Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары


Курстық жұмыс: Математикадан оқушылардың өзіндік жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістері
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың жолдары және оны ұйымдастыру
1. 1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойыншаматематикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру . . . 7
- Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесінің принциптері . . . 9
1. 3 Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары . . . 10
ІІ. Математика сабағында өздік және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері
2. 1. Математика сабағында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруы . . . 13
2. 2 Математикадан сыныптан тыс және өздік жұымстарды оқытуды дамытудың жолдары . . . 18
ІІІ. Практикалық бөлім . . . 27
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамының алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.
Оқушыларды шығармашылық жолмен оқыту, көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, алдағы ХХІ ғасырда іске асуға тиісті негізгі - өзекті проблема.
Оқыту процесінде мектеп оқушыларын сыныптан тыс өз бетіндік жұмыстар арқылы ойлануға үйрететін шығармашылық жұмыстар дидакт ғалымдардың (Б. М. Есипов, М. И. Скаткин, И. Т. Огородников, Р. Г. Лемберг, М. Жұмабаев, М. Дулатов, В. П. Добрица, А. Е. Әбілқасымова, А. К. Көбесов, И. Б. Бекбоев, М. И. Махмутов, М. А. Данилов, Т. И. Шамова), сондай-ақ психологтар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов, М. Мұқанов, В. А. Крутецкий, В. А. Понамарев, Т. Тәжібаев және т. б. мазмұнды еңбектерінде кеңінен талданған. Оқушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым саласына қатысты қабілетін дамытуға, өз ортасындағы өзгерістерге сай білімін өз бетінше толықтыруға және оны жаңа жағдайларға шығармашылықпен қолдана білуге дағдылануы қажет. Сондықтан оқушылардың оқу процесіндегі таным қызметінің белсенділігін арттыру математиканы оқытудың ең негізгі бірінші дәрежелі проблемасы ретінде біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.
Жоғарыда аталған педагог-ғалымдар айналысқан зерттеулерде оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы жөніндегі проблема үлкен орын алады және шығармашылық қызмет оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың барынша жалпы мәселесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Шығармашылық қызмет математиканың сыныптан тыс жұмыстарындағы оқушылардың өз бетіндік жұмыстарымен тығыз байланысты болатыны осы зерттеудің өзекті мәселесі.
Біздіңше, математикадан оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту ғылыми педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмаған және математикадан жаңа оқулықтар мен бағдарламалар оған бейімделмеген.
: Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру - маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д. И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға - ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім алу үрдісіндегі өзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі бастауыш сатыда қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш сыныптан дағдыландырған дұрыс. Осы курстық жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі - оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмысына сүйеніп, жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылығын дамыту, сол арқылы ақыл-ойының кемелденуіне мүмкіндіктер тудыру. Осы жағдайда оқушының сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қызметін дамытудың нақты мүмкіндігі мен оны мектеп практикасында іске асыру деңгейі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалады. Орта мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудағы осы қайшылықты шешуде теориялық талдаулардың жеткіліксіздігі және жалпы білім беретін орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың зерттеуге сай бағыты әдістемелік жағынан толықтырылмағандығы анықталды.
Зерттеу объектісі - орта мектепте математиканы оқыту процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты - математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұнын анықтап, оның әдістемелік жолдарын көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер шығармашылық қызмет түсінігі компоненттерін анықтай отыра, математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әр кезеңінде оларды оқушылардың бойына оқу мүмкіндіктері мен талаптарына сай қалыптастырып отырса, онда оқушылардың шығармашылық қызметі артуымен қатар математикалық білім сапасы да артады.
Зерттеудің ғылыми - әдістемелік міндеттері.
Зерттеудің мақсаты мен болжамы келесі мәселелерді тұжырымдауға және оны шешуге мүмкіндік берді:
- оқушылардың шығармашылық қызметі түсінігі мен оның компоненттерін анықтап, жүйелеу;
- шығармашылықтың даму белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- қызығу, ынта, қабілеттілік, шығармашылық ұғымдарының математиканы оқытудағы сипаты мен байланысын, олардың математикадан сыныптан тыс жұмыстарындағы әсерін сипаттау;
- математиканың сыныптан тыс жұмыстарында шығармашылық қызметті тиімді ұйымдастыру мен оны іске асырудың әдістемесін ұсыну;
- ұсынылған әдістеменің тиімділігін педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы сәйкес ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы оқыту процесінде сыныптан тыс жұмыстардың оқу материалдары оқушылардың ойлау әрекетіне үйлесімді күш түсіру арқылы олардың шығармашылық қызметін дамытады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізіне - таным теориясы, жеке тұлға туралы теория мен оқушы қызметін тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық концепциясы қызмет етеді.
Зерттеудің әдістері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми әдістемелік тұрғыдан талдау жасалды;
- Қазақстан Республикасы көлеміндегі мұғалімдердің сыныптан тыс жұмысына байланысты педагогикалық іс-тәжірибесін әңгімелесу,
- мектептерде ұйымдастырылған әр алуан шараларға қатысу арқылы үйреніп, оны талдау және жалпылау;
- мектеп оқушылары және мектепті бітірушілермен жеке және ұжымдық формада әңгімелесу, анкета жүргізу, тест жүргізу, т. б;
- педагог математиктермен, оқу-ағарту жұмысын ұйымдастырушылармен, педагогикалық баспа қызметкерлерімен, мұғалімдер, ғалымдармен әңгімелесіп кеңінен пікір алысу;
- сонымен бірге мектепте бақылап, ойға түйгендеріміз практикалық жағынан іске асырылды. Дипломның тақырыбына байланысты педагогикалық эксперимент жүргізілді.
Зерттеу мазмұнына енгізілген ғылыми - әдістемелік жаңалықтар:
-оқушылардың шығармашылық қызметінің мөлшері, даму белгілері анықталып, математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі және мақсатты түрде барлық оқушыларға жүргізу қажеттігі негізделді;
-оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған математикадан сыныптан тыс жұмыстар әдістемелік жағынан жетілдірілді, шығармашылық қызметтің табиғатын анықтайтын дидактикалық шарттар ұсынылды.
-математиканың сыныптан тыс жұмыстарының тиімді түрлерін оқушылардың өз бетіндік жұмыстарымен үйлестіріп, оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні математикадан жүргізіліетін сыныптан тыс жұмыстардың жәрдемімен оқушының өз бетіндік шығармашылық қызметін дамытудың қажеттігі әдістемелік тұрғыдан алғанда оның оқушылардың жоғары сапалы білім алуында мәні зор екендігі анықталды.
Ғылыми зерттеу жұмысының практикалық мәні
Ұсынып отырған әдістемеміз мектептерде оқытылып жатқан математика пәнінің бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс жұмыстарды өткізу барысында оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға тікелей әсерін тигізеді және жалпы математикадан білімді дұрыс меңгеруіне көмектеседі. Зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелер мен әдістемелік ұсыныстар мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде қолданылып жүр және олар педагогикалық институттардың студенттеріне - болашақ математика мұғалімдеріне де пайдалы болады деп есептейміз.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі және негізділігі. Зерттеу нәтижелерінің педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық негізде мазмұндалуымен, зерттеудің ғылыми аппаратына оның мазмұнының сәйкес болуымен, проблеманы талдауға қолайлы келетін әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен орта мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
1. 1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Оқушылардың шығармашылық қызметі бойынша қарастырылған біздің зерттеулеріміз келесі ғылыми-әдістемелік мәселелерден тұрады. Мектеп мұғалімінің математикадан жүргізетін жұмысы оқушылардың ғылымға ынтасын арттыратын жақсы жұмыс, бірақ міндетті емес екені педагогика теориясында және мектеп практикасында сеніммен орнығып нығайған. Кейбір жағдайларда оқушылардың математикадан сыныптан тыс жүргізетін жұмысы ерікті әрекет, бұл еріктілік механикалық түрде мұғалімге ауысады (яғни мұғалім де өзінің көңіл күйіне қарай жүйелі түрде кластан тыс жұмысты өткізбейді. ) Мұндай көзқарас, біздің ойымызша оқушыларды сыныптан тыс оқыту мен тәрбиелеудің маңызын мұғалімнің түсінбеушілігі мен жете бағаламағандық деп түсінуге болады. Сонымен бірге математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс арқылы тек оқушыларды оқытып қоймай, сондай-ақ мұғалім де оқып үйренуге мәжбүр болады, ал кейбір жағдайларда сыныптан тыс жұмыстар мамандық таңдауда шешуші роль атқарады.
Дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырып, сыныптағы сабақтардың меңгерілу сапасын арттырады.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылар қызметі мыналарға байланысты:
а) оқушылардың сынып жұмысы барысында ала алмайтын жаңа білімді сыныптан тыс жұмыстар арқылы алатындығы;
б) сынып жұмысы жағдайында өз білімін қолдана алмайтын, өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік болмайтын жағдайларда оған сыныптан тыс жұмыстарда қол жеткізеді. ;
в) оқушылардың мұғалімге деген сенімі, оқушы өзі қиналатын сұраққа мұғалім жауап бере алар ма екен деген мәселені сыныптан тыс жұмыс арқылы біледі. Сол сұраққа сыныптан тыс жұмыс кезінде жауап бере алатындығына көзі жеткен оқушы ол мұғалімнің пәнін, сабағын барынша терең игеруге қолынан келген бар шараларды қолданады.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстағы мұғалімнің әрекеті неден білінеді? Мұғалімнің математикадан жүргізетін сыныптан тыс жұмысы:
а) мұғалім балаларды қызықтыра отырып оқушыларға бағдарлама талабына сай білім береді, іскерлік, білім, білік, дағды қалыптастырады, бұл мұғалімнің кәсіптік міндеті, мұнсыз оның жұмысында тиімділік болмайды;
б) педагогикалық шеберлігі;
в) мұғалімнің беделі - бұл өте маңызды іс. Мұның бәрі жай емес, сыныптан тыс жұмыс жүргізіп бедел жинаудан гөрі сыныптағы сабақта жақсы мұғалім болу әлде қайда жеңіл.
Неге олай? Мұғалім сыныпта істейтін жұмысында оқулықты, әдістемелік әдебиеттерді, тіпті кейде берілген бір тақырыптың өзіне өте жетілдірілген өте анық талдауларын қолданады. Ал, сыныптан тыс жұмыстарда мұндай қосымша материалдар болмайды. Ол тақырыпты өзі тауып, сәйкес әдебиеттерді қарастырып, материалдарды шығармашылықпен талдап, оқушылардың санасына жететіндей етіп, материалдың мазмұнын түрлендіріп байытады. Бұл өте күрделі жұмыс.
Сыныптан тыс жұмыс оқушыға не береді? Ол жаңа білім, білік, дағды алып, мамандық таңдау жөніндегі талғамын арттырады, шығармашылықпен серпіліс жасайды. Сыныптан тыс жұмыс өткізу мұғалімге не береді? Кейбір мағынада алғанда сыныптан тыс жұмыс жүргізген мұғалім шәкіртке қарағанда көбірек білім алады. Мұғалім үшін мұндай кезең міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа білім алады, өзінің білік, дағдысын, педагогикалық шеберлігін жетілдіреді, оқушылардың мұғалімге деген сенімі күшейеді, мұғалімнің беделі артады, осының бәрі сыныпта өтілетін сабақтың дұрыс өтілуіне зор көлемде игі ықпалын тигізеді.
Қазір Республика мектептерінің практикасында оқушылырмен бірлікте сыныптан тыс жұмыстардың әр алуан түрін ұйымдастыру қалыптасты. Әдістемелік және педагогикалық басылымдарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың үйірме, ғылыми бірлестік, әр алуан жарыс жұмыстары сияқты формалары атап өтілуде.
Республикамыздағы көптеген тәжірибелі мектеп мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстардың әр алуан түрін өткізеді. Республикамыздың нарықты экономикаға көшуіне байланысты сыныптан тыс жұмыстардың түрін өзгерту оған қажетті әдістемелік әдебиеттердің көбеюіне себепші болды. Сыныптан тыс жұмыстар бизнеспен араласып қатар жүретін болды. Соңғы кезде тіпті бұрыннан да оқушыларды математикаға қызықтыра оқыту жұмысына педагогикалық институттар мен университеттердің педагог ғалымдары белсене араласып келеді. Олар арнайы математикалық мектептер, коммерциялық сыныптар, лицей, гимназиялар, сырттай оқытатын мектептер, жазғы демалыс кезіндегі мектептер, т. б. болашақта экономист, компьютерде есептегіш, т. б. қазіргі қоғамның өскелең талабына сай компьютерді меңгерген кадрларды оқытатын шағын мектептерде әр алуан сабақтан тыс оқыту жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі кезде экономикалық өзгерістер, нарықты экономика талаптары көптеген экономика мамандарын, шаруашылықтың әр түрлі саласындағы бизнесмендер мен маман экономист кадрларды өте көп дайындау қажеттігі туды. Шаруашылық, сауда, оқу т. б. мамандықтағы қысқаша айтқанда өмір сүру үшін әр адам өмірдің заңындай болған капиталистік өндіріс процесін терең білуі қажет болды. Экономиканы меңгеру үшін көбінесе математиканы тереңдетіп оқытатын мектептер, шет тілін тереңдетіп оқытатын, есептегіш бағыттағы практикалық дағды беретін компьютерлік-есептегіш программистер дайындайтын мектептер бүгінгі күннің өмір талабы болып отыр. Осындай мектептердің жұмысы жақсы жолға қойылуының, оқушының өз білімін тереңдетуінің мүмкіндігі, мектепте өзінің шығармашылықтың қажеттілігін қанағаттандыруының бір жолы ең алдымен жақсы ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарға қатысу болып табылады. Соңғы кездері әдістемелік әдебиеттерде "мектеп-қуаныш үйі" болуы керек деген жарыссөздер жарияланып жүр. Бұл жарыссөзге қатысушылар мектеп өзінің бүкіл жұмысын оқушыны өзіне баурайтындай, онда оқушылар үшін қызықты жұмыстар мен қуаныштар күтіп тұратындай етіп ұйымдастыру керек деп талап қояды. Оқушыны мектепте тек үнемі білім, білік, дағды алуға ұмтылып қана қоймай, сонымен бірге биік моральдық қанағаттанушылық, кішкентай ашылыстардың сезімдік қуанышына бөленуі қажет. Біз мұндай мектептерді сыныптан тыс жұмыстарды негізгі пән ретінде жоғары деңгейге қою арқылы ғана құра аламыз.
1. 2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесінің принциптері
1. Оқушыларға қиындық келтіретін жалпы оқу проблемаларын дербес жеке проблемаларға бөлу керек.
2. Оқушылардың жалпы оқу проблемасынан басқа да өздерінің дербес жеке проблемалары (дербес проблемалық тапсырмалар) болуы тиіс.
3. Кез келген проблема - берілген тапсырма белгілі оқушы үшін қиын, екінші жағынан оның ақыл ойының дамуына, оған күш түсіруге барынша жеткілікті болуы керек.
4. Мұғалімнің міндетті түрде проблемалық жағдайды туғызуының арқасында оқушылар проблеманы өздері шешеді.
5. Жалпы дәстүрге енген ережелер бойынша жалпы проблеманы шешу ұжымдық сипатта болады, бұл жалпы проблеманың шешуі оқушылардың ұжымдық жұмысының нәтижесі, мұны кейде жеке оқушылар шешуі де мүмкін, мұғалім жеке оқушының шешуіне күш салады.
6. Оқушылар алдына қойылған проблеманы шешу келесі жоспар бойынша жүргізілуі қажет:
а) пролеманың қойылуы немесе мұғалімнің информациясы (хабары), оқушыларда проблеманың пайда болуы - проблемалық жағдай;
б) проблеманың бөлшектенуі және оқушыларға мүмкіндіктері мен талап-тілектері бойынша дербес проблемаларды оқушыларға үлестіру;
в) проблеманы шешудің мерзімін белгілеу;
г) проблеманың шешілу кезеңін басқару;
д) проблеманың шешуін талдау, анықтау;
е) проблема шешімінің жалпы көпшілікке танылуы (баяндамалар мен хабарлар, демонстрациялар, мақалалар жариялау т. с. с),
ж) орындалған жұмысты бағалау, мадақтап сыйлықтар беру (мақұлдау, алғыс жариялау), оларды мадақтап мектеп басшылары мен мұғалімдердің ауызша, жазбаша алғыстарын жариялау.
Алға қойылған проблеманы шешу үшін оқушыларда "математикалық атмосфера" қалыптастыру керек.
Біз "математикалық атмосфераны" механикалық тұрғыдан түсінеміз. Сынып қабырғаларын математикалық мазмұнды газеттермен толтырамыз, әдемілейміз, ондағы плакаттарда суреттер, қажетті формулалар жазылады, "химия математикаға тәуелді", "көптеген адам өмірі математикаға тәуелді", т. б. деп түсінуге болмайды. Мектептегі "математикалық атмосфера" ең алдымен оқыту жұмысының жақсы жолға қойылуы, үнемі және тұрақты қалың көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстар мен шараларды өткізіп, оны сыныптағы жұмыстармен қабыстыра байланыстыруға тікелей байланысты. "Математикалық атмосфераның өмірлік шарты мектепте өз бетіндік жұмысты қолдау болып табылады, оқушының шығармашылық жұмысында шығармашылық элементі болуы керек, сол арқылы жұмысты қызықты, адам өмірін бақытты етуге болады" (36) .
Сыныптан тыс жұмыстардағы математикалық үйірменің алатын орны зор. Оқушының бастамасы мен шығармашылық ойларын осы үйірмеде іске асырады.
Үйірме мүшесі болудың еріктілігінің, оның сабағын өткізу ерекшелігі сыныпта өтетін сабақ пен оның әдістемесінен әлдеқайда өзгеше. Басқару міндеті көбінесе мұғалімге тиісті, бірақ оның сыныпта өткізген сабақтарында қолданатын әдістерінің бәрі бірдей сыныптан тыс жұмыстарда қолданыла бермейді. Сонымен, сыныптан тыс жұмыстардағы математикалық атмосфераны жарнамалар арқылы емес, қайта оқушылардың өздерінің қызғылықты шығармашылық қызметтерінің нәтижесінде қалыптастыру керек.
- Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру оқушыларға терең білім беруде, олардың білім алу процесіндегі жоғары математикалық дайындық жүйесін мәнді функционалдық байланыстар деңгейінде құруда сыныптан тыс жұмыстар аса маңызды міндет атқарып келеді.
Оқушылардың жоғары да сапалы математикалық дайындығының құрылымының бір элементі ретіндегі сыныптан тыс жұмыстарды дамытып, оларды үнемі жетілдіріп отыру керек, олардың кейбіреулерін атап өтейік.
А. Бастауыш сынып оқушыларының үйірме жұмысы
Факультативтік сабақтар 7-сыныптан бастала ма әлде оның өткізілу уақтысы ілгері не барынша кейін жылжи ма деген мәселені қарағанда оқушылардың математика пәніне қызығушылығы қашан пайда болатындығына, математиканы үйренуге деген талпыныс, қажеттілік т. с. с. қашан қалыптасатындығына назар аудару керек.
Сыныптан тыс жұмыстар мен факультативтік сабақтар оқушылардың қызығушылығын дамытып, ынтасын арттыруы керек. 1-4 сынып оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, өткізу әдістері, формасы жеткілікті талданбаған, оны халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарымен жеткілікті түрде байланыстырылмаған.
1-6 сыныптарда тек сан ғана қарастыру бастауыш сынып оқушыларының жалпы математикалық және жалпы білім алудағы мол мүмкіндіктеріне өзінің кедергісін келтіріп отыр. Бұдан кейін жасалатын жаңа оқу бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларының терең білім алудағы мол мүмкіндіктерін ашатындай қызықты сыныптан тыс жұмыстар түрлерін ұйымдастыру қажет. Жоғарыда аталған ерекшеліктердің біразы 4-5 сыныптарда «қиындығы жоғары жаттығуларды таңдап алу сияқты мәселелерге қатысты төменгі сыныптарда ұйымдастырылатын математикалық сыныптан тыс жұмыстарына қатысты.
Сонымен, бастауыш сыныптарда ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың факультативтік сабаққа дейінгі математикаға қызығушылығы мен қалыптасуының, одан соң математика пәнін терең үйренудің негізгі шартына айналады.
Ә. Жоғары сыныптардағы үйірме жұмысы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz