Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулар жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулары және олардың этномәдени сипаты

Жоспар

КІРІСПЕ
ТАРАУ1. ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Лингвомәдениеттанымдық концепт - тіл білімінің зерттеу нысаны
Туыстық атауларды лингвистикалық тұрғыда зерттеу
ТАРАУ2. ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Паремиялар, оларды зерттеу түрлері
2.2 Қазақ, ағылшын тілдеріндегі туыстық концептісінің құндылық компоненті
2.2.1 Қазақ, ағылшын паремияларындағы ағайындықтың репрезентациясы
2.2.2 Қазақ, ағылшын тілдеріндегі құда-жекжат атаулары мен олардың тілдегі көрінісі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Әр халықтың қайталанбайтын ұлттық сипатын, өзіне тән өзгешеліктерін құрайтын әдет-ғұрып лексикасы бар. Ол рухани дүниені де, материалдық дүниені де түгел қамтиды. Солардың ішінде өзінің ғасырлар қойнауына кететін терең тарихымен, жүйелі құрылымымен, мәдениетаралық коммуникация үшін ерекше маңызды танымдық құндылықтарымен ерекшеленетін сөздер тобы - туыстық атаулар.
Туыстық қатынастар қоғамның қалыптасуы және дамуымен қатар жүруінің нәтижесінде туыстық атаулар қай тілдің болмасын лексикасының іргетасы деп айтсақ та қате болмайды.
Туыстық, туысқандық, қандастық қарым-қатынастарды ғана анықтап қана қоймай, адамның қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтайды. Сонымен қатар, туыстық атаулар тілдің өзіндік ерекшелігін, ұлттың даму жолының айырмашылықтарын айқын көрсетеді, солайша ұлттық менталитеттің этномәдени сипатын береді.
Әлеуметтік өмір мен қоғамның "бейнесі" ретінде туыстық атаулар өмірімізде өз орнын алады. Туыстық феномені өзінің көп қырлылығына байланысты әр түрлі аспектіде әр түрлі ғылымдардың зерттеу оъектісі бола алады. Оны биология (генетика), қоғамтану, генеалогия, этнография, психология, мәдениеттану, лингвистика, тіпті юриспруденция ғылымы да зерттейді. [6]
Туыстық құбылыс күрделі сипатқа ие: қандастықтың биологиялық негізі мен қазіргі қоғамдағы неке арқылы туыс болудың әлеуметтік табиғаты туыс емес адамдарды туысқан статусына көтеретін заңдық, рухани және салт-дәстүрлік компоненттерден тұрады. Сонымен қатар, Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші, туыстық статустар әр елде, сол елдің қалыптасып кеткен этномәдени ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Тек қоғамның құрылысы мен туыстық қарым-қатынас сипаты ғана емес, сонымен қатар, оны мәдени ұғынуы, дәстүрлік ерекшеліктері, мазмұны мен салт-дәстүрлерін қастерлеуі, оның өмірде алатын орны әр қоғамдық құрылым үшін дербес болып табылады. [6]
Осылайша әр түрлі факторларға сәйкес туыстықтың бірнеше деңгейін анықтауға болады:
Қандастық - ортақ ата-бабадан өрбіген ұрпақтар, туыстас, бауырлас (тікелей) немесе аталарының бір болуымен негізделген адамдар арасындағы байланыс (жанамаалыс туысқан); бұл табиғат белгілеген анықтамалық туыстық; руластық;
Неке туыстық - қоғамда қалыптасқан неке формасы анықтаған туысқандық байланыс; екі адамның некелесуінен туындаған әлеуметтік туыстық;
Заңдық туыстық - туысқан емес тұлғалардың заң арқылы (асырап алу) қарым-қатынасын қандас туыстыққа теңестіру;
Салт-дәстүрлі туысқандық - салт жасау, серт беру арқылы туыстасу (бір ананың сүтін ішкен балалар, достықтың бауырластыққа ұласуы, ауылдастық, бір нанды үзіп жеген адамдар арасында);
Психологиялық туыстық - бір біріне туыстуыс емес адамдардың қарым-қатынасының жақындапалыстауы; бұл жерде жеке мінез-құлық, адамдардың бір біріне көзқарасы үлкен рөл ойнайды. [6]
Бұндай күрделі жүйе біртіндеп қалыптасқан. Туыстыққа деген бастапқы көзқарас синкретикалық сипат алып, әлемнің құрылысын түсіндірудің жолы болып табылған. [6] Синкретизм Жігі ашылмаған, біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым, қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты. [9]
Осы орайда бұл зерттеу жұмысында тіл мен мәдениеттің ара-қатынасы және туыстық атауларды лингвомәдени, этномәдени, лингвистикалық тұрғыдан зерттеу және оның жолдары туралы болмақ. Уақыт ағысыменен өзгеріске ұшыраған туыстық терминдерді анықтап, олардың себептерін түсіндіруге тырысамын.
Дипломның мақсаты: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулардың салыстырмалы сипаттамасын беру; Қазақ, ағылшын тілдеріндегі туыстық концептісінің құндылық компонентін зерттеу; Қазақ, ағылшын тілдеріндегі туыстық атауларға этномәдени сипаттама беру.
Міндеті:
Өзектілігі: Қазақ тіліндегі туыстық атаулар жүйесінің бұрын-соңды ағылшын тіліндегі туыстық атаулармен салыстырылмағандығы, сондай-ақ, екі тілдің туыстық атауларының құрамы мен құрылымы туралы жүргізілген лингвистикалық зерттемелер барысында елтанымдық, мәдениеттанымдық, этномәдениеттанымдық құндылық тұрғысынан қарастырылмауы осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулар жүйесі.
Диплом жұмысының теориялық мәнділігі: Зерттеуде туыстық атаулар лингвистикалық тұрғыда зерттеледі; Қазақ, ағылшын тілдеріндегі туыстық концептісінің құндылық компоненттері қарастырылады.
Ғылыми жаңашылдығы: Бұрын-соңды салыстырылынып зерттелінбеген бұл тақырып бойынша мектеп оқушылары арасында сауалнамалар мен зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Әрі осы тақырыпты қысқа мерзімді жоспарға енгізіп, оқушылардың туыстық атаулар жүйесіне деген қызығушылығын ояту мақсатында, сабақ немесе сыныптан тыс жұмыстар өткізу.
Практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде туыстық атаулар лингвистикалық тұрғыда зерттеліп қана қоймай, қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулардың салыстырмалы сипаттамасы мен қазақ, ағылшын тілдеріндегі туыстық концептісінің құндылық компонентіне этномәдени сипаттама беріледі. Бұл өз кезегінде болашақта тек оқушылармен ғана емес колледж, ЖОО студентерімен де жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Берілген тақырып әрі қарай өрбітіліп, тереңірек зерттелетін болса, бұл ағылшын тілін оқытудағы алға басқан қадам болмақ.
Дипломдық жұмыс Кіріспе бөлімнен, Негізгі бөлім 2 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлім диплом жұмысының өзектілігінен, сонымен қатар, дипломның мақсатынан, міндеттерінен, зерттелу нысанынан, теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығынан және практикалық маңыздылығынан тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының неліктен өзекті екенін дәйек ете отырып, қазақ тіліндегі туыстық атаулар жүйесінің бұрын-соңды ағылшын тіліндегі туыстық атаулармен салыстырылмағандығы, сондай-ақ, екі тілдің туыстық атауларының құрамы мен құрылымы туралы жүргізілген лингвистикалық зерттемелер барысында елтанымдық, мәдениеттанымдық, этномәдениеттанымдық құндылық тұрғысынан қарастырылмауы сөз болады.
Диплом жұмысының негізгі бөлімі ауқымды болмақ. Негізгі бөлім 2 үлкен тараудан тұрады. 1-тарау зерттеу жұмысының толыққанды теориялық негізін құрайды. Бұл тарауда лингвомәдениеттанымдық концептілерді зерттеудің теориялық негіздері қарастырылып, 2 кіші тараушаларда тіл білімінің зерттеу нысаны - лингвомәдениеттанымдық концепт пен туыстық атауларды лингвистикалық тұрғыда зерттеудің теориясы беріледі.
Теориялық материалдарды соңғы 10 жылда жарық көрген еңбектерге артықшылық бере отырып, басым бөлігін орыс тіліндегі деректемелерден алдым. Оның ішінде О.Ю. Николенконың туыстық феноменнің әртүрлі түп негіздері мен лингвистикалық көрінісі антропоцентристік лингвистика тұрғысынан зерттелуі туралы жазылған Туыстық феноменнің лингвистикалық зерттелуі еңбегі, Л. В. Щеглова, Н. Б. Шипулина, Н. Р. Суродинаның авторлық Мәдениет және этнос атты студенттердің өзіндік жұмысына арналған оқу құралы, А. А. Лобжанидзе, Д. В. Заяцтың Әлемнің этномәдени аудандары атты оқу құралы теориялық материалдардың түпдерегі болды. Одан әрмен қарай қазақ авторлары М. Зүкенұлының Ер жігіттің үш жұрты, З.К. Шәукенованың Қазақ руханияты: Тарихи-Философиялық және Этномәдени негіздер, Г.Т. Хайруллинның Основы педагогики межэтнического общения еңбектері қолданылды. Толығырақ әдебиеттер тізімінде.
Негізгі бөлімнің 2-тарауы теория мен практиканы ұштастырған 4 тараушадан тұрады. Қазақ, ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулардың салыстырмалы сипаттамасын бере отырып, зерттеу жұмысы
Паремиялар, оларды зерттеу түрлері,
Қазақ, ағылшын тілдеріндегі туыстық концептісінің құндылық компоненті,
Қазақ, ағылшын паремияларындағы ағайындықтың репрезентациясы,
Қазақ, ағылшын тілдеріндегі құда-жекжат атаулары мен олардың тілдегі көрінісі
сынды маңызды бөлімшелермен жалғасады.
2-тарау теориялық негіздермен қатар практиканы да талап еткендіктен, бұл бөлім дипломдық жұмысымның ең маңызды бөлімі болмақ. Мұнда дипломалды тәжірибе жинақтауда жүргізілген зерттеу жұмыстардың нәтижелерімен бөлісіп, кейбір мәселелерге шешім табуға тырыстым.

ТАРАУ1. ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Лингвистиканың әлі де талқылауды қажет ететін сұрақтары көп. Лингвистиканың дамуымен қатар ғалымдардың қызығушылығын тудыратын сұрақтар азаймаса, көбеюде. Оның ішінде тілдегі рухани лексиканың ауқымды бөлігін құрайтын туыстық атаулар жүйесі біздің ерекше назарымызға ілігіп тұр. Өзектілігін жоғалтпай, әлі де зерттеуді қажет ететін бұл тақырып менің де қызығушылығымды оятты. Менің ойымша, туыстық атаулар жүйесі тілді жаңадан зерттеу принциптері мен жолдары пайда болып, бұл тақырыпқа жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік туғанына байланысты әлі күнге дейін зерттеліп келеді.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап қазіргі уақытқа дейін ғылымның дамуы нәтижесінде антроцентризм принципінің басымдылық алуы туыстық атаулар мен онимдердің гуманитарлық ғылымдар арасында алғы шетке шығуына әкеп соқты. Когнитивті лингвистиканың жеке ілім болып қалыптасуы және оның озық идеяларының дамуы тіл білімінің алға басуы мен тіл және мәдениет, тіл және адам, Уильгельм фон Гумбольдттың тіл және ұлттық рух сынды принциптеріне ерекше маңыздылықпен алғы шеттен орын берді. Бұл зерттеуге деген көзқарастар тілдің бүкіл аспектілеріне өз ықпалын тигізді. [7]
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соматикалық фразеологизмдер
Түрлі ұлт өкілдеріндегі сыпайылық категориясының вербалды және бейварбалды қатынастар арқылы көрініс табуы (ағылшын, қазақ, орыс тілдері негізінде)
Сыпайылық пен қаратпа сөздердің семантикалығы
Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың мағыналық құрылымы мен лексикографиялану ерекшеліктері
Кәрілік адам жасын білдіретін түбірі сын есімнен болған сөз
Қазақ - ағылшын прагматонимдерінің семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі сыпайылық категориясының ерекшелігі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ- ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖОСПАРЫ
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІНДЕ БЕРІЛУІ
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Пәндер