Зиятында ауытқуы бар балалар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .
І. ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДЕГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі зиатында ауытқуы бар балаларға психологиялық - педегогикалық мінездеме . . .
1. 2 Мектеп жасына дейінгі жоғарғы топ балаларының есту
фонематикалық қабілетінің қалыптасуы . . .
1. 3 Мектепке дайындау бөлімінің жоғары топ Балаларына жасалатын дифференциалды жағдайдың теориялық негізі . . .
ІІ. ТАРАУ. ЗИЯТЫНДА АУЫТҚУ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІГІ.
2. 1 Тәжірибенің қалпы, міндеті, мақсаттары мен әдісі . . .
2. 2Тәжірибенің нәтижелерін талдау . . .
2. 3 Зерттелетін тәжірибенің міндеті . . .
2. 4 Бақылау тәрбиесінің нәтижелерінің мақсаты, міндеті, талдауы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
ҚОСЫМША . . .

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі.
Баланың мектептік жағдайға жемісті кіру мен оқу ісін тез меңгеру, оны мектепке дұрыс дайындалуына байланысты. Аксенова, Өмірбекова, Бектаева, Самсонова Қ. А. т. б.
Арнайы мектептің басты мақсаты, әрбір баланың мектепке дайындығының, келесі сатыда мектептік бағдарламаны жемісті игеріп кетуінде.
Жазу мен оқудың психофизиологиялық негізі болып бірнеше талдау жүйелерінің бірігіп жұмыс атқаруда екені белгілі. Көптеген авторлардың зерттеулерінде, көрсетілгенг топтардың аталған жайттарды жүзеге асыру үшін сақтау қажеттілігі аталады. Мысалы: А. Н. Гнецеренов, В. В. Воронкова басқалар сауат ашу қажеттілігі үшін фонематикалық талдау мен ситезді сапалы ақыл-ес әрекеттері ретінде сақтауды көрсетеді.
М. В. Гнездилов, В. В. Воронкованың зерттеулері дыбыстарды артикуляциялық кинестетиклық талдаудың маңыздылығы мен қажеттілін сақтауды атап көрсете отырып, екінші жағынан әр дыбыстың әр сөзінде алатын орнын дұрыс қоюды негіздейді.
Фонетика - фонематика жетіспеушілігі бар балаларды мектепке дайындау, сауат ашу кезінде жоғарыда көрсетілген жайттар білінеді. Бұндай балаларды мектепке дайындау жемісті толыққанды болады деп айта аламыз. Мектепке дайындық кезінде көптеген балалар мектепке барар алдында зиятында ауытқуы бар олқылықтарды толық жеңе алмайды.
В. В. Воронкованың пікірі бойынша дифференциалдық ыңғайдың (әдіс) мақсты әр баланың әр топтаь сөйлеу деңгейіне арналған мазмұны салмақты материалды қамтуында:
- сөздердің барлық дыбыстарын анық беретін;
- барлық дыбыстарды дұрыс айта алатын, әсіресе бір дыбысты өзге дыбыспен алмастыру;
- 1 сынып балаларының сөз дыбыстарына талдай жасай алуын игеру қажет.
Осы мақсаттың әдістемелік пәні баланың мектеп бағдарламасын сенімді меңгеріп, өз сауатын жемісті ашуына себепкер болуында екенін баса айту керек. өкінішке орай қазіргі таңда зиятында ауытқуы бар мәселесі және ғылыми толыққан дифференциалдық әдіс баланы дайындауда сауат ашуында ғылыми негіздерге сүйенген бағытты қамти алмай отыр. Мектепке дайындық топтарын және 1 сынып бағдарламаларының жетілмегендігі, оны тәжірибиеде дұрыс қолдана алмауы, мектептегі бағдарламаны баланың игеріп кетуіне айтарлықтай қындықтар туғызады. Сонымен бұл проблема (қиындықтар) зерттеу мақсатын анықтауға негіз болады.
Зерттеудің мақсаты: Әртүрлі ақыл-кем балалардың олқылықтары бар балардың сауатын ашуда дұрыс астары кең, мәні зор әдісті тәжірибиеде қолдануында.
Мақсатқа сәйкес зерттеудің кеесі міндеттерін атай кетуіміз керек:
- «Сауат ашуға дайындық», « фонематикалық ойын», «дифференциялдық әдіс» ұғымдарының түсінігін ашу.
- Ақыл-ойы кем балаларының а) фонематикалық ойындарының қалпын меңгеру: Олардың жиынтығын, дәрежесін анықтау; б) олардың жиынтығының дәрежесін анықтау; в) мектептегі 1 сыныптағы дифференциалды әдісті дәйектеу және осы әдісті жетілдіру.
Зерттеудің нысаны болып мектепке дейінгі және 1 сыныптағы әртүрлі ақыл-ойы кем олқылықтары бар дайындық сыныптарының балаларын мектепке дайындау болып табылады.
Зерттеудің пәні болып ақыл-ойы кем олқылықтары бар дайындық және 1-ші сынып балаларына сауат аштыруда дифференциалдық әдісті қолдау болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамдары.
Егер ақыл-ойы кем оқушыларды сауаттылыққа дайындылығы анықталса онда әдістердің нақтылығы дәлелденді. Балалардың қарым-қытынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми теориялық негізі айқындалды. Оқушылардың мәдениетін қалыптастырудағы тиімділігі арттырылды.
Зерттеудің әдістері.
Зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып эксперимент жасалынды.
Зерттеудің базасы
‘University Medical Center’ Корпоратив қоры Қызылорда филиалында.
Зерттеуге қатысқандар дайындық сынып оқушылары 10 бала. 1 сынып оқушылары 10 бала.
Ғылыми зерттеудің жаңалығы мынада:
1. « Сауат ашуға дайындық», «фонематикалық ойын», «дифференциялдық әдіс» түсінігі толық ашылды.
2. Ақыл-ойы кем балаларды дайындық және 1 сынып балалардың фонематикалық ойындарын сатылай деңгеймен орналастырылды.
3. 7 жасар балалардың фонема жайындағы түсінігі аңықталды.
4. Ақылы кем балалардың фонематикалық түсінігінің динамикасы негізделді.
Практикалық мәнділігі.
Ақыл ойы кем баларды мектепке дайындау, сауат ашудағы жайттар ашылды. Кестеде көрсетілгендей сөз өзгерту дағдылары зиятында ауытқуы бар балаларда 40% - 45% -ті ғана қалыптасқан. Сөйлеуі қалыпты сақталған балалардың 50% дурыс айтады. Сонымен зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Зиятында ауытқуы бар балалардың қарым-қатынас мәнділігін қалыптастырды
- Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптасыруға байланысты әдістемелік усыныстар жасалынды.

І ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДЕГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі зиатында ауытқуы бар балаларға психологиялық - педегогикалық мінездеме.

Орта және жоғарғы топ балаларының тіл жетіспеушілігінің көбін олардың дұрыс айтпауын құрайды.
Осы аталған топқа балалардың дыбысты дұрыс айтпауы мен көптеген дыбыстардың айтылуын дұрыс қабылдамауы жатады. Осы балалардың дыбыс айтуын мұқият зерттеу олардың кейбіреулерінің дыбыстың айтылымды қабылдауының «ырғақты - есту» қабілетінің жетілмегендігін білдіреді. Бұл олқылықтар жазу мен оқуды дұрыс қабылылдамауға ықпал етеді.
Сонымен фонетика - фонематика жетіспеушілік - бұл баланың ана тіліндегі сөздік қордың айтылу жүйесін бұрыс қабылдауы, сөзді бұрып айтуы мен оның айтылуында қателік жіберуі. Бұл топқа ақыл-есі дұрыс дамымаған балаларды жатқызамыз.
Логопеттік ғылыми тәжірибенің, физиологиялық және тіл психологиясының дамуы мен (Р. Е. Левина, Н. В. Ивачкин /41/ А. Р. Лурия) дыбыстың есту артикуляциондық интерпретациясының бұзылмауынын оны қабылдаудың деңгейі әртүрлі дәрежеге төмендейді. Р. Е. Левина /41/. Бала тілінің психологиялық зерттеу негізінде Левина, фонематикалық қабылдаудың, тілдегі дыбыстың, толық дұрыс қабылдауы үшін маңызды негіз береді пікірге келеді. Дыбысты дұрыс қабылдап қабылдау артикулярлық процестің жетімегені байқалады.
Балалар тілінің фонематикалық жетілуі оларға дыбыстық талдау жасауға мүмкіндік береді. Жетілудің деңгейін баланың дыбысты қабылдап оны сөзге дұрыс қойып, сол дыбысты дұрыс таба білуіне байланысты анықталады. Осыған орай бұл жерден жетіспеушіліктің бірінші 1-ші, 2-ші дәрежесін де анықтайды.
Екінші дәрежелік фонематикалық қабылдау жетіспеушілігі тілдік кинестезияның бұзылуында, ауыз мүшелерінің анотомиялық дұрыс болмауында байқалады. Бұл жағдайда дұрыс есту қабілеті бұзылыды, ал ол айту механизімдерінің дамуында маңызды роль атқарады. Сонымн қтар балалның сөйлей бастағандығы йналаны салбыр қабылдауы қабілетттің әлсіздігі де елеулі әсер береді.
Бұл құбылысты түсінуге мыны жағдайлар толық мінездем е береді. Бәрінен бұрын дыбыстық топтарды дифференционалды емес айту. Бала 1 дыбыс 2 дыбыс немесе оданда көп дыбыстарды ауыстыру айту үшін пайдаланады. өзіне жақсы дысты келген дыбыспен ауыстырып айтып, өзіне түскен қиындықты жеңеді.
Келесі жағдай ол дыбыстарды араластыру ол әр түрлі сөздегі тұтас дыбыстар тобын тұрақсыз қолдану . Бала бір жағдайды дыбысты дұрыс айтып, ал келесі жағдайда ол дыбысты артикуляциямен акустикалық белгісі бойынша соған жақын дыбыспен ауыстырып айтады.
Осы маңыздылықтардың барлығы айтылудың басқада қиындықтарынмен жалғасады ( Р - өнешті, С-тіс аралық дыбыс ) . Бұл жағдай фонематикалық естудің жетіпмегеннің себебі яғни дыбыстарды айыра алмауы болып табылады.
Дыбыстарды дұрыс айтып, оны айыра алмаған бала сауат ашуға дайын бола алмайды.
Л. Ф. Сперова /42/ мектеп барар алдында ақыл ойы кем олқылықтары бар және дүрыс тілі жетілген балаларда бйқалады. Ол кісінің мәліметтері бойынша сөзден дауысты дыбыстарды дұрыс тілі жетілген баланың 78% ал, ақыл -ойы кем бар балалардың 46, 2% таба алды.
Ол сөздегі дауыссыз дыбысты дұрыс тьілі жетілген балның 53, 4% ақыл-ойы кем баланың 18% таба алады. әсіресе балаларға сөздің соңынан бастап дауысты дыбысты табу қиынға түсті. Бұл міндет ақыл-ойы кем баланың 3, 1% дұрыс тіл дамымаған баланың 25, 5% атқарып шықты.
Р. Е. Левина /41/ және т. б бұрынғы СССР дефектология институтының мамандары зерттеулері бойынша ақыл-ойы кем бар оқушылар бірінші кезеңнен - ақ жалпылама әдісті, бағдарламаны қолданғанда қиындықпен түсініп, ақырын оқиды және де көптеген қателіктер жібереді, өзінің оқығанын өзі түсіне алмайды.
Ақыл-ойы кем бар балаларды мектепке дайындаудың арнайы бағдарламасы, жоспары бар.
Бұл жүйенің маңыздылығы мынада мектепке дайындықты дыбысты дұрыс айтуға оқытуды дұрыс тілі жетілген балалар мен өткізу.
Оқу жүйесінде оқытылатын дыбыстар аралығындағы нақты ұқсастық, тақырыптар немесе жазу мен оқу мазмұны, фонемдік талдаудың басқада түрі қамтылған.
Тағы да маңызды мінездеме - ол баланы мектепке даярлау кезіндегі созылмалы кезеңнін ерекше мазмұндылығы.
Үшінші ерекшелік - балалар қабылдайтын материалдың әр жаңа кезеңнін өте ұқыптылықпен жіктеліп бөлінуі және оның мұқият өңделуі.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі жоғарғы топ балаларының
есту фонематикалық қабілетінің қалыптасуы.

Дүниге келе салысымен балаларды әртүрлі дыбыстар: адамдардың дауысы, әуен, ағаштар сыбдыры т. б қоршайды.
Бірақ осы дыбыстардың ішінен ол тектілдік дыбысты сөзбен санасына сіңіреді жәнеде сол арқылы өзінен үлкендермен байланысқа түседі, мәлімет алады, өмірге бейімделеді. Бала жеке сөздерді түсініп, айтпай тұрып, алдымен ол ишара арқылы адамдармен байланысады. Ақырындап бала сөздерді тыңдай бастайды, оларды салыстырып айтуға тырысады. Ол тағыда ана тілінің дыбыстарын естіп, оны айыра алатын болады, яғни сөздік дыбыстық жүйесіне назар аудаады.
Бала сөзді таза және дұрыс айту үшін, оны жақсы естуі керек . естеудіңдұрыс болмауы дыбыстық құрлымның айтылуын бұзады . Баланың тілдік естілімі - кен ауқымды түсінік. Ол өзіне сөзді есту назары қабілетін, тілдік әр түрлі сапасын қабылдауды оны аиыра алуды : тембірін, мәнерін қосадыжетілген тілдік есту л жақсы фонематикалық есту яғни ана тілінің барлық дыбыстарын дефференциолдық түрде қабылдау - бір - біріне ұқсас сөздер мағынасын айыра алу: там-тым, сая-сия
Баланың есту қабілеті өте ерте басталады. 2-3 апталық бала аракідік сөзге мән береді, 6-7 айлық бала дауыс ырғағына әсер етеді, ал біраздан соң дауыс тембрын да айыра алды. 2 жастағы бала дыбыстарды тоық естей алды, түсінеді бірқ оны дыбыстап айтуға әлі шамасы келмейді.
Осы мәселерді зерттеп жүрген ғалымдар ойынша мұндай жағдай күнделікті байланысқа түсуге жарғанымен, жазу мен оқу қабілетті үшін аздық етеді.
Оқуды қабылдау үшін баланың жана фонематикалық есту қабілеті қалыптасуы қажет немесе фонематикалық қбылдауы жетілуі керек яғни: сөзде қандай дыбыс естілетіннен айыра білуі, олардың орналасу тәртібі мен санынбілу керек. Бұ өте қиын қабілет: ол тілдік құрлымды тыңдай білуді, оны санда сақтауды, дыбыстың атауын есте сақтауды талап етеді.
Бұл зерттеулер сонымен бірге балаларға мектепке бармай тұрып-ақ оларға оқу жайында түсінік береді, оларға қызығушылықпен оятады. Әрбір фонема өзінің анықтамасы бар: өзіне ғана тән акустикалық құрлымы белгісі бар. Тілдік дыбыс (фонема) өзі жалғыз ешқандай мағынасы жоқ кішкентай ғана тілдік бөлшек. Бірақ ол дыбыстар сөзді құрайды, оны дұрыс айту арқылы адам байланысқа түседі.
Есту қабілетінің қалыптастыру жұмыстары барлық жастағы баллар топтарында жүргізіледі.
Балалармен есту назары мен өздерінің есту қабілетін жетілдіру үшін ойын өткізіледі. Жасы өсе келе ойындар қиындайды, мазмұны тереңдейді. Баланың фонематикалық қабылдауын оның өзінің тіліндей аналитикалық қбылдуын қайратын арттырады: тілдегі айыра тани алу, ол сөйлемдегі сөздерді - дыбысарды айыра алу, сабқ барысында балаларға « дыбыс» деген түсінік беріледі, әртүрлі сөздер мысалында балаға сөз дыбыстан тұратыны олардың орналсу тәртібін бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстыру жайлы айтылады ( құс-қыс, шана-шама) . Балаларды сөздің дыбыс ырғағына үйретеді.
«Дыбыс» деген түсінікті бекіту үшін сөздік жаттығу жүргізіледі (жұмбақты тыңдап шешімін табу - қандай да бір сөз) немесе өлеңнен қандайда бір дыбысы бар сөзді табу.
Дыбыстық құрамға қызығушылық тудыру үшін көркем шығарманы пайдаланады. Сөздің дыбыстық құрамына талду жұмысын жүргізгенде баллрдың назарын аударатын жқмыс өткізу керек, ол творчестволық, қызықты, күлкілі болуы қажет. Бұл баланың мектепке брар алдындағы фонематикалық қабылдауын өсіреді: 2-ші дыбысты тап, осымен сөз құра, 3-ші дыбысты тап, сөздегі оған сөз құра, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбысты тап. Сөздегі 2-ші дуыссыз дыбысты тап, онымен сөз құра, сөздің соңы не дауыссыз, не дауысты дыбыспен бітетін сөз құра. Бұндай жаттығулар ойын түрінде құралады. Дыбыстық талдау жүргізу бала үшін, ойлану санасын оятады . . .

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

а) Баланың мектепке дайындығының теориялық негіздері

Бүгінгі күнгі баланың мектепке дайындығын анықтауда оның психологиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болып отыр. (5, 7) .

Психологиялық дайындықтың құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді:

А. Жеке дайындық (5, 6) . Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады. Мектепте оқуға дайын оқушы-мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель, оқулық, дәптер, және т. б) түгелдеп қана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады.

Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез - құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек. Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады.

Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай - күйінің даму деңгейінде көрсетеді. Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.

Ә. Зияткерлік дайындық. Дайындықтың Бұл түрі баланың нақты білімі мен ой - өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды. Сондай-ақ жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып, есте сақтай алуы да міндетті.

Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді. Осы дайындық түрі жалпыға алғанда төмендегілерді қамтиды:

-саралап қабылдау; -аналитикалық ойлау; -нақтылыққа талпыныс; -логикалық есте сақтау; -білуге құштарлық; -сөйлеу тілін игеру; -қолдың қозғалысы мен көру - қозғалыс үйлесімділігі.

Б. Әлеуметтік-психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компаненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді. Бала топ болып, бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі. Осы кезде балада өзін ортаа бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.

Мектепке келу кезеңі:

-мінез - құлықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілуі; -әрекетке іштей талдау жасау; - нақтылыққа жаңа танымдық қатынасының дамуы; - қарым-қатынастың жаңа сапалы кезеңіне өту болып табылады.

В. Физиологиялық дайындық. Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді. Баланың мектепте оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт.

ә) . Белгілі орыс психолологтарының мектепке даярлау жайлы пікірлері

Белгілі орыс психологтары А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, А. А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

Е. Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л. И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Р. В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады, қоршаған дүниенің заңдылықтарын, заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды, оларды өз әрекеттерінде қолдана алады, басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады

Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі.

Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді.

б) . Баланың мектепте табысқа жетудегі бағыттары жайлы ақпарат

И. Шванцар, Л. И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е. Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт - мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі

Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген психологтар (В. В. Холмовский, Л. А. Венгер, Н. И. Непомнящая т. б. ) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:

Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.

1. Ақыл-ойының даярлығы.

Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді, талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі зиатында ауытқуы бар балаларға психологиялық – педегогикалық мінездеме
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту
Терең зиятының бұзылуы
Зият ауытқуларының түрлері
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәні бойынша зиятында жеңіл ауытқушылығы бар жоғары сынып оқушыларының аспаздық дағдыларын қалыптастыруда ауызша оқыту әдісінің маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz