Жас кезеңдері және жас топтары мынадай
Кіріспе
1 Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдары
1.1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1.2 Жалпы білім беретін типтік бағдарламаны сынақтан өткізу барысында алынған нәтижелерді жинақтау және талдау.
2 Балаларды тәрбиелеудегі Атамекен,Жұлдыз,Кәусар бұлақ бағдарламаларының мүмкіндіктері
2.1 "Атамекен","Жұлдыз" бағдарламаларының маңызы мен мазмұны.
2.2 Мектептегi тәрбие жүйесiнде "Атамекен" бағдарламасын пайдаланудың әдiстемелерi
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында және Нақты 100 қадам ұлт жоспарында білім беру жүйесінде білім, білік, дағды жиынтығын меңгерту ғана емес, білімгерлердің ақпаратты өздігімен табу, талдау, оларды жүйелеу және орынды да тиімді пайдалану біліктілігін бойына сіңіру, дүниежүзілік ақпараттық ағымдарды түсіну мен түрлендіру арқылы мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген.
ҚР үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесі балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған деп көрсетілген [1]. Осыған орай, балалардың ұйымдастырылған оқу және ойын әрекеті арқылы оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асыру мектепке дейінгі білім берудің басты бағыттарының бірі болып саналады.
Балалардың тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуда оқыту мен дамытудың арақатынасы жөнінде мәселені зерттеуші ғалымдар түрлі тәсілдермен іздестіреді. Оқытудың дамытушылық қызметін Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнын өзгертуден іздестіру керек деп есептесе, Н.А.Менчинская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгертудің тиімділігін ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп есептеді [2].
Балалар психологиясын зерттеген А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерін жетілдіру арқылы оқытудың дамытушылық қызметін арттыруға ерекше мән береді. Ал Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту үдерістің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды. Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана жүзеге асады деп есептейді [3].
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепалды даярлық топтарының кейбір педагог-мұғалімдері тәжірибесінде балалардың тек білім, білік, дағдыларын қалыптастыру міндеттері қарастырылады да, оқытудың дамытушылық қызметіне, яғни баланың жеке тұлға болып қалыптасуына көңіл бөлетінбейтіндігін байқауға болады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында оқушының ойлау қабілетінің даму үрдісі.
Зерттеудің әдістері: Курстық жұмыс тақырыбын зерттеуде теориялық мағлұматтар жинау, жиналған ақпаратты талдау, салыстыру, сараптау және тұжырымдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы: мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырылған бағдарламаны мектептегі бастауыш сынып әдістемелік-көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.
Жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу білім беру процесі:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (одан әрі-Стандарт) (2018 ж. 31 қазандағы ҚР БҒМ № 604 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2018 жылғы 10 қазандағы №556 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі-Бағдарлама) );
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.
Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына бағытталып, Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеумет білім беру салаларына негізделеді.
"Денсаулық" білім беру саласы.
"Денсаулық" білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жаттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау, велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон және басқалар) элементтерімен танысуды қамтиды.
"Денсаулық" білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.
"Денсаулық" білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
* дене шынықтыру;
* қауіпсіз мінез-құлық негіздері.
"Коммуникация" білім беру саласы.
"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.
"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
* сөйлеуді дамыту;
* көркем әдебиет;
* сауат ашу негіздері;
* қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;
* драма.
"Таным" білім беру саласы.
"Таным" білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.
"Таным" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
* қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бөбек жасы топтарында (1 жастан 3 жасқа дейін) - сенсорика;
* құрастыру;
* жаратылыстану.
"Шығармашылық" білім беру саласы.
"Шығармашылық" білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
"Шығармашылық" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
* сурет салу;
* мүсіндеу;
* аппликация;
* музыка.
"Әлеумет" білім беру саласы.
"Әлеумет" білім беру саласы қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді; Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеуді; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеуді қамтиды.
"Әлеумет" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
* өзін-өзі тану;
* қоршаған ортамен танысу;
* экология негіздері.
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:
* 1-деңгей - бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;
* 2-деңгей - бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
* 3-деңгей - бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.
Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері және 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру атты Қазақстан халқына Жолдауларындағы тапсырмаларын орындауда негізгі міндеттер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру және мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу білім беру процесінде ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Стандартқа туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі жас кезеңділігі бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай:
1) бөбек жасы - туғаннан бастап 3 жасқа дейін:
* нәрестелік жас - туғаннан бастап;
* ерте жас - 1 жастан (ерте жас тобы).
* кіші жас-2 жастан бастап (кіші жас тобы).
2) мектепке дейінгі жас -3-6 жас
* мектепке дейінгі орта жас - 3 жастан (ортаңғы топ);
* мектепке дейінгі ересек жас - 4 жастан (ересек топ);
* мектепалды даярлық - 5 жастан (мектепалды тобы, сыныбы).
Стандартқа сәйкес Балаларды ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдыларын өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын бағдарлама әзірленді (ҚР БҒМ 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 668 бұйрығы). Бұл бағдарлама ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру бойынша педагогтар мен ата-аналардың әдістемелік құралы болып табылады.
Бағдарламаның мазмұны туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балаларды әлеуметтендіру міндеттерін іске асыруға, педагог пен ата-аналардың бірлескен іс-әрекетінде оқушының табысты, сенімді және позитивті болашағы үшін қажетті әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше оқу дағдыларын дамытуға бағытталған, балалардың өзара іс-қимылын, бейімделуін, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа) ізгілікті қарым-қатынасын, қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, мектепке дейінгі ұйымда педагогтың, отбасында және мектепке дейінгі ұйымда ата - ананың жетекші рөліне назар аударылады.
Бағдарламаға бала туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі тұлғаның психологиялық әлеуметтік дамуының негізгі кезеңдері енгізілген, бағдарламаның мазмұнын меңгеру нәтижесінде қалыптасуға тиісті білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер ұсынылған.
Критериалда бағалау жүйесі (бала қандай да бір іс-әрекеттерді ойлап табады, ол өз бетінше не істей алатынын түсінеді және қолданады), балалардың әлеуметтік дайындығын, көшбасшылығын, төзімділігін, өзін-өзі оқытуы деңгейін бағалауға және олардың дамуын түзету бойынша жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына қосымша бағдарлама ретінде әзірленді және педагогтар үшін де, ата-аналар үшін де ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру құралы болып табылады.
Бұдан басқа, балаларды мемлекеттік тілге табысты оқыту үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына вариативтік компонент есебінен ересек топтарда қазақ тілін оқытуды 1 сағатқа көбейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығы).
Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу білім беру процесінде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың классикалық және заманауи технологиялары (М. Монтессори, Ф. Фребель, Вальдорф педагогикасы, Н. Зайцев жүйесі, В. Воскобовичтің әдістемесі және т. б.) (мультимедиялық, анимациялық, дамыту ойындары және т. б.) қолданылады.
Поделиться...

1990 жылдың басында Қазақстан мектептерінде оқушылар ұйымының құрылуы аса қажет болғаны рас. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін оқушылардың қоғамдық ұйымдарының белсенділіктері арта түсті. Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік кеңістікте өзінің дербес геосаясатын, әлеуметтік-экономикалық реформасын жүргізуі - жаңадан құрылған оқушылар ұйымдарының мәртебесін арттырды. Әсіресе, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында мектеп оқушыларының ерікті түрде құрылған "Атамекен" ұйымы - қазақ халық педагогикасының асыл мұралары негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алды. Атамекеншілдердің бұл бастамалары республика көлеміне кең таралып, ҮІІ Республикалық пионерлер слетінің (5 қараша 1990 жыл) шешімімен қабылданды. 1992 жылы өткен кезектен тыс ҮІІІ Республикалық пионерлер слеті - мектептегі оқушылар ұжымдарында ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға арналған "Атамекен", "Кәусар бұлақ", "Жұлдыз" бағдарламаларын қабылдады. Алайда, оқушылар ұйымдарының тағдыры мен болашағына деген салғырттықтың салдарынан - 1992-2006 жылдар аралығында Республикалық оқушылар слеті өткізілмей келді. Тек, балалар ұйымдары ардагерлерінің өтініш-хатын құп алған ҚР білім және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz