Қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудегі мүмкіндіктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ

КІРІСПЕ
1. ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудегі мүмкіндіктері
1.2 Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудің бүгінгі жағдайы

2. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ ƏДІСТЕМЕСІ
2.1 Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие беруді меңгеру тəжірибесі
2.2 Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие беру тиімділігінің педагогикалық шарттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Жеткіншектердің патриоттық тəрбиесі педагогикадагы аса бір күрделі де көпжақты проблема. Ол интернационалдық тəрбиенің, ұлттық сана-сезім мен құндылық бағдарды, арман-тілекті қалыптастырудағы ерекше проблемалар мен диалектикалық бірлікте болады.
Тарихи дамудың объективті ерекшеліктері əртүрлі кезеңдердегі педагогикалық процесте өзгеріске түсе отырып, патриоттық тəрбиенің мазмұнын, оның оқу-тəрбие процесіндегі рөлі мен орнын анықтады, міндеттерін нақтылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандықтарды патриоттық рухта тəрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіруді ұлттық идеологияны қалыптастыруды, оның ұлт болашағы үшін маңыздылығын күн тəртібінен түсірмей келеді[1,2б].
Оқушыларды Отан туралы біліммен қаруландыру, патриоттық сезімін, азаматтық, адамгершілік құқығын тəрбиелеу, мектеп ұжымдарында, сабақтарда жəне сабақтан тыс мерзімде мінез-құлық дағдысын саяси мəдениетін қалыптастыру мəселелерін өздерінің еңбектерінде Г.А.Уманов, К.К.Құнантаева, Қ.К.Жанпейісова, Ж.Мақатова, С.Б.Омарова, В.В.Трифонов, Л.К.Керімов, [3,32б;4,12б;5,23б;6,16б;7,28б;8,32 б;9,42б]
Ұлттық салт-дəстүрлер, халық əндері, музыка өнері арқылы оқушыларға оқу-тəрбие процесінде адамгершілік-эстетикалық, патриоттық тəрбие беру процесін ұйымдастыру мəселесіне де біраз назар аударылып жүр Л.С.Сейдахметова, НурмукашоваС, С.Ұзақбаева, Оразалиева М.А;Иманбаева, Ешімханов C [10,2б;11,35б;12,24б;13,23б;14,3б;1 5,56б].
Дегенмен, психологиялық-педагогикалық əдебиеттерге жəне озық педагогикалық тəжірибеге жасаған талдау, қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие беру проблемасы бүгінгі таңға дейін тəрбие теориясында да, практикасында да өз деңгейінде зерттелмегендігін, нақтырақ айтқанда қазақ халық музыкасының оқушылардың патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталмағанын, тиімді əдістəсілдерінің, амал-жолдарының айқындалмағанын, ғылыми-əдістемелік нұсқаулардың жасалмаған көрсетеді. Демек, оқушылардың патриотизмін қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен мектептегі, соның ішінде бастауыш сыныптарда патриоттық тəрбиенің жағдайы арасында; қазақ халық музыкасының патриоттық тəрбиедегі жоғары мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-əдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анық байқалады. Осы міндеттердің тиімді педагогикалық жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға жəне тақырыпты Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие беру деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: оқушылардың патриоттық тəрбиесі.
Зерттеу пəні: қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие беру процесі.
Зерттеудің мақсаты: қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудің əдістемесін жасау.
Зерттеудің болжамы: патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудің тиімділігі артады, егерде: патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы окушыларға сабақтан тыс іс-əрекеттерде жүйелі бірізділікте меңгертілсе; музыкалық материалдар нақты өлшемдер арқылы арнайы сүрыптаудан өткізілсе; оқушыларға қазақ халық музыкасын белсенді шығармашылықпен қабылдату жəне эмоциональдық əсермен орындату қамтамасыздандырылса. Өйткені бұның бəрі, біріншіден, оқушылардың патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасына аялы көзқарасы мен қызығушылығын арттырады, екіншіден, оларды эмоционалдық салада жетілдіріп, бейнелі ойлауға дағдыландырады, ұлттық сана-сезімін, адами қасиеттерін қалыптастырады.  Скачать  Кіру
Зерттеудің міндеттері:
1 Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбиесінің мəні мен мазмұнын ашып корсету.
2. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие беру əдістемесін жасау.
Зерттеудің əдіснамалық жəне теориялық негіздерін тұлға жəне оның дамуындағы əрекеттің рөлі туралы білімнің мəнін ашып көрсететін философиялық, психологиялық, педагогикалық, тұжырымдамалар, қазақ халық педагогикасы материалдарын, соның ішінде халық музыкасын бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тəрбиесінің құралы ретінде пайдалану проблемасын зерттеуге деген тұлғалық-əрекеттік тəсіл құрайды
Зерттеу əдістері: зерттеу проблемасы бойынша оқу-тəрбие процесі құжаттарына талдау жасау; бақылау, əңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тəжірибелерді зерделеу, ашық тəрбие сағатын өткізу, жəне өмірде пайдалану.
Зерттеудің теориялық мəні жəне ғылыми жаңалығы:
1. Қазақ халық музыкасы негізінде үйірме жұмысының бағдарламасы үшін патриоттық мазмұндағы шығармалар сұрыпталды;
2. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриотизмінің қалыптасу моделі жасалды жəне оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталды;
3. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриотизмін қалыптастырудың мазмұны жəне əдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің негізгі қағидалары, қазақ халық музыкасы бойынша сұрыпталған патриоттық мазмұндағы шығармалар, үйірме жұмысының бағдарламасы, сыныптан тыс патриоттық тəрбие жұмыстары бойынша мектеп практикасына ендірілді. Ұсынылған əдістемелік нұсқаулар мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне бастауыш сынып оқушыларына қазақ халық музыкасы арқылы патриоттық тəрбие беруде көмек болады. Зерттеу материалдарын сонымен бірге, мұғалімдер даярлайтын арнайы орта жəне жоғары оқу орны практикасында, нақтырақ айтқанда музыка тəрбиесі əдістемесі пəнінде, тəрбие жұмыстары бойынша ұйымдастырылған арнайы курстарда пайдалануға болады.
Қорғауда ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қазақ халық музыкасы жеткіншектердің жалпы тəрбие жүйесінде бастауыш сынып оқушыларына музыкалық-эстетикалық тұрғыда дамытуда негіз болумен ғана шектелмейді, ол патриотизмді қалыптастырудың ұтымды факторы болып табылады, өйткені ол музыкалық бейнелер арқылыКіру оқушыларды өз Отанының мүддесі үшін, үлгі боларлықтай жоғары деңгейде қызмет етуге баулиды, туған жерін, елін, мəдениетін, салт-дəстүрлерін сүйе білуге, оларды келешек ұрпаққа жеткізе білуге үйретеді. 2.Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриотизмін тиімді қалыптастыру мынадай шарттарды ескерумен қамтамасыздандырылады патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасымен танысу процесінде оқушылардың идеялық-адамгершілік білімі мен музыкалықэстетикалық дамуы бірлігін ескеру; қазақ халық музыкасын қабылдау барысында алған əсерлі сезімін дамыту тəрбие жұмысына қажетті патриоттық бағыттағы қазақ халық музыкасын сұрыптау; оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыруда белсендішығармашылықты қабылдау мен эмоционалдық-бағыттық саланың бірлігін қамтамасыздандыру.
3. Ғылыми тұрғыда негізделген жəне тəжірибелі эксперимент жүзінде тексерістен өткен қазақ халық музыкасы арқылы патриоттық тəрбие берудегі сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формалары идеялық тəрбие процесін жетілдіруге ықпал етеді жəне оқушылардың патриоттық тəрбиелілік деңгейін көтеруді қамтамасыздандырады.
Зерттеудің əдісі: Шығармашылық жəне дидактикалық материалдар, ғылыми- теориялық əдебиеттерді іріктеу, педагогикалық тəжірибелерді жинақтау, бақылау т.б.
Диплом жұмысының құрылымы. кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған əдебиеттер тізімінен тұрады.

1.ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудегі мүмкіндіктері Қазіргі жаңа қоғам жағдайында адамгершілік бастамасының рөлі күнненкүнге артуда, əрбір адамның моральдық, адамгершілік бейнесіне, мінезқұлқына қойылатын талап та өсуде .
Мектеп ең алдымен, жан-жақты дамыған саналы азаматты дайындауды өзіне  Скачать  Кіру мақсат ете отырып, жас ұрпақтын ғылыми көзқарасы мен адамгершілігін қалыптастыру міндеттерін қояды. Жас ұрпаққа тəрбие берудің негізгі жолдары көптеген ғалымдардың еңбектерінде сараланады. Олар жастарға берілетін білім мен тəрбие жұмыстарының бəрі моральдық тəрбие беруді көздеуі керек деген пікірді ұстанады. Мораль туралы ілім, жеткіншектердің тəрбие теориясының əдіснамалық негізі болып табылады. Мемлекет ісіне деген берілгендік, Отанға, басқа мемлекеттерге деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, мектепте жеткіншектердің адамгершілік тұрғыда қалыптасу процесінің негізгі бір саласы - патриоттық тəрбиенің жүзеге асырылуының басты бағытын айқындауға ықпал етеді [16,5б].
Мораль бүкіл тəрбие процесінің негізі болып табылады жəне оның барлық құрамды бөліктерін қамтиды. Ол, ең алдымен, халықтың сана-сезімінде жəне істерінде көрініс алады. Адамдарды белсенді еңбек пен қоғамдық ісəрекеттерге талаптандыратын адамгершілік сезімдерінің ішіндегі аса бір əсерлі де тереңі- патриотизм сезімі болып табылады. Ол идеялық сеніммен байланыста бола отырып қазақстан халқының еңбекке деген көзқарасынан, саналы тəртібінен, еңбектегі жəне жауынгерлік ерліктерінен, өмірі мен ісəрекеттерінің басқа да саласынан көрініс алады. Бұл, өз кезегінде, бүгінгі таңда жеткіншектерде патриотизм сезімін тəрбиелеуде жалпы білім беретін мектептің алдында тұрған жетекші міндетті айқындайды, қоғамдық идеяларды оқушылардың жеке басының сеніміне айналдыруға, жаңа қоғамдық құрылыс мүддесіне сай, əрбір тұлғаның тіршілік əрекетін одан əрі қамтамасыз етуге итермелейді.
Нағыз азамат - патриот өзінің Отан алдындағы борышын сезінеді. Əртүрлі мəдени-материалдық құндылықтарды жасауда оның қоғам үшін, өзінің жеке басы үшін маңызын жақсы түсінеді. Ол нағыз патриотизмнің халыққа қызмет етуде көрініс алатынын біледі. Өткен ұрпақтың тəжірибесін танып білуге, құнды дегеннің бəрін сақтауға, сонымен қатар, қоғамды қайта құруда өз үлесін қосуға, озық тəжірибесін келешек ұрпаққа жеткізуге талпынады [17,8б]. Бүгінгі таңда жастарды патриотыққа тəрбиелеудің мазмұны көптеген ғалымдардың зерттеу пəні болып табылады. Олар патриотизм ұғымының пайда болуы мен дамуын, адамның патриоттық санасын жəне патриотизмге тəрбиелеудің формалары мен əдістерін қарастырады. Жалпы білім беретін мектепте патриотизмге тəрбиелеу əртүрлі құралдар арқылы, соның ішінде музыка өнері арқылы жүзеге асырылады, сондықтан да ол күрделі қоғамдық қатынастарды түсінуді жеңілдетеді, моральдық қатынастарды қабылдауға негіз болады [3.1б].
Музыка - алып ұлы күш. Ол адамды сүюге жəне жек көруге, жазалауға жəне  Скачать  Кіру кешіруге мəжбүр етеді, - деп, пайымдаған . Музыка өнерінің функциясы көпжақты. Бұл функциялардың бəрі өзара тығыз байланысты, музыка тіпті тек таза қолданбалы немесе көңіл көтерушілік рөл атқарған жағдайда да, ол тыңдаушыларын тəрбиелейді, яғни олардың рухани дүниесін қалыптастырады жəне өзгертеді, - деп атап көрсетеді А.Н.Сохор. Айтылып өткендей, патриотизм - адам тұлғасының, оның рухани дүниесі мен тіршілік əрекетінің барлық жақтарымен байланыстағы маңызды, түпкілікті қасиеттерінің бірі. Патриотизмде тұлғаның дүниетанымдық жетілуі, адамгершілік сенімділігі, құндылық бағыт-бағдары, оның өмірлік көзқарасы, тəжірибелік мінез-құлқы көрсетіледі. Сондай-ақ, өнер адамға жан-жақты əсер ете алатын қасиеті болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді, патриоттық сана, сезім жəне əрекетті қалыптастыруға қабілетті [4.1б]. Музыка патриотизм идеясын ерекше айқындылықпен, жарқындылықпен білдіруге қабілетті. Адамның сезіміне əсер ететін нəрсенің бəрі: туған табиғат көрінісі, халық əндері мен үйлері, тарихи жəне қазіргі заман көріністері музыкалық шығармаларда өзінің көрінісін табады, музыкада жоғары əсемділікпен жанданады, сезімнің бастауына жылылық төгіледі. Музыка өнерінің табиғаты əсер беретін, музыка арқылы патриоттық тəрбие берудің өзіндік ерекшеліктерін атап өту қажет. Музыка қоғамдық сананың бір түрі бола тұра, шынайы өмірді көрсете отырып, адамның ішкі жан-дүниесіне эмоционалдық тұрғыда əсер етуде мүмкіндігі бар.
Музыка ең алдымен, тыңдаушылардың эмоционалдық сезім өрісіне ықпалын тигізеді. Адамгершілік жағынан жетілдірілген тұлғаның эстетикалық негізін қалауда ерекше роль атқарады.
Музыканың адамның сезімдік дүниесіне терең эмоционалдық ықпалынан басқа, рухани көзқарастарының, сенімінің қалыптасуына əсер ететіндей идеялық-көркемдік мазмұны бар. Бұл жағдай музыканың тəрбиелік ролін анықтауда біз үшін өте маңызды, себебі мектеп балаларының тек патриоттық сезімін ғана емес, сондай-ақ, патриоттық санасын тəрбиелеу қажет. Музыка адамның қоршаған ортаға деген түрлі сезімдерін білдіре алады. Музыкадағы тақырыптылық əуеннің реңкінен, мəнерінен көрінеді. Музыканың мəнерлі құралдарының ерекше жүйесінде, мазмұны жалпылама музыкалық бейнелерді құрайтын, əртүрлі оқиға, құбылыстар белгілі бір сезімді білдіру арқылы көрсетіледі. Музыка өнерінің Бұл ерекшелігі біріншіден, эстетикалық тəрбиенің мазмұнын анықтайды. Патриоттық тəрбиенің ерекшелігі де, нақты заттық, патриоттық мазмұнды мақсаттылықпен қабылдауы болып табылады. Сонымен қатар, оларда олардың өзара əрекеттестігін анықтайтын көп ортақтық бар. Бұл мəселені эстетикалық тұрғыда қабылдау, əдемілікті сезініп, бірге түйсіне білу болып табылады [5.3б].
Эстетикалық саланың өзекті мəселесі, сұлулықты сезіп, бірге түйсіну болып табылады, жəне осыны жете түсінуге эмоционалдық жағдай көмектеседі. Екінші жағдайда ең бастысы патриоттық мазмұнды жете түсіну болып қабылданған сезімдік - образды бекітуге эмоционалдық жай-күй көмектеседі. Бірақ екі жақтың тəрбиелік ықпалына да сезім мен ойдың өзара əрекеттестігі себепші болады жəне осы процесті бағалай білетін танымның ерекше түрі пайда болады. Музыка өнері арқылы эстетикалық жəне патриоттық тəрбие берудің бірлігі де, айырмашылығы да, осында болып табылады, Психологтар сезімді адамның біреуге немесе бір затқа қарым-қатынасы (көзқарасы) ретінде анықтайды. С.Л.Рубинштейн: адам сезімдерінің жиынтығы - ол негізінен адамның дүниеге жəне басқа адамдарға қарым -қатынасының жиынтығы,- деп дəлелдейді [18,12б].
Қоршаған ортаның əсер-ықпалынан пайда болатын, нақтылы əсерленушілік, қайғы-қасірет, эмоцияның қорытындысы нəтижесінде адамның сезімі қалыптасады. Эмоция ситуативтік сипатта болады, яғни олар тұлғаның болып жатқан немесе болатын жағдайларға əсерленушілік қарым-қатынасын білдіреді. Сезім - тұлғаның тұрақты қасиеті; болмыстық заттар мен құбылыстарға адамның эмоционалдық қарым-қатынасының құрамы ретінде көрінеді. Ол қалыптасып келе жатқан тұлға бойында əртүрлі жағдайларға байланысты пайда болған қуаныш, реніш, қайғы-қасірет жəне т.б. көрінеді. Əрқашан сүйіспеншілік немесе жек көрушілік, ашулану немесе ұнату сияқты белгілі бір объектіге бағытталады. Адамдардың əрекеттері мен бір-бірімен өзара қарым-қатынастары, мəдениет құралдары, адамгершілік ережелері - міне осының бəрі эмоционалдық қолдау туғызады.
Ол көптеген жылдар бойы музыка-педагогикалық жұмыстарында жаңа педагогикалық концепция жасауға тырысты, музыкадан бастау алатын, жəне музыкаға сүйенетін, музыканы өнер ретінде, музыкамен мектеп пəні ретінде, табиғи жəне органикалық байланыста болуын қарастырды. Ғылыми əдебиеттерге жасаған талдау музыканың жеткіншектерге патриоттық тəрбие берудегі ықпалының зор екендігін көрсетеді. Музыкасыз жер бетінде бірде-бір халық өмір сүре алмайды. Музыка адам өміріне өте ерте бала кезден енеді, өмір бойы бірге жүреді. Адам сезімі, оның ойы, арманы жəне іс-əрекеті музыка арқылы беріледі. Музыкада бүкіл адамзат өмірі, айнадағыдай бейнеленеді.
Музыка өнері дүниеге көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде, жастардың адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын, оқушылардың тұлғалық сезімдерін байытады. Өз елінің патриоттық мазмұндағы музыкалық шығармаларын үйрену жеткіншектерге патриоттық тəрбие берудің құрамдас бір бөлігіне айналды. Оны қазақ халық музыкасының мүмкіндіктері де дəлелдейді.
Қазақ халық музыкасы жеткіншектерге жан-жақты тəрбие берудің, соның ішінде патриоттық тəрбие берудің тапсырмас құралы болып табылады. Қазақ халық музыкасының ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жетіп отыруына халық ақындарының əнші-күйшілерінің, жыршыларының ролі ерекше болды. Олар қазақ халық музыкасын үлкен мереке-тойларда дəріптеген, өздерінің əншіліккүйшілік шеберліктерін шыңдаған [19,23б].
Ол көптеген жылдар бойы музыка-педагогикалық жұмыстарында жаңа педагогикалық концепция жасауға тырысты, музыкадан бастау алатын, жəне музыкаға сүйенетін, музыканы өнер ретінде, музыкамен мектеп пəні ретінде, табиғи жəне оргникалық байланыста болуын қарастырды. Ғылыми əдебиеттерге жасаған талдау музыканың жеткіншектерге патриоттық тəрбие берудегі ықпалының зор екендігін көрсетеді. Музыкасыз жер бетінде бірде-бір халық өмір сүре алмайды. Музыка адам өміріне өте ерте бала кезден енеді, өмір бойы бірге жүреді. Адам сезімі, оның ойы, арманы жəне іс-əрекеті музыка арқылы беріледі. Музыкада бүкіл адамзат өмірі, айнадағыдай бейнеленеді. Музыка өнері дүниеге көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде, жастардың адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын, оқушылардың тұлғалық сезімдерін байытады. Өз елінің патриоттық мазмұндағы музыкалық шығармаларын үйрену жеткіншектерғе патриоттық тəрбие берудің құрамдас бір бөлігіне айналды. Оны қазақ халық музыкасының мүмкіндіктері де дəлелдейді.
Қазақ халық музыкасы жеткіншектерге жан-жақты тəрбие берудің, соның ішінде патриоттық тəрбие берудің тапсырмас құралы болып табылады. Қазақ халық музыкасының ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жетіп отыруына халық ақындарының əнші-күйшілерінің, жыршыларының ролі ерекше болды. Олар қазақ халық музыкасын үлкен мереке-тойларда дəріптеген, өздерінің əншіліккүйшілік шеберліктерін шыңдаған [7.1б]. Музыкалық шығармаларды таратуда, өз өнерлерін танытуда, сал серілердің де өзіндік орны болған. Кезінде А.Жұбанов: ...салдар мен серілер ол заманғы өнердің өкілдері. Бұл күндегі əртістерше сахнаға киетін киімін чемоданға салып алып келіп, əдейі оларға арналған бөлмеде қайта киінетін жағдай сал мен серіде болған жоқ. Олар ат үстінде де, ауыл сыртында да, базарда да, жөрмеңкелерде де өнерлерін көрсетті. Сондықтан басқа кісіге алабажақ, өсіре қызыл көрінетін олардың киімдері сол сахнаға киетін киімдер. Ал олар өмірде де солай киініп жүреді. Өйткені өмір мен өнердің екеуі бірі мен бірі қосылып, ұласып кеткен - деп жазған. Оларды халық күнітүні тыңдаудан жалықпаған. Мұндай кездесулер көрерменнің музыкалық - эстетикалық талғамын, адами көзқарасын дамытып, ұлттық патриотизмін қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарған. Балалар мен жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруда отбасының (ата-аналардың, қарттардың), əртүрлі ұлттық мерекелердің, ойын-сауықтардың, бəйге жарыстардың қосқан үлесі мол. Музыкалық шығармалар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен патриоттық сезіміне əсер етіп, музыкалық-эстетикалық талғамын жетілдірген. Қазақ халқының экономикалық жəне қоғамдық құрылысы, сондай-ақ оның тұрмыс-тіршілігі мен эстетикалық көзқарастары ауыз əдебиеті шығармаларында өз бейнесін тапты. Сондықтан, Қазақстанда жиналған аса бай ауыз əдебиетінің оңдаған томдары құралы оқыған кезінде басыңа: егер бүкіл осы байлықты қазақ халқының санына бөлетін болсақ, онда сірə, əрбір қазақ əндердің, мақал-мəтелдердің, аңыз-əңгімелердің авторы болып шығар еді, - деген ой келеді[20,12б].
Əн-күй, өлең-жыр, əрқашан да халық өмірінің ажырамас бөлігі болған. Қазақта əнсіз өмір жоқ. Тойбастар айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күзеткен жас-кəрі, Жар-жар айтқан екі топ, елінен еріксіз алысқа ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп, əр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, жынын шақырып, зікір салған бақсы - бəрі де əндетеді. Бөрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын өн арқылы шығарады [21,23б]. Музыканың халық өмірімен осылайша тығыз сабақтастықта болуы музыкалық-эстетикалық тəрбиемен бірге патриоттық тəрбиенің міндеттерін шешуді жеңілдетті. Музыкада қазақ халқының өмірі, тыныс-тіршілігі, эстетикалық, этикалық жəне педагогикалық идеялары өз көрінісін тапты.
Қазақ əндері құдіретті де күшті, өктем, сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі, - деп жазды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында А.Эйхгорн. - ...Жапан түзде немесе ауылда, болмаса мал арасында, айдала мен жазық өңірлерде, таулар мен кесілген алқаптарды аралаған кезінде, жым-жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған əні тіпті əдемі естіледі. Қазақ халық музыкасының аясына халық жəне халық композиторларының əндері, халық жəне халық композиторларының күйлері енеді. Қазақ халқының əн шығармашылығының жанрлары сан алуан. Бұл -отбасылық-тұрмыстық, əдет-ғұрыптық, еңбек, лирикалық, тарихи əндер, əлеуметтік наразылық əндері, эпикалық дастандар мен аңыз-əңгімелердің музыкалық сабақтастыққа берілуі [7.2б].
Отбасылық-тұрмыстық əндерде Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті көзқарас, ойын-сауықтар, мораль, күнделікті тұрмыс қарекеті, отбасылық өзара қарым-қатынастар сипатталады, өнеге тұтар нақыл сөздер көп пайдаланылады. Мысалы, Мақтаншақ əнінде шектен тыс даңғаза кербездік тəлкек етілсе, Көксау шал əнінде теңсіз неке айыпталады жəне т.б.
Оларда ата-аналардың балаға деген сүйіспеншілігі, оның тағдырына деген жауапкершілігі, бала болашағы туралы терең ой толғаныстары ашып көрсетіліп, адал, мейірімді, ақылды азамат болуға, өз халқының лайықты қорғаны, батыры, ең бастысы - бала кім болсын, мейлі шебер, мейлі малшы болсын, адам болып қалуға деген үлкен үміті, тілегі айтылады. Бұған дəлел Бесік жыры өлеңі . Онда:
Бармақтарың майысып, Таңдайларың тақылдап, Түрлі ою ойысып, Сөйлегенде сөз бермей, Ұста болар ма екенсің? Шешен болар ма екенсің? немесе:
Құрығыңды майырып,
Айыр қалпақ киісіп,
Түнде жылқы қайырып,
Ақырып жауға тиісіп,
Жаудан жылқы айырып,
Батыр болар ма екенсің? -
Жігіт болар ма екенсің? дейді [22,12б.]
Əдет-ғұрыптық əндерге үйлену əдет-ғұрпы Тойбастар, Жар-жар, Беташар, Сыңсу немесе Қыз қоштасу сияқты дəстүрлі əндерді жатқызуға болады. Егер, Той бастар əнінде үйлену тойының басталғаны жарияланса, Жар-жар, Беташар күйеу жігітті, қалыңдықты, ата-аналар мен туғантуысқандарды мадақтай отырып, жас жүбайларға игі тілектер тілеп, ақылкеңестер берген. Сыңсу, Қыз қоштасу əндерінде қалыңдык ата-ана, туғантуыстарымен, ел-жұртымен, дос-жарандарымен, туып-өскен жерімен жастықбалалық өмірімен қоштасқан. Сыңсу мен Қыз қоштасудың өлеңдерін көп жағдайда ақындар шығарып беріп отырған. Жоқтау əндерінің де тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда рөлі ерекше болған.
Қазақтардың осындай алғыр қасиетін кезінде көптеген зерттеушілер ұйқастырып айтуға, туа біткен қабілеттілігін атап көрсеткен. Оны П.Тиховтың: Қырғыздар (қазақтар - С.Ү.) əн шығарудың үлкен шеберлері əрі өз əншілерін құрметтейді... Қырғыздарға əнге деген сүйіспеншілік ана сүтімен енген тəрізді, əйгілі өнерпаздардың мейілінше сүйікті əуендерін əдеттегідей тез үйреніп алады. Бұл əндер ұрпақтан ұрпаққа аса қымбат сияқты сақталып, рудан руға аса қастерлі нəрсе ретінде беріліп отырады - деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру»
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Музыка өнер сабағы
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Пәндер