Құқық қорғау органдарының қызметі
Тұран-Астана Университеті
Қорғауға жіберілді
Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі,
з.ғ.к., доцент Енсебаева А.Р. _____________
___ _______________ 2021 ж.
Хаттама №_____
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Қазақстан Құқық қорғау органдарының функциялары
Мамандық: 5В030100 - Құқықтану
Орындаған:
5В030100 - Құқықтану мамандығы 4 курс студенті
Шамелкан Жанаргүл
______________
Ғылыми жетекшісі:
заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Қарымсақов Рахмет Шамилович
______________
Нұр-Сұлтан, 2021
АҢДАТПА
Қазақстанда Құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту маңызды орын алып отыр. Қазіргі таңда қылмыстардың көбеюіне байланысты Құқық қорғау органдарының қызметін күшейту үшін көптеген жұмыстар жасалу керек. Ауыр қылмыстарды азайту үшін Қазақстан Республикасының заңын қатайту керек. Өзінің мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі бір жүйелі болып табылмайды. Оның әмбебаптығы салыстырмалы әртүрлілікте анықталады.
Мемлекеттік қызметтің осы түрінің негізгі бағыттарына (функцияларына) мыналар жатады: конституциялық бақылау; сот төрелігі; соттарды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; прокурорлық қадағалау; қылмыстарды анықтау және тергеу; заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы Құқық қорғау органдарының мәні, мазмұны және алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Құқық қорғау органдарының функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
2.1 Құқық қорғау органдарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.2 Құқық қорғау органдарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...40
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның өзектілігі Құқық қорғау қызметі мемлекеттік кызметтің бір түрі ретінде құқықты қорғауға, демократиялық қоғамда заңдылық режимін қамтамасыз етуге тиіс. Құқық заңдардың көмегімен бостандық шегін белгілейді, қоғамдық өмірді реттеудің негізгі мәселелері бойынша мемлекеттің ырқын білдіреді.
Зерттеу пәні ретінде кұкық қорғау органдарын қалыптастырудағы, ұйымдастырудағы және оның қызметіндегі ерекшеліктері. Бұл органдардың қызметі құқықтық нормативтік актілермен белгіленген
Объектісі құқық қорғау органдарының қызметін белгілейтін заңдар ғана емес, заңға енгізілген соңғы өзгертулер мен толықтырулар ескеріліп, көрсетілген мекемелердің қайсыбір функцияларын анықтайтын ведомстволық құқықтық актілер де пайдаланылған. Жұмыс мақсаты құқық қорғау органдарының қызметі, ол қызметтің негізгі бағыттары және оларға берілетін өкілеттіктер туралы бастапқы деректермен қамтамасыз ету.
Қойылған мақсат келесі негізгі міндеттерді шешуді талап етеді:
Құқық қорғау органдарының қызметіндегі негізгі бағыттар:
- азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- тиісті қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету;
- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы сақтық жұмыстар;
- құқық бұзушылық фактілерін айқындау, айыптыларды жауапқа тарту мақсатында ол фактілерді заңда белгіленген тəртіпте тергеу;
- құқық бұзушылық жасаған адамдарға көзделген мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолдану;
- қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
- білікті заңдық көмек көрсету;
Жобаның теориялық тұжырымдары жаңа Конституция авторлары елді Президент басқарып, мемлекеттегі басты төреші Президент болып тұрған жағдайда конституциялық заңдылықты Конституциялық Кеңес - ақ қамтамасыз ете алады;
Прокурордың заң бұзушылықты жою, кұқық бұзушылықтың жолын кесу, заңдылықты қалпына келтіру, Заңның бұзылу салдарынан болған зардаптарды қалпына келтіру жөніндегі өкілеттіктерін іске асыруының формасына прокурорлық шара қолдану актілері жатады. Олар: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс, үндеу, алдын ала ескерту, заңға түсіндірме. Прокурорлык кадағалаудың қай актісін қолдану заң бұзушылықтың сипатына, оның себептеріне, қаншалықты таралғандығына, зиянды салдарларына, құқық бұзғанның қаншалықты кінәлі екендігіне байланысты.
Ғылыми жаңашылдығы Конституциялық бақылау органдары мүлде жаңа немесе түбірімен жаңарған қоғамдық қатынастарды шешеді, ол құқықтық реттеуде конституциялық талаптарға жауап береді.
Бір жағынан, конституциялық бақылау ұлттық құқық қорғау жүйесіне озық əлемдік жəне шетелдік практиканың имплементациясын қамтамасыз етеді, мемлекеттің ішіндегі конституциялық императивтерді мемлекетаралық əмбебап нормалармен байланыстырады. Екінші жағынан, адам құқығын, оның заңды
мүдделерін қорғау саласындағы конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету ұлттық дамудың тарихи, саяси - құқықтық парадигмасы бойынша қалыптасатын мемлекет ішіндегі конституциялық конструкцияға негізделеді1.
Қазіргі жағдайда конституциялық бақылаудың үш моделін бөліп алуға болады, олар: американдық, континенттік жəне аралас.
Теориялық ұсынымдарда ғалымдардан А.В.Наумов, В.П.Рябцев, И. Л. Петрухин, К. Ф. Гуценко сынды зерттеушілер кіреді.
Қорғауға келесі теориялық тұжырымдар ұсынылады:
1. Қазақстанның өзін кұкыктык, демократиялық мемлекеттер қатарына жатқызатындығы, адамды, оның өмірін, құқыктары мен бостандығын аса жоғары құндылық деп санайтындығы, демократиялық принциптер мен жалпы адамзат құндылықгарын мойындайтындығы біздің еліміздің Ата заңында жарияланған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық - құқықтық актілердің негізгі ережелері мен адам кұқығын қорғаудың көпшілік мойындаған құқыктық стандарттары ұлттық заңнамада едәуір орын алды.
2. Аталған бағыттарды орындауға барлық құқық қорғау органдары елеулі түрде атсалысуы қажет. Оның ішінде ішкі істер органдарының орны ерекше. Сондықтан, құқық бұзушылықпен күресуде ішкі істер органдары психологиялық және дене тұрғысынан дайын, барлық талаптарға сай болуы қажет.
Ал, ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене дайындығындағы айырықша мәселе - болып қорғанудың әскери тәсілдерін оқып және жетілдіру. Тыңдаушыларды тәрбиелеуден, дене сапасын дайындаудан бөлек олардың ойлау қабілеті мен дағдысын қалыптастыру аса қажет. Себебі, тыңдаушы өзін-өзі қорғану тәсілдерін игеруден және жетілдіруден бөлек, оны өзінің қызметінде қолдана алуы тиіс.
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Қазақстан Республикасындағы Құқық қорғау органдарының мәні, мазмұны және алатын орны
Мемлекет пен оның органдарының қызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 - бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратынын айғақтайды. Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, әрине, аталғандарды, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелген міндеттер - құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол - жөнекей орындайды.
Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни ҚР Конституциясымен, басқа да заңнамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды. Құқық тәртібін қорғау органдар ұғымына құқық қорғау органдары ұғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір құқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды. Кейбір авторлар құқық қорғау қызметі ұғымын кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада - бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, олардың іске асырылуын, заңдылығы мен құқық тәртібін қамтамасыз ететін барлық мемлекеттік органдардың қызметі. Тар мағынасында - бұл сол немесе өзге органның құзыретіне сәйкес заңнамада белгіленген нысанда жүзеге асырылатын бұзушылықтардан құқықтық қорғау жөніндегі арнайы уәкілетті органның қызметі. Алайда, сол немесе өзге мемлекеттік органдарды құқық қорғау қатарына жатқызу кезінде басшылыққа алынуға тиіс өлшемдердің мәнін айқын игеру үшін белгілі шамада шартты түрде алынған, бірақ құқық қорғау қызметі атауы сіңісті болған қызмет белгілерін анықтау аса маңызды. ҚР заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері бар: - біріншіден, құқық қорғау қызметі әртүрлі қылмыстың түрлері бойынша мәжбүрлеу және өндіру сияқты заңдық ықпал ету шаралар қолдана отырып, тек заңның негізінде жүзеге асырылады. Бұл жерде құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шаралары ерекше орын алады; - екіншіден қолданылатын заңдық ықпал ету шаралары заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкес келуге тиіс: - үшіншіден, құқық қорғау қызметі заңның негізінде белгілі бір рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыс жасағаны үшін ешқандай жаза алдын ала қаралмастан қолданылмайды. - төртіншіден, құқық қорғау қызметін іске асыру сауатты және дайындалған қызметкерлерден тұратын арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі. Айтылғандарды ескерек отырып, құқық қорғау қызметі ұғымын айқындауға болады - бұл заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің оның арнаулы уәкілетті органы атынан жүзеге асырылатын қызмет. Өз мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі күрделі болып табылады. Оның көп жоспарлылығы осы мемлекеттік қызмет түрінің негіз бағытарымен мазмұны айқындалатын әлеуметтік функциялардың әр түрлігіне қатысты айқындалады. Мұндай бағыттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: - конституциялық бақылау; - сот төрелігі; - соттарды ұйымдық қамтамасыз ету; - прокурорлық қадағалау; - қылмыстарды анықтау және тергеу; - заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.
Осы бағыттардың әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау: прокурорлық деп қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу, сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау, кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелерге қол жеткізу, ең аяғында, нақты функцияларды іске асыру процесінде пайдаланылатын әдістердің әртүрлілігі және өзгешелігіне қарамастан, құқық қорғау қызметінің жоғарыда аталған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Құқық қорғау органдары: жалпы сипаттамасы және жүйесі
Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарын (функцияларын) орындау үшін нақты құқық қорғау органдары жұмыс істейді. Заң ғылымында құқық қорғау органдарының тобы туралы бірдей пікір жоқ: біреулері олардың қатарын көбейтіп, ал екіншілері азайтып көрсетеді. Бұл алақұлалық осы мәселенін заңдық тәртіппен реттелмегендігімен түсіндіріледі, сондай - ақ заң актілерінде де құқық қорғау қызметіне түсінік берілмеген. Бір автор, қылмысқа қарсы тікелей күрес жүргізетіндерді құқық қорғау органдары десе, екіншілері - қылмыстар мен өзгеше қол сұғуларды түбірімен жояды десе, үшіншілері - қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалайды дейтіндер. Ғылымда сот құқық қорғау органы болып табылатындығы туралы пікір қалыптасқан. Алайда, менің ойымша менің ойымша, соттарды құқық қорғау органдарына жатқызу дұрыс емес, өйткені сот құқық қорғау органдарынан құқықтық мәртебесімен ерекшеленетін айрықша мемлекеттік орган болып табылады. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 1 - бабының 2 - тармағына сәйкес соттардың міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституция мен заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республика халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Құқық қорғау қызметінің анықтамасын, оның функцияларының (бағыттарының) сипаттамасын және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау органдарына мыналарды жатқызуға болады: - соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар;
- прокуратура органдары; - қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жүзеге асыратын органдар; - құқықтық көмек пен құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін органдар. Соттар бізше, құқық қорғау органдарына жатады.
1.2 Құқық қорғау органдарының функциялары
Конституциялық бақылау
Мемлекеттің аяғында нық тұруының басты шарты - Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік биліктің барлық органдары, заңды жəне жеке тұлғалар конституция талаптарын орындауға міндетті, ол үшін барлық елдерде негізгі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, конституцияны заңдық қорғау жүйесі деп аталатын тұтас жүйе бар. Қазіргі кезде заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығына бақылау кең даму алды.
Оның болуы Конституцияның нормалары мен талаптарының сақталуына үлкен мəн беретін кез келген мемлекеттің міндетті атрибутына айналды.
Конституциялық бақылау органдары мүлде жаңа немесе түбірімен жаңарған қоғамдық қатынастарды шешеді, ол құқықтық реттеуде конституциялық талаптарға жауап береді.

Конституциялық бақылаудың американдық моделі жалпы сот төрелігінен бөлекше емес. Барлық соттар жүзеге асыратын конституциялық бақылау англосаксон құқығының Ұлыбританиядан басқа елдерінде -- АҚШ-та, Австралияда, Аргентинада, Бразилияда, Малайзияда, Мексикада, Канадада, Үндістанда, Жапонияда кең өріс алды. Бақылаудың мұндай жүйесі Скандинавия елдерінде де -- Данияда, Исландияда, Норвегияда, Швецияда бар.
Ұлыбританияда құқық үстемдігі принципі қандай да бір заң актісінде ешқашан анықталған жоқ, сондықтан да соттар сот бақылауының функцияларын орындамайды. Парламенттің, үкіметтің жəне соттың əрекеттері үш негізгі принциптің: билікті бөлу, парламент үстемдігі жəне құқық қожалығы принциптерінің мүлтіксіз орындалуымен анықталады. Парламент үстемдігі
принципі заң қабылдау құқығы тек парламентте екендігін жəне оның заң шығару құзыретіне ешқандай шек қойылмайтындығын білдіреді. Конституциялық құрылысты, адам құқығы мен бостандығын қорғау жалпы юрисдикция соттарына жүктелген.
АҚШ - та сот оқиғасына негізделген конституциялық бақылау жүйесі жұмыс істейді. Сот қылмыстық жəне азаматтық істерді қарағанда процестегі кез келген тарап қабылданатын заңның конституциялық емес екендігін мəлімдей алады. Бұл жағдайда заңның конституциялылығы талқылана бастайды.
Конституциялық емес деп танылған заңды соттар, əкімшіліктік жəне басқа мемлекеттік органдар қолданбайды.
Конституциялық бақылауды жүзеге асыру сот қадағалауының шеңберімен бітпейді -- АҚШ-тың Негізгі Заңында Конгресс пен Президенттің бақылау функцияларын орындауына негіз болатын нормалар бар.
АҚШ-тың конституциялық сот бақылауы:
- онда əмбебап сипат бар, себебі ол тек заңдарды ғана емес, барлық нормативтік - құқықтық актілерді, биліктің барлық деңгейіне қатысы бар үкіметтік өкімдерді де қамтиды;
- конституциялылықты бақылау ауық-ауық іске асырылады, оны азаматтың заңды мүддесін қозғайтын кез келген істі қарағанда келген сот жүргізе алады;
- заңда каузальдық байланыс бар, яғни конституцияға сілтеме жасалған нақты істі қарағанда ғана мүмкін, конституциялылық проблемасы жүре бара туындайды;
- бақылауда салыстырмалы сипат бар, себебі сот шешімдері дауласушы тараптар үшін міндетті болып табылады жəне құқық қолдану қызметінің барлық субъектілеріне таралмайды.
Конституциялық сот бақылауының континенттік (еуропалық) моделі əдебиетте еуропалық деп аталады, ол ұйымдық жағынан сот жүйесінен бөлініп шыққан, тек қана конституциялық мəселелерді қарайтын мамандандырылған органдардың құрылуын керек етеді. Мысалы, континенталдық Еуропа елдерінде конституциялық бақылау арнайы органдардың - конституциялық соттар мен конституциялық кеңестердің көмегімен жүзеге асырылады. Конституциялық бақылауды ұйымдастырудың еуропалық формасына жататын елдерде нормативтік формалардың, құқықтық реттеу көздерінің ауқымды базасы бар. Бұл елдердің конституцияларында конституциялық бақылау органдарының мəртебесін регламенттейтін арнаулы
заңдар бар.
Бұл модельде, өз кезегінде, екі негізгі айырмашылық бар: конституциялық мəселелерді конституциялық соттар қарайтын австриялық континенттік модель жəне арнайы квазисот органы - Конституциялық Кеңестің моделіне негізделген француздық континенттік модель.
Конституциялық соттар Австрияда, Италияда, Испанияда, ГФР-да, Румынияда, Чехияда, Словакияда, Венгрияда, Болгарияда, Македонияда, ТМД елдерінде (Қазақстаннан басқа) бар.
Конституциялық соттар құзыретіне жататын мəселелерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ құқықтық актілердің конституциялылығы мəселелерін қамтиды. Федеративтік мемлекеттерде федерацияның да, штаттардың да басқа нормативтік актілері де конституциялық қадағалауға алынады.
Екінші топты лауазымды адамдар əрекеттерінің конституциялылығы мəселелері құрайды. Соттар конституциялық мемлекеттің жоғарғы органдарының құзыреті туралы дауларды қарайды, федерацияларда - федерация мен оның субъектілері арасындағы құзыреттерді шектеу туралы дауларды қарайды, республика президентін (кейде парламент депутаттарын) сайлаудың жəне референдум өткізудің дұрыстығын қадағалайды, президентке жəне үкімет мүшелеріне қарсы айтылған айыптауларды қарайды жəне т.б.
Үшінші топқа жалпы соттардың конституциялық мəселелер бойынша шешімдерін қадағалау кіреді.
Конституциялық соттардың Жоғарғы Соттардан айырмашылығы, олар қылмыстық жəне азаматтық істерді қарамайды жəне қаралатын мəселелерге кең тұрғыдан қарау үшін олар аралас өкілдіктер негізінде құрылады.
Американдыққа қарағанда еуропалық модель:
- орталықтандырылған (бақылауды арнаулы жəне жалғыз сот жүзеге асырады);
- абстрактылы (сот заңға қатысты қаулыны басқа барлық талқыларына тəуелсіз шығарады);
- алдын алушылық сипаттарға priori əрекет ететін (бақылау əлі бекітілмеген заңдарға да жүреді).
Ресей Федерациясында конституциялық бақылау институтының қалыптасуының айрықша тарихы бар. Ресей Федерациясында Конституциялық сот алғаш 1991 жылы құрылды, содан соң, саяси процестерге араласа бастаған соң, Президенттің 1993 жылғы 21-қыркүйектегі Жарлығымен оның қызметі тоқтатылды.
Едәуір қайта ұйымдастырылып, құзыреті айқындалған соң, Ресей Федерациясының 1993 жылғы Конституциясына сəйкес Конституциялық Соттың қызметі Ресей Федерациясының Конституциялық Соты туралы Федералдық Конституциялық заңмен 1994 жылы қайта жанданды.
Ресей Федерациясының Конституциялық соты өзінің құзырет аясына мемлекеттік биліктің жоғары органдары деңгейінде барлық заңнамалық жəне басқа нормативтік актілерді бақылауды жəне оның функционалдық - бақылау параметрлерін қамтиды, конституциялық бақылаудың əлемдік стандарттарына жалпы жəне толықтай сай келеді. Айта кету керек, Ресей Конституциясы нақты істерге, мысалы жеке жəне ұжымдық шағым бойынша істерге байланысты заңның конституциялылығын Конституциялық соттың тексеруін қарастырған.
Конституциялық бақылаудың еуропалық моделі өзінің даму барысында кейбір елдерде жаңа кейіп алды. Франция, Алжир, Марокко, Мозамбик, Сенегал, Нигер, Коста-Рика, Эфиопия сияқты елдерде бақылау органының функциясы соттық сипатта емес, арнаулы органдарға жүктелген. Францияның Конституциясына сəйкес Конституциялық Кеңес 1958 жылдан бастап конституциялық бақылау органы болып табылады.
Жалпы жəне конституциялық соттарға қарағанда Конституциялық Кеңес квазисоттық орган болып табылады. Ол заңның немесе əкімшілік актінің конституциялылығы туралы мəселені сот процедурасының ережесі бойынша талқыламайды, тікелей баяндаманы талқылау арқылы қарайды. Францияда Конституциялық Кеңеске жүгіну қатаң уақытпен шектелген. Мысалы, парламентте заңға дауыс беру мен оның промульгациясы арасындағы қысқа
уақытта ғана сұрау салуға болады. Францияның Конституциялық Кеңесінің функциясы актілердің конституциялылығын бақылаумен шектелмейді. Ол, сонымен қатар, палаталар регламенттерінің; француз бірлестігі шеңберінде жасалған, бекітуге жататын халықаралық шарттар мен келісімдердің; референдумдар мен президент сайлауларын өткізумен байланысты бақылау мəселелерінің конституциялылығын қарайды.
Сонымен, Конституциялық Кеңеске органикалық заңдар мен парламент палаталарының регламенттерінің конституциялылығын алдын ала міндетті түрде бақылау, сондай-ақ жай заңдардың конституциялылығын алдын ала факультативтік бақылау функциясы жүктелген.
Қазақстанда, 1990 жылдың 25 - қазанындағы Қазақ КСР - ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғаннан кейін жаңа мемлекет тұрғызу үшін конституциялық бақылау институтын құру қажеттігі туындады. 1991 жылы 16 - желтоқсанда қабылданған Мемлекеттік тəуелсіздік туралы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын Конституцияны соттық қорғаудың жоғарғы органы деп таныды (10 - 89
бап), конституциялық бақылау органының ұйымдық - құқықтық формасын анықтады.
Осы көрсетілген ережелерге сəйкес 1992 жылдың 5 - маусымындағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы жəне Қазақстан Республикасында конституциялық сот ісін жүргізу туралы Конституциялық заңдар қабылданды.
1992 жылдың 2 - шілдесіндегі 12 - шақырылған Жоғарғы Кеңес Конституциялық соттың Төрағасын, Төраға Орынбасарын жəне тоғыз мүшесін сайлады.
Ол кезде Конституциялық Сотқа жүгінушілер көп болды. Бұл сотта жалпы юриспруденция соттарының қарауына жатпайтын мəселелерді қарау құқығы болды. Мысалы, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің, Үкіметтің, сондай - ақ министрліктердің жəне өзге мемлекеттік органдардың нормативтік актілеріне қатысты бақылау жүргізді. Оның құзыретіндегі мəселелердің бірі -заңды күшіне енбеген халықаралық шарттар мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің конституциялылығын тексеру болды.
Конституциялық Сот өз ынтасымен конституциялық іс қозғау құқығына ие болды, адамның, азаматтың конституциялық құқығына қатысты кез келген нормативтік актілердің не құқық қолдану практикасының Негізгі Заңға сəйкестігін тексеретін болды. Кейін бұл норма күшін жойды.
Конституциялық заңдылықты жəне Конституция үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар актілерінің, сондай - ақ конституциялық заңдарды қолдану практикасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкестігі туралы дауларға рұқсат етілді, ол Республикадағы конституциялық бақылауға бастау болды.
Бірақ, жаңа Конституция авторлары елді Президент басқарып, мемлекеттегі басты төреші Президент болып тұрған жағдайда конституциялық заңдылықты Конституциялық Кеңес - ақ қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасады.
1995 жылдың 30 - тамызында қабылданған Конституция конституциялық бақылаудың жаңа органы -- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесін құрды. Бүгіндері Қазақстан ТМД елдері арасында конституциялық бақылауды мемлекеттік билік бөлісудің дəстүрлі жүйесіне кірмейтін, арнайы
құрылған мемлекеттік квазисот органы жүзеге асыратын бірденбір мемлекет.
Сот төрелігі ұғымы
Сот төрелігі -- мемлекеттік қызметтің сот билігінің мазмұнын құрайтын айрықша функциясы болып табылатын бағыттарының бірі. Бұл соттардың азаматтық жəне қылмыстық істерді заңда белгіленген тəртіпте сот отырысында қарап шешу арқылы жүзеге асыратын қызметі, яғни сот төрелігі іс жүргізу тəртібінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүргізу тəртібі, сондай - ақ сот құрылымы мен судьялар мəртебесі Конституция - да, 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған Сот жүйесі жəне судьялар мəртебесі туралы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде анықталған. Сот төрелігі ұғымы сот билігі ұғымына жақын, бірақ олар өзара бірмағыналы емес. Сот билігі соттың көптеген əрекеттерінде көрініс табады, сондықтан ол сот төрелігіне қарағанда кең мағыналы. Мысалы, Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы сот практикасын зерделейді, оны жинақтап қорытып республика соттарының сот төрелігін жүргізуде заңдылықты сақтауы мəселесін қарайды; сот практикасында заңдарды қолдану мəселесі бойынша түсініктеме беретін нормативтік қаулы қабылдайды.
Облыстық соттар сот статистиксын жүргізеді, сот практикасын зерделейді, оны жинақтап қорытып облыс соттарының сот төрелігін жүргізу кезінде заңдылықты сақтауын қарайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңін соттың бақылау функциясын кеңейту мəселесі қарастырылуда.
Сот билігі сот төрелегінде іске асырылады жəне нақты істердің сот отырысында қаралуын, соттың тиісті шешім қабылдауын көздейді. Сонымен сот төрелігі терминін осы соттың құзырына жататын істерді сот отырысында талқылауды іс жүргізушілік тəртібінде жүзеге асыру жəне сот үкімдерін, шешімдерін, қаулыларын жəне т.б. орындаудан туындайтын мəселелерді шешу
деп түсіну керек.
Сот төрелігі құқық қорғау қызметінің адамдардың, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың ең елеулі құқықтары мен заңды мүдделерін іске асрыуға едəуір ықпал ететін функциясы. Сондықтан да сот төрелігін жүзеге асыру үшін адамзат ғасырлар бойы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау мақсатында əмбебап ережелер мен баптар
ойластырды, құрастырды. Бұл əділеттік, қайырымдылық, ізгілік құндылықтарына негізделген əмбебап ережелер сот төрелігінің принциптері деген атақ алды.
Принцип термині латынның principium сөзінен шыққан, мағынасы негіз, негіздеме дегенді білдіреді. Сот төрелігі принципін барлық сот ісін жүргізу тұрғызылған тұғыр деуге болады.
Сот төрелігінің принциптері дегеніміз заңда бекімін тапқан, негізге алынатын құқықтық идеялар, ол сот ісін жүргізудің мазмұнын, мəнін жəне сипатын анықтайды. Айта кету керек, бұл құқықтық идеялар көбіне құқықтық қатынастарға қатысушыларға арналған талаптар түрінде баяндалған, оларды реттеудің маңызды аспабы болып табылады.
Принциптер қоғамдағы сот төрелігін жүзеге асырудың оң тиімдірек жəне əділдеу формалары туралы ұғымдарға сəйкес келеді, олар өзара байланыста жəне жүйе құрайды, өзінің сол тұтастығымен сот төрелігінің формасы мен мазмұнын береді.
Сот төрелігін мына принциптер бойынша топтастырамыз:
- шыққан көзі бойынша конституциялық - Конституцияда көзделген (неғұрлым жалпы) жəне арнаулы - іс жүргізу заңдарында (ҚІЖК, АІЖК) көзделген болып бөлінеді;
- мазмұны бойынша олар сот төрелігінің мазмұнын - мəнін сипаттайтын функционалдық жəне сот ісін жүргізу тəртібін қарастыратын - ұйымдық болып бөлінеді.
Ұйымдық (сот құрылымы) принципі республиканың сот жүйесінің қалыптасуын, атап айтқанда - судьялардың тағайындалу жəне ауыспайтындығы негізінде соттардың құрылуын сипаттайды.
Іс жүргізу принципі сот төрелігін жүзеге асыру қызметінің мəнін анықтайды. Негізгі принциптер өзара байланысты, тəуелді жəне біртұтас жүйе құратындықтан бұл бөлініс шартты болып саналады. Іс жүргізу принциптерінде өктемдік сипат бар, оларда орындалуы барлық құқықтық құралдармен қамтамасыз етілетін қалай да міндеттеу болады.
Сот төрелігін жүзеге асырғанда принциптердің маңыздылығы олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекімін тапқандығымен анықталады. Мысалы, Конституцияның 77 - бабының 3 - тармағына сəйкес судья заңды қолданғанда мынадай принциптерді басшылыққа алады:
- адамның кінəлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінəлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе əкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
- сотта əркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
- жауапкершілікті белгілейтін немесе күштейтін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
- айыпталушы өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге міндетті емес;
- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) жəне заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сырын ашқандарға қарсы куəгер болуға міндетті емес;
- адамның кінəлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
- заңсыз тəсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
- Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Бұл принциптер Қазақстанның барлық соттары мен судьялары үшін конституциялық жəне бірыңғай болып табылады. Сот төрелігінің принциптері жоғарыда аталған он принциппен ғана шектелмейді, олардың шеңбері кең жəне олар бірыңғай жүйе құрайды. Барлық принциптер бірімен-бірі тығыз байланыста əрекет етеді жəне олардың əрқайсысы басқасын жүзеге асырудың
кепілі болып саналады.
Сот төрелігінің принциптері заңдардың үстемдігі, адам құқығы мен бостандығын қорғау сияқты жалпы құқықтық принциптермен байланысты.
Сот төрелігінің жалпы принциптері мыналар:
- заңдылық;
- сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы;
- судьялардың тəуелсіздігі;
- сот төрелігін заң жəне сот алдында жұрттың бəрінің теңдігі негізінде жүзеге асыру;
- əркімнің сотта қорғалу құқығын қамтамасыз ету;
- кінəсіздік презумпциясы;
- тараптардың бəсекелестігі жəне тең құқықтылығы;
- сотта іс талқылаудың жариялылығы;
- ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз ету;
- адамның ар-намысы мен абыройын қорғау;
- сот талқысының тікелей жəне ауызша жүруі.
Cоттарды ұйымдық және материалдық - техникалық қамтамасыз ететін органдар.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (сот кеңселері бар) жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық жэне материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік қүқықтық актілерге, Департамент
туралы ережеге, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Соттар мен судьялардың атқарушы билік органдарына тәуелділігін біржола жою мақсатында жергілікті соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйекте №440 Жарлығымен Сот әкімгерлігі бойынша комитет дербес уәкілетті орган қүрылған.
Кейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазанда №471 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімгерлігі бойынша комитет туралы Ереже бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылы 25 қаңтардағы Жарлығымен комитеттің қүқықтық мәртебесі мен өкілеттігіне толықтырулар енгізілді.
Соңғы уақытта соттар қызметінің материалдық - техникалық және ұйымдық қамтамасыз етілуін жүзеге асырушы, сондай-ақ орындау құжаттарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етуші және кейбір негіздер бойынша республика меншігіне айналған (өткен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және әрі қарай пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйымдастыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті болды. Ол сот билігінің тәуелсіздік дәрежесін анықтайтын, соттар үшін аса маңызды функциялар атқарады. Сонымен қатар, заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Егер сот актілерінің орындалуына жауапты болса, онда іс жүргізуді бақылау соттарға жүктеледі. Жергілікті соттардың қызметін қамтамасыз етумен және сот актілерінің орындалуымен, сот төрелігін іске асыру, сот ісін жүргізудің максималды ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.
Сот жүйесін жеңілдету және қолжетімді ету, сондай - ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында 2014 жылы Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жетілдірілген Интернет-ресурстары;
- Сот процессіне қатысушыларды 8М8-хабарлама жолдау және электрондық пошта арқылы хабардар ету жүйесі;
- Сот құжаттарымен таныстыру сервисі;
- Істерді қарау тізімі сервисі;
- Сот кабинеті сервисі;
- Сотқа шақыру қағазы сервисі;
- Сот органдарының бірыңгай 1401 нөмірі бар Саіі-орталығы;
- Сот органдарының және Қазпошта АҚ ақпараттық жүйелерін біріктіру жүргізілді;
- Республиканың барлық жергілікті соттары мен облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі қүрамына кіргізілді.
Сот жүйесін аудио жэне аудио-бейне фиксацияның жетілдірілген жүйелерімен жабдықтау, сондай - ақ компьютерлер мен ұйымдастыру техникасымен кезең - кезеңмен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізілді. Облыстық және аудандық соттар үшін 2 524 компьютерлер сатып алынды және таратылды, республика соттарының жабдықталуы 76% құрайды. Негізгі құралдарды түгендеуді өткізу үшін барлық облыстық соттарға арнайы қондырғылар сатып алынды, бұл - негізгі құралдарды есепке алуын автоматтандыруды қамтамасыз ететін термопринтер және салыстырып оқуға арналған қолмен басқарылатын сканері бар деректерді жинақтау терминалы.
Прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқыктары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өзге де нормативтік құкықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік кұкықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
4) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
5) Жедел - іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
6) Анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
7) Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
8) Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
9) Өз кұзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;
10) Сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
11) Заңда белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
12) Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қүқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, қүқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
13) Заңдылықты, құкықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі кызметті үйлестіреді;
14) Халықаралык қүкыктық ынтымактастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
15) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Оның ішінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметіндегі заңдылықтьі қадағалау прокуратура органдары жұмысындағы Конституцияның, заңдардың және өзге нормативтік қүқықтық актілердің үстемдігін, олардың ведомстволық және жергілікті жағдайларға тәуелсіз дәл және біркелкі колданылуын қамтамасыз ететін негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағыттағы қадағалауға, бірінші кезекте, аталған органдардың қабылдайтын және қолданыстағы құқыктық актілері жатады.
Өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыру барысында адам кейде әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарымен қақтығысады, олар тарапынан зорлық-зомбылық көреді. Егер атқарушы билік органы немесе оның лауазымды адамы өз міндеттерін орындамаса және адамның құқықтары мен бостандығын бұзса, онда құқығы бұзылған адамның заңсыз шешімдер мен әрекеттерге шағым келтіруге құқығы бар. Көбіне, белгіленген мемлекеттік баж салығы мен сот процедурасының ұзақтығынан ондай адамдар прокуратура органдарына жүгінеді.
Қадағалаудың басқа түрлеріне қарағанда бұл сала күрделі де көп қырлы, ол қадағаланатын объектілердің көптігіне және әртүрлілігіне байланысты. Прокурорлык қадағалау объектілеріне өкілдік және атқарушы органдар, министрліктер мен ведомстволар, комитеттер, өзге де мемлекеттік жэне шаруашылық басқару және бақылау органдары, меншіктің барлық формасындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар кіреді.
Прокурорлық қадағалау объектілерінің қатарына, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың, әртүрлі қоғамдық қорлардың, діни бірлестіктердің және де азаматгардың қызметі жатады.
Жедел - іздестіру қызметі құқық қорғау қызметінің арнайы уәкілеттігі бар мемлекеттік органның құпия құқықтық құралдарды пайдаланып, жүзеге асыратын дербес түрі болып табылады.
Құқық қорғау органдарының жедел - іздестіру қызметінің заңдылығын прокурорлық қадағалау 1994 жылы 15 қыркүйекте Жедел - іздестіру қызметі туралы бірінші рет заң қабылданғаннан кейін ғана Қазақстанда алғаш заң жүзінде реттелді. Бұрындары құқық қорғау органдары, негізінен, ведомстволық бұйрықтар мен нұскаулықтарды басшылыққа алатын. Оның үстіне, 1960-1970
жылдары КСРО Бас прокуроры басшылыққа алынатын бірқатар бұйрықтар шығарды, оларда бағынышты прокурорлардың тиісті органдардың жедел - іздестіру қызметіне араласуына шектеулер жасалған еді.
Қадағалаудың бұл түрінің өзінше дербес болуының басты себебі - қылмыстық қудалау органдары қылмыскерлікпен күресті жүзеге асырғанда азаматтардың Конституцияда және басқа заңдар да кепілдік берілген құқықтары мен заңды мүдделерін едәуір шектейтін жедел - іздестіру іс - шараларын жүргізеді. Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырғанда кәсіби этиканы сақтау қажет, себебі оперативтік қызметкер көбіне жасырын әрекет етеді, адамның жеке өміріне басып кіреді, әртүрлі көптеген ақпарат жинайды. Сондықтан да жедел - іздестіру қызметінің кейбір құқықтық санасы төмен және кәсіби этикасы жок кейбір субъектілерінің өз мақсатына жетуі үшін заңда көзделмеген құралдар мен әдістерді пайдалану, тіптен қорқытып арандатуы, заңға құлықты азаматтардың құқықтары мен бостандығына қысым жасауы мүмкін.
Бұл қызметті жүзеге асыруда қазір прокурорға жеткілікті өкілдік берілген, бірақ ол жедел - іздестіру іс - шараларын жүргізуші органдардың оперативтік қызметіне араласуға, оларды өзі тікелей жүргізуге немесе оларға қатысуға тиіс емес.
Анықтау және алдын ала тергеу органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау прокуратураның бір киын саласының бірі болып табылады. Қылмыстарды тергеу қылмыстық процестің күрделі кезеңі болып табылады. Сотқа дейін іс жүргізудің бұл кезеңінде тергеу органдары дәлелдемелер ауқымын анықтайды, қылмысты құкықтық бағалау, қылмыс жасаған адамдарды кылмыстык жауапқа тарту мәселесін шешеді. Алдын ала тергеуде анықталған шеңберде кейін сот талқысы өтеді. Сондықтан да прокурор өзінің қадағалау өкілеттігін жүзеге асырғанда қылмыстарды айқындаудың және тергеудің заңдылық бұзылмай жүргізілгендігін қатаң бақылайды. Прокуратураға кылмыскерлікпен - келеңсіз әлеуметтік - құқықтық құбылыспен күресте батыл шара қолдануы үшін құқық қорғау органдарына адамның қүқығы мен бостандығын белгілі бір шамада шектейтін өктем өкілеттік берілген. Бұл ретте олар азаматтық қоғам мен адамды қылмыстық озбырлықтан қорғауды камтамасыз етіп, оған қатысы бар адамдарды айқындап кана қоймайды, сонымен катар қылмыстық сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібінің бұзылуына жол бермейді.
Тергеу органдарының қызметі қылмыстық - іс жүргізу заңдарында нақты регламенттелген, онда қылмыстық істерді қозғаудың, қылмыстарды уақытылы ашудың, оларды заңда белгіленген мерзімдерде сапалы тергеудің және азаматтарды қылмыстық жауапқа тартудың дәлелділігін қамтамасыз етуге прокурорлық қадағалау жәрдемдесуге тиіс делінген. Қылмыстарды тергеуді
прокурорлық қадағалау сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық кезеңінде ұдайы болады. Қылмыстық істерді тергеуіне байланысты прокурор анықтау және алдын ала тергеу органдарына жазбаша нұсқау береді, ол бұл органдар үшін міндетті болып табылады.
Анықтаудың зандылығын да, алдын ала тергеудің заңдылығын да прокурорлық қадағалау, олардың өзара айырмашылықтарына қарамастан бір құқықтық режимде жүзеге асырылады. Тергеу аппаратының немесе анықтау органының ведомстволық тегіне қарамастан оның формалары өзгермейді.
Жеке бостандыққа конституциялық құқықты қорғаудың маңызды шарасы - тергеу және айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімдерінің зандылығын қадағалау. Қамауда ұстау мерзімдері және оларды ұзарту тәртібін ҚПК-нің баптарымен реттеледі.
Азаматтың және қылмыстық істерді қарау кезінде зандылықты қамтамасыз етудегі прокуратураның міндеті мен соттың міндеті бірдей, ол - сот талқысының әділ болуы және заңдардың дұрыс қолданылуы. Ескеретін бір жағдай - соттардың қызметіне прокурорлар қадағалау жасамайды, себебі соттар әділ қазылық жүргізгенде тәуелсіз болады және тек заңға бағынады. Сонымен
қатар, іс бойынша заңсыз сот актісі анықталған жағдайда прокурор ондай актіге іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес наразылық келтіруге міндетті.
Қылмыстық істерді сотта карағанда прокурор, атқарып жүрген қызметіне қарамастан, заңда белгіленген мемлекеттік айыптаушы мәртебесін алады, сотта елеулі түлғаға айналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес, жеке айыптау істерінен басқаларда, прокурордың мемлекеттік
айыптаушы ретінде бас сот талқысына міндетті түрде қатысуы туралы заң нормасы 2000 жылдың қаңтарынан күшіне енді.
Сотта мемлекеттік айыптауды қолдау прокурорлық кызметтің маңызды тұстарының бірі. Прокурор айыптауды жеткілікті дәлелдемелер болғанда ғана қолдайды және сотталушыны айыптайтын да, оның пайдасына жарайтын да дәлелдемелерді соттың жан - жақты зерттеуіне көмектеседі, яғни прокурор сотта тек мемлекеттік айыптау өкілі ғана емес, құқық қорғау функңиясын орындаушы лауазымды адам да болуға тиіс.
Апелляциялық жүргізу дегеніміз - сот кызметін жоғары тұрған сот тарапынан бақылаудың маңызды формаларының бірі, ол сот ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz