Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың саяси тетігін әзірлеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Мамандығы ...

Кәсіби-қолданбалы жоба

Тақырыбы: Алматы қаласының ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресудің әкімшілік- құқықтық құралдары.

Орындаған:
Калихан Элдар
Ғылыми жетекші:
...
Практика базасының жетекшісі:
______________

Қорғау жіберілді
Кафедра меңгерушісі
з.ғ.к., доцент Байжомартова К.А.
__________________

Алматы, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы, дәлірек айтқанда Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін анализдеу және оның іске асуы мен ерекшеліктерін мемлекет деңгейінде анықтау болып табылады. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы қазіргі криминогендік ахуал жалғасып жатқан жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының кейбір өсуімен сипатталады. Сыбайлас жемқорлық елімізде елең алу себебі кішкентай болсын суммадағы парақорлықтың көбейіп, азаматтарымыздың әкімшілік-құқықтық жазадан жалтарып, айналып өткен сайын адам бойына сіңіп кетуінде болып отыр. Ерекше алаңдаушылық тудыратын нәрсе-сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің сомасының да, осындай құқық бұзушылық жасаған пара алушының да, пара берушінің де лауазымының және қаржы жағдайының артуы фактісі. Осы жерде заң бұзушы азаматтарды дер кезінде әкімшілік-құқықтық жазаға тартпай, құтылып кету себептеріның көбеюі болашақта қылмыстық сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғуына әбден ықтимал. Сондықтан бүгінгі күні Қазақстанда экономикалық және саяси сипаттағы жаһандық өзгерістер жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасы ерекше өткір мәселеге айналды және мұндай көріністерге уақтылы ден қоюды талап етеді, өйткені сыбайлас жемқорлық осындай әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау нысандары мен тәсілдерінің өзгергіштігіне бейім. Мұндай әрекеттердің жаңа түрлері пайда болады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі болып қала береді, дәлірек айтқанда: пара алу және беру, сондай-ақ оның делдалдығы. Және параның теңдессіз ауқымы, оның елдегі парақорлықтың дамуына әкеліп, елеулі зиян келтіріп, қоғамдық ойды улайды. Нәтижесінде, қоғамдық құқықтық санасының тозуы орын алды, Құқықтық нигилизм, мемлекеттік органдарға, атап айтқанда, құқық қорғау органдарына сенімсіздік өркендеуіне алып келіп отыр.
Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық біздің елімізде бұрыннан бар, бірақ экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік салада болып жатқан өзгерістерге байланысты парақорлық бейімделуді көрсетті, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, жаңа белгілер мен масштабтарға ие болды, бұл оны тек белгіленген позициялардан қарауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын таңдау, оның көріністерін тергеу, біздің ойымызша, оның өзектілігін дипломдық жұмыс ретінде де, қазіргі Қазақстанның әлеуметтік проблемасында да анықтайды.
Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық біздің елімізде бұрыннан бар, бірақ экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік салада болып жатқан өзгерістерге байланысты парақорлық бейімделуді көрсетті, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, жаңа белгілер мен масштабтарға ие болды, бұл оны тек белгіленген позициялардан қарауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын таңдау, оның көріністерін тергеу, біздің ойымызша, оның өзектілігін дипломдық жұмыс ретінде де, қазіргі Қазақстанның әлеуметтік проблемасында да анықтайды.
Пара алу үшін жауапкершілік туралы әкімшілік заңнаманы, арнайы құқықтық әдебиеттерді зерттеу және сот-тергеу тәжірибесін талдау әкімшілік құқық теориясындағы және сот практикасындағы біз зерттеп жатқан аспектінің кейбір мәселелері екі жақты шешілетіндігін көрсетті. Пара алуды дұрыс сараламау жағдайлары кездеседі, пара алу субъектісін анықтау кезінде келіспеушіліктердің орын алуында болып отыр.
Бұл тақырыптың қазіргі таңда белсенді болып саналуы сыбайлас жемқорлықтың тамырының тереңге бой алуында. Сыбайлас жемқорлық жыл сайын түрленіп, жаңаша көрініс тауып отыр. Соған сәйкес елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік- құқықтық құралдарда жаңалануға тура келеді. Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік саяси қаупі Алматы қаласы билігіндегі жасырын және заңсыз институттардың басқару механизміне әсер етуінде болып отыр. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де орын алуда. Сонымен қатар атап өтерлік жәйт қазіргі заманғы мемлекеттік құрылыстың күрделілігі мен көп өлшемдеріне, билік қатынастары саласындағы маңызды институционалдық деформациялар нәтижесінде туындаған осы процестің ықтимал қайшылықты сипатына байланысты, олардың ішіндегі ең маңыздысы сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-саяси қауіптілігі жасырын және заңсыз институттар мен билік тетіктерінің пайда болуымен байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың ең жағымсыз салдары көлеңкелі экономиканың өсуі, астыртын, криминалдық бизнестің өсуі үшін жағдайлар жасау болып табылады, соның нәтижесінде республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде бюрократияны параға сатып алу ауқымы ұлғаяды.
Қазақстандағы әлеуметтік-саяси болмыстың элементтерінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлық жүйелі сипатқа ие бола бастады және қоғам өмірінің барлық дерлік жақтарына әсер ете бастады. Өздеріңіз білетіндей, жүйелі сыбайлас жемқорлық аясында туындайтын қақтығыстар мемлекеттегі әлеуметтік-саяси процестерді түбегейлі өзгерте алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге назар аудара отырып, заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру, оған тиімді ықпал ету тетіктерін одан әрі нығайту және жетілдірумен айналысу, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық жүйені құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы заңдар мен мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау, құқық қорғау органдарының тиісті жұмысы сияқты жеткілікті түрде тиімді болуына мүмкіндік беретін шаралар қабылданды. Мемлекет басшысының бастамасымен басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр.
Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасы, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты болып табылады.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасы, дәлірек айтқанда Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыру процесін құрайды.
Осындай және де басқа да заңсыз іске асып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді Алматы қаласының ішкі істер органдарындағы күрес құралдары жайлы диломдық жұмыста кеңінен танысуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда еліміздің өркениеттер мемлекеттер қатарынан өзінің лайықты орын алуға ұмтылып отырғанда азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау - мемлекетімізді нығайтудың маңызды мәселесіне айналып отыр. Әлеуметтік құбылысқа айналған қылмысқа тосқауыл қою бағытында атқарылар жұмыстардың ірілі-ұсақтығы жоқ екенінөзі де айқындады. Бұл ретте қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің маңызы жоғары.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты Алматы қаласындағы және жалпылама мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыру ерекшеліктерін кешенді талдау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекет саясатының теориялық-әдіснамалық негіздерін жүйелеу және қорыту, сыбайлас жемқорлық ұғымын, мәні мен табиғатын әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде анықтау;
2.Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықтың таралу факторы ретінде экономика мен билік қатынастарын дамытудағы көлеңкелі аспектілерге талдау жүргізу;
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесін нақтылау және қорыту;
4.Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың мақсатын, міндеттерін, негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін айқындау;
5. Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың саяси тетігін әзірлеу;
6.Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі және оған қатысудағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын зерттеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері, олардың Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын зерделеу бойынша жалпы методологиялық сипаты бар негізгі ережелері құрайды. Зерттеу әдістемесі бюрократия, саяси элита, мемлекеттік әкімшілік басқару теориясын зерттеудегі тұжырымдамалық ұстанымдарды құрады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы диссертацияның ережелері мен тұжырымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты институционализациялаудың теориялық мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерде қолдануға болатындығында.
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:
1. Соңғы уақытта жүйелі сипатқа ие болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасы қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси өмірінде орталық мәселеге айналуда. Сыбайлас жемқорлықтың таралуына саяси жүйенің тұрақсыздығы, билік институттарының тиімсіздігі, азаматтық қоғам институттарының әлсіздігі, берік демократиялық дәстүрлердің болмауы, ұлттық заңнаманың жетілмегендігі, оны бұзу кезінде жазасыздық, сот жүйесінің әлсіздігі, құқықты елемеу, азаматтардың саяси мәдениетінің дамымауы, саяси және экономикалық мәселелерді шешудегі отбасылық жағдай ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-деструктивті функциясы ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп ретінде көрінеді; мемлекеттің жойылу қаупі, экономикалық реформалардың қисықтығы мен тежелуі, экономикалық қатынастардың криминализациясы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының шектелуі, әлеуметтік-саяси шындық бейнесін қалыптастыруға әсер ететін қазақстандық қоғамдағы моральдық-психологиялық ахуалдың нашарлауы. Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-конструктивті функциясын елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірдің "ережелердің деформациясы" процестерінің басым болуы тұрғысынан қарастырған жөн.
2. Сыбайлас жемқорлықтың таралуы жағдайында Қазақстан ықтимал қауіпті шегіне жетуі мүмкін, ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нақты тиімді шаралардың болмауы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін қатерлердің ұлғаюына, мемлекеттің ыдырауына немесе мемлекеттік құрылыстың заңсыз ауысуына әкеп соғуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұрандарға негізделген наразылық қозғалысы жыл сайын радикалдануда, азаматтық қоғамның түрлі құрылымдары әлеуметтік-саяси болмысты трансформациялау бойынша үгіт-насихат қызметін жандандыра отырып, топтық сәйкестікке ие болуда. Қазіргі Қазақстанның қазіргі саяси процестерінде көлеңкелі жағы едәуір кеңейді және түрленді. Бұл, ең алдымен, саяси қатынастарды ұлттандырумен және жаңа саяси субъектілердің пайда болуымен байланысты.
3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздері деп оның стратегиясын, түсінігін, мақсаттарын, міндеттерін, іске асырудың негізгі бағыттары мен саяси тетіктерін әзірлеуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы перспективалы бағыттарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді шешу үшін қолданылатын нысандар мен әдістердің жиынтығын айқындауды түсіну керек.
4. Жүйелі көзқарас тұрғысынан Алматы қаласының мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамалық негіздерін қалыптастыру мақсат қоюды және оған қол жеткізуді көздейді.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы мақсат деп, біздің ойымызша, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұтастығы мен жоғары қарқынын, оның халықаралық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін сақтауды қамтамасыз ететін Қазақстанның мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының стратегиялық бағытын орындау деп түсіну керек.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты жүргізу Қазақстан қоғамын табысты демократиялық реформалаудың, құқықтық мемлекеттің қалыптасуының, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын кепілді іске асыру мен қорғаудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы саясатты жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және Қазақстан Республикасының жедел дамуының маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы маңызды саяси тетік әкімшілік реформа болып табылады. Мемлекеттік аппаратты реформалаудың аяқталмауы елді жаңғыртуға кедергі келтіретін жүйелі фактор болып қала береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат міндеттерін шешудің тиімділігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жандандыру жағдайында қол жеткізуге болады.

1

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және оның түрлері. Әкімшілік құқық жайлы жалпы мәлімет және оның сыбайлас жемқорлықтағы орны

Сыбайлас-жемқорлық" деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны "параға сатып алу", "пара" ретінде, corruptio деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ corrumpire түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда "сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу" деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР "Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: "...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу".Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған. Заңға сәйкес аталған қағидаларға мыналар жатады:
-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;
-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін шектеу;
-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды салдарын жою және алдын алу:
-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық - бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою, Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен тиімді қорғау жөніндегі шаралардың басымдығын да көздейді.
1 https:kznews.kzlifestylezhemqor lyq-indet-zhoju-mindet
Әкімшілік құқық - бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған Қр құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні -- бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;
2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік - биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;
3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;
Әкімшілік құқықтың жүйесі -- бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар - құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми - ұйымдастырылған жиынтығы - біртұтас нормативті құрылым.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.
Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы -- әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.
Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез - құлық актісі - іс-қимыл болып табылады және мінез - құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі - құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі - бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);
2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)
3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)
4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:
1) қоғамдық қауіптілік -- бұл іс -- әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару
2) құқыққа қайшылық - құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы
3) кінәлілік - бұл ерікті, саналы іс -- әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.
4) жазаланушылық - бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.
5) жаппай өріс алуы (массовость) -- бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы -- бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.
Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез - құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал - тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.
Әкімшілік - мәжбүрлеудің белгілері:
1) Заңның негізінде қолданылады. Құқық нормасымен мыналар реттеледі: қандай шаралар, қандай жағдайда, қандай тәртіпте, кім қолдануы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларының айқын регламентациясы жеке басқа, тұрғын жеріне және азаматтардың жеке меншігіне қол сұғылмаушылық қағидаларын сақтау үшін қажет;
2) Юрисдикциялық (іс жүргізушілік), құқық қолданушылық актілері арқылы жүзеге асырылады;
3) Жеке тұлғаларға арналған, яғни әкімшілік - құқықтық нормаларды бұзған нақты құқық субъектілерге ғана қолданылады;4) Әкімшілік мәжбүрлеуге соттан тыс қолдану тәртібі тән. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану оларды сотқа бармай - ақ тікелей жүзеге асыратын тиісті атқарушы органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзырылығына берілген. ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік мәжбүрлеу шараларының жекеленген шараларын соттар пайдаланады (аса қатаң әкімшілік жазаларға тартқанда);
5) Ведомстволық шектеулері болмайтын (жол жүру қауіпсіздігі ережелері, санитралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) мемлекеттік басқару сферасында жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерін қалыптастыратын әкімшілік - құқықтық нормаларды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
1) мақсатты міндеті бойынша:
а) әкімшілік - мәжбүрлеу шаралары ( бақылау және қадағалау үшін тексеру, құжаттарды тексеру, және заттарды қарау, транспорт құралдарын техникалық қараудан өткізу және т.б.);
б) Әкімшілік - бұлтартпау шаралары (құқыққа қайшы іс -- әрекетті тоқтату талаптары, тұлғаны әкімшілік ұстау, қаруды және өзге де арнайы құралдарды қолдану және т.б.);
в) Әкімшілік жауапкершілік шаралары (әкімшілік жазалар).
Әкімшілік мәжбүрлеу, бұлтартпау және іс жүргізушілік қамтамасыз ету шаралары
Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез - құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал - тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, бұл оның жекеленген түрлеріне белгілі дифференциация жасамайды. Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігі оларды қорғау мақсатында мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі түрлерін қолдану қажеттілігімен байланыстырады. Мәжбүрлеудің осы түрлері бір-бірінен өз мазмұны бойынша, негіздері бойынша, жүзеге асырылы тәртібі бойынша ажыратылады. Қалыптасқан практика бойынша мемлекеттік мәжбүрлеудің 4 негізгі түрі бар: қылмыстық -- құқықтық; азаматтық-құқытық; тәртіптік; әкімшілік-құқықтық. Әкімшілік мәжбүрлеу - бұл құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату, әкімшілік теріс қылықтар үшін жауапкершілікке тарту немесе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың, лауазымды тұлғалардың заңды міндеттерін орындауға итермелейтін, мәжбүрлеуден тұратын заңмен белгіленген шараларды мемлекеттік басқару органдарының (соттардың, судьялардың), сонымен қатар осындай мемлекеттік биліктік өкілеттіліктерді делегирлеген жағдайда - қоғамдық ұйымдардың қолдануы.
https:www.referat911.ruAdministr ativnoe-pravokmshlk-y-tsng-pnajnar -kzder615499-3581994-place1.html
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әкімшілік-құқықтық құралдары

Соңғы онжылдық мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады.
Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, демок- ратиялық ұстанымдары мен құқықтық тәртіпті бұзады, мемлекеттік аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды.
Ең алдымен, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық арасындағы салдардың ауырлық дәрежесі бойынша нақты бағытты жүргізу қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлық сипаттағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін ұлттық заңнамадағы нормаларды белсенді дамытуды, қылмыстық жауапкершілік шараларының алдында алдын алу шараларының басымдығын дәлелдеп отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық мінез-құлық стандарттарын тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік ықпал ету шараларының көмегімен тұрақты қолдау керек. Мұндай шаралар қылмыстық жауапкершілікке қарағанда тиімдірек, өйткені оларды:
- қолдану жедел рәсімге байланысты;
- мемлекет тарапынан елеулі материалдық шығынды және құқық қорғау органдарының күш-жігерін талап етпейді
- мемлекет ұстануы тиіс жазалау- тәрбие саясатының негізгі қағидаттарының біріне толық сәйкес келеді, жаза неғұрлым тиімдірек болса, соғұрлым ол тезірек қолданылады. Сонымен қатар, жасалған құқық бұзушылық үшін жаза қолдану процесі ұзағырақ болса, ол жазасыз қалады деген ықтималдық көп болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік құқығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде әкімшілік-деликт құқығы қаралады, оның дамуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты.
Мұндай заңдардың негізіне, Тұжырымдамада атап көрсетілгендей, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы, тікелей қолданыстағы заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын анықтайтын конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілік- құқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде, Тұжырымдамада қоғамдық қауіптілік деңгейінің мөлшерін, құқық бұзушылық сипатын бұлжытпай сақтау, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкцияларды айқын шектеу ұсынылады. Бұл ұсынымдар ерекше өзекті, өйткені көбінесе жасалған құқық бұзушылық үшін мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік-биліктік қатынастар саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бірқатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірнеше нормалар бар.
Бірақ айта өту керек, жауапкершіліктің басталмауы осы нормаларды бұзу белгіленген қағидалар мен тыйым салуларды толықтай елемеуге әкеледі. Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жатады: белгілі бір мемлекеттік қызметші үшін моральдық-этикалық түсінік бойынша мүмкін емес нәрсе, егер ол өзінің әріптестері үнемі солай әрекет етсе, мүмкін болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамын ескере отырып, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деп мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның немесе оған теңестірілген тұлғаның қоғамға әдейі қауіпті әрекеті, өзінің өкілеттігіне кіретін іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін сол тұлғаның пайдасына материалдық игіліктерді жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз алудан көрінуі, сондай-ақ егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, сыйақы ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері түсіндіріледі.
Бұл ұғым сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың материалдық мазмұнын, заңдық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашады және сол арқылы қоғамдық қауіптілік, құқыққа қайшылық, жазалану, кінәлілік пен қол сұғушылық объектісі ретіндегі оның белгілерін айқындайды [6, 47-52-б.].
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген:
- жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, яғни
676-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
- мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы. 677-бапта мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, - алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.;
- заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, 678-бап. Баптың бірінші бөлігінде заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, - жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
- мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы, 679-бап. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы - осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
- мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бапта айтылып кеткен. Яғни Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
- бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы жайлы 681-бапта баяндалады. Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы - бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы.
Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті жағы және субъективті жағы.
Субъект - бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам.
Барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттер оларды арнайы субъектінің - мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) мәслихаттардың депутаттары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3) Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүргізілетін экономикалық саясат ұсынымдарды бағалау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Қазақстанның кіру мәселесі
Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Кадрлық резервті қалыптастыру және оны пайдалану механизмі
Кадрлық резервті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат
Пәндер