Әрбір қиын баланы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ Қолжазба құқығында

Салим Айдана Кайргельдыкызы

Тақырыбы: «ТӘРТІБІ ҚИЫН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Білім беру бағдарламасы 7М01101 - «Педагогика және психология»

Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

педагогика ғылымының кандитаты, доцент

Сенкубаев Сабыр Тәлиұлы

Көкшетау, 2021

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар:
КІРІСПЕ
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 1
ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 1. 1
Оқушылардың мінез-құлқын зерттеудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 1. 2
Білім алушылардың мінез-құлқының өзгеруіне әсер ететін факторлар
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 1. 3
Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды түзетудің мәні
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 2
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 2. 1
Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан талдау
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 2. 2
Мінез-құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 3
Таќырып аясында жҮргізілген іс-тәжірибе жҰмыстарының барысы мен қорытындылары
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 3. 1
Әр түрлі жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістері
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 3. 2
Мінез-құлқында қиындығы бар балаларды түзету іс-шаралары
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар: 3. 3
Тақырып аясында жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстарының жалпы қорытындылары
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар:
ЌОРЫТЫНДЫ
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар:
ПАЙДАЛАНЫЛЃАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік сілтемелер, аНыҚтамалар мен ҚысҚартулар:
ЌОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі біздің қоғамның даму кезеңінде өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесі мемлекеттің қоғамдық және саяси міндеттерінің маңыздысы болып отыр. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының арасында мінез-құлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесуде. Педагогика-психология саласы бойынша, мұндай балаларды «мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «қиын балалар» деп атайды.

«Қиын оқушы» деген термин қазіргі тәжірибеде жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың ортасын білдіреді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық бейімделе алмауының тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлық бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады. Жеткіншек жас кезеңінде мінез ерекшеліктері қалыптасып, ол өмірлік максатқа байланысты бола бастайтыны, өмірге деген көзқарасы және бағыттылығымен байланысты екендігі анықталады. Сондықтан психологиялық қызметтің осы бағыттағы жұмыстарының басым көпшілігі жеткіншек жас кезеңіндегілерге көмек көрсетумен байланысты ұйымдастырылады. Жеткіншектің ересектік белгілерді қабылдауда соларға теңелсем дейтін үлгілердің алуан түрлі болуына байланысты. Қалыптасатын өмірлік құндылықтардың мазмұны, жеткіншектің жеке басының қалыптасуының жалпы бағыты көбінесе белгілі бір үлгілерге бағдарлануға байланысты болады. Осы үлгіге негіз болатын ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез-құлық мәнерлері, кейбір өздеріне тән ерекшеліктері болғандықтан балалармен салыстырғандағы артықшылық жағдайлары неғұрлым айқын көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін тартымды болып көрінеді. Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда талқыланды. Бұл мәселенің әрі қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

«Қиын» бала ұғымы - бүгінгі таңда тек ата-ана мен ұстаздар қауымын ғана емес, сонымен қатар, психолог, дәрігер мамандарының зейінін өзіне аударып, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған өзекті психологиялық мәселе болып отыр. Сол себепті «Қиын бала» мәселесінде К. Керімов ғылыми зерттеулерін осы тақырыпқа арнады. Ғалым осы топтағы балалардың мінез-құлық ерекшелігін, жүріс-тұрысындағы жат қылықтарын зерттеп, олардың түзету жолдарын көрсетті. Мәселен, мектептің «қиын» оқушыларымен жұмыс жүргізу жүйесін жасады. Сонымен қоса, болашақ мұғалімдерді «қиын» оқушылармен жұмыс жасай білуге дайындау мәселесін көтерді және «қиын» балаларды жеке және топта түзету бағдарламасын ұсынды [1] .

Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттелініп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда. Жеткіншек жастағы балалар психологиялық көмекті қажет етеді. Дегенмен, жеткіншек жас кезеңінде мінез ерекшеліктері қалыптасып, ол өмірлік максатқа байланысты бола бастайтыны, өмірге деген көзқарасы және бағыттылығымен байланысты екендігі анықталады. Сондықтан психологиялық қызметтің осы бағыттағы жұмыстарының басым көпшілігі жеткіншек жас кезеңіндегілерге көмек көрсетумен байланысты ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлға ретінде калыпасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-құлқының калыптасуында қиындыктар пайда болады. Егер де зерттелу нәтижесінде мінез-кұлқында киындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі калыпты болады. Қиын балаларды, олардың әлеуметтік ауытқуларын тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерде агрессивті мінез-құлық мәселесі ең негізгілердің бірі болып табылады. Көптеген авторлардың пайымдауларынша, агрессивтілік балалардың қоғам өмірі жағдайларына бейімделуін күрделендіруі және жеткіншектердің жат мінез-құлықтарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Агрессивті мінез-құлық айналасындағылардың жауапты реакциясын тудырады, ал бұл жағдай агрессияның күшеюіне әкеліп соғады. Осылайша, баланың, жеткіншектердің агрессивті мінез-құлықтарын зерттеу өте маңызды және де ол күштеп әрекет жасау, сияқты көріністерден байқалады.

Педагогика тарихында «қиын» бала ұғымы ХХ ғасырда кеңінен тарала бастады. «Қиын» аталатын балалар - педагогикалық назардан тыс қалған балалар. «Қиын» деген термин қазіргі тәжірибеде жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Ж. Аймауытов: «Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиесінің жетіспегендігінен баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бір шарт - жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады» деген орынды пікір арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше мән берген [2] .

Зерттеудің мақсаты: Тәртібі қиын білім алушыларды анықтау оны түзету жолдарын іздестіру.

Зерттеудің міндеттері:

- оқу-тәрбие жүйесіндегі мінез-құлқы қиын білім алушылармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін айқындау.

- жеткіншек жастағы мінез-құлқы қиын білім алушыларды анықтау жолдары және түзетудің іс-тәжірибелік мәнін анықтау.

- психикалық үрдістерін дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу.

Зерттеу нысаны: Тәртібі қиын білім алушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс әдістемесі.

Зерттеу пәні : Педагог-психологтың тәртібі қиын білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: «Қиын» баланың әлеуметтенуі және олардың бос уақытын өткізуі туралы, әлеуметтік бағдарламаны іске асыру және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығару, педагог-психолог қызметінде әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мінез-құлқы қиын балалармен жан-жақты педагогикалық-психологиялық жұмыстар жүргізетің болсақ, оқушыларды қоғамға қайта қосып мінездерінің түзелуіне әсер етуге болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік ғылыми зерттеулердегі шығармашылық іс-әрекет теориясы, жеке тұлғаның психологиялық көзқарасы мен зердесін ояту, тұлғаны дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер теориясы, қазіргі жеткіншек жастар арасындағы мәселелер, жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысын жүргізу барысында төмендегі әдістер қолданылады.

- педагогикалық-психологиялық т. б. әдебиеттерге теориялық талдау, нормативтік құжаттарды талдау;

- теориялық зерттеу нәтижелерін бағалауға жүйелі тұрғыда, теориялық және эмпирикалық материалды талдау, мазмұндық жалпылау әдісі, прогностикалық үлгілеу, ойша жобалау;

- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдау;

- психодиагностикалық әдістер;

Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу нәтижесі бойынша, жеткіншек жастағы оқушылар арасында қиын мінезді балалар анықталды. Бұл көрсеткіштерді мектеп мұғалімдері, мектеп психологы және оқушылардың ата-аналары оқушылардың мінез-құлқын түзету мақсатында қолдана алады. Ұсыныстар мен кейбір тұжырымдарды мектептің оқу-тәрбие жүйесінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар :

1. Оқу-тәрбие жүйесінде мінез-құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері;

2. Мінез-құлқы қиын білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі талдау жұмыстары;

3. Тақырып аясында жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстарының барысы мен қорытындылары.

Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі:

Мінез-құлқы қиын білім алушыларды анықтау жолдары қарастырылып, қиын балаларды анықтау мақсатында бірнеше әдістемелер қолданылып, авторлық тесттер пайдаланылды. Сонымен, қиын балаларды түзету шаралары еңгізілді. Осы шаралар тәжірибе жүзінде іске асырылып, тәжірибе барысында қолданылды, сонымен қоса, математикалық статистикалық әдістерді қолданумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу :

«Психолого-педагогические проблемы работы с учащимися с трудным поведением» aтты мaқaлaлaр ғылыми көпшіліккe aрнaлғaн бaсылым бeттeрінeн көрініс тaпты.

Диссертация жұмысының құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің міндеттері, зерттеудің нысаны, зерттеу жұмысының пәні, зерттеудің ғылыми жаңалығы, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу әдістері, зерттеудің практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге еңгізу жолдары баяндалады.

Бірінші бөлімде - оқушылардың тәртібі мінез-құлқы, мінез бітістері, қиын мінезді жеткіншектердің іс-әрекеті, білім алушылардың мінез-құлқына әсер ететін факторлар, сонымен қатар балалардың психологиялық ерекшеліктері анықталады.

Екінші бөлімде - мінез-ќұлќында ќиындыѓы бар оќушыларды педагогикалыќ-психологиялыќ тұрѓыдан талдау мәселелері мен жеткіншек жастаѓы мінез-ќұлќы ќиын балалармен жұмыс жүргізудің негіздері қарастырылады.

Үшінші бөлімде - жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістері анықталады, яғни, мінез-құлқы қиын балаларды анықтау мақсатында авторлық және ғылыми зерттелінген, ғылымға еңгізілген әдістемелер, сауалнамалар, тесттер қолданылады. Сол әдістерді пайдалана отырып, қиын балаларды түзету жұмыстары жүргізіледі, түзету жұмыстарына психологиялық жаттығулар, ойындар, жаттықтырғыштар, түзету мақсатында психологиялық іс-шаралар, тәрбиелік мәні бар шаралар қолданылады.

Қорытындыда зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген жұмыстың қысқаша қорытындысы, сонымен қатар алға қойылған міндеттердің толық шешімі, яғни бастапқыда көзделген мақсат пен міндеттердің орындалғаны жөнінде жазылды және де зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстар еңгізілген.

Диссертациялық жұмыстың жалпы көлемі компьютерлік мәтінмен терілген беттен, кестеден, суреттен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Білім алушылардың мінез-құлқын зерттеудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде бала мінез-құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттелініп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала мінез-құлқының жағымсыз түрлерінің туындау себептері ғылымда өз деңгейінде әлі де жеткілікті деңгейде қарастырылмаған. Мұндай балалардың мінез-құлқына келесі қасиеттер тән: өкпелегіштік, бұзықтық, бірбеткейлік, дөрекілік. Олар басқа балалармен үнемі ұрсысып, керісіп, ескертулерге тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез-құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара қарым-қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындыға келеді.

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11 - 15 жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалы кезең» т. б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық үрдістермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік дәрежесі бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады [3] .

Жасөспірім балалар психологиялық көмекті қажет етеді. Дегенмен, жеткіншек жас кезеңінде мінез ерекшеліктері қалыптасып, ол өмірлік максатқа байланысты бола бастайтыны, өмірге деген көзқарасы және бағыттылығымен байланысты екендігі анықталады. Сондықтан психологиялық қызметтің осы бағыттағы жұмыстарының басым көпшілігі жеткіншек жас кезеңіндегілерге көмек көрсетумен байланысты ұйымдастырылады. Жеткіншектің ересектік белгілерді қабылдауда соларға теңелсем дейтін үлгілердің алуан түрлі болуына байланысты. Қалыптасатын өмірлік құндылықтардың мазмұны, жеткіншектің жеке басының қалыптасуының жалпы бағыты көбінесе белгілі бір үлгілерге бағдарлануға байланысты болады. Осы үлгіге негіз болатын ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез-құлық мәнерлері, кейбір өздеріне тән ерекшеліктері болғандықтан балалармен салыстырғандағы артықшылық жағдайлары неғұрлым айқын көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін тартымды болып көрінеді. Олар - темекі тарту, құмар ойын ойнау, шарап ішу, сөйлеу мәнері, киім мен шаш қоюдағы ересектерге тән сән, сәндік опа-далап, әсемдік заттар, қылымсу тәсілдері, дем алу, көңіл көтеру, ілтипат білдіру т. б. тәсілдерін басшылыққа алады. Темекі ұстаған бала өзіне-өзі ересек болып көрінеді, төңірегіндегілерге де солай болып көрінемін деп ойлайды. Жеткіншек үшін ересек ер азаматтың немесе әйел азаматшасының мұндай белгілерін қабылдау оның өзінің ересектігін көрсетудің өзінде сондай сенімді орнықтырудың амалы. Барлық ересектерге тән қасиеттерді балалармен еліктеу арқылы қабылданады. Мұның өзі ересектікке жетудің ең оңай тәсілі болып табылады, ал жеткіншек үшін оның өзінің ересектігін айналасындағыларға байқатқызатын маңызды әдісі. Сондықтан оның мұндай формасы өте кең тараған ерекше тұрақты болады және жеткіншектерде көбінесе бірінші кезекте орын алады да, оның жағымсыз екенін балаларға ұғындыру қиынға соғады [4] .

Жоғары сыныптағылар немесе басқа балалар нақты үлгілер болатыны жиі кездеседі. Әдетте жеткіншектерді ересектер өмірінің азды-көпті тыйым салынған жақтарына баулитындар, оларға өздерінше «мұғалім», «үйретуші» болатындар нақ солар болады. Ғалымдардың айтуы бойынша, жеткіншектердің қарым-қатынастарының негізі бос уақытты өткізу мәдениетінің төмендігі деген пікір, «көңілді, жеңіл» өмір стиліне еліктеу өте қауіпті болып шығады. Бұл орайда оқу жеткіншектің өмірінде әдетте маңызды орын алмайды, танымдық ынта жоғалады, сөйтіп өзіне сәйкес өмірлік құндылықтарымен қоса уақытты көңілді өткізу деген өзіне тән ерекше ниет бекиді. Уақытты бұлай өткізуге ақшаның қажет болуы құқық бұзушылықтардың себебіне айналуы мүмкін. Қазіргі бар мәліметтерге қарағанда, жасы жетпей тәртібін бұзушылардың көбінің бос уақытын өткізу мәдениеті төмен болады. Ересектіктің дамуындағы мұндай бағыт - өте жағымсыз бағыт. Алайда, ненің де болса өз бастауы бар, жағымсыз жайлардың да алғашқы түйіншектері жеткіншектік жақтың басында пайда болуы мүмкін. Ең кіші жеткіншектердің класын сырт пішінінің ересектігі айқын аңғарылатын балаларды дүрліктіріп жүретіні жиі болады. Олардың ішінде есейіп кеткендер де көп болады. Мұндай балаларды сыныптастары қалғандарымен салыстырғанда ересектер деп түсінеді, нақ осы себептен де оларға барынша ықыластанады. Біреулері оларды жазғырса, енді біреулері оларға теңесуге әрекеттенеді, олармен әбден жақындасуға тырысады. Мұның өзі тәрбиешілер үшін тікелей дабыл болуы керек: ересектіктің мұндай жағымсыз көріністерін дереу анықтап, жеткіншектерде ересектіктің құндылық мазмұны туралы, шынайы сыйластық пен беделдің негіздері туралы дұрыс ұғым қалыптастыру қажет [5] .

Балалардың арасында күштілігімен, батылдығымен, ептілігімен, спорттық іскерліктерімен көзге түсетін құрдасы да жеткіншекке үлгі болуы мүмкін. Мұндай балалар өте белгілі болады, ал мұның үстіне олар жақсы жолдас болса, олардың беделі өте жоғары болуы мүмкін. Қорқақтықтың көріністері үзілді-кесілді айыпталады. Өзінің батылдығын көрсету үшін жеткіншек шектен асқан істерге, ал кейде қоғамдық жағымсыз істерге де тәуекелге баруы мүмкін. Дене күші жоғары бағаланады. Кейде сыныпта немесе бір топ баланың ішінде барлық балалар кімнің күші кімнен асып түсетінін біледі, соны көрсету үшін сайыстарға да түседі. Жеткіншектер өздерінің дене күшінің өсуіне өте сергек қарайды. Олар күресіп, күш сынасқанды жақсы көреді. Күрестің алуан түрлері жұрттың алдында өтеді. Кейбір балалардың төбелесқойлығы көбіне біреуден өзінің күші басым екенін дәлелдеуге тырысумен байланысты. Жолдастары сыйлайтын болуы үшін, жеткіншек өзі айтатын ерлік қасиеттерінің әр түрлі көріністеріне өзінің қатынасу шамасын едәуір асыра көрсетуі мүмкін [6] .

Ересектермен қатар және теңдей еңбекке қатынасу, оларға үлкендер тарапынан көп сенім білдірілген жағдайда жеткіншекте жауапкершілік, дербестік, оңтайлылық сезімін, әртүрлі істер мен міндеттерді орындауда, басқалар туралы ойлап, қамқорлық жасау, сезімталдық пен ілтипаттылық қасиеттерін қалыптастырады. Бұл қасиеттердің қалыптасуына қолайлы жағдайлар жеткіншектерді ересек адамның көмекшісі әрі тірегі позициясында болғанда жасалады. Жақын адамдардың игілігі, олардың қамын ойлау жеткіншек үшін ерекше маңызды болып, өмірлік қазына сипатын алады. Мұның өзі адамгершілік сенімдердің, жеке мінез-құлықтың, болашаққа жоспар құрудың ерте бастан қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды [7] .

Болашаққа арналған жоспарлар туралы ойлағанда жақындарының қамын ойлау көп орын алады. Көптеген жеткіншек ер балалардың ересектердің әр түрлі іскерліктерін - ағаш және темір ұсталығын меңгеруге, станокта жұмыс істеуге, автомашина, мотоцикл, трактор жүргізуге, фотосурет түсіруге, мылтық атып, аң аулауға, компаспен бағдарлануға т. б. іс-әрекеттерді үлкендердей орындауға ұмтылатынын атап айту керек. Қыз балалар да олардан қалыспай, тек әйелдер іскерліктерін ғана меңгерумен шектелмейді. Жеткіншектік шақтың басы осындай іскерліктерді үйретуге ең қолайлы уақыт. Бұл үшін жеткіншекті қолғанат ретінде ересектердің тиісті кәсіптерінде пайдаланылуы қажет. Жеткіншектердің өздері де осыған ұмтылады және сабақ пен үйретудің мазмұны неғұрлым байыпты болса, жеткіншектер жұмысқа соғұрлым ынталана кіріседі. Ересектердің өзіне сенім көрсеткенін жеткіншек ұнатады, оны ақтауға тырысады. Пәндер мен еңбек сабақтарындағы жұмыс балалар үшін жаңалық неғұрлым көп болса, олар өз еңбегінің нәтижесін, оның қоғамға пайдалылығын айқын көрсе, соғұрлым ол жұмыс жеткіншектерге тартымды болады. Балалар үшін ересектердің өздері маңызды әрі қызықты деп санайтын істер мен іс-әрекеттерге қатынасу неғұрлым тартымды. Кішкентай жеткіншектер ересектің көмекшісі рөліне әбден риза, ал неғұрлым естияр болған сайын ол уақытша болса да, жұмыстың қай учаскесінде болса да ересектің орнын толық ауыстырып, әйтеуір мүлдем дербес іс-әрекет жасауға ерекше қуанышты болады. Бұл жеткіншекті жаңа жетістіктерге ұмтылдырады. Ересектермен іскерлік ынтымақ ересектіктің көрінуінің игілікті формасы үшін жағдай жасайды. Мұндай ынтымақ әрбір жеткіншектің өмірінің маңызды әрі ұнамды мазмұны бола алады және болуға тиіс. Жеткіншек өзіне ересектердің сенім білдіргенін сезініп, өз еңбегінің пайдалылығын көрсе, іскерлік көрсетіп, ынтымақ болады. Тәрбиешілер жеткіншектің үлкендерге көмекшісі позициясын белсене қалыптастырып, оны барынша қолдап, нығайтып отыруы керек. Мұндай позицияның болуы жеткіншекте шын мәніндегі әлеуметтік - моральдық ересектіктің және жеке адамның көптеген құнды адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы үшін өте маңызды [8] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын баланы қайта тәрбиелеу
ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сүйіспеншілік беделі
Қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесін теориялық негіздеу
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы себептері
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық- психологиялық негіздемесі
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық дамуының теориялық сипаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz