Химиялық өндірістің шикізаттары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Химиялық өндірістің шикізаттары

Факультет: Жаратылыстану

Кафедра: Химия және химиялық технология

Білім бағдарламасы: 6В07205-МХӨТ

Дайындаған: Алдабергенов М.

Оқу практикасының жетекшісі: Махамбетова Ж. К.

Ақтөбе, 2021ж

Жоспары

Кіріспе

  1. Шикізат және шикізат көздері
  2. Шикізат түрлері
  3. Шикізатты өңдеуге дайындау
  4. Химиялық өндірістегі энергия және энергия түрлері
  5. Энергия көздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез ­ келген химиялық өндірістің қажетті компененттеріне шикі зат энергия және су жатады. Шикізат деп өнеркәсіпте өндіріс құралдарын немесе тұтыну бұйымдарын алу үшін қолданылатын заттарды қосылыстарды айтады, Мысалы, ізбес, пирит, т, б. Шикізатқа өнеркәсіпте өндеуде өткеннен табиғи материалдар жатады.

Бастапқы материалдар деп нақты бір өндіріске шикізат болып табылатын қосылыстарды материалдарды айтады. Шикізат пен материалдар арасында айырмашылық бар. Бастапқы материал табиғи шикізат аралық өнім қосымша өнім немесе екіншілік шикізат болуы мүмкін.

Жартылай фабрикат - табиғи шикізатты алдын ала өнеркәсіпте қайта өндеу арқылы алынған материал.

Қосымша өнім деп жанама химиялық реакциялар салдарынан өндірісте негізгі өнім мен бірге бөлінетін заттар мен қоспаларды айтады.

Қалдықтар дегеніміз техниканың нақты даму кезінде практикалық пайдалануға мүмкіндігі жоқ өндірістің қалдық өнімдері.

Екіншілік шикізаттарға қызмет уақыты біткен материалдар және материалдарды өндегенде қалдық ретінде бөлінетін бірақ соңғы өнімге қайта өңдеу экономикалық тиімді болатын өнімдер жатады. Дайын соңғы өнім өндіріс орындарының халық шаруашылығының әр түрлі салаларына практикалық қолану үшін өндіретін заттарын немесе маттериалдарын айтады.

Мұндай бөлу тек шартты түрде ғана мыс, күкірт қышқылы бір жағынан оны өндіретін өндіріс орындарының дайын соңғы өнімі болса, екінші жағыннан аккумуляторлар үшін тұтыну бұйымы және түсті металл, минералды тыңайтқыштар, бояу, дәрілік заттар т. б. өндірістерде бастапқы материал болып табылады. Химиялық өндірістер шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:

а) құрамы бойынша жіктеледі.

1. Минералдық шикізаттар.

2. Органикалық шикізаттар.

б) Агрегаттық күйіне байланысты шикізаттар былай жіктеледі.

1. Қатты ( рудалар, тау жыныстары, қатты отын. )

2. Сұйық (мұнай, т. б. )

3. Газ тәрізді. (табиғи, серік газдар, ауа. )

Шикізат және шикізат көздері

Химиялық өндіріс өте көп мөлшерде шикізатты өңдейді және сондай көлемде су, отын, энергия жұмсайды. Дүние жүзінде Қазақстан минералды-шикізат қоры бойынша алдынғы қатарлы орынды алады. Сонымен қатар химиялық өндірісте шикізатты пайдаланудың ерекшеліктері бар. Олар :

1. Шикізат базасының көп варианттылығы, ауылшаруашылық өнімдері, ауа және су, металлургия мен мұнай өңдеу өнімдері.

2. Әртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі

3. Бір шикізаттан әртүрлі өнім алу мүмкіндігі.

Химиялық өнеркәсіп өнімдері :

Бастапқы зат (шикізат)

Шикізат - бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн) ; әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т. б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат - табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі.

Аралық өнім (жартылай өнімдер)

Аралық өнім - дайын өнімге айналғанға дейін өндірістік процестің кейінгі сатыларынан өтуге тиіс ішінара өңделген шикізат;

Дайын өнімдер

Дайын өнім - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте - бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста - іске қосылған негізгі қорлар; ауыл шаруашылығында - егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбілзаттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді.

Шикізат және шикізат түрлері

Шикізат дегеніміз - өнеркәсіп тауарларын өндіруде қолданылатын табиғи материалдар және шала өнімдер.

Химиялық өнеркәсіп суды, отынды, энергияны көп мөлшерде жұмсап, шикізаттың көп мөлшерін өңдейді. Технологиялық процесстерде шикізат пен энергияны эффективті пайдалану- химиялық өнеркәсіптің маңызды поблемасы. Қорларды сақтаудың негізгі әдісіне:химико-технологиялық процессінің қозғалыс күштерін дурыс қолдану, жанармай-энергетикалық қорларды рационалды қолдану, аппараттар мен машиналарды структура - функциональді түрде дұрыс пайдалану, химиялық өндірісте сенімділігін қамтамасыз ету және жоғарлату жатады.

Шикізатты қолдану жағынан химиялық өндірістің ерекшеліктері:

1) шикізат базасының көпнұсқалылығы,

2) әртүрлі химиялық өнімдерді алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті қолдану мүмкіндіктері;

3) бір шикізаттан химиялық өнімнің бірнеше түрін алуға мүмкіндік беретін химиялық өңдеу әдістерінің көп түрлігі.

Химиялық өнімдерінің көпшілігі бірнеше жолдармен алынады. Химиялық өнеркәсіп шикізат ретінде тау рудаларынаң, мұнайдіқ, газдық, орманның және целлюлозо - қағаздық өнеркәсіптің, қара және түсті металлургияның өнімдерін қолданады. Бөлініп шыққан газдарды пайдаланудың практикалық мәні зор, себебі, мысалы, құрамында күкірт бар шикізаттарды шығындалмай, мыстың әрбір тоннасына 10 тоннадан артық мөлшерде күкірт қышқылын алуға болады.

Химиялық өнеркәсіптің шикізат базасының дамуы неғурлым толық бағытпен жүреді, мүмкіндік бойынша шикізатты комплексті пайдалану, төмен процентті шикізатты өңдеуге негізгі затты араластыру, химиялық өнеркәсіптегі және басқа да саладағы қалдықтарды утилизациялау.

Шикізат дегеніміз - өнеркәсіп тауарларын өндіруде қолданылатын табиғи материалдар және шала өнімдер. Химиялық өндіріс шикізатын әр түрлі қасиетіне байланысты жіктейді:

Әлеуметтік - экономикалық аспекті минералды қорды қолданудағы кез келген өндірістің алғашқы материалы - минералды шикізат . Минерал қатты металл емес зат не металды зат, ол жер қыртысында табиғат процестері әсерінен пайда болған. Металды минералдар құрамында әр түрлі элементтер - металдар болады: темір, мыс, алтын т. б. Минералды шикізат - кендер . Ең көп минерал затына - темір кенін жатқызуға болады, әлемдік қоры ~ 200 млрд. т. , жылына ~ 1 млрд. т. темір кені өндіріледі, олай болса, 200 жылдай уақытқа жетеді . Минералды шикізаттар көбінесе ашық әдіспен, сонымен бірге жер асты әдісімен өндіріледі . Минералды қор геологиялық көрсеткіштермен бағаланады . Жер қыртысында пайдалы қазбалар таралуы әр түрлі . Көптеген минералды шикізаттар кен күйінде, уығу тегі бейорганикалық заттар, кездеседі . Энергиялық шикізаттар тегі - органикалық заттар . Егер минералды шикізаттар қорғаныс өндірісінде қолданылса - стратегиялық деп аталады.

Минералды шикізатты рудалық, рудалық емес және жаңғыш (органикалық) .

  1. Рудалық шикізат - бұл темір, мыс, хром, титан және басқа рудалар, көбінесе олардың құрамында металдардың оксидтері мен сульфидтері болады.
  2. Рудалық емес шикізат - ас тұзы, фосфориттер, апатиттре, гипс, қум, асбест, күкірт, және т. б.
  3. Жаңғыш кендер - торф, тас көмірлер, сланцы және табиғи газ. Олар органикалық қосылыстардан турады және шикізат, энергия қорлары ретінде қолданады.

Химиялық шикізаттың негізгі көзі болып екіншілік материалді қорлар (ЕМҚ) табылады. Оларға өнеркәсіп қалдықтары, қолдану қалдықтары және жағымсыз өнімдер жатады. Өндіріс қалдықтары деп өндіріс кезіндегі шикізаттың, материалдардың, жартылай өнімдерінің қалдықтарын айтады, олар біртіндеп немесе бірден өздерінің сапасын жоғалтады және стандарттарға (техникалық жағдайға) сәйкес келмейді.

Химиялық өнеркәсіп шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі :

  1. шығу тегіне байланысты : минералдық, өсімдік, жануартекті;
  2. қоры бойынша :сарқылатын, сарқылмайтын;
  3. химиялық құрамы бойынша :органикалық және бейорганикалық;
  4. агрегаттық күйі бойынша :қатты, сұйық, газ;

Сонымен қатар:

  • біріншілік шикізат:су, ауа, жанғыш пайдалы қазбалар.
  • екіншілік: өнеркәсіптік және тұтынылатын қылдықтар.
  • табиғи және жасанды: кокс, каучук, бояулар, шайырлар.
  • Минералды шикізат -жер қыртысында өндірілетін пайдалы қызбалар.
  • Жанғыш минералы шикізат -көмір, мүнай, газ.

Өсімдік және жануар текті шикізат қолданылуына байланысты тағамдық және техникалық болып бөлінеді.

Тағамдық шикізат -ауыл, орман, балық шаруашылығның өнімдері.

Техникалық шикізат -тамақ өнеркәсібіне жарамсыз, бірақ тұрмыста пайдаланатын шикізат.

Құрамы мен құрылысына байланысты химиялық өнеркәсіп пен мұнай өндіретін өнеркәсіп қалдықтарын 3 топқа бөледі:

1) бастапқы шикізатқа жақын;

2) негізгі өнімге жақын;

3) басқа өндіріс немесе сала шикізатына жақын.

Қолдану қалдықтары деп қайтадан қалпына келтірудің экономикалық маңызы жоқ және қолдануға келмейтін буымдар мен заттарды атайды.

Жағымсыз өнімдер өндірісте өнімдерімен бірге өндеу процесінде пайда болады, бірақ өндіріс процесінің мақсаты емес. Алайда жағымсыз өнімдер дайын өнім ретінде қолдану мүмкін. Олар көп жағдайда тауарлы болып табылады. Олардың өздерінің ГОСТ-тары немесе ТУ бар. Негізгі шикізатты алу кезінде алынатын жағымсыз өнімдер жолаушы деп аталады. Жағымсыз және попутный өнімдер басқа өндіріс үшін негізгі өнім болып табылады.

Шикізатты өңдеуге дайындау

Шикізатты өңдеуге дайындаудың негізгі әдісі - оны байыту. Шикізатты байытуконцентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру. Шикізатты байыту оның фазалық күйіне байланысты болады.

Құрамында пайдалы компоненттің мөлшері ұлғайып, концентрацияланған шикізатты, оны байыту арқылы алады. Байыту деп минералдық шикізатты алғашқы (мехникалық) өңдеу кезіндегі процестердің жиынтығын атайды, оны жүргізудің мақсаты, пайдалы минералдарды (концентратты) бос тау жынысынан бөліп алу. Байыту әдістері әр алуан және олар қатты, сұйық және газ тәріздес шикізаттар үшін бөлек болады.

Шикізатты байытудың түрлері:

  • Гүрсілдетіп елеу, оны құрамында минералдар бар қатты тау жыныстарын бөліп - айыру үшін қолданылады. Минералдардың қаттылықтары әртүрлі және олар ұнтақталған кезде үлкендігі әр алуан түйіршіктер құрайды. Ұнтақталған шикізатты гүрсілдектер - әртүрлі өлшемді тесіктері бар металл електер арқылы тізбектей өткізгенде, ол белгілі бір минералдармен байытылған фракцияларға бөлінеді.
  • Гравитициялық байыту - ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелді. Бұл әдіспен қаттылығы және тығыздығы әртүрлі минеарлыдарды бөледі. Бұл әдіс гидроциклон аппараттарында жүреді. Силикат өнідірісі мен металлургия өндірісінде шикізатты байыту үшін қолданады.
  • Электромагниттік байыту - ұсынылған заттардың магнитке атртылу қасиетіне негізделген. Ұсатылған шикізат магнит сепеаторынан өткенде магнике тартылатын және тартылмайтын екі фракцияға бөлінеді. Бұл әдіс темір және тас кендерін байыту үшін қолданады.
  • Электростатикалық байыту - ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігіне негізделген. Электростатикалық сеператорларды магнит өрісінің орнына жоғары вольтті ток ток күзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродты темір құбырының ортасына орнатады. Құбыр арұылы шикізат төмен түскенде электр өткізгіш бөлшектері теріс зарядталып қабырғасына бағытталады. Осылай электро тоғын өткізетіндерден өткізбейтіннен бөліп алады. Бұл әдіс мыс, кұм, силикат өндірісінде қолданады.
  • Флотация -физико-химиялық байыту әдістері, әрі көп қолданылатын әдіс. Ағылшынша қалғып шыңу деген мағына береді. Бұл әдістің негізі-кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау қасиетіненегізделген. Флотация (фр. flottation - су бетіне қалқып шығу) - сулы ортадағы бір минералды басқа минералдан ажыратып алу әдісі.

Ол бір минерал бөлшегінің ауа көпіршігіне жабысып көбік қабатына ауысуына (концентрат), ал басқа минералдың су түбіне шөгіп қалуына (шөгінді, қалдық) негізделген. Флотацияны тиімді жүргізу үшін минерал бетінің физика-химия қасиеттері флотация реагенттермен күшейтіледі. Флотация машиналарда жүргізіледі. Флотацияның майлы, қабыршақты, көбікті деп аталатын түрлері бар. Флотация сирек кездесетін және құрамында өте аз заттарды байытып, бөліп алу үшін кеңінен қолданылады. Флотациялық машиналардың қуаттылығы 100 мың т-ға жетеді.

  • Термиялық байыту - ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген.
  • Химиялық байтыту - шикізат құрамындағы компоненттерінің химиялық реагенттерімен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген.

Химиялық өндірістегі энергия және энергия түрлері

Химиялық өндіріс көп мөлшерде энергия тұтынады. Энергия тек қана химиялық реакция жүргізу үшін ғана емес, сонымен бірге материалдарды тасымалдауға, қатты заттарды бөлшектеуге, ұсатуға жұмсалады. Химиялық өндірістегі энергия түрлері:

  1. электр энергиясы - электрхимиялық (ертінділер мен балқымалар электролизі), электротермиялық (қыздару, балқыту) процестерді жүргізумен қатар, механикалық энергияға т. б қолданады.
  2. жылу энергиясы - химия өндірісінде әртүрлі физикалық процесі іске асыру үшін қолданады.
  3. химиялық энергия - гальваникалық энергия және аккумляторда электр энергиясына түрлендіру үшін қолданады.
  4. жарық энергиясы - өте көп мөлшерде химиялық өндіріс түрлі фотохимиялық реакцияларды жүргізуге қолданады.
  5. атом энергиясы - атом және электростанцияларында электр энергия сыйымдылығымен бағаланады.

Энергия көздері

Химиялық өнімдер өндірісі үшін энергия көздері ретінде көмір, мұнай, табиғи газ және атом электрстанцияларының энергиялары қолданылады. Энергия көздері энергия бағалығы бойынша ерекшеленді. Энергия бағалығы - 1 кг отынды жаққан кезде алынған энергия мөлшері. Кейбір отын түрлерінің бағалығы (кВт) тас көмір-8, кокс-7, 2, табиға газ-10, 6.

Химия өнеркәсібі өте көп мөлшерде энергия қолданатындықтан ол алынған өнімнің құнына ерекше әсер етеді. Сондықтанда энергияны ұтымды пайдалану - маңызды проблемалардың бірі. Энергияның барлық түрлерін ұтымды пайдаланудың критериі -энергияны пайдалану коэ Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзінде адам тұрмысының ең маңызды факторы - энергия. Қатынас, жарықтандыру, жылыну сынды күнделікті тұрмыстың көптеген бөлшегі энергияға байланысты. Сонымен бірге энергиясынсыз өнеркәсіп те болмайды. Энергия экономиканың да ең маңызды бөлшегі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия өндірісінің шикізаттары
Экстракциялық фосфор қышқылы
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Сала кәсіпорындарын орналастыру
Қазақстан Республикасының химиялық өндірістері
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер
Ет, құс, жұмыртқа және олардың өнімдерінің химиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТАРДЫҢ АНАЛИЗІ
Шикізат, материалдық және отын - энергетикалық ресурстары
Терінің микрофлорасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz