Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақстан-Американдық еркін университеті

«Қорғауға жіберілді»

«___»2021ж.

«Құқық және тарих»

кафедрасының меңгерушісі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесіндегі орны»

6В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша

Орындаған студент Ерлан Р. Е.

Ғылыми жетекші

з. ғ. к., доцент

«___» 2021 ж.

Норма бақылаушы

«»2021 ж.

Өскемен 2021

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1 Қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесіндегі әлеуметтік нормалар
3: 5
Кіріспе: 1. 1 Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде: жалпы түсінігі, мәні мен маңызы
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Құқықтың адамзат тарихындағы дамуының көрінісі
3: 13
Кіріспе: 1. 3 Құқықтық норманың түсінігі мен мәні
3: 17
Кіріспе: 2 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі
3: 24
Кіріспе: 2. 1 Құқықтың түсінігі, белгілері және мақсаты
3: 24
Кіріспе: 2. 2 Құқық жүйесі және заңнама жүйесі
3: 29
Кіріспе: 2. 3 Құқық саласы: ұғымы, қоғамдық қатынастарды реттеуде маңызы
3: 37
Кіріспе: 3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі
3: 42
Кіріспе: Қорытынды
3: 47
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3: 50

Кіріспе

Өркенитте адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда бола бастады. Соның ішінде: моральдық, құқықтық, саяси, эстетикалық, корпоративтік, адамгершілік, діни, дәстүрлі, әдет-ғұрып.

Норма - бұл белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі. Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды зерттейді. Барлық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырады.

Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз. Құқықтың негізгі үш тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.

Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

"Құқық" терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.

Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.

Құқық саласы - өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық қатынастардың ортақ болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен институттардың бөлектенген тобы. Сондықтан оларды жіктеп, дербес топтарға бөлу қажет. Құқық саласы құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.

Дипломдық зерттеу нысаны:

  • Құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесіндегі орны.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

  • Құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесіндегі орнын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесіндегі әлеуметтік нормаларға сипаттама беру;
  • Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде: жалпы түсінік беру және мәні мен маңызын көрсету;
  • Құқықтың адамзат тарихындағы дамуының көрінісіне түсінік беру;
  • Құқықтық норманың түсінігі мен мәнін көрсету;
  • Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөліне түсінік беру;
  • Құқықтың түсінігі, белгілері және мақсатын көрсету;
  • Құқық жүйесі және заңнама жүйесіне сипаттама беру;
  • Құқық саласы: ұғымы, қоғамдық қатынастарды реттеуде маңыздылығын көрсету;
  • Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігін жіктеп беру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жалпы дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімінде қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесіндегі әлеуметтік нормалары, екінші бөлімде әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі, үшінші бөлімде әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі туралы айтылады.

1 Қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесіндегі әлеуметтік нормалар

1. 1 Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде: жалпы түсінігі, мәні мен маңызы

Өркенитте адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда бола бастады. Соның ішінде: моральдық, құқықтық, саяси, эстетикалық, корпоративтік, адамгершілік, діни, дәстүрлі, әдет-ғұрып.

Норма - бұл белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі. Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды зерттейді. Барлық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар.

Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:

1) қоғамдық маңызы бар іс-әректтерге ынталанудан шығады мақсат, ой-арман, рухани құндылық т. б.

2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;

3) қоғамдық ұйғарымның санкцияның негізі болуы керек.

Заң ғылымында қоғамдағы нормаларды 2 үлкен топқа бөледі: әлеуметтік және техникалық. Бұл жалпы бөлудің өзіндік мәні бар. Екі топтыңда өздеріне тән ерекшеліктері, негіздері болады. Құқықтанушылар техникалық нормаларды зерттеумен көп шұғылданбайды - бұл олардың қызметі емес. Олар тек өздерінің мамандықтарына қажет жағдайда ғана айналысады және техникалық норманы әлеуметтік нормадан ажыратулары қажет. Бір-бірінің объективтік критериялары мен ерекшеліктерін бөліп көрсету өте маңызды. Техникалық норма мен әлеуметтік норма өздерінің зерттеу объектісі бойынша ерекшеленеді.

Әлеуметтік норма-адамдардың бір-бірінің, адамдардың бірлестіктермен қарым-қатынасын, басқаша айтқанда әлеуметтік өмірді реттесе, ал техникалық нормалар адамдардың ішкі ортамен, табиғатпен, техникамен қарым-қатынастарын реттейді. Бұл қарым-қатынас ״адам және машина», «адам және еңбек құралы», «адам және өнеркәсіп» типінде болады. Көрсетілген қарым-қатынастың ерекшелігі - екінші бір жағында жансыз заттар болады. Сондықтан оларды жартылай әлеуметтік маңызға ие деп айтуға болады. Техникалық нормалар ғылыми әдістерді, техникалық операциялар мен процестердің тәсілдерін анықтап отырады. Әрине, техникалық нормаларды табиғат құбылыстарымен заңдарымен салыстыруға болмайды. Біріншісі адамдар қолымен құрылса, екіншісі адамадардың еркіне байланысты емес. Әлеуметтік және техникалық нормалар мазмұны, құрылымы жағынанда бір-бірінен ерекшеленеді. Техникалық норма мен әлеуметтік норманың ұқсастығы екеуіде адамдардың қызметімен тығыз байланысты, ал ерекшелігі олардың зерттеу объектісі мен тәсілдерінің әртүрлілігі.

Техникалық нормалардың арасында құқықтық актілермен бекітілетін, осының арқасында заңды күшке ие болатын нормаларда бар. Оларды техникалық құқық деп атауға болады. Бұл материалдық, өндірістік және басқару сферасында (өрт қауіпсіздігінде, құрылыс жұмыстарында болатын ережелер, қаруды пайдалануда) болатын ережелер. Кейде оны әлеуметтік норманың негізі депте атайды. Мұндай нормалар өздерінің ұйымдастырушылық-техникалық маңызын жоймай құқықтық норманың сапалы белгілерін алады. Олар мемлекетпен шығарылады, оның еркіндігін білдіреді, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі, арнайы нормативтік актілермен бекітіледі, реттеледі. Өздерінің реттеуші қызметін басқа құқық нормаларымен бірлесе отырып жүзеге асырады. Әсіресе, бланкеттік нормамен тығыз байланысты. Басқа тұрмыстық салада болатын техникалық нормалар құқық пен байланысты емес және бұзған жағдайда жауаптылыққа тартылмайды (мысалы; әртүрлі тұрмыстық заттармен теледидармен, тоңазытқышпен, могнитафонмен жұмыс жасағанда немесе дәрі ішу ережесі) .

Экологиялық жағдайларды және теңдікті бұзған кезде жауаптылық шаралары қолданылады. Табиғи балансқа жасанды араласу, эволюциялық өсу адам өміріне өте қауіпті. Ғылыми техникалық прогресс кезеңінде техникалық нормалардың рөлі арта түсуде. Бұл нормаларды сақтау, сақтамаудың нәтижесі адам денсаулығы мен тағдырына зор әсерін тигізеді. Осындай ережелерді сақтамау салдарынан әртүрлі апаттар, авариялар, басқада жағдайлар болуы мүмкін. Жай ғана бір қателік, немқұрйлылық, техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбау орны толмас өкінішке әкеледі. Бұл азаматтық саладада, әскери саладада болады. Техника күрделенген сайын оны басқаруда күрделене түспек.

Енді адамадардың жануарларға: жабайы, үй жануарларына, жалпы жануарлар әлеміне деген қарым-қатынасын реттейтін нормаларға тоқталып кетейік. Бұл нормалардың көбі сәйкесінше актілерде бекітілген. Мысалы: итті, жылқыны ұстау ережелерінде, аңға шығуға рұқсат ету және етпеу, асырау жағдайындағы санитарлық ережелерінде көрініс табады. Бұл ережелер сақталмаған кезде жауаптылық белгіленген.

Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің ережелерін және олардың қарым-қатынастарын реттейтін кеңінен таралған құрал болып табылады. Олар қоғамдық өмірді қатерден қорғап, қажетті бағытқа бағыттайды. Әрине әлеуметтік нормалар құрамына құқықтық нормалар да кіреді.

Әлеуметтік норма - бұл адамдарға қажетті және қажетті емес шекараны көрсететін объективті маңызды ереже. Әлеуметтік норма қоғамдық дамуда әртүрлі заңдылықта көрініс табады. Тарих дамуындағы объективтік заңдар норма болып табылмайды. Мұның соңғылары өмірге адамдар қоғамымен, әлеуметтік тәжірибе арқылы келеді. Біреулері уақыты келгенде жойылады, екіншілері пайда болып, өзгереді, үшіншілері белгілі топ немесе билік деп аталады. Басқаша айтқанда әлеуметтік норманың пайда болуы, қалыптасуы субъективті фактор болып табылады. Олар адамдармен жасалады және объективті қажеттілік деп түсіндіріледі. Мысалы: құқықтық норманың пайда болуы туралы Энгельс былай деді: Қоғамның алғашқы даму кезеңінде күн сайын қайталанатын өнеркәсіп актісі, азық-түлікті бөлу немесе айырбастау, өнеркәсіп, туралы жалпы ережелерге әрбір жеке тұлғаның бағыну қажеттілігі туындайды. Бұл ереже ең алдымен салт-дәстүрде көрініс табады. Содан соң заң болып қалыптасады.

Құқық басқа нормативтік жүйелерден кейін және солардың негізінде қалыптасады. Ол экономикалық, басқада қатынастарды қатаң және мақсатты бағытта реттей бастады. Бұрынғы қоғамдық билік пен қатар ерекше бір аппаратқа сүйенетін, белгіленген заңдарға бағынбаған кезде мәжбүрлеу шараларын қолданатын көпшілік билік пайда болды. Әлеуметтік нормалардың пайда болуы қарым-қатынастың әлеуметтену ппроцесімен, адамадардың ерекше табиғи-биологиялық және қоғамдық тұлға ретінде танылуымен байланысты болды. «Норма», «ереже» ұғымдары тең және ауыспалы мағынада қолданылды. Әдетте олар әдебиеттерде, анықтамалық баспаларда бірінен соң бірі анықталады: норма-бұл ереже, ереже-бұл норма. Алайда мұқият зерделеп қараса, «норма» ұғымына қарағанда, «ереже» өте тар термин. Соған байланысты бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Құқықтық нормалар өзінің құрылымы жағынан өте күрделі. Мұнда ереже тек оның диспозициясында ғана көрініс табады. Ал, нормалардың көбі маңызды өте бай келеді.

Әлеуметтік норма - жай ерікті іс-әрекеттің абсолютті ережесі емес. Ол сонымен қатар өмірде, тәжірибеде дәлелденген нағыз іс-әрекеттерді білдіреді. Бұл жағдайда нағыз іс-әрекеттер ереже болып қалыптасады.

Норма - бұл белгілі бір нәтижеге, мақсатқа бағытталған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің өлшемі. Әлеуметтік норма кез-келген нәрсені емес, кеңінен таралған қарым-қатынастарды реттейді. Кездейсоқ байланыстар, әрекеттер нормада көрініс таппайды. «Норма» үнемі сыртқы және ішкі қарым-қатынастарды реттеуге бағыталған.

Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен, оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек. Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әреуметтік нормалары қалыптасады да, олардың құрамы мен элнменттерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап, болашақ іс-әрекетінің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.

Қоғамдағы индивидтердің, адамдардың мінез-құлықтары арнайы нормалар шеңберімен шектелген. Қоғамда қабылданған тәртіп пен өмірдің қатынастары адамды бір қалыпта, тәртіп, талаптар көлемінде, өзінің мінез-құлқын қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид, қоғамның мүшесі қоғам қабылдаған нормаларға өзінің қимыл әрекетін бейімдейді. Керісінше, қоғамның санасына, оның тыныс-тіршілігіне жат талаптар мен ережелерді индивид қоғамның мүшесі ретінде қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін.

Жеке адамның мінез-құлықтары қоғамдық қатынастарда пайда болып, қалыптасқан нормаларға сай қалыптасуы қажет. Сондықтан қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлықтарының жиынтығы ережелері әлеуметтік нормалардың өмірі мен қызметі сан алуан әрекеттерді қалыптастырады. Әрекеттер құлық тарапына сай немесе қарсы болуы мүмкін. Ал, әлеуметтік нормалар адам санасына жат, оның табиғаты қабылдамайтын әрекеттерді жасауға тыйым салады, айыптайды. Жеке адамның санасы қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде сол орта қабылдаған тәртіп пен нормаларға тәуелді.

Әлеуметтік нормалар дегеніміз - қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы. Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекшеліктері бар:

1. Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады, бірақ бәріне бірдей міндетті емес. Мысалы, әдетғұрып нормаларындағы қалыңмал төлеу, кит кигізу, автобуста қарт адамдарға орын беру.

2. Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады. Мысалы, жасы үлкенді сыйлауды қазақ қоғамында ең жоғарғы құлықтылықты қасиеттеріне жатқызған болса, қазір дағдарысқа ұшырауда.

3. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларын реттейтін нормалардан қалыптасады.

Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдық және құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы-қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы.

Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі -нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып нығаюына сан-қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады.

Оларды үш топқа бөлуге болады:

1) табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т. б. ;

2) нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;

3) адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы.

Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әр түрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады. Норма дегеніміз-бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже.

Қоғамдағы қатынастарды реттеп басқаратын нормаларды төрт топқа бөлуге болады:

1) табиғи нормалар-ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми норамлар деп те атайды;

2) ғылыми зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи ережелер, инструкциялар;

3) әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;

4) құқықтық нормалар.

Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп басқарып отыратын негізгі құрал-әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.

Әлеуметтік нормалар - қоғадық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол қоғамдық қатынастар; субъектілік құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.

Әлеуметтік нормалардың белгілері:

1. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі. Жеке адамдар ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.

2. Әлеуметтік нормалар-қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.

3. Әлеуметтік нормалар - жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже. Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар.

Міне осы көрсетілген белгілер, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына айналды.

Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:

-құқық нормасы;

-моральдық нормалар (жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер) ;

-саяси нормалар;

-эстетикалық нормалар;

-қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;

-адамгершілік нормалары (олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, әділеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді) ;

-әдет-ғұрып нормалары (адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері) ;

-салт-дәстүр нормалары (әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасқан дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т. б. дәстүрлері) ;

-діни, имандылық, инабаттылық нормалар.

Осы әлеуметтік нормалар біріге келе-адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады. Әлеуметтік норма-қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез-тәртібінің ережесі. Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде-мақсатты қорғап, дамытады. Сонымен, әлеуметтік нормаларды әдет-ғұрып, діни нормаларының, қоғамдық, коорпаратвтік ұйымдардың нормаларының, мораль нормаларының, құқық нормаларының жиынтығы құрайды.

Әлеуметтік нормалар - бұл адамдардың арасындағы қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережесі болса, техникалық нормалар адамдардың табиғатқа, техникаға, өндірістік құрал-жабдықтарға қатыстығын сипттайтын ереже. Ал, техникалық-юрисдикциялық нормалар заңдарда бекітілген техникалық нормалар болып табылады.

Әлеуметтік нормалардың белгілері болып табылатындар:

1) бұл мінез-құлық ережелері,

2) ортақ және жалпы міндеттілік мәнділігі,

3) адамдардың саналы-ерікті қызметі нәтижесінде пайда болуы,

4) адамдардың бірлестігі мен және тиісті құралдар мен қамтамасыз етілуі;

5) қоғамның даму деңгейі мен шарттасуы;

6) қоғамдық қатынастарды реттеуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте технология пәнін оқыту
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Құқықтың заңды типологиясы және әлеуметтік нормалар
ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ТУРАЛЫ
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Сатып алу-сату шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz