Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер
Тема: "Абай жолы" романындағы синонимдік тасіл аркылы жасалған үстеудің қолдануы
Жоспары:
I. Кірісу:
▪︎Абай жолы романы
Негізгі бөлім.
II. "Абай жолы" романындағы синтетикалық тәсіл арқылы
жасалған үстеулер
III. "Абай жолы" романындағы аналитикалық тәсіл арқылы жасалған
үстеулер
▪︎Қосарлану арқылы жасалған үстеулер
▪︎ Бірігу арқылы жасалған үстеулер
▪︎Сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абай жолы романы
Абай жолы - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты.Эпопеяның Абай атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), Абай жолының тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді.
Абай жолы арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені Абайдай шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес.[1] Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға Абай жолы қандай қасиеттерімен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды. Алдымен, тақырып туралы. Кешегі, яки тарихи тақырып: бүгінгі, яки қазіргі күн тақырыбы деп жүрміз. Бір тұста осылар жөнінде айтыс ашып, дауласып та көрдік. Бәрі шартты нәрсе! (Кеше, бүгін, ертең... Уақыт жалғастығында жік жоқ: таң атса, ертең бүгінге, бүгін кешеге айналады. Демек, кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ). Сондай-ақ бүгінгі қазақ кім? Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды. Әуезов өзінің төрт том Абай жолы арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, Абай жолын оқыған Бенжамен Матип қазақ неткен ғажайып халық деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған. Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.
Жұмысымызда қазақ тілінде үстеулердің жасалуы жолдарын қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезовтің Абай жолы романы мысалдары негізінде үйренуді өз алдымызға мақсат етіп қойдық. Үстеулердің синтетикалық тәсілінде түрліше жұрнақтар қатысатын болады. Олар үстеу жасаудағы икемділігіне қарай біркелкі бола бермейді: біреулері үстеу сөзжасамында көбірек қолданылса, енді біреулері өз жұмсалады. Осыған орай үстеу сөзжасамы жұрнақтарының қызметі сараланады. Бұл ретте, мысалы, -дай, -дей, -ша, -ше, -лап, -леп тәріздес жұрнақтар активті қызметке ие болса, -ең, -ау, -еу түрлері жайында мұны айтуға болмайды. Ал үстеудің аналитикалық тәсілі жеке сөздердің қосарлана және біріге жұмсалуы негізінде жүзеге асады. Сондай-ақ мұнда жеке сөз тіркестері де айрықша қызметке ие болады. Аналитикалық тәсілдің осы аталған жолдары негізінде де тілімізде көптеген үстеу сөздер жасалып жатады. Бұлайша жасалуда жеке сөздердің қалайша қолданылуы өзіндік әсер етеді. Мысалы, қосарлану арқылы жасалған үстеу сөздерде бірде бір түбірлес сөздер қайталана қолданылса, енді бірде екі түбірлес сөздер қосарлана жұмсалады. Соңғысында жеке түбір сөздер мәндік қолданысы жағынан әрқилы болып отырады; бірде олардың бір сыңары мұндай қасиетке ие бола алмайды. Енді бір қолданыста қосарланған екі түбір сөздің де мәні түсініксіздеу болып жатады. Екі сөздің бірігуі арқылы жасалған үстеулердің де табиғатында өзіндік заңдылық байқалады. Бір үстеу сөздер құрамы жағынан әбден бір-біріне сіңісіп кетсе (бүгін, биыл), енді біреулері өзінің әр құрамындағы сипатын танытып тұрады (ауызек, таңертең). Сондықтан мұндай құбылыстарды да өзара саралап отыруымыз керек.
Үстеулердің аналитикалық тәсілінде біразы сөз тіркесі негізінде жасалатын болады. Бұл ретте көбінесе бір сөз табы негізгі ұйытқы болады да, күрделі үстеулердің жасалуына жағдай жасайды:әр жақта, әруақытта. Үстеулердің сөзжасамында жұрнақтардың қызметін бір жақты қарамауымыз керек. Өйткені олардың қайсыбірі ыңғайына қарай әрі синтетикалық, әрі аналитикалық жолдардың екеуіне де бірдей ортақ болып қатынаса береді. Осылай бола тұрса да, мұндай жұрнақтар синтетикалық тәсілде ең негізгі қызмет атқарса, аналитикалық түрінде тек көмекші мәнге ие болады. Мұнда ең басты қызмет сөздердің қосарлана және біріге айтылу заңдылығынан шығып жатса, сол тәсілді бекіте түсуге жұрнақтар да қатынасып отырады. Олардың әр алуан түрлі қызметі үстеулердің сөзжасамын жеке-жеке өзара сар2. Үстеулердің өздеріне тән айырым синтетикалық жолдарын айтпас бұрын септік жалғауының ыңғайында келген үстеу сөздерге тоқтала кеткен жөн. Өйткені мұндай сөздер былай сырт қарағанда түбір жәнe қосымша морфемаларға ажыратылып тұрғанмен, сол қалпында тұтасымен үстеулердің табиғатын танытады. Осы тәрізді сөздер кеңістік қатынастаға септік жалғауларында (бірге, босқа, зорға, демде, анада, бозалаңда, бірден, кенеттен, түнімен) келіп, әр мәнді үстеу сөз таптарын құрап тұрады. Мұндағы қосымшалар бір кезде септік жалғаулары болып танылғанымен, осындай қолданыста енді сөзжасам аффиксіне айналып кеткендігін аңғартады. Осындай қосымшалы сөздер жайында Н.К.Дмитриев кезінде төмендегідей ой білдірген. Басқа тілдер тәріздес, башқұрт тілінде де үстеудің түрлері өзге сөз таптарынан бастапқы сөз өзгерту қызметінен бүтіндей ажырап, өлі формаларға айналып кеткен көрсеткіштер арқылы толығысып отырады. Мұндайда бір септік жалғаулары айрықша мәнге ие болады. Олар өздері жалғанған түбір сөздің мәнісінен ажырап, жаңа сөз жасауға себепші болады да, тек этимологиялық тұрғыдан ғана негізгі зат есімдермен байланысып жатады3.
Міне, бұл айтылған заңдылықтың қазақ тіл біліміне де тікелей
қатынасы бар. Септік жалғауларының ыңғайында жұмсалған үстеу сөздер
осындай қасиетімен танылады. Проф. А.Ысқақов осындай құрылыстағы
үстеулердің көрсеткішін жартылай аффиксті деп қарайды4.Қалай болғанда
да бұл қосымшалар түбір сөздермен кірігіп кетіп, әр мәнді үстеулерді
жасауға ерте кездің өзінен-ақ ат салысқан. Соларды жекелей сараласақ,
олардың көрінісі төмендегідей болып келеді.
-да -де -та-те.
Сөзжасамның осы көрсеткіші үстеу, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік
сөз таптарына қосылып көбінесе мезгілдік, сондай-ақ мекендік ұғымдағы
үстеулердің
қалыптасуына
себепші
болған.Қолдағы
жиналған
материалдар бұл сөзжасам аффиксінің көбінесе үстеу сөздердің
өзіне
жалғанатындығын аңғартып отыр. Бұдан түбір сөздердің өзі үстеулік
мәнде болып, қосымшалардың қосымша, үстемелік қызмет атқарып
тұрғандығын байқаймыз.
Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер. Мұндай үстеу сөздердің
негізі мезгілдік ұғымда (кеше, бүгін, қазір, әзір, ақыры, ерте, жаңа т.б.)
жұмсалып, өзімен біте қайнасып кеткен қосындыны да осындай мәнде
болуға бағыштап тұрады. Мысалы: Үлкен айдынмен үркіте, шошыта
келген қалың қайрат, қара бұлттай қатты ашу қазірде қайта серпіліп,
уақытша сабасына түскендей болды. Абай ойланған кісі сияқтанып, аз
үндемей отырып барып,
ақырында тамағын қырынып алды да, -Әке
сенгеніңізге рақмет!-деді (264.1). Жаңада ғана кетті (502.2).
Кейде осы көрсеткіш басқа сөзжасам аффиксінен кейін мекен сатылап
барып та жалғанады: Ертеректе осы өлкені мекен еткен ағайынды екі
жігіт болады.
Зат есімнен пайда болған үстеулер. Бұл тәріздес үстеулер болған
оқиғаның мекен, мезгіл мөлшерін білдіріп тұрады. Мысалы: Өмірде қадір
тұтар замандасымның бірі боларсың! деп байлады (415.1).
Сын есімнен пайда болған үстеулер. Мұндайда сөздің түбір қалпы
сын есімдік мәнде келеді. Алайда мағыналық үндестігі жағынан кейде
мұндай сөздер үстеулермен астарласып жатады. Мысалы, Мен байдан
баяғыда күдер үзген кісімін (430.1).
Есімдіктен пайда болған үстеулер. Үстеулердің бұл түрінде сөз түбірі
есімдік болады да, -да-де қосымшаларының әсерімен енді олар мезгілдік
ұғымдағы үстеу сөз табын жасайтын болады: Анада, ондайда Мысалы:
Анада өзі барған Құлыншақ та жоқ (120.1). Бұнда осыдан сегіз жыл
бұрын болған, әлгі сұмдық апат жер сілкінуден соң бақша ағаштары қайта
егілген (581.2). Үшеуінің ауылдарындағы бар киіз үйді осында әкеп
тігіңдер (60.1). Білмеймін, әсте, бүйтіп тоңып көрмесем керек еді (475.1).
Соңғы мысалдағы әсте үстеуі ешқашан деген мағынадағы есімдік арқылы
жасалған.
Негізгі сан есім арқылы жасалған үстеулер тілімізде өте аз кездеседі.
Бұл ретте бір сан есімі арқылы келген үстеулерді атауға болар еді: Әр
сөзін бөліп, бірде қатты, бірде сыбырмен айтып, қылғынып, демігіп
отырып (36.1).
-ында інде түрінде келген үстеулерді түбірлік жағынан саралай
келсек, бұлардың да әр түрлі сөз таптарынан жасалатынын байқаймыз.
Зат есім арқылы. Басқа сөз таптарына - нда
көрсеткіші жалғану
арқылы
енді мұндай сөздер сын-қимыл, мекен, мезгілдік сипат алып,
үстеу қатарынан танылады. Мысалы: Басында Құтжан өлген соң,, осы
көктемде жұрт Жексенді кінәлай бастады (26.1). Тегінде Шыңғыстың
асыл шөбі-мық жусан (63.1).
Үстеу арқылы. Түбір сөз үстеудің өзінен болады да, -нда арқылы
қосымша мән алады. Кәмшатты көтеріп, еркелетіп ойнап жүреді де,
ақырында әжесіне әкеп береді (69.1). Ертеңінде тігілген үш үйдің
алдыңғысында ел қазағы жоқ (395.1). Артында біреу өкшелеп қуып келеді
(71.1). Ол бұл Арқаға беріде келген (232.1).
Есімдік арқылы: Үйдегі стол, орындықтарды да осында келтірген еді
(656.2). Өлеңің оттан да ыстық боп тұрған жоқ па! Жақпайды бұңда!-деп,
сәл ғана күрсінді (589.1).
-ға, -ге, (-қа, -ке).
Тұлғасы жағынан сырттай қарағанда, бұл көрсеткіш те бір кезде барыс
септігі
болып
танылғанмен,
үстеу
сөздердің
құрамында
ол
жігі
ажырамастай түбір морфемамен қатар қарастырылады. Басқаша айтқанда
осы туындының өзі жалғанған сөзімен бір тұтастықта үстеу болып кетеді.
Сондықтан
да
осындай
құрылыста
келген
үстеулердің
табиғаты
талданғанда, кірігіп кеткен сол тұтастық қалпы есте сақталады. Талданып
отырған бұл көрсеткіш те көбінесе үстеу сөздердің өзіне жалғанып,
мезгілдік қатынаста жұмсалады. Мысалы: Дәті шыдамаған Байсал кейін
бұрылып, шетке шығып кетті (29.1). Қалада бәле ұлғайып, жер де айқай,
көк те айқай боп кеткен соң тәк-тәкпен зорға ұстап қалдық (175.2).
Сондай-ақ бұл сөзжасам зат есім, сан есім, есімдік және сын есім сөз
таптарына да жалғана береді. Мысалы: Жаңағы түйінді Абай қоса отырып,
Жаңылмен бірге шешті (551.2). Базаралы Сейітті аяғаннан зорға шыдап
тұрған (694.2).
-дан, -ден, (-тан, -тен).
Үстеу сөз табын жасауда шығыс септік жалғауы да айрқыша мәнге ие
болады. Бұл көрсеткіш те (шалқасынан, етпетінен, жүресінен...) бір кезде
шығыс септігі болып танылғанымен, қазірде осы тәріздес сөздерде
солармен біте қайнасып, үстеудің міндетін атқарып тұрады. Бұл құбылыс
түркі тілдерінің заңдылықтарында да айтылады. Қазіргі түрік тілінде
шығыс септік формасынан ажыратылған үстеу мәніндегі сөздер кездесе
береді: бірден, бастан...1
Қазақ тілінің материалында осындай жолмен жасалған үстеулер әр сөз
таптарының негізінде құралады. Ең алдымен бұл көрсеткіш үстеулердің
өзіне жалғанып, негізінен алғанда, мезгілдік және амалдық мәндерде
келеді.
Мезгіл: Қазір аттарды доғартпастан тезінен ар жаққа жөнелу керек
(321.2).
Амалдық мәнде: Екі стражник Базаралыны иығынан жұлқып жіберіп,
шалқасынан бір түсіріп, сәтте етпетінен салып, қамшымен тартып-тартып жіберді (397.1). Көбінше шалқасынан жатады (577.2). Дәрмен
сырт киімін тастап, бешпентшең күйде, жаңағы әйел отырған орынға
жүресінен отырып, еңкейе берді (544.2). Қазір аттарын доғартпастан
тезінен ар жаққа жөнелу керек (321.2).
Зат есім арқылы. Мұндағы үстеулер де, көбінесе амалдық мәнде
жұмсалады:
Абайша сүңгимін-деп, саяз жерге етпетінен жата қалды
(140.1). Сондықтан да барлық ортажатақ, басжатақ Ертіс суын жаңағыдай
алып, ішіп жатыр да, кесел дерт обаның қазасына белшесінен батып
жатыр (439.2).
Сын есім арқылы: Өз орнынан атқып тұрып, оларға: жол бос
дегендей, қаусырма есікті кеңінен ашып жіберіп, тұра қалды (525.2).
Қолынан қан саулап жүрген Дайырды Әбді қақпа аузында белуардан бір
теуіп, сыртқа қарай шаң қаптыра жалпағынан түсірді(550.2).Баймағамбет
пен Абай арбалы күйде осы базарға жағалап келіп, шеттей тұрып
халықтың сырт көрінісін көлденеңнен бақылап тұр (338.2).
Сан есім арқылы: Бірден адасамыз (111.1). Бұрын келген ақындар
күндіз екіден, үштен оңашаланып, өзара өлеңдерін оқысқан (388.2).
Есімдік арқылы: Өздігінен осы іске неліктен бекіндім дегенді
аңғартқандай (90.2).
-ман, -мен.
Үстеу сөздердің құрамында келетін көмектес септігі жалғауының
(-ман,
-мен)
сыры
да
жоғарыда
талданған
-ға,
-ге,
-дан,
-ден
қосымшаларымен бірдей түсіп жатады. Бұл қосымша да көбінесе үстеу,
зат есім сөздерінің құрамында келіп, жаңа реңктегі үстеулерді жасауға
қатысады. Мұндай үстеу сөздер, негізінен алғанда, мекен, мезгіл, амалдық
мәндерді білдіреді. Мысалы: Біраз дауысын өзгертіп, Мағаш пен Дәрменге
қырындап, қиғаш көз тастап отырып, кейде ашудан жыларман болып та,
ойнақыланып сөйлеген (220.2). Дәл жүрерменде Абайға жанашыр қамқор
болғансып, екеу-үшеуі қосылып, келелі бір сөз салды (303.2).-Ашесігіңді!-деп, көнелеу кішкене есікті құлатарман болып, қатты соққылады
(370.1).
Үстеу сөздердің өзінен: бермен, әрмен, ертемен, артығымен. Мысалы:
Ой, сандалма әрман! Одан да ана Байдалының жауабын айт (60.1).
Тәкежан жұрт бұдан арман сөйлесе сөйлесуден мүлде үркіп қалды (93.2).
Оны да арзан бағалап артығымен сыпырады (123.2). Келесі күні ертемен,
ыстық, ашық сәске шақта Абай Ертістің арғы жағасына таяу жүргіншіні
өткізетін үлкендеу бір жел қайыққа кеп мінеді (325.2).
Зат есім арқылы: Баймағамбетке есік жақты көзімен белгі етті (4i0.2).
Хазірет те жаңағы соқырдың қоршау қосарларын аңғарып, бұл адамға
ілтипатпен қарады (425.2). Ал келген жендеттерін ең алдымен маған
жіберіңдер (124.2). Алдымен көшкен солар болды да, өзге Бөкеншілер де
еріксіз тартып кетті (63.1).
Есімдік арқылы: Мәкен дауы осымен аяқталды (541.2).Өйткені
қауым, халық атаулы түгелімен бұның айтқанына иланды (467.2).
-дай,-дей. Бұл аффикс үстеу сөз табын жасауда кеңінен қолданылады.
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік түбірлі сөздерге қосылып, әр мәнді
үстеулерді жасауға қатынасады. Мысалы: Осылайша ойда
жоқтан көп
жүректен атылып шыққан әділ ашу, қалың елді көптен бері қазаға
ұшыратып жүрген қанды-ауыз қасқырды, інінің аузында ойран салып,
масқаралай жазалады (513.2). Өз елінің жуандарын Уақтың көп момын
еліне жығып берген куәлігінен кейін, ол Абайды сырттай мақтай жүретін
(526.2). Абай Мағаш айтты деген сөзді енді тамашалай тыңдайды (560.2).
Осы аффикстің шығу төркіні жайында түркологияда әр түрлі пікір бар.
Мәселен, Н.К.Дмитриев мұны дек формасымен байланыстырады1.
Ал А.Н.Кононов бұл аффикстің негізін көмектес септігінің формасынан
іздестіреді.
Зат есім арқылы: Абайдың көңіліне Смағұлдың жаман сөзі зілдей
тиді (71.1). Өзі де сол бір Саржан бойындай жердегі паромға қаршығадай
атқып берді (502.2). Жиренше Әйгеріммен ауыздай сөйлесіпті (317.1).
Шаруамды
жайлап болған соң, екі күндей әдейі Мағаш билік айтып
жатқан бер жақтағы Сүлейменнің үйіне бардым (558.2).Соның ар
жағынан, алтын арай, жақын таң, түн түнегін азадай серпілтіп, баяу
көтеріп жеңіп келе жатқандай (598.2). Бала ес білгеннен бері қарай
әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып,
танып өскен (9.1). Абайдың көңіліне Смағұлдың жаман сөзі зілдей тиді
(71.1). Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып іріп шіріп өте барады ма?
(525.2).
Сын есім арқылы: Тірідей жерге көміп, жерге сонымен қағамын
(690.2). Тым құрыса аттысы атты, жаяуы жаяудай жабыла қуалады!-
демесін (452.1). Соны кейде ән мен домбыраға қосып айтса, кейде Сеит
қарадай төгілтіп, есіп сөйлеп, ағызып айтып берді (686.2).Тірідей қара
жерге көмдіріп тынасың ба? (102.2). Артына қорқақтай қарап, шала
бұрылып, көз қиығын тастап көрді (5.1). Абай болса қазір өзін анық
аурудай сезеді (317.1).
Есімдік арқылы: осылай, бүкілдей, анадай жерде, пәлендей.Мысалы:
Аралтөбедегі Әйгерім ауылының декабрь ортасында шұғыл ойланып,
байлаған байлауы осылай болды (552.2).Мағаштың қазасын Ырғызбай,
Олжай дейтін аталас, жуан рулар адамдарының қарсы алуы осылай
(592.2.).
Кейде
есімдік
негізді
үстеулер
- дай
көрсеткішінен
кейін
- да
қосымшасын қабылдайды. Мұндайда салыстырма, амалдық мәндегі
үстеулер енді мезгілдік ұғымда жұмсалатын болады. Мысалы:Құнанбай
мұндайда, ойдағы жұмысына күмілжімей, тұпа-тура кірісетін (81.1). Ақ
тулы, көк тулы, ала тулы деген төрелердің тұқым-тұқымы, жік-жігі
осындайда көрінетін (37.1).
-ша, -ше. Бұл аффикс те үстеу сөз табын жасауда тілімізде кеңінен
қолданылады. Салғастыру мәнінде көптеген сөз таптарына жалғана береді:
қазақша, меніңше, әзірше, жаңаша, әйелше, еркекше т.б. Мысалы, Жұман
өзі текеше тасқа отырып апты (389.2). Бұл үй қора-жайды тегі қалаша
салмаған (388.2). Көзінің сыртқы шарасы томпақтау және ұзынша біткен
(217.1). Барған соң, басқаша боп бар (196.1). Дәрмен болса зерек
көңілімен өзінше топшылады (289.2). Ол намысты және әйелше ойламай,
еркекше, тіпті, сол еркектер үшін де өздері ойлайтын (227.2).-Жауабы
әзірше біреу-ақ па деймін, аға...-деп Әбіш ойланып, іркіліп сөйледі
(216.2.). Ол орысша да сөйлеседі деп ойласты (187.2.). Мұңдай жалқау
еңбекке осынша көп берген сендердің құдайың мырза!-деп Апанас
қалжыңдаған (190.2). Айтуларыңша жаңағы атаған үйлеріңді білем ғой,
тегі кәрілер мен бала жағының шығыны көп пе, қалай? (301.2). Үйден
алып шығу болсын, бәрін де бұл үшеуі қалай жетелесе Абай балаша, не
бір есі ауған жанша үң қатпай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz