Жергілікті есептеуіш желіні баптау


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

« Х. ДОСМУХАМЕДОВА АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕҚ

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ

" Атырау облысы Махамбет ауданы Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі "

Тәжірибе туралы

Орындаған
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 6B06103 - Желілер мен жүйелерді әкімшіліктеу мамандығының 2 -курс студенті Е. Құбайден
Орындаған: Кафедра жетекшісі
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 6B06103 - Желілер мен жүйелерді әкімшіліктеу мамандығының 2 -курс студенті Е. Құбайден:

Кафедра бойынша практика әдіскері

М. Ю. Сладкова

Орындаған: Өндіріс жетекшісі
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 6B06103 - Желілер мен жүйелерді әкімшіліктеу мамандығының 2 -курс студенті Е. Құбайден: Атырау облысы Махамбет ауданы Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Д. Т. Сапарова

Қорғау күні: « » ___ж.

Баға:

Атырау - 2021 жыл

Кіріспе

Жұмыс тәжірибесі - білікті мамандарды даярлаудағы маңызды кезең. Бұл көмекші оқу үдерісінің түрі, оның барысында өндірістегі теориялық білім біріктіріледі. Тәжірибе - бұл өндірістің тәуелсіз өндірісіне маман даярлаудың соңғы кезеңі.

Бұл өндірістік тәжірибе 2021 жылдың 24 мамыр - 19 маусым аралығында Махамбет ауданы Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінен өтті.

Мекеменің жеке тапсырмасы

1. Жұмыс орнындағы компьютерлерді тексеру.

2. Ескі Операциялық жүйенің орнына жаңа Windows 10 операциялық жүйесін орнату.

3. Ескі MS Office 2007 бағдарламасының орнына жаңа MS Office 2019 ды орнату.

4. Мектептегі egov. kz бағдарламаны тексеру, Е- қызмет бағдарламаны орнату бойынша көмек көрсету

5. Барлық компьютерлерге Касперский антивирусын орнату және компьютерлердің қорғанысын қамтамсыз ету.

Бөлімнен тәжірибе тапсырмаларын орындауды талдау

Мен өндірістік тәжірибені Атырау қ, Махамбет ауданы Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінен өттім.

Бұл лауазымда адам мынадай міндеттерді атқарады:

  • Мекемедегі барлық компьютерлердің қызметін тексеру және дұрыс жұмыс жасауын бақылау.
  • Компьютердегі ескі Операциялық жүйені жаңа Windows 10 операциялық жүйесіне ауыстыру және компьютерлерге керекті компоненттерін орнату, драйверлерің жаңарту және ескі MS Office 2007 бағдарламаларының орнына жаңа MS Office 2019 бағдарламаларын орнату.
  • IT кабинетіндегі моноблоктардың жұмысыны реттеу.
  • Принтерлердің жұмысын тексеру, жаңа операциялық жүйеге драйверлерін орнату және жергілікті есептеуіш желі арқылы басқа компьютерлермен байланыс орнату.
  • Компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа 2021 жылға Касперский антивирусын орнату.

1. Жұмыс орнындағы компьютерлерді тексеру. Тексеріс кезінде қосылмаған немесе жұмыс жасауы тежелген компьютерледі басқа компьютерлерге ауыстырылды. Компьютерлердің компоненттері тексерілді. Жұмыс жасауына баға берілді және келесі операциялық жүйені жаңарту кезеңіне дайындалды. Сол себепті WIFI желісін қолдана отырып барлық компьютерлер арасында жергілікті есептеуіш желі бапталды. Желілік адаптері жасамаған компьютерді ауыстыруға тура келді. Желілік адаптері жасамаған компьютерлерге жаңа операциялық жүйе флэшка немесе жёсткий диск арқылы орнатылды.

2. Ескі Операциялық жүйенің орнына жаңа Windows 10 операциялық жүйесін орнату. Барлық компьютерлерде Windows 7 операциялық жүйесінің орнына жаңа Windows 10 операциялық жүйесі орнатылды. Орнату бірнеше кезеңде жүрді:

- ең бірінші флэшка арқылы Windows 10 операциялық жүйесін орнатушы бір компьютерге аударылды.

- кейін жергілікті есептеуіш желі арқылы ол басқа компьютерлерге аударылды.

- жаңа операциялық жүйе орнату процессі жәй әрі ұзақ болды.

- орнату кезінде бірнеше компьютерде 0х8007025d қатесі пайда болды.

Бұл қиындықтар дискі көлемін үлкейту арқылы шешілді. Кейбір компьютерлерде операциялық жүйені құятын дискілер көрінбеді, бұл қиындықты біз дискінің форматын командалық строка арқылы өзгертумен шештік.

  • Барлық компьютерге жаңа операциялық жүйе орнатылып болған соң келесі кезеңді бастадым. Барлық компьютерге керекті компоненттер және жаңартуларды орнаттым. Бұл кезең ұзақ уақыт алды. Компьютер көптігінен және барлық компьютер жаңартуларды жазып жатқандықтан бұл процесс ұзаққа созылды.
  • Жаңартуларды орнатып болған соң ең керекті бағдарламалар орнатуды бастадым. Ең алдымен winrar бағдарламасын кейін visual c++, Python studio, directx бағдарламаларын орнаттым. Басқа компьютерлерге осы бағдарламалар жергілікті есептеуіш желі арқылы аударылып орнатылды.
  • Барлық компьютердің жұмысын оңтайландыру барысында win10 tweaker бағдарламасы орнатылды. Win10 tweaker бағдарламасы арқылы Windows 10 операциялық жүйесінде фондық режимда жұмыс жасап тұратын бағдарламалар өшірілді. Бұл барлық компьютерді косылып, өшу және жұмыс жасау кезін оңтайландырды.

3. Ескі MS Office 2007 бағдарламасының орнына жаңа MS Office 2019 ды орнату.

  • Ең алдымен жаңа операциялық жүйе көлемі жағынан үлкен дискілерге жазылғандықтан, кейбір компьютерлерде ескі MS Office 2007 бағдарламасын кетіру процесі басталды.
  • Барлық ескі MS Office 2007 бағдарламасы кетірілген соң. Жаңа MS Office 2019 бағдарламасын орнату процессін бастадым.
  • Барлық компьютерлерге MS Office 2019 бағдарламасын орнатушы жергілікті есептеуіш желі арқылы аударылды.
  • MS Office 2019 бағдарламасын орнату кезінде қиындықтар туындаған жоқ.
  • MS Office 2019 бағдарламасы орнатылып болған соң компьютерлерден Windows операциялық жүйесін орнатушы және басқа да бағдарлама орнатушыларды жойылды.

4. Мектептегі egov. kz бағдарламаны тексеру, анықтамалар шығару, тіркеу жұмыстарын көрсету.

Е- қызмет бағдарламаны орнату бойынша көмек көрсету

Оқушыларды мектеп жанын ашылған демалыс лагерлеріне Е-қызметке тіркеу жұмыстарын көрсету

5. Барлық компьютерлерге Касперский антивирусын орнату және компьютерлердің қорғанысын қамтамсыз ету.

Касперский антивирусын орнату процессі бір компьютерден басталды. Бірақ ең алдымен барлық компьютерден ескі Касперский антивирусы кетірілді.

Осы кезеңде қиындық пайда болды. Көпшілік компьютерлерде Касперский антивирусын жою процессі ұзаққа созылды ал кейбір компьютерлерде кетіру мүмкін емес болды. Бұл қиындықты шешу үшін барлық компьютерге жергілікті есептеуіш желі арқылы kavremover бағдарламасы орнатылды. Бұл бағдарлама копьютердегі антивирусты толығымен жоюға мүмкіндік берді.

Барлық компьютерден Касперский антивирусы кетіріліп болған соң жаңа Касперский антивирусын орнату процесі басталды. Барлық компьютерге жергілікті есептеуіш желі арқылы Касперский антивирусының жаңа түрі аударылды. Жаңа Касперский антивирусын орнату кезінде қиындықтар пайда болған жоқ.

Кейін оларды толығымен іске қосу керек деген тапсырма берілді. Бірақ маған ешкім код немесе ақша берген жоқ. Бұл қиындықты мен интернеттен тегін 90 күндік кодтар базасын табу арқылы шештім.

Мекемеден практикалық жетекшінің тапсырмалар

1. Жергілікті есептеуіш желіні баптау. Барлық компьютерлер арасында байланыс құрастыру.

2. Е- қызмет бағдарламаны орнату бойынша көмек көрсету

3. 9 және 11 сынып түлектерін базаға еңгіз-у.

4. Аттестаттарды толтыру және шығару.

Мекемеден практикалық жетекшінің тапсырмаларын орындауды талдау

  1. Жергілікті есептеуіш желіні баптау. Барлық компьютерлер арасында байланыс құрастыру. Бұл тапсырма компьютерлердің жұмыс жасауын бағалау кезінде пайда болды. Кейін Windows 10 операциялық жүйесін орнату кезінде, уақыт үнемдеу мақсатында және қосылып тұрған интернет желісін толығымен қолдану мақсатында барлық компьютер арасын жергілікті есептеуіш желі орнату керек деген шешімге келдік. Жергілікті есептеуіш желіні баптау барысында кейбір компьютерлерде желілік адаптер жасамайтындығы белгілі болды. Бұл компьютерлерге операциялық жүйені орнату және тағыда басқа жаңартуларды, керекті компоненттерді және бағдарламаларды орнату үшін флэшка немесе жёсткий диск қолдану керек деген шешімге келдік.
  2. Е- қызмет бағдарламаны орнату бойынша көмек көрсету

Мектеп жанындағы ашылған лагерге келетін оқушылардың ата-аналарының құжаттарын тіркеу сайтқа енгізу жұмыстарын жүргізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. Оқулық
Орта мектепте жергілікті желіні оқытуға қажетті теориялық мағлұматтар
Желілік әкімшілік етудің мақсаттары мен міндеттері
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
CISCOIOS командаларын орындау үшін желі
Ауқымды желілер. Интернет
VPN виртуалды қорғалған желі
Компьютерлердің желідегі функционалды қызметтері
Желі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz