Ньюкасл ауруы - тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіЖәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ньюкасл ауруы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2021ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
2.1 Ньюкасл ауруы, қоздырушысы, өтуі және белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...6
2.2 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер, балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..10
2.3 Құс етін сойғанға дейін және сойғаннан кейінгі балау ... ... ... ... ... ... ... .. ..12
2.4 Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.6 Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.7 Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.8 Өнім қалдықтарына санитариялық баға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Көпшілік құстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері - омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, қызыл құйрықтар, милиновкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, т.б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға: кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қырғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалар, т.б. жатады.
Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығында үлкен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Ұсақ кемірушілермен қоректенетін құстарға кәдімгі жамансары, қорған жамансары, қыстақ жамансарысы, құладындар, қорған бүркіті, дала бүркіті, кәдімгі бөктергі, дала бөктергісі, күйкентайлар, ителгілер, батпақты жердің жапалағы, құлақты жапалақ және сұр неясыттар, т.б. жатады.
Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, қартопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торғайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп, үлкен зиян келтіреді [1]
Құстардың көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы соншалықты үлкен. Жабайы құстарды пайдалану шаруашылығымызға қосымша ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын немесе қауырсыны бар құс елтірісін береді.
Құс аулау кәсібінде тауық тәрізділер бірінші орын алады. Өйткені, олар барлық жерлерге кеңінен тараған, өте көп және олардың еті дәмді болады. Тауық тәрізділердің күзде және қыста бір жерге топтанып жиналуы, оларды көбірек ұстауға мүмкіндік туғызады. Бұл құстар (бөденеден басқасы) барлығы дерлік отырықшы құстар. Сондықтан бүкіл жыл бойы аулауға мүмкіндік болады.
ТМД-да орта және оңтүстік аудандарындағы кәсіптік маңызы бар құстар: шіл, қырғауыл және бөдене.
Үй құстарын өсіру ауыл шаруашылығының өркендетудің үлкен саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар, аз да болса күрке тауықтар, цесаркалар өсіріледі. Көгершіндердің де шаруашылықта өзіндік маңызы бар. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі бағытта: әсемдік, почташы, еті үшін өсіріледі [1].
Қазіргі таңда құс шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының ең жаңа және де ең қарқынды дамып келе жатқан саласын бірі болып отыр. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше орынға ие болып отыр. Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады.
Құс аурулары -- әр түрлі жұқпалы, вирустық, паразиттік және бактериялық аурулар деп бөлінеді. Ішек-асқазан, тыныс алу жолдарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары түрінде де кездеседі. Аскаридоз, безгек, шешек, сүзек, тырысқақ, т.б. көптеген құс аурулары бар. Құс аскаридозы жұмыр құрттардан пайда болады, негізінен, онымен тауықтар ауырады. Өте кең тараған нематод Ascarіdіa gallі жұмырқұрты. Тауықтың немесе күркетауықтың ащы ішектеріне орналасқан құрт жұмыртқалайды да, құс саңғырығымен сыртқа бөлініп, суды, жемді ластап, басқа құстарға жұғады.Сонымен қатар құстардың ішінде көп кездесетін аурулар Ньюкасл ауруы, жұқпалы ларинготрахеит, марек, тұмау т.б. Соның ішінде Ньюкаслды қарастырайық.
Зерттеу мақсаты: Ньюкасл ауруы, қоздырушысы, өтуі және белгілерін анықтау
Зерттеу міндеттері:
oo Ньюкасл ауруы, қоздырушысы туралы мағлұмат беру;
oo Белгілерін анықтау;
oo Патологиялық-анатомиялық өзгерістер, балау
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
II. Негізгі бөлім
2.1 Ньюкасл ауруы, қоздырушысы, өтуі және белгілері
Ньюкасл ауруы-тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру. Қоздырғышы: арамиксовирус тобына жататын вирус.. Сақа құстарда ларинготрахеит ретінде, жас құстарда-созылмалы конъюнктивит түрінде болады.Ньюкасл ауруына ұшыраған құстардың өнім қалдықары түгелдей жойылады. Күмәнді құстардың ішкі құрылысы, өнімдері мен денесін-патологиялық өзгерістері болмаса қайнатып, шығарады. Ауруға ұшырады деген күдікті не ауырған құстардың жүні мен қауырсындарын өртеп жібереді. Шаруашылықта ауру құстардың өнімдерін жойып, ал клиника-анатомиялық белгілері жоқ құстардың еті мен ішкі құрылысын қайнатудан кейін шаруашылықтың ішкі қажетіне ұстайды. Құстардың үлкен партиясын сою кезінде, етін жақын орналасқан аудан, облыс, республиканың тамақ өндірістеріне өндірістік өңдеуге не пісірілген күйде қоғамдық тамақтану орындарына жіберуге болады. Шартты сау деп есептелген құстардың жұмыртқаларын шаруашылықта пісіріп алып тамаққа пайдаланады. Жұмыртқаның үлкен партиясын бүріккішпен зарарсыздандырып, тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға ыстық температурада нан. Кондитер өнімдерін шығаруға пайдаланады.Қоздырушысы - Newcastle disease paramyxovirus, парамиксо вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Оның көгершін, тауық, күрке тауық және теңіз тышқанының эритроциттерін агглютинациялайтын қабілеті бар. Вирустың табиғи штамдарының зардаптылығы әр алуан болғандықтан аурудың сыртқы нышандары мен таралуы да әр түрлі болады.
Биологиялық ерекшеліктеріне қарай Ньюкасл ауруы қоздырушысының штаммдары лентогенді, мезогенді және велогенді деп бөлінеді. Лентогенді түрі - табиғи әлсіреген, қай жастағы балапандарға болса да зиян келтіре алмайтын штамдар. Дегенмен дүние жүзінің бір қатар елдерінде, сондай-ақ біздің еліміздің құс көп шоғырландырылған өлкелерінде бұл вирус штамдары Ньюкасл ауруына қарсы табиғи, спонтанды, өздігінен туындайтын иммунитеттің пайда болуын қамтамасыз етедь Мезогенді түрі - табиғи немесе қолдан әлсіретілген штаммдар. Бұлар жұмыртқа ішіндегі ұрықты өлтіреді, сонымен бірге 25-30 күндік нәзік балапандарды зақымдай алады. Велогенді түрі - індет таратқыш аса уытты штаммдар. Бұл барлық жастағы құстарды зақымдай алады. Ньюкасл ауруы вирусының велогенді штаммдары құс ағзаларына бейімделуіне жэне енуіне қарай екіге бөлінеді. Оның бірі (висцеральдық түрі) ішкі ағзаларда өсіп-жетіледі, өте қауіпті, оның азиялық түрі құстың 99-100%-ын қырып кетуі мүмкін. Екіншісі - тыныс жолындық, біріншіден сәл әлсіздеу (американдық) түрі, дегенмен ол да құстың 80-90%- ын қырып кете алады.
Ньюкасл ауруымен барлық жабайы тауық тұқымдастар ауырады, ал күрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы, бөденелер көп ауыра бермейді. Бұл ауру қаз бен үйрек, көгершіндерде де кездеседі. Әсіресе қауіпті вирусты тоты құстар көп таратады. Көптеген жабайы және сәндік құстар денесінде Ньюкасл ауруы вирусына қарсы антиденелер бар екені анықталып отыр. Сау құстар көбінесе ауруға шалдыққан құстармен аралас жүргенде немесе вирус жұққан жем-судан, құрал-сайманнан, балапан шығатын жұмыртқадан жұқтырып алады. Ауру қоздырушысының бастауы - негізінен ауру құстар, ауруға қарсы тұратын иммунитеті жоқ әлсіз балапандар мен осындай сақа құстар болып табылады. Ал қоздырушының берілу факторлары: өлекселер, зарарсыздандырылмаған құс еті, қасап қалдықтары, балапан шығаруға арналған немесе сауда орындарында түсетін жұмыртқалар. Ауру қоздырушысы құс денесіне енген соң 20 сағат ішінде қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды да, орталық жүйке жүйесі, тыныс жолдары мен ас қорыту ағзалары зақымданады. Осының әсерінен кілегейлі қабықтар жаппай қанталайды. Аурудың белгілері ішкі ағзалардың зақымдануына байла- нысты болады.[1]
1 сурет Ньюкасылмен аурыған тауықтың сыртқы көрінісі
Өтуі және белгілері
Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы. Кейінгі кезде осы ауруға өте ұқсас ауру-құс тұмауы кездеседі. Осы ауруға қарсы күресу үшін міндетті түрде оларды дифференцирлеу қажет.
Ньюкасл ауру қоздырғышысы РНҚ бар вирустар тобына, Paramyxoviridae тұқымына, Rubulavirus туысына жатады. Вирион күрделі, көлемі 120-180 нм, пішіні сфера тәрізді болып келеді.
Ньюкасл ауру - тауық және күрке тауықтың жоғары контагиозды вирустық індет. Ауру тауықтардың тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жүйелерінің зақымдалуымен, ішкі мүшелерде көптеген нүктелі қан құйылулармен сипатталады.
Вирустың ағзаға ену жолына, құстардың жасы мен күтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық кезеңі 2 - 15 күнге дейін созылады [2].
Құс табиғи жолмен қағынғанда вирустың енген жолына, оның уыттылығына, құстың жасы мен күтіміне байланысты аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығы 2-15 күн. Ауру өте жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді. Құстың күтімі нашар, ауру жиі шығып тұратын шаруашылықтарда денесіне вирус түскен әлсіз балапандар мен ауруға қарсы егілген сақа құстарда ауру белгілері бірден анық байқалмайды Балапандар вакцина егілгеннен кейінгі иммунитет толық қалыптаса қоймаған алғашқы 24-38 күндік кезінде жиі ауырады. Ауырған балапан селқос тартып, тынысы тарылып, тұмсығын ашып, мойынын созып, әлсіз шиқылдап, құсқа жат үн шығарады. Алғашқы 4-5 күн ішінде өлім-жітім көп болады, ал 8- 10 күнге аяқ басқанда ауру тоқгалады немесе барынша саябырлайды. Ньюкасл ауруы өзге вирустардың қабаттасуы салдарынан асқынып кетсе, балапандар арасында өлім-жітім көбеюі мүмкін. Жүйке жүйесінің зақымданғанын көрсететін ауру белгілері (мазасызданып басын кекжитуі, мойынын ирелеңдету, басын біресе арқасына, біресе бауырына алып жүруі) індеттке ұщырағаннан кейін 4-8 күн өткенде байқалады. Кей жағдайда балапандар арасындағы ауру белгілері тек тыныс мүшелерінің зақымдануына байланысты да бола береді. Мұндайда балапан шығыны онша көп болмайды. Сақа тауықтардың ауруы кештеу (2-3 аптадан кейін) байқалып, жұмыртқалауы кеміп кетеді. Ауру құстар самарқау тартып, ұйқышыл келеді, жемге қарамайды. Жоғарыда қарастырылған кәдімгідей түрімен қатар аурудың кәдімгідей емес түрлері ұшырасады. Әсіресе, бұл балапандарда жиірек кездеседі. Мұндай жағдайда олардың мойывдары бұратылып, аяқтары тартылады, мойындары дірілдейді. Жүйке жүйесінің зақымдануы көбінесе күрке тауық балапандарында айқын аңғарылады. Сақа құстарда ауру жеңіл өтеді, кейде ауырғаны мүлде білінбей қалуы да мүмкін. Ол негізінен тауық ағзасына енген вирустың уыттылығының әлсіз болуынан, иммунитеттік қорғаныс қабілетінің күштілігінен немесе биологиялық дәрі-дәрмектердің әсерінен болады.
2.2 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер, балау
Ауру өте жіті өткенде балапандардың өлексесін сойып қарағанда қарынның етті бөлігі мен сөл шығаратын жағы екіге бөлініп, қанталап тұрады. Тоқ ішектің ісініп, соқыр ішектің тармақгалатын түсының үлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны, тік ішектің кілегейлі бездері мен қабығына ұсақ дақ түрінде немесе жолақтанып қан құйылғаны айқын көрінеді. Тыныс мүшелері зақымданған жағдайда балапандардың басы іседі, көмейі, кеңсірігі қызарып, таңдайы сілекейленеді, кеңірдек пен өкпе қабынады. Бүйрек пен соқыр ішектің қабынуы сирек кездеседі. Бұрын ауруға қарсы егілген сақа құстардың өлексесін сойып қарағанда көбінесе іш пердесі мен бауырыньщ қабынғаны көрінеді. Басқа жүйелердің мүшелерінде ісіну немесе қанталау байқалмайды. [2]Балау. Ауру өзіне тән, кәдімгідей өткенде оны анықгау онша қиын емес. Ауырған тауықгарды мұқият қарап, бірнеше өлексені сойып, тексеріп көрсе болғаны. Ал Ньюкасл ауруы туа біткен иммунитеті әлсіз немесе кейіннен пайда болған иммунитет бар тауықтарда және бұрыннан бұл ауру шығып жүрген шаруашылқгарда кездессе, онда оны дәл анықтау біршама қиындықтар тудырады. Енесінен ауысқан иммунитет әлі таусылмаған балапандарда ньюкасл ауруын балау өте күрделі. Ауруды балау негізінен зертханалық зерттеу арқылы ауру қоздырушысын бөліп алу, оның зардаптылығын жэне гемагглютинациялаушы қасиетін анықтау және құстың қанында өзіне тән бейтараптаушы антиденелердің барлығына көз жеткізу арқылы жүргізіледі. Вирусты бөліп алу үшін өлген құстың миы мен өңешінен, кеңірдегі мен көк бауырынан кесіп алып, фосфатты буферлік ерітіндіге (1:10) езеді де, 5 мың ӘБ пенциллин және стрептомицин араластырып, физиологиялық ерітіндіге (1:50) қосады да, әрбір сау құсқа 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке немесе тері астына жібереді. Содан соң дайындалған езінді тұнбасынан аз ғана алып, 10-12 күндік тауық эмбрионының аллантоис қуысына жібереді. Патматериалда вирус барболса тәжірибедегі сақа тауықгар 3-10 күнде өледі, ал тауық эмбрионында 48-96 сағат ішінде Ньюкасл ауруына тән өзгерістер байқалып, ұрық өлуге тиіс. Осы өлген эмбрионның алантоис қуысынан алынған сұйықта ауру қоздырушысын ГАР, БР, ГАТР реакцияларымен анықтайды. ГАР ды қою үшін вирусы бар материалды 1: 2 ден 1:1024 дейінқатынаста сұйылтады. Олүшінплексигластық планшетке 0,2 см 3 физиологиялықерітінді, сосынбіріншіұяшыққа 0,2 см3 вирустықұяды жәнеекіншіұяшыққа 0,2 см 3 қоспаны құяды қажетті сұйылтуға дейін осыны қайталайды. Соңғы ұяшықтан 0,2 см 3 төғіп тастайды. Әр ұяшыққа 0,2 см 3 1-% эритроциттер суспензиясын қосады. Комнаттық температурада жарты сағатқа қалдырады. Реакция жауабын оң болып есептеледі егер ұяшық түбінде қолшатырға ұқсас тұңба түзілсе. Теріс нәтижеде түйме тәрізді тұнба түзіледі. Вирус идентификациясын жасау үшін ГАТР, ИФТ және ПТР жасайды. Ажыратып балау. Аурудың жұқпалы тұмау, жұқпалы ринотрахеиттен, жұқпалы бронхиттен, пастереллезден, уланудан сондай-ақ организмде витамин жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан ажырату керек. Уланудан ажырату үшін жем сынамаларын алады және сол жемнің уыттылығын биосынама қою арқылы анықтайды. Ал жұқпалы ларинготрахеитте көбінесе көз коньюктивасы, трахеясы зақымдалды бірақ ішек асқазан жолдары зақымдалмайды. Ауырып жазылған және вакцина егілген құстардың бойында осы ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Құстың жасына жэне вакцина егудің мерзімі мен Неше рет егілуіне және егу тәсілдеріне қарай құстың қанында антиденелер жинақталады. Құсқа мұндай иммунитет беру үшін Вь Ла-Сота, Бор-74, Н штамдарынан даярланған вакциналар пайдаланылады. Аурудан сау шаруашылықгарда құстардың күйі жақсы болса, алғашқы рет вакцина олардың 15-20 күндік жасында, екінші рет - 45-60, үшінші рет - 140-150 күндік жастарында, ал одан әрі әрбір 6 ай сайын жаппай егіліп отырады. Құстарға вакцина егуден 5 күн бұрын және егілгеннен кейін 7 күн аралығында сульфаниламинді және биологиялық дәрмектерді қолданыстан алып тастайды. Вакцина егілген құстарда иммунитет 7-8 күн өткенде пайда болады да 6 ай бойы сақталады.[3]
2.3 Құс етін сойғанға дейін және сойғаннан кейінгі балау
Нюкасл ауруы кезіндегі зертханалық балау
Сояр алдындағы балау.Ауру құстар селсоқ күйінде, ұйқышыл, тыныс алуы қиындап, жөтел, айдары көкшілденіп, танау қуысымен тұмсығынансұйықтық ағады. Іші өтіп, нәжісте кейде қан аралас шығады. Аяқ, мойын тартылып, сіреспеленіп, осыдан ақсақтыққа ұшырауы, бір не қос қанатының салбырап қалуы кездеседі. Союдан кейінгі балау.Ас қорыту, тыныс алу органдарының кілегейлі қабығында ұсақ дақ не жолақтанып қан құйылғаны көрінеді. Тікішектің кілегейлі бездері мен қабығына, асқазанға, соқыр ішектің тарамдалып, таралатын тұсына ұзыншақ жолақша сияқты не дөңгелене қан құйылғаны көрініп, тоқ ішектің ісініп, фиброз-некрозды ошақтардың домалақ не сопақша күйдегілері болуы кездеседі. Көмей, кеңсірік, ауызда сілекейлі-кілегейлену кездеседі. [4]
Патматериалды алу. Ол үшін зертханалық зерттеуге келесі патологиялық материал жіберіледі: жаңадан өлген немесе өлтірілген құстарды, құстардың бас миы, бауыр, көк бауыры, өкпесі, трахея, жілік майы, ішектері мен клоака шайындылары және қан сарысулары алынады. Алынған патологиялық материалдарды салқын мұздатылған термостарға салып зертханаға жеткізеді. Зерттеуге алынған ішкі ағзаларды залалсызданған 50% глицерин дистильденген судағы ерітіндісіне салады.
Зертханалық балауы. Антиденені вирусқа анықтау үшін зертханаға бір құс қамайтын күркеден 25 құс қанының сарысу сынамасын жібереді. 2 - 3 жұмадан кейін сол құстардан қайтадан 25 сынамасын жібереді. Тауықтардан қанды алғанда асептиканы сақтау керек. Сарысуды алғаннан кейін 1:20000 қатынаста мертиолат қосып консервирлейді
Ньюкасл ауруының (НА) вирустарының дифференциалды зертханалық балауы. Оны келесі жоба бойынша жүргізеді: вирусты тауық эмбрионында бөлу арқылы; гемагглютинация тежеу реакциясында құс тұмауының вирусын Ньюкасл ауруының вирусынан дифференциалдық балауы.
Ньюкасл ауруына күмәнданғанда біріншіден вирусты гемагглютинация реакциясымен табуға әрекет жасайды. Ол үшін патологиялық материалдың суспензиясының бір тамшысына 5% тауық эритроцит суспензиясының тамшысын қосады. Патологиялық материалда гемагглютинирленетін вирус бар болса, гемагглютинация реакцияның нәтижесі оң көрсетеді.
Вирустарды бөлу. Биосынамамен вирусты табу және оның суспензиясын патологиялық материалдан бөлу мақсатында 9 - 11 күндік тауық эмбрионының аллантоис қабатына енгізеді. Онда Ньюкасл ауруының вирусының немесе құс тұмауының вирусының көбеюінен, вирус штамының вируленттігіне байланысты эмбриондар 20 - 76 сағат соң өледі. Өлген эмбриондарды жарып қарағанда ұрықтың бас миында, денесінде және табанында көптеген нүктелі қан құйылуларын байқауға болады.
Өлген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz