Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлерін саралау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
М. Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлауға негізделген жаңа әдіс-тәсілдер
Мамандығы: 0111000- Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111013- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тобы: ҚТ-Ж-17
Пәні: Педагогика
Орындаған: Жупар Салтанат Асанқызы
Қабылдаған: Әбиева Гүлжайна Утепбергеновна

Қызылорда қаласы, 2021 жыл
Жоспары
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-25
І ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлаудың ғылыми анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-10
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлауға негізделген әдіс-тәсілдер оқушыны сыни ойлауға баулудың негізгі құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-15
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсіл түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 16-25
ІІ ТАРАУ. НЕГІЗГІ СЫНЫПТАРДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР МЕН ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Мектеп бағдарламасында жаңартылған білім беру мазмұнындағы сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану және сабақ жоспарына кіріктіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... . 26-36
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Кіріспе
Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаев Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында: Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім
болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс, деп атап көрсеткен [13]. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп көрсетілген [14].
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз -- ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім [4]
Сыни ойлау туралы мынадай анықтамалар бар:
"Жауапқа, не қорытындыға жету үшін ақпаратты белсенді, ері шебер түрде тұжырымдау, қолдану, анализдеу, синтездеу және бағалау процесі".
"Айқын, рационалды, ашық-саналы және дәлелді түрде тәртіпті ойлау".
"Мақсатты, өз-өзін реттеп отыратын тұжырым, ол түсіндіруді, анализдеуді, бағалауды және қорытынды шығаруды көздейді, сондай-ақ осы тұжырымды негіз еткен дәлелді, ұғымдық, әдіснамалық, критериологиялық немесе контексттік түсініктерді түсіндіру".
"Ол сенімімізді қалыптастырудағы зердені қолдану талабы".
Толғаныстық скептицизммен айналысу өнері мен дағдысы (McPeck, 1981)
Сыни ойлау ішке-бағытталған болып, ол ойлаушының рационалдылығын максимумға жеткізуді көздейді. Біреу сыни ойлауды қолданып проблемаларды шешпейді, ол сыни ойлауды қолданып өз ойлау процесін жақсартады.
"Мұқият аналитикалық анықтауға негізделген бағалау".
"Сыни ойлау бір ойлау үлгісі түрі болып, ол адамдардан толғанысты (reflective) талап етеді, сенімдері мен әрекеттеріне жетекшілік ететін шешім қабылдауға назар аудартады. Сыни ойлау адамға логикалы тұжырым жасауға, күрделі ақпаратты өңдеуге, істі әртүрлі жағынан қарауға үйретеді, сөйтіп олар неғұрлым сенімді тұжырым жасай алады".
Сыни ойлауға бірнеше әдіспен анықтама беруге болатынына қарамастан, оның негізгі құрамы туралы жалпы келісімді пікір бар - қанағаттанарлық нәтижеге жетуге деген күшті аңсар, бұған рационалды ойлау мен нәтиженің қозғатуы (result-driven) тәсілі арқылы қол жеткізу керек. Гальперннің ойынша, сыни ойлау бірінші кезекте үйрену қабілеттерін қамтиды, олар проблема шешу, есептеу және ықтималдықтарды өнімді қолдану секілділер. Бұған тағы ойлау процесіне қатысу тенденциясы да кіреді. Станович соңғы жылдары заманауи IQ тестінің сыни ойлау қабілетін өлшей алмайтынын айтты.
Осы заманғы сыни ойлау ғалымдары бұл дәстүрлі анықтамаларды сапа, ұғым және процеске кеңейтіп, жасампаздық, қиял, зерттеу, толғаныс, эмпатия, білімді байланыстыру, феминизм теориясы, субъективтілік, күңгірттік және бейнәтижелік қатарлыларды қамтуға тырысты. Сыни ойлаудың кейбір анықтамалары бұл субъективті тәжірибелерді жоққа шығарады.
Қазақ философиясында Абай Құнанбайұлы сыни ойлаудың жаңа көкжиегін ашушы болды. Абайдың авторитетке бағына салмауды дәріптеген, білім мен сенімде рационалды нақтылық пен дәлелділікті талап еткен кей өлеңдері мен қара сөздері сыни ойлаудың тамаша үлгісі деуге болады. Мысалы Абай айтады:
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты -
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Мұнда өз ақыл көзің жетпей тұрып "ештеңеге, ешкімге сене салма" деп ескертеді, сондай-ақ: "Мұны жазған кісінің, Атын білме, сөзін біл!" - деп, ойдың шын-өтіріктігіне адамның өзі кепіл болмайтынын, дұрыс пікірлерді аты-жөні (беделі) бойынша емес, пікірдің мазмұны бойынша қабылдауды талап етеді. [15]
Сол себепті жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қолдану қарастырылғанымен, баса талқыланатын мәселе - жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды талап етеді. Бұл мәселе берілген зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңартылған білім беру мазмұнында сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану Өзекті болғандықтан, осы тақырыпты теориялық-практикалық тұрғыда зерттеп-негіздеуге алдым.
Зерттеу жұмысының нысаны: Негізгі мектеп оқушыларының меңгеруге тиісті білім көзін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы меңгеруі
Зерттеу жұмысының пәні: Негізгі мектептердегі тәжірибелік-зерттеушілік процесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлауға негізделген жаңа әдіс-тәсілдерді теориялық зерттеу және ғылыми-практикалық негіздеу
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың ғылыми анықтамасын және автор пікірлерін жинақтау;
Сын тұрғысынан ойлау құрылымын
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына негізделген әдіс-тәсілдердің қолданылуын зерттеу;
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсіл түрлерін саралау;
Мектеп бағдарламасында жаңартылған білім беру мазмұнындағы сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану және сабақ жоспарына кіріктіру
Зерттеу жұмысының көздері: жаңартылған білім беру мазмұнынына сәйкес оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер және оның түрлері жайлы ғылыми-теориялық, әдістемелік оқулықтар мен әдебиеттер, әдістемелер, ғаламтор желісіндегі сайттар, ОМЖ, ҰМЖ, ҚМЖ және ресурстар.
Зерттеу жұмысының әдістері: теориялық әдістері: негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, озық іс-тәжірибелерді жинақтау, жіктеу; эмпирикалық әдістер: бақылау, сауалнама, сараптау
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер негізгі мектеп оқушыларына жаңартылған білім беру мазмұны бойынша меңгеруге тиісті білімді сын тұрғысынан оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы меңгертсек, жас ерекшеліктеріне қарай әдістемелік жұмыстар жүргізсек, онда пайдаланылған әдістер мен жұмыстар оқушылардың тақырыпты меңгеріп, толық ақпарат алғанын анықтайды және саналы шешім қабылдауды сабақтарда үйренеді.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлаудың ғылыми анықтамасы
Бүгінгі білім беру саласының басты мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие үрдісін дамыту, білім алушыларға жүйелі, білім берумен қатар қоғамда өз орнын табу, өзін-өзі жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы студенттердің білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру еліміздің барлық білім беру мекемелерінде кәсіптік білім беру жүйелерінің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген мектептер, орта және арнайы, жоғарғы оқу орындары оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде.
Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдыларынан ол қосымша материал іздеп табуы қажет және өздігінен презентация жасауға да дайын болуы тиіс. Оқытушы студентке өз ойын барынша толық жеткізуге қолдау көрсетуі қажет. Осы тұста оқытушы басқа студенттерден: Сіздер не қоса алар едіңіздер? деген сұрақ қойып, аудиториядағы өзге оқушыларды да ойландыруы қажет. Оқушылардың берген жауаптарын оқытушы сынамай және оларға қарсы пікір танытпай: Мынау қызық мәлімет екен, ол жайында ойланып көрмеппін, деген ойды айтып, оларды тиісті мәселе төңірегінде ары қарай сыни тұрғыда жан-жақты ойлануға ынталандырған жөн. Сонда ғана студент ашылып, ойындағысын толық жеткізуге тырысады, ойланады, қысылмай ашық сөйлейді, ізденеді, қосымша мағлұматтар жинақтайды. Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:
өздігінен ойлау;
ойды қорытындылау;
проблемалық және сол ойды бағалай білу;
ойды дәлелдеу;
сын тұрғысынан ойлауды нәтижесін өмірмен байланыстыру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 6 компоненттен тұрады.
Сыни ойлаушы:
өз ойын қалыптастыра алады;
әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;
тақырып бойынша мәселені шеше біледі;
дәлелді пікірталас құра алады;
бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;
кез келген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынын түсінеді және бағалай біледі.[1]

Сыни тұрғыдан ойлау - бұл адамда белгілі бір тақырыпқа немесе тақырыпқа қатысты бар ақпаратты талдау және бағалау қабілеті арқылы көрінетін қабілеттілік, айтылған ақпараттың растығын анықтауға тырысып, осыған байланысты мүмкін болатын сыртқы жақтарды ескермей, осыған байланысты негізделген идеяға жету.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін қажет әрекеттер:
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
-- қызығушылықты ояту;
-- мағынаны ашу;
-- ой толғаныс.
Бірінші кезең Қызығушылықты ояту
Кезеңнің мақсаттары:
-- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
-- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
-- оқушының белсенділігін ояту;
Екінші кезең Мағынаны ашу
Кезеңнің мақсаты:
-- жаңа ақпаратпен танысу;
-- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара -- қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс -- әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
-- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
-- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
-- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
-- инсерт;
-- екі жақты күнделік;
-- қосымша журнал;
-- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе -- эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең Ой толғау
Кезеңнің мақсаты:
-- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
-- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
-- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
-- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
-- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
-- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
-- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. -- кластер құру
-- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
-- түйін сөздерге қайта оралу.
-- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
-- рефлексивті сұрақтар
-- пікір алмасу.
-- шығармашылық жұмыстар
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі. [15]
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану балалардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда Сын тұрғысынан ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
:: тиісті ақпарат жинауды;
:: дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
:: кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
:: ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.[2]
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен - орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.
Сыни ойлау - ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез - келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.[5] Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. [13]

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлауға негізделген әдіс-тәсілдер оқушыны сыни ойлауға баулудың негізгі құралы ретінде
Қазақ тілінің грамматикасының сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып оқытуда нақты тәрбиелік мүмкіншіліктер қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тіл дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы тәрбиелік тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі грамматика сабақтарының салмағы қандай? Деген сұрақтар қойылып, қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамытудың тәрбиелік негіздерін зерделеуді осы бастаудан аламыз. Бұл мәселе туралы қарастырған кезде төмендегідей мәселелер ескерілуі тиіс: қазақ тілін оқытудың тәрбиелік ықпалы, жалпы тәрбиелік мазмұнының құраушы бөлігі болып табылады. Өйткені, әрбір сабақтың, оқушының өз бетімен орындайтын жұмыстарының, сабақтан тыс жұмыстарының ішкі тәрбиелік мүмкіншіліктері болатыны және олардың мол потенциалы болатыны белгілі. Мәселе солардың көзін ашып тануда.
Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Бұған сын тұрғысынан ойлау сабақ құрылымы да әсер етеді.
Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, толғаныс.
Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады.
1) Қызығушылығын ояту стратегиялары: ой қозғау, топқа бөлу, топтастыру.
2) Мағынаны ашу стратегиялары: ассоциация, Венн диаграммасы, бес жолдық өлең.
3) Толғаныс стратегиялары: автор орындығы, бірлескен жоба, эссе.
Ал грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда стратегия түрлерінің қолданылуы арқылы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас (сөйлеу, жазу, айту, оқу) жасауға, ойлау қабілетін дамыту, ойын еркін шешен жеткізе білуге үйретеді.
Оқылым мен жазылым арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы инновациялық педагогикалық әдістердің ішінде мәселені қоюда оқыту тиімділігі тұрғысынан сәтті шыққан әдістердің бірі болып саналады. Сыни ойлауды дамыту технологиясының негізгі ережелері негізгі үш кезеңнен немесе сатыдан тұрады, олар:
1) әңгімеге тарту (вызов);
2) жаңа ақпараттың мәнін түсіну (смысловая стадия);
3) ой қорыту (рефлексия).
Сыни ойлауды дамыту технологиясы оқу әрекеті түрлері бойынша оқыту үдерісін қамтитын белгілі бір әдістер, тәсілдер, мен стратегияларды ұсынады. Әр сатының өзінің нақты, мысалы, әңгімеге тарту сатысына арналған қолданылатын тәсілдер мен стратегиялары бар.
Сыни ойлауды дамыту технологиясы шеңберінде жұмыс істейтін мұғалім төмендегі ережені қатаң сақтағанда ғана, өнімді еңбекке қол жеткізуі тиіс:
1) Сыни ойлауды дамытуға көмектесетін ақпараттық материалды дұрыс таңдау;
2) Сабақ беру әдісін дәл таңдау.
Сонымен, сыни ойлауды дамытуға көмектесетін ақпарат қандай болуы тиіс? Өзекті ақпараттың тез меңгерілетіндігі айтпай-ақ түсінікті. Дегенмен мұғалімдердің пікірі көп жағдайда оқушылардың өзектілік мәселесі жөніндегі ойымен дөп келе бермейді.
Сол үшін де осы мақалада сабақтың алғашқы сатысы - әңгімеге тартуға баса назар аударамын. Сыни ойлау ұстанымдарын жүзеге асыратын мұғалімнің міндеті тақырып бойынша белгілі нәрсені тартып ала отырып оқушыны жалпы білім алуға қызықтыру, жетелеу және пайда болған сұрақтарды анықтау. Пайда болған сұрақтар жаңа білім алуға сұраныс туғызады. Әңгімеге тарту кезеңі жаңа ақпаратқа бағыттайды, дайындық жасатады, сол ақпарат келесі кезеңдерде одан әрі ашылады. Сабақтың бұл кезеңі келелі оқыту технологиясы деп аталады. Классикалық педагогикада жаңа материалды түсінудегі ішкі және сыртқы уәждеменің пайда болуы немесе күшеюіне жағдай жасайтын оқуға қызығушылық деп те атайды. Шындығында, оқушылар өз сұрақтарына өздері жауап беру үшін берілген кезеңде алдарына нақты мақсат қояды: жаңа материал не үшін керек және нені білуі қажет. Оқушылардың өз уәжі мен мақсатының пайда болуы жаңа материалды үйренудегі шығармашылық пен сыни ойлауды дамытатын басты себеп болып табылады.
Әңгімеге тарту сатысының міндеттері:
а) бар білімді белсенділендіру;
ә) жаңа ақпарат алуға ынталандыру;
б) осы сабақта және берілген тақырып бойынша оқушының өз мақсатын анықтап алуы.
Әңгімеге тарту сатысының атқаратын қызметі:
А) уәждемелік (жаңа ақпаратпен жұмыс істеуге қызықтыру, алдына мақсат қою мен оны жүзеге асыру тәсілдеріне ынталандыру);
Ә) ақпараттық (тақырып бойынша бар білімді ішінара тарту);
Б) қатысымды (шиеленіссіз пікір алысу).
Берілген сатының маңыздылығы сол, мұнда сабақтың барлық кезеңдері бірімен тығыз байланысты ғана емес, сондай-ақ бір-біріне тәуелді болып келеді.
Әңгімеге тарту сатысын ұйымдастыру тәсілдері жүйесі жеке жұмысты ұйымдастыру тәсілі ретінде және жұптық жұмыс пен топтық жұмысты ұйымдастыруда да жиі қолданылады. Шақыру сатысын құруды төмендегідей кесте түрінде беруге болады:
1) мұғалім қызметі
2) оқушы қызметі
3) әдістер мен тәсілдер
Бұл саты үйренушілердің зерттейтін мәселесін өзек тілендіруге, тақырып бойынша бар білімін белсенділендіруге, әрі қарай жұмыс істеуге ынталандыруға бағытталған. Үйренуші зерттелетін мәселе бойынша белгілі нәрселерді есіне түсіреді (болжам жасайды), жаңа материалды алғанға дейінгі ақпаратты жүйелейді, өзі жауап алғысы келген сұрақтарды қояды.
Инвентаризация - белгілі ақпараттар тізімін жасау;
Әңгіме - тірек сөздер бойынша болжам жасау;
Шын және жалған бекіту жаттығулары;
Шатастырылған логикалық тізбектер;
Жұптық жұмыс: ой түрткі, миға шабуыл;
Қысқа және шұбалаңқы сұрақтар;
Материалды кескіндік жүйелеу (кластер, кестелер).
Сабақ барысында тәсілдерді таңдағанда белгілі бір жүйелілік пен логика сақталуы тиіс екендігін атап өту керек. Мысалы, егер әңгімеге тарту кезеңінде тірек терминдер немесе шатастырылған логикалық тізбектер қолданылса, онда рефлексия кезеңінде мәтінді оқығанға дейін орындалған тапсырмаларға қайта оралу маңызды, оқушыларға ұсынылған оқиғаны немесе түсінікті хронологиялық немесе себеп-салдарлы жүйеде қайтадан құру тапсырылады. Тәжірибе көрсеткендей, берілген тәсілдерді дайындау және жүзеге асыру өте оңай.
Төменде Мінез және маман тақырыбы бойынша сыни ойлауды дамыту технологиясын сабақта пайдаланудың үлгісі көрсетілген. Қолданылған стратегиялар: инвентаризация, материалды кескіндік жүйелеу, миға шабуыл, Әңгіме - тірек сөздер бойынша болжам жасау; қысқа және шұбалаңқы сұрақтар. Оқудың мақсаты - лексикалық дағдыларды тыңдалуым, сөйлесі, жазылым арқылы жүйелеу. Қатысымды мақсаты - нағыз дос қандай болуы керек, үлгілі отбасы қандай болуы керек, адамдардың қандай қасиеттері құнды деп есептейсіз деген сұрақтар төңірегінде пікір алысу т.б.
1-қадам
Мұғалім балаларға қағазға 9 баспалдақтан тұратын саты жасауды өтінеді. Төмендегі сатыда ең әлсіз эмоционалды (жағымды, жағымсыз) сөздер жазылады. Жоғары сатыда керісінше күшті, эмоционалды сөздер жазылады. Қандай адамдарды жақсы көресің, жек көресің. Түсіндіріңіз.
Дос деп санайтын адамдарды сипаттаңыз. Неліктен?
Тамаша отбасы қандай болады? Сипаттаңыз. Төмендегі мамандықтарды сипаттау үшін не керек? (Тәрбиеші, кітапханашы, заңгер, дәрігер).
2-қадам
Мұғалім сын есімдер қатарын оқиды. А) Мінез-құлықты сипаттайтын сөздер. Б) Отбасылық қатынастарды сипаттайтын сөздер. Әрине, сын есімдер тізімін өзгертуге де болады. Оқушылардың міндеті сын есімдерді жеке қасиет құндылықтарына сәйкес баспалдақтарға орналастыру.
Жұмыс барысында оқушылар сөздердің орнын ауыстыра алады. Мысалы, көпшіл, тұйық, жауапты, қайырымды, тәрбиелі, мейірімді, әдепті, әзілқой, кертартпа, мақсатшыл, табанды, т.б.
3-қадам
Оқушылар сөздерді неге осылай орналастыру себебін түсіндіру керек.
Мейірімді, қайырымды адамдарды жақсы көремін. Көңілді адамдармен дос болуды жақсы көремін. Мен қайырымды, көпшіл адамдарды ұнатамын. Мен қатыгез, қатал адамдарды ұнатамын. Мен көңілді адамдармен дос болғым келеді. Мен әзілқой адамдармен дос болғым келеді. т.б.
Кесте сызылып, карточкалар жасалады. Карточкалар оқушылардың санынан 3 есе көп болуы тиіс. Карточкаларда адамның қасиетін сипаттайтын сөздер жазылады. Карточкаларды оқушылар өз қалауынша ауыстырып алуына болады.
Осы технология оқылым мен жазылым арқылы сыни ойлауды дамытатын болғандықтан, оқылымға үйрету сабағында әңгімеге тарту кезеңін ұйымдастыру тәсілдерін беріліп отыр. Берілген мысалдарда ақпараттық материалды кескіндік жүйелеу стратегиясы пайдаланылады. Тапсырманы және оны жүргізу формаларын мұғалім сабақтың мақсатына, мәтін түріне және оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай анықтайды.

1-қадам. Мұғалім тақырыпты атап, мәтіннің атауын хабарлайды, оқушылардан кейіпкер туралы ақпараттарды, жалпы ол туралы не білетінін еске түсіруін сұрайды, өтінеді. (Мен білемін).
2-қадам. Мұғалім оқушылардан осы мәтін арқылы не білгісі келетінін, кейіпкер туралы не білгісі келетінін айтуды өтінеді. (Нені білгім келеді?)
3-қадам. Мәтінді оқып, кестенің үшінші бағанын толтыру. (Не білдім?)
Абылай хан мәтінімен жұмыс
Мысалы, мен білемін бағаны бойынша жауаптар:
1) Мен Абылай ханды белгілі адам ретінде білемін.
2) Мен Абылай ханды атақты адам ретінде білемін.
3) Мен Абылай ханды тарихи адам ретінде білемін.
4) Мен Абылай ханның туған жылын білемін.
5) Мен Абылай ханның туған жерін білемін.
6) Мен Абылай ханның қайтыс болған жылын білемін.
Екінші баған бойынша, нені білгісі келеді, соны жазады.
Мысалы,
1) Мен Абылай ханның өмір жолы туралы білгім келеді.
2) Мен Абылай ханның қандай адам болғанын білгім келеді.
3. Мен Абылай ханның кім болғанын білгім келеді.
Үшінші баған мәтін оқылып болған соң толтырылады. Оған дейін нені білдім бағанына жазылатын сөйлемдер үлгісі:
1) Мен Абылай ханның шын атын білдім.
2) Мен Абылай ханның мұсылманша жақсы білім алғанын білдім.
3) Мен Абылай ханның домбыраны жақсы тартқанын білдім.
4) Мен Абылай ханның жастай жетім қалғанын білдім.
5) Мен Абылай ханның шығыстың жеті тілін білгенін білдім.
6) Мен Абылай ханның 20-дан астам күйі бар екенін білдім т.с.с.
Бұл тапсырманы жеке де, жұптық тапсырма ретінде де, топта да орындай беруге болады. Әр кезеңнің соңында ұжымдық талқылау жүргізіледі. Маңызды ақпараттар мен аса қызықты мағлұматтар кестеге, тақтаға немесе плакатқа жазылады.
Сын тұрғысына ойлау технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жеткіздік. Нақтылай қорытынды жасасақ, оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.
Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі, өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады. Топпен жұмыс істеуге үйренеді. Жан дүниесін тәрбиелейді.
Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.
Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамытумен қатар тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы. [11]

Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсіл түрлері
1.Дәлелденген эссе әдісі - белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. ( тақырып жайында шолу жасап, оқушы пікірін тыңдап болып, таңдауларын жасағаннан кейін мұғалім немесе оқушы өзі пікір білдіруі керек. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір (яғни жақтамайды, немесе келіспейді) айтса, ал екіншісі тура пікірде (яғни жақтайды, немесе келісетінін білдіреді) болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыруы керек.
2. INSERT- әдісі Түртіп алу жүйесі - мәтінмен жұмыс кезінде орындаған жөн. Бұл әдісті пайдалану үшін мәтіннің талдануға ыңғайлы, баланың түсінігіне лайық, жете меңгере алатындай бірнеше мәліметтері болуы керек. Оқушы мәтінді оқу кезінде бірнеше белгілер қойып отырады. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
! - білемін
- - келіспеймін
+ - мен үшін жаңа
? - таң қалдым, сұрақ туды
Оқып, белгілеп болғаннан кейін оқушы жеке отырып кестені мәліметтермен жоғарыдағы үлгі бойынша толтырады. Артынан жұппен, топпен талқылау өткізеді.
3. Әдеби үйірме әдісі - берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топтарға бөлу.
1-топ Сілтеме табушылар. (Мәтіннің қызықты жерлерін табады)
2-топ Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды)
3-топ Баяндаушы. ( Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.)
4-топ Ізденуші. ( Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды)
5-топ Реттеуші. ( Ой талқысына қатысады, кезекпен сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.)
4. Биопоэма әдісі - сынып оқушыларын екі-екіден жұптап отырғызу. Төмендегі сұрақтарды тірек ете отырып, бір-біріне сауалнама өткізеді. Сол арқылы бір-бірін жақынырақ танып, көршісі туралы поэма жазады.
Мақсаты: бір-бірімен жақынырақ таныстыру, толығырақ білу.
1.Аты.
2. Үш-төрт етістік ( нені жасағанды ұнатуына байланысты).
3.Басқалармен қарым-қатынасы.
4.Үш-төрт ұнататын заты.
5.Үш-төрт басынан өткізген немесе қазір сезініп отырған сезімі.
6. Екі- үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы)
7.Екі-үш көргісі келетін немесе сезім ұялататын заттары.
8.Ол қорықпайтын екі-үш заты.
9.Мекен-жайы.
10. Фамилиясы.
5. Ішіне және сыртына әдісі - оқылған өлеңге немесе мәтінге т.б. байланысты алуға болады.
6. Венн диаграмма әдісі - Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.7. Эссе Ой толғаныс әдісі -берілген тақырыпқа немесе тақырып атынан шағын әңгіме жазу, ЭССЕ - тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.
8. Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. немесе - Еркін жазу әдісіБұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.Сабақтың әр бөлігінде тоқталу керек.
9. Дұрыс-бұрыс әдісі- тұжырымдар кестесі
Ескерту. Кесте артық бөлімдермен сызылуы керек. Барлық оқушыларға алдын ала таратылады. Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, Дейін бөліміне + таңбасын, ал егер келіспесе - таңбасын қояды.
10. Кубизм Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)Ой толғау (бұл неден жасалған?)Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 - сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі - түсті түрде пайдалануға болады. Кубтың әр қырына түсіндіріңіз, суреттеңіз, зерттеңіз, талдаңыз, қолданыңыз, салыстырыңыз деген сияқты жұмыс атауларын да жазуға болады.11. Кластер немесе Топтастыру , Жинақтау әдісі - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру.
а) жұпта талқылау
ә) топта ой бөлісу
б) Ортақ пікірлерін плакатқа маркермен жазып, тақтаға іліп қойып түсіндіру немесе қысқаша ойларын айту.
12. Sinkuein Синквейн тәсілі. немесе Бес жолды өлең әдісі - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.Немесе:
* Зат есім-1
* Сын есім-2
* Етістік-3
* Мағыналас сөз-1
* Мәндес сөз-1 немесе т.б.
13. Геометриялық фигуралар әдісі- бұл әдістің құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлері
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Шығармашылық ойлау дағдысы
Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Оқушылардың шығармашылықты дамытуының өлшемдік сипаттамасы
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жайлы
Пәндер