Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Орындаған:
Тексерген:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда ағылшын
тілін оқыту
1.1 Ағылшын тілін балабақшада үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың
басты ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 Ағылшын тілінің мектепке дейінгі мекемелерде оқыту арқылы сөйлеу дағдыларын жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда
ойын элементтерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстандағы жалпы білім беретін мекемені жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шетел тілді оқытып, шетел тілін оқытуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады.
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді
Ұлы педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады
Бүгінгі күн талабы екенін ескере отырып, менің таңдаған тақырыбым: " Мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру".
Мақсаты: ағылшын тілі арқылы баланың қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін ашу.
Міндеттері:
+ Баланың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;
+ Ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тәсілдері.
Күтілетін нәтиже: Ағылшын тілін жақсы меңгерген, өз бетімен тиімді еңбек ете алатын және алған білімін өмірде қолдану мүмкіндігін толық пайдалана алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Ағылшын тілін балабақшада үйрету
Қазіргі заман талабына сай жаскелең жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу тәрбиеші мен педагог мамандардың алдына қойған басты мақсатының бірі. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Еліміздің болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесінде оқу тәрбие үрдісі алғашқы сатылардың бірінде тұр. Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы оның білімі мен білігінде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін үйрену қажеттілігі қазіргі заман талабына айналып келеді. Шет тілін оқытудың коммуникативті мақсатын жүзеге асырудың алғышарты - оқыту барысында коммуникативті бағдар беру. Балалар бағдарламада берілген тақырыптар мен тілдік материалдар көлемінде шетел тілінде оз ойын жеткізе білуге талпынас жасайды. Шетел тілінде оқыту балалар тұлғасының барлық жағынан: олардың дүние танымының, ой-өрісінің, сезімі мен эмоциясының, адамгершілік және эстетикалық көз қарастарының, мінез бітістерінің өздігінен ары қарай білімін жетілдіруге деген қажеттіліктің дамуына себептесуі тиіс.
Тәрбие-тал бесіктен-демекші, балалардың жан-жақты дамуы және олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тілдік материалмен жұмыс істеу сипаты, сөйлеу біліктілігінің елеулі мәні бар. Шетел тілдері құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық және сөйлеу іс-әрекетінің) негізгі түрлерімен қарулана отырып, балалардың танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі, қорытынды жасай алуы маңызды болып табылады.
Әдістемелік ұсыныс Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелеріне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың ортаңғы тобына аптасына 1 рет (20-25 минут) және Ересек тобына аптасына 1 рет (25-30 минут), жылына 36 сағатқа арналған Ағылшын тілі пәні бойынша әдістемелік ұсыныс негізінде әзірленді.
4,5,6 жастағы балалардың танымдық жүйесі белсенді түрде дамиды. Бала бізді қоршаған ортадағы заттардың бәрінің арасында белгілі бір байланыс барын, олардың бір-біріне тәуелділігін түсіне алатындай жасқа жете бастайды. Сондықтан дәл осы уақытта баланың қоршаған орта мен әлемдегі құбылыстар туралы түсінігін реттеуге және толықтыруға көмектесу қажет.
Ағылшын тілін үйреткен кезде педагог төмендегі қағиданы басшылыққа алған жөн:
- Тәрбиелік оқыту, белсенділік, көрнекілік, жүйелік және бірізділік, меңгеру беріктігі, қолжетімділік, даралау т.б
Ағылшын тілін үйретуде жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін мынадай әдістемелік: оқыту коммуникативтілігі, материалдың жағдаяттық-тақырыптық ұсынылуы (ұйымдастырылуы), функционалдық, кешенділік, жіктелу, шоғырлану қағидаттарына сүйену маңызды.[1]
Зейін, есте сақтау қабілеті, қабылдау, шығармашылық қабілет, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту, баланың танып білуге деген қызығушылығын ояту. Тәрбиеленушілер бағдарлама материалын жемісті меңгеру үшін аталған қағидаларға сәйкес мынадай педагогикалық технологиялар қолданылады:
Ойын технологиялары:
Ойын-балалармен дидактикалық қарым-қатынас жасаудың әмбебап нысаны. Ол білім берудің ең көне нысаны болып табылады, өйткені қатысушылардың санына шектеу қойылмайды.
Педагог ағылшын тілінің әр оқу іс-әрекетіне ойын әдістерін пайдалануға тиіс. Бастапқы кезеңінде оқу ойындарының (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) рөлдік және динамикалық түрлерін пайдаланған жөн. Фонетикалық ойындар:
-Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар;
-Дыбыстау дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар;
-Дұрыс интонациялау дағдысын қалыптастыруға арналған ойын тәсілдері мен жаттығуларына бөлінеді.
Ойын қызметі балалардың оқу іс-әрекетіндегі жұмысын түрлендірумен қатар жұмыс нысандарын, әдіс - тәсілдерін саралауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау технологиясы
Оқу іс-әрекеті барысында педагог оқу тәрбие режимінің физиологиялық негіздерін сақтауға тиіс (еңбекке қабілеттілік уақытын, шаршағыштықты, оқу жүктемесін ескеру, бой сергіту жаттығуларын, динамикалық (қозғалыс) ойындарын өткізу.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
АКТ қолдану педагогке жеке тұлғаға бейімделу көзқарасын қолдануға, көрнекі-безендіру материалын түрлендіруге мүмкіндік береді. Санитарлық-гигиеналық нормалар бойынша мультимедиялық құралдармен (компьютер, аудио және видео экран, интерактивті тақта және т.б) жұмыс жүргізуге болады.
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын жаттығулар, дидактикалық материалдар мен ойындардың маңызы зор. Баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процесін дұрыс жолға қою керек. Дұрыс сөйлеу дегеніміз-әдеби тілдің нормасының сақталып, ойдың дұрыс берілуі.
Баланың тілін дамытуда айналадағы дүниені бақылату, өмірде көргенін әңгімелету, ертегі, әңгіме оқып беру, сөздік және логикалық тапсырмалар орындату жұмыстары арқылы жүзеге асады.
Ағылшын тілді бала кезден үйрену, үлкен табысқа жеткізетіндігі құпия емес, себебі бала кезде есте сақтау қабілеті және сөздердің дұрыс айтылуын үйреніп алу қабілеті жоғары болады.
Біздің балабакшада ағылшын тілін оқып үйрену сіздің балаңыз үшін оның өз құрбыластары жанында айтарлықтай басымдықты иелену мүмкіндігін береді.Балаларға арналған ағылшын тілін оқыту бағдарламалары ағылшын тілінде кең көлемді білім беріп қана қоймай, олардың ой өрістерін кеңейтеді, сіздің балаңыздың зияткерлігін дамытады, тілдік кедергілерді толық жоюға көмектеседі және оған қуаныш сыйлай алады. Ағылшын тілін оқыту сабақтарында қосымша оқу құралдары пайдаланылады.[2]
Балаларға арналған барлық сабақтар ойын түрінде, түрлі суреттерді,өлеңдерді, тақпақтардыпайдалана отырып жүргізіледі. Балалар ағылшын тілін ауызша қабылдауға үйренеді және сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында,әсіресе ағылшын тілін меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Ағылшын тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда. Ағылшын тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына , танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларға тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек. Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру.Баланы ағылшын тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.

басты ерекшеліктері
Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында, әсіресе шетел тілін меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда .
Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына , танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларга тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек.
Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру.Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді. [6]
Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Шағын орталықта берілген барлық білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
Ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.
Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойныда шығармашылық тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады.
Жүйелі және мақсатты ағылшын тілін оқыту ережеге сай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға білім беру үрдісінің егізгі формасы болып табылатын сынып сабақтарында жүргізіледі.[3]
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол өте пайдалы. Бұл жаста ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы болып есептеледі.
Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бақытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындар, лингвистикалық ойындардың әртүрлі нұсқалары. Сабақтар ойын атмосферасының басынан бастап аяғына дейін сақталып қалуына бағытталып құралады.
Сабақты педагог ойын барысында ережені ұстанып, балаларды ойынға көбірек тартып, шығармашылық қабілетін танытса, соншалықты сабақ сәтті өтеді. Балалардың ойын әрекетінің әсерінен жауапкершілік және байсалдылық қасиетінен айырылып қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Бала ойдан шығарылған әлемді кәдімгі өмірдегі болмыстан өте жақсы ажырата алады және де ойын барысында үйренгенін нақты әрекет жасау кезінде байқатады.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру мақсатты болып есептеледі. Мысалы, балалар Мики Маустың туған күніне келеді және сабақтың соңына дейін сол туған күн иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тіл оқыту мақсаты 5-6 жасар баланың өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл таза қызығушылық, жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде тақырыптық бірлік бірнеше сабаққа созылса, балалардың әрекетін міндетті түрде түрлендіру керек, жиірек жұмыстың түрін өзгерту қажет, оларды динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен көңілін аулау керек, өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап кетуі мүмкін. Бірақ соның өзінде мұғалім сабақтың әр элементі оның міндеттерін орындау қажет болуын, қозғалыс немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы тиіс.
Шетелдік және отандық ғалымдар мен педагогтардың зерттеулері мен жетістіктері балалардың шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері өте жоғары екенін көрсетеді. Мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге әсіресе қажетті жас деп есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде өткізудің қажеттілігі туындайды.[6]
Балаларды шет тіліне оқытуға бағытталғын жұмыс негізінен оқыту мақсаттарының кешенді жүзеге асыруының принциптерінен шығады, яғни оқыту үрдісі балалардың сөйлеу (лексика) қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне (диалогтық және монологтық сәйлеу, тыңдау) бағытталған.
Фонетиканы оқытудың ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып, мұғалімдер өздерінінің еңбектерінде фонетикалық әдісті белсенді қолдануы тиіс. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.
Балалардың үлкендердің артынан лингвистикалық және елтанушылық құндылыққа толы ағылшын жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін қайталау балалалға ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын меңгеруге мүмкіндік береді.
Жаңа сөздер енгізгенде 5-6 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беру керек. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады.
Бұндай қабылдаудың негізгі ерекшелігі балалардың бір жағынан зат, әрекет немесе құбылыстың аталуы маңызды болуы, екінші жағынан ол заттардың атауларының мүлде маңызды болмауы болып есептеледі. Берілген материалды қабылдау кезінде балалар оның берілуіне, эмоционалық сапасына үлкен мән береді.
Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көртілсе бала өте тез меңгеріп кетеді.
Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлеу қабілетін қалыптастыруда әртүрлі таратуға арналған материалдарды, ойыншақ жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, яғни балалардың барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың сөйлеуін белсендету үшін оқытудың басында ойыншықтар мен бірнеше нұсқадағы заттар бейнеленген суреттері болуы тиіс. Мысалы, сары, қызыл, көгілдір түсті шарлар немесе кішкене және үлкен күшік. Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар мен суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды.
Жаңашылдық принципы балаларды шет тіліне оқытудағы жетекші принцип ретінде сабақтың сюжетті-композициялық құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ойыншықтар мен суреттерді көбірек пайдалану арқылы балаларда қиялы және байланыстырушылық еске сақтау қабілеті дамиды, ал қарым-қатынас жасау міндеттерін нақты қою және оларды шешуді ұйымдастыру логикалық сөйлеу есте сақтауының дамуына өз септігін тигізеді.
Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың ұзақ уақыттық есте сақтау қабілеті өте жақсы қалыптасқандықтан болады. Олардың бар оқыған-білгендері жадтарында сақталады. Бірақ олардың жедел сақтау қабілеті нашар дамыған.
Бала берілген материалды көп мөлшерде миына бекіте отырып сақтауға деген қабілетке ие. Бірақ бұл материал бала үшін меңгеруге өте маңызды рөлде ғана болса, сонымен қатар үлкен қызығушылығын оятса ғана болады. Берілген материалды жете меңгерудің ең жеңіл жолы ойын әрекеті болып есептеледі.
Сөзсіз балаларға ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетінің орны өте зор. Ағылшын тілінің білім мен тәрбие беру үрдісіне енуі ең қарапайым ойын формаларында жүзеге асырылады: дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар.
Оқытудың бастапқы этапында ерекше рөлді балаларда пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруда бұл мәселелердің шешімін әртүрлі ағылшын тіліндегі ойындар арқылы табуға тырысу қажет.
Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар болып табылады. Мысалы: The three little pigs, The turnips, Little mouse, Old MacDonald және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрынна белгілі лексикадан, сөз тіркестерінен құралады.[8]
Әлемдік тәжірибе драматизациялық ойындардың дайындалмаған сөйлеу қабілетінің дамуына тигізетін әсерінің зор екендігін көрсетіп отыр. Драматизациялық ойындар мектепке дейінгі балалардың тілдік компетенттілігінің жоғарыдауына септігін тигізеді, тілді тезірек сезінуге көмектеседі, оқылатын тілдің әдебиетімен, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетімен танысуға өз үлесін қосады.
Сабақ тәжірибесінде кең қолданысты дәстүрлі халықтық ағылшын ойындары алады.
Халықтық ойындар арқылы ағылшын тілін оқытуда балаларды ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мәдени құндылықтарына, сөйлеу мәдениетінің дамуына тарту жүзеге асырылады. Бұл ағылшын тілін жетік меңгеруге үлкен септігін тигізеді.
Балалар диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін қалыптастыруға зор мүмкіндіктер алады. Халықтық ойындарға халықтың өзі әрқашан тақпақтар мен ертегілерді енгізіп отырған.
"Hands up-hands down", "Nick and Andy", "Mouse and Cat" т.б қимылды сияқты ойын түрлері, олардың қарапайым мазмұнымен, балаларға жеңіл қозғалыстарымен баланың ойын әрекетіне тартылуын оятады, көңіл-күйін көтеріп, достарымен қарым-қатынасқа дайындығын айқындайды.[11]

2.1 Ағылшын тілінің мектепке дейінгі мекемелерде оқыту арқылы сөйлеу дағдыларын жетілдіру
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің біріне айналды. Осы орайда балабақшаларда ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілі - әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Бала тілін зерттеген ғалымдар А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон: Сөйлеу әрекеті дегеніміз - үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады, - деген. Балалардың сөйлеу дағдысы алғаш оқу іс - әрекеті басталғаннан бастап қалыптаса бастайды.
· Сұрақ-жауап;
· Диалог;
· Байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары;
· Берілген сауалға өз ойларын білдіруге үйрету;
Ең бірінші сұрақ-жауап арқылы іске асады, мұғалім сұрақ қояды, өзі жауап береді,сұрақ балаға қойылады, екінші кезеңде бала жауап береді, сұрақ-жауап күнделікті оқу іс - әрекетінде жиі қайталанып отырады, яғни балалардың алғашқы сөйлеу дағдысы сұраққа жауап беру арқылы іске аса бастайды. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен балалармен диалогта болады.
T: Good morning, children!
Ch: Good, morning, teacher!
T: How are you?
ChFine, thanks. And you?
T I' m fine, thanks you. I'm glad to see you. And you?
Ch: We, too.
T: Sit down, please.
Мысалы: ағылшын тілін алғаш оқыған кездерде балалар диалогтың мазмұнын түсініп отырса, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Және диалогты өз ойыңмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Балалар аты-жөнін, жасын айтуға дағдыланады, еркін айта алатын дәрежеге жетеді.
T: What's your name?
P: My name's Dastan.
T: How old are you?
P: I'm 5.
Келесі кезекте Where are you from? Құрылымы негізінде балалар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы сөйлесіп, тілдерін дамытады. Оқушыларға елдердің суреттері бар үлестірме қағаздар беріледі, елдердің аттарын айтып балалар тілдерін жаттықтырады, содан кейін бір бала балаларға кезекпен сұрақтар қояды, оқушылар қай елден келгендерін айтады.
P1: Where are you from, Aibek?
P2: I' m from Kazakhstan.
P1: Where are you from,Ainur?
P2: I' m from Great Britain.
P3: I' m from Russia..
P4: I' m from the USA.
P4: I' m from China. etc. елдердің орнына әр елдің қалаларын алмастырып айтуға болады, балалар III жақтада He (she) is from Kazakhstan (Russia, China France etc.) сөйлемдер айтып, тілдері жаттыға бастайды.
Cancan't модальдық етістігін сөйлемдерде қолдану арқылы балалар өздерінің не істей алатыны, не істей алмайтынын айтып, іс-қимылмен көрсетеді, тез сөйлемдер құрастырып, белсенді қатысады (басқа да етістіктерді алмастыруға болады):
P1: I can jump, but I can't fly.
P2: I can sing a song; but I can't dance.
P3: I can dance, but I can't run.
P4: I can swim, but I can't drive.
P5: I can play computer games, but I can't play chess. etc.
"My Family"тақырыбындағы сөздерді де балалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz