Жас ерекшелік психологиясының әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

  1. Нәрестелік және сәби шақтағы балалардың дамуының психологиялық ерекшеліктері . . . 4
  2. Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы . . . 8

1. 3 Даму факторлары . . . 12

1. 4 Жас -өспірімдік кезең психологиясы . . . 14

Қорытынды . . . 26

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кіріспе

Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата-ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде.

Зерттеу мәліметтері бұл мәселе жөнінде әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог-ғалымдар балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар.

Соңғы жылдары жас кезеңдерін атап айтқанда, жаңа туған баладан бастап, жас өспірімдік шаққа дейінгі аралыққа өзгерістер енгізілді. Олар жеті сатыдан тұрады:

  1. Жаңа туған бала (туған сәттен . . . бір-екі айға дейін)
  2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан бір жылға дейін)
  3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
  4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін)
  5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)
  6. Жеткіншектік шақ (11-12 жастан 14-15 жасқа дейін)

Жас ерекшелік психологиясы-психология ғылымының саласы. Пәннің зерттейтіні-адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, психикалық процестің онтогенезі және жеке адам дамуының психологиялық жағдайы.

Жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып: балалар психологиясы, бастауыш мектеп психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы жатады.

Жас ерекшелік психологиясы пәні-жас ерекшеліктерінің психикалық процестерін, жеке даму факторларын оқытады. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің жалпы оқыту объектісі-бала, жеткіншектер, жас өспірімдік кезең.

Бұл сала оқыту мен ақыл ойдың және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Бұл сананың ең көрнекті бөлшегі-балалар психологиясы, бөбектер мен жас өспірімдердің есею процесін зерттеп, қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын зерттейді.

Жас ерекшелік психологиясының қарастыратыны: бала психологиясы (туғаннан 18 жасқа дейін), үлкендер психологиясы (студент жасы мен геронтология, яғни қартаюды) зерттейтін ілімі жатады. Осылардың ішінен біз тек бала психологиясына тоқталатын боламыз.

Баламен тек психология ғылымы ғана айналысып қоймайды, өзге ғалымдар да (педагогика, анатомия мен физиология) өз саласы тұрғысынан зерттейді.

Бала психологиясы тек мектепке дейінгі балалармен айналысып қана қоймай мектепте оқитындардың ұғымталдығын және ой-өрісінің, интеллектісінің қалыптасуымен де айналысады. Осыған орай «есею» деген ұғым бұрынғыдан қазір өзге мағынада қолданылады: бұл сан-алуан есептерді шығарудағы шеберлік, тапқырлық, не өзге пәндердегі мазмұнды ұғынып, солардың тиісті қорытынды жасай алуы т. б.

Жасөспірім психологиясы сол сан алуан ұғымталдық, ақыл т. б. және осыларды туғызатын жағдайлар мен факторларды және интелектінің қалайша қалыптасатынын зерттейді. Есеюге байланысты бұл жәйттерді зерттеу-балалар -бақшасы мен мектептер үшін маңызды мәселенің бірі. Өйткені әр жастағы баламен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу үшін, сол жұмыс үстінде ұқыптылық пен ақылдың қаншалықты дамитынын білу өте қажет.

Жас ерекшелік психологиясыының зерттеу үстінде тапқан мәліметтері тек оқу-тәрбие жұмысы үшін қажет емес, оның үлкен философиялық мәні бар.

Жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі. XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Жас ерекшелік психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді.

Олар психиканың дамуын қайнар көздері мәселесіне зейін аудартты.

Жас ерекшелік психологиясының әдістері. Психология ғылымының саласы бола отырып, жас ерешелігі психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні-бақылау мен экспериментті ашудың негізгі екі әдісін пайдаланады.

Психологиялық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі-егіздер әдісі деп аталады. Оның мәні-бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлілігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Психиканың қалыптасу ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады.

Жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология саласына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері болып проблемасына зейін аудартты.

Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымын И. М. Сесенов те атап көрсетті.

1. 1 Нәрестелік және сәби шақтағы балалардың дамуының психологиялық ерекшеліктері

Өмірге келген нәресте өзінің анасынан оқшауланады. Ол бөтен жағдайға тап болады: суық, күшті жарық, ауа ортасы, көректену типін өзгерту қажеттілігі т. б. Бұл жаңа, бөтен ортаға бейімделуге балаға тұқымқуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер - шартсыз рефлекстер көмектеседі. Бұл ең алдымен тамақтану рефлекстерінің жүйесі. Сонымен бірге шартсыз рефлекстер қатарына қорғану және бағытталу рефлекстері жатады. Есту анализаторлары 2-3 аптада пайда болады. Қатты дыбыс, мысалы, есіктің жабылуы бала қимылының тоқтауына әкеледі, бала қимылдамайды және үндемейді. Кейінен, 3-4 аптада мұндай реакция адам дауысына пайда болады. Бұл уақытта бала дауыс шыққан жаққа басын бұрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алғашқы эмоцияның пайда болуы айғайлау, тырысу, қызару, әртүрлі қимылдардан байқалады. 2-ші айда бала адам бетіне көз тоқтатып, күлімсірейді, қол-аяқ қимылдарын жасайды, дауыс реакциялары пайда болады. Бұл реакцияны жандану комплексі деп аталады.

Нағыз адамзат ерекшелігінен тұратын жандану комплексі күлу, алғашқа әлеуметтік қажеттілік-қарым-қатынасқа қажеттліктің туғандығын айқындайды. Ал баланың қарым - қатынасқа қажеттілігінің қалыптасуы, ол өзінің психикалық дамуында жаңа кезеңге өткендігін білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып сәбилік кезең басталады.

Бала өмірінің 2-ші жылының даму жетістігі- жүру. Бұл баланы дербестікке жетелейді және кеңістікті әрі қарай меңгеруге жағдай жасайды. Өмірінің 2-ші жылының соңында балаларда қимыл координациялары жақсарады, олар күрделі әрекет комплекстерін меңгере бастайды.

Бұл жастағы балалардың затты меңгеруі алғашқы ойлау формаларының дамуына шешуші әсер етеді. Бұл жастағы баланың ойлауы көрнекі - әрекеттік сипатта болады. Заттық әрекетті жетілдіру бала тілінің дамуына әсер етеді. Бала сөйлеуі диалогты сипатта болады, сұрақ және үлкендердің жауап мазмұндарынан құралады. 2 жылдың аяғында бала өз тілінде екі сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады. Сөйлеуді баланың қарқынды меңгеруі фактісі ретінде баланың бір сөзді бірнеше рет қайталауды ұнатуы. Осының қортындысында бала сөзді дұрыс түсінеді және сөзді дұрыс айтады, сөйлем құрады. Бұл кезең баланың қоршағандардың тілін жоғары қабылдауы. Сондықтан, бұл кезеңді бала тілінің дамуының сензитивті (жағымды) кезеңі деп атайды. Бұл кезеңдегі тілдің қалыптасуы психикалық дамудың негізі болады.

Сәбилік жаста адамгершілік сезімнің белгілері қалыптаса бастайды. Бұл тек үлкендер балаларды басқалармен санасуға үйреткенде болады. Өмірінің 2-ші жылында балада бірге ойнайтын жолдастарына жағымды сезім пайда болады. Симпатияны көрсету формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер, жанашырлық, басқа адаммен қуанышты бөлісуге ұмтылу.

Үлкендермен қарым-қатынаста бала өмірінің 2-ші жылында мадақтауға жағымды эмоционалды реакция қалыптасады. Бұл өзін-өзі сүю, өзін-өзі бағалаудың дамуына ішкі жағдай жасайды. Сәбилік кезеңде баланың еркінің алғышарттарының іргетасы қаланады. Бұл алғышарттар даму үшін бала өмірінің жағдайын, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет болады.

Мектеп жасына дейінгілердің психикалық даму ерекшеліктері.

Мектепке дейінгілердің психикасының дамуының қозғаушы күштері қарамақайшылықтар, яғни олар баланың қажеттіліктерінің дамуына байланысты болады. Олардың маңыздылары: қарым-қатынасқа қажеттілік, сыртқы әсерлерге қажеттілік, қимыл қозғалысқа қажеттілік т. б.

Үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа деген қажеттілік баланың жеке басының дамуын анықтайды. Бұл жастағылардың қарым-қатынасының негізгі құралы- сөйлеу. Кіші мектеп жастағылар « 1000» сұрақтар қояды. Мысалы: жұлдыздар неден жасалған, сиыр неге мөңірейді, ит неге үреді т. б. Берілген жауаптарды тыңдай отырып, бала үлкендердің онымен жолдас, әріптес ретінде санасуын талап етеді. Балалардың үлкендермен мұндай ынтымақтастығын танымдық қарым-қатынас деп атайды.

Баланың жеке басының қалыптасуында маңызды рольді баланың құрбыларымен қарым-қатынасы алады. Балалардың арасында өзара қарым-қатынасының әртүрлі формалары пайда болады, кездеседі.

3 жастағылардың өзара қарым-қатынасы ойыншықтармен, заттармен әрекет негізінде қалып тасады. Балалары өзара іс-әрекет процесіңде басқа балаларға жетекшелік, бағыну тәжірибелерің менгереді .

Қарым-қатынастың генетикалық алғашқы формасы болып еліктеу алынады. А. В. Запорожец көрсеткендей, баланың ырықты еліктеуі оның қуғандық тәжірибені меңгеруінің алғашқы жолы.

Баланың іс әрекетінің әр түрлерін меңгеру деңгейінде мәнді рольді оның өмір жағдайы мен тәрбиесі алады мектепке дейінгілердің іс-әрекеті әртүрлі ойын, сурет салу, құрастыру, еңбекпен оқыту элементтері, яғни бала белсенділіғінің көрінуі.

Мектеп жасына дейінгілердің жетекші әрекеті -ойын. Ойынның жетекші әрекет ретіндегі мәні - ойында бала өмірінің әртүрлі жақтары бейнеленеді, іс-әрекет ерекшеліктері және үлкендердің өзара қарым-қатынасын, қоршаған шындық туралы білімді алады және бекітеді, өзі тәуелді іс-әрекет субъектісінің позициясын меңгереді.

Ойын іс -әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Зейінді жинақтау, есте сақрау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейінді жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

Тілдің дамуына ойын үлкен әсерін тигізеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, еге ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады.

Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды үйренеді. Рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекетжасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда, әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады.

Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшінде үлкен маңызы бар.

Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру алады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже алуға бағытталуымен сипатталады. Нәтиже алуға бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады. Міне, осы бағыттылықтың қалыптасуына қарай бала қажетті сыртқы, практикалық және ішкі әрекеттер түрлерін меңгереді, онда эстетикалық тебіреністер мен шығармашылық қабілеттер қалыптасады.

Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қияддың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.

Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін А. В. Запорожец пен оның қызметкелерінің еңбектерінде көрсетілгендей, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар. Сенсорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүикіндік беретін өлшем қызметін атқарады. Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға, үйреткенде, музыка сабақтарында, дидактикалық ойындар процесінде мектепке дейінгі балаларды сенсорлық эталондар жүйелері мен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру тәсілдеріне, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына жетелейді.

Қабылдаудың жетіле түсуімен байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық іс - әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады. Ойлауды қалыптастыруда шешуші рольді оқыту алады. Оқытудың тиісті формаларында балалар ойлаулың толық түсініктері мен тәсілдерін игереді.

Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан әлсіз болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты - оны біртіндеп саналы ниетке бағындырып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.

Мектепке дейінгі шақта ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және назарын аударып есінде сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер оңай есінде сақтақталады. Есті дамытудағы үлкен өзгеріс -бала алдына есте қалдыру мақсатын қойып, тиісті тәсілдерді қолдануды бастайтын арнайы мнемикалық іс - әрекеттің пайда болуы. Балалардың мінез-құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде игеруі педегогтың олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтау, ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке тиісті шараларды қолдану - кіші мектеп оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер жеке адамның ішкі табиғи жетістігі болады.

Біріккен оқу процесінде балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші класс оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы мен абыржуы жойылады. Балалар бір партада отыратын көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарайды, өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін балалармен қарым-қатынас жасайды.

Бастауыш мектеп оқушыларының санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9 - 10 жастағы балалар оларға бірге оқитын балалар ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген бағаға өте ынталы және егер бұл баға өз қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Бірақ мұндай қынжылыстар ұзаққа бармайды, және бастысы оларды мұғалімнің немесе басқа үлкендердің тарапынан берілген бағалаумен алмастыру оңай. Бастауыш мектеп оқушысы үшін мұғалімнің пікірі мейлінше елеулі және үзілді-кесілді болып табылады. Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғалімдермен әр түрлі кездейсоқ та қарапайымынан бастап өте маңызды да дара себептермен сөйлеседі. Балалар өздерінің қам-қарекетін, қынжылыстарын, үйдегі оқиғаларымен мұғаліммен ашық сөйлеседі, бөліседі. Ренжіген жағдайда кіші мектеп оқушысы мұғалімге айтады, өйткені мұғалім барлығының адамгершілік төрешісі ретінде көрінеді.

Баланың ойлауы педагогикалық процесте қалыптасуы және баланың жетілуі адаптацияларында емес индиуалды түрде өмір сүру жағдайларына бейімделуі, ал баланың танымдылық әрекеттері мен практикалық әдісте активті түрде үйренуі пайда болуында әлеуметтік бар жағдайлар жатады. А. В. Запорожец айтуы бойынша мұндай әдістерді үйрену абстрактілі, сөз логикалық ой ойлаудың күрделі түрлерінің қалыптасуында ғана емес сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларға тән қарапайым бейнелік ойлауда қалыптастыруда маңызы зор. А. В. Запорожец балақы ойлаудың формалары (қарапйымдық әрекеттік, қарапайым бейнелік, сөз логикалық) оның жастық даму сатсына қатысы жоқ. Бұл әрекеттің кейбір мазмұндары мен кейбір жақтарының үйрену сатысы. Сондықтан да олар толығымен анықталған жас мөлшер топтарына жағымды және қарапайым әрекеттік ойлау ерте танылғанымен, қарапайым бейнелікке қарағанда, бұл формалар жас мөлшермен қатысты емес. Қарапайым әрекеттіктен қарапайым бейнелікке және сөздік ойлауға өту А. В. Запорожецтің, Н. Н. Поддьякованың, Л. А. Венгераның және тағы басқа эксперименталдық зерттеулерде көрсетілгендей орентациялы зерттеушілік әрекет сипатының негізінде бағытталған қозғалысты танып қателесу негізіндегі арентировканы айырбастау және көруді, сонымен қатар ойлау арентировкасын айырбастау негізінде болады. Айта келе мұны кейінірек Н. Н. Поддьяков «балалық экспеементация» деп атап кетті. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының жетілуінде сол немесе басқа құбылыстарды қарапайым модельдеу әдістерін үйрене алады (Л. В. Венгер, О. Н. Дьяченко) т. б.

1. 2 Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.

Нәрестенің негізгі ерекшелігі-жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.

Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін хайуанаттар пәнінен осы ерекшеліктері ажыратады. Баланың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің дұрыс дамуына қажетті көру мен есту әсерінің түп негізі және бұл өте маңызды, осындай ықпалды ұйымдастырушы үлкендер болады.

Нәрестенің өмірі түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттігін де қанағаттандырады: оны қолына алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалғанын көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады. Негізгі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады.

Жадырау комплексінің өзінде-ақ баланың үлкендерге деген жағымды эмоциялық көзқарасы, онымен қарым-қатынас жасағаннан қанағат алатыны байқалады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл нәрестелік кезең бойына ұлғая береді.

Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе, сол кезде қасына үлкен кісі жақындаса-ақ оның көңілі көтеріліп, ашуы басылады да, өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, алдыңғы ойыншығымен ойнай бастайды. Туғанына 4-5 ай болғанда үлкендерді таңдап, қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.

Дұрыс тәрбие әдістері үстінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-қатынас кешікпей белгілі бір затпен, ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да, үлкен кісі баланың бірлескен іс-әрекетіне айналады.

Үлкен адам мен баланың бірігіп қимыл жасауы үлкен адамның нәресте қимылын басқарумен, сондай-ақ сәби өзі орындай алмайтын іс-әрекетін атқару үшін үлкендерден жәрдем сұраумен сипатталады.

Бала мен үлкен кісінің бірлескен іс-әрекетінде бүкіл нәрестелік кезеңде ересектердің іс-әрекетінде еліктеу қабілеттілігі зор маңыз алады. 7-10 айда бала үлкендердің сөзін, қимылын бақылайды. Көбіне ол өзіне әсер еткен қимылды сол бойда емес, біраз уақыт өткен соң, кейде бірнеше сағаттан соң қайталайды. Бірнеше рет көрсеткеннен кейін ғана еліктеп, қайталайтын кездері аз болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Психологиядағы зерттеу әдістері
Жас ерекшелік психологиясы туралы
Бала психологиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz