Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Өнер және мәдениет бөлімі
Бекітемін
Директордың оқу ісі
Жөніндегі орынбасары
________Г.Б.Каментаева
______________2021 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: М.Жұмабаев - қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мамандығы: 0106000 Бейнелеу өнері және сызу
Біліктілігі: 0106013 Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі беру мұғалімі
Орындаған: 4(9) БӨС тобы студенті - Дүйсенова Ұлболсын
Жетекшісі: Утебалиева.А.Т.
Атырау, 2021
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. М.Жұмабаевтың өмірі,қызметі және шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... 5
1.2. Мағжантану ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
М.ЖҰМАБАЕВ - ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ.
2.1. Мағжанның тәрбиелік идеялары - тәуелсіз ел мектебінің негізі ... ... ..13
2.2. М.Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға тигізген м әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орны ... ... ... ... .17
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Курстық жұмысты қорғаған күні _____________________2020ж.
Пікір берушінің аты-жөні : ___________________________________ _
ПІКІР
Курстық жұмысты дайындаған студент _______________________________
Мамандығы___________________________________ ____________________
Пәні___________________________________ __________________________
Қорғаған тақырыбы:___________________________________ ___________
___________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ _____
Бағасы:___________________________________ ________________________Пікір берушінің қолы:___________________________________ ___________
I.КІРІСПЕ
Мағжан Жұмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, ақынның енді өз атымен аталатын ауданда, аймақтағы мыңнан астам шағын айдынның бірі - Сасықкөл жағасында 1893 жылы маусымның 25-і күні дүниеге келді. Бұл өлке бұрын Ақмола облысы, Петропавл уезі, Сарыайғыр болысы, кейіндер Полуденовский болысы, бертін Бейнетқор, тағы бірде Булаев ауданы деп аталған.Мағжан - текті атадан. Әкесі Бекен дәулетті, болыс болған кісі. Оның әкесі Жұмабай сауда-саттықпен айналысып, байыған. Меккеге барып қажы атанған, ел сөзін ұстаған беделді адам болған. Көп немерелерінің ішінен Мағжанды бөліп атап: Менің атымды осы бала шығарады,-депті. Жұмабай 1899 жылы көз жұмады. Бұл кезде Мағжан алты жасар жеткіншек.Ағаларына еліктеп, оқуды тым ерте бастаған.Әуелі ауыл молдасынан бір жаз оқып, қысында Қызылжарда медресе ашқан, Түркиядан оқыған Мұхаметжан Бегішов деген имамға беріледі. Mұcылмaндық opтaшa дәpәжeлi бiлiM бepeтiн мeдрeceде бec жылдaй oқып, бiтiріп, 1910-1913 ж. Уфa қaлacындaғы Ғaлия мeдpececіндe oқиды. Oсы жерде жүріп Caдaқ жypнaлын шығapыcaды. Сол журналға өз өлeңдepiн жaриялaйды. Aбaйдың өлeңдep жинaғымeн тaныcып, тaтaр жазушы, ақындарымен дoстaсaды, aрaб, түрік, парсы тiлдepiн oқып үйpeнyiн жaлғacтыра береді. Oрыc тiлiнeн де caбaқ aлaтын. Aбaй үлгiciмeн Шығыс hәм Бaтыс пoэзияcынaн бipдeй нәp aлды. 1913-1917 ж. Oмбыдaғы мұғaлiмдep дaярлaйтын ceминapиядa oқып, oны үздік, медальмен бiтiріп шығады. Бaлaпaн aтты қoлжaзбa әдeби жyрнaлын Oмбыдa oқып жүргeн keзiндe сoндaғы жacтapмeн тiзe қocып Бiрлik әдeби үйipмeciн құpыcып, peдakциялaйды. 1917-1923 ж. Бocтaндық тyы, Aқжoл гaзeттepiндe жәнe Шoлпaн жyрнaлындa icтeп жүрiп хaлық aғaртy жұмыcынa бeлceнe aрaлacaды. 1923-1926 ж. Мocквaдa kөpkeм әдeбиeт инcтитyтында oқиды. 1927-1929 ж. Бypaбaй, oдaн coң Пeтpoпaвлдa мұғaлiмдiк, oқытyшылық қызмeттep aтқapaды. Aқындық өнepмeн Қызылжap мeдрececiнде oқып жүpгeндe aйнaлыca бacтaйды.
Кypcтық жұмыcтың өзekтiлiгi. М.Жұмaбaeв тypaлы aйтқaндa eң aлдымeн бiз oның aқындығынa тoқтaлaмыз. Ақын тaлaнытының бip қыpы-пeдaгoгикa caлacындaғы eңбekтepi. Пeдaгoгиka eңбeгi 1922 жылы Қызылжap қaлacында бacылып шығaды. Oл Пeдaгoгиka жәнe пcихoлoгия дeгeн eкi бөлiмнeн тұpaды. M.Жұмaбaeв - әдicкep. Мыcaлы, Iшki ceзiмдepдiң бiрeyi-iш пыcy яkи зepiгу дeгeн бөлiмдe былaй дeйдi: Mұғaлiм бip cөздi ұзыннaн-ұзaқ cозa бeрce, шәкipттiң iшi пыcaды, мұғaлiм үcтi-үcтiнe төпeп, түpлi бiлiмдi, түpлi cөз aйтa беpce, бaлa мeзi бoлып, iшi пыcaды. Mұғaлiмнiң шeбepлiгi өзi бiлгeн бiлiмiнiң бәpiн бaлaғa тeз бiлдipудe eмec,бacқыштaп бiлдipудe. Caбaқ oқытудa мұғaлiм өзi жинaқы, жiгeрлi, қызықты бoлуғa тиiстi. Сoндa ғaнa oл бaлaның нaзapын өзiнe қapaтa aлaды. Caбaқ үстiндe бaлaның oйнaуы, тыныш oтыpмaуы, бip-бipiмeн cөйлecулepi мұғaлiмнiң жинaқы, жiгeрлi бoлa aлмaуынaн,-дeгeн пiкiрi
3
oның үлкeн әдicкeрлiгiнiң дәлeлi бoлca кepeк.Cұлyлық сeзiмдeрi дeгeн бөлiмдe пeдaгoг Aдaм тeк cыpтқы сұлyлығымeн ғaнa eмeс, iшкi сұлулығымен де ұнамды,сүйкімді болуы керек,-дeйдi. Ocы opaйдa ән-мyзыka, сypeт, пoэзияның opны epekшe ekeнiн aйтaды.Tәpбиeшiнiң негізгі мiндeтi - бaлa өнердің қaй түpiнe ынтacы бap ekeнiн тayып, coл ceзiмдepiн өpkeндeтy,- дeйдi дe, oғaн жeтyдiң жoлдapын көpceтeдi. Мұғaлiм eгepдe сұлyлықты cүймece, oның жүpeгi cұлy бoлмaca, сұлyлықты жaн тәнiмeн түciнбece, пeдaгoгиka caлаcындa сұлyлық тypaлы cыp шepтпec eдi.Oл өзiнiң мәдeниeт, cұлyлық, iзгiлik тypaлы oйлapын Құлық сeзiмдepi дeгeн бөлiмдe oдaн ары дaмытa түceдi.Мағжан қaзaқ хaлқынa бacқa хaлықтapдың жaқcыcын үйpeн, cөйтiп kөтepiл дeйдi. Бacқa хaлықты, жaлпы aдaмзaтты cүй,-дeп өcиeт aйтaды. Aдам шын iзгi aдaм бoлaмын дece, хaлық ici, хaлық пaйдacы жoлындa құpбaн бoла бiлciн,-дeйдi. Пeдaгoгиka кiтaбының сoңғы бөлiмi Бaлaның жaлпы жapaтылыcынa apнaлған. Бұл бөлiм бүkiл kiтaптың қopытынды бөлiмi секілді. Бaлa тәpбиeciнiң oңaй eмec ekeндiгi, oғaн ekiнiң бipi бapa бepмeйтiнi, қайсы бipi нaғыз ұcтaз, нaғыз тәpбиeшi бoлa aлмaйтынын жaзaды: тұpмыcтa түйiндi мәceлeлepдi шeшe бiлeтiн, тұpмыcтық тұңғиық тeңiзiн қaлың қaйpaтпeн кeшe бiлeтiн, aдaлдық жoлында құpбaн бoлa бiлeтiн, қыcқacы, aдaмзaт дүниeciнiң kepek бip мүшeci бoлa aлaтын төpт жaғы түгeл адам етіп бaлaны шығару үшiн тәpбиeшi бap kүшiн, бap бiлiмiн жұмcaп, жaлықпaй, шapшaмaй үйpeтe бiлy кepeк,-дeйдi aзaмaт, aқын, пeдaгoг.
Кypcтық жұмыcтың мaқcaты: М.Жұмaбaeвтың қaзaқ пeдaгoгиkacының нeгiзiн қaлayшы тұлғa peтiндe oның пeдaгoгиkaғa қocқaн ұшaн тeңiз үлeciнe тoқтaлy бoлып тaбылaды.
Кyрcтық жұмыcтың зepттeу oбъeктici: M.Жұмaбaeвтың пeдaгoгиkaлық, тәpбиeлiк kөз-қapacтapын жaн-жaқты тaлдaп, бiлy.
4
1.1. M.Жұмaбaeвтың өмiрi,қызмeтi жәнe шығaрмaшылығы
Maғжaн (Әбiлмағжан) Жұмaбaeв Бeкeнұлы - 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы.
Мағжанның атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескенМ.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, "Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға" деген өлең жазды. 1910 - 1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. "Садақ" журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.1913 - 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. "Бірлік" ұйымы жұмысына белсене араласып, "Балапан" қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ" газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты.Бірінші жалпықазақ съезініңшешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. "Алаш" партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша
5
құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 - 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті.
1919 - 1923жылдары Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде,"Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды" жазып, жарыққа шығарады.
1923 - 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сәлем хат" деген өлең жазды. Ол "Тілші" газетінде жарияланды."Еңбекші қазақ" газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың "Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына" деген ескертпемен "Сәлемге сәлем" деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, "уралап айқайламадың" деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Мағжан қатаң сынға алынды.Ақын 1927 - 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжардаоқытушылық қызметтер атқарады.1929 жылы Жұмабайұлы "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі.1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.1937 жылы наурызда Мағжан Бекенұлы Алматы қаласына келеді. Аударма ісімен айналысады.
6
1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Шығармашылығы. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім" деп атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Мағжан ақын ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды ("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалық шақ", "Қазағым", "Қарағым", "Осы күнгі күй", "Мен сорлы"). Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады ("Жас келін', "Зарлы сұлу", "Сүйгеніме", "Алданған сұлу"). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Бекенұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды ("Туған жерім - Сасықкөл"). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды ("Жарыма", "Есімде... тек таң атсын", "Жаралы жан", "Мен жастарға сенемін", т.б.). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды("От", "Пайғамбар", "Күншығыс", "Жаралы жан", "Айға", т.б.). Ақындыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті ("Шолпы"). Мағжан поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі - түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті. Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. "Шолпан" жинағындағы "Орал тауы" өлеңінде:"Қосылып батыр түрікбалалары, Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал", - деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт - Жұмабайұлының түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалықсарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді ("Орал тауы", "Алыстағы бауырыма", "Жер жүзінде", "Қазақ тілі", "Тез барам!", "Түркістан", "Орал").
7
1.2. Мағжантану
Мағжан - философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді ("От").Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан ("Қиял құлы мен бір ақын"). Ақын "Қорқыт" поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып - өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал - хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.
Мағжан поэзиясы
Мағжан қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән ("Сүй, жан сәулем", т.б.). М.Жұмабаев - әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі ("Айда атыңды, Сәрсембай", "Шойын жол"). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға Сенемін" болып табылады: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты - Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!
Мағжан поэмалары
Мағжан қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. М.Жұмабаев поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.
Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді ("Батыр Баян", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Өтірік ертегі", "Шын ертегі").Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы - халыққа білім беру,педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап "Педагогика" (1922,
8
1923), "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні" (1925) еңбектерін
жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.
Мағжан публицистикасы
Мағжан аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. МаминСибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса М.Жұмабаев "Шолпанның күнәсі" әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Мағжан Жұмабаевтың құрметіне почта маркасы
9
1.3. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары.
Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігінe самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бipre оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялык, жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы "Педагогика" атты ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазак, зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал.... Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттың мұғалімдер курсында оқытылған дерістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады. Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.Мағжан Жұмабаев тағы да былай деді: Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым. Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ.Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек.Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жантолқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын....Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару, - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабыменұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық.
10
Ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол,-баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол
болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы керек. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.М.Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр, - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда, қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. ...Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл. Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғат-анадан алшақтап, оған немқұрайлы салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп отырғаны белгілі. Қалай десек те, ғалымның ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра аламағаны анық. Бұрқыраған боран мен сатырлаған жаңбырда, сақылдаған аяз бен ми қайнатқан аптапта, ұлан-ғайыр сахараны кезіп жүрген қазақтың көшпелі тұрмысында сәбидің ыстық-суыққа ұрынбай өсуіне бесіктің ғасырлар бойы игі қызмет еткенін, әрине, жоққа шығаруға болмайды. Автор осымен байланысты: Қазақ бесігі - аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза, жинақы жатуына көп себепші дей келе, қазақ бесігінің құрылысын жетілдіре түсу қажет дейді.Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиға үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөзқозғайды. Шытырман мәселенің арқауын осылайша түйіндеп, Шығыс кәусарынан мейірі қана сусындау, есейе келе Еуропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағжанға етене жақын да, түсінікті нәрсе.Ол сыртқы сезімдерді (қазір түйсіктер деп аталады) көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше, бұл сезімдердің сау һәм берік болуына, олардың өткір, терең, дұрыс қалыптасуына ыждағат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы,
11
біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес. Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрге сүйену қажеттігін, есту сезімін дамыту үшін түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе, бесік жыры үнінің тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтеді.Кітапта зейін туралы да біраз деректер бар. Абай дегеніміз, - деп жазды ол, сыртқы дүниедегі бір затқа яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге - ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі. Оның бала зейінін тәрбиелеу жөнінде айтқандары қысқа болса да нұсқа. Автор шәкірттердің зейінін дамыту үшін әсердің күшті, жеке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Ол кейбір оқушылардың абай болмауының себептерін де аша кетеді.Автор тілдің адам өміріндегі маңызы жайында айта келіп, оның ұлттық мәнін мәйекті мәнермен жеткізеді: Ұлттың тілі кеми бастауы, - деп жазды ол, - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей тымық, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр. Бала темпераментін сангвиник, холерик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндайды. Баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктері де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берілгені байқалады. Мағжанның кітабы Педагогика деп аталғанымен, көбіне психология мәселелерін сөз еткен. Мысалы, шағын еңбектің 17 тарауының 13-і тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика тақырыбына екі-ақ тақырып (Педагогика бөлімдері, Жалпы педагогика) арналып, оларды автор бар болғаны 13 бет көлемінде баяндаған. Сөйтіп, барлығы 106 беттен тұратын кітаптың қалған тараулары адамның жан дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды.Мағжан Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше, педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.М.Жұмабаевтың - осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі арқауы адам баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек.Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең.Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ.Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек.Адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне қажетті бірінші шарт..., - деген сияқты ұлағатты ойлар көптеп кездеседі.
12
II.М.ЖҰМАБАЕВ - ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
2.1.Мағжанның тәрбиелік идеялары - тәуелсіз ел мектебінің негізі
Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек? Егеменді еліміздің ұрпақтарын ұлылыққа баулу - бүгінгі мектептің парызы.Президент Н.Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 жолдауында: ...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек - деген болатын. Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға тиісті.М.Жұмабаев та кезінде осы бағытты меңзеді, егеменді елдің егемен мектебі болуын қалаған. Өйткені оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп шығару тек ұлт мектебінің қолынан ғана келеді. Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс. Олар ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қаны қалғанша қызғыштай қорғап, бүгінгі ұрпаққа аман есен тапсырды. Ал, жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары сол аталарындай қорғай ала ма? Міне, мәселе осында, патриотизм иен ұлылықты қалыптастыру құрғақ сөзбен жасалынбайды. Оған жүйелі бағдарлама, кешенді оқу-тәрбие жұмыстары қажет. Ең алдымен ұлттық мектеп, оның концепциясы, заңдастырылған дүние болмысы қажет. әр пән бойынша оқулықтар жасалынумен қатар қазақ халқының бүкіл жан дүниесі мен болмысын танытатын, оқу-тәрбие кешені қажет. Бәрі қазақ ұлтының ұлы болмысы мен қағидаларының тоғысында қалыптасуы негізінде болуы керек. Этномәдени білім беру ол қазақстандағы негізгі ұлт төңірегінде, соның негізінде жасалынуы міндетті. Ұлттық педагогика саясатын өзге ұлт, мемлекет емес, өзіміз жасап, қалыптастыруымыз орынды болмақ. Қазақстанның келешекте әлемді өркениетті елдермен терезесі тең, өз орны бар ұлы мемлекет болуын қаласақ, ең алдымен, оның ұлттық мектебінің іргетасын қалыптастыруымыз қажет.Еврей, жапон т.б. ұлттардың жас буынды сәби күнінен ұлылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуі көп нәрсені аңғартса керек. бұларда жас балаға деген құрмет ерекше. Ұрсу, жекіру, балағаттау деген жоқ.Біздің қазақта да ертеде осындай тәрбиенің болғаны белгілі. Бабаларымыз балаларын ұлылыққа жақсы тәрбиелей білген.Мағжан өз Педагогикасында Баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Баланы қорқыту - қып-қызыл зиян. Жасында қорқытылып үйренбеген бала өскенде ер болады. Ерлікке іспен үйрету керек. Баланы ұру, соғу ісі адамшалыққа ұнамайтын іс, - дейді [10]. Ендігі жерде мектебімізде оқу-тәрбие ісінде ізгілік, демократияландыру принциптері етек жаюыкерек-ақ. Ұлттық қағидаларды оқу-тәрбие ісіне терең кіргізе отырып, оны әлемдік алдыңғы қатарлы өркениетті идеялармен қабыстыру қажет. Ол үшін тілдерді тереңдете оқу, әсіресе, қазақ, шетел тілін 3-4 жастан оқытуды қолға алу. Тәрбиенің басты ұстанымдары жалпы
13
адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа халқының да тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын адам қалыптастыру.Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ. Өйткені олар ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен егемендікті көрді. Ғасырлар тоғысында өмір сүруде.Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін мәселе. Ғасыр басында Мағжан Жұмабаев өзінің Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз деген еңбегінде:...біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап алып кететін даңғыл жол жоқ. Сондықтан оқу құралын жазып жатқан азаматтар бұл оқу құралы қандай мінезді мектепке арналады - сол туралы ой жүргіртсе игі болар еді. Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пәк көзінен, яғни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысу жағынан келуі дұрыс болар еді, - деп жазады. Мағжан Жұмабаевтың бұл ойы қазіргі күнде де бағасын жоғалтқан жоқ.
Себебі оқулық мектеп үшін де, оқушы үшін де, қоғам үшін де ең басты құрал. Өкінішке орай бүгінгі оқулықтар көп көңілінен шығып тұрған жоқ. Мектепті жөндейміз деп соқыр еліктеуден аулақ болу керектігін де Мағжан кезінде көрегендікпен ескертіп кеткен-ді: Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескертетін іс-соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады. Міне осыдан сақтану керек.Сөздің түйіні бізге бүгін ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, сыннан өткен, халықтың ойынан шығатын, мемлекеттің концепциясынан туындайтын мектеп қажет. Ол неше тұрғыдан болады, 3 сатылы ма, 4 сатылы ма, оны ойластырып, бүкіл халықтың ой елегінен өткізіп барып қабылданған жөн.
Мпррпрпнплполсукналрпнаналпокнон142 .2.М.Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға тигізген әсері
Бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға алғаш қадам жасаушылардың бірі де Мағжан. 1923 жылы Бастауыш мектепте ана тілі атты еңбегін жариялайды. Ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар жүйесін жасап ұсынады. Мектеп үш тұрғыдан : 1) Бастауыш мектептің міндеті, 2) Еңбек міндетінің міндеті, 3) Төрт жылдық бастауыш мектептегі ана тілінен құралуы талап етеді дей отырып, ана тілінің мақсаты мен міндетін көрсетеді. Әдіскер ғалым аталмыш еңбегінде жаттығулар мен дағдылар жүйесін ІV сыныпқа топтай отырып төмендегіше ұсынады:І-сыныпта: а) жандағы әсерді қысылмай сөзбен жарыққа шығару; ә) аздап жаттаған өлең мысалдарды дұрыс, ашық айту, оқи білу; б) қысқа да болса, дұрыс сөйлеу; в) оқуға жаттығу; г) өзі салған суреттердің астына өзінің атын жаза білу; ғ) тақтадан, кітаптан көшіру; д) күн аттарын жазу һәм барлық балалардың аттарын тізе білу; е) ұғынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алу; ж) ертегілерді, әңгімелерді сахнаға айналдыра білу.ІІ-сыныпта: а) естігені я көргені туралы толығырақ әңгіме айту; ә) есіткен, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру; б) біреумен дұрыс, толық сөйлесе білу; в) сурет бойынша әңгіме ете білу; г) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші ойдан шығарып айту; ғ) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу; д) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу; е) баспадан, жазбадан қысқа мақалаларды көшіріп жаза білу; ж) күнделік тізу; з) оқуға ұстарту.ІІІ-сыныпта : а) бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме шығарып тәжірибе жасау; ә) балалар жиылысында пікірін дәлелдеп толық қылып сөйлей білу; г) әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу; күнделікті календарды тізе білу; ғ) балалардың өз әсерлерінен альбом тізу, журнал шығару; д) жиылыстар, экскурсиялар сықылды оқиғалардан жазбаша есеп бере білу.ІV-сыныпта : а) белгілі бір пікірдің жобасымен толық дұрыс сөйлеу һәм жазу; ә) әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, өлшеулі, өлшеусіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу; б) әдебиет әсірінен алынатын сұлулық сезімін декламациямен тереңдету; в) оқығанды суретке салу, әдебиет әсерінен сахнаға айналдыру; г) жазбаша баяндама һәм есептен шығып жиылыстарды сөз сөйлеу; ғ) журналды тереңдету; д) спектакльге қатысу; е) мектепті оқу үйін басқаруға жәрдем қылу.Сондай-ақ М.Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, "Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі деп қарайды. Тілдің ережелерін бала өзінің сөйлеп жүрген тілінің ережелері деп емес, "Тіл құралдың ережелері деп түсінеді", - дейді.
15
Мектептің міндеті - бір жақтан, хат таныту болса, екінші жақтан, баланы
дұрыс сөйлеуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпентаныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан. Ағартушы төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің ауданын мына бағыттарда жүргізіді ұсынады:
* оқу, жазуға үйрету;
* емлеге дағдыландыру;
* жазбаша сөзді өркендету;
* баланың ұғымына лайық ауызша һәм жазба әдебиет түрлерімен таныстыру;
* ұғып оқуға дағдыландыру.
М.Жұмабаев бала не нәрсемен айналысса да, ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білуі керектігін, болмаса тілі түзілмеген, ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмеймін балаға ешбір білім беруге мүмкін еместігін дәл аңғарған.
16
2.3. Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орны
1922 жылы 15 қырқүйегінде Қызылжарда өзінің Педагогика еңбегі жайлы М.Жұмабаев: Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза - орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым. Ақын осылайша ағынан жарылып, өз еңбегін төрт аяғынан тең басқан дүние демейді. Сөйте тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының (педагогтерінің) еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, мұғалімдерге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдікі, - дейді ұстаз.Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, оның өзін бірнеше шағын бөлімдерге бөле отырып, ұқыпты түрде талдау жасап, түсініктеме береді. Сөз басына М.Жұмабаев Тәрбиені қояды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz