Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның қолданылуы


МАЗМҰНЫ
- Қазақ тілін ақпараттық технологиялық жүйесін оқыту
- Қазақ тілін ақпараттық технологиялық жүйесін оқытудың ерекшеліктері
13
19
Кіріспе
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] .
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 28 қаңтар 2012ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының 7 бағытында «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу [2] .
Мектеп тәжірибесінде жаңаша істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше, жаңаша әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде, мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсынады (Н. И. Лапин) .
Одан кейін, педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік мәселелері Қ. А. Аймағанбетова [4], Өміртаева К. [5], С. Р. Рахметова [6], К. Ж. Сарыбеков [7], Нағымжанова Қ. М. [8], Т. Оспанов [9], Б. А. Тұрғынбаева [10], М. Е. Ералиева [11], Ж. Т. Қайыңбаев [12], Қ. Бұзаубақова [13], Д. Мұхамбетжанова [14], Г. Уәйсова [15] және т. б. ғалымдар еңбектерінен орын алады.
- Қазақ тілін ақпараттық технологиялық жүйесін оқыту
Əр халықтың өзінің ана тілі болады. Сол сияқты қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Кезінде қазақ тілін зерттеген атақты ресейлік шығыстанушы-ғалым В. В. Радлов өзінің жазбаларында қазақ тілімізге мынадай анықтама беріп кеткен екен: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, əрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен, сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дəрежесінде сөйлей біледі».
Уақыт өтіп жатыр, жаңа заман, заманына қарай жастардың да дүниетанымы өзгерген. Соған орай, қазіргі технология заманында жоғары оқу орындарында, мектептерде сабақтарда, оның ішінде қазақ тілін оқытып-үйрету кезінде технологияны көп қолдану керек, бұл қазіргі уақытта көп сұранысқа ие дүние болып тұр. Білім мекемелерінде оқытылатын пəндер арасында қазақ тілі пəнінен алатын орны ерекше. Қазақ тілі өте бай тіл. Дегенмен де, бір жағынан, өте күрделі тіл. Себебі бір сөзінің өзі сан алуан мағынаны білдіруі мүмкін. Өзге ұлт өкілдерін оқыту барысында ұстаздың оқушыларға осыны түсіндіруде көп қиындықтарға тап болатындығы анық. Қазіргі таңда оқу мекемелерінде қазақ тілін оқыту басты мақсаттардың бірі болып отыр. Оқыту əдістерінде əр түрлі жаңа технологиялардың пайдаланылып жатқаны белгілі. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың сөздік қорын байыту, сонымен қатар сауатты жаза білуге баулу болып табылады. Сол себептен барлық ұстаздар білім берудің жаңа тəсілдерін білуге міндетті. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын басты ақпараттық технологиялар интерактивтік тақта, теледидар, электронды оқулықтар болып табылады.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі, сөзсіз, түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нəтижелі пайдалана білу əрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру - міндет.
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Инновациялық процестерді енгізу үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық əлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен [1] .
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да, əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кəсіби бейімделуін қалыптастыру мəселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды.
Əдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үрдісінде оқытудың инновациялық əдіс- тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады;
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
- ақпараттық бағдарламалап оқыту - оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады;
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала - субъект», «бала - объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады.
Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге білуге болады.
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жəне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел.
Радикалдық инновация білімге мемлекеттік стандарттарды енгізумен сипатталады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады [2] .
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым- қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мəселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл- ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі замаңғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Əдетте, инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Р. Масырова, Т. Линчевская «жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді:
«Жаңару - белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».
Қазақстанда ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір білек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жүктемесінде инновацияны, қайта жаңғырту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке- дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [3] .
Инновациялық технологияларға мультимедиалық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia , латын тілінде multum - көп жəне media, medium - жинақ дегенді білдіреді, яғни құрамына бірнеше мəтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді. Мультимедиалық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық əрекетін жүзеге асыру жəне өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек:
- студенттің жеке тұлғасын дайындау;
- ойлау қабілетін жетілдіру;
- эстетикалық тəрбие;
- нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;
- пəнаралық байланыстарды тереңдету.
Мультимедиалық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу əрекеттерін орындайды. Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пəнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды жəне проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу мəдениетін, ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарастың жəне ой- пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады жəне олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиалық жобаны көру студенттерге қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді əдіс болып табылады.
Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде электрондық оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы болып табылады.
Электрондық оқулықтар - ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар - оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық түрдегі əдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-əдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді.
Студенттердің тілін дамыта оқытудың нəтижесінде студент қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық жəне сөзжасам жүйесін жақсы меңгеру, морфологиялық, синтаксистік тəсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана білуі тиіс. Сонда ғана студент тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар, тілдің қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтеріне де түсініп қолдана алады. Сондықтан, студенттердің тілін дамыту үшін, ең алдымен, олардың сөздік қорын байыту; əдеби тілдің нормасында сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету; ойларын жүйелі ауызша, жазбаша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруы қажет.
Қалыптасқан білім беру жүйесін жетілдіру ісінде қазіргі заманғы ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мəселе соңғы екі онжылдық бойына өзекті болып отыр. Əрбір педагогтың, мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орнының оқытушысы болсын, басты мақсаты - білім беру сапасын қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дəрежеде септігін тигізетіні сөзсіз.
Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше, оқу пəндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан əдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Технология» термині сол тəсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Бірінші кезеңде білімді көмекші құралсыз берген; екінші кезеңде оқулық арқылы; ал бүгінгі заманда оқыту технологиясы үлкен өзгеріске түсті. Бүгін біз сабақ барысында тірек сызбалардан қалып, ақпараттық технологиялар арқылы (компьютер, электрондық оқулық, Интернет) оқытамыз.
Ақпараттық технологияны қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданудың тиімділігіМемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің санасында түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа мүше етумен қатар, еліміздің ішкі нарығын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу- қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Заманауи технологияларға негізделген білім берудің жаңа әдіс- тәсілдерін казақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану оқушылардың әлемдік бәсекеге қабілетті маман, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді бойына жинаған өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптастыруда мәні зор. Бұл технология өскелең ұрпақты оқыту мен дамыту сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік беріп қана қоймай, адамгершілігі мол, рухани жан дүниесі таза, имандылығы жоғары, ізгілікке жаны құштар кемел азамат етіп тәрбиелеуде де үлкен рөл атқарады. [1. б. 75]
Ақпараттық-қатынастық технологиялар кең қолданыс тапқан қазіргі кезеңде оқыту үдерісіне осы технологияларды белсенді енгізу - заман қажеттілігінен туындап отырған заңды талаптардың біріне айналды. Айталық, ғаламтор қорлары мұғалім-оқытушыға ғана емес оқушыларға да мол мүмкіндік береді.
Сабақ барысында интерактивті тақта барлық буындар үшін өте қолайлы. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыруда, дидактикалық материал түрінде қолдануға, жаңа тақырыптарды меңгертуде көмекші ретінде қолдану тиімділігі аса жоғары. Әр тұлғаның қайталанбас мүмкіндігін есепке ала отырып, әр оқушының өзіндік дамуына, өзіндік ізденуіне ықпал ету арқылы оның ой-өрісін кеңейтіп, біліктілігін арттырудың тетігі саналады. Бұл оқыту әдісінің тиімділігі, баланың жеке тұлға ретінде ашылуы, оның жан-жақты дамуына табиғи әсер етеді. [2. б. 6]
Қазақ тілі сабағында ақпараттық құралдарды тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл үрдісті біз қалай қолдануымыз керек?
Мұғалім бұрынғыдай дайын білім бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана береді.
Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып, оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.
Дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті-оқушының ынта-ықыласына жағдай туғызу. Мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының дұрыс бағыт алуына, белгілі мақсатпен жұмыс жасауына жол нұсқаушысы болады. Интерактивті оқыту әдісін соңғы кездері қарқынды оқыту технологиясында кеңінен қолдануда.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы озық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануда интерактивті тақтаның педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде.
Шынында да, интерактивті тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни оқытудың барлық кезеңінде, оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде оқыту әдісінің өнімді бір түрі болып саналады. [3. б. 20]
Мәтінді көре отыра тыңдауды қалыптастыру мәдениетін сөз етсек, ең алдымен, жаңа техникалық құрал-жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу әдісі алға тартылады.
Интернет, мультимедиялар, электронды сөздіктер, электрондық оқулықтарды интерактивті тақта арқылы көрсетудің тиімділігі өте жоғары.
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі - жаңа тарихи -әлеуметтік жағдайдың талабы.
Интерактивті тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушыларға естіртуге болады. Мысалы: құстардың үнін, судың сылдырын т. б. Сонымен қатар мұғалім ғана емес, оқушы да тақтаны қолдана алады, мысалы айтқанда заттарды үлкейту немесе керісінше кішірейту, бір заттың биік немесе аласа түрін көрсету, тақтада мұғалімнің жетекшілігімен дайындалған тапсырмаларды орындау. Мен 10 сыныптың «Өнер» сабағында тірек сызбаларды қолданамын.
Сабақта интерактивті тақтаны тиімді қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізіп қана қоймай, қазақ тілін оқытуда, оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі-интерактивті әдістер. Мұндай сабақты ұйымдастыру - мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті талап етеді, сондықтан бұл барыста оқушы мен мұғалімнің бірлікте жүйелі жұмыс жасауына кең жол ашылады.
Өз сабағымда аудиороликті мұқият тындатып, алдарындағы суретке қарап, естілген дыбыс не екенін анықтайды, яғни көлік түрлерін дыбыс арқылы ажыратады. Мысалы:
Қазіргі кезде көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алып келеді. Қазақ тілі пәнін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан оқушылардың мектепте алатын білім мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ. Олар сабақтан тыс уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz