Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1. Ырым-тыйымдардың жалпы сипаты, тақырыптық топтастырылуы . . .

1. 2. Ырым-тыйымдардың қалыптасуының дерек көздері . . .

II БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .

2. 1. Ырым-тыйымдардың айырмашылығы мен өзара ұқсастығы . . .

2. 2. Балаға қатысты ырым-тыйымдардың лексика-семантикалық, грамматикалық ерекшеліктері . . .

2. 3. Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым-тыйымдар . . .

III. ҚОРЫТЫНДЫ . . .

I V. Пайдаланған әдебиеттер . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Тіл-қоғамның ажырамас бөлігі. Тілдің қалыптасуы, дамуы қоғаммен тікелей байланысты. Қоғам өмірімен бірге жасасып, бірге өмір сүреді. Тіл - адамдар арасындағы қатынас құралы ретінде де, адам қоғамында да алатын орны да орасан. Тек қана қатынас құралы ғана емес, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таным дүниесі, білім ғылымдарының жиынтығы.

Тілді құрайтын элементтер:морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Тілдің тағы бір қызметі - ойды жарыққа шығарудың құралы. Адам ойлаған ойын тіл арқылы жеткізе алады. Демек ойлау мен тіл бір - бірімен тығыз байланыста. Қазіргі XXI ғасырда теориялық - танымдық әдістемеге сәйкес тілді ой-санамен, мәдениетпен, адамның тұрмыс-тіршілігімен, қызметімен байланыста қарастыру қажеттілігі белең алуда. Бұл қажеттілік тіл білімінің саласында жаңа ғылыми-бағыттың қалыптасуына, дамуына негіз болып отыр.

Қазақ тіл танымының негізгі өзегін адамзаттың өмір сүру, қоғамда тіршілік ету ұстанымдары, жеке этностық құндылықтары мен мәдени нормалары құрайды, өйткені тілдік факторлардың көпшілігі лексикалық бірліктердің мағынасын халықтық пәлсапамен тығыз қарым-қатынаста айқындау, адамның шығармашылық қабілетін жеке биологиялық мүмкіндіктерімен, өмірден көрген-түйгендерімен байланыстыру, тіл тарихы мен тілдік категорияларды адамзат танымы арқылы түсіндіру, сол арқылы жекелеген тұлғалардың пікір-көзқарастарын зерделеу, оларды ой мен когниция, жады мен зерде, зейін мен білім жемісі деп қарау арқылы шешімін тауып отыр[ ] .

Тіл мен таным сабақтастығының ерекше қызметі негізінде көркем тіл белгілерін зерттеу қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен үндесіп, өзекті мәселелер ретінде сипатталады. Осыған орай ырым-тыйымдардың кумулятивті қызметін, маңыздылығын, этнос өмірінің өткені мен бүгінін, тұрмыс-тіршілігі, дәстүр, дүниетаным мәселелерін дөп басып, дәл анықтау, лексика - семантикалық жағынан қарастыру, оның тілдегі көрініс тұрғысынан зерделеу - жұмысымыздың басты да өзекті бағыты. Себебі бұл - лексикологияның алдына қойған басты мақсаттарының бірі. Ырым-тыйымдар өзіндік мазмұндық, тақырыптық ерекшеліктеріне қарай әлемдегі кез келген ұлттың тілінен орын алатын этнографиялық лексика.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіл білімін зерттеп-зерделеу бүгінгі күннің басты міндеті болып қана қоймай, өткенімізге үңілуге, бүгінімізді саралап, болашағымызға бағыт- бағдар жасауымыз үшін керек. Әсіресе бұл міндеттің қазіргі тәуелсіздік жағдайында өмір сүріп, әлемге танымал бола бастаған еліміздің ертеңі үшін маңызы ерекше. Ырым-тыйымдарды бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып, ұмыт бола бастаған ырым-тыйымдарымызды жастарымыздың санасында қайта жаңғыртсақ деймін.

Осы басты мақсатқа жету үшін мынандай бірнеше міндеттерді қарастыруды жөн көрдік:

  1. Ырым-тыйымдардың қалыптасу негізін саралап, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жүргізу;
  2. Ырым-тыйымдардың жалпы сипатын ашу, оларға ғылыми шолу жасау;
  3. Қазақ тіліндегі ырым-тыйымдарға қатысты сөздерді түрлі тақырыптық топтарға жіктеу;
  4. Балаға қатысты ырым-тыйымдардың лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық жасалым жолдары мен құрылымдық үлгілерін анықтау;
  5. Этнотанымдық ұғыммен байланысты символдық мағынасын ашу;
  6. Түркі тілдес халықтарына тән ырым-тыйымдардың ортақ сипатын көрсету;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы ретінде мына жайтты атап өтсе болады:

  1. Қазақ халқының ырым-тыйым сөздеріне зерделі шолу жасалды;
  2. Ырым-тыйым түрлерінің классификасиясы түзілді;
  3. Ырым-тыйымдар ғылыми тұрғыдан зерттелді;
  4. Балаға қатысты ырым-тыйымдар бір жүйеге келтіріліп, жан-жақты талданды;
  5. Түркі тілдес халықтардың балаға қатысты ырым-тыйымдарына салыстырмалы талдау жасалды.

Зерттеу жұмысының теориялық дерек көздері мен әдістемелік негіздері: Қазақ тіліндегі тілдік құбылыстар этнолингвистикалық аспектіде барынша қарастырылады. Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық бағытты алғаш қарастырған академик Ә. Қайдар екендігі белгілі, ғалымның айтуынша, қазақ негізгі принциптердің бірі - «Лексикалық байлықтың мазмұны мен мән-мағынасын этностық тілдік тұрғыдан толық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы мағұлматтар мен құнды деректерді түгелімен сөйлету, тілдің өзіне тән бояу-нақышымен бейнелі де көркем түрде суреттеу» болып табылады дейді[ ] .

Қазақ арасында қалыптасқан әр түрлі ырымдар мен тыйымдардың біразын көрнекті ғалым, фольклоршы, әрі этнограф Ә. Диваев халық аузынан жинақтап, қағазға түсірумен қатар, оларға түсініктеме де жазып қалдырған. Ол қазақ ырымдарын әр түрлі жағдайдағы ырымдар және жол жүргендегі ырымдар деп екіге бөліп қарастырады [ ] . Ал алғаш қазақ ырым-тыйымдарын зерттеп, зерделеп, бір жүйеге келтірген этнограф ғалым - Сейіт Кенжеахметұлы. Еңбектеріне шолу жасайтын болсақ, ондағы ырым-тыйымдардың көбісі отбасына қатысты екенін және бала тәрбиесіне жете мән бергендігін аңғарамыз. Бұл дегеніміз - қазақ халқы жаны, тәні сау, тәрбиелі, саналы ұрпақ болуына баса назар аударғандығын көрсетеді.

Қазақ халқының ырым-тыйымдарының лексикологиялық негіздерін қарастыруда біз оларды бірнеше ірі микротоптарға бөлінетінін байқадық. Олардың барлығы да қазақ халқының қалыптастырып кеткен салт-сананың, дәстүрінің негізінде қалыптасқан ырым-тыйымдардың озық үлгілері болып табылады.

Диплом жұмысын жазу барысында ырым-тыйымдар, балаға қатысты ырым-тыйымдарға қатысты зерттеулер мен деректерге, қызықты материалдарға типологиялық салыстырулар жасалып, талдаулар жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Лексикология», «Қазақ тілі» пәндерін оқытуда және мектептерде, арнайы курс пен факультатив сабақтарда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы кіріспе мен қорытындыдан, екі тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде негізінен диплом жұмысының өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық дерек көздері мен әдістемелік негіздері және жұмыстың құрылымы мен ғылыми сипаты баяндалады.

Диплом жұмысының негізгі тарауларында «Балаға қатысты ырым-тыйымдардың тілідк ерекшеліктері», «Лексика-семантикалық құрылымы», «Халық арасындағы қолданыс сипаты, тілдік бейнесі», «Түркі тілдес халықтардың арасындағы ырым-тыйымдардың ұлттық ортақ сабақтастығы» жайында сөз болады.

Қорытынды бөлімде негізгі тарауларда сөз болған зерттеу нәтижелері жинақталып, қысқаша түйін жасалды

I ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Ырым-тыйымдардың жалпы сипаты, тақырыптық топтастырылуы

Қазақ халқына тән ықылым заманнан келе жатқан адамгершіліктің, әдептіліктің, жақсылықтың, үлгі - өнегенің қайнар көздерінің бірі - ырым тыйымдар. Қазақ халқының наным-сенімінен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен сабақтасып жатқан негізгі тәрбие құралы. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы басты мақсат - адал, еңбексүйгіш, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық өзінің салт - дәстүр, әдет - ғұрып негізіне орай жүзеге асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталып сыннан өткен салт-дәстүр аясында тәрбие берген.

«Көкті жұлма», «Бүйіріңді таянба», «Үлкеннің жолын кесуге болмайды», «Үлкендердің қолына су құйсаң, ақ батасы тиеді», «Табалдырықты басуға болмайды», - деп баланы жастайынан әдептілікті сақтауды, табиғатты қорғауды, үлкенді құрметтеуді үйретіп, алдын-ала қауіп - қатерден сақтандыра отырып, тәрбие беруді ырым-тыйымдар арқылы жүзеге асырып отырған. Осы сынды ырым -тыйымдарымыз ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін маңызын сақтап келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік терең дүние. Бұл жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіру мақсатынан туған. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы замандағы тәңірлік, шамандық наным - сенімнің белісі ретінде де көрініс беріп те жатады. Дегенмен ырым- тыйымдарды қазақ халқынан бөліп- жарып қарауға болмайды деп білемін.

Салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптарынан, ырым-тыйымдарынан қай халықтың болсын мінез-құлқы, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, зейін-зердесі, дүниетанымы, ақыл-ойы, үлгі-өнегесі, сонымен қатар өзін қоршаған әлемге деген танымдық, этникалық танымы мен көзқарастары көрінеді. Ырым-тыйымның астарында алуан түрлі тақырыпты қамтитын мәдени этикалық тәрбиелеудің негізі жатыр.

Ырым-тыйымдар қазақ халқының өмірімен, тіршілігімен, дүниетанымымен біте қайнасып жатыр. Дана халықтардың өзі жасаған осы әдет - ғұрып пен жөн - жосықты біліп, үйрену және қолдану - ағайынды адастырмас сара жол екендігін басшылыққа ала отырып, ырымдардың тәрбиелік жағына көп көңіл бөлінді. Халқымызда ырым-тыйым түрлері өте көп. Тақырыбымыз «Балаға қатысты ырым-тыйымдар» болғандықтан Барлық ырым-тыйымдарды жинақтап, алуан түрлілігі мен жан-жақтылығын саралай келе былай классификацияладым.

«Тәрбие - тал бесіктен», - дейді ғой. Ең бірінші ырым-тыйымдарда тәрбиелік культ басым. Қазақтан сөз артылған ба?! «Жаман болады», «Обал болады», «Ұят болады» деп үш ауыз сөзбен-ақ тәрбие берген.

Балаға қатысты тәрбиелік мәні бар ырым-тыйымдар:

« Нан үстіне зат қойма», «нанды бір қолыңмен үзбе», «нанды лақтырма», -деп нанның қадір-қасиетін түсіндірсе, «сүтті төкпе», «сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды», «сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды», «сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады», «сүт сауатын шелекті су басына апрмайды, кұты кетіп қалады», «ақтың жуындысына адам жүретін жерге төгуге болмайды», - деп ақтың да қаншалықты маңызды екенін айтып отырған. Сонымен қоса

  1. Сыпырғышты аспанға көтерме.
  2. Отқа түкірме.
  3. Тұзды баспа.
  4. Бас киіммен ойнама
  5. Таңдайыңды қақпа.
  6. Басыңды шайқама.
  7. Үйге жүгіріп кірмейді.
  8. Тізеңді құшақтама
  9. Бүйіріңді таянба
  10. Бүк түсіп жатпа
  11. Қолыңды жуған соң сілкіме, - т. б ырым-тыйымдармен тыйып отырған.

Балаға қатысты гигиеналық талаптарға арналған ырым тыйымдар. Медицинаны жетік білмесе де халқымыз сол кезеңнің өзінде де гигиенаға қатты мән берген. «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі», - деп тәрбие берген.

  1. Шелектегі суға аузыңды салма.
  2. Саусағыңды аузыңа салма.
  3. Екі езуіңді керме.
  4. Шашыңды аяқ астына тастама.
  5. Жағыңды таянба.
  6. Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай әрбір саусағын жеке - жеке жуады

Балаға бір жақты ғана тәрбие беріп қойған жоқ. Әр түрлі ситуацияға байланысты тәрбиелеп, шыңдап отырды. Балаға экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері:

1. Жалғыз ағашты жұлма

2. Көкті жұлма.

3. Малды теппе.

4. Суға дәрет сындырма.

5. Құстың ұясын бұзба

6. Су шашып ойнама.

«Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені», - дейді дана халқымыз. Ырым-тыйымдардың бір парасы баланы әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер:

1. Үлкеннің алдын кеспе

2. Адамды айналма

3. Кемтар адамға күлме.

4. Адамға қарап түкірме.

5. Жаман бұзақы сөзге ерме.

6. Кісіге қару кеземе.

7. Үлкеннің жолын кеспе.

8. Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді.

9. Анаға зекіме, азабын тартасың.

10. Барды жоқ деме, барың жоқ болады.

Ырымдар мен тыйымдардың баланы қауіптен сақтандыратын түрлері:

1. Отпен ойнама.

2. Оттан аттама.

3. Пышақты шалқасынан қойма.

4. Пышақтың жүзін жалама.

5. Аяқ-қолыңды жіппен байлама.

6. Түнде суға барма

Тілімізде ең көп қолданысқа ие - балаларға қатысты ырым-тыйымдар. Бұл хақында екінші тарауда кеңінен тоқталатын боламын.

Тілімізде ырым-тыйымдар өте көп дедік қой. Этнограф ғалым Ә. Диваевтің еңбегін бсшылыққа ала отырып, халқымыздың қолданып жүрген, бізге мұра қылып қалдырған басқа да ырым-тыйым жүйелерін тақырыптарына қарай топтастырып, тоқтала кетсек.

Жолға қатысты ырым-тыйымдар

Жол - Қазақтың кең - байтақ жерінде жолға шығу, жол жүру аса көп дайындықты қажет еткен. Себебі, тұрғын елді мекендердің, батыспен шығыстың, оңтүстік пен солтүстік аймақтарының алып жатқан аумағы ұланғайыр. Алыс жолға аттану, діттеген жеріне аман - есен жету үшін халық бүкіл жан дүниесімен беріліп, тілеу тілеген. Ұзақ жол жүру, оңай шаруа емес. «Табиғаттың дүлей апатынан сақта, жол амандығын бере гөр, өзімнің, көлігімнің денсаулығын бере гөр» - деп жаратқаннан сұраған.

1. Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.

2. Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды, сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.

3. Жолда кездескен адамнан «қайда барасың ?», - деп сұрамайды, «жол оң болсын» деу керек.

4. Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.

5. Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.

6. Жұма күні көшуге болмайды. Жұма - қасиетті күн. Бұл күні ата - баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.

7. Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенің басын кездестірсе, бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.

8. Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.

9. Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

Үй тұрмысы - ұлттық ұғымда үй тұрмысы және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата - бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу сияқты қанатты сөздер шығарған. Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.

1. Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қонақ жайлы болсын!» дейді.

2. Егер үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.

3. Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен мал-мүлікке ие болады, дәулет артады.

4. Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күгі қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады, содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қос-қостан өткізеді. Бұл қасқүнем рухтар мен жын - шайтаннан сақтану үшін жасалады, өйткені олар көшті аңди алмай, от ішінде қалып қояды.

5. Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.

6. Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.

7. Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.

8. Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.

9. Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.

10. Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.

11. Пәле - жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.

12. Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. «Жыланға да ақ құйып шығарады».

13. Бір үйге шаруасы болып келген адам отыруы, асығыс болса, бір тізесін бүгуі керек. Өйтпесе келген үйдің сиыры түрегеп бұзаулайды дейді.

14. Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды.

15. Сыпырғышты тік қоймайды және жоғары қоймайды.

16. Жазда үйге құйын келе жатса үлкен - кішілер қолына таяқ алып оны «таздың үйіне бар, пәленше таздың үйіне бар!» деп

Ас - тағамға байланысты ырым-тыйымдар. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас - адамның арқауы», «Жаман ауруға - жақсы ас», «ас қадірін білмеген аштан өледі». Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым-тыйым сөздері көп.

1. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.

2. Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.

3. Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады. Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң - тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіріді.

4. Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.

5. Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.

6. Сүт сауатын шелекті су басына апрмайды, кұты кетіп қалады.

7. Ақтың жуындысына адам жүретін жерге төгуге болмайды.

8. Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.

9. Таңертен нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Ең құрыса, нан ауыз ти» деген.

10. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен үзуге болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен үзеді.

Қазақ халқында ыдыс - аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт - дәстүр, әдет - ғұрап, сенім - наным, ырым-тыйымдар көп. Қазақ халқы ыдыс - аяқты ас ішетін жабдық - бұйымдар деп қастерлеп, құрметтейді.

1. Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды.

2. Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.

3. Түнде ыдыстың бетін ашық қалдырмайды.

4. Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.

5. Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс - несібе кетеді.

6. Қазанды есік жаққа қаратып қисайта асуға болмайды. Халық ұғымында ол құласа, «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады», деп ырымдаған.

7. Қазанды төңкеріп қойса, ырыс - несібе кетеді.

8. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.

9. Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.

10. Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.

11. Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.

12. Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.

13. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.

14. Жақын адамға пышақ сыйламайды . Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап алады.

15. Ыдыс түбіндегі тамақ біреудің кесе не аяғына құйылғанда тура толатын болса, сол адамның жары сұлу болады.

Адамның киіміне байланысты ырым-тыйымдар

1. Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

2. Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

3. Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау - жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.

4. Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.

5. Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.

6. Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.

7. Киімнің жағасын басуға болмайды.

8. Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.

9. Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолға қатысты ырым - тыйымдар
Басқа сөзбен айтқанда Ұмай ана - Түркі тілдес халықтарының дүниетанымындағы дәстүрлі әйелдік бастаудың символы
Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары
Тіл мен мәдениет мәселесінің этнолингвистиканы қалыптастырудағы ролі
Ежелгі аңыздар немесе қазақ халқының әлемдік өркениетпен жапсарласатын тұсы
Бас-киім атауларының лингвокогнитивтік сипаты
Қазақ халқының ырым-тыйымдары
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары
Қазақтың ырым, тыйым сөздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz