Кредиттік комитетінің қарауына құжаттар даярлау


КІРІСПЕ
Банк жүйесі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырады әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.
Несие жүйесінің институционалдық құрылымының оңтайлы формалары, капитал нарығында тиімді жұмыс істейтін тетіктер, коммерциялық құрылымдардың жаңаша қызмет көрсету әдістері ұдайы іздестіріледі. Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру - Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым-қатынасын және олардың клиенттерімен арадағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды түбегейлі өзгерту қажет.
Жаңа банк тетігін халықаралық іс-тәжірибеде қабылданған әрі нарықтық қаржы құрылымының тәжірибесіне сүйенетін ұтымды принциптерді несие мекемелеріне енгізу жолымен ғана құруға болады. Бұл жағынан алғанда, халықаралық іс-тәжірибені, ақшалай ресурстарды шоғырландырудың, несиелеудің және есеп айырысудың тәсілдері мен формаларын терең оқып-білудің маңызы зор.
Банк ісінің осы заманғы әдістерін жақсы меңгерген банктер ғана қатаң бәсекелестік жағдайында жетістікке жете алады.
Несие үрдістері - қазіргі заманғы коммерциялық банк қызметтерінің негізгі аспектісі. Несие операциялары - бұл несие алушының несие берушінің уақытша ақшасын пайдаланып, төлемін кейінге қалдыруы. Осы жерден банк қызметкерлерінің жұмыстарының жиынтығы
Несиелік операцияларға байланысты коммерциялық банктердің негізгі мақсаттары:
- Қызмет көрсетуді күшейту және оның тиімділігін арттыру;
- Қағаз түріндегі документтердің санын азайту;
- Тапсырыс берушілердің санын арттыру;
Несиелік процесс - сапалы және жоғары табысты, несиелік қаржыны құруда банк жұмысы.
Несиелік процестің дұрыс ұйымдастыру несиелік тәуекелділігінің минималдануына әкеп соқтырады.
Несиелік процесс 2 сатыдан тұрады. Бірінші сатыда несиелік арыз терең талдаудан өтеді. Несие берілгеннен кейін несие процесінің екінші сатысы - несие қоржының мониторингісі жалғасады. Оның мәні арыз берушінің қызметіне бақылау жасап отыру. Несие процесінің бірінші сатысының жауапкершілігі мол, өйткені осы сатыда несиелік тәукелділіктің алдын алуға болады. Қарыз алушыны талдауда банкир үшін ақпараттың негізгі көзі болып оның бухгалтерлік есебі саналады.
Осы тапсырмаларды тиімді шешу үшін негізгі операцияларды автоматтандыру қажет, яғни несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызу қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты үлкен көлемдегі ақпараттар ағымын өңдейтін, талдайтын және соның нәтижесінде бір дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін несие үрдістерін басқарудың АЖ-сін тұрғызу.
Жүйенің тағайындалуы - қарыз алушының өтінішін, шартқа сәйкес несиені өтеу қабілетін талдау және қарыз алушының несие тарихын енгізу.
Қолданыс аймағы - несие мекемелері.
Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, АЖ-ң деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін салалары, қорытынды, қолданылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.
Теориялық бөлімде несие үрдістері, қолдану саласын талдау, АЖ-нің экономикалық мағынасы, екінші деңгейлі банктердің құрылымын анықтау, несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызу мақсаты, ақпараттық технологияларды талдау, несие үрдісерін басқарудың АЖ-сіна қойылатын талаптары анықталған.
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
1. 1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және даму конюнъктурасы
Қазіргі заманғы мемлекеттің қажылық және ақша несиелік саясаттық әрекеті ғылым теоретикалық база мен шынайы экономиканы түбегейлі зерттеуге негізделді. Осыған байланысты 1986-1993 ж. ж нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы қаржылық және ақша несиелік қатынастарды талдап көрейік. Республикада нарыққа өту кезеңіндегі объективті экономикалық шарттамалармен шынайы өзгерістерді есепке алмасақ, талдау толық болып шықпайды. Олар калай мінезделеді?
Алғашқы кезең (1986-1989 ж. ж) бұрынғы жылдар экономикасына сыни көзқараспен қарау, жедел дамуға бағыт алу, өндірісті интенсификациялау, толық жеке есеппен өзін-өзі қаржыландыру, жалақы өсімі тыйымын алып тастау, өндірістік-техникалық өнімдері мен тұтыным тауарларына келісімдік баға қою.
Екінші кезең (1990-1991) экономиканы қаржылық тұрақтандыру мен республикада нарықтық қатынастарды енгізуге байланысты жедел шаралар бағдарламасын қабылдау. Халыққа ақша құралдарын өсіммен беру, қолма-қол ақшаны ұстау, өндірістік құрылысқа бюджет тарапынан бөлінетін ақша көлемін қысқарту. 1990 ж. бастап республикада өндірілген ұлттық кіріс он екінші бесжылдықта 1989ж. салыстырғанда 4, 4% қысқарды. өндірістің құлдырауы экономиканың барлық сфераларын қамтиды, бұл тек тұтыну тауарларының ғана емес, өндіріс өнімдеріне де қажеттілік туғызады.
Үшінші кезең (1992 және одан кейінгі жылдар) 1992ж. 2 қаңтарында Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өтудің алғашқы қадамдары жасалды: тұтыну тауарлары мен өндіріс құралдарының көбінің бағасы төмендеді. 1991ж. аяғында жағдайдың ауырлап кеткендігі соншалық, кейбір өндірістік орталықтар мен қалалар жапа шейн жатты, ал БАҚ, ТМД барлық елдері, оның ішінде Қазақстанда да аштық болу мүмкіндігі туралы мақала шыққандықтан, оны әрі қарай ұстап тұру мүмкін емес еді.
Ссудалық қарыз өлшемінің қысқаруы мекемелердің қаржылық жағдайының біршама жақсаруы, аяқталмаған өндіріс шығындарына бағыттап қатардағы ұйымдарға несие беруді тоқтату, несиелеу әдістерінің өзгертілуі, норматив өсімі мен өзіндік айналым қорының жетіспеуі салдарынан алынған ссудаларды төлеу, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте мерзімі біткен несиелерді төлеу әсерінен келіп шықты. Саудада тауар қорының қалдығы бағасын төмендедіп бөлшектік тауар айналымын ұлғайтудан көрінді. Сонымен бірге жалпы республика бойынша қысқа мерзімді ссудалар жабылуы халық шаруашылығы мен оның қаржылық жағдайының жақсаруынан емес, 1985ж. бастап 3, 7 есе асып, 1991 ж. республиканың Ұлттық Банкінің есебі бойынша 2, 5 млрд. руб. құраған қарызды төлемей қалдыру салдарынан болды. Несиелік ресурстардың көп бөлігі банк ссудалары бойынша мерзімі өтіп кеткен болып саналады. Ең көп төлем төлемегендер қатарында совхоздар, колхоздар, өндірістік-техникалық қызмет көрсететін мекемелер мен құрылыс ұйымдары болып еді. Республиканың ауыл шаруашылығындағы қаржы және төлемдік дисциплина жағдайының бұлайша төлемдеуі өзіндік айналым ақшасын сақтап дұрыс қолдана білмеу, істі тиімді жүргізуге деген экономикалық стимулдың болмауынан еді. Неиелік ресурстардың әрбір төртінші рублі өндірістік мақсатқа емес бюджеттік дефицит пен мемлекеттік қарызды жабуға және тамақ асырауға жұмсалған болатын. Орталықтандырылған несиелік ресуртарды қолдануда да біраз түсініспеушіліктер туындады.
Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы мынадай кестемен берілген.
Кесте 2 - Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі туралы мәліметтер
06.
2003
06.
2004
1. Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:
оның ішінде:
Шетел капиталының қатысуыменен,
оның ішінде:
100% / 50% - дан аса,
оның ішінде:
еншілес банктер
16
9/7
12
16
9/6
11
17
9/6
11
16
10/4
10
15
10/5
10
1991 жылы орталықтандырылған ресурстар есебінен берілген несиелердің 36% жуығы мемлекеттік қарызға кететін. Ақшаны дұрыс қолданбаудың осындай салдары ақыры Қазақстанның 1992ж. 1 қаңтарына дефицитпен (дебетті сальдо) шығуына әкелді, бұл КСРО өзге тәуелсіз мемлекеттерінен ақша сұрау деген сөз еді.
Жалпы республика бойынша 1992ж. 1 қаңтарында несиелік салымдар көлемі 26 есе ұлғайды. Несиелік салымдардың ұлғайтылуы халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік жүзеге асты. 1991ж. несиелік салымдар құрылымы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Тұтыну бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған несиелер үлесі 49, 0-дан 26, 8% әлеуметтік бағдарламалар 19, 2-ден 14, 2% түсті, халықтық тұтыным тауарларын өндіру мен халыққа қызмет көрсету сәйкесінше 6, 6-дан 6, 3%, 1, 5-тен 1, 1% төмендеді, бұл республикадағы несиелік қатынастар тиімділігінің жетіспей жатқандығының дәлелі еді. Пайыздық ставкалар өлшемі ұлғайюы салдарынан халыққа тұтыну кооперацияларына, жеке еңбекпен айналысушы тұлғалар мен кооперативтерге берілетін қысқа мерзімді несиелер көлемі азаяды. Әрине пайыздық ставкалар жоғары болған жағдайда ақша құралдары айналымы мен өндірілетін операциялары мен қызметтер кірісі жоғары сауда құрылымдары ғана несие ала алады. Коммерциялық банктердің көбісі кіші коммерциялық құрылымдарды несиелеумен айналысты. Мұндай құрылымдар көбіне сырттан әкелінетін тауарларды сатумен және банктегі қолма-қол емес ақшаны қолма-қолға айналдырып, оны тұтынушы рыногына жіберумен айналысты. Ақша жеке қорларда қалып, айналымға түспегендіктен инфляцияның жаңалегіне әкелді. Қазақстан Үкіметі 1992ж. берілген несиелік салымдар қатынасы 1991ж. салыстырғанда жақсарады, бірақ салықтың көбеюі, бағалар өсімі мемлекеттік өндіріс пайдасынан асып түскендіктен олардың жағдайын қиындата түсті. Осыған байланысты Қазақстан экономикасындағы басты қиыншылықтардың бірі несиелік эмиссия көлемінде ғана емес, сол несиелердің көп бөлігінің экономикаға қарама-қайшы мақсаттарға берілетіндігі: мемлекеттік өндірістер мен өкіметтік бюджет қарызын өтеу мақсатында жұмсалды. 1992ж. әрбір сегізінші өндіріс шығындармен, әрбір екіншісі-шаруашылық қызмет көрсетумен, әрбір үшіншісі - коммуналды шаруашылық және саудамен аяқтады. Өндірістерге берілетін несиелердің көбі мыңдаған жалақыларға айналды. Мысалы 1993ж. басында жұмысшылар мен қызметкерлер жалақысы Халық Банк эмиссиялық ақшасы есебінен төленді. Соңғы жылдары бағаларды либерализациялау мен экономикадағы дағдарыстың ұлғаюы шарттамаларында жеңілдік негізінде банк несиелерін беру туралы халық банкіге мемлекеттік сектор министрліктерімен өндірісті тарапынан қысым күшейді. Мұндай жағдай экономика тұрақтылығы мен республикадағы қаржы-несие жүйесінің кызметіне кедергі келтіреді.
Сөйтіп сараптау нәтижелері көрсеткендей нарыққа көшу мен бағаларды либерализациялау жағдайында 1992ж. қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы мен несиелік қатынастар дамуында жаңа бағыттарды айқындап берді. Мұның барлығы несиелік қатынастар дамуында қарама-қарсы көзқарастар туындатты.
Ондай жағдайда себептері қандай?
1. ТМД елдері өндірістеріне, әсіресе Ресейге үлкен дебиторлық қарыздың болуы. Қазақстан өнеркәсіптері нарық жағдайындажұмыс істеуге тез көндігіп кете алмағандықтан, өз өнімдерін сыртқа шығарды бірақ ол үшін еш материалды құндылықтар ала алмады. Оларда қаржы ресурстарының жетіспеушілігі байқалады да олар өзін-өзі қаржыландыру көзін іздеуге мәжбүр. Мұндай көз болып коммерциялық банктер несиелері саналады. Өз кезеңінде коммерциялық банктер өз несиелік ресурстарын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталықтанған несиелік ресурстары есебінен шешті. Несиелік қатынастардың қазір әрекет етіп жатқан жүйесін жалғастыру республиканың қаржылық және несиелік ресурстарын тиімді орналастыру мәселесін шешпей, қайта шиеленістіре түседі, өйткені несиелік ресурстарды ТМД-ның өзге елдерінен алу республиканың сыртқы қарызын ұлғайта түседі де, ел осы мемлекеттерге экономикалық жағынан бағынышты болады. Сөйтіп парадоксты жағдай туындайды, Ресей орталық банкіне алынған несиелері бойынша қарыз болып шығады.
Несиелік қатынастарды дамыту ісіндегі тағы бір өзекті әрі жаңа жағдайға назар аударып көрейік. Егер 1992ж. 1 шілдесіне дейін республика орталықтандырылған несиелердің берілуіне назар аудармаса (өйткені Ресей орталық банкі ТМД елдеріне берілген несиелік эмиссияға бақылау орнатқан жоқ) енді жағдай мен экономикалық шарттамалар түбірімен өзгерді. 1992ж. 1 шелдесінен бастап ТМД елдерінің несиелік эмиссиясын Ресей Орталық банкі бақылауға алған және бұл инфляцияны ұстап тұруға септігін тигізеді. Әрине Қ. Р. Ұлттық Банкі дәл бұрынғыдай коммерциялық банктерге несие беріп, өндірістердің жағдайы жақсы деген түп танытуына болады, яғни есепшоттарды бос ақша, коммерциялық банктердегі корреспонденттік есепшоттарды несиелік сальдо болады, бірақ бұл ақшаны өндірістер Қазақстанда тауарлы материялды құндылықтар болғанда, не ТМД Орталық банктерінде корреспонденттік есепшоттарды ақша құралдары болғанда немесе республиканың корреспонденттік есепшотын толықтыру үшін осы елдерден алынған несие болғанда ғана олар айналымға енеді.
Сөйтіп нарықтық қатынастарға өту мемлекеттік меншікті сақтау көбейту мен тиімді басқаруды талап етеді. Әлемде мемлекеттік мүлікті басқарудың үлкен тәжірибесі жинақталған соны зерттеп, шынайы экономиканы есептей отырып, шаруашылықта қолдану қажет.
Қаржылық және ақша несиелік қатынастар талдауы көрсеткендей баға факторы республиканың барлық қаржы - несиелік сферасына кері әсер етті.
Бірақ еркін бағаға өтудің жақсы жақтары туралы да айта кету керек. Оларға алдымен ақша және тауар массалары тепе-теңдігін тұрақтандырылуын жатқызуға болады. Баға либерализациясы басталмас бұрын, ақша секілді арзан тауар болмағаны белгілі. Бұл жетіспеушілігі жоқ жалғыз тауар болатын. Сол кездегі өндірістердің басты міндеті материялдық ресурстар қорын жаулап алу болд, ал ақша көп және оны кез-келген мезетте банктен алуға болатын еді. Сөйтіп халық шаруашылығы мен өндірістердің ақша қаржы мен несие деген көзқарастары өзгерді. Өндірістер назары жетіспеушілік ресурстардан өз тауарын төлемге қабілетті тұтынушыны іздеуге ауысты. Шығынға бағытталған экономика енді сұранысқа бағытталды. Ресурс шектеулі экономика сұранысы шектелген экономикаға айналды. Шаруашылықтардағы мұндай өзгерістер мемлекеттің эконимканы ақша, қаржы және несие арқылы басқаруына мүмкіндік береді.
Республикадағы экономикалық және қаржылық тұрақтылық ақша және несиелік эмиссияны шектеуге бағытталған қазіргі шарттамаларға сәйкес тиімді ақша - несиелік саясаттың жасамдалуымен байланысты. Қатаң ақша-несиелік саясаттың жүргізілуі өндіріс және тұтыну сфералары, баға мен инфляцияның өсуіне қатысты болып отыр. Осы шарттарға сәйкес Үкімет пен Ұлттық банк бір себептен тұрақтандыру кезеңіндегі өз бағытын дұрыс таңдап алды: өндірістің құлдырау процесі мен инфляцияны төмендету ұлттық валютаның сатылым мүмкіндігін бекіту. Аталған бағыттар негізінен республика өкіметі мен Ұлттық банк жүргізіп отырған белсенді монетарлық саясат арқылы ақшаны басқаруға негізделді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (34-бабының 1-тармағы) «несиелік операция банктің (несие берушінің) басқа тұлғаға (несие алушыға) клиентке қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттарымен ақша беруі болып табылады» деген ұғым айқындалған.
Қандай болмасын банктің негізгі классикалық операциялық қызметінің түріне банктік несиелендіру жатады. Банктік несиелендіру банктер тарапынан жатпай-тұрмай әрі асқан белсенділік танытып іске асырылатын активті банктік операция болып табылады.
Қазақстандық барлық банктердің несиелер бойынша экономикаға негізгі қарызы бір тоқсанның ішінде 2, 3%-ға (жыл ішінде 6%) өсіп, 1036, 6 млрд. тг. (7, 46 млрд. АҚШ долл) болды. Екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына құйған несиелік жұмсалымдары 2006ж. 1 қыркүйекке қарай 2405, 2 млрд. тг-ні құрады. Олардың тұрақты серпінмен ұлғаюы байқалды. Несиелік жұмсалымдардың жалпы көлеміндегі ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 66%-дан асады, шетел валютасындағы несиелердің үлесі 50%-ға жуық құрады.
Сонымен қатар, ұлттық валютада берілген несиелердің өсу қарқыны шетел валютасындағы несиелердің қарқынынан артық болды. Жыл ішінде ұлттық валютадағы несиелердің мөлшері 5, 2% өсіп 484, 6 млрд. тг-ге жетті, ал шетел валютасындағы несиелердің мөлшері 0, 1% кеміп 552, 1 млрд. тг. құрады. Нәтижесінде тенгедегі несиелердің үлесі 45, 4%-дан 46, 7%-ға дейін өсті.
Банктердің несиелік операциялар өңдірістің ыдырауы, экономиканың тұрақсыздығы жағадайында едәуір өсетін тәуекелмен байланысты. Бұның ішінде табыс мәселеге қарамастан тәуекелді операциялардың бөлігі неғұрлым аз банктің сапалы несиелік портфелінің қалыптасудың қажеттілігін анықтайды. Тәуекел дәрежесі несиелік ресурстардың бағасы мен банктің әкімшілік шығындарын есептеумен несие бойынша табыстың жалпы нормасына сәйкес болу керек. Несиелендіру тәжірибесін жетілдіру банк үшін оптималдық несиелендіру ұйымдастыруды керек етеді.
Аталған банктердің несиелік шартты әзірлеу кезінде берілетін несие кезінде:
- банктік несиенің түрі;
- несиенің мақсатты бағыты;
- берілетін несиенің сомасы;
- несиені пайдалану уақыты;
- несиені өтеу тәсілі;
- несиенің қайтарымдылығын, ақылылығын қамтамасыз ету жолдары;
- несиенің бағасы және т. б. мән-жайлар сияқты негізгі сипаттамалары айқындалады.
Несие алушыға несиелік ресурстар әртүрлі мақсатпен берілуі мүмкін. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға:
- айналым капиталы өсіру үшін (халық тұтыну тауарларын, шикізат сату және т. б. ) ;
- негізгі капиталға кіші инвестицияларды жасау (жылжымайтын мүлік, патент, қосымша құрал-жабдықты сату) ;
- тұтынушылық мақсаттармен - яғни, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсаттарға (автокөлік сатып алу, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, білім алуға, демалуға, емделуге) берілетін несиелер. /26/
Несие беруші банк клиентке несиелік шартта көзделген мөлшерде және жағдайда акша қаражаттарын беруге, сондай-ақ клиенттің банктік шоты жөніндегі банктік құпияны сақтауға міндетті.
Банктің клиенті, өз кезегінде, берілген несие сомасы мен оны пайдаланғаны үшін белгіленген банктік пайызды қайтаруға және берілген несие сомасын мақсатқа сай пайдалануға міндетті болады.
Банктік несиелер ұсыну ұлттық және шетел валюталарда жасалынады да, келесі негізгі сатылар бойынша жүргізіледі:
- банктік несие алу туралы өтініштерді бағалау;
- банктік несиелерді беру туралы шешім қабылдау;
- банктік несиені беру;
- банктік несиелерді бақылау.
Мемлекетіміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңі нарықтық түрлендірілулердің жауапты кезеңіне өтумен сипатталады. Аталған түрлендірулер өндіріс құлдырауын тоқтатып, экономикаға әсер етудің қаржылық әдістерін пайдалану арқылы оның тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған. Ал бұл, өз кезегінде, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары мен стратегиясында көрініс табады. Тұрақты әрі үнемі өсіп отыратын экономикалық дамуға дұрыс қызмет атқаратын ақша-кредиттік жүйе мен қаржылық сфераның сәйкес механизмінсіз қол жеткізу мүмкін емес. Ал аталған ақша-кредиттік жүйе және қаржылық сфера сақтандыру ісінде маңызды орынға ие.
Бөлімді қорыта келе, ақша-несиелік жүйе мен ұлттық валюта тұрақтылығы мәселесін бірдей шешіп тастау мүмкін емес. Аталған сферадағы тұрақтылық экономикалық даму деңгейімен байланысты. Жақын арада ішкі рынокта тауар және қызметкерлермен толтырып, төлемге қабілетті сұранысты қолдау, экспортты күшті потенциал құрып, салықтық реформа, баға реформасын жүргізіп бюджетті бір жүйеге келтіру керек. Және алғашқысынан шынайы экономикалық нәтижелер алғаннан кейін ғана келесі кезеңге өту мүмкін болмақ.
1. 2 Коммерциялық банктердің несиелендіру операцияларын ұйымдастыру және несиелендіру процесінің ұйымдық сатылары (этаптары)
Банктің және оның филиалдарының несиелендіру іс-қызметі Қазақстан Республикасының заң актілері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі талаптарының ауқымында жүргізіледі, сонымен қатар Банктің өкілетті органдарының жарлықтық және нормативті-әдістемелік құжаттарына да сәйкес жүргізіліп, сапалаы несиелендіру портфелін құруға, берілген несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуге және несие беру операцяиысның тиімділігі мен жоғарғы табыстылығын да қамтамасыз етуге бағытталады.
Өз клиенттеріне несие беруді Банктің Несие саясаты және несиелендірудің жалпы принциптері негізінде жүргізіледі:
- мерзімдік;
- төлемдік;
- қайтарымдылық;
- қамтамасыздық;
- қаржыны мақсатты пайдалану.
Банктің несиелендіру принциптері несиелендіру механизімінің бастапқы элементі болып табылады және несиенің қызмет етуіне нақтылы жағдай жасалынып, оны пайдаланудың ауқымы (сферасы) мен шаруашылықтағы ролі айқындалады. Банкті несиелендірудің барлық принциптері бірімен-бірі тығыз байланысты және өзара тәуелді болып келеді. Мысалы, банктік несиелендірудің қамтамасыздық принципін сақтамау төлемдік және қайтарымдық принциптерін орындамауға әкеліп соқтыруы мүмкін және оған қарама-қарсы эжағдай орын алуы да мүмкін, яғни принциптердің біреуін бұзушылық (орындамау), басқа принциптерге жайсыз әсерін тигізеді.
Әр түрлі меншік сферасындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға, жеке тұлға кәсіпкерлерге (ары қарай-“қарыз алушы”) несие беруді Банк балансының өтеулілігін (ликвидность) анықтайтын нормативтер, лимиттер (шектеулер) туралы Ережелерге сәйкес бекітілген несиелендіру шегінде және қолда бар несиелендіру ресурстары көлемінде жүзеге асырады ( жүргізіледі) .
Несиені берудің шарты, оны қарыз алуышының өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз етуі мен міндеттемелерін толығымен орындалуы болып табылады, бұл жағдай оның кепілдік беруімен жүзеге асырылады:
- бағалы тауар-құндылықтары (дайын өнім, шикізат, айналымындағы тауарлар) ;
- қондырғылар (станоктар, технологиялық линиялар, т. с. с. ) ;
- көлік-тасымал құралы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz