып алады. Капиталдың біртіндеп алғашқы жұмсалуы, өндірісте пайдалануы, өндірген өнімдерді сату және капиталдың алғашқы нысанға қайтып оралуы капиталдың ауыспалы айналысы деп аталады. өнеркәсіп капиталының бүкіл ауыспалы айналымы мына формуламен сипатталады.
Өндірістің үшінші факторы - жер бұл фактордың мәнін қалай түсінуге болады? Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуға пайдаланылатын игіліктер капиталға жатады. ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игіліктер жерге жатады. жердің маңызды бір сипаты оның ауданының шектелулілігінде. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, оны сол сияқты өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Белгілі жер учаскесін пайдалану әуел бастан адамның қолынан келер істің бәрі. әр уақытта есте болатын жәйт, жер ұғымы ең кең мағынада қолданылады. Ол белгілі өлшемде табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылық, ол жердің өзі, су ресурстары немес қазбалы кендерге бай учаскелер қажет, құрылыс үшін құрғақ жердің бір бөлігін пайдалану (мұнда талғамды табиғат емес, адам анықтайды). Алайда жер туралы әңгіме, ең алдымен оны ауыл шаруашылығында пайдаланумен байлансты болады. Фермер үшін жер белгілі бір ауыл шаруыашылығы дақылдарын өсурідің құралы. Жердің механикалық және химиялық қасиеттері бойынша жер жұмасқ, бірақ суды өте еркін өткізе бермейтін болуы шарт, сондай-ақ тығыз, батпақты болмауы да маңызды, өйткені ондай жер өсімдік өсіруге жарамсыздау болады. Жердің құрамында өсімдіктер өз бойына жеңіл сіңіретін органикалық емес элементтер керекті мөлшерде болуы керек. Адам механикалық өңдеуді пайдаланып, органикалық және химиялық тыңайтқыштарды енгізе отырп, белгілі бір көлемде жер қыртысының сапасын өзгерте алады. Сонымен жердің қасиетін екіге бөлуге болады, табиғи және табиғи емес, яки жасанды. Алайда учаскенің орналасуы, табиғи климат жағдайын қамтитын қасиет ең бастысы, өйткені осы қасиет жер меншігі мен рента теориясына ерекше маңызды сипат береді.
Әрине, адам белгілі бір дәрежеде жер құнарлығына ықпал етеді, алайда ол шексіз емес. Ерте ме, кеш пе жерге жұмсалған үстеме қаржы қысқарады. Міне, енді жерге байланыст, жер құнарлығының кеми беруі дейтін заңға тоқталуға тура келеді. Бұл заң тиімділіктің төмендеу үрдісінің белгілі бір уақытта агротехниканы жетілдірумен байланысты тежеліп тоқтауы да мүмкін. Алайда жер өнімдеріне сұраныс шексіз өсетін болса, тиімділіктің төмендеу үрдісін тоқтату да мүмкін болмайды. Құнарлылықтың кеми беру үрдісі заңын тек жерге пайдалануға болады, өйткені оның өндірісінің басқа факторларынан айрықша қасиеті-шектеулілігі. Жерді интенсивті түрде өңдеуге болады, алайда өңдейтін жер көлемін ұлғайтуға болмайды, себебі өңдеуге жарамды жер көлемі өзгермейді, ол шексіз емес. Құнарлылықтың кеми беру заңы табиғат сыйлаған жердің басқа да жағына тарал ма? Көмір өндіретін шахтаны мысалыға келтірейік. Шын мәнінде адам уақыт өткен сайын қазбалы байлықты өндірумен байланысты маңызды проблемаларға кезіге береді. Шахталарда бірдей дәрежеде үздіксіз еңбек пен капитал жұмысан қарамастан көмір өндірудің азайып отаырғанның байқау қиын емес. Алайда жерді ауыл шаруашылығында пайдалану бір әңгіме, одан ауыл шаруашылық өнімдері ретінде түсер тиімділік қайталанған табыс, ал шахтада өндірілетін көмір басқа әңгіме.
Өндіріс факторларын қарастырып болғаннан кейін, өндірістің өзара әрекет ететін факторлары ретінде өндіріс процесіннің өзін талдауға кіреісеміз өнімдерді өндірумен байланысты проблемалар үш дәрежеге бөлінеді.
Кәсіпкерлердің алдында белгілі бір кәсіпорында белгіленген көлемдегі өнімді қалай өндіру керек деген мәселе тұруы мүмкін. Бұл мәселе өндірс шығындарын қысқа мерзіиге азайтумен байланысты.
Кәсіпкер белгілі бір кәсіпорында көп мөлшерде пайда әкелетін, өнім өндіретін оптималды (тиімді) өндірістің мәселесін шешуі мүмкін. бұл пайданы қысқа мерзімге көп мөлшерде алумен байланысты мәселе.
Кәсепкердің алдында кәсіпорынның оптималды шамасын анықтау міндеті тұруы мүмкін. бұл ұзақ мерзімді көп мөлшерде пайда табу мәселесі.
Өнім өндіру үшін өндірістің барлық факторларының өзара әрекеті қажет, олардың жеке дара өнім өндіруге де, пайда табуға да қабілеті жоқ екендігі даусыз. Өндіріс процесінде оның факторлары өзара байланысты әрекет етеді, кей жағдайда бірін-бірі толықтырырады., алмастырады.
Нақты өндіріс жағдайында кәсіпкерді әрдайым толғандыратын мәселе-өндіріс процесінде белгіленген өндіріс факторларымен өндірілетін өнімнің саны мен сапасы. Техника мен еңбек өнімділігінің белгілі бір даму кезеңінде белгіленген өндіріс фактрларының қуатымен өнім өндірудің максималды шамасына жетуі мүмкін
Бұл ондірістің екі факторының өзара байланысын сипаттайтын өндірістік функцияның қарапайым мысалы. Өндірітік функңия деп отырғанымыз өндіріс факторларының жинтық шығындары мен максималды өнім өндіруде өзара 6айланысын сипаттайтын техникалық арақатынас.
Өндірістік фукнция деп отыратынымыз өніріс факторларының жиынтық шығындары мен максимальды өнім өндіруде өзара байланысын сипаттайтын техникалық арақатынас. Математикалық белгілермен былайша нықтауға болады.
Өндіріс функциясының мән маңызы альтернативті (бірдей) мүмкіндіктің барлығына әр қилы өндіріс факторларының үйлесімділігі. өндірістің әр қилы факторлары орын алатындықтан, олардың оптималды арақатынасын қамтамасыз ету мүмкіндігі де бар. өндірістік функция өндіріс факторларының бір-бірімен алмасу мүмкіндігі болатындығын көсетеді.
Өндіріс факторларының өзара алмаса алатындығы жаңа классикалық талдаудың фундаменталды. Тұжырымдамасы болып табылады. Классикалық мектептің теоретиктері тауар өндірісіне бір ғана технологияны қолдануға болады, ал өндіріс бір ғана технологияны қолдануға болады, ал өндіріс факторларының бір-бірін алмастыруы мүлде орын алмайды деп көрсетті.
Өндірістің өзге факторлары өзгеріссіз қалып, тек бір ғана факторының ұлғаюы есебінен алынатын қосымша өнім, осы фактордың шектеулі енімі деп аталады Шектеулі өнім тұжырымдамасы өндіріс шығындарын азайту проблемасын шешуге көмектеседі. Біздің мысалдан фабрикадағы тоқымашы мен станок арасындағы оптималды үйлесімділікті қалай табуға болады? Ол үшін еңбектің шектеулі өнімінің физикалық көлемін, еңбектің бағасымен, ал станоктыц шектеулі өнімінің физикалық көлемін станоктың бағасымен салыстыру қажет. Өндірістің бір факторын екіншісімен мақсатты алмастыруды, өндіріс факторларының шектеулі өнімінің физикалық көлемі, осы фактордың бағасына пропорционалды орнағанға дейін жүргізу керек.
Өндіріс процесіңде құн көлемі қалай өседі екен? К. Маркстің пікірі бойынша, рыноктан тауар сатып алып, оны тұтыну -- еңбектің заттануы. Олай болса, құнның өндірілгені. Мұндай тауар жұмыс күші болғаны. Жұмыс күші -- адамның еңбекке қабілеттілігі. Адамның бойындағы дене күші мен рухани қабілетінің жиынтығы. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі.
Қосымша құн ерекше тауар -- жұмыс күшін тұтыну процесінен туындайды, олай болатыны өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс күшінен артық құн мөлшерін өндіреді. Жұмыс күшінің тұтынуы құнының мәні де осында. Жұмыс күші -- тауар құны жұмысшының физикалық және мәдени талғамдарын қанағаттавдыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Жұмыс күшінің құнына бұдан басқа білім алу мен мамандықты игеру, сондай-ақ отбасын сақтап, дамыту үшін шығындар кіреді.
Қосымша өнімнің шеттетілуі меншік кез келген нысанында орын алатындықтан, ол қоғамдық шаруашылықтың объективті қажеттілігі болып табылады. Олай болса қанаушылық шеттетілудің белгілі бір дәрежесіне, қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығына байланысты. Қосымша құн бірнеше негізгі бөліктерге бөлшектенеді. Біріншіден, қосымша құн қор жинауға кетеді: екіншіден, салық жүйесі арқылы қосымша құнның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке түседі, үшіншіден, қалған бөлігі жеке тұтынуға кетеді. Қосымша құнның тек соңғы бөлігі ғана қанаушылық белгісінің ауқымы мен дәрежесін анықтай алады. Осының өзінде де бір ескерер жәйт: қосымша құнның капиталистің жеке тұтынуына кеткен бөлігінің барлығьш "заңсыз" иемдену деп айтуға болмайды. Біріншіден, тіпті еңбек құн теориясына сүйенгеннің өзінде, капиталист-кәсіпкер өңдірісті ұйымдастырғаны үшін өз еңбегінің белгілі бір бөлігіне ие болуы керек. Екіншіден, капиталды пайдалануға берудің өзі қызмет көрсетудің түрі, ол да төленуі тиіс. Осы қызметі үшін бөлінген капиталдан процент талап етіледі. Жалдамалы қызметкер де өз жинағын банкте ұстай отырып, белгілі дәрежеде процентпен (кіріс) табысқа ие болады. Сондықтан қосымша құнның массасы мен нормасы қанаудың ауқымы мен дәрежесін дәл анықтай алмайды. Сөз жоқ, егер жүмыс күші құнынан төмен төленетін болса, онда қанаушылық орын алады. Ал, К. Маркс зерттеген кез жүмыс күнінің ұзақтығы тәулігіне 10 -- 12 сағат болғаны, омың үстіне сол өндіргіш күштер даму дәрежесінде техника қауіпсіздігі сақталмағаны да ақиқат. Жалдамалы қызметкерге жұмыс күшінің құны толық төленетін болса, қоғамдық өндірісте орташа еңбек жағдайы сақталатын болса, алатын жалақы қоғамдағы материалдық және рухани игіліктерді пайдалану мүмкіңдігін берсе, қанаушылық түсінігі өнінің экономикалық мазмұнын жойып, адамгершілік-этикалық мағынаға ие болар еді.
Экономикада тек өнеркәсіп капиталы ғана емес, айналыс саласында тауарларды сату мақсатын көздейтін сауда капиталы да орын алады. Тарихи жағынан сауда капиталы өнеркәсіп капиталынан көп бұрын орын алған, ол ұзақ щұғылданатын кәсіпкер капиталын тек тауар сатып алуға ғана емес, тауарды сатып өткізумен байланысты қызмет көрсетуге де жұмсайды. Тауарды сатып өткізумен байланысты орын алатын шығындар, мұнда жарнама шығындары үлкен үлес алады. Қосымша айналыс шығындары-өндіріс процесін жалғастырумен байланысты шығындар. Бұл тасымалдау сақтау, буып-түюмен байланысты шығындар. Капиталдың тағы бір нысаны - қарыз капиталы. Бұл белгілі бір мерзімге процент үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша капиталы. Қарыз капиталының көзі уақытша пайдаланылмаған бос ақша қаражаты, соңғысы болса кәсіпорындар мен фирмалардың уақытша бос қаржылары мен халықтың ақшалай қаражатынан тұрады. Несие арқылы осылардың барлығы қарыз капиталына айналады. Қазіргі экономикада несиенің бірнеше түрі бар: коммерциялық, банкілік, мемлекеттік, мемлекетаралық. Капиталдың ауыспалы айналымының бірінші және үшінші сатысы айналыс процесін, ал екіншісі-өндіріс процесін көрсетеді. Өнеркәсіп капиталы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz