Пейзаждық сурет салу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

I. КIРIСПЕ.

Курстық жұмыстың мақсаты : Бейнелеу өнерiнде сурет салуда қолданылатын құрал - жабдықтардың пайдалану реттерi, қылқаламмен сурет салуда жаңа әдiстердi салуға баулу.

Курстық жұмыстың мiндеттерi : Сурет салуда құрал - жабдықтарды қолдануда ереженi дұрыс меңгерту жолдары.

Зерттеу объектiсi : Бейнелеу өнерi сабағында жаңа теxникамен жұмыс жасау әдiстерi.

Зерттеу әдiстерi: Ғылыми әдiстемелiк оқулықтар, газет, журнал, суретшiлер туындылары.

Зерттеу пәнi: Бейнелеу өнерi әдiстемесiмен.

Курстық жұмыс кiрiспеден, екi бөлiмнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiмен және қосымшадан тұрады.

Қазақстан Республикасының Бiлiм министiрлiгi бекiткен оқу жоспарына сәйкес жеке пәндерден сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда бiлiм, тәрбие берiледi. Ол оқушының бiлiмдiлiгiне, қызығушылығына, қабiлетiне байланысты мектептен тыс мекемелерде одан әрi кеңейтiлiп кәсiптiк бағдар берiледi. Оқушыларға бiлiм мен тәрбие берудiң басты жолы - сабақ. Онда мұғалiм белгiленген уақытқа сай оқушылармен бiрлесе отырып мақсаты бар оқу тәрбие мәселесiн шешедi. Сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы бiлiктiлiкке дағдылы игеру және қалыптастыру сабағы, бiлiмдi қорыту және жүйелеу сабағы аралас сабақ болып оқыту әдiстерiне қарай әңгiме сабақ, лекция сабақ, сұрақ - жауап сабақ т. б.

Мектептiң бастауыш сатысындағы “Бейнелеу өнерi” пәнiнiң негiзгi функциясы мектеп оқушылардың табиғи қабiлетiнiң дамуына себептесетiн оларға көркем бiлiM мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Бiлiм берудiң алғашқы кезеңiнде композиция құрастыру кескiндеме, мүсiн, сәндiк -қолданбалы өнер бойынша бiлiм, бiлiк дағдыларының негiзi қаланады.

Бастауыш мектеп сатысында бейнелеу өнерi пәнiн оқытудың негiзгi мақсаты - оқушылардың қоршаған әлемдi бейнелi қабылдау көркем шығармашылық қабiлеттерi мен бейiмдiлiгiн дамыту және сезiмдiк, эмоционалды - құндылық тәжiрибелерiн тереңдетiп, байыту болып табылады.

Мемлекет бiлiм бағдарламасы тағы басқа үкiмет қабылдаған маңызды қаулылар бiлiм беру жүйесiнен нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып дамытуға жаңа жол ашуда.

Бiлiм беру iсiнде ұстаз - басты әрi шешушi тұлға бұл ұстаздың сапалылығы, бiлiмдарлығы, абырой - беделi оның шәкiртiнен көрiнедi. Шәкiрттiң жақсы болмағы ұстазынан деп тегiн айтпаған. Халық ұстаз ұғымы мағынасы кең мәнi түпкi тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуына бiлiмнiң қажеттiгi сол бiлiмдi таратушы, жеткiзушi ұстаздың қажеттiлiгiнен бiрдей маңызға ие болған.

3

1. 1. Бейнелеу өнерiн меңгеру, бiлiм мен дағдыларын қалыптастыру жолдары.

Бейнелеу өнерiн меңгеру - мұның өзi де бiлiм мен дағдыларға ие болу. Аспаптарды, материалды жұмыс техникасын жақсы бiлу профессионалдық шеберiн тәсiлдерiн меңгеру қажет. Бұл туынды жасағысы келетiндердiң, жұмыста ең болмағанда өзiне көрiнетiндей табысқа ие болып, одан ләззәт алғысы келетiндердiң, бәрiне қажет.

Бейнелеу өнерiне әуестенушiге қалай үйрену керек? Бұл сұраққа өте қарапайым және бiр сөзбен жауап бере салу қиын. Жауап жұмыс тәжiрибесiнен және творчествалық процестiң өзiне тән ерекшелiгiнен туындайтын көптеген жеке сұрақтарға берiлген жауаптардан құралады. Әуесқой суретшi жұмысының жалпы прициптерiн белгiлеп берейiк.

Талапкер суретшi қылқаламды құшырлана қанағат сезiммен қолға алады, бұл оны айналадан ерекшеленiп тұрады. Мұны өз бойында үнемi сақтап отыру, кiтаптардан оқылған ережелермен сiрестiрiп қоймай, бұл ережелердi сұрақтардың пайда болу және нақты творчестволық мiндеттердiң шешiлу дәрежесiне қарай, өз жұмысына бiртiндеп енгiзу қажает. Ең алдымен түрлi ережелер мен мәлiметтердi мүмкiндiгiнше көбiрек жаттап алып, содан кейiн ғана жұмысқа кiрiскен жөн деп ойламау керек. Бәрiнен бұрын өз көзiне және өзiнiң жеке сезiмiңе көбiрек сен. Оның өзiнде жеке бастың практикасы, өз тәжiрибең теориялық бiлiмдердi бейне бiр басып озып, оларға деген қажетсiнудi тудыруға тиiс. Талапкер суретшi творчество арқылы үйренуге тиiс.

Өз бойларыңды қызығушылықты жұмысқа деген творчествалық көзқарасты дамытыңдар. Мысалы, қандай да бiр заттың өзiне қарап суретiн салу сияқты тiптi қарапайым мiндеттi шеше отырып, сендер мүмкiндiгiнше оның атқаратын қызметiне терең ой жiберуге, сол заттың алуан түрлi қасиеттерiн белгiлеуге, оның конструкциясымен формаларының

ерекшелiктерiне, оның үстiндегi жарық пен көленкенiң құбылуына, заттың және оның айналасындағылардың өң -түсiнiң ара қатынастарына назар аударуға тиiссiңдер .

Авторға мейлiнше қызықтыда сипатты болып көрiнетiндердiң бәрi шығармада шынайы бейнеленуi тиiс.

Естерiңде болсын, егер сендер өздерiң белсендiде табанды болмасаңдар, өз еңбектерiнiң нәтижелерiнiң ой елегiнен өткiзуге ұмтылмасаңдар ешқандай кiтап еш бiр жетекшi сендерден суретшi шығара алмайды.

Сендердiң басты мақсаттарың - белсендi реалистiк творчествоға үйрену. Ал, мұндай творчествонын негiзiнде айналадағыны қырағы да, мұқият бақылай бiлу, бейнелеу үшiн, көркем туынды жасау үшiн басты, маңызды нәрсенi ұстай бiлу жатады.

Бұған үйрену, яғни өз бойында айналаға қарап, көре бiлу, пропортцияларды, ауқымды формаларды, айналадағы заттардың түсiн тауып, дұрыс бағалай бiлу қабiлетiн бақылау объектiсiн нәзiк сезiммен, әсерлi, тұтас және обрызды түрде қабылдай бiлу қабiлетiн дамыту керек.

Әуесқой суретшi графикаға немесе кескiндемеге декорациалық-безендiру өнерiне белгiлi бiр дәрежеде жеке iш тарта қарауы, оны жақсы қарауы мүмкiн, бiрақ ол суретпен де, кескiндемемен де, композициямен де айналыспай, кез-келген салада жақсы суретшi болуға болмайтынын есте ұстауға тиiс. Онын үстiне сурет және кескiндеме сабақтарында заттың өзiне қарап сурет салу жұмысын есте ұстағандары бойынша жеке қиялы бойынша жасалатын жұмыспен, ұзаққа созылатын және тез бiтетiн жұмыстармен мiндеттi түрде кезектесiп отыруы талап етiледi.

Сонымен, жас суретшi творчествалық биiктерге барлық жағынан және бiр мезгiлде шабуыл жасаған кезде ғана өзiнiң айналысқан жұмыстарында табыстарға жетемiн деп үмiт етуiне болады. Сурет-реалистiк өнердегi барлық нәрсенiң негiзi, ол форманың шын мәнiндегi дамыған сезiмiн бередi, мұнсыз толық қанды кескiндеме жасау да мұмкiн емес. Бiрақ өз тарапынан суретшiге

мейлiнше әсерлi көркемдiк құралдар беретiн кескiндемен де суретпен айналысуға қолайлы ықпал жасайды. Ал суретсiз және кескiндеме суретшi, мейлi картина, плакат немесе театр декорациясы болсын, композиция жасауға дәрменсiз болады. Сурет салудың өзiндiк ерекшелiгi.

Натюрморт француз тiлiнен («nаturе mоrtе») аударғанда« өлi табиғат» деген мағына бередi. Натюрморт дегенiмiз - заттар мен бұйымдарды үйлесiмдi етiп бейнелеген көркем шығарма. Натюрморт француз тiлiнде «өлi табиғат» деген сөз.

Натюрморт - бейнелеу өнерiнiң бiр жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет XVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. Адамды қоршаған заттарды бейнелейтiн суреттi натюрморт дейдi. Ондай заттар қожасының өмiрi мен талғамы, үйреншiктi әдеттерi жайлы көп сыр айтады. Түрлi түстi маталар, ыдыс аяқтар, гүлдер, жемiс жидектер, теңiз байлығы мен түз құстары сияқты әр қилы көрiнiс үйлесiмi қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығын дәрiптеп қана қоймай, бiздiң көңiлiмiздi не мұңға, не шаттыққа бөлейдi. Қай заманның суретшiлерi де графика, мүсiн, бейнелеу өнерiнд талай талай натюрморттар қалдырған. Солардың iшiнде XVII ғасырдағы фламанд, голланд суретшiлерi Ф. Снейдерс, В. Хедтлердiң натюрморттары айрықша орын алады. Кеңес суретшiлерi И. Э. Грабарь, М. С. Сарьян, П. П. Кондальский, И. И. Машков т. б. натюрморттың тамаша шеберлерi болды.

Алдымызда қойылған натюрморт толық жан жақты көрiну үшiн одан қашығырақ отырған жөн. Ара қашықтық бiр жарым, екi метрден кем болмау керек. Отырғанда кез келген жерге отыра салмай натюрморттың композициясы қызықты көрiнетiндей жердi таңдау керек. Орынды белгiлеп алған соң натюрморттың жан жағына қарап, ондағы заттардың жалпы пiшiшiн, тұтас көлемiн зерттеп көру қажет. Қандай суреттi салмайық, оның барлығына ортақ белгiлi бiр жолы, кезеңi болады. Сондықтан сурет төмендегi кезеңдермен бiртiндеп салынып, өрбiп отырады.

1. Зат бейнесiнiң орналасуын анықтау (компоновка) .

2. Құрылымын табу.

3. Пiшiнiн айқындау.

4. Суреттiң аяқталуы.

Бұл тапсырманы орындағанда жоғарыда айтылған мол кеңестердi есте сақтау керек. Заттардың тақырыптық үйлесiмдiгiне, материалдық түрлерiнiң байлығына т. б. назар аудару керек.

Пейзаждық сурет салу. Таңданарлық сияқты болғанымен айта кетерлiк, өзiне қарап тұрып пейзаждың суретiн салу, тек жәй салуға қарағанда қиынырақ.

Бiрiншi ерекшелiк - күн мезгiлiмен ауа райына қарап өзгерiп отыратын күштi табиғи жарық. Кез келген пейзаждың басты элементтерi жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала бiлу ең алдымен осы элементтердi, әсiресе ағаштарды сала бiлуге үйрене бiлу керек. Әйтпесе пейзаждың суретi өңсiз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады. Барлық ағаштар бiрдей болар едi.

Көркем-эстетикалық бiлiм мен тәрбиенiң маңызды да тиiмдi әдiсi - эстетикалық көркем сипаттағы бейнелеу әрекетi түрiндегi ойын болып табылады. Фребель өз еңбегiнде баланы эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде өнер түрiнiң барлығының маңызды екендiгiн атап көрсеттi. Сонын iшiнде оқушылардың әр түрлi өнер шығармаларын қабылдауға деген қызығушылығын арттыруға баса назар аударылуда. .

"Көркемдiк шығарманы түсiну, демек оны ең алдымен мәнiсiн жете сезiну, әсерлi қабылдап, бастан кешiру және осы негiзде оның үстiнде ой толғау", - дейдi Б. М. Теплов.

Жалпы өнер дегенiмiз - шындықты көркемдiк бейне арқылы көрсететiн, әлемдi эстетикалық игерудiн маңызды тәсiлiнiң бiрi болып саналатың коғамдық сананың арнайы формасы мен адамның шығармашылық әрекетi. Өнер сұлулық

заңы бойынша қоршаған орта мен өзiн-өзi шығармашылық тұрғыдан өзгерту қабiлеттерiн қалыптастыру мен дамыту мақсаты. Қоғам адамының болмысты рухани меңгерудiң түрi. Өнер өзiнiң тарихи дамуы барысында нақты өнер түрлерiнде шынайы өмiрдiң көп қырлылығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретiнде дамиды. Өнер бiр рет пайда болғаннан кейiн дами отырып, адамның әр жақты қабiлетiн калыптастырады, жетiлдiредi, әлеуметтiк iс-әрекеттермен танымның кез-келген саласында ғылым да болсын, саясатта болсын, тұрмыста және тiкелей еңбектеде iске асырылады.

Өнер шығармалары "өнердi түсiнетiн және әсемдiктен қуанышқа кеңелiп, масаттануға қабiлеттi көпшiлiк жұртшылықты қалыптастырады", - деп жазады К. Маркс. Әрбiр өнер түрi (кескiндеме, сәндiк-қолданбалы өнер, мүсiн өнерi және сәулет өнерi) затты, көрiнiстi, құбылысты суреттеу үшiн өзiнiң ерекше мүмкiндiктерiне ие. Бейнелеу өнерiнiң бiр түрi кескiндеме, сыртқы қатты бетке бояу көмегi арқылы жағылған белгiлi бiр көркемдiк мазмұнды түсiндiрiп берумен ерекшеленедi. Әлемнiң эстетикалык тұрғыдан қабылдануы, кескiндеме түстiк байлығын көру арқылы қабылданады: мүсiндеу өнерiнде пластикалық бейнелер, көлемдiк кеңiстiктiк формаларды мүсiндеу арқылы iске асырылады; графика бейнелеу өнерiнiң бiр түрi ретiнде сурет салу мен басымдық көркемдiк шығармаларды гравюра, литографияны өзiне қамтиды және әртүрлi реңдегi сызықтар, штрих пен дақтар, жарық пен көлеңке арқылы ерекшеленедi; сәулет өнерiнiң ерекшелiгi - адамдардың эстетикалық қажеттiлiгiн қамти отырып, күнделiктi практикалық және рухани мұқтаждығына жауап беретiн сәулеттiк ғимараттар орнату болып табылады: сәндiк өнер адамның тұрмыстық қажеттiлiктерiне қызмет ететiн, өмiрiне әсемдiк әкелетiн, бiр мезгiлде олардың эстетикалық талаптарын қанағаттандыратын өнер түрi болып саналады. Сәндi көнерген әр түрлi материалдардан жасалған бұйымдар жатады. Сәндiк өнер бұйымдарының әсемдiгi олардың формаларының сәндiлiгiне байланысты арта түседi. Безендiрудiң ежелгi түрi бұйымға ритмикалық қайталану мен салынған әшекей немесе оның құрылымдық негiзi болып табылатын ою жатады. Сәндiк өнер шығармаларындағы басты ерекшелiк, практикалық бiлiмге сүйенген эстетикалық принциптердiң бiрлiгi болып табылады. Бұдан жалпы өнер түрлерiнiң қайсысы болса да олардың бәрiнiң ерекше нысанасы адамның болмысқа деген эстетикалық қатынасы ретiнде және эстетикалық әрекетi ретiнде танылады, оның мiндетi - әлемдi көркемдiк тұрғыдан меңгеру. Сол себептi өнер шығармаларының орталық назарында адам, оның өмiрi, белгiлi бiр тарихи жағдайдағы iс-әрекетi тұрады. Өнердiң қоғамдық өмiрде алар орны ерекше. Өнер рухани жан дүниенi байытып, мәдени мұраларды жаңғыртып, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

1. 2. Творчество және заттың өзiне қарап жұмыс жасауға үйрету әдiстерi.

Осы өз творчествосы үшiн заттың өзiне қарап жұмыс жасаудың қаншалықты маңызды болғандығы жайында сүйiспеншiлiкпен шабыттана айтпайтын бiрде-бiр реалист - суретшi жоқ шығар. Ол суретшiнiң үйренуiндегi ең басты бағыттарының бiрi болып келедi және солай болып қала бередi.

Заттың өзiне қарап жұмыс жасау процесi - творчестволық процесс, ол парақты штрихтармен және дақтармен көзге көрiнбейтiндей етiп толтырудан ғана тұрмайды. Өзiнiң едәуiр бөлiгiнде бұл сырт көзге шалына бермейтiн iшкi процесс. Ол суретшiнiң қағазға немесе кенепке қол тигiзуiнен көп бұрын басталады. Осы процестiң бәрiн үш сағатта сатыға бөлуге болады.

Суретшi аспаптарды қолына алып, шығарма жасауға кiрiспен бұрын оның қандай да бiр ой, болашақ шығарманың идеясы баурап алады да ол бiртiндеп ой түйiнiне айналады. Ал, мұның өзi қиялдау арқылы компазициямен ғана болып қоймайды, заттың өзiне қарап жұмыс жасау үстiнде суретшiде ең алдымен түпкi ой түйiнiне қалыптаса бастайды, ол модельдi немесе натюрмортты қою кезiнiң өзiнде, ал пейзаж жасағанда Ландшафттың белгiлi бiр бөлiгiн, жарық түсу сипатын, көрiну жағын таңдағанда одан әрi тұжырымдарға түседi.

Суретшi өз жұмысының ақырғы нәтижесiн - ол қандай болуға тиiс, өзi онда ненi көрсетуге ұмтылуға тиiс екенiн, ол арқылы ненi бiлдiргiсi келетiнiн жалпылама болсада да көз алдына алдын-ала елестетуге тырысады. Көлем,

формат, үйлестiру, түстердiң көрiнiсi бiр сөзбен айтқанда - бүкiл компазицияның шешуi суретшiнiң жеке ерекшелiгiне, оның бойында түпкi ойдың пiсiп жетiлуiне байланысты. Осындай ортақ принциптiк шешiм арнасында кейiн шығармада жасалады.

Творчестволық жұмыстың нақ осындай барысының маңыздылығын әуесқойлар көп жағдайда түсiне бермейдi.

Көпшiлiгi, оның алғашқы екi кезеңiне толық дерлiк соқпай, бiрден үшiншi кезеңге - орындауға кiрiсе отырып, шығарманы тезiрек бiтiруге тырысады. Мұндай жағдайда жалпыдан жалқыға өту принципi елеусiз қалады. Iске былай қараған кезде әусқой суретшi бейне бiр тұтас бейненiң детальдарын көрсетiп, оларды бiртiндеп бiрiн екiншiсiне қоса отырып, әр бiрiн толық «өңдеуге» дейiн жеткiзедi.

Өнер суретшiнiң санасында өңделген және көрерменге көркем образдар түрiнде ұсынылған өмiр бейнесi. Ұлы немiс жасушысы Гетенiң ескертуi бойынша, егер суретшi төбеттi нағыз төбеттен айнытпай дәлме-дәл бейнелесе, онда жарық дүниеде бiр төбет көбiрек болады, ал өнер бұдан ештеңе де ұтпайды.

Заттың өзiн суретшiге зерттеу оны тәптiштеген дәлдiкпен бейнелеу үшiн тiптi де қажет емес, мұның өзi өнер үшiн мүлдем қарапайым мiндет болар едi. Бұл зерттеу суретшiге өз идеяларын, бейнелiп отырған нәрсеге өз қатынасын шығармаға енгiзе отырып, заттың өзiне қарап бейнесiн еркiн кiбiрткiсiз бере бiлу қажет.

Мысалы, А. С. Пушкиннiң «Борис Годунов» шығармасын еске түсiрiп көрiңдершi. Өмiрдi қалай күштi, шынайы бейнелей бiлген! Солай болса да, осы драма кейiпкерлерi бәрi өлеңмен сөйлейдi, ал мұндай жағдай шынайы өмiрде болмайды ғой.

Суретшi бейнелеу үшiн заттарды және өмiрдiң түрлi жағдайларын қызыға талғаммен таңдайды. Ол кездейсоқ, елеусiз нәрселендiң бәрiн алып тастап, тек бiрегей, өзiндiк ерекше жайларды ғана алады, құбылыстардың

жинақтап қорытып, оның толғаныстарының бүкiл иiрiмiн өз бойына сiңiрген көркем образ ретiнде ұсынады. Шынайы көркем шығармада оған суретшi сiңiрген жан дүниесiмен көңiл-күй тебiренiстерi бiздi суретшiмен бiрге сүйiнiп - күйiнуге мәжбүр ете отырып, сонымен бiрге бiр мезгiлде әсемдiктi пайымдаудан эстетикалық ләззәт алуды бастан кешiруге итермелейдi. Нағыз суретшiлер бүкiл өмiр бойы заттың өзiне қарап жұмыс iстейдi-сурет салады, бояулармен салады, мүсiн жасайды. олардың өнер обырыздарыда нақты өмiрдiң осындай бақылауларын творчестволық ой елегiнен өткiзудiң нәтижесi ретiнде туады.

Қажеттi бiлiмдердi менгерумен қатар, әрбiр суретшi өз ерекшелiктерiнiң қандай болуына қарамастан, өз бойында кейбiр ерекше қасиеттердi қалыптастыруға тиiс. Оларға ең алдымен нақты өмiр құбылыстарын бақылауды көре бiлу «Қырағы көзге» ие болу, оларға белсене және қызыға жауап қатуы жатады.

Заттардың формасын штрих арқылы салу үшiн сурет сызықтардан, штрихтардан және дақтардан құралады .

Штрих-қаламұштың немесе өзiнше дербес маңызы жоқ қысқа ғана iзi. Ол басқа штрихтармен қосылып бiрiккенде ғана, оң-түс жасай отырып, маңыз -мәнге ие болады; қою жазылған штрихтар дақ бередi .

Сонымен, штрих дегенiмiз - суретке салынатын заттың объектiсiн, яғни, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын, қандай материалдан жасалғандығын және сыртқы түсiн белгiлейтiн сызық.

Блик - заттың ең жарық жерi, ол көздiң жарығы бетiнен көрiнетiн жерде орналасқан. Жарық - 90 градус бұрышында жарық түсетiн зат бетiнiң жарықтандырылған бөлiгi. Кейде бұл жарық корпустық немесе тiк деп аталады. Бiр жарым немесе бiр жарым - жарық пен көлеңке арасындағы немесе рефлекс пен көлеңке арасындағы ауысу. Көлеңке немесе заттың өз көлеңкесi - бұл тiкелей немесе шағылысқан жарық жоқ заттың қараңғы жерi. Бұл жерде зат тек шашыраңқы жарықпен жарықтандырылған. Рефлекс - бұл зат орналасқан жерден және көршi заттардан (әдетте, заттың шетiндегi жұқа жолақ) шағылысқан жарық түсетiн заттың өз көлеңкесiндегi орын. Рефлекс көрерменге бұл заттың бөлек емес, басқа да түрлi заттардың ортасында, тiптi суретте бейнеленген болмаса да бар екенiн түсiнедi. Рефлекстер жоқ сурет тегiс болады және бейнеленген зат басқа суретте желiмделген сияқты болады. Түсетiн көлеңке - көлеңкелердiң ең қараңғы фазасы (көлеңке түсетiн заттың түсi және көлеңке түсетiн заттың түсi бiрдей болған жағдайда) . Көлеңке түсетiн зат одан әрi, осы көлеңкенiң реңi ашық және айқын емес

Сызық-аспаптың созылмалы қимылының iзi. Оның суреттегi ролi күрделiде жауапты, ол бейнелеп отырған нәрсенiң мәнiмен ажырағысыз байланысты және форманы көркемдiк ой елегiнiң өткiзудiң нәтижесi болып табылады. Сызық - суреттiң ең негiзгi мейлiнше әсерлi элементтерiнiң бiрi.

Суретшiнiң сызығы - бұл чертеж сызығы емес, форманың контурын сезiмсiз бейнелей салған «сым сызық» емес. Ол бiрде жуандап, бiрде жiңiшкерiп, бiрде күшейiп, бiрде толық ғайып болғанға дейiн әсiрелеп отырады.

Қысқа да әсерлi бейне - бiр ғана қимылмен жасалғандай әсер қалдыратын сызықтар силуэттердi, формалардың ауысуын олардың кеңiстiктегi қимылын бередi.

Сурет салуды меңгерудi тiрi модельден емес, «өлi» қозғалмайтын модельден - натюрморттан бастаған жақсы. Натюрмортта ол тұруға шаршап кетiп қалады, тұрған қалпын өзгертедi қорықпай-ақ оны түрлi нүктелерден мұқият зертей отырып қалғанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс iстеу үстiнде жас суретшi заттардың формасын құруға оның конструкциясын талдауға, олардың ерекше өзгешелiктерiн игеруге көмектеседi. Ағаш - бұтақтармен жапырақтардың кездейсоқ үйiндiлерi емес, осы элементтердiң сымбатты жүйесi. Егер суретшi бұны сезiнбесе, онда суретшi аяқтай отырып, ол бейнеленген ағаштың белгiлi бiр бөлiгi үшiн модель қызметiн атқарған бұтақтардың және жапырақ топтарының қайда тұрғанындығын бiлмейтiн болады. Жақсы суреттер басты бұтақтармен жапырақ топтарының мөлшерiмен өзара орналасуы дәл берiлуге тиiс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау бөктерінде
Қытай бейнелеу өнерінің ұстанымдары
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Графика өнері жайлы жалпы баяндау
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанры
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме туралы ұғым
Қалқаман Сариннің қазіргі поэзиядағы орны
Бейнелеу өнерін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz