Қасқыр бейнесінің поэтикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

(Оқу орнының толық атауы)

«ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ «БӨРІ» ҰҒЫМЫНЫҢ СИМВОЛДЫҚ СИПАТЫ.

тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

(Оқу орнының шифры-Мамандық атауы)

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

(Қаланың атауы, 2020-2021 оқу жылы)

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

I Тарау. Қазақ әдебиетінде «бөрі» ұғымының пайда болуы.

1. 1 Ежелгі дәуір әдебиетіндегі «бөрі» бейнесі . . .

1. 2. Жыраулар поэзиясындағы «бөрі» бейнесі . . .

1. 3 Жаңа заман әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармаларындағы «бөрі» ұғымы.

II Тарау. Қазақ әңгімелеріндегі «бөрі» ұғымының символдық сипаты.

2. 1 Түркі тілдес халықтарының «бөрі» ұғымының символдық тарихы . . .

2. 2. Қазақ ертегілеріндегі «қасқыр» бейнесі

2. 3. «Қасқыр» бейнесінің поэтикасы . . .

III Тарау. «Бөрі» бейнесі -мәңгілік тарихымызда»

3. 1 Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» повесінің сипаты.

3. 2 Мұхтар Мағауиннің «Қасқыр-бөрі» әңгімесіндегі ұлттық рух.

3. 3 XX-ғасырда дүниеге келген «Көксерек» повесін қазіргі XXI-ғасырдағы қазақ прозасындағы «қасқыр-бөрі» әңгімесімен салыстыру.

Қорытынды . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша

КІРІСПЕ

Бөрілі байрақты көтеріп, Көк тәңірге табынған көк түріктің ұрпақтары бүгінгі таңда да өздерінің рухани өмірдегі жеңістері-мен әлемді сүйсіндіріп, жасампаз рухтың өлмегендігін паш етуде. Кең даланы ат тұяғымен дүбірхлеткен түркілердің көкірек сарайы тек ерлік пен қайсарлыққа ғана емес, ғылым-білімге де толы екендігін шежіре-жылнамалардан, ел қазынасы - фольклорлық мұрағаттарымыздан да көреміз.

Жануарлар эпосының ішінде ең көп таралған, кез-келген елдің фольклорлық туындыларында мол ұшырысатын бейне - қасқыр болып табылуы тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол қоғам өмірінің сан қырлы аспектілерін ашатын, халықтың дүниетанымын өрнектейтін символ түрінде беріледі. Мәселен, түркі халықтарының нанымында қасқыр - рудың тотемі немесе нагуал, қасқыр - тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы күш немесе шаманның ие-ықыласы, қасқыр - адам не сиқыршы ретінде сомдалады. Қазақ ертегілер мен мақал-мәтелдерінде, аңыз-әңгімелерінде, қасқырдың тағылық сипаты, табиғи күші асқан біліктілікпен суреттеледі. Алайда, оның табиғаттағы қайсарлығы мен сақтығына қарамастан бірде ашкөздіктің, бірде ақымақтықтың, бірде қорқаулықтың символы ретінде өріліп, тыңдаушысының танымында жағымсыз ұғым тудыратын тұстары да аз емес. Осы жайттар қасқыр символикасының құрылымын аса күрделендіре түседі.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі:

Қазақ әңгімелерінде ерте заманынан бері келе жатқан «бөрі »бейнесін символдық сипатын қарастыру. Бөрі сөзіне тілдік тұрғыда жан-жақты талдау жасау, әдеби шығармаларда әр сипатта суреттелген бұл ұғымды жан-жақты қарастырып салыстыру.

Бірінішіден, таңдалған тақырыптың өзі өте қызықты. Бөрі -түркі тілдес халықтарының тарихи жадындағы киелі

ұғым, қасқырдың жағымды атауы. Қасқырлар-жұмбақ мифологиялық жануарлар, түннің қатыгез жындары, құдайлар мен рухтар әлеміне қатысты табиғаттан тыс тіршілік иелері болып табылады. Бөрінің шығу тегін қандай? Символдық (тотемдік ) сипаты не? Бұл сұрақтар адамзат баласын толғандырып келеді.

Екіншіден, көптеген ақын-жазушылар, жыраулардың әдебиеттанушылардың, философ-жазушылардың осы тақырыпқа арналған бірқатар қызықты, құнды жұмыстары, еңбектері бұл тақырыптың өзектілігін растайды.

Үшіншіден, басты кейіпкерлердің бірі қасқыр (бөрі) болып табылатын халық шығармашылығына деген қызығушылық ешқашан жоғалмайды, өйткені қасқыр (бөрі) жақсылық пен жамандықты қатар тасымалдаушысы,

адамның ішкі әлемі мен жалпы өмірінің көрінісі.

Зерттеу мақсаты:

  • Қазақ әдебиетіндегі бөрі бейнесінің пайда болуын, функционалдық қызметі мен даму эволюциясын тарихи деректерге сүйене отырып анықтау .
  • XX ғасыр мен XXI ғасырдағы қазақ әңгімелеріндегі «бөрі» ұғымының символдық сипатын салыстыру.

Міндеттері:

  • « Бөрі» ұғымының түсінігін ашып, тарихи кезеңдермен байланыстыру;
  • Халықтың рухани мәдинетіндегі бөрінің символдық сипатын анықтау;
  • Бөрінің көркем бейне ретінде қалыптасу жолдарын көрсету;
  • Кейінгі және қазіргі халық ауыз әдебиетінің шығармаларын зерттеу және салыстыру;
  • Алынған деректерді талдау және қорытындылау.

Зерттеу обьектісі:

Бөрі (қасқыр) бейнесі бар халық ауыз әдебиетінің шығармалары.

Зерттеу мәселесі:

Бөрі (қасқыр) бейнесі және оның символдық сипаты.

Зерттеу гипотезасы:

  • Халық шығармашылығындағы «бөрі»(қасқыр) ұғымы ежелгі адамдардың наным-сенімімен, өмір салтымен байланысты.
  • Қасқыр бейнесі - қазақ халқының діни наным-сенімін, дүниетанымын, рухани деңгейін аңғартатын танымдық тұлға екенін көрсету.
  • Ол - ерлік пен қайсарлықтың, күштілік пен еркіндіктің символы екенін көрсету;

Зерттеу әдістері:

  • «Бөрі бейнесін» (қасқыр ) басқа шығармалармен салыстыру ;
  • талдап-сипаттау әдісі;
  • жүйелеу әдісі;
  • Әдеби талдау және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Қазақ әңгімелеріндегі «бөрі» қасқыр ұғымын зерттеу барысында, қазақтың әдеби мұраларын тарихи-ғылыми тұрғыдан байыптап, өзіне тән философиялық ой-тұжырымдарды салыстырып, дәуір тынысы бүгінгі күн тұрғысынан зерделенді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Зерттеу нәтижелері мен материалдары мұғалімдер мен мектеп оқушыларына халық ауыз әдебиетінің шығармашылығын зерттеуде оқу іс-әрекеті және оқу іс-әрекетінен тыс іс-шаралар процесінде қолдана алады.

Диплом жұмысының құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау. Қазақ әдебиетінде «бөрі» ұғымының пайда болуы.

  1. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі «бөрі» бейнесі.

« Бөрі » бейнесі - қазақ халқының діни наным-сенімін, дүниетанымын, рухани деңгейін аңғартатын танымдық тұлға. «Бөрі» қасқыр бейнесі көптеген халықтар арасындағы ең маңызды символдардың бірі болып табылады.

Түркі халқы өздерінің ата-тегін қасқыр деп санаған. Осы қайратты да ерікті, айлакер де, ақылды түз тағысы жаулардың шабуылынан қырғынға ұшыраған тайпаның ең соңғы ұрпағы, кішкентай сәбиді желеп-жебеуші, асыраушы, құтқарушы ретінде танылған.

Көк бөрі - түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі. Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған деректерде былай суреттеледі;

Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ - қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады.

Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналыпты - мыс. Он ұлының ең күштісінің Ашшина есімі олардың жалпы атына айналыпты, кейін халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашшинаның ұрпағы Асянь - Шад деген елбасы халықты үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен.

Бұл аңыздың бір нұсқасы сонымен қатар «Ежелгі дәуір әдебиеті» кітабында мынандай деректер бар. [1, 682]

Б. з. V ғасырының бес жүз үйлі бөрі тайпасы Сарыжазық дейтін өз мекенінен көшіп, Алтайдың оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың 439 жылы болатын. Елді бастап барған бектің аты - Түркіт екен. «Түркіт» - «дулыға» деген сөз - күшті, ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол заманда - ақ темір қорыта білген. Темірден қару - жарақ, қажетті бұйымдар жасаған. «Көк бөрі» аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болуы мүмкін. Түрік тайпалары ежелден өз туына бөрінің бейнесін тоқып салатын, соғысқа шыққанда атының басына бөрінің бас терісін қаптап салатын болған.

Қасқырдың төтемдік рөлінің түркі халықтарының танымындағы орны ерекше. Сонау 535 жылы Ергене Күнде көтерілген Алтын бөрі бас ту мен Бөрі (Көк бөрі) деп шақырған ұран олардың ұрпақтарымен тарих көші соқпағында кешегі ХlХ ғасырға дейін тозбай, өшпей бірге келді.

«Бөрі басы» - ұраным,

Бөрілі менің байрағым!

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып жүргенде

Бөлініп қалған жан емен, - деп келетін Сүйінбай ақын жыры осының куәсі. [2, 304 ] Бұл жыр жалғыз Сүйінбай ақынның сөзі емес, тарихтың сөзі. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін ержүрек, батыл жігіттерді «Көк бөріге» теңеп көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді

Осы аңыз негізінде әдебиетте қасқыр тотемі пайда болып, қасқыр туралы әңгімелер ежелгі халықтардың көне мифтерінде сақталып, батырлық символ ретінде көрініс тауып жатады. Осы көне аңызға байланысты тәңірлік әдебиетте «Көк бөрі» дастаны пайда болған. «Көк бөрі» дастаны ұлы Түрік қағанаты құрған көк түріктердің ежелгі ата-

тегінің шығу тарихын, олардың халық ретінде қалыптасқанын түрлі аңыздар негізінде жыр еткен эпос». Табиғатпен біте қайнасып бірге өскен түркілер дүниетанымының қайнар көзі табиғат болғандығы белгілі. Бұл табиғатта болып жатқан құбылыстарды жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екендігін білдіреді.

Қасиетті де қадірлі « бөрі» бейнесі - барлық түркі халықтарының ежелгі дәуір әдебиетінде, фольклорында есте жоқ ескі заманнан келе жатқан образ. Оны көне түркі жазба ескерткіштерінен де кездестіре аламыз. Соның бірі - ХІІІ-ХV ғасырларда жазылған, түркі халықтарына ортақ көне мұрағат «Оғыз-наме» дастаны. Дастандағы «Ұранымыз Көк бөрі болсын» деген тіркестің үлкен мәні бар. Мұндағы ұран дәрежесіне дейін көтерілген Көк бөрі түркі тілді халықтардың аса қадір тұтып, табынатын киелі де қасиетті аты. Көк бөрі бейнесі Әлем әдебиетінің інжу-маржаны «Қорқыт ата кітабында» да ұшырасады. [3, 3б]

1237-1238 жылы Алтын Орда әскербасыларының бірі болған Бөрінің, 1664 жылы дүниеге келіп, көрсеткен ерліктерінің арқасында Матай елінің ұранына айналған Бөрібай Жаубөрі ұлының, алашты аузына қаратқан Бөлтірік шешендердің есімдері, қайсар болсын деген ұғымнан туындаған. Ал, олардың атына заты сай болып өсуі сөздің магиялық күшіне иланып, «баланың болашақ тағдырына азан шақырып қойған есімі тікелей ықпал етеді» деген сенімінің растығын дәлелдегендей еді.

«Бөрі» бейнесі ежелгі дәуір ауыз әдебиетінде хандар мен батырлардың ұлылығын, ерлігін суреттеуде бірден-бір теңестіріле көрсететін образы.

«Бөрі» ұғымына негізгі мағыналық анықтамалар:

  • «Бөрі»-Түркі халықтарының тарихи жадындағы киелі ұғым, қасқырдың жағымды атауы. Аңыз бойынша «бөрілер»түркілердің ұрпағын құтқарып қалған.
  • «Бөрі» -(ауыспалы мағынада) Қаныпезер, қанышер адам.
  • «Бөрі» -(астрологиялық тұрғыдан лат. Iupus) Аспанның оңтүстік бөлігіндегі шағын шоқжұлдыз. Бөрі жұлдызы оңтүстік ендіктен көктемде көрінеді.
  • «Бөрі»- (көне тарихта) Ежелгі түркі қағандарының дербес жасағына берілетін атақ. Бөрілер ежелгі түркі билеушілерінің жеке басын қорғауға арналған арнаулы жауынгерлер тобы. Жылнаманың бірінде бөрі атағын кейде қаған бекітіп отырады. Бұл жас ұландардың жауынгершілік айбарын арттыру мақсатымен істелген деген болжау бар. Бөрілер жасағы әскери істі жетік меңгерген атақты батырлардан іріктеліп өздері де, аттары да темір сауытпен құрсаған.
  • «Бөрі»- (ауыспалы мағынада) мықты, жаужүрек адам. Жүз бөрі аз дамылдап алыстады да. Ат қайта қалың жауға “Абылайлап” жүз қыран мың сап қолға араласты, Орғыған асқар таудан судай тасты. [4]

«Бөрі» (қасқыр) туралы наным-сенімдердің ел санасында терең бойлағаны сонша, ата-бабаларымыз бауыр еті - балаларына бұл «киелі жануардың» есімін беруді әлі күнге дейін үрдіс етіп келеді. Бұл ел арасында кең тараған Бөрібай, Бөріқұл, Бөлтірік, Қасқырбай, Бөрі тәрізді есімдер мысал бола алады. Түркі халықтарына ортақ мұра «Алпамыс батыр» жырындағы басты кейіпкердің әкесінің Байбөрі аталуы да осындай үрдістің бір көрінісі болып табылмақ. Қазақ елінің ұлттық сенімін, рухын арқалап, көнеден келе жатқан түркі тектес халықтардың бабалары қашан да қасқырды сыйлап, қасиетті деп санаған.
Орхон-Енисей жазба ескерткішіндегі Күлтегін жырынан көруге

болады. [5] Жырда түркілердің әскері бөріге теңеледі:
- Әкем қағанның әскері бөрідей бопты;

- Жаулары қойдай бопты;

- Қазақтың батырлық жырларында «бөрідей тиді», «бөрідейін түн қатып» деген жолдар жиі кездеседі. Тіпті атақты Қарақыпшақ Қобыланды батырдың жары, қамқоршысы Құртқаның есімінде қасқыр атауының жүруі кездейсоқ емес.

Көк байрақтың астында, иманды сөзі аузында, «алла» деген, «көк тәңір» деген ел- жұртымның берекесі берік, алты ауызы түгел болғай!

Табиғатпен біте қайнасып бірге өскен түркілер дүниетанымының қайнар

көзі табиғат болғандығы белгілі. Бұл табиғатта болып жатқан құбылыстарды жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екендігін білдіреді. Қазақ әдебиетінде түркілерге ортақ ұғымдардың, мифтер мен аңыздардың авторлық ойды жеткізуде көркемдік тәсіл ретінде қолданылуы жиі кездеседі. Көне түркілер дүниетанымы негізінде пайда болған мифтердің, аңыз-әңгімелердің, табиғат пен адам арақатынасы тақырыбының, жан-жануарлар бейнесінің көркем шығармаларда көрініс табуы ежелгі әдебиетіміздің бүгінгі күні қайта жаңғыруы деп түсінеміз.

1. 2. Жыраулар поэзиясындағы «бөрі» бейнесі.

Жыраулар поэзиясы - қазақ мəдениетіне ғана тəн бірегей тарихи-мəдени құбылыс. Бірегей ұбылыс болатын себебі - дүние жұртының арғы-бергі тарихында қазақ жыраулары мен олардың жыр-толғауларына дəлме-дəл сəйкес келетін əдеби шығармашылық иелері де, шығармалар да кезікпейді. Ал жыраулар поэзиясының өзімен дəуірлес өзге елдер əдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзеп, өзіне ғана тəн мазмұнмен жəне өзіне ғана тəн пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууында жатыр.

Жыраулар поэзиясындағы көк бөрі ұғымын бір-біріне қарама-қарсы екі түрде берілгендігін байқадық.

Бірі, қасиетті түсінікті елдің рухын ояту мақсатында өз шығармаларында қолданса, екінші жағынан, белгілі бір тарихи себептерге байланысты бұл ұғым бөріден үрген итке баланады.

Мәселен, Нысанбай ақынның "Кенесары - Наурызбай"жырында ер Науанның қасындағы отыз жігіті де көкжал бөріге баланып [6, 21] . олардың әрбірінің қол бастауға қабілетті екендігі меңзеледі. Шернияз Жарылғасұлының бір өлеңінде: "Ел үстіне жау келсе, Көк бөрідей ер керек" [7, 92] . - деген жолдар бар. Махамбет Өтемісұлы "еңіреп жүрген ер" екендігін бейнелеу барысында: "Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім"[8, 225] . - деп толғайды.

Әлбетте, көк бөрі бейнесінің идеялық-көркемдік талқысы (трактовкасы) әдебиеттің ішкі даму қисынына қарай, сондай-ақ қоғамдық-әлеуметтік ахуалға байланысты түрленіп-түстеніп отыруы заңды.

Ноғайлы мырзаларының бас-басына би болып, бүліншілікке ұшырай бастағанын көзбен көрген жыраулық поэзияның жүйрігі Шалкиіз (Шәлгез) Тіленшіұлы:

Ау, бөрілер, бөрілер,

Бөрімін деп жүрерлер,

һәр бірінің баласы

Алтау болар, бес болар,

Ішінде абаданы бір болар,

Абаданынан айырылса,

Олардың һәр біреуі

Һәр бір итке жем болар! [9, 43] . -

деп, "бөрінің де тәңірісі бар" екендігін және одан көз жазса, басқаларынан бақ таятындығын білдірген. "Бөрілерді" бұлайша "жіктеу" арқылы (абаданы және бөгделері) ынтымақ-ымыраға, бір ауызды болуға шақыру - өлең өрнегінде бұрын кездеспеген белгі.

Орыс отаршылдығы орнаған заманда көк бөрінің дәстүрлі кескін-кейпі "азуға" айналды.

Махамбеттің көтеріліс жеңілген кездегі күйзелісін көрсететін "Мұнар күн" атты толғауында: "Жез қарғылы құба арлан Жез қарғыдан айырылып, Қорашыл төбет болған күн" - делінген. Сөйтіп, мұнда метонимиялық шендестірудің көмегімен жау жеріне жортқан ердің енді ауыл арасынан алысқа ұзамайтын тентек-теліге теңеліп, абыройдан ажырағаны тұспалданады. Және бұдан былайғы өлеңдерде жақсы мағынадағы "жез қарғы" тіркесінің қарама-қарсы - жағымсыз мәнде жұмсалуы байқалады.

Осының жайын Қ. Өмірәлиев Дулат пен Абайдың өлеңдеріне сүйене отырып, төмендегідей салыстыра саралапты: "Аягөз" деген өлеңде Дулат ел атқа мінерлерінің тағы бір суретін жасайды. "Би, старшын мойнына жезден қарғы тағынды" деп, олардың патшадан алған, мақтан көрген мансабы белгісін (шенін) ит мойнындағы "қарғыға" балайды да, артынша:

Төсек жады мырзалар

Ала баспақ байланып,

Үй күшіктей үреді,

Отының басын айналып, -дейді. Осы өлең Абайдың:

Елде болыс

Үйден үрген итке ұқсап, -.

дегеніне көп ұқсас"[10, 162] .

Қалай болғанда да, қасиетті қасқырдың бейнесі (көкжал бөрі, абадан, құба арлан) ұсақтап, ол қорашыл төбетке, үй күшікке, үйден үрген итке айналып шыға келді. Бұл - жалауы ойға жиырылып түскен жұрт рухының көркемсөзге дәл көшірілген көрінісі.

Бірақ халықтың өзіндік сана-сезімі сілкінетін сәттерде ұлттық бағзы бейнелер мидың бізге белгісіз кұпия қатпарларынан, тылсым түкпірлерінен қайта бой қылтитатынын дана тарих дәлелдеумен келеді. Қазақ қоғамы да бұл заңдылықтан қаға беріс қалған емес.

Петроглифтерде салынған мыңдаған суреттер мен таңбалардың бірегейі-көктүріктердің (жалпы түрік ) әлемдік деңгейдегі елдік белгісі- көк түсті желек туда бейнеленген Көкбөрінің таңбасы болды, ол - «Бөрілі байрақ» деп аталады.

1-суретте «Бөрілі байрақ» бейнесі.

Эпостық жырлардағы «көк бөрінің» бейнесіне батырдың сұлбасын, жауға қарсы шыққан кездегі сөз жетпес батырлығын, кейіпкердің өзін бөріге балаудың түрлі жолдарын эпостық туындыларда әртүрлі берілген.

Көне түркі бабамыздан келе жатқан «бөрі» ұғымы эпостық жыр-дастандарда да өз дәуіріне сай жекеше бейнесімен ерекшеленеді.

Түркі халықтарының дала жыртқышы қасқыр (бөрі) бейнесі қазақтың жауға шапқанда жауын­герлік рухын оятатын байраққа теңелген.

Ғалым Қ. Өмірәлиевтің «көне замандардан «алтын бөрі бас» ту ұстап, «көк бөрі» ұранын ұстанып, «тутуң будун», «қадақ будун», «қазақылық» сынды әскери қызмет атқарған жұрттың қазақ халқына тікелей қатысы бар» деп жазуы - ғылыми қуатты пікір. Қазақ - көне түркілердің елдің рухын жігерлендіретін бөрілі байрақ рәмізін сақтап қалған халықтың бірі.

1-кесте

Эпостық жырларда қасқырдың символикалық мәні екі сатыда ашылады:

Тотемдік саты
Көркем саты
Тотемдік саты: Мұнда, ол - ерлік пен қайсарлықтың, күштілік пен еркіндіктің символы;
Көркем саты: Мұнда, қасқыр - қорқаулық пен ашкөздіктің, сараңдық пен ақымақтықтың символы.

1. 3 Жаңа заман әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармаларындағы «бөрі» ұғымы.

Жаңа ғасыр әдебиеті халық санасына көк бейнесін жақсы жағынан көрсетеді. Осындай тектілігімізді келешекке жеткізу үшінде жиырма бірінші ғасыр жазушылары да өз үлестерін қосып жүр.

Қазіргі қазақ ақындарынан ізін сонау көне тарихтың асыл мұрасын жалғастырған жақын тұрған- Тыныштықбек Әбдікәкімов. Оған өлең құрылымы мен поэтикалық жүйе, өзіне ғана ұқсас ойлау жүйесі куәгер.

«Ақпан прозасы»:

Алаштың несін айтасың,

Ата тілі отыз тіске қамаулы,

Ата Мекені обалсыздарға

тонаулы.

Шүлдірлек көкпегі үшін,

Нан табу мектебі үшін,

Оқалы шекпен үшін,

Қыңсыған көк итке

айналдырды,

Тәңірлік Көк Бөрісін . . . [11, 12] .

Қасқырдың анасы - табиғат. Ол - біздің арғы бастауға қатысты ырықсыздық деңгейіндегі тұрақты сағынышымыз. Бөрі - біздің тотеміміз. Адамның ой астарында осындай ежелден таныс нысандарға кезіккенде барынша жігерлі кейіп алуға ұмтылады.

Қазіргі заманғы жаңа болмысты прозадағы өзгеше жаңғырған, түрленген «қасқыр-бөрі» бейнесі кездесетін Мұхтар Мағауиннің «Қасқыр - Бөрі», Асқар Алтайдың «Алтай элегиясы (Қызыл бөлтірік) » повесть-притчасы, Думан Рамазанның «Көкжалы», Жанат Ахмадидың «Кезінгеннің кезі», «Ажал аузында», «Кие» атты әңгімелері бар. С. Сағынтайдың «Тұмақ елесі».

Жанат Ахмадидің «Кие» әңгімесіндегі авторлық ой келесідей өрістеген. Хайуанаттар паркіне қамауға түскен Қызылшолақ «М. Мағауиннің қасқырындай» өзінің бөрі қалпын сақтап қалған. [12, 142] . Оның хайуанат ұсынған тамақты кісі көзінше жемеуі, түз тағысына тән тектілік көрсетуі, еті бар кесек

сүйектерді алдына тастағанда оған көз қиығын ғана салып қойып, мойнын қырыс бұрып жатып алуы, жаратылысынан сонша ашқарақ жыртқыштың тамақ үшін басын игісі келмеуі сөзімізге айғақ бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халықтарының фольклорында қасқыр бейнесі
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
Тарихи роман поэтикасы
М.Мағауин шығармаларындағы «автор бейнесі» мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдарын анықта
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы туралы
С. Торайғыровтың лирикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz