Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Қабланбек Г.Н.
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы екінші сынып оқушыларының тілін дамыту
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Білім беру бағдарламасы: 5В010200 БОПӘ
Петропавл 2021

Педагогика факультеті
Бастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі
кафедрасы
Қорғауға рұқсат берілді:
Кафедра меңгерушісі
Қабланбек Г.Н
______________________
___ ___________20___ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы екінші сынып оқушыларының тілін дамыту
Білім беру бағдарламасы: 5В010200 БОПӘ
Орындаған Қабланбек Г.Н.
Ғылыми жетекші Қабланбек Г.Н.
Петропавл 2021
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Әдебиеттік оқу сабағы және халық ауыз әдебиеті 6
1.1 Қазақ тарихының негізгі дерек көзі халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлері 6
1.2 Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің Әдебиеттік оқу сабағындағы орны 21
1.3 Бастауыш сыныптарда халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту 24
Қорытынды 66
Пайдаланылған әдебиеттер 69
Кіріспе
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан жолы-2050: Бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуының нақты нәтижесіне шоғырланған Мәңгілік Ел тұжырымдамасын негіздеп баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстанның ұлттық рухын- дәстүрлер рухын, патриотизм, жаңару және жеңістерді нығайтуға шақырды. Елбасы өскелең ұрпақ үш қағида бойынша - бейбітшілік, келісім, саналы еңбекке тәрбиеленуі тиіс екендігін атап өтті.
Осыған сәйкес тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі: Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа, патриотизм және толеранттылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Мектеп ұйым педагогінің міндеті - болашақ ұрпаққа жинақталған білімді сақтайтын және ұқыппен жеткізетін, өз отанының тарихын, салтын, дәстүрін құрметтейтін және ана тілін білетін, шынайы патриоттарды тәрбиелеу.
Алғашқы азаматтық және патриотизм сезімі балаларда отбасында және балабақшада байқалып тәрбиеленеді. Жақындарына, туған өлкесіне, туған еліне сүйіспеншілік тұлғаның қалыптасуында зор рөл атқарады.
Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу құралдарының бірі халық ауыз әдебиеті болып табылады:
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы екінші сынып оқушыларының тілін дамыту.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: халық ауыз әдебиетін әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілдік деңгейлерін арттыруға, ой өрістерін дамытуға, еліміздің патриоты болып тәрбиеленуіне, халқымыздың қандай халық екенін жастайынан санасына қалыптастыруға, дүнетанымын кеңейтуге, адамгершілікке тәрбиелену, білімін тереңдету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
оқушылардың санасына халық ауыз әдебиетімізді сіңдіру;
келешекте салт-дәстүріміздің ұмытылып кетпеуіне жағдай жасау;
туып өскен еліне деген, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;
бастауыш сыныптарда халық ауыз әдебиеті арқылы 2-сынып оқушыларының тілін дамыту;
оқушылардың сана-сезімін дамыту;
тарихымызды жас ұрпақтың бойына жастайынан қалыптастырып, жоғары деңгейге жеткізу;
әдебиеттік оқу сабағының барысында оқушыларды тек тақырып бойынша ғана оқытпай халқымыздың тарихымен таныстыру арқылы білімдерін жоғары дәрежеге жеткізу;
ұлттық рухани құндылықтарымызды оқушылардың бойларына сіңірту.
Зерттеу болжамы: Жалпы қазіргі жас ұрпағымызға жастайынан халық ауыз әдебиетін сабаққа кірістіріп оқытсақ салт-дәстүріміз жалғасып, ауыз әдебиетіміз дамып,дәстүрымыз жалғасып, ұлтжанды азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеуімізге әбден блады.
Зерттеу әдістері: Талдау, баяндау, талқылау, әңгімелесу, байқау, сараптау, зерттеу және т.б
Зерттеу объектісі: Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз әдебиетін қолдану және оқушылардың тілін дамытудағы ерекшелігі.
Зерттеу пәні: Халық ауыз әдебиетін бастауыш сыныптарды қолдау барысында балардаң тілін дамытуы және де қалыптасуы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорғауға: дипломдық жұмыс, презентация, жұмыстың мақсаты мен зерттеу әдістері.
1 Әдебиеттік оқу сабағы және халық ауыз әдебиеті
1.1 Қазақ тарихының негізгі дерек көзі халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлері
Ауыз әдебиеті -- халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте "халық шығармашылығы", "халық поэзиясы", "халықтың ауызша сөз өнері" дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Сурет 1 - Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі - халықтың ауыз әдебиеті. Жазу - сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыстіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды.
Халық ауыз әдебиеті келесідей жанрларға бөлінеді:
бесік жыры;
тақпақ;
өлеңдер;
мақал-мәтелдер;
жұмбақтар;
санамақ;
жаңылтпаш;
ертегілер;
мерекелер және әдет-ғұрыптар;
халық ойындары.
Сурет 2 - Тұрмыс-салт жырлары
Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Ауыз әдебиетін фольклор деп те атаймыз. Фольклор - ағылшын сөзі. Ол - халық шығармашылығы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді.
Бесік жыры өзінің күрделі емес ырғағымен баланы жұбатады, әлдилейді, баланың психологиялық және дене бітімінің дамуы үшін өте маңызды, балаларда сезімдік әсердің жинақталуына, сөзді қабылдауға, тілді түсінуге ықпал етеді.
Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі нанымсенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі -- бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 - 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді.
Тақпақтар баларды тәрбиелеуге, әсіресе ең кішкентай балалардың назарын аударуға, жұбатуға, көңілдендіруге қолданылады. Олар баланың өміріндегі бүкіл үдерісті қолдай отырып, балаға назар аудару түрі болып табылады.
Өлеңдер - өскелең ұрпаққа эстетикалық әсер етудің тиімді құралы, өлеңдердің мәні поэтикалық түрінің сұлулығында емес, олардың мазмұнында: олар еңбекке, әдемі әрекеттерге, адамгершілік мінез-құлыққа және т.б. шақырады. Өлеңдерде ұлттық дәстүрлер мен салттар , мақалдар мен тілектер көрініс табады. Өлеңдер, ұлттық педагогиканың көпқырлы құралы ретінде ерекше орын алады. Оны кішіден үлкенге дейін барлығы айтады. Әрбір жасқа сәйкес өз өлеңдері бар. Олар адамды туғаннан дүниеден өткенге дейін сүйемелдейді.
Сурет 3 - Айтыс түрлері
Мақалдар мен жаңылтпаштар халық поэзиясынын ерте кездегі жанрларының бірі. Мақал және мәтелдердің бейнелілігі мен нақтылығы, сөйлеуде орынды қолданылуы қазақ халқында жоғары бағаланады.
Сурет 3 - Жаңылтпаштар
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойынсауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.
Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.
Кезкелген мақал-мәтелдерде педагогикалық кезең көрініс табады. Кез-келген халықтың мақал-мәтелдері - сол халықтың адамгершілік кодексі болып табылады. Олар халық моралының нормаларын жалпылайды, адамда барлығынан бұрын ненің бағаланатындығын айтады.
Сурет 4 - Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдердің мазмұны мәнді, түрі көркем, олар ақылмен, орнымен, ептілікпен қолданылады. Олардың негізгі мақсаты адамгершілікке тәрбиелеу.
Санамақтар - көбінесе ойлап табылған сөздерден тұратын және әуендерді қатаң сақтаумен айтылатын ұйқас өлеңдер. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы математикалық ұғымдарды -- санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.: Бір дегенім не? - Бір дегенім білеу, Екі дегенім не? - Екі дегенім егеу, Үш дегенім не? - Үш дегенім үшкір, Төрт дегенім не? - Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді.
Мерекелер мен әдет-ғұрыптар. Балаларды қазақ халқының тұрмысы мен еңбегінің бөлігі болып табылатын әдет-ғұрып мерекелерімен таныстыра отырып, балалар халқының тарихымен, оның өмір салтымен және халық даналығымен танысуға мүмкіндік алады.
Жұмбақтар - бейнелі сөздің шығармашылық түрі. Жұмбақтар әрқашанда үлкен өмірлік тәжірибеге, заттарды білуге, құбылыстарға, олардың сапасына, белгілеріне сүйенеді. Сондықтан да балаларға тәжірибеге жақын жұмбақтарды шешу ұсынылады. Халық жұмбақтары ана тілінің ерекшеліктерін және оның бейнелерін ашуға, тапқыр және жанды ойлауға үйретеді. Жұмбақтар құбылыстардың жиі назар аударылмай қалған тұстарын көрсетеді.
Сурет 5 - Жұмбақтар
Ертегілер-кез-келген халықтың ауыз әдебиетіндегі көпшілікке танымал жанр. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркемэстетикалық әдеби қазына, ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді.
Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті - сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.
Бірақ ертегілер өзінің қиял-ғажайыптылығы мен оқиғалардың шытырмандығына қарамастан шынайылыққа, тұрмысқа, тарихқа негізделген. Ертегілердегі ашылатын әлем, саналуан және алуан бейнелі.
Сурет 6 - Ертегілер
Халық мерекелерінде тек қана сұлулық ғана емес поэзия, демалыс, қуану мен аңыздар, ынта болса көруге болатын ұмытылған ел тарихын көруге болады. Халық мерекесі балаларға шығармашылықпен өз ойын айтуға, үлкендермен және құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Мереке- жағымды эмоцияның қайнар көзі.
Халық ойындары мектеп жасына дейінгі балаларды руханиадамгершілікке тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Онда адамдардың өмірі, олардың еңбегі, тұрмысы, намысы бейнеленеді. Қуанышты қимылдар балалардың рухани баюымен үйлеседі. Халық ойындарының ерекшелігі адамгершілік негіздерін басшылыққа ала отырып, сәбиге қоршаған ортамен үйлесімділік табуға үйретеді.
Мазмұны бойынша халық ойындары ерекше, көркем және балаға түсінікті. Олар белсенді ойлауға, көзқарасының кеңеюіне, қоршаған орта туралы ұғымдарды нақтылауға ықпал етеді. Халық ойындары басқа да тәрбие құралдарымен бірге өзінде рухани бай және дене бітімі жетілген, үйлесімді дамыған, белсенді тұлғаның қалыптасу негіздерін ұсынады.
Халық ауыз әдебиеті - бұл адамның барлық мәдени және күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ететін әмбебап жүйе. Халық ауыз әдебиеті- бұл жұмысшылардың, ұлттар мен ұлыстардың көркем шығармашылығы Бұл - ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізудің ерекше, нақты заңдылықтарына сәйкес құрылған сөздің халықтық, ұжымдық кәсіби өнері. Кезінде В.Г.Белинский фольклордың өзіндік ерекшелігі туралы өте дәл жазған: Атақты есімдер жоқ, өйткені әдебиеттің (яғни фольклордың) авторы әрдайым халық. Оның қарапайым және аңғал әндерін кім жазғанын, онда жастардың және тайпаның ішкі сыртқы өмірі соншалықты өнерсіз және айқын бейнеленген ... және ән ұрпақтан-ұрпаққа, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратындығын ешкім білмейді; және ол уақыт өте келе өзгереді: ол қысқартылады, содан кейін ұзартылады, содан кейін ол өзгертіледі, содан кейін ол басқа әнмен үйлеседі, содан кейін оған тағы бір ән қосылады - және енді өлеңдерден өлеңдер шығады, ол тек адамдар өздерін автор деп атай алады ... . Осылайша, маңызды мән-жай айқындалады: фольклорлық шығарма біреудің біржола орнатқан канондық мәтінін білмейді; фольклорлық шығарма - әр түрлі вариацияны білдіретін бірлік. Тек бір бөлігі фольклорлық шығарманың варианттарының орны мен уақытын түсіну болып табылатын тарихи тәсілмен ғана фольклордың ұлтын дұрыс ашуға болады және фольклормен байланыста болатын жекелеген құбылыстардан бұқаралық, фольклорлық варианттарды, бірақ фольклорға жатпайды. Фольклор шынайы халық шығармасы көптеген адамдардың ернінде өмір сүретіндігінде, бірақ мәтіннің кең таралуы әлі де шығарманы фольклорға айналдырмайтындығында көрінеді: мұнда шешуші фактор - ауызша шығарманың фольклорлық дәстүрге органикалық тиесілі. Ауызша, халықтық және шығармашылық - үш сөз, үш сипат, үш қасиет. Бұл қасиет сөздің халықтық өнерінің іргелі белгілерін анықтайды. Фольклор әлемі, ұлттық көркем шығармашылықтың негіздері әр ұлт үшін өзінше қалыптасты: тарих әр ұлтқа әр түрлі даму жағдайларын жасады, ал нәтижелер фольклорда - стильде, тілде, қабылданған күнделікті әдеттерде, адамдардың психикалық макияжының берілуінің тұрақты жолдары. Ересектер фольклорында белгілі жас ерекшелігі бар. Сонымен, ертегілерді, дастандарды, тарихи жырларды негізінен аға буын өкілдері орындайды. Дөңгелек би әндері, махаббат мазмұны мен литикалық әндер негізінен жастардың жанрлары болып табылады. Алайда, егер біз балалардың ауызша поэзиясын ескермесек, біздің фольклор туралы түсінігіміз толық болмайды. Сонымен қатар балалар фольклорын бейнелейтін мәтіндер қалмақ фольклорының жанрлық жүйесін байытады және ана тілін меңгеру мен бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Этнопедагогика тұрғысынан кішкентай баланың қай жастан бастап ана тілі, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бала ерте жастан игере бастайтыны өте маңызды. Мен өз сыныбымда және сыныптан тыс жұмыстарымда ұлттық сыныптардың мұғалімі ретінде ауызша халық шығармашылығының шығармаларын белсенді қолданамын, өйткені олар балалардың қиялдық ойлауын дамытуға, сөйлеу мәнерін байытып, қоршаған әлемге деген көзқарасты қалыптастырады. Мақал-мәтелдерді оқи отырып, балалар еңбекші халықтың даналығын, оның ғасырлар бойғы тәжірибесін біледі. Жұмбақтар интеллекттің дамуына, салыстыру, қарама-қарсы қою қабілеттеріне ықпал етеді. Ертегілердің тәрбиелік мәні зор.Олардың бейнелілігі мен эмоционалдылығы балалардың эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Жалпы бастауыш мектеп сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі негізгі талаптардың бірі болып саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы балаларға өмірлерін танытарлықтай қызметтер атқаратыны сөзсіз. Мектеп жасындағы баланы тәрбиелеуге қажетті барлық мүмкіншіліктер осы ауыз әдебиеті үлгілерінен табуға болады және табылады. Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балалардың халықтық шығармалармен оқып-танысу барысында адамгершілік қасиеттері арқылы адамдарды арман-мұратына жеткізіп қана қоймай олардың жақсы қасиеттерге жетелейтінін қамтыған болатын, ал жаман қылықтар олар жат әрекеттер арқылы зиянын тиіп, жаманшылыққа ұшырататынын айтып кеткен болатын.
Ауыз әдебиеті -- халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте "халық шығармашылығы", "халық поэзиясы", "халықтың ауызша сөз өнері" дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған "фольклор" (ағылшынша lolk -- халық, lore -- білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.[1]
Мысалы, "халық поэзиясы" дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, "халық шығармашылығы" -- халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, "ауызша сөз өнері" -- прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса "халық даналығы", "халық білімі" деп аударылатын "фольклор" терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, "этнография", "этномәдениет" дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. "Фольклор" атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы "ауыз әдебиеті" деген ұғым да "фольклордың" осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3] Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды "фольклортану" деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол - көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да -- халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан. Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 - 15 ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан Қайғыдан бастап кешегі Жамбыл, Нұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ.[4] Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... -- міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді.[5] Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей.[6] Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес.[7] Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі "қалыптық" сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. [8] Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті. ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау -- ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол -- шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі - тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеум. талап-тілектері мен көркемдік Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдандан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда жүзеге асты.[9] В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды.[10] Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемлекет тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.сұраныстары. [11] Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.[12]
"Ер Тарғын, "Қыз Жібек", "Алпамыс", "Бозжігіт", "Мұңлық - Зарлық", "Шәкір - Шәкірат" т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты.[13] Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, "Алпамыс", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Қамбар батыр", "Қобыланды батыр" эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл, Р.Бердібаев, М.Мағауин, С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман -- Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл.-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Олар айтыс, беташар, жар-жар және т.б.
1.2 Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің Әдебиеттік оқу сабағындағы орны
Әдебиеттік оқу пәні - бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.
Әдебиеттік оқу пәнін оқу барысында бастауыш сынып оқушылары әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне талдау жасай отырып, адамдардың жан-дүниесін түсінуді және оған өз көзқарасын білдіруді үйренеді.
Әдебиеттік оқу пәні:
1) көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;
2) халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
3) әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;
4) сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына;
5) әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;
6) отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына;
7) әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне;
8) әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;
9) сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына;
10) оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына;
11) анықтамалықтармен, сөздіктермен, библиографиялық әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.
2. Әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға, олардың оқу дағдылары мен оқырмандық біліктілігін қалыптастыруға, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталады.
3. Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
4. Әдебиеттік оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру;
5) оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру.
5. Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды; сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, көркем шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды.
6. Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру оқушының:
1) қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне;
2) көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына;
3) алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.
1.3 Бастауыш сыныптарда халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың бірінен саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылады. Сол арқылы бала халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.
М.Жұмабаев Педагогика атты еңбегінде қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың психологиясына тигізер әсер-ықпалына терең мән береді. Қазақтың бесік жырының баланың есту сезіміне, ертегілердің ақыл-ойына, мінез-құлқына, тілін, қиялын дамытуға тигізетін әсерін дәйектеп көрсеткен. Мысалы ертегінің бала дамуындағы маңызы туралы былай дейді: Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе. Мысалы, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей. Егер сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, міне, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады. Бесік жыры. Бесік жырын оқыту барысында бесік жырының мән-мағынасына, тәрбиелік әсеріне көп көңіл аударылады. Мәселен, бесік жырының әр шумағын мәтіннен тауып оқыта отырып, төмендегі сұрақтар қойылады:
-Бесік жырында анасы сәбиін қандай сөздер айтып жұбатады?(1-2 шумақта)
-Анасы сәбиін қандай бала болса дейді?(3-шумақта).
Арнау - тілек өлеңдері. Арнау - тілек өлеңдері балалардың дүниетанымын кеңейтеді; шығармашылыққа жетелейді; қоршаған ортаға адамгершілік, ізгілік қатынастарын қалыптастырып, экологиялық мәдениетін дамытады. Санамақтар. Санамақ өлеңі балаларды санауға үйрету мақсатында шығарылған. Мұндағы бірім-бір, екім-екі деп қайта-қайта қайталануы баланың сандарды, олардың аталуын еске сақтау қабілетін арттырады. Өлеңнің мазмұны одан әрі тереңдей түсіп, бір дегенім-білеу, екі дегенім-егеу, -әр санды бір сөзге балап айтады. Осында айтылған сөздердің бәрі тұрмысқа қатысы бар заттардың, құрал-бұйымдардың атаулары. Сондықтан олардың мағынасы түсіндіріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Төрт түлік жырлары. Ауыз әдебиетінде төрт түлікке маңызды орын берілген. Төрт түлікке байланысты өлең, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдердің білімдік, танымдық, тәрбиелік мәні өте зор. Бұл жырларды оқытуда мына мәселелерге айырықша назар аударылады:
1) Төрт түлік туралы түсінік.
2) Мал төлдерінің атаулары.
Жаңылтпаш. Жаңылтпаштар-балаларға арналған ойнақы да қызықты жанр. Тіліміздегі қиын айтылатын дыбыстар мен сөздерден, сөз тіркестерінен тұратын жаңылтпаш жанры бала тілін ұстартуға жаттықтыратын таптырмас құрал. Әсіресе жаңылтпаштар жас балалардың тілі келе бермейтін р, ш, с, қ дыбыстарын дұрыс, анық айтуға; сондай-ақ ш-с, з-с, а-ә , о-ө,ұ-ү, ы-і, қ-ғ, к-г,н-ң дыбыстары бар сөздерді алмастырмауға; кейбір дыбысталуы ұқсас, мағынасы әр басқа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді.
Жұмбақтар. Жұмбақтар балалардың ойын өсіріп, танымын кеңейтумен қатар тілін де дамытады. Жұмбақтың шешуін айту кезінде балалар сипаттау, пайымдау, дәлелдеу тәсілдерін үйренеді. Өз ойын дұрыс, дәлме-дәл, нақты, керекті сөздермен жеткізуге тырысады. Жұмбақтың шешуін сипаттау тілімен айтқан кезде нәрсенің (заттың) түрін, түсін, көлемін, дәмін, салмағын және т.б. білдіретін сөздерді пайдаланады. Пайымдау тілімен айтқан кезде егер де, сондықтан да, сол себепті, солай болғанда, яғни және т.б. сөздерді қолданады. Дәлелдеп айтқан кезде біріншіден, екіншіден, үшіншіден, тағы да және т.б. сөздермен ойын реттеп, тәртіптеп, жіктеп жеткізеді.
Мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдермен жұмыс жүргізу баланың ойлануын және қиялын қарыштатады, сезімдерін сергітеді. Халықтың ой топшалуына, сөз зергерлігіне сергектікпен қарауға, оның мағынасына мән беруге үйретеді. Мақал-мәтелдер баланы нақты ойлауға, сөздің астарлы мағынасын терең түсіне білуге жетелейді.
Мақал-мәтелдермен оқушылар таныса бастайды. Оқушыларға 2-сыныпта мақал-мәтелдерді оқыту кезінде мына мәселелерді назарда ұстаудың тиімділігі мол болды:
1) Мақал-мәтелдер туралы жалпы түсінік беру.
2) Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасын түсінуге жағдай жасау.
Батырлар жыры. Батырлар жырында ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік-істері жырланатындықтан, оның шәкірттердің бойына елжандылық, Отансүйгіштік, ар-намыс, батылдық, адалдық, сөзге беріктік тәрізді қасиеттерді дарытуда рөлі ерекше.
2.1. Екінші сыныптың әдебиеттік оқулығы мен оқу бағдарламасына талдау.
Әдебиеттік оқу. Жалпы Білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық: 2 бөлімді Б.Т.Қабатай - Алматы: Атамұра, 2017.
Жалпы әдебиет сөзінің мағынасы көркемсөз дегендi білдіреді. Осындай сөздерді оқулықтарда шығармалар арқылы нақты көруімізге болады. Бұл көркемсөздер әдебиеттік оқу пәні сабақтарында оқып үйренуімізге мүмкіндік береді. Әсіресе тек осы әдебиеттік оқу құралы ғана емес басқа да материалдар, мысалы ұстаздардың, ата-аналардың, неше түрлі электронды оқулықтар арқылы ақпарат алуға көмектеседі. Бұл "әдебиеттік оқу" пәні негізгі пәндердің бірі болып табылады және бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, сөз өнерін сезінуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыра аламыз.
Бастауыш сынып оқушылары "әдебиеттік оқу" пәнін оқу барысында негізінен әлем және адамзат туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік аладыі. Көп жағдайларда балалар шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, мінез-құлқтарын және де сөз саптау мәнерлерін арттыра отырып, сол арқылы олар адамдардың жан дүниесін түсіне отырып оған деген көзқарасын ашық айтуды үйренеді.
Әдебиеттік оқу пәніне бөлінген оқу жүктемесі төмендегідей: (Кесте - 1)
Сынып
Апталық сағат саны
Жылдық сағат саны
2-сынып
3 сағат
102 сағат
3-сынып
3 сағат
102 сағат
4-сынып
3 сағат
102 сағат
Қазіргі уақытта осы әдебиеттік оқу бағдарламасының жалпы мазмұнының негізгі мақсаттарының бірі ол көркем туындылар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен алмастыра отырып, оларды жаңа сөздермен байыту, өнер туындыларында айтылған ойларын білдіру және дәлелдеу қабілеттерінің дейгейін жоғарлату,оқушылардың ойларын ауызша немесе жазбаша түрде жүйеленген және нақты жеткізе білуі, шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекеттерін бағалауды, жалпы мәтіндер бойынша сұрақтарды өз беттерінше құрастырумен қатар, өз-өздерін бақылаудын, соның ішіндегі шығармадағы негізгі ойды өз беттерінше тұжырымдауды және мәтіндегі бөлімдер арасында белгілі бір байланыстап орнатуды, шығармадағы кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін салыстыруы, өнер туындыларынанықтау болып саналады. (Кесте - 2)
Әдебиеттік оқу пәні
Әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;
Халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармалар-ды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
Әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;
Көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына
Сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына әсер етеді.
Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнін оқып үйренудің жалпы нәтижелері көбінесе осы бағалаудың критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы жүзегізіледі. .Бастауыш мектептердегі осы критериалды бағалау жүйесі негізінен қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және де ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) жүйелері жатады. Жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz