Оқыту теориясы туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

«Өнер және мәдениет» бөлімі

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

Жөніндегі орынбасары

Г. Б. Каментаева

«»2021 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Я. А. Коменский - дидактиканың негізін салушы»

Мамандығы: 0106000 «Бейнелеу өнері және сызу»

Біліктілігі: 0106013 «Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі» беру мұғалімі»

Орындаған: 4(9) БӨС тобы студенті - Есенжан Елдос

Жетекшісі: Утебалиева. А. Т.

Атырау, 2021

Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Курстық жұмысты қорғаған күні 2020ж.

Пікір берушінің аты-жөні :

ПІКІР

Курстық жұмысты дайындаған студент

Мамандығы

Пәні

Қорғаған тақырыбы:

Бағасы:Пікір берушінің қолы:

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . 3

1. 1. Дидактика туралы түсінік . . . 4

1. 2. Ян Амос Коменскийдің өмірбаяны . . . 8

1. 3. Тәрбие мәселелері туралы . . .

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Я. А. КОМЕНСКИЙ - ДИДАКТИКАНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

2. 1. Я. А. Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы . . .

2. 2. Я. А. Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы

2. 3. Оқыту теориясы туралы

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

ҚОСЫМША . . .

I. КІРІСПЕ

Өзектілігі: Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дін қызметшісі міндетін атқарады. 1618жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың ығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш - католиктік контирреформация құрылды. 10жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, отбасымен бірге Лешноға келді. Бұл Польшаның белгілі общиналық орталығы болатын. Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала-шағасынан айырылды. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді. Голландияда да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тілінде «Ұлы дидактика» басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы 4 жылы ішінде - «Адам ісін түзетудің бүкілжалпылық Кеңесі»атты еңбегін жариялады. XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогы Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой - пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формациының үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ - гуманист, қоғам қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.
ХVIІ ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу - ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері және әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше «Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдарадан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі» деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог «Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады», «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс», «Білімділер нағыз адам»-деді. «Ілім - нравтылықтың спутнигі»-деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл - ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуды, үйренуі қажет -деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Ол ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып - сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болы сақталып қалды.
Оқытудың жаңа әдісіінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақылауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсатымен міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкімнің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат- ұрып, соғу мақсатын көздеді.
Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори- «Ешбір ойластырылмаған», «Ешбір қызықтырмайтын»деп атады. Ал Коменский оданда ауыр етіп «Ақыл соғысы»-деп атады.
Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналады. 1631 жылы « Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрлде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген - Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.
Коменский көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі - «Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі» атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. «Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150жыл орнына 200жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі »- деп жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде иллюстрацияланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде «Ұлы дидактика» атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактика туралы жалпы түсінік бере отырып, оның негізін салған Ян Амос Коменский туралы білімді жетілдіру. Ян Амос Коменскийдің дидактика ғылымында жасаған еңбегін оқу бағдарламасында пайдаланудың маңыздылығын ашып көрсету.

Курстық жұмыс міндеттері:

1) Дидактиканын мәні мен маңызын тану

2) Ян Амос Коменскийдің дидактикаға қосқан үлесін ашу

1. 1. Дидактика туралы түсінік

Дидактика -білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы;

педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.

«Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я. А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII-XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И. Г. Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф. А. Дистервегтің, Ресейде К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.

Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазуында, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол.

Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т. б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.

Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым - Ы. Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т. б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т. б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ. Жұбанов, Т. Тәжібаев, Р. Г. Лемберг, Н. Көшекбаев, т. б. ) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.

Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.

1. 2. Ян Амос Коменскийдің өмірбаяны

Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.

Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты) . Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.

ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты, оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я. А. Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.

Я. А. Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.

Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы бүкіл чех халықмен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі Я. А. Коменскийге өз отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында орын тапқан Я. А. Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол гимназия басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары мен тәсілдері кеңінен мадақталды.

Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі “Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.

“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы - дмдактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т. б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.

1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы “Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.

1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.

1. 3. Тәрбие мәселелері туралы

Коменский білім беру мен тәрбие мәселелерін бір-бірінен бөліп қараған жоқ, әр уақытта бірінсіз екіншісін елестете алмады. Білім беру мен тәрие ісін бір-бірімен байланыста қарастырды.

Коменскийдің пікірінше, тәрбиенің үш сатысы, үш міндеттері болады: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі) және құдайға құлшылық ету (діни тәрбие) . Ортағасырдағы педагогтардан айырмашылығы Коменский бірінші міндеттерді шешуге ерекше мән берді, яғни ақыл-ой тәрбиесін бірінші орынға қойды. Ол оқыту үрдісінде берілетін бір ғана ғылыми білім беру шәкіртті жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра алмайды.

Коменский тәрбиенің ролін өте жоғары бағалады. Адам тәрбиенің арқасында ғана адам болады, ол балалық жас кезеңінде берілуі қажет деп жазды. Ол “кез-келген баладан адам қалыптастыруға болады”, - деп тұжырымдады. Қабілетті, ұқыпты және педагогтың ықпалына көнгіш балалармен қатар, қабілетсіз жалқау және қыңыр келетін өте аз балалардың тобы кездеседі дей келіп, Коменский бұл топтағы балаларды да тәрбиелеу және оқыту керек екендігін сендірді.

Адамның өзін-өзі басқара білуі, Коменскийдің көзқарасы бойынша, тәрбиенің үш түрінің бірі болып табылады. Ол адамгершілік тәрбие арқылы іске асады.

Платоннан және Аристотельден кейін, Коменский негізгі адамгершілік сапарларға даналық, бірқалыптылық, батылдық және әділеттілікті жатқызды.

Даналық ұғымы Коменскийдің көзқарасы бойынша, бұл адамгершілік қасиет негізінен оқыту үрдісінде шәкірттерді ғылым, өнер және тілдер негіздеріне үйретуде, демек, “ғылыми білім” үрдісінде тәрбиелейді.

Бірқалыптылық Коменскийдің айтуынша, оқушыларда әруақытта да “шамадан тыс асып кетпеу” қабілеттілігін тәрбиелеу, әруақытта бірқалыптылықты сақтауға тәрбиелеуді ұсынды. “Бірқалыптылықты тамақта, ұйқыда және жұмыста және ойында, әңгімеде және тыныштықтыққа сақтап отыру” қажет деді.

Батылдылық - бұл жеке тұлғаның бағалы адмгершілік қасиеті. Батылдылық, демек, адамда дамыған ой мен берік еріктің, өз іс-әрекетін және қылықтарын ақылмен анықтай білудің болуын қажет етеді. Табандылық пен шыдамдылық Коменскийде батылдылықтың бір-бірінен бөлінбейтін сапалары ретінде қарастырылады.

Батылдылық және басқа да адамгершілік қасиеттер оқушыларға бірден берілмейді, оқыту үрдісінде бірте-бірте беріледі.

Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру. Бұл адамгершілік қасиет, Коменскийдің айтуынша, жастық шақ кезіндегі жастарға ерекше қажет. Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру әруақытта да балалардың қандай болмасын іспен айналысуы болып табылады.

Осы басты адамгершілік қасиеттермен қатар, Коменский балаларда қарапайымдылық, басқаның айтқанын тыңдау, ұқыптылық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға кеңес берді.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарына Коменский: ата-ананың, мұғалімдердің, жолдастарының үлгісін, балаларға ақыл-кеңес беру, әңгіме өткізу, адамгершілік мінез-құлыққа балаларды жаттықтау, жағымсыз мінез-құлыққа қарсы күресті жатқызды.

Коменский адамгершілік тәрбиесіне төмендегідей негізгі талаптарды қойды:

  • адамгершілік қасиеттерді кішкентай кезден бастау керек;
  • адамгершілік қасиеттерді сөзбен емес, іс-әрекетпен тәрбиелеу;
  • балаларды тәрбиелеуде өмірден және тарихтан алынған мысалдарды кеңінен пайдалану;
  • балаларды бүлінген адамдардың қауымынан және кез-келген басқа да адамгершілікке жат қылықтардан сақтандыру;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Студенттің өзіндік жұмысы
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Педагогикадан дәрістер жайында
Педагогиканың дәрістері
Тәрбие технологияларының жіктемесі
Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz