ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгінгі таңда шетелдік компаниялар өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды отандық оқу орындарына сатып та үлгергендері бар. Мәселен, қазіргі таңда Алматы техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық өнімді пайдаланса, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - Сlіх, Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған өнімін ендіруде. Сондай-ақ Platonus Прометей сынды Ресейдің қашықтықтан оқытуға арналған оқу бағдарламасын қолданып жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Қолдарынан келген университеттердің басшылықтары өз өнімдерін жасап, қашықтан оқыту, электронды оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуге тырысуда.
Шетелдің өнімдерін сатып алған университет сол елдің жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, әлемдік білім беру, ақпарат кеңістігіне жол ашуды көздейді. Бұл орынды да. Десек те, қыруар қаржыға сатып алған шетелдің өнімін ертеңгі күні тілін тауып дұрыс қолдана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша? Профессор-оқытушыларды дайындау қалай жүргізілуде? Осы сынды шешімін таппай жататын сан алуан сұрақтар қашықтықтан оқытуды оңтайлы жүргізілуін тежеуде. Сонымен, еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.
Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі - студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.
Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы - білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.
Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:
-Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
-Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
-Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
-Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
-Экономикалық (оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Қашықтан оқыту теориясы
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Озат және педагогикалық тәжірибе туралы түсінік
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Жауынбай Қараевтың Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Балабақшадағы оқыту технологиялары
Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары
Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары
Пәндер