Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Ерекше талап қоюмен іс жүргізу түсінігі, мәні, ерекшеліктеріЕрекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі, мәні . . . 5Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері . . . 8
2 Ерекше талап қоюмен қаралатын істердің түрлері
2. 1 Сайлауға референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық
бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары
бойынша iс жүргiзу . . . 11
2. 2 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкiлеттi
органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы
істер бойынша іс жүргізу . . . 14
2. 3 Жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде
қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын
шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айту жөнiндегi
арыздар бойынша iс жүргiзу . . . 17
2. 4 Мемлекеттік өкiмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,
қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және
мемлекет қызметшiлердiң шешімдері мен әрекеттерiне (немесе әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iс бойынша iс жүргiзу . . . 20
2. 5 Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулар туралы
iс бойынша iс жүргiзу . . . 25
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 13-бабында әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот жүзінде қорғау карастырылған және нормативті құқықтық актілерді, шешімдерді қабылдау кездерінде азаматтардың құқықтарын бұзған мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдарының әрекеттерінен, лауазымды тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері немесе әрекетсіздіктерінен азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Азаматтардың өкіметпен келіспеушілігі бұқаралық қарым-қатынастары туындайтын сот ісіне тән белгі болып табылады. Қорғау туралы сотқа жүгінген тұлғалар мемлекеттік органдар олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзды не болмаса сол құқықтарын жүзеге асыруға кедергі болды деп есептейді. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары ретінде осы субъектілердің Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтары түсініледі. Кейде бұл құқықтарды тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары деп атайды.
Әдебиетте "қазіргі кезде адамның негізгі құқықтары ретінде . . . мемлекеттің конституциясы мен адам құқықтары жөнінде халықаралық құқықтық құжаттарда белгіленген құқықтарды түсіну керек . . . " делінген ой бар . Сонымен қатар "адамның кез келген негізгі құқығы конституциялық бекітілуіне қарамастан әрбір қатысушы мемлекет тарапынан танылуы қажет", - деген пікірді де айтып кетуіміз керек[1] .
Әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындаған азаматтық істердің заңмен бекітілген түрлердің бірінші сот инстанциясында қарап шешілу тәртібі ерекше талаптың өндіріс деп аталады. Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің сатылары, дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды қараусыз қалдыру негіздері т. б. ережелер кіреді.
Ғылыми жаңалық және ғылыми жаңалықтар жағдайы. Зерттеу барысында теориялық ережелер жүйесі негізінде ерекше талап қоюмен іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуы сұрақтарына байланысты көзқарастар анықталады. Сонымен қатар, ерекше талап қоюмен қаралатын істердің түрлері жеке - жеке тоқталып, олардың құқықтық табиғаты және ерекшеліктері айқындалады және жетілдіру жолдары қарастырылады.
Практикалық қажеттілігі. Зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерін орындауды құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді, кешенді зерттеуге тырысумен сипатталады және Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарын жетілдіру мәселелеріне байланысты қолданылуы мүмкін.
Ғылыми мәселелерді қазіргі жағдайда шешуі. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу - бірінші сатыда сотта іс жүргізудің бірі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу теориясы мен тәжірибесінде бұл сұраққа көптеген авторлар көңіл бөлген болатын және оған байланысты көптеген зерттеулер жүргізілген. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктерін зерттеу өзінің өзектілігін жоғалпайды, себебі олар күнделікті өмірмен және қоғамды қорғауға бағыттал-ған тәжірибелік қызметпен тығыз байланыста. Ғалымдар ерекше талап қоюмен іс жүргізудің кең, ауқымды түсіндірмесін беріп, оның негізгі компоненттерінің құрамын толық, жан-жақты талдауына және ашып беруге тырысады.
Болашақ заңгер үшін осы жоғарыда аталған институтты айқындап, олардың түрлерін, өзіндік ерекшеліктерін, қазіргі қоғамда кездесіп отырған олардың теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттей білу маңызды деп ойлаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты - біріншіден, ерекше талап қою мен іс жүргізудің түсінігі, мәнін, ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшелік-терін айқындау, оларды жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, екінші жағынан, олардың құқықтық қатынастарда алатын орнын белгілеп беру мақсатын, сондай-ақ ерекше талап қоюмен қаралатын істердің әрқайсысының өзіндік ерекшелектерін, олардың құқықтық табиғатына жаңа заңдар негізінде талдау жасап, қорытындылар жасауды көздейді. Қаралып отырған мәселелердің күрделілігі оның құқықтық негіздеріне де байланысты.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
- қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етуде ерекше талап қоюмен қаралатын істерді қараудың алатын орны мен маңыздылығы;
- ерекше талап қою мен іс жүргізудің анықтау;
- олардың құқықтық табиғатына жаңа заңдар негізінде талдау жасау.
Зерттеудің обьектісі - ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
Зерттеудің әдістемелері мен теориялық негіздері. Осы жұмыста ғылыми танымның талдау, синтез, индукция және дедукция сияқты әдістер қолданылған. Сонымен қатар тарихи, нақтылық және т. б. теориялық қағидалар басшылыққа алынған.
Практикалық базасы - Қазақстан Республикасының соттары.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысында ТМД елдері мен Қазақстанның белгілі ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Олардың қатарында Баймолдина З. Х., Васильева Г. Д., Громшина Н. А., Орлова Н. И., Абдуллина З. К., Ударцев С. Ф., Щеглов В. Н., Чечот Д. М., Шайкенова С., Қ. Мами және т. б. белгілі ғалымдардың еңбектері бар. Жоғары аталған бұл авторлардың бір қатарының еңбектерінде келтірілген тұжырымдар мен ережелер осы жұмыста пайдаланылып, өзінің лайықты орнын таба білді.
1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізу түсінігі, мәні, ерекшеліктері
1. 1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі, мәні
1999 жылы 13 шілдеде қабылданған Азаматтық іс жүргізу кодексі азаматтық сот ісін жүргізуде түбегейлі өзгерістерді белгіледі. Талаптардың бәсекелестігін күшейту жағына айқын бұрылыс межеленді, дәлелдемелерді жинау процесінде соттың белсенділігінен бас тартылды. Іске қатысатын талаптардың және басқа тұлғалардың бастамалығы мен белсенділігіне басым мән беріледі.
Бірақ, жариялы-құқықтық сипаттағы дауларды шешу тәртібі осы күнге дейін Азаматтық іс жүргізу кодекспен реттеледі. Қазіргі уақытта осындай даулар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-29 тарауларда көзделген, ерекше талап қою іс жүргізу аясында қаралады және шешіледі.
Осыған орай, сотпен қаралатын ерекше талап қою іс жүргізу сотпен қаралатын істердің саны бойынша ресми статистикалық деректерді келеді.
2010 жылы соттармен 7 жуық азаматтық іс қаралды. Қаралған азаматтық істердің жалпы санынан 5% немесе 35000 ерекше талап қою іс жүргізу істері құрайды, 2011 жылы соттармен 5 жуық азаматтық іс қаралды. Қаралған азаматтық істердің жалпы санынан 4% немесе 2 ерекше талап қою іс жүргізу істері құрайды.
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында соттармен 2 астам азаматтық іс қаралды. Азаматтық істердің жалпы санынан 7% немесе 13960 ерекше талап қою іс жүргізу істері құрайды.
Осы деректерге сәйкес арнайы талаптық іс жүргізу істері аз пайызын құрайды, аз пайыз туралы ойландыратын жүктеме әкімшілік соттардың құзіретіне тек жариялы-құқықтық сипатындағы істер жатады.
Бұдан басқа, жаңа кезеңге өту үшін барлық құқықтық институттар мен реалиялар өзара байланыс аспектінде қолданыстағы заңнаманы кешенді талдауын қамтитын тиісті ұстанымсыз «сындыру» қауіптілігі бар, тарихи қалыптасқан модельді ескеру қажет.
Қолданыстағы құқықтық жүйеге үйлесімді кіретін және құқық қолдану субъектілерімен ауыртпалықсыз қабылданатын әкімшілік әділет моделін жасау қажет.
Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот жүзінде қорғау карастырылған және нормативті құқықтық актілерді, шешімдерді қабылдау кездерінде азаматтардың құқықтарын бұзған мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдарының әрекеттерінен, лауазымды тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері немесе әрекетсіздіктерінен азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Азаматтардың өкіметпен келіспеушілігі бұқаралык қарым-қатынастары туындайтын сот ісіне тән белгі болып табылады. Қорғау туралы сотқа жүгінген тұлғалар мемлекеттік органдар олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзды не болмаса сол құқықтарын жүзеге асыруға кедергі болды деп есептейді. Бір жағынан мемлекеттік органдар әдетте қарсылықтарын білдіреді, мұндай жағдайларда өздерінің қабылдаған шешімде-рінің дұрыстығын, өз әрекеттерінін немесе әрекетсіздіктерінін заңдылығын дәлелдеуге міндетті[2] .
Өкімет салаларын бөлу принципі мемлекеттік өкіметті жүзеге асырудың негізі ретінде тұтастай алғанда органдар мен атқару және заңдылық өкіметтердін. лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне соттың бақылауын қажет етеді. Жекелеген жағдайларда сот бақылауы бұқаралық-құқықтық қарым-қатынастардан (өкімет пен азаматтардың қарым-қатынастарынан) туындайтын істерді қарау кезінде азаматтық сот ісі аясында жүргізіледі.
Бұқаралық-құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын істерді қарау мен шешу тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексінін 25, 26, 27, 28 және 29-тарауларында бекітілген. Оларды қараудың негізіне жатады:
- Сайлауға референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестік-тердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша iс жүргiзу;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу;
- Жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айту жөнiндегi арыздар бойынша iс жүргiзу;
- Мемлекеттік өкiмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғам-дық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекет қызметшiлердiң шешімдері мен әрекеттерiне (немесе әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iс бойынша iс жүргiзу;
- Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулар туралы iс бойынша iс жүргiзу;
- Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актiлерi мен iс-әрекеттерiн заңсыз деп тану туралы жүгiнуi[3] .
Соттың жүргізуі занда карастырылған бұқаралық қарым-қатынастары туындаған өзге де істер қаралуы мүмкін.
Мемлекеттік органның, жергілікті басқару органының қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды тұлғанын, мемлекеттік қызметкердің шешімдерін, әрекеттерін (немесе әрекетсіздіктерін) жоққа шығару туралы істерді азаматтың не болмаса мемлекеттік органнын тұратын жері бойынша аудандық соттар қарайды.
Соттардың мемлекеттік органның, жергілікті басқару органының, қоғамдык бірлестіктің, ұйымның, лауазымды тұлғаның, мемлекеттік қызметкердің шешімдерін, әрекеттерін (немесе әрекетсіздіктерін) жоққа шығару туралы заңдылыктарын қолдануы туралы нормативтік қаулыда мына даулардың ерекше талап қою ісі тәртібімен емес, талап қою ісінің ережелері бойынша қаралатыны көрсетілген:
- соттың, сот төрешілерінің, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу заңдылықта-рына қатысты шешімдерін, әрекеттерін жоққа шығару туралы арыздарды қараудың өзге сот тәртібі бекітілген;
- азаматтық-құқықтык, еңбек, тұрғын үй, отбасылық жер және өзге де жеке-құқықтық қарым-қатынастардын субъектілері арасындағы даулар;
- ішкі істер органдары, салык және кеден органдары жұмысшыларының осы органдардың басшыларынын катаң айыппұл салу мен кызметтен босату туралы бұйрықтарын заңсыз деп тану туралы арыздары;
- акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктердің, тендерлік комиссияның қабылдаған осы мекемелердің қатысушыларының және т. б. мүдделеріне нұқсан келтіретін шешімдерін жоққа шығару туралы арыздары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінін, министрліктердің және өзге де республикалық атқару органдарының және Қазақстан Республикасы Президентіне бағынышты, есеп беретін органдардың азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты жеке актілерін жоққа шығару туралы істерін облыстық және оған тең соттар ҚР АІЖК 28-бабына сәйкес қарайды.
Аталған ережелер республикалық атқару органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, есеп беретін органдардың аумақтык құрылымдык бөлімшелеріне катысты емес екенін ескерген жөн.
Заңды тұлғанын және заңды тұлғалардың білімінсіз кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырушы азаматтардың мемлекеттік органның, жергілікті басқару органынын шешімдері мен әрекеттерін жоққа шығару туралы істері арнайы экономикалық соттарға сотты. Ерекше талап кою істері бойынша азаматтар өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа арыздануға құқылы.
Ерекше талап кою тәртібімен мемлекеттік органдардын қолдануда жеке, бір реттік сипатқа ие актілері (бұйрықтар, жарлықтар, қаулылар) бойынша даулар қаралатынын есте ұстаған дұрыс. Бұл актілер онын құқықтары мен міндеттерін анықтау, өзгерту, тоқтату немесе тоқтата тұруды мақсат еткен белгілі бір тұлғаға қолданылады.
Қызылорда қалалық сотымен іс жүргізу нормалары бұзылып, ерекше талап қоюмен іс жүргізу бойынша 2, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 1 сырттай шешім қабылданғаны анықталды.
Талапкер А. Ахметовтың жауапкерлер Қызылорда қаласының әкімдігі және шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрғын үйді бөлу, есепке алу және жекешелендіру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қойған Қызылода қаласы әкімдігінің 01. 08. 2007 жылғы №648 «Азаматтарды тұрғын үй алу кезегінен шығару туралы» қаулысын заңсыз деп танып, бұзуды, өзін мемлекеттік қызметкер ретінде 13. 01. 2004 жылы Қызылорда қаласы әкімінің атына өтініш берген күнімен кезектегі тізімін қайта қалпына келтіру туралы азаматтық ісі бойынша 27 ақпан 2012 жылы талапты қанағаттандырған сырттай шешім қабылданған.
Статистикалық есепте іс лауазымды адамның әрекетіне дау айту санатына, яғни ерекше талап қоюмен іс жүргізу тарауына қойылған.
«Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 24 желтоқсан 2010 жылғы №20 нормативтік қаулысының 9-тармағына сай, ерекше талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға болмайды[4] .
1. 2 Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Ерекше талаптың сот өндірісінің өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Ерекше талаптың өндірісте істі қозғаудың құралы ретінде талп арыз емес арыз беріледі.
2. Арыз берудің мерзімі әрбір іс үшін заңда белгіленген, және істі қарау мерзімі біршама істер үшін қысқартылған.
3. Іс бойынша 1 тарап азамат немесе қоғамдық бірлестік ал, 2-ші тарап мемлекеттік орган немесе ұйғарымның лауазымды адам болып табылады.
4. Ерекше талаптың өндірісте талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісіміне келу мүмкіндігі болмайды.
5. Сотқа арыз беруге арналған мерзімдер әрбір іс бойынша жеке көрсетілген.
6. Аумақтық соттылық ережелерінде ерекшеліктер қарастырылған.
Істерді сот отырысында қарау үшін мемлекеттік органның қоғамдык бірлестіктін басшысы, лауазымды тұлға немесе мемлекет қызметкері шақыры-лады, сот олардың келу міндетті деп есептейтін ұйғарым шығарады. Аталған органдардың басшылары мен лауазымды тұлғалар сот отырысына келуден жалтарған жағдайда ҚР АІЖК 120-бабына сәйкес оларды еріксіз келтіру туралы ұйғарым шығарылуы мүмкін.
Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған істерді талқылаудың мынадай ерекшеліктері бар:
а) сот кызметінің такырыбына жеке құкықтық қарым-қатынастарға қарағанда императивтік және өкімдік сипатқа ие бұқаралық-құқықтық қарым-катынастар, оның түрлі атқару органдары және лауазымды тұлғалар бастаған мемлекеттік органдардың міндетті түрде қатысуы жатады. Сот азаматтық емес, әкімшілік, сайлау, салық не болмаса өзге құқық туралы дауларды шешеді;
б) азаматтық сот ісінде қатысушылардың бірі ретінде атқару өкіметінің тиісті органы не болмаса жергілікті басқару органы, лауазымды тұлға сөйлейді. Бұл сот ісінде арызданушылар азамат, ұйым, атқару өкіметінің органдары не болмаса жергілікті басқару органы, лауазымды тұлға, өз кұзыретінін шегінде прокурор болып табылады;
в) бұқаралық құкықтык қарым-қатынастары туындаған істер бойынша талап кою ісінде колданылатын бейбіт келісімді жасауға, істі аралык сотгардың шешуіне беруге, талап кою бол майтындыктан карама-қарсы талап қоюға, сондай-ақ талапты мойындау, талаптан бас тарту сиякты іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге болмайды;
г) бұқаралық құқықтық қарым-қатынастары туындаған істер бойынша сырттай сот ісі қолданылмайды[8] .
Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған істерді әдетте соттар жеке қарайды, ал сайлау комиссиясын, рерферендум комиссиясын қайта құру туралы істерді үш сот төрешісі алқалы түрде қарауы мүмкін.
ҚР АІЖК 273, 281, 284-баптарына сәйкес бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған істерді сот азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары бойынша қарайды. Арызда, шағымда қандай шешімдердін, әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңсыз деп тану керектігі, осы шешімдермен, әрекеттермен (әрекетсіздіктермен) кандай құқықтар мен бостандықтардың бұзылғаны көрсетілуі тиіс. Азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жоғарғы органға арыз беруі арызды сот ісіне қабылдаудан бас тартуға негіз бола алмайды.
Осы санаттағы істер бойынша прокурор азаматтардың немесе ұйымдардың өтініштері бойынша сотқа олардың құкықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін арыз беруге құқылы. Мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның құқықтық актісін және әрекетін заңсыз деп таныған жағдайда, наразылыкты тиісті мемлекеттік орган немесе лауазым-ды тұлға кабылдамағанына байланысты прокурордын сотқа берген арызы ҚР АІЖК 29-бабының ережелері бойынша қаралуы тиіс.
Егер де сотқа арыз беру кезінде сот ведомстволык бағынышты сотта құқық туралы даудың барын анықтаса, сот төрешісі арызды қозғаусыз қалдырады және арыз берушіге талап қою арызын ҚР АІЖК 150 және 151-баптарына сәйкес қайта рәсімдеу қажеттігін түсіндіреді. Бұл ретте істің соттылық ережесі бұзылатын болса, сот төрешісі арызды қабылдаудан бас тартады.
Нормативтік құқықтық актіні заңға қайшы келген деп тану туралы арызды қараған кезде аталған актіні қабылдауға негіз болған мән-жайларды дәлелдеу міндеті актіні қабылдаған мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жүктеледі. Сот, құқықтық қарым-қатынастардан туындаған істерді қарап шешім шығарарда дәлелдемелерді осы бастамасы мен істі дұрыс шешу үшін оны алдыруға (талап-тануға) құқылы[9] .
Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған істерді қарап, шешу барысында сот жоққа шығарудың тақырыбына - мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның шешімі немесе әрекеті (әрекетсіздігі) екендігін анықтауы тиіс. Егер де мемлекеттік органның, жергілікті басқару органынын, коғамдык ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметкердің шешімі жоққа шығарылатын болса, бұл шешімді кімнің шығарғанын және кандай құкықтың (азаматтық әкімшілік, зейнеткерлік және т. б. ) бұзылғанын анықтау қажет. Істін, барлық мән-жайлары мен азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары негізді екендігін анықталғаннан кейін сот шешім шығарып, онда мыналарды көрсетіп, тануы тиіс:
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзған мемлекеттік органның, жергілікті баскару органының, қоғамдык бірлестіктің, ұйымның, лауазымды тұлғаның, мемлекеттік қызметкердің заңсыз құқықтық актісін жоқка шығару туралы;
- егер де тәртіп бұзушылық анықталмаса, осы тұлғалар мен органдардың арыздарын қанағаттандырудан бас тарту туралы;
- меншік иесінің немесе өздеріне тиеселі мүлікке иелік ету, пайдалану, жарлық ету құқығы бұзылған жағдайда мемлекеттік басқару органының не болмаса лауазымды тұлғанын заңға сәйкес келмейтін жеке актісін жарамсыз деп тану.
Мемлекеттік органның және өзге органның қабылдаған нормативті-құқықтық актісін заңсыз немесе занға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда сот тиісті мемлекеттік органға, жергілікті басқару органына, қоғамдық бірлестікке, ұйымға, лауазымды тұлғаға немесе мемлекет кызметкеріне азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін толықтай қалпына келтіру міндетін жүктейді. Арызды канағаттандыру туралы сот шешімінде жоққа шоғарылған шешіммен, әрекетпен (әрекетсіздікпен) жоққа шығарыл-ған құқықтык акті мен жіберілген күкык бүзушылыктарды кал-пына келтіру үшін жасалынатын іс-өрекеттер керсетілуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz