Жас кезеңдерінің ұзақтығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I Тарау

1. 1 Бала психологиясы бала психологиясының даму заңдылықтары туралы ғылым . . . 3

1. 2 Адам организмінің жалпы сызбанұсқасы . . . 4

1. 3 Өсу мен даму заңдылықтары . . . 4

II Тарау

2. 1 Психикалық дамудың биогенетикалық заңдылықтары . . . 7

2. 2 Жас -өспірімдік кезең психологиясы . . . 9

2. 3 Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының . . . 21

Қорытынды . . . 25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кіріспе

Бала психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған - неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) - Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні - балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе - баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы) . Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент(лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т. б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым - педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Б. М. Бехтерев, А. П. Негаев, Г. И. Россолимо, т. б. ) . 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның “жалған ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д. М. Узнадзе, А. Р. Лурия, А. Н. Леонтьев, т. б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т. б

I Тарау

1. 1 Бала психологиясы бала психологиясының даму заңдылықтары туралы ғылым

Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері

Физиология - мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.

Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті - өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды.

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:

1) бақылау - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;

2) табиғи тәжірибе - мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады.

3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.

Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:

-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;

-эргометрия;

-есепті шығару әдісі;

-телеметрия;

-антропометрия.

Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.

1. 2 Адам организмінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы.

Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалардың негізгі түрлері: жабын, дәнекер, сүйек, бұлшықет және жүйке. Ұлпалар мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.

Жасушадан басталып, мүшелер жүйесінен аяқталатын ағзаның барлық құрылымдарының қызметі келісіп жұмыс істеп бір тұтастық принципіне бағынады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады.

Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады.

Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады.

Осы тұрақтылықты сақтау үшін ағзада өзін-өзі реттеу процесі үздіксіз жүріп жатады.

Өзін-өзі реттеудің 2 түрі бар:

1) гуморальдық реттелу;

2) жүйке арқылы реттелу.

1. 3 Өсу мен даму заңдылықтары

Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.

Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.

Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.

Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.

Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:

1) өсу,

2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.

Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:

1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:

1) өсу мен даму гетерохронды болады.

2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.

3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.

4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі

6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады) .

Адам өмірін кезеңдерге бөлу.

Жас кезеңдері - бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.

1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.

Жас кезеңдері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
№: 1
Жас кезеңдері: Жаңа туған сәби
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 1-10күн
№: 2
Жас кезеңдері: Нәрестелік шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 10 күн -1 жас
№: 3
Жас кезеңдері: Сәбилік шақ (ерте балалық)
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 1-3 жас
№: 4
Жас кезеңдері: 1-ші балалық шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 4-7 жас
№: 5
Жас кезеңдері: 2-ші балалық шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар
№: 6
Жас кезеңдері: Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар
№: 7
Жас кезеңдері: Жігіттік, бойжеткендік шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 6-20 жастағы бойжеткендер, 7-21 жастағы жігіттер
№: 8
Жас кезеңдері: Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 21-35 жастағы әйелдер, 22-35 ерлер
№: 9
Жас кезеңдері: Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 36-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер
№: 10
Жас кезеңдері: Егде жас
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер
№: 11
Жас кезеңдері: Қариялар немесе кәрілік
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 75-90 жастағы әйелдер мен ерлер
№: 12
Жас кезеңдері: Ұзақ өмір сүрушілер
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 90 жас және одан жоғары
№:
Жас кезеңдері:
Жас кезеңдерінің ұзақтығы:

Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

II Тарау

2. 1 Психикалық дамудың биогенетикалық заңдылықтары

Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан қарастырғанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен жүйке жүйесінің төменгі алыптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасып, бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидың төменгі алыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы алыптардың шамалы кешірек дамуы биогентикалық заңдылық, бала жануарларға тән биологиялық түрге жататын жауар ата тегінің тарихи дамуын филогенетикалық дамуын қайталаумен шектелмейді. Баланың жүйке жүйесі әуелгі күндері қарапайым жәндәктердің (инфузориясын т. б. ) жүйке жүйесі тәрізді жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке талшықтары тұс-тұсынан шашыраған жапырақ тәрізді болып келеді. Жапырақ бүктеліп түтік формасына ауысады, бұл көбінесе құрттарда кездеседі. Түтік үш буынға шеткі, ортаңғы және алдыңғы бөлінеді. Мысалы, құмырсқа, аралар т. б. насикомдарда кездеседі. Жүйке жүйесінің буындарының біреуі екіншісіне бағынбайды, автономды түрде қызмет атқарады. Дамудың жоғарғы сатысында алдыңғы буын үстем болып, бас миының негізіне айналады. Ана құрсағындағы баланың бас миының кейін даму себебі бас миы және оның қабығы-эволюциялық өзгерістердің соңғы кездегі жемісі. Балаға тән жүйке жүйесінің негізі-бас миы. Ол ана құрсағында едәуір дамып қалыптасып, туылғанан кейін өз қалыпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Баланың бас миы қабығы және оны микроскоппен көретін алты қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендіргіштерге жауап беруге (мысалы емуі) даяр болады.

Биогенетикалық заңдылықтарды тұңғыш рет дәлелдеген неміс зоологы Э. Геккель (1884-1919ж. ж. ) . Ол осы заңдылықтың жалпы бағытын шамамен бір түрге жататын жануарлар филогенезі ата-тегінің дамуын қайталайтынын атап көрсетті. Ал орыс морфологы А. Н. Северцов (1866-1936 ж. ж. ) осы заңдылық ана құрсағында жүйке жүйесінің қалыптасуына қпатысты екендігін дәлелдеді.

Кейбір зерттеушілер Я, Я. Рогинский, М. Хэррис адамның психикалық дамуы биологиялық фоктордан емес, әлеуметтік ортаға байланысты деп түсіндіреді. С. Холл мен Ж. Болдунин т. б. баланың ақыл-ойының дамуы адамзат қоғам дамуының тарихын қайталайды-деп түсіндірді.

Бала қылығының ерекшеліктерін зерттеудің тәжірибесінде психика дамуында жалпы теория құру қажеттілігі пайда болды. Оны шешуге психологиялық бағыттар-функционализм, бихевиоризм, фредизм, гештальтизм т. б. Мұның әрқайсысы бала психикасынаң ең алдымен жалпы тұжырымдардың растығын куәландратын объект ретінде қарастырды.

Рефлекторлық концепцияны нығайту және ары қарай дамуының шартын құрған анатомиялық зерттеудегі нерв жүйесі . Осындай зерттеудің бірімен айналысқан ағылшын неврологы Чарлз Белл болды. 1811 жылы ол өзінің трактатының зерттеме жобасының «мазмұны» жаңа анатомиялық ми деп айналасындағы өзінің достарына таратты.

Белл трактатта өзінің ашқан жаңалығын жазған болатын және ол біраз уақытқа дейін мәлімсіз болатын кейіннен Беллден тәуелсіз француз фидиологы Ф. Мажанди (1783-1855) аналогиялық қорытындыға келіп, содан кейін барып ол ғылыми түрде мәлім бола бастады. Афференттік жүйке артқы ми арқылы эфференттік жүйкенің өту инпульсі Белла - Мажанди заңы деп аталады. Бұл мазмұны жағынан физиологияда Гарвеемнің ашқан қан айналысымен салыстырылады. Бірте - бірте рефлекторлық жолдарда локализация (шектеу) көрініс бере бастады.

Рефлекс ілімін дамыту жолында 19 ғ. 30 - 40 жылдарында неміс физиологы Иоган Мюллер мен ағылшын докторы Маршалл Холл рефлекс ілімінің даму жолына көп үлестерін қосты.

Маршалл Холл рефлекске табиғи негіздегі психикасы жоқ акттарды енгізді. Қозғалыстарды рефлекстерден шектеу үшін ол мидың артқы бөлігінің талшықтары екі түрлі жүйке жүйесінен тұратын сенсорлы және эксстомоторлы деп көрсетті. Ол рефлекс сезімтал талшықтардың қозуынан емес, бір-бірімен байланыссыз экссимоторлық жүйкелердің әсерінен болады деп айтты.

ХХ ғ. -20 -30 жылдары капитылизм кезеңі басынан экономикалық тоқырау кезеңін өткізді. Оның зияны бәрінен де АҚШ-қа тиді. Халық арасында жаппай жұмыссыздық белең алып, еңбекші халықтың шектен тыс жүдеуі таптық күрестің туындауын өршітті. Осының барлығы псмхологияның дамып отырған идеологиялық атмосферасын өзгертіп жіберді.

Осындай жағдайда жаңа өзгерістер болып, әртүрлі салада зерттеулердің қайта бағдарлануы жүреді және жаңа бағыттар пайда болады. Әлеуметтік психологмяға деген қызығушылық арта түседі. Болып жатқан мәселенің мотивін, құлық мотивінің проблемаларын анықтауға баса назар аударылады.

Психотерапия тек невротиктерге ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаларға, олардың ішкі қарама-қайшылықтарынан арылуға көмектесуге байланысты да қолданыла бастайды. Оның негізгі кеңінен тараған түрі психолониялық кеңес ретінде жүргізіледі. Психологиялық кеңес беру кең ауқымды, белгілі бір дәрежені иемденеді. Британ энциклопедиясының куаландыруынша « 30 жылдардағы депрессия психологияның белсендлігін арттырушы кезең болды. Кәсіптік кеңес беру жұмыссыздарға таралды, тұрғындардың сатып алу әдеттері талданды, ой-пікірлерді зерттеу үкіметтің саясатын қалыптастыруда өз көмегін тигізді. »

Флойд Олпорт секілді шыншыл бихевиористердің Ойлауынша әлеуметтік құлықты түсіндіруде, олардың ойында бірінші болып ішкі реакциялардың құлқына сыртқы факторлардың әсері ерекше деген бір ұстаным қабылданады.

Бұл үрейлі жағдайға - халықтық психологиялық конгреске қатысушылар куәгер болып отырды. Онда әртүрлі бағыттардың жетекшілері тіл табыса алмады. АҚШ-та алғаш рет өтіп отырған ІХ- халықаралық психологиялық конгресстің президенті - Джеймс Кеттлден ой бөлісуін сұрағанда, ол: « Психология- оған үлкен бір медузаны есіне түсіретінін айтты». 1932 жылы Копенгагенде өткен келесі конгресте, басты гештальттықтардың бірі - Келлер былай деді. « Психология әбден құрып бітеді, егер оның байланстырып тұратын жіптерін таппаса ».

Сонымен, ғылыми толыққанды зерттеулер жүргізу үшін, көптеген бізге белгілі, бірақ тарап кеткен ұғымдарды біріктіру қажет болды.

Бихевиоризмнен - бейне мен мотивтің әрекеті, гештальтизмда - бейненің мотив пен әректтен, фрейдизмде- қалған категориялардан мотив т. б. сияқты ұғымдар алынды. Бұл теориялық мақсаттар болды. Брақ бұлардың шешімдері әлеуметтік практиканың талаптарымен анықталды. Оқыту мен психодиагностика мәселелері орталық орында тұрды. Ал, « болжау мен бақылау » негізгі девиз болды. Уотсонның жоспары бойынша адамның құлқын бақылау жоспарлау деген иллюзиядан арылды. Бұл жаңа бағдарлама іздестіруге бағыттады. Өткен теориялардың бөліктерін біріктріп, кризистен шыығу мүмкін емес болды. 1932 жылы совет психологы - Выгодский: «Психологияның өзіндік фундаменті құрылу қажет » деді.

2. 2 Жас -өспірімдік кезең психологиясы.

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процесстері басқаларының бәрінен басым болады деген ойымен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ ол даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр кекі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толыстыру мерізімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел даму нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік шақты алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерацияға байланысты жеткіншектің кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14, 5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орыны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Көптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизімі бір жастағы адамдарды біріктіретін жас шағы топтары болып атбылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өзіне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда социялизация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде тікелей қосу арқылы жүзеге асырылған. Мектеп оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты адам жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.

Балаң жас өспірімдік (14, 5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Өсу мен даму көрсеткіштері
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Клетканың бөліну кезеңіндегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістер
Жас ерекшеліктер физиологиясы пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы
Арнайы дайындық кезеңі
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz