Намаздың ішкі және сыртқы парыздары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ханафи мәзһабындағы намаз оқу дәлелдері

2021ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Фиқһ» пәнінен

Курыстық жұмыстың

түсініктемелік мәтіні

Жұмыс бағаланады: Орындаған студент:

_Кайрбаев Асхат Куандыкович

Комиссия төрағасы: Курс тобы:

Комиссиия мүшесі:

Курстық жұмыстың жетекшісі:

_Абаков Аслан

МAЗМҰНЫ

КІPІCПЕ 4

1 НАМАЗДЫҢ ДІНДЕГІ ОРНЫ 6

1. 1 Намаздың мәні мен маңызы 6

1. 2 Құран мен хадистегі бес уақыт намаздың орны 9

2 ХАНАФИ МӘЗҺАБЫНДАҒЫ НАМАЗ ОҚУ ДӘЛЕЛДЕРІ 13

2. 1 Намаздың ішкі және сыртқы парыздары 13

ҚОPЫТЫНДЫ 27

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕP ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Күллі ғаламның жаратушысы аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзатты жоқтан бар еткен, оны ең көркем түрде жаратып, тура жолдан адасып кетпеуі үшін өз тарапынан әр түрлі мұғжизалармен елшілерін жіберген Алла Тағалаға шексіз мақтау мен мадақтар болсын. Оның құлы әрі елшісі, пайғамбарлар мен елшілердің ақырғысы, шынайы мүміндердің көз қарашығы, тас болып қатқан жүректі өзінің мейірімі мен рахымдылығымен жібіткен пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын. Әрі оның отбасы мен сахабаларына және оларға ізгілікте ергендерге Алланың сәлемі болсын.

Жер бетінде өмір сүріп жүрген кез келген жұмыр басты пенденің қайдан келгені, қайда баратыны, не үшін өмір сүріп жүргені толғандыратыны рас. Көкейде ұялаған мұндай сауалдарға жауапты, Алланың кәләмі болған Қасиетті Құран кәрімде: «Адамдар мен жындарды тек Өзіме ғана құлшылық жасасын деп жараттым» деген аяттан табамыз. Яғни, адам баласының ең әуелгі міндеті - Алланы танып, оған иман келтіру және ізгі амалдар жасау. Адам баласын күллі жамандық атаулыдан тыятын һәм мағыналы, мәні терең құлшылық - намаз екені даусыз.

Баршамыз намаз діннің тірегі және мүміннің миғражы екенін және бұл ғибадаттың құндылығы мен ерекшелігі әрі берекеті де жоғары екенін жақсы білеміз. Десек те, намаздың үкімдерінің көбісін және амалдың маңыздылығын толық түсінбей тұрып, оларды ғылыми негізде үйренбей жатып, өмірімізде толығымен пайдаланумыз қиынға соғады. Намаздың құндылығы мен маңызы өте жоғары екенін, хадис пен фиқһ кітаптарының ең үлкен бөлігі дәл осы намаз жайындағы риуаят пен иждиһәдтардан тұратындығынан білсе болады.

Ертеректе намазды адамдар өте сирек, оның өзінде қарттар ғана, шамалары жеткенше оқитын еді. Көпшілік адам намаздың сырт көрінісін ғана білетін. Шариғат білімін егжей-тегжейлі бойына сіңірген адамдар өте аз-тұғын. Қазіргі таңда Алланың қалауымен шариғатты қалаған адамдар үшін намазды үйренуіне және орындауларына мүмкіндік туды. Көптеген елді мекендерде үлкен мешіттер бой көтерді. Намазхандар саны көбейді. Бірақ, сонымен бірге кәміл намаз оқуда қайшылықтарда етек алды. Осыларды ескере отырып өскелен ұрпаққа намаздың мәні мен маңыздылығын және оны дұрыс орындауды тағы бір мәрте азды-кемді түсіндіріп кетуді жөн көрдік.

Намаздың дұрыстығы оның сыртқы және ішкі парыздарының түгелдей қатысуына тәуелді. Демек, оларсыз кез келген намаз дұрыстық таппайды. Негізгі қайнар көздерді басшылыққа алып, Құраннан, хадистен, сахабалардың қанатты сөздерінен дәлелдер мен дәйектер келтіре отырып, намаздың ішкі және сыртқы парыздарын ашықтап түсіндіруге тырыстық.

Осы курстық жұмысымызды исламның жалауын желбіретіп, фиқһ ілімінің ірге тасын қалап, оны дамытуға орасан зор еңбек сіңірген имам Ағзам Әбу Ханифаның салып кеткен сара жолы Ханафи мәзһабы негізінде баяндадық.

1 НАМАЗДЫҢ ДІНДЕГІ ОРНЫ

1. 1 Намаздың мәні мен маңызы

Ислам дінінде Аллаға иман келтіргеннен кейінгі құлшылықтың ең абзалы, ол - Намаз. Намаз - құлды Раббысының разылығына бөлейтін ғибадат көздерінің ең үлкені және ең маңыздысы екені сөзсіз. Өйткені намаз қамтыған мазмұны мен дәрежесі тұрғысынан бүкіл ғибадаттардың шыңы, асылы болып табылады.

Біздің тілдік қолданысымызға парсы тілінен енген «намаз» сөзінің түп - төркіні араб тіліндегі «ас-салату» сөзінің негізінде жатыр. Араб тіліндегі «ас-салату» сөзінің тілдік мағынасы - «тілеу», «дұға ету», «мадақтау және тағзым ету» дегенді білдірсе, ал шариғаттағы терминдік мағынасы - тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше қимыл қозғалыстар мен сүрелер, дұғалар оқудан тұратын қасиетті ғибадат ұғымын меңзейді. [1; 9] .

Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазға былайша анықтама берген: «Уа, үмбетім һәм сахабаларым! Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз - Алла Тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі, пайғамбарлардың сүннеті, періштелердің ең сүйкімді ісі, жер мен көктің нұры, тән саулығының қайнар көзі, ризық несібенің берекесі, дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені, жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы, қабір әлемінде Нәкір мен Мүңкәр атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде - жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртында киер тәжің. Алла Тағала мүміндерге намаздай маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла Тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рүкүғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұрады. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүміндерге сыйлады. Ақиқатында, намаз иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы». Осы берілген анықтамаға көз жүгіртіп қарайтын болсақ Алла Тағаланың мүминдерге миғраж ретінде сыйлаған намаз ғибадаты күллі жаратылыс пен періштелер жасап жатқан ғибадаттардың барлығын қамтиды.

Намаздың мәні мен маңыздылығының тағы бір сыры ол Миғраж оқиғасы. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғраж түнінде көзіне жас алып, өзіне ілескен барлық мұсылмандар үшін көп дұға - тілектер жасады, Алладан оларға кешірім етуді сұрады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Уа, Құдайым, мені миғраж мұғжизасымен нығметтендірдің. Үмметіме де осындай бір нығмет сұраймын», - деді. Алла Тағала: «Намаз - мүміндердің миғражы», - деп Пайғамбарымызды (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы хабармен қуантты. Миғраж түнінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш сый жасалды. Біріншісі, «Бақара» сүресінің соңғы екі аяты уахи етілді. Екіншісі, Қиямет күні Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметін шапағат ету шарапаты берілді. Үшіншісі, бес уақыт намаз парыз етілді. Өйткені намаз - миғраждағы кездесуде арада Жәбірейіл періште болмай, Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағала тікелей бұйырып, парыз қылған және сонымен араға ешбір дәнекер салмай, тек Алламен ғана бірге болуға арналған ерекше құлшылық. Намаз арқылы жетілетін кемелдік, тыныштық, көңілдің алаңсыз рахатқа кенелуі және Алла Тағалаға жақындық деген сезімге басқа ғибадатпен қол жеткізілмейді.

Дүниеде намаздың мәртебесі ақыретте Алланы көру мәртебесімен бірдей болары сөзсіз. Өйткені құлдардың дүниеде Аллаға ең жақын болатын сәті ол - намаз. Сондықтан бүкіл ғибадаттар құлды намазға дайындау үшін баспалдақ тәрізді десек, орынды сөз болары анық. Исламнан бұрынғы Алла Тағала тарапынан келген діндерге, тарихқа көз жүгіртер болсақ оларда да намаз құлшылығы болған. Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бес уақыт намаз парыз болмай тұрғанда, тек таң ертен күн шықпай тұрғанда және ақшам күн батқаннан кейін, күнінен екі рет қана намаз оқитын. Содан кейін жоғарыда сөз қылғанымыздай миғраж түнінде бес уақыт парыз болды. Намаздың парыз болуы Кітап, Сүннет және Ижмамен тұрақтанған.

Намаз құлшылықтың ең ұлығы екендігін осыншалықты өсиет еткен Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазды көзінің нұрына балаған. Өзі намазды шын жүрекпен, жан дүниесімен беріле оқып, рүкүғ пен сәждеде ұзақ уақыт тұратыны соншалық - аяқтары ісініп кететін кездері де болатын. Намаздан алған рухани ләззатын: «Маған (дүние нығметтерінен) жұпар иіс пен әйел баласы сүйдірілді, ал намаз - көзімнің нұры, рухани ләззатым», - деп жеткізген еді. Әбу Хұрайра (р. а) бір хадисте: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі есепке алынатыны - намаз, - деп хабар берген. Осы хадистін өзі намаздың бұл дүиеде де, ақыретте де алар орнының маңызды екендігін баян етеді. «Фатиха» сүресі Құранның негізгі ұстанымдарын қалай қамтыса, намаз да сол секілді барлық ғибадаттарды толық қамтиды. Айталық, намазға тұрған адам ішіп - жемегендіктен, ораза ұстағандай күйде болады. Сол сияқты намазда зекет те бар. Ол - уақыттың зекеті. Намазда қажылықта бар. Өйткені намаз оқуға ниеттенген адам қасиетті Қағбаға бет бұрады. Намазда куәлік сөзі (шаһадат) де бар. Ол әрбір отырыста айтылады. [1; 12] . Сонымен қатар, осы жоғарыдағы тілге тиек еткен мәліметтерге қарайтын болсақ, намаз исламның барлық тіректерін өз бойына жинаған, мүминдердің миғражы болған ерекше құлшылық екендігіне иланамыз.

Ендігі кезекте намаздың маңыздылығынан хабар беретін қиссаларға тоқталсақ.

Бірінші қисса:

Бірде Хазіреті Али таң намазына ұйықтап қалып, оянған соң қатты өкінеді. Өзін-өзі кешіре алмай күні бойы күйінеді. Ертесіне таң атпай оны: «Тұр, намазыңды оқы!» - деп біреу оятады. Атып тұрған Али: «Сен кімсің, қайдан жүрсін?» - деп сұрайды. «Шайтанмын». Хазірет Али: «Онда неге маған жақсылық жасағың келіп тұр?» Шайтан: «Бұл жақсылық емес. Жақсылықты саған кеше жасап қойыппын. Сені таң намазының сауабынан қағайын деп ұйықтатып тастап едім, сен оянғасын қатты өкіндің. Оныңды көріп тұрған Алла өкінішіңді ескеріп, саған он сауап жазды. Әйтпесе сен таң намазыңды оқып, бір ғана сауап алған болар ең, әттең! Ал, енді тез тұр да намазыңды оқы. Тиесілі жалғыз сауабыңды ал!», - депті.

Екінші қисса:

Хазіреті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оқыған намазы барлық жаманшылықтан тыйылуға ықпалды, құдіретті намаз болатын. Сол себепті де Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазы ғашықтыққа толы еді. Намаз мәселесіне келгенде Ол (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық ойы мен көңілін бөлетін. Айша (р. а) Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазды қалай оқығандығын айтқанда, кеудесінен қайнаған қазанның дауысындай дауыс шығатынын айтқан. Бұл Хазіреті Пайғамбардың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаздағы Аллаға деген ықыласының көрінісі еді.

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәрбиесін көрген Хазіреті Али (р. а) намазға тұрған кезде жүзі бозарып, өз денесінен, өзгенің бәрінен сытылып шығып келетін. Бір шайқаста аяғына оқ тиіп, қатты ауырғандықтан оны суырып ала алмай қояды.

Сонда Хазіреті Али (р. а) :

Мен намазға тұрайын, сол кезде оқты суырып алыңдар! - дейді.

Сахабалар солай істеді. Ол намазда тұрғанда ешқандай қиналмастан оқты суырды. Али (р. а) шынында да ешбір ауырғанын сезбеді. Намазды аяқтап, сәлем берген соң:

Не істедіңдер? - деп сұрады.

Олар:

Оқты суырып алдық, - деді.

Хазіреті Алидің жан-тәнімен беріліп оқыған намазының рухани ләззаты денесіндегі ауру-сырқаттарын сездірмей жіберді. Міне, Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен намаз осындай намаз болатын.

Абдуллаһ ибн Аммар (р. а) риуаят еткен хадисте:

«Сахабалардың бірі ең ізгі амалдың не екенін білуге құмартады.

Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Намаз», - деп жауап қайтарады. Ізгі амал қылуды құмартқан сахаба:

Намаздан кейінгісі қайсысы? - деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұған да

Намаз, - деп жауап қайырады. Үшінші мәрте

Одан да абзалырағы бар ма? - деп сұрағанда,

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) :

Намаз, - деп жауап қайырады». [1; 13-14]

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне үш қайтара қойылған сұраққа бір ғана «намаз» дей отырып, намаздың аса маңызды құлшылық екенін ескерткен.

1. 2 Құран мен хадистегі бес уақыт намаздың орны

Жоғарыда баяндағанымыздай Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Исламның алғашқы жылдарында таңертен және кешке екі рет намаз оқыған. Ғалымдарыдың көз қарасы бойынша, Құрандағы:

«Таң ертен және кешке іштей жалбарынған және қорыққан күйде бәсең дауыспен Раббыңды еске ал», - деген аят осы алғашқы кезеңге байланысты түскен. [2; 252] Ал миғраж түнінен кейін тәулігіне бес мезгіл намаз оқу парыз болды. Сахаба Әнас (р. а) жеткізген бір хадисте Миғраж түні Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) елу уақыттық намаз парыз етіледі. Кейіннен азайтып беске түсіріп, Алла Тағала былай дейді:

«Уа, Мұхаммед! Менің айтқан сөзім өзгермейді. Бұл бес уақыт намазда сен үшін елу уақыт намаздың сауабы бар». Осы түннен кейін Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп намаз уақыттарын белгілейді. [3; 130-131]

Құран Кәрімде намаздың парыз етілгендігіне қатысты көптеген аяттар бар. Солардын біразына тоқталсақ.

Бірінші аят: «Олар ғайыпқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (жақсылықтың жолына) жұмсайды». [2; 12]

Қысқаша түсіндірме: Аяттың тәпсіріне байланысты сахаба Абдулла ибн Аббас (Алла ол кісіден разы болсын) былай деген: «Намазды толық орындау» дегеніміз: намазда рукуғ, сәжде жасау, және тилауат пен хушуғты толық орындау» дегенді білдіреді.

Екінші аят: «Намазға жығылыңдар (толық орындаңдар), зекет беріңдер және рукуғта тұрғандармен бірге (Құдайға тағзым етіп) иіліңдер». [2; 22]

Қысқаша түсіндірме: Аяттың тәпсіріне байланысты тәпсірші Мұхаммед Али ас-Сабуни былай деген: «Сіздерге парыз болған намаз бен зекетті орындаңдар, намазды жамағатпен немесе Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларымен бірге орындаңдар».

Үшінші аят: «Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді». [2; 22-23]

Қысқаша түсіндірме: Бұл аятты тәпсірші Мұхаммед Али ас-Сабуни былай түсіндірген: «Барлық іс-әрекеттеріңізде нәпсілеріңізге ауыр келетін діни міндеттеріңіздің жауапкершілігін сезіне отырып, діннің тірегі намазды оқи отырып, Алладан жәрдем сұраңыз. Еш күмәнсіз намаз Алла разылығы үшін рухани тазарған, мойынсұнғыш және кішіпейіл жандардан басқаларға қиын әрі ауыр келеді».

Төртінші аят: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар. Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда парыз етілді»[2; 148] .

Қысқаша түсіндірме: Намазды барлық шарттарын ескере отырып, әр қимылын ерекше құлшыныспен орындаңдар және мұсылман үшін әр намаздың өзіне тән уақыты бар екенін және уақытында оқылған намаздың Алла үшін ең сүйкімді амалдардан екенін естен шығармаңдар. Жоғарыдағы аятта «белгілі уақыттарда» деген сөздің мағынасы әр парыз намаздың өзінің уақыты бар екенін білдіреді. Қандай жағдай болса да оның парыздығы сол уақыттардан шықпайды. Уақыты өтіп кеткен намаз қаза болып саналады. Толыққанды қазасын өтегеннен уақытында өтеген әлдеқайда абзал.

Бесінші аят: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Өздерің үшін ілгері бір жақсылық жолдасаңдар, оны Алланың қасында табасыңдар. Шынында Алла Тағала не істегендеріңді толық көруші». [2; 40]

Қысқаша түсіндірме: Исламның екі негізі намаз бен зекетті ең көркем түрде орындауды жалғастырыңдар. Дене және мал-мүлкпен орындалатын құлшылықтарды толықтай орындау арқылы Аллаға жақындаңыздар. Мейлі парыз намаздарды орындаңыздар, мейлі нәпіл намаздар оқыңыздар, мейлі садақа беріңіздер сауабын Алланың құзырында табасыздар. Еш күмәнсіз Алла істеген амалдарыңызды көріп, бақылаушы.

Сонымен қатар Қасиетті Құранда намаздың атаулары мен белгілі уақыттарда оқылу керектігі де айтылған. Мысалы, таң намазының атауы «Салатул-фәжр», құптан намазының атауы «Салатул-иша» деп аталып көрсетілген. [2; 509] Ал, қалған уақыттардағы намаздар тұспалданып, ишаратпен айтылған.

Тәпсір кітаптарда «Рум» сүресінің 17-18 аяттарында: «Ендеше түнеген мезгілде әрі таң ағарған уақытта Алланы пәктеңдер. Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық». Бұл аятта «түнеген мезгілде» деп ақшам мен құптан, «таң ағарған уақытта» деп таң, «кешкі» деп екінті, «түскі уақыт кіргенде» деп бесін намазына ишарат етіліп, күніне намаздың бес уақыт екені баяндалған. Бұл аят жайлы Нафи ибн Арзақ былай деп баяндайды: «Мен Ибн Аббастан: бес уақыт намаз жайлы Қасиетті Құранда жазылған ба? - деп сұрағанымда, ол маған «Рум» сүресіндегі 17-18 аяттарын оқыды да, сол жердегі «тасбих» (пәктеу) сөзінің мағынасы астарлы түрде намазды білдіріп тұр деп айтты», - деген. Ибн Аббастан өзге сахабалар да бұл аяттың астары бес уақыт намазды меңзейтінің айтқан.

Намаз бізге Исра мен Миғраж түнінен кейін парыз болғандығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Мұның артынша дереу «Исра» сүресі түсті. Бұл сүренің 78 - аятында: «Түс ауғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазына періштелер де қатысады. Бұл аятта «дулукиш-шәмс» деп - бесін мен екінтіні, «ғасақил-ләйл» деп ақшам мен құптанды, «қуранәл-фәжр» деп таң намазына ишарат етілген.

Ғұламалардың көпшілігі «Бақара» сүресіндегі 238 - аятта айтылған «Салатул-уста» (ортаңғы намаз) дегеннің мағынасын екінті намазы деп тәпсірлеген. Бұл тұжырымды мына хадис нақтылайды. Пайғамбарымыздан (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ортаңғы намаздың қайсысы екендігі сұралғанда, «Екінті намазы» деп жауап берген.

Қасиетті Құранда: «Салат», яғни «намаз» сөзі 99 жерде, намаздың рүкіндері саналатын «сәжде» сөзі 64 жерде, «рукуғ» сөзі 13 жерде айтылады. Бұл намаздың бұлтартпас, аса маңызды ғибадат екенін және Алла Тағаланың намазға жоғары баға бергенін көрсетеді.

Намаздың мәңі мен маңыздылығы және оның қадір-қасиеті жайлы біздерге Пайғамбарымыздан (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистер жеткендігі мәлім. Ендігі кезекте сол біздерге жеткен хадистерге тоқталсақ.

Бірінші хадис: Абдулла ибн Аббас (р. а) Пайғамбарымыздан (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Алла құзырында ең сүйікті амал қайсы?» деп сұрадым. Ол: «Уақытында оқылған намаз», - деді. Яғни Алла Тағаланың құзырындағы ең сүйкімді амал ол - намаз құлшылығы екендігі анық.

Екінші хадис: Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі сұралатыны - намаз. Егер намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Егер намазы дұрыс болмаса, онда апатқа ұшырап, қайғыға түседі». Хадисті Абдулла ибн Қурттан (р. а) имам Табарони риуаят етті.

Үшінші хадис: Әбу Һурайра (р. а) : «Бірде Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына: «Қайсібірің күніне бес рет есігінің алдында сарқырап ағып жатқан өзенге жуынатын болса, оның денесінде кір қала ма?» - деп сұрады. Сахабалары: «Жоқ, ондай адамның денесінде кір қалмайды», - деп жауап берді. Сонда Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Бес уақыт намаз да сол (өзен) тәрізді. Алла Тағала бес уақыт намаз арқылы күнәларды жуып-шаяды», - деп айтқан еді» - деген. [4; 400]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Намаздың маңыздылығы
Ислам діні
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар туралы ақпарат
Намаз – діннің тірегі
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Құран мен намаздың парызы
Дін туралы
Діннің пайда болуы туралы конценциялар
Тәңіршілдік діні мен Ислам діні
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz