Сүтті ешкі тұқымдары


ҚАЗАҚСТАН РЕ
СПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» ҚеАҚ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Заанен тұқымы ешкілерінің сүт өнімділігіне жыл мезгілдері мен оларды күтіп бағу технологиясының әсері
Орындаған: 4 курс студенті
Маукей Жанерке
Ғылыми жетекшісі: а. ш. ғ. к. ., аға оқытушы
Саденова М. Х
Кіріспе
Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың жаһандану жағдайында еліміздің ауыл шаруашылығының маңызы үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, елімізде әлеуметтік-экономикалық қана емес, саяси салмағы да басым жетекші салалардың бірі - ауыл шаруашылығы. Ал ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды саласы мал шаруашылығы болып табылады.
Қазақстан экономикасында жыл сайынғы күрделі өзгерістерге сәйкес мал шаруашылығы саласындағы ғылымдардың алдына іргелі және қолданбалы зерттеулердің деңгейін арттыру, зоотехния, биотехнология, генетика салаларындағы ғылыми таңдауларды жеделдету, олардың тиімділігін көтеру, мамандандыруды тереңдету, мал шаруашылығын қарқынды дамыту арқылы өнім өндіруді еселеп арттыру міндеттері қойылуда [1] .
Еліміздегі азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысынан жеке шаруашылық иелерінің қосар үлесі зор, және ол жалпы ауылшаруашылығы өнімдерінің үштен бір бөлігін құрайды.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында: «Биыл Астанада өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шара - «Экспо-2017» халықаралық көрмесі өткелі отыр. Осыған байланысты төртінші басымдық ретінде - Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор екенін айта отырып, аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек» - деді. Сонымен бірге көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс екенін атап өтіп, Үкімет пен әкімдерге біріншіден, субсидияларды бөлу қағидаларын қарастыруды, екіншіден, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндікберетін жағдай жасауды, үшіншіден, ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%- ға көбейтуді тапсырды.
Сонымен бірге, Елбасы «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне тоқтала келе, «Бүгінде әлемде 1 миллиардқа жуық адам азық-түлік жетіспеушілігін сезініп отыр. Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінде сапалы серпіліс жасауы шарт. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар», - деген болатын [2] .
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда еліміздің агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламалардың бірі «Агробизнес-2020» бағдарламасы болып табылады. Өз жұмысын жүргізу үстіндегі бұл бағдарламаның негізі мақсаты - ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.
Қaзaқстaнның көкeйтeстi мәсeлeлepiнiң бipi - eлiмiздi толық құнды, экологиялық тaзa, бәсeкeгe қaбiлeттi отaндық сүт өнiмдepiмeн жeткiлiктi дeңгeйдe қaмтaмaсыздaндыpy. Peспyбликa жұpтшылығы сaндық тұpғыдaн дa сaпaлық тұpғыдaн дa aлып қapaғaндa өз eлiмiздe өндipiлгeн сүт өнiмдepi мeн жeткiлiктi дeңгeйдe қaмтылмaғaн.
Хaлықты жоғapы сaпaлы сүт жәнe eт өнiмдepiмeн қaмтaмaсыз eтy aгpо-өндipiстiк кeшeннiң жұмыскepлepiнiң бaсты мiндeтi. Әсipeсe сүт жәнe сүт өнiмдepi көпшiлiк жұpтқa қолжeтiмдi болып отыp. Сондықтaн сүттi мaл шapyaшылығының дaмyынa жaғдaй жaсay кepeк.
Мeмлeкeттiк мaл шapyaшылығы сaласындaғы сaясaты - оның жaлпы тұpaқтaндыpылyы мeн дaмyынa бapлық жaғдaйлapды жaсayғa жәнe бaсымды, бәсeкeгe қaбiлeттi мaл тұқымдapы мeн типтepiн өндipiскe eндipyгe, сонымeн қaтap, гeндiк қоpдың сaқтaлyынa бaғыттaлғaн. Осыған орай, халықты қолжетімді бағадағы әрі сапалы сүт және сүт өнімдерімен қамтамсыз ету мақсатында сүтті бағыттағы тұқымдары қажет.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған бағдарламалардың ірі қаржылық институттарының бірі - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ болып табылады. Қордың Атырау филиалы фермерлік шаруашылықтарды «100 нақты қадам», «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары арқылы қаржыландыруда. Басымды бағыттар - жылқы, ірі қара мал, қой ұстау, жайылымдық жерлерді суару, осы жылдан бастап ешкі өсіру де қосылды. Нарықтық экономика жағдайында ешкі шаруашылығы мал шаруашылы-ғының тиімділігі жоғары әрі нәтижелі бағыты болып саналады. Ешкіден сүт, ет және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Әлемде өндірілетін сүттің 2% ешкі сүті үлесіне тиеді. Ешкі сүті көптеген мемлекеттерде сүт өнімін алуда маңызды рөл атқарады [3] .
Біздің елімізде ешкі сүтін өндіретін өндіріс орындары жоқтың қасы, осы жағдайды ескере отырып, адам ағзасына пайдасы мол ешкі сүтінің елімізде өндіріс орындарынн көптеп ашу қажет.
Республиканың ішкі нарығындағы ешкі өнімдеріне деген сұраныстың өсуіне байланысты нарықтық экономика жағдайында ешкі санының өсуі бұл саланың даму болашағын көрсетеді.
Ешкі сүті біздің республикамыздың ішкі нарығындағы жаңа өнім болып табылады, сол себепті, оның өндірісін арнайы ешкі өсіру шаруашылықтарын құру арқылы арттыру, халықтың диеталық және емдік сүт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру үшін халық шаруашылығында маңызы барын көрсетеді [4] .
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Ешкі сүтінің табиғи мол қасиетін ескере отырып, халықты өз елімізде өндіріліп шыққан ешкі сүті және сүт өнімдерімен толық қамтамасыз ету жолдарын қарастыру және оны жетілдіруді ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызы зор.
Республикада ешкі шаруашылығын дамытып одан халықаралық нарық стандарттарына сай бəсекеге қабілетті өнім өндіру - селекциялық-асылдандыру жұмыстарының, биотехнологияның, өнімдерді өндіру жəне өңдеудің тиімді əдістерін əзірлеу мен енгізу арқылы жаңа тұқымдарды шығару жəне қолда бар тұқымдарды жетілдіру жəне ешкілерді толыққанды азықтандыру жүйесін енгізу қажет екенін алға қойып отыр.
Осы орайда Ақмола облысы «Зеренді асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» ЖШС жағдайында ешкі сүті өнімділігін арттырып, келешекте өнімді экспортқа шығаруда шаруашылықтағы заанен ешкілерінің сүт өнімділігін арттыру жолдарын зерттеуді қамтамасыз етудің өзектілігі жоғары.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы. Еліміздегі сүтті ешкі шаруашылығының дамуына әсерін тигізетін ең негізгі шарттың бірі сауын ешкілерінің сүттілігін жоғарылатып, олардан жоғары өнім беретін мал тұқымын алып, санын көбейту болып табылады.
Ақмола облысы «Зеренді асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» ЖШС жағдайында заанен ешкілерінің сүт өнімділігі, олардың сапасы, малдардың салмағы, дене өлшемі көрсеткіштері, қоршаған орта жағдайына резистенттілік қасиеттері салыстырмалы түрде жан-жақты зерттелді.
Ғылыми жұмыстың мақсаты : Ақмола облысы «Зеренді» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» ЖШС жағдайындағы Заанен тұқымы ешкілерінің сүт өнімділігіне жыл мезгілдері мен оларды күтіп бағу технологиясының әсері
Зерттеулердің міндеттері:
- «Зеренді» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» ЖШС-ндегі заанен
тұқымының сүт өнімділігіне сипаттама беру;
- «Зеренді» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» ЖШС-де заанен
тұқымды ешкілердің сүт өнімділігін арттырудағы күтіп-бағу мен азықтандыру жүйесін зерттеу;
- Шаруашылықтағы заанен тұқымды ешкілердің сүт өнімділігінің көрсеткіштерін бағалау;
- Заанен тұқымды ешкілердің сүт өнімділігінің шаруашылықтың
пайдалылығына әсері және дамыту жолдарын анықтау;
- Ақмола облысы «Зеренді» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы»
ЖШС жағдайында заанен ешкі тұқымының сүт өнімділігінің экономикалық тиімділігін есептеу;
- Заанен тұқымды ешкілердің сүт өнімділігін арттыру жолында ұсыныс беру.
1 Әдеби шолу
- Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы ешкі шаруашылығының қазіргі жағдайы
Ешкі сүті мемлекеттердің көбінде сүт өнімдері өндірісінде меншікті сал-маққа ие.
Сүтті ешкі өсіру жақсы климаттық және қоректік жағдайларымен ерекшеленетін аймақтарда кең тарады. Еуропалық мемлекеттерде жоғары өнімді заанен және тоггенбург ешкі тұқымдары таралған.
Швейцарияда заанен тұқымды ешкілердің сүт өнімділігі 753 кг, тоггенбургтық - 685 кг, апенцельдық -624 кг, верзасстық-447 кг, валлизарлық - 656 кг . Осы түрлердің ішінде температура өзгерісі (+20°, +40°) мен теңіз деңгейінен биіктіктің өзгеруіне (400 м) ең жақсы дағдыланған тоггенбург түрі болды [6] .
Жергілікті аналықтар мен Швейцариядан әкелінген заанендық аталық-тарды қолдану негізінде сүтті ешкілердің нидерландтық, болгарлық ақ, фран-цуздық альпылық, неміс тоггенбургтық түрлері мен түр топтары шығарылды және олардың Үндістанда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және Филиппинда жақсартылған жергілікті ешкі түрлері пайда болды.
АҚШ-та орташа сүттілігі альпылық 960, 3, заанендық 977, 3; тоггенбург-тік 934, 9, нубийлік 768, 8 ламанча 924, 8 кг түрінен құралған, және майлылығы сәйкесінше 3, 51; 3, 52; 3, 49; 3, 82 және 3, 67% құрайды.
Францияда ешкілердің басым саны альпылық және заанендтық тұқымдар, сауылуы есепке алынған ешкілерден 590 кг құрады, майлылығы мен ақуыз құрамы сәйкесінше 19 кг және 15 кг құрады. Тұқымдық аспектіде француз сүтті ешкілерінің сүт өнімділігі құрайды: альпілік 560 кг, заанендтық 604 кг, пуаттық 445 кг, Құрғақ сүттің құрамында 26, 8-32, 0% протеин мен 31, 5-34, 5 % май бар.
Норвегияда 15 кәсіпорынды бақылайтын «Tine Sor» сүт ассоциациясы 2, 1 мың тонна ешкі сүтін өндіреді. Оның көп мөлшері Телемада өндіріледі.
Батыс Грузияда (Мегрелия), сонымен қатар Сватенияда, Абхазияда, Аджар АКСР-ында және Оңтүстік Осетияда екі түрі кездесетін -жазықтықтық және таулы мегрельдік сүтті тұқымдар өсіріледі [7] .
Енді Қазақстандағы ешкі шаруашылығының жағдайына келетін болсақ, елімізде өсірілетін сүтті ешкілер жергілікті қылшық жүнді және кеңестік жүнді ешкілердің Ресей Федерациясынан әкелінген заанендік тұқымдастармен будандастырылуынан пайда болған сүтті ешкілер. Олар өздігінен тұқымдас бола алмайды, сол себепті «Қой шаруашылығының ҰЗИ» - «Қазақстандық ешкілердің сүтті тұқымдасы» атты жаңа селекциялық нәтижеге әкелетін ғылыми зерттеу құруға кірісті.
Қорыта кетер болсақ, ешкі шаруашылығы шетелде фермалар санымен жеткілікті дәрежеде болса да, Қазақстанда бұл шаруашылық түрі әлі бастапқы даму сатысында. Алайда қазіргі уақытта осы салаға көптеп мән беріліп, әрі қарай дамуына көптеп қолдау көрсетілу үстінде.
- Сүтті ешкі тұқымдары
Жер шарында ешкілердің өнімділік бағыты, тірі салмағы, төлдеуі, тері-жүнді жабыны, конституциясы, экстерьер ерекшелігіне байланысты түрлі тұ-қымдары, тұқымдық топ жəне олардың туыстастары өсіріледі. Ешкі тұқым-дарының көп болуы оларды біріктіретін зоологиялық жəне өнімділік белгілері-не қарай бөлінуін талап етеді. Алайда, ешкілерді қоймен салыстырғанда айқын түр ішіндегі құйрықтарының өлшемі мен кейпі жағынан ерекшеліктері байқал-майды. Бұл олардың зоологиялық жіктеуін құрастыруды қиындата түседі. Со-ған байланысты ешкілерді зоологиялық белгілеріне қарап топтаудың негізі ре-тінде бас қаңқасының бет сүйектері, құлақ, мүйіздерінің даму сатысы мен кей-пінің жиынтығы алынды.
Тəжірибе жүзіндегі зоотехнияда ешкілерді өнімділігі бойынша өндірістік жіктеуді пайдаланған жөн: I топ - сүтті бағыт; II топ - жүнді бағыт [9] ;
Cүтті ешкі шаруашылығы кең тараған аймақтары климаттық және азықтандыру жағдайы жақсы - Европа мемлекеттері болып табылады. Көп өнім беретіні-Заанен және Тоггенбург тұқымдары.
Мегрель тұқымының ешкілерінің түсі ақ, ашық сұр және ашық қызғылт түсті. Тұқымға тән белгі қысқа жүнділік. Жүн жамылғысы ірі қылшықтан және ұзындығы 3-4 см түбіттен тұрады. Текелер мен аналықтар әдетте жақсы дамыған қылыш пішінді мүйізді болады [12] .
Қазақстанда өсірілетін сүтті ешкілердің негізгі селекциялық белгілерінің «Қой шаруашылығы ҰЗИ» ның шығарған минималды талаптарын 1 кестеден көруге болады.
1 кесте - Сүтті бағыттағы жергілікті ешкілердің негізгі селекцияланатын белгілеріне қойылатын минимальды талаптар
Майлылығы 4, 3%
сүт сауымы, кг
Өсіру ауданына байланысты аналықтардың тірілей салмағы 48-55 кг дейін жетеді, 10 айлық сауым маусымында 600 ден 700 кг дейін сүт береді. Сүттің майлылығы 3, 7-4, 3% және одан да жоғары. Аналықтың өсімталдылығы 180 - 200%.
- Заанен тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Заанен тұқымы - көптеген мамандандырылған сүтті ешкі тұқымдарының ішіндегі ең алдыңғы қатарында тұрады. Өз атауын тұқым өзінің ең көп таралған орталығы болған Заанен алабынан (Зааненталь), алды. 1856 жылы әлемдің көр-меде бұл тұқымның ешкілері ақ мүйізсіз заанен ешкісі атауымен таныстырылды.
Асылдандыру жұмысы сүт өнімділігін жоғарылатуға, жергілікті жағдайға бейімдеуге, экстерьердің жеке кемшіліктерін (тар сегізкөз, жалпақ корпус, карп тәрізді арқа) жөндеуге бағытталған [15] .
3 Зерттеу нысаны мен әдістемесі
3. 1 «Зеренді» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» ЖШС-не сипаттама
Ақмола облысың Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында орналасқан «Зеренда»ЖШС 2016 жылы құрылғаналынған. Өз жұмысын 2017 жылы бастады. Дирекоры Хамит Фаезов, құрылтайшысы Ермек Ұлықпанов, жетекшісі Азамат Ақылбекович. Өзінің жеке есеп шоты бар, өнімдерін толық есеп айырысу арқылы, тек келісім шарт бойынша ғана сатып таратып отырады.
Шаруашылықта оқу ғылыми-өндірістік орталығы, автоматтандырылған сүт кешені, сүт зауыты, ет өңдеу комбинаты бар.
Шаруашылық асыл тұқымды ешкі шаруашылығы, сүт өнімдерін өндіру және егіншілікпен айналысады бұл ұжымда 20-дан аса адам еңбек етеді. Шаруашылықтың барлық жер көлемі 300 гектар, егістік алқабы бар,
2 кесте- Ауыл шаруашылығы жерлерінің құрылымы
2020 жылдың бастап сүт зауыты жұмыс жасауда. Сүт зауытында Megatex Италия жабдығы орнатылған. Өндірістік қуаты жылына 1800 тонна өнім құрайды. Күнделікті өнімділігі 1, 5 тонна. Өндірілетін өнім түрлері: сүт, айран, қаймақ, сүзбе, йогурт, жұмсақ және қатты ірімшіктер(сулугуни, халуми, брензы ) және сары май, құрт, балмұздақ, әзірге балмұздақтың екі түрі өндіріледі. Өнімнің сыртқы қаптамалары, және де пластик бөтелкелер өндірістік орынның өзінде жасалады. Барлық құрылғылар автоматтандырылған. Құрылғылар Италиядан алырылған, ал пластик бөтелке шығаратың құрылғы Қытай елінен алып келінген
Шаруашылықтың негізгі бағыты - сүтті бағыттағы асыл тұқымды ешкі шаруашылығы және солардың өнімдерін өндіру болып табылады. Атап айтқанда, шаруашылық сүтті бағыттағы Занен тұқымын, Альпі тұқымын өсіреді. Қазіргі таңда шаруашылықта 1000 нан аса ешкі бар . Оның ішінде 870 сі сауылады.
Ең алғаш шаруашылыққа Нидерландыдан 300 бас асыл тұқымды Заанен ешкісі алып келінді, осылайша шаруашылық 300 бас ешкімен өз жұмысын бастайды. Кейінірек Бельгия және де Венгрия елдерінен де асыл тұқымды сүтті бағыттағы ешкілер алыпкелінеді.
Шаруашылықтың негізгі бағыты - сүтті бағыттағы ешкі шаруашылығы және солардың өнімдерін өсіп-өндіру болып табылады.
Шаруашылық ауданы 334 га :
- Ферма
- Сүтцехы
- Сауыналаңы
- Азықтандыруцехы
- Кеңсе
- Сою
- аланы
- Азық қоймасы орналасқан.
Шаруашылықта ешкі сауу, тиісті температураны ұстайтын жергілікті суды сүзу тазарту суару жүйесі автоматтандырылған. Шаруашылық тиімді азық түрлерін өздерінің азық дайындау цехында дайындайды. Әрбір ешкідегі жеке чип арқылы күнделікті сауылған сүт мөлшері компьютерге тіркеледі. Аталған шаруашылықтағы сүт өнімдерінің көрсеткіштері төмендегі кестеде берілген.
«Зеренді асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» ЖШС ешкілерінен алынған сүттің физико- химиялық көрсеткіштері
3. 2 Ешкі табынының құрылымы
Мал табынының құрылымы (түрліше жас-жыныс топтарының ара қатынасы) жоспарланған ешкі басының санын және олардың өнімін өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік беретініндей тиімді, ешкі шаруашылығының өнімдік бағытына және шаруашылықтың табиғи-экономикалық жағдайына сәйкес болуы керек. Аналықтар мал басын өз төлінен өсіретін топ болғандықтан, олардың үлесінен төменгі класты малдардың бракқа шығарылу және асыл тұқымды төлдердің сатылу мүмкіншіліктерінің қарқыны қалыптасады. Аналықтардың үлесі шаруашылықта төлдерді жасына байланысты етке өткізу бойынша қалыптасқан мерзімінен анықталады. Төлдерді 1 жасқа дейін етке өткізетін шаруашылықтарда аналықтардың үлесі жоғары, ал оларды 1, 5 және одан да үлкен жасқа дейін ұстайтын шаруашылықтарда - керісінше төмен болады.
Сүтті ешкі шаруашылығында, артық төлдер туылған жылы етке тапсырылатындықтан, аналықтардың үлесі 70-80% деңгейінде болуы тиіс.
Мал тұқымын жақсарту мақсатында жүргізілетін тұқымаралық сіңіре будандастыру жұмыстарының бастапқы кезеңінде алынатын будан лақтардың өнімділік деңгейі талапқа сай болмайтындықтан, олардың елеулі бөлігін туылған жылы етке тапсыру арқылы аналықтардың үлестік салмағын 70% және одан жоғары деңгейге жеткізуге болады. Жоғарыдағы көрсетілген ешкі табынының құрылымы нұсқа ретінде ұсынылады, табиғи-экономикалық жағдайына байланысты оның тиімді деңгейін таңдауы керек.
Шаруашылықтағы заанен тұқымының отар құрамы
Қорытынды:
Шаруашылықтағы заанен тұқымының отар құрамының көбін ересек аналық яғни сауын ешкілері құрайды, себебі шаруашылықтың мақсаты сүт өнімділігін көбейту
3. 3 Мал азығы өндірісінің технологиясы және азықтандыру
Шаруашылықтағы азық қоры. Мал түліктерінің өнімділігі, бір жағынан, оның нәсілдік, тұқымдық қасиеттеріне негізделген болса, екінші жағынан сол қасиеттерін дамытып, іске асыратындай қолайлы сыртқы орта жағдайларына байланысты. Организмды қоршаған сыртқы орта факторларының ішінде оның дамып, жоғары өнімділік қасиеттерін баянды етуіне ең күшті әсер ететін жағдай қоректену болып табылады.
Мал азығына жануарларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін, тіршілігі мен өнім сапасына зиянсыз өсімдік пен жануар тектес өнімдер, түрлі химиялық, микробиологиялық және минералдық қосындылар жатады.
Малды азықтандыру -олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
Өнімді өткізу тәсілдері. Ешкіден алынған өнімдерді (сүт, түбіт, қылшық) шағын бизнес ұйымдарымен келісімшарт жасасу арқылы немесе жарнама беру арқылы сатуға болады.
5 кесте - Мал шаруашылығының азықпен қамтамасыз етілуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz