Хабарламаны жіберу терезесі


Дәріс. Электрондық пошта (E-mail) .
E-mail немесе электрондық почта - нақты абоненттерге желi арқылы хабарлар жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi.
Электронды поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк - технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.
Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер , тұтынушы жағынан программа-клиент жұмыс атқарады. Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген:
1) шығатын хабарды жіберуге - SMTP (SMTP - Simple Mail Transfer Protocol - пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен;
2) келіп түсетін корреспонденцияны қабылдауға - РОРЗ (Post Office Protocol 3 - протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі.
Электрондық поштаның қолданушысы болу үшін :
1) модем немесе желілік адаптер, сәйкес кабелдер керек;
2) қандай да бір пошталық серверде тіркелуіңіз қажет. Мысалы: Sultanov@mail. ru - мұнда:
*коммерциялық @ символының сол жағындағы бөлім - пошталық сервис қызметін қолданушының адресі (қолданушы поштасының адресі) ;
* коммерциялық @ символының оң жағындағы бөлім -пошталық сервердің адресі (қолданушының электрондық адресі)
3) электрондық поштамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнаулы программа (MS Outlook, The Bat!, Eudora және т. б. ) керек.
Mail. ru пошталық серверінде тіркелу жолын қарастырайық:
1) Internet Explorer броузерін жүктеңіз;
2) Шыққан сұхбаттық терезенің адрес бөлімінде мына қатарларды теріңіз: http://www. mail. ru және Enter батырмасын басыңыз;
3) пошталық серверінің сұхбаттық терезесінде тіркелуді ұсынатын бөлімде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шертеміз (8-сурет) ;
8-сурет. Mail. ru пошталық серверінің жалпы көрінісі.
Тіркелуді ұсыну бөлімі
4) ашылған сұхбаттық терезеде барлық қатарларды сұраныс бойынша толтырып шығамыз (9-сурет) ;
9-сурет. Mail. ru пошталық серверінде тіркелу терезесі.
5) барлық мәлімет толығымен қабылданған болса, әкімшілік тарапынан құттықтау хатымен экран бетіне электрондық поштаңыз ашылады (10-сурет) .
10-сурет. Mail. ru пошталық серверінің әкімшілігінің құттықтау хаты.
Ал егер көрсетілген пошта атымен Сізге дейін құрылған пошта жәшіктері бар болса, Сізге пошта жәшігіңіздің атын қайта таңдауыңызды ұсынатын сұхбаттық терезе ашылады. Бұл терезедегі қатарларды тиісті мәліметтермен толтырып Enter пернесін басамыз.
Электрондық поштамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін MS Outlook программасының қызметтерін қарастырайық:
*хабарды қабылдау және дербес көру - РОРЗ серверіне қосылған соң, келіп түскен хабарлар пошталық клиенттің мәліметтер базасына автоматты түрде көшіріледі. Оны дербес режімде оқуға болады;
*жаңа хабарды даярлау - программаның құрамдас мәтіндік редакторында алмасу буферін қолдану, мәтіннің кодталуын таңдау мүмкіндіктері қарастырылған;
*хабарларды реттеу - шығатын және келетін хабарларды ретке келтіре топтау және сұрыптау.
Outlook Express программасы бірқатар стандартты бумалардан тұрады (11-сурет) және қажетті буманы ашу үшін буманы белгілеп алып, тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту керек.
11-сурет. Outlook Express программасы.
Сұхбаттық терезе мына бумалардан тұрады:
1) Входящие бумасы - қабылданған барлық мәліметтерден тұрады. Бұл мәліметтер жойылғанға немесе басқа бумаға сақталғанға дейін осы бума ішінде болады;
2) Удаленные бумасы - жойылған барлық хабарлар сақталады. Бұл мәліметтерді қайта қалпына келтіруге де болады;
3) Исходящие бумасы - арнаулы адреске салып жіберуге дайын барлық мәліметтер сақталады;
4) Отправленные бумасы - электрондық поштамен жіберілген барлық хабарлардың көшірмесі сақталатын бума.
Осы бумалардың ішінде кез-келген хабарламаны оқуға, баспаға жіберуге, жоюға немесе басқа қолданушыға салып жіберуге болады.
Жаңадан хабарлама құру үшін Сообщение→Создать сообщение командасын орындаймыз немесе CTRL+N пернелер комбинациясын басамыз (12-сурет) .
12-сурет. Сообщение→Создать сообщение командасының сұхбаттық терезесі.
Экран бетіне шыққан сұхбаттық терезенің жоғарғы бөлігінде хабарлама жіберілетін электрондық адрес, хабарлама көшірмесі және тақырыбы көрсетіледі. Терезенің төменгі бөлігінде хабарлама мәтіні жазылады. Кому . . . және Копия . . . бөлімдерінде шексіз түрде адрестерді көрсетуге болады және олар бір-бірінен « ; » символы арқылы ажыратылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz