ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ


Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты
Катаева Салтанат
Қазақстан педагогикасының тарихы
Курстық жұмыс
Мамандық 0105000 Бастауыш білім беру
Көкшетау, 2021
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі.
Высший многопрофильный колледж гражданской защиты
Қорғауға рұқсат
"__"2021ж
Кафедра меңгерушісі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы «Қазақстан педагогикасының тарихы»
Мамандық 0105000 Бастауыш білім беру
Орындады: Катаева С. К
Ғылыми жетекшісі: Бекназар А. Б
Көкшетау 2021ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
1. 1. Педагогика тарихы мен оның даму жолдары . . . 6
1. 2 Педагогика ғылымының даму кезеңдері, оның қазіргі кезеңдегі міндеттері . . . 9
1. 3 Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдар мен байланысы . . . 17
1. 4 Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері . . . 19
ІІ. ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ2. 1. Халық педагогикасындағы тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері . . . 21 2. 2 Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
ПАЙДАЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34
КІРІСПЕ
Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде. Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Білім беру мектептің ғана ісі емес мектеп білім алудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз- бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруы тиіс.
Курстық жұмыстың практикалық мәні:
Адам неғұрлым білімді болса, соғұрлым ол өзінің отанына көбірек пайда келтіреді. Ғылыммен шұғылдануды мұрат еткендер білімге өздеріне сеніп тапсырылған қазына ретінде қараулары керек, ал ол қазына-бүкіл халықтың меншігі.
Курстық жұмыстың теориялық мәні:Білімді бол деген сөз-белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз. Ал белгісіз нәрсені аша білу деген сөз-ол теориялық өнердің барлығына тән, ортақ жайт. Әркімге қажетті білім бар. Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Қазақ педагогика ғылымы қалыптасуының тарихи кезеңдерін, әлеуметтік тегін талдау, оның басқа ғылымдармен өзара ықпалдастығы мен байланысын ашып көрсету.
2. Қазақ педагогикасының негізгі идеялары мен рухани бастауларын көркемдік - философиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан талдау.
3. Қазақ педагогикасының қайнар көздері көшпелілер мәдениеті мен түркі өркениетінен нәр алатынын ғылыми тұрғыдан негіздеу.
4. Қазақ педагогикасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің ұлттық деңгейі мен көрінісін қамти отырып, жалпыадамзаттың рухани мұқтажын өтеуге қызмет ететіндігін дәлелдеу.
5. Қазақ педагогикасы ғылымының әдіснамасы мен оның мазмұндық құрылымын жасау.
6. Қазақ педагогикасының келешегін айқындау, яғни болашаққа қызмет 7. Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
8. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
9. Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
1. 1. Педагогика тарихы мен оның даму жолдары.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін» тигізбейді.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда - қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада - тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму» және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.
Педагогика тарихы - тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар ғылым. Педагогика тарихы ғылым ретінде - тарих және педагогика ғылымдары түйісінде, кейіннен философия салалары - әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда. Ал, Қазақстан педагогика тарихы болса, ол дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдіспен өзара байланыста және оның құрамдас бір бөлігі болып, өзінің даму жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралықтағы әр тарихи кезеңдегі тәлімдік ой-пікірлерді талдап, тәрбие мен білім беру мәселесінің дамуын зерделейтін педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады. «Педагогика тарихы» пәні - әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын, өзара ықпалын, кемшіліктері мен жетістіктерін, жеткіншектерді дамыту үрдісіндегі мақсатты ұйымдастырылған қисынды шаралары мен шарттарын, белгілері мен заңдылықтарын талдау негізінде жүйеленіп, болашақ мұғалімдердің педагогикалық дүниетанымын және шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Пәннің мақсаты - жас ұрпақтарға тәрбие мен білім беруде дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттырып, ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұндық құрылымын жетілдіруге, педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және педагогика тарихының негізгі категорияларын: тәрбие, оқыту, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие, т. б. игерту. «Педагогика тарихы» пәнінің дүниежүзілік және ұлттық мұраларымен таныстырудағы басты міндеттері: - дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері мен даму белгілерін, жағдайлары мен алғышарттарын, оның бірлігі мен жан-жақты байланысын, сонымен қатар, бастау көзі мен зерделеу әдіс-тәсілдерін және өткен дәуірдегі құнды педагогикалық бағыттарын сұрыптап, педагогика тарихының ұғымдарын қалыптастыру; - әртүрлі тілді, мәдениетті халықтардың әрбір тарихи дәуірлердегі білімінің мән-жайы, мүмкіндіктері мен ауқымы, оны жүзеге асырудың жолдары мен құралдары, дәрежесі мен жағдайы, педагогикалық идеялардың өзгешеліктері мен мазмұндық ерекшеліктерін айқындап, тәрбие мен оқыту мәселелерін шешудің шаралары жайлы түсініктерді нақтылап, оны толықтыруға обьективті жағдайлар жасау; - білім берудің мақсатын, міндеттерін белгілеу мен ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана білуге және оны нақты педагогикалық дәстүрлермен ұштастырып, “адам-қоғам-табиғат” жүйесінің байланысын рухани-адамгершілік, эстетикалық, т. б. тұрғыдан түсінуге, жүйелі тарихи-педагогикалық білім, әдістемелік дағды мен іскерлікті қалыптастыру. Педагогика тарихын ғылыми зерттеп, анықтауда диалектикалық философия басшылыққа алынады. Осыған орай, П. В. Плеханов әдіснамалық мынадай қағидаларды ұсынады:
- Идеялардың (ой-пікірдің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму үдерісіне тәуелді екендігін айқындау.
- Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның дамуымен ұштастыра қарастыру.
- 3. Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігінің бар екенін ескеру.
Педагогика тарихының әдiснамасы әр тарихи дәуiрдегi педагогикалық бiлiм мен тәрбиенi, ойлар мен идеяларды талдап жүйелеу, оларды ұғындыру, тұжырымдар жасау арқылы педагогикалық үдеріске өзгерiстер енгiзу немесе жетiлдiру мақсатын іске асыратын педагогика ғылымының бiр саласы. Педагогика тарихының әдiснамасы төмендегiдей жүйелi құрылымнан тұрады:
- тарихи-педагогикалық бiлiм құрылымы мен қызметтерi;
- педагогикалық идеялар, ой-пiкiрлер, iс-тәжiрибелер, үлгiлер, негiзгi педагогикалық қағидалар (идея, болжам, тұжырымдама, теория) ;
- тарихи-педагогикалық бiлiм мен тәрбиенi өңдеп жетiлдiрiп, педагогикалық үдеріске ендiру.
Осындай үлгi тарихи-педагогикалық, психологиялық және педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында жалпы ғылыми ұстанымдарға негiзделе жүргiзiледi. Ғылыми зерттеу ұстанымдары мен оларға қойылатын талаптар әдiснамалық бiлiмде ерекше орын алады. Өйткенi, олар тарихи-педагогикалық бiлiмдi, теория мен практиканы бiрiктiрiп, бiлiм беру мекемелерiне ғылыми негiзделген бағдар бередi. Қандай бiр ғылыми жұмыстар болсын, олардың тiрек ұстанымдар қатарына жататын ең басты, негiзгi әдiснамалық ұстанымы - жүйелiлiк. Сондықтан жүйелілiк жалпы ғылыми-әдiснамалық зерттеудiң бiр құралы ретiнде оқу-тәрбие үдеріске және бiр-бiрiмен байланысты құбылыстарды жүйелi зерттеуге өзiндiк сапалылығымен сипатталатын ғылыми тұғыр болып табылады. Жүйелiліктiң мәнi төменде көрсетiлген қағидалар бойынша айқындалып, жүйелi объектiлердiң сапасын және оны жетiлдiру жолдарын анықтауға көмектеседi. Олар: - сыртқы ортаға байланысты жүйенiң тұтастығы және оны ортамен бiрлiкте зерттеу. Мысалы, бiлiм берудiң мәселесiн жүйелiлік тұғыры арқылы зерттегенде бұл тақырыпты елiмiздегi әлеуметтiк және экономикалық даму үдерісіне байланыстыра және қоғамның сұранысына ұштастыра зерттеу; - тұтас педагогикалық үдеріс бөлшектелiп, элементтерге бөлiнiп құрылуға тиiс, өйткенi элементтердiң сапалық қасиеттерiнiң өзi де белгiлi бiр жүйеге байланысты болады. Ал жүйенiң сапалық қасиетi, оның элементтерiнiң өзара байланысындағы нәтижелерi кейде бiр-бiрiмен ұштаспай жатуы мүмкiн; - жүйенiң барлық элементтерi бiр-бiрiмен өзара байланыста болғанымен, олардың iшiнен ең басты анықтаушы, жүйе құрушы элементiн iрiктеп алу керек;
- элементтер жиынтығынан объект жүйесiнiң құрылымы мен ұйымдастыру технологиясы жайлы түсiнiктер беру; - жүйе элементтерiнiң бiр-бiрiмен байланыстарын арнайы реттеу және олардың өзгерiстерiн басқару (мақсат қою, құралдарды таңдау, бақылау және түзету, қорытындысын талдау) . Тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптардың бірі - деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, сол арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың зерттеу әдістері жиынтығын кешенді түрде пайдалану, сөйтіп, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет. Педагогика тарихының ғылыми-зерттеу ұстанымдары тарихи білім, педагогикалық теория мен тәжірибені біріктіріп, білім беру ұйымдарына ғылыми негізделген бағдар береді. Педагогика тарихының негізгі әдіснамалық ұстанымы - ақиқаттылық, ол зерттеу объектісі жайлы шынайы білім алу үшін, зерттеу барысында оның әрбір құбылысына ықпал ететін, дамытатын жағдайларды, шарттарды ескеріп, зерттеу құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолданып, жинаған дәйектерді бағалап, қорытындысын шығаруда ақиқатты ұғымдар мен түсініктер жасауға мүмкіндіктер береді. Ақиқаттылықты тану ұстанымы зерттеу жұмысының алғашқы болжамына, қисынына және оның қорытындысына дәлелді талап қоятындықтан, дәйектерді іріктеу, оларды талдау нәтижесінде жасайтын тұжырымы ғылыми айналымға түсетіндіктен шындық тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Ғылыми ізденістердің объектісін баламалық ұстаным тұрғысынан қарастырғанда және оған дәлелді талап қойғанда, тарихи-педагогикалық материалдарды немесе көзқарастарды талдағанда, күрделі педагогикалық үдерістердің шешімін табу үшін әр түрлі көзқарастар айтылады. Ондай көзқарастардың шынайы болуы немесе оған қарсы пікірлер айтылуы мүмкін. Мұндай жағдайдағы баламалық ұстанымның мәні - мәселенің шешімін іздестіргенде және объектінің жұмысын ұтымды ұйымдастырғанда алға қоятын мақсаттың нәтижелі орындалып, соның негізіндегі нақты жетістіктердің ауқымын анықтайды. Баламалық ұстанымға жақын әдіснамалық ұстанымның бірі - мәндік талдау ұстанымы. Әрбір қарастырылатын құбылыстардың жалпылығы, ерекшелігі және бірегейлігін анықтап, объектінің ішкі құрылымына, атқаратын қызметі мен даму заңдылықтарына, шарттары мен даму жағдайларына талдау жүргізіп, олардың мақсатты түрде өзгерістерге ұшырау мүмкіндіктері талданады. Бұл ұстаным зерттеу қисынын нақты жазудан бастап, жан-жақты түсіндіруге, одан педагогикалық құбылыс пен үдерістің, болжамның дәлелденуі дейінгі кезеңді қарастырады. Сондықтан педагогикалық жүйені тұтас қарастырғанда оның зерттелетін даму элементтерінің үздіксіз өзгеріске түсіп тұруын есепке алу - қойылатын талаптың бірі. Себебі, көптеген элементтердің қызметі жүйенің даму үдерісіне өзгеріске түссе, кейбір элементтері қарама-қайшы күйге түседі. Тарихи-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулерде генетикалық ұстанымды қолдану керектігін тәжірибе көрсетуде. Тарихи-генетикалық ұстанымның мәні - педагогикалық дәйектерді немесе құбылыстарды зерттегенде, олардың пайда болуын, онан кейінгі дамуын түрлі саяси-экономикалық жағдайлардағы білім беру үрдісінің бір сапалық деңгейден екінші сапалық деңгейге ауысуы жан-жақты қарастырылады. Тарихилық және қисындылық ұстанымы - зерттеу жұмыстарында объектінің тарихын ( генетикалық қыры), теориясын (құрылымы, қызметі, объектінің қазіргі жағдайы) және оның даму болашағын бірлікте зерттейді. Тарихи талдаудың қажеттігі - объектінің құрылымы мен қызметін талдау, белгілі бір ғылыми тұжырымдама жасау үшін керек. Ал теориялық талдау қажеттігі - объектінің генезисін (пайда болуы, қалыптасуы) қарастырмай, ақиқатқа жетуі мүмкін емес. Сондықтан да, тарихи-педагогикалық және теориялық-педагогикалық зерттеулердің бір-бірінен айырмашылығы зерттеушінің ғылыми болжамына байланысты болады. Қарастырып отырған ұстанымнан шығатын талап - зерттеудің сабақтастығы, жинақталған тәжірибе, дәстүр, ғылыми жетістіктер, бұрынғы зерттеу объектілерінің генезисін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдаудан шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz