Қазақ - ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ
ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі
фонетикалық интерференция

Орындаған
IV курс студенті Г.А. Қалмырзаева

Ғылыми жетекші:
филол.ғ.к., доцент А.Қ. Таусоғарова

Норма бақылаушы: Ж.М. Уматова

Жалпы тіл білімі
кафедрасы меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді:
филол.ғ.д., профессор: Г.Б. Мадиева

Алматы, 2013
РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі фонетикалық интерференция
Жұмыстың көлемі: 50 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 33
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қосымшадан құралған. Ол негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ тілі дыбыс құрылымының қазақ-ағылшын қостілділерінің ағылшынша сөйлеу тіліне әсерін анықтау, соның ішінде, қазақ-ағылшын қостілділерінің ағылшынша сөйлеу тіліне қазақ тілінің фонетикалық жүйесі әсерінен туындайтын интерференция мәселесін қарастыру, қазақтардың ағылшынша сөйлеу актісіндегі фонетикалық ерекшеліктерді айқындау және сипаттама беру болып табылады.
Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- контрастивті лингвистикадағы тілдік қатынас теориясы мен интерференция құбылысының қарастырылу аясын айқындау;
- қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика-фонологиялық жүйесіндегі айырым белгілерін контрастивті зерттеу арқылы саралау;
- қазақ-ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның сипаттамасын көрсету.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі интерференциялық қателері бұл жұмыста жан-жақты қарастырылып зерттелді. Қазақтардың сөйлеу тіліндегі интерференциялық қателерді талдау үшін, біріншіден, лингвистика тұрғысынан зерттеуде актуалды болып жүрген интерференция ұғымының теориялық анықтамасын беру, екіншіден, сол анықтамаларға инофондармен жіберілген интерференциялық қателерге талдау жасау, үшіншіден, сөйлеуде және жазу түрінде көрініс тапқан интерференциялық қателердің алдын алу мақсатында жүргізуге болатын жаттығулар жүйесі жұмыс барысында барынша қарастырылды.
Зерттеудің пәні қазақ және ағылшын сөйлеу тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер.
Зерттеу жұмысының нысаны - аудиториялық қарым-қатынасқа түсетін әр түрлі құрылымдағы тілдердің фонетика-фонологиялық жүйесінде байқалатын интерференция құбылысы.
Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер: Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі фонетикалық интерференцияны анықтау үшін тыңдалым, сөйлеу, жазу дағдыларына байланысты эксперимент жүргізілді. Контрастивтік талдау, фонетикалық талдау әдістері қолданылды.
Пайдаланылған дереккөздері: Отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген тілді оқытуға, зерттеуге байланысты еңбектер қаралды. Интерференция мәселесін зерттеген шет елдің және орыс ғалымдарының еңбектері көптеп пайдаланылды.

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ

АНЫҚТАМАЛАР

КІРІСПЕ
2

4

5

1
ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ФОНЕТИКА-ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЗЕРТТЕЛУІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР

8
1.1
Контрастивті лингвистика: интерференция құбылысының қарастырылуы және оның тілді меңгерудегі көріністері

8
1.2

1.2.1

1.3

Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика-фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Қазақ және ағылшын тілдерінің вокализмдері мен консонантизмдері бойынша контрастивті сипаттама
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі күшті және әлсіз контрастар

15

16
22
2
ҚАЗАҚТАРДЫҢ АҒЫЛШЫНША СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ФОНЕТИКАЛЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ КӨРІНІСТЕРІ

27
2.1
Қазақ-ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі

27
2.2
Инофондар таңдаудағы негіздер
30
2.3
Қазақ-ағылшын қостілділерінің сөйлеу тіліндегі парадигматикалық интерференция

33
2.4

Қазақ-ағылшын қостілділерінің сөйлеу тіліндегі синтагматикалық интерференция

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША А

36

46

48

50

АНЫҚТАМАЛАР

Билингв - екі немесе бірнеше тілді меңгерген адам.
Билингвизм - жеке адамның немесе қоғамның екі немесе бірнеше тілді меңгеруі, қолдануы.
Бірінші тіл - қостілді адамның тілдерді дербес тұрғыдан меңгерген мерзімі бойынша бірінші тілі. Функционалдық тұрғыдан бастапқы үстем тіл.
Екінші тіл - қостілді адамның бала кезінде, өз бетінше дербес түрде үйренген тілдерінің екіншісі; рет тәртібіне қарай бірінші тілден кейін меңгерілген тіл.
Информант - сынаққа түсуші, экспериментке енгізіліп, сұрақтарға жауап айту арқылы ақпарат беретін адам.
Фонема - тілдің дыбыстық құрылымының негізгі бірлігі, сөйлеу тілінің ең кіші, одан әрі бөлінбейтін элементі. Фонема морфемалар құрамында, солар арқылы сөздерде мағына ажырату функциясын атқарады.
Қателерді талдау (error analysis) - тілді үйренушінің сөйлеуінде ұшырасатын нормадан немесе тіл жүйесінен ауытқушылықтарға талдау жасау. Оның мақсаты - қателердің пайда болу себептерін, жіберілген қателердің тілді қолданудағы маңыздылығын, сондай-ақ қателерді болдырмау мүмкіндіктерін айқындау.
Тілді таңдау (language choice) - қостілділік жағдайында нақты сөйлеу жағдаятында, қарым-қатынастың, қоғамның әлеуметтік құрылымының және тілді пайдалану аясының ерекшеліктеріне қарай тілдердің немесе тіл-жарыспаларының біріне артықшылық беріп пайдалану.
Үстем тіл (primary language) - бастапқы тіл, қостілділік жағдайында меңгерілу және қолданылу деңгейі басқа тілден анағұрлым жоғары тұрған тіл.

КІРІСПЕ

Жаңа қоғамдық бетбұрыстар мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасау қажеттілігінің міндетін айқындауда. Бұл орайда, тілдерді салғастыра зерттеудің қарқын алуы, контрастивті тіл біліміндегі теориялық мәселелердің ғылыми негіздері мен әдіс-тәсілдерінің жан-жақты зерттелуі кезек күттірмес өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Түрлі типтегі тілдер деректерін салғастыру зерттелінуші тілдегі құбылыстардың ерекшеліктері мен заңдылықтарын жақсы түсінуге, әрбір тілдің құрылымына терең бойлауға, сонымен бірге зерттеу нысаны болып отырған тілдердің әрқайсысын жеке табиғи құбылыс ретінде танып, қай-қайсысының да бойынан табылатын дербес өзгешеліктерді, этностық болмыс-бітімді ғылыми тұрғыдан негіздеп, теориялық әрі практикалық маңыздылығын дәл түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның мәдениеті, экономикасының дамуымен қатар, ағылшын тілді елдермен мәдени, іскери, экономикалық байланысы өсіп келеді. Біздің мемлекетімізде көптілділіктің орын алуы, қалыптасуы және дамуымен байланысты ғылымның қазіргі деңгейінде лингвистердің алдында тілдердің өзара қатынасын зерттеу мәселесі көзделуде. Қоғамдағы көптілділіктің кеңінен өріс алуына байланысты, уақыт өте келе әсіресе соңғы жылдарда тілдік қатынастар теориясын зерттеу ісі біршама жетістіктерге қол жеткізді (У. Вайнрайх, Л.В. Щерба, Е.Д. Поливанов, А.И. Рабинович, Н.А. Любимова, М.М. Копыленко, А.Е. Карлинский, М.К. Исаев, З.К. Ахметжанова, Б. Хасанов, М. Жусупов, К.М. Байбульсинова және т.б.).
Тілдік қатынас мәселесін сөз еткенде, ғаламдық лингвистика әр түрлі тілдік жүйелердің қатынасының нәтижесінен туындаған тілдік интерференция құбылысын да назардан тыс қалдыра алмайды. Интерференция мәселесі бойынша қазақтардың ағылшын тілін меңгерудегі жетістіктері де, қателіктері де типологиялық тіл білімінде жиі айтылып жүр.
Жасанды қостілділік жағдайы жоғары оқу орындарында шет тілін үйрету үрдісінде мейлінше анық байқалады. Оқытушылар үшін біршама қиындықтар туғызатын жағдай осы - тіл меңгерушілердің сөйлеу әрекетіндегі екі тіл жүйесінің әсерінен туындайтын интерференцияға байланысты болып келеді. Тәжірибе жүргізу барысында байқағанымыз, қазақ дәрісханасы үшін ағылшын тілін үйренудегі басты қиындық сол тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты туындайды екен. Қазақ, ағылшын тілдері әр түрлі тілдік семьяға жатады. Ағылшын тілі герман тілдік тобына, қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.
Дипломдық жұмыста қостілділік жағдайындағы интерференция құбылысын айқындау мәселесі лингвистикалық факторларды ескере отырып, қарым-қатынастағы екі тілдің - қазақ, ағылшын тілдерінің дауыссыздар мен дауыстылар тіркесіміне эксперименталды-фонетикалық талдау жүргізу арқылы шешіледі.
Интерференцияның пайда болуы біріншіден қатынастағы тілдер құрылысында айырмашылықтардан туындайды.
Тілдік интерференция мәселелері әлемдік лингвистиканың дамуы тоғысында тұр десе де болады. Бұл мәселелер бір жағынан салыстырмалы - тарихи зерттеумен байланысты болса, екіншіден контрастивті лингвистика қарастырады. Тілдік қатынастар теориясы қостілділік жағдайындағы тілдердің қатынасы өзара әрекетіндегі заңдылықтарды фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгейіндегі интерференция түрлері мен себептерін зерттейді. Интерференция мәселесі қазіргі тілдік қатынас теориясы (контрастивті лингвистика) мәселелерінің әр түрлі құрылымдағы тілдер қатынасынан туындаған фонетикалық деңгейдегі интерференцияны зерттеуге қызығушылық туғызады.
Интерференция - қатынастағы тілдер жүйесіндегі фонемалардың, айырым белгілерінің алшақтығы, артикуляциялық және акустикалық белгілердің сәйкес келмеуінен туындайды.
Тілдік қатынас мәселелері қазіргі таңда ауқымды қарастырылуда, себебі халықаралық байланыстар және қызметінің әр түрлі саласында шет тілдерінің рөлімен байланысты десе де болады. Шет тілін үйренудің қажеттілігі заман талабы. Алайда шет тілін үйрену (оқыту) барысындағы қиындықтардан туындаған қателер интерференцияның орын алуына алып келеді. Лингвистикалық тұрғыдан интерференция мәселесі тілдік жүйелер арасындағы айырмашылықтарды айқындаумен байланысты. Тілдегі ерекшеліктер мен айырмашылықтарды, интерференцияның себебін анықтау контрастивті зерттеудің міндеті болып табылады. Лингвистика саласында интерференция термині тілдік қатынастардың түрлі жақтарын (сөз құрылысындағы өзгерістер, сөйлеудегі құбылыстарды) сипаттау үшін қолданылады.
Сөйлеу интерференциясы төрт түрлі негізгі белгілерімен сипатталады:
1. Интерференция - нормадан ауытқу.
2. Билингв сөйлеу іс-әрекетінде байқалады.
3. Қатынастағы тілдердің өзара әрекетінің салдары.
4. Интерференцияның пайда болуы ситуацияға байланысты.
Қазіргі таңда кеңінен зерттелініп отырған жалпы лингвистикалық мәселелердің біріне қатынастағы тілдер мәселесін жатқызуға болады. Бұл мәселе У. Вайнрайх, А.Е. Карлинский т.б. ғалымдар еңбектерінде шешімін табуда. Қатынастағы тілдер мәселелерін шешудің маңыздылығы қатынастағы тілдерді салғастыра зерттеуге алып келеді.
Интерференция - бұл ауытқу тіл тұлғаларының тілдік норманы, жүйені бұзуы немесе ауытқуы. Бұл ауытқулар қостілді сөйлеуде пайда болады. Бір халықтың немесе ұлттың өкілі қостілде сөйлеуінде ана тілінің әсерінен болған екінші тіл нормасынан ауытқулар болады, ал билингв сөйлеуінде бұл ауытқулар тілді үйрене бастаған жасына, тілді меңгеру қабілетіне байланысты пайда болуы әбден мүмкін. Ғалымдардың зерттеуі бойынша 3-13 жас аралығындағы тіл үйренушілер тілді тез меңгереді. Себебі, оларда артикуляциялық мүшелері толық қалыптасып бітпейді. Сондықтан да тілді акцентсіз тез үйренеді. Ал, 13 жастан жоғары тіл үйренушілер семантиканы жақсы меңгеріп, фонетикада біршама қиындықтар туындайды.
Қазіргі таңдағы тілдік қатынас мәселелерінің ауқымды түрде қарастырылуының бір себебі халықаралық байланыстардың әр түрлі саласында қолданылатын шет тілдерінің маңыздылығымен байланысты.
Зерттеу жұмысының өзектілігі - Қазақстан Республикасындағы қазіргі, үш тұғырлы тіл саясатына сәйкес ағылшын тілінің меңгерілу динамикасын қарастыру өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны - аудиториялық қарым-қатынасқа түсетін әр түрлі құрылымдағы тілдердің фонетика-фонологиялық жүйесінде байқалатын интерференция құбылысы.
Зерттеудің пәні қазақ және ағылшын сөйлеу тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ тілі дыбыс құрылымының қазақ-ағылшын қостілділерінің ағылшынша сөйлеу тіліне әсерін анықтау, соның ішінде, қазақ-ағылшын қостілділерінің ағылшынша сөйлеу тіліне қазақ тілінің фонетикалық жүйесі әсерінен туындайтын интерференция мәселесін қарастыру, қазақтардың ағылшынша сөйлеу актісіндегі фонетикалық ерекшеліктерді айқындау және сипаттама беру болып табылады.
Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- контрастивті лингвистикадағы тілдік қатынас теориясы мен интерференция құбылысының қарастырылу аясын айқындау;
- қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика-фонологиялық жүйесіндегі айырым белгілерін контрастивті зерттеу арқылы саралау;
- қазақ-ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның сипаттамасын көрсету.
Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер: Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі интерференцияны анықтау үшін тыңдалым, сөйлеу, жазу дағдыларына байланысты эксперимент жүргізілді. Контрастивтік талдау, фонетикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы ретінде мынадай мәселелені ұсынамыз:
- фонетика-фонологиялық жүйесі бір-бірінен генеалогиялық, географиялық, типологиялық жағынан алшақтау жатқан қазақ, ағылшын тілдерінің бірліктерін контрастивті тұрғыда салғастыра зерттеу болжамды интерференцияның өрісін айқындауға жол ашты.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан құралған. Ол негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ФОНЕТИКА-ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЗЕРТТЕЛУІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР

1.1 Контрастивті лингвистика: интерференция құбылысының қарастырылуы және оның тілді меңгерудегі көріністері
Әлемдік қауымдастықтағы ғылыми лингвистикалық ой-таным жалпы әлеуметтік, неосфералық, ғаламдық күрделі құбылыстардың бірқатар мәселелерінің жауабын шешуге талпыныс жасайды. Осындай қоғам өркениетінің жетістігі болып табылатын адамзаттың тілдік қабілеті салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы бағыттардағы тіл білімінің түрлі салаларын қалыптастырды. Лингвистика қазіргі ғылыми әдебиеттерде екі немесе бірнеше тілдер мәліметтеріне, (деректеріне) сүйене отырып, түрліше - салғастырмалы, конфронтативті, контрастивті және т.б. бағыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған бағыттардағы ізденіс жолдары тек қана тілдерді өзара салыстыра зерттеумен ғана шектелмейді, олар мақсатқа бағытталушылық жоспарларымен де, алдына қоятын міндеттерімен де, мазмұндық-мағыналық сипатымен де, сондай-ақ зерттеу әдіс-тәсілдерімен де ерекшеленеді.
Әр түрлі құрылымдағы тілдерді салғастыру зерттелініп отырған тілдердегі құбылыстардың ерекшеліктері мен заңдылықтарын айқындауға, сонымен бірге зерттеу нысаны болып отырған тілдердің әр бірін жеке табиғи, қоғамдық құбылыс ретінде танып, қай-қайсысының да бойынан табылатын дербес өзгешеліктерді ғылыми тұрғыдан негіздеп, теориялық әрі практикалық маңыздылығын айқындайды. Яғни, бір ғана тілдің деректерімен айналысу кезінде байқала қоймайтын ерекшеліктерді нақтылауда аса маңызды рөлге ие. Мәселен, генеологиялық жағынан өзара туыстық қатынасы жоқ тілдерде - герман немесе славян, түркі тілдеріне салғастырмалы талдау жасау арқылы олардың тарихи тілдік жалпылығын қалыптастыруға болады. Бұл туралы ғалым К. Джеймс Біз туыстығы жоқ тілдерді олардың арасында тарихи байланыс болмаса да салғастыра аламыз. Географиялық орналасу және тарихи даму барысында бір-бірінен мүлдем алыс кеткен бөлек тілдерді салғастыру арқылы бірдей қасиеттер, өзгерістер, тарихи процестерді табамыз. Мұның өзі кең лингвистикалық талдау жасауды қажет етеді, - деп көрсетеді [1, 24].
Бір ғана тілді зерттеу кезінде байқалған айырмашылықтар мен ерекшеліктер тек сол тілге ғана тән құбылыс емес, ондай құбылыс басқа тілдерден де кездесуі ғажап емес. Алайда, тіларалық салғастырудың мақсаты мен міндеті бұдан әлдеқайда күрделірек, өйткені бірін-бірі толықтыратын, бір қызмет жүйесіндегі тілдер әдетте салғастыру нысанына айнала бермейді. Тіларалық салғастырудың нәтижесі олардың жүйелі маңыздылығын айқындамайды. Дегенмен, түрлі типтегі тілдердің тілдік құралдар жүйесін жалпылау - олардың құрылымының типологиялық сипаттамасын береді, яғни түрлі типтегі тілдердің неғұрлым маңызды құбылыстарын, үлкен тілдік топтарындағы белгілерін көрсетеді, сонымен қатар, кез келген екі тілдің тілдік материал корпусында тепе-теңдікті сақтау тілдерді салғастыра, салыстыра зерттеудің мақсат, міндеттеріне де байланысты айқындалады.
Тілдерді салғастыру қазіргі лингвистикалық зерттеулердің түрлі теориялық және қолданбалы бағыттарының негізін қалайды. Қазіргі кезеңде салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің негізгі бағыттары мынадай:
а) аударма теориясы, екі тілдің жеке бірліктері арасындағы функционалды мағыналық ұқсастықтардың тұрақты заңдылықтарын қалыптастырады;
ә) контрастивті лингвистика, шет тілін оқыту ерекшелігін, ана тілі мен шет тілінің айырмашылығын айқындайды;
б) қос тілдің және көп тілдің лексикографиясы, олардың лексикасы мен фразеологиясындағы тұрақты сәйкестіктерді реттейді.
Жеке тіл жұптарындағы тілдік құбылыстарды салғастыруда тілдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындауға мүмкіндік беретін типологиялық зерттеулердің маңызы үлкен. Салғастырмалы лингвистика салғастырылушы тілдер бойынша (екі немесе одан көп, туыстығы алыс, туыс емес), тілдің субжүйелері бойынша (салғастырмалы фонетика, лексикология, грамматика, фразеология т.б.) және талдау бағыттары бойынша (типологиялық, трансляциялық, лексикографиялық және т.б.) ажыратылады.
Лингвист мамандар салғастырмалы талдаудың қиындығы мен қайшылықтарын көрсете отырып, тілдердің түрлі топтарына және салғастырудың кез келген деңгейінде қолдануға болатын кейбір ұстанымдарды анықтады:
1) жеке тілдерді зерттеу салыстырыла, тұтастай және кезеңмен жүргізілуі тиіс, жеке тілді зерттеу тіларалық зерттеулерден бұрын басталады;
2) универсалдық ұқсастықтар мен айырмашылықтарға салғастырмалы талдау - салғастыру бірліктері арасындағы объективті ұқсастыққа негізделеді;
3) тілдегі бірліктерді салғастыру жеке тілдерді зерттеудің біртұтас теориясы негізінде жүргізілуі тиіс. Біртұтас ұғым терминологиялық аппарат көмегі арқылы жүзеге асады;
4) салғастырмалы талдау тілдік формадан мазмұнға (семасиологиялық жол) немесе мазмұнынан оның айтылуына қарай (ономасиологиялық жол) бағытталады. Салғастыра зерттеуде осы екі жол өзара үйлесіп отырады;
5) салғастыра зерттеу синхронды-салғастыру немесе диахронды-салғастыру болуы мүмкін;
6) салғастырмалы талдаудың дереккөздері: салғастырылушы тілдің түпнұсқасы, аударма материалдары.
Тілдерді салыстыра және салғастыра зерттеу, ең алдымен, салыстыру әдісі ұстанымдарына сүйенеді. Ерекшеліктер тілдің типологиялық, құрылымдық қасиеттерін белгілеумен шектелмейді, ол бүкіл бір тілді немесе оның бір тарауын қамтуы мүмкін. Тілдегі ерекшелікке тілдік бейне туралы ілім, лингвоелтану теориясы шеңберіндегі тілдің ұлттық-мәдени компоненті т.б. жатқызуға болады. Мұнда ерекшелікке қатысты ұғымдарды диалектикалық тұрғыдан түсіну керек, өйткені аталған тілдік түсініктер шеңберінде қарастырылушы құбылыстар әр тілде өзіндік формаға ие, олар сол тілде сөйлейтін халықтың жекеменшігі болып табылады [2, 56].
Тілдердің өзара қатынасы мәселелерін жүйелеу барысында зерттеушілер салыстырмалы-салғастырмалы талдаудың нәтижелеріне сүйенетіндіктен, тілді танып білудің нәтижелі жолын жалпы зерттеп қана қоймай, әр түрлі құрылымдағы тілдерді, әсіресе өзара қарым-қатынастағы тілдерді салғастыру тәжірибесін қалыптастырды. Бұл туралы лингвистикадағы ірі тұлға И.А. Бодуэн де Куртене тілдердің туыстық жақындығын, тарихи даму жолын басшылыққа алмай-ақ, оларды салыстыра зерттеуге болатындығын көрсете келіп, әр түрлі тілдердің бұлайша салыстырылуы құнды лингвистикалық жетістіктерге жетудің бірден-бір негізі екендігін айтады. Ғалым тарихи даму барысында пайда болатын немесе географиялық ерекшеліктерге байланысты тіл-тілде туындап жататын ортақ қасиеттер, бірыңғай ерекшеліктер, өзара тамырлас тарихи үрдістер жөнінде деректер келтіреді [3, 371].
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің зерттеулері арқылы тілдер арасындағы ұқсастықтар, сондай-ақ нақты бір тілге тән қайталанбас ерекшеліктер айқындалады. В сфере изучения универсалий (универсологии) типология смыкается с общим языкознанием, занимающимся выявлением всеобщих закономерностей строения языков. В сфере изучения уникалий она смыкается с частным языкознанием [4, 112].
Салғастыруға негіз болатын тілдердің құрылымдық бірліктерін жүйелі түрде салыстыру ұстанымы туралы лингвист В.Н. Ярцева: предположения существования базового сходства между языками при наличии дифференцирующих данные языки различий, - деп баға береді [5, 29].
Қазіргі кездегі лингвистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірнеше тілдің материалдарын салғастыра отырып талдау аса нәтижелі қорытындылар жасауға мүмкіндік беріп отыр. Лингвистикалық салғастырудың негізгі элементі болып өзара ұқсас, ортақ (интегративті) және айырмашылықтарды айқындайтын (дифференциялаушы) белгілер танылады.
Тілдік талдаудың негізі ең алдымен Ф. де Соссюрдің қалыптастырған тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар постулатынан көрінеді. Салғастыру және қарама-қарсы қою арқылы тілдің грамматикалық, лексика-семантикалық, фразеологиялық деңгейдегі тілдік жүйе бірліктерін айырып көрсетуге болады. Кез-келген жеке тілдік құбылысты суреттеу ондағы түрлі аспектілер, формалар, мағыналар және басқа да құбылыстар жиынтығын көрсетеді [6, 73].
Салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулердің теориялық маңыздылығын ескерте келе, Л.В. Щерба былай деп жазады: Одной из основных очередных задач является сравнительное изучение структуры или строя различных языков. Думается во всяком случае, что иного пути нет и быть не может [7, 39].
Тілдерді синхрондық тұрғыдан салыстыру және салғастырудың әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсынылатын терминдердің арасында бағыт-бағдары жағынан өзара жіктеліп, тереңдеп зерделеген сайын ара-жігі айқындала түсетін белгілі айырмашылықтардың бар екені жасырын емес. Десек те, бүгінгі Ресей, Қазақстан және т.б. бірқатар шет мемлекеттерді атамағанда, жалпы әлемдік лингвистикада салғастырмалы зерттеулердің арасындағы айырымдық шекара бірізділікке түсе қойған жоқ екенін атап өтуге тура келеді, яғни контрастивті лингвистика, контрастивті зерттеу, конфронтативті лингвистика терминдерінің ара-жігі толықтай ашылмаған деуге болады [8, 21].
Контрастивті лингвистикада қолданылатын салыстырмалы-салғастырмалы талдау әдісі әр түрлі топтағы тілдерді зерттеп қарастырудың ең ұтымды тәсілі болып саналады. Контрастивті лингвистиканың мақсаты мен міндеті жайында ғалым В.Л. Нерознак пікіріне сүйенсек Контрастивті лингвистика дегеніміз - екі немесе бірнеше тілдік жүйелерге бір деңгейде сипаттама беру және олардың арасындағы тілдік айырым белгілерді, айырмашылықтар мен ерекшеліктерді зерттеп, айқындау мақсатында синхронды-салыстырмалы әдісті қолдану [9, 21].
Жалпы тіл білімінде қалыптасқан дәстүрлі пікір-пайымдаулар контрастивті лингвистиканы негізінен тіл меңгерту үрдісімен байланыстырады, дегенмен контрастивті тіл білімінің міндеті шет тілдерін оқыту мақсатымен шектеліп қоймайтындығын соңғы кездегі жүргізіліп жатқан зерттеу еңбектері дәлелдеп отыр. Аталған бағыттағы контрастивті зерттеулер әр түрлі тілдік үрдістердің себеп-салдарын, мәнін терең түсінуге, осы құбылыстарды басқаратын заңдылықтарды жалпы адамзат тілінің ортақ кеңістігі арқылы ұғынуға ықпал етеді. Сондықтан контрастивті лингвистика бүгінгі тіл біліміндегі теория және практиканың теңескен жері болып табылады. Біріншіден, контрастивті зерттеулердің беретін нәтижелері мен қорытындылары кез келген тілдің дербес ерекшелігін нақтылауға қомақты үлесін қосады, екіншіден шет тілдерін оқыту және аударма теориясының әдіснамалық тұғырнамасын қалауға бірден-бір негіз бола алады.
Контрастивті зертеулерге салғастырылатын тілдерді бір теориялық ұстаным аясында зерттеу, бірыңғай әдіс-тәсілдер арқылы талдау, бір бағыттағы құрылымдық жүйе негізінде сипаттау, бірізді терминологиялық қор заңдылықтарын сақтау талабы қойылады. Қазіргі лингвистикада конфронтативті термині де жиі сөз болып, бірқатар зерттеулерде қолданылып жүр. Конфронтативті зерттеу бастапқыда тіл үйренушілердің шет тілін үйренуде ана тілінің кері әсерінен туындаған қиындықтарды болжау әрекетімен байланыстырылғанымен, қазіргі таңда мұндай қателіктердің негізгі себептерін айқындауда контраст мәселелерінің де қамтылу қажеттілігі байқалып отыр. Теориялық тұрғыдан тіл-тілдегі айырмашылықтарды тану толыққанды және жүйелі салыстыру-салғастыру жағдайында ғана мүмкін болады, ал тәжірибелік тұрғыдан, шет тілін оқыту барысында байқалатын сөйлеушілердің қателіктері қандай да бір тілдегі айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айқындауға жол көрсетеді. Сондықтан, контрастивті лингвистикада тілдерді салыстыру барысында олардағы айырмашылықтарға, алшақтықтарға ерекше көңіл бөлінсе, тілдің жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қатар қарастыру конфронтативті лингвистикада мейлінше кең көрініс табады. Алайда қазіргі тіл ғылымындағы конфронтативті және контрастивті зерттеулерде бір ғана әдіс-тәсілдер қолданылатындықтан, олардың арасындағы нақты ерекшеліктерді басып көрсету біршама қиындықтар туғызады.
Әлемдік тіл біліміндегі жеке зерттеу нысаны болып қалыптасып келе жатқан тілдердің өзара қарым-қатынасы, тілдердің өзара әрекеттесуі, өзара әсерлесуі мәселелерін талқылау және оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу барысында контрастивті лингвистика үлкен тиімділігімен ерекшеленіп келе жатқан бағыт. Қарым-қатынастағы тілдерді салғастыра-салыстыра зерттеуде контрастивті әдістің негізгі ұстанымдарына сүйену - әр түрлі деңгейдегі тілдік жүйелерге жіктелетін тілдердің өзара әрекеттесу, әсерлесу, өзара ықпал ету нәтижелерін ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, контрастивті зерттеу - зерттелінуші тілдер арасындағы айырмашылықтарды айқындауда, интерференцияның пайда болуының себептерін анықтаудағы ең қолайлы тәсілдердің бірі болып саналады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдерді салғастыра зерттеу көптеген ғылыми ізденістердің нысанына айналып, оның ішінде контрастивті лингвистика отандық салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің үзеңгілес жеке саласы ретінде қалыптасып отыр. Қазақ тіл біліміндегі осы бағыттың қалыптасуына, оның нысанын, зерттеу әдістерін, негізгі мақсаты мен міндеттерін айқындап, белгілеуде Е.Н. Нұрмағанбетов, Н.Х. Демесинова, З.К. Ахметжанова, т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектері мен ізденістері үлкен септігін тигізді.
Тілдік құрылымның әр түрлі деңгейін синхрондық контрастивтік әдіс-тәсілдер арқылы зерттеу - тілдер арасындағы белгілі айырмашылықтарды тануға негізделеді. Сан алуан құрылымдық жік құрайтын зерттелінуші тілдердің айырымдық лингвистикалық белгілерін нақтылауда тілдердің фонологиялық жүйесін өзара салғастыру, салыстыру функционалды лингвистиканың аспектуалдық жағын толықтыруға мүмкіндік береді [10, 229]. Фонетика-фонологиялық зерттеулерде сөйлеу дыбыстарын анатомиялық-физиологиялық жағынан жүйелеп топтастыру негізгі басшылыққа алынатын қағидалардың бірінен саналады. Дегенмен, дыбыстардың функционалдық қызметін айқындаумен ғана шектелу жеткіліксіз. Сондықтан, қандай да бір кез келген фонологиялық тәсіл тілдік құрылымдардың функционалдық мүмкіндігін іске асыру үшін міндетті басқыш болып табылады.
Зерттеу еңбегіміздегі фонетикалық ерекшеліктерді айқындау үшін жүргізілген эксперименталды талдаулар, негізінен профессор М.К. Исаевтың ізденістерінде сөз болатын интерференцияның эксперименталды-фонетикалық зертханасына арқа сүйейді [11, 38].
Жоғарыда атап өткендей, қарым-қатынастағы тілдердің бойынан байқалатын интерференция құбылысы зерттеушілер тарапынан толықтай барлық шешімін таба қойған жоқ. Сондықтан болар, аталған мәселені қарастыруда лингвистикалық әдіс-тәсілдер арқылы толық түсіндіру мүмкін бола бермейтін бірегей құбылыстар әлі де болса баршылық. Осындай сөйлеушілер тарапынан жіберілетін қателіктердің себеп-салдарын анықтауда тиянақты уәж, дәлелді пікір таба алмаған жағдайлар біздің экспериментімізде де кездесіп отырды. Атап айтсақ, мынадай жағдайлар: бірінші қостілділердің екінші тіл заңдылықтарынан, ережелерінен бас тартуы; бірінші тіл жүйесінде кірме құбылыстардың қолданылуы.
Лингвистиканың өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын тілдік қатынас мәселелерін зерттеу У. Вайнрайх, А.Е. Карлинский, У.К. Юсупов, Х. Дилинг, М.М. Копыленко, Л.В. Щерба еңбектерінде мейлінше кең көрініс табады. Қазіргі таңдағы тілдік қатынас мәселелерінің ауқымды түрде қарастырылуының бір себебі халықаралық байланыстардың әр түрлі саласында қолданылатын шет тілдерінің маңыздылығымен байланысты, сондықтан лингвистика ғылымы ең өзекті тақырыптардың бірі ретінде өзара қарым-қатынастағы тілдерді салғастыра зерттеуді міндеттейді.
Л.В. Щерба всякое изучение второго языка ведет к двуязычию, которое бывает двух типов - чистое и смешанное. Чистым они бывают, когда между языками не устанавливается никаких сравнений, никаких параллелей, когда перевод с одного языка на другой в сущности невозможен для носителей подобного двуязычия и во всяком случае крайне затруднен, - деп жазады [12, 6].
Аралас қостілділік дегеніміз - екінші тілді үйрену кезіндегі бірінші тілге әрдайым жалтақтаушылық [13]. Қостілділіктің бұл түрі бірінші тілдің қостілді сөйлесімінде екінші тілге неғұрлым күштірек әсер етеді. Бұл жағдайға, екінші тіл жүйесіне қостілді дағдыланбағандықтан, екінші тіл бірінші тіл жүйесі арқылы игеріледі. Қатынас кезінде тілдердің өзара ықпалынан тілдер құрылымының бүлінбейтінін де атап өту керек. Тілдер қатынасы жағдайына байланысты олардың өзгеріске түсуі де мүмкін немесе өз қалпын сақтап өзгермеуі де мүмкін. Жаңа ғаламдық лингвистика ең көкейтесті тақырыптарға жауап іздеуді көздей отырып, қазіргі лингвистердің алдына ғасырлар тоғысында тұрған, әр түрлі тілдік жүйелердің қатынасының нәтижесінен туындаған тілдік интерференция құбылысын зерттеу міндетін қояды.
Бұл мәселелер бір жағынан салғастырмалы зерттеумен байланысты болса, екіншіден контрастивті лингвистикада қарастырылады. Лингвистикалық тұрғыдан интерференция мәселесі қатынастағы екі немесе бірнеше тілдер жүйесі құрылысындағы белгілер (дыбыстар, тілдік бірліктерді қолдану т.б.) арасындағы айырмашылықтарды айқындаумен байланысты.
Фонетикалық интерференцияны зерттеу контрастивті лингвистиканың күрделі мәселелерінің бірі, яғни лингвистикалық факторларды қамтитын оқыту үрдісі барысындағы жасанды қостілділік жағдайындағы дыбыс жүйесінің өзара әрекетін сипаттауды мақсат етеді. Сондықтан, жасанды қостілділік негізінен шет тілін оқу орындарында үйрету барысында қалыптасатындықтан, өзара қарым-қатынастағы тілдердің жүйелік қызметтері барлық жағынан өзара тең келе бермейді.
Басқа тілдің ықпалынан болған өзгерісті У. Вайнрайх тілдік интерференция деп атайды. Те случаи отклонения от нормы любого из языков, которые происходят в речи двуязычных в результате того, что они знают больше языков, чем один, т.е. вследствие языкового контакта, мы будем называть явлениями интерференций [14, 22].
Синхронды тұрғыдан интерференция тілдің жүйесін өзгертеді деу қате ұғым. Интерференция - бұл ауытқу, тіл тұлғаларының қос тілде сөйлеуінде тілдік норманы, жүйені бұзуы немесе ауытқуы. Бұл ауытқулар қостілді сөйлеуде пайда болады.
Көптеген лингвистикалық және әлеуметтік факторларға байланысты қатынастағы тілдердегі кейбір құбылыстар қатынастағы тілдердің біреуінің жүйесіне сіңісіп, сол тіл жүйесіне тән болуы да әбден мүмкін. Мысалы, Н.А. Баскаков былай деп жазады: Степень системной организации фонологического уровня языка является значительно большей, чем у лексики, и поэтому фонетическая, а тем более фонологическая структура языка подвергается меньшему воздействию при взаимодействии языков [15, 77].
Интерференцияны зерттеу мәселесіне үлкен үлес қосқан А. Е. Карлинский аталған тілдік құбылысты екі деңгейде сипаттайды:
- парадигматикалық екі фонологиялық жүйеде жеке фонемалардың өзара қатынасы және осы жүйелердегі орны;
- синтагматикалық қатынастағы тілдердің сөйлеу тізбегіндегі фонема тіркестерінің тіркесу ерекшеліктері.
Тілдегі ерекшеліктер мен айырмашылықтарды, интерференцияның себебін анықтау төрт түрлі негізгі белгілерімен сипатталады:
- интерференция - бірінші тіл әсерінен екінші тіл сөйлеуінде нормадан ауытқу;
- бұл ауытқулар билингвтің екінші тіл сөйлеу іс-әрекетіндегі ерекшеліктерімен байланысты;
- интерференцияның саны және сапасы қатынастағы тілдер жүйесінің өзара әрекеті ерекшеліктеріне байланысты;
- интерференцияның пайда болуы қостілділік жағдайындағы қатынас процесіне байланысты туындайды.
Интерференция - тілдік қатынас нәтижесінде тілдің нормадан ауытқуы болғандықтан, қостілділердің ана тіліндегі фонологиялық бірліктердің құрылымдық ерекшеліктері, сондай-ақ тілдік құбылыстардың екінші (шет) тілде баламасы (эквиваленті) болмағандықтан, әр түрлі деңгейде қабылдануы. Басқа тіл дыбыстарын қабылдау және дыбыстық интерференцияның пайда болуы бірінші тілдің фонологиялық жүйесіне байланысты. Сондықтан, екі тілдің фонетикалық жүйесін салғастыру, яғни бірінші және екінші тілдің дыбыс бірліктерінің байланысу ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. Кез келген тіл өзіне ғана тән дара тілдік бірліктерімен ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың өзіне ортақ ережелері, қатынастағы тілдердің дыбыс бірліктерінің айырмашылықтары да ескеріледі. Аталған бағытта өнімді еңбек еткен лингвист-зерттеушілер интерференция құбылысын барынша терең, толық зерттеуде контрастивті әдістің амал-тәсілдері (бақылау әдісі, эксперимент жүргізу тәсілі және т.б.) ерекше маңызға ие екендігін атап көрсетеді.
Қатынастағы тілдерді салғастырмалы зерттеу барысында қазақ және ағылшын тілдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын және болжамды интерференция өрісін айқындауға мүмкіндік туды. Қазақ және ағылшын тілдері әр түрлі тілдік семьяға жатады. Ағылшын тілі герман тілдік тобына, ал қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қатынастағы тілдердің фонемалық құрамында, фонемалық дистрибуциясында, айырым белгілерінде өзіне тән айырмашылықтар баршылық.
Қазақ дәрісханасына ағылшын тілін оқыту үрдісінде қазақ және ағылшын тілдері қатынасқа түседі. Тілдер қатынасының нәтижесінде ана тілі дыбыс жүйесінің шет тілін меңгеруге тигізетін ықпалының (әсері) ерекшеліктері мәселелері туындайды. Зерттеу жұмысында, қостілді сөйлеуіндегі қателіктер қатынастағы тілдердің фонологиялық жүйесінің өзара қатынасының барысында туындайтындықтан, қазақ және ағылшын тілдері қатынасы деңгейінде көрінетін интерференция мәселесі қарастырылады.

1.2 Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика-фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Қазақ және ағылшын тілдерінің контрастивті зерттелуі лингвистикада енді қолға алына бастаған тың тақырыптардың бірі болғандықтан, екі тілдің тек дыбыстық және жазу жүйелерінің типологиясына емес, әр түрлі қырынан келген лингвистикалық типологиясына кешенді зерттеу жұмыстарын арнап, ғылыми еңбектер қорғау болашақтың еншісінде. Ал біздің жұмысымыздың негізгі нысаны фонетикалық интерференция болғандықтан, зерттеу объектіміздегі қазақ және ағылшын тілдерінің әліпбиі мен дыбыстық жүйесінің арақатынасы да тек осы мақсатқа орайластырыла қарастырылмақ.
Тілдерді салғастыра зерттеудің жалпы лингвистикалық маңыздылығын көрсете отырып, осы бағыттың жалпы тілдік заңдылықтар сырын ашуға мүмкіндік беретінін жоққа шығаруға болмайды. Осы тұрғыда дипломымызға өзек болған қарым-қатынастағы қазақ және ағылшын тілдерін контрастивті тұрғыда салғастыра зерттеудің қажеттілігін айта кеткен орынды болмақ, яғни зерттеуде қарастырылатын жоғарыда аталған екі тілдің фонетика-фонологиялық жүйесі бір-бірінен генеологиялық жағынан да, географиялық жағынан да, типологиялық тұрғыдан да алшақтау жатыр, сонымен қатар аталған тілдерді фонетика жүйесінде салғастыра зерттеу болжамды интерференция өрісін айқындауға жол ашады.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі тұрғыдан қарастырылып, генеологиялық және типологиялық болып топтастырылады. Генеологиялық тұрғыдағы топтастыру шығу тегі бір тілдерді қамтитын болса, типологиялық топтастыру тілдердің шығу тегіне тәуелсіз, құрылысы мен типінің морфологиялық тұрғыдан ұқсастығына қарай жүргізіледі.
Дүние жүзіндегі барлық тілдер туыстығы мен шығу тегі, даму жағдайларының ортақтығына қарай ірі 60 шақты ұяға (семьяны тілдік ұя деп алуды жөн көрдік) топтастырылса, сол тілдер құрылымы мен құрылысына қарай ірі 4 типке бөлінеді. Типологиялық тіл білімі туыстас тілдердің де, бір-бірімен туыс емес тілдердің де сәйкестіктері мен ұқсастықтары, сондай-ақ қарама-қарсы өзгешеліктеріне де көңіл бөледі. Типологиялық тіл білімінің мұндай мәселелерді қарастыратын саласын лингвистикалық типология деп те атайды. Лингвистикалық типология фонологиялық, синтаксистік, семантикалық, т.б. белгілерге негізделеді.
Біздің зерттеу нысанымыздағы екі тіл де ностратикалық тілдер деп аталатын үндіеуропа, картвель, орал, дравид және алтай тілдерін қамтитын макроұя құрамына кіреді. Тілдердің генеологиялық классификациясы бойынша қазақ және ағылшын тілдері өз алдына төмендегіше топтастырылады:

Ностратикалық тілдер
Үндіеуропа тілдері
Алтай тілдері

Герман тілдері
Түркі тілдері

Батыс түркі тобы
Батыс герман тобы
Ағылшын тілі
Қазақ тілі

1-сурет - Ағылшын және қазақ тілдірінің генеологиялық классификациясы

1.2.1 Қазақ және ағылшын тілдерінің вокализмдері мен консонантизмдері бойынша контрастивті сипаттама
Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы - 12 дыбыс-фонема; дауыссызы - 26 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн (тон) мен салдырдың қатысына байланысты.
Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
Ағылшын тілінде 20 дауыссыз, 5 дауысты және 1 жартылай дауысты әріп бар. 26 әріп өз кезегінде 44 дыбыс шығарады. Яғни ағылшын тілінде 44 дыбыс болып, олардың 24-і дауыссыз (Consonants), ал 20-сы дауысты (Vowels)болып есептеледі.
Ағылшын тілінде жалпы дауыссыздар жүйесі 24 фонемадан тұрады: p, t, k, g, b, d, f, v, θ, s, ∫, dз, z, h, ð, t∫, з, m, n, r, ŋ, l, j, w. Ал, қазақ тіліндегі дауыссыздар күні бүгінге дейін сан жағынан толық зерттелініп, айқындалып болған жоқ. Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстар саны зерттеушілер еңбектерінде түрліше анықталады. Дауыссыз дыбыстар санының тұрақсыздығы қазақ тілі фонетика жүйесіндегі кірме дыбыстармен де байланысты. Талас тудырып келе жатқан k, q, g, γ дауыссыздары зерттеушілердің назарына талайдан бері ілігуде. Сол себепті фонетистер арасында бұл фонемалар дербес фонемаға жатады ма, жатпайды ма деген сұрақ тууы заңды. Зерттеушілер k, q, g, γ дыбыстарының жеке фонемалық қызметі ажыратылмағандығын ескере отырып, бұл дыбыстарды тек бір фонеманың варианттары деп тұжырымдайды.
Егер дыбыстың мағына айырушылық қызметі болмаса, дербес фонема бола алмайтындығы белгілі, яғни біздің көзқарасымыз бойынша, q, γ k, g фонемаларының аллафондары деп қаралады. Жіңішке дауыстылармен тіркескенде палаталданған жіңішке [k] және [g] кездеседі, мысалы: кілем, егіз. Қазақ фонетикасын экспериментті түрде зерттеп жүрген профессор Ә. Жүнісбековтың пікіріне сүйене отырып [16, 11], q және k бір фонема деп қарастырамыз.
І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың көрсетуінше, қазақ тілінде 38 дыбыс (фонема) бар:
1) дауысты дыбыстар: (12) - а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і
2) дауыссыз дыбыстар: (26) үнді дыбыстар (7) - л, р, й, м, н, ң, у (тау)
ұяң дыбыстар (8) - б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
қатаң дыбыстар (11) - п, с, т, к, қ, х, ф, ц, ш, ч, щ
Алфавиттегі я, ю, ё әріптері дара дыбыстардың таңбалары емес, қос дыбыстардың таңбалары болып саналады (мысалы: ё = й + о; я = й + а; ю = й + у). Ал ъ, ь белгілері ешқандай да дыбыстардың таңбасы емес, ъ таңбасы - жуандату үшін және өзінен бұрынғы дыбысты кейінгі дыбыстан бөлу үшін қолданылатын белгі (съезд, подъезд);
ь таңбасы - өзінен бұрынғы дауыссыз дыбысты жіңішкерту үшін қолданылатын белгі (польто, секретарь) [17, 16].
Қазіргі қазақ тілінде 26 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардың ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.
Салғастырылып отырған екі тілдің дауыссыздар жүйесінің фонема инвентарында мынадай айырмашылықтарды кездестіруге болады: қазақ тіліне қарағанда ағылшын тілінің дауыссыздар жүйесі жеті фонемаға артық болып келеді. Мұның себебін ағылшын тілінде мына θ, ð, t∫, dз, f, v, h фонемаларының қазақ тілінде баламалары жоқ болуымен түсіндіреміз.
Дауыссыз фонемалар жасалу жолына қарай екі тілде де шұғыл, ызың болып бөлінеді. Ағылшын тілінде p, b, t, d, k, g, ŋ, m, n дыбыстары, ал қазақ тілінде p, b, m, d, n, t, k, ŋ, g дыбыстары шұғыл фонемаға жатады. Шұғыл дауыссыздар өзара шұғыл-қопармалы және аффрикат болып бөлінеді. p, b, t, d, k, g ағылшын тілінің, ал p, b, t, d, k, g қазақ тілінің шұғыл-қопармалы дауыссыздары болып табылады. Аффрикаттар ағылшын тілінде t∫, dз болса, қазақ тілі дауыссыздар жүйесінде аффрикаттар жоқ. m, n, ŋ фонемалары салғастырылып отырған екі тіл жүйесінде шұғыл үнді тобын құрайды.
Ағылшын тілінде ызыңдарға: f, θ, s, ∫, v, з, z, ð, h фонемалары топтастырылса, қазақ тілінде ызыңдарға s, z, š, ž дыбыстары жатады. Ызың үнділерге ағылшын тілінде w, r, j, l, ал қазақ тілінде w, l, j, r фонемалары топтастырылған. Сонымен қатар қазақ тілінде ызыңдар жинақы s, z, w, жайылыңқы š, ž, j, діріл r, жанама l болып бөлінеді.
Жасалу орнына қарай дауыссыздар ерін, тіл, көмей болып жіктеледі. Ерін дауыссыздары ерін-еріндік және еріндік-тіс болып бөлінеді. Салғастырылып отырған екі тілде де ерін-еріндік дауыссыздарына p, b, m, w фонемалары жатады. Ағылшын жүйесінде еріндік-тіс дауыссыздары болып табылатын f, v фонемалары қазақ тілінде кездеспейді.
Тіл дауыссыздары тіл алды, тіл ортасы, тіл арты және тілшік болып бөлінеді. Ағылшын тілінде тіл алды дауыссыздары t, θ, ð, d, l, n, s, z, қазақ тілінде t, d, l, n, s, z, š, ž, r, ал тіл ортасы дыбыстары ағылшын тілінде j, қазақ тілінде k, g, сондай-ақ тіл арты дыбыстары ағылшын тілінде k, g, ŋ, қазақ тілінде j, ŋ фонемалары тілшік дауыссыздарына топтастырылған.
Ағылшын тілінде көмей дауыссызына жататын h дыбысы қазақ тілінде кездеспейді. Дауыссыздар салғыстырылып отырған тілдердің қатаң, ұяң белгілері бойынша қосарланып келеді. Оған ағылшын тілінде жұп құрайтын d-t, b-p, k-g, z-s, dз-t∫, ð-θ, v-f дауыссыздары, ал қазақ тілінде d-t, b-p, g-k, z-s, ž -š дауыссыздар жұбы дәлел бола алады.
Қазақ дауыссыздар жүйесінде баламасы жоқ t∫, dз, θ, ð, v, f ағылшын фонемалары артық жұп құрайды.
Сонымен, салғастырылып отырған тілдердің дауыссыздар жүйесінде мына фонемалар баламалылыққа ие болып табылады: ағылшын фонемалары: p, t, k, g, b, d , s, ∫, z, m, n, r, l, j, h, w, з, f, v; қазақ фонемалары: b, g, d, z, ž, j, k, l, m, n, ŋ, p, r, š, t, w, s, сондай-ақ, қазақ тілінде баламасы жоқ ағылшын t∫, dз, θ, ð, v, f, h фонемалары бар. Зерттелініп отырған тілдердегі бұл фонемалар саны дауыссыздардың фонологиялық жүйесін жақындастырғанмен, ол жүйелердің бір-біріне сәйкес келуі мүмкін емес.
Туындаушы фонологияда нәтижелі болып табылатын тілдерді айырым белгілері деңгейінде салғастыру әдісі дыбыстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика - фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Интерференция құбылысы
Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері
Ағылшын тілінің сөздік құрамы
Лексикалық интерференцияның лингвистикалық аспектісі
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі
Интерференция құбылысының теориялық негіздері
Қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің үлгісі
Oнoмастика және аударма
Пәндер