АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Мамандық: 6B02304 - Шығыс филологиясы
Жоба жұмысы
Тақырыбы: Антропоөзектік парадигманың ғылымдағы рөлі мен маңызы.
Орындаған: 103 топ
Тексерген:
Ф.ғ.к., проф. Бүркітбай Г.Ж.
Алматы 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАҒА ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАНЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕР ... ... ... ... ... ... ..4
2. АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 6
2.1 ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.2 КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.3 ЛИНГВОПСИХОЛОГИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 12
КІРІСПЕ
Жобаның өзектілігі: Антропоөзектік парадигма тілдің жан-жақты зерттеулерінің жиынтығы болып саналғандықтан, өзекті болып табылады. Тілдің тек грамматикалық құрылысымен ғана емес, әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен менталитетін бірге қарастырып зерттеуі басты құндылығы.
Жобаның мақсаты: Антропоөзектік парадигманың ғылымдағы рөлі мен маңызын саралау.
Жобаның міндеті:
-Антропоөзектік парадигмаға шолу;
-Антропоөзектік парадигма бағыттарын қарастыру;
-Корей тілі мен қазақ тілін салғастыра талдау;
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАҒА ШОЛУ
ХХІ ғасырда дүниеге келген антропоөзектік парадигма тілді құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастықта зерттей отырып, тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы емес, ұлттың рухани, мəдени коды ретінде қарастырады[1,198]. Антропоөзектік парадигма тілді жүйелі құрылымыдық парадигмамен салыстыра зерттеп, тілді рухани - мәдени код ретінде қарастырады. Тілдің антропоөзектік парадигмасы - тілді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастырады. Антропоөзектік бағыттар - этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттану. Қазіргі таңда қазақ тіл білімінің мәселелері осы бағыттардың негізінде зерттеліп, қазақ тілінің жүйелі-құрылымдық қызметімен қатар, танымдық қызметтерінің шеңбері кеңейе түсті. Тілді антропоөзектік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың барлығы түптеп келгенде мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қандай әсер ететінін,қандай қызмет ететінін анықтау мәселелерін шешуге тырысады. Тілдің антропоөзектік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесін, адам арқылы тілдің табиғатын ашу мәселесін ашумен тікелей байланысты[2]. Лингвистикадағы антропоөзектік әдіс тілді адам болмысымен бірлікте қарастыруды көздейді. Әлемдегі барлық құбылыстар адам тәжірибесі мен құндылықтары тұрғысынан қарастырылады. Қандай заманда болмасын ғылым, өнер, білім - барлығы да, түптеп келгенде, адамды тануды бірінші мақсат етіп қойған. Өмірдегі алуан әрекеттердің бәрі де адаммен немесе оның қасиеттерімен байланысты. Мәселелер қалай өрбісе де, айналып келгенде адам болмысына тіреле бермек. Себебі, мұның бәрі адамды тану қажеттігінен туған идеялар екені мәлім.
Соңғы 15-20 жылдың төңірегінде лингвистикалық зерттеулердің антропоөзектік аспектісі қарқынды дамып келеді. Мұның мәні адам болмысы мен тіл табиғатының байланысы шеңберінде өрбитін кешенді мәселелердің туындауымен байланысты. Тек лингвистика ғана емес, жалпы гуманитарлық пәндердің ғылыми парадигмасы бұрын үстемдік еткен қатаң ғылыми, әрі жүйелілік-құрылымдық ұстанымнан бет бұрып, функционалдық парадигманы жетекші бағытқа айналдырды. Бүгінгі таңда антропоөзектік бағыт негізінде жүзеге асатын, бір-бірімен өзара шарттас, әрі іштей тығыз байланысқан бірқатар ғылыми салалар қалыптасты. Атап айтсақ, олар: әлеуметтік лингвистика (социолингвистика), лингвомәдениеттану (лингвокультурология), Когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, гендерлік лингвистика. Лингвистиканың басқа ғылым салаларымен интеграциялануы нәтижесінде өмірге келген бұл пәндер макролингвистиканың аясында қарастырылады[3].
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАНЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕР
Адам факторы арқылы зерттеу тілдің ашылмаған жаңа қырларын тануға мүмкіндік беретіндіктен, адам болмысын сипаттайтын көптеген ғылыми салалардың қалыптасуына негіз болатынын түсінген ғалымдар антропоөзектік парадигманы алға шығарды[4]. Антропоцентризм ұғымына берілген ғылыми анықтамаға сәйкес, ол - гректің anthropos - адам және латынның сentrum - орталық деген мағыналы сөздерінен біріккен сөз. Ол адам құбылысын (феноменін) ғаламның басқа да құбылыстарына (феномендеріне) қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт [5,8]. Сондықтан anthropos адам деген сөзден бастау алатын антропоцентристік көзқарас, антропофилия, антропология, антропогенез, антропометрия, антропоморфизм және антропологиялық парадигма сынды ұғымдардың қатар қолданылуы заңды құбылыс. Мәселен, антропология терминін ең алғаш рет адамның дене бітімі мен жан дүниесін сипаттауда ежелгі грек философы Аристотель қолданған. Содан кейін бірнеше ғасыр өткен соң ғана бұл термин қайтадан ғылыми айналымға енген. Осы арада бұл ұғымдардың қазақ тіл білімінде антропоөзек, антропоөзектік бағыт, т.с.с қолданылып жүрген балама атауларының уәжі антропоцентризмді философиялық қырынан таныған П.С. Гуревичтің мынандай түсіндірмесімен үндесетіні байқалады: Антропоөзектілік - бұл әлемнің өзегі және әлемде орын алатын оқиғалардың орталығы адам болып табылады дегенді білдіретін көзқарас. Көптеген философтар философияның басты мәселесі адам деп есептей отырып, осы дүниетанымдық ұстанымды негізге алды. Адамның табиғатын, болмысын, мақсатын түсіне отырып, сан ғасырлар бойы жиналған басқа да философиялық мәселелерді түсінуге болады [6,44]. Ғалымның тұжырымымен таныса келе, антропоөзектіліктің ғылым үшін аса өзекті екенін көруге болады. Тіршіліктің, өмірдің, ғылымның бастауы адам екені баршаға мәлім. Расымен, табиғаттың күшін, адамның танымын түсінгенде ғана жылдар бойы жинақталған сұрақтарға жауап табуға болады. Философ П.С. Гуревич өз зерттеулерінде барлық мәселенің шешімі ретінде антропоөзектілікке баса назар аударған.
Ғалым Б. Момынова Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар еңбегінде антропоөзектік парадигма бойынша таным объектісін зерттегеннен гөрі, таным субъектісіне баса назар аударады. Зерттеушінің пікірінше, адам - тұлға, жай ғана ізгілікпен пен қайшылықтардың жиынтық образы емес, ұлттық және әлеуметтік белгілерді бойына жинақтаушы тұлға. Сондықтан да этнолингвистика, этнопсихология, этнопедагогика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика - бәрі де адам санасы мен танымын, оның терең қатпарларын, таным мен сананың, ойы мен ойлауының тілі арқылы жарыққа шыққан нәтижелерін зерттейді. Ғалым ғылымдағы адам танымын саралай келе, антропоөзектіліктің негізгі ұстанымдарын ажыратып көрсетеді:
- адам факторы - тілдегі негізгі фактор;
- тіл адамға, оның ойына және мінез-құлқына қалай әсер етеді; осы әсер адамның санасында қалыптасқан әлемнің тілдік суретіне нені қосады;
- адам өзі сөйлейтін тілге қалай ықпал етеді, жалпы ықпал ете ала ма?
- адамның лингвокреативті іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіл жүйесінің қай бөлігі ыңғайлы немесе адам үшін қай бөлік ашық та, қолайлы;
-жүйенің қай бөлігі адам ықпалына көп ұшырауы мүмкін;
- қай бөлік өзгерісті қабылдауға бейім [7,11-13].
Ғалым өзінің ойын қорытындылай отырып, адам тілмен тығыз байланысты екенін айта келе, бұл екі ұғымның ажыратылып, бөлек зерттеліне алмайтындығын меңзеді. Сонымен қатар, жоғарыда айтылып кеткен антропологиялық парадигма, антропоөзек, антропоөзектік парадигма, антропогенез секілді термин сөздер адамдармен тікелей қатысты екенін байқай аламыз. Яғни антропология саласы - бұл адамның ойы, танымы мен түйсігі арқылы жұмбақ дүниелерді ашуға мүмкіндік беретін ғылымның бір саласы.
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Антропоөзектік парадигма бағыттарына - Этнолинвистика, психолингвистика, социолинвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану. Этнолингвистика - этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы. Тіл білімінің экстролингвисиеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы. Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән дифференция процесінің тіл біліміндегі бір көрінісі іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстролингвистика, психолингвистика, паралингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Этнолингвистикалық көзқарас алғаш 19 ғ-дың 2-жартысында В.Гумбольдт, А.А. Потебня зерттеулерінде пайда болды. Сондықтан эволюциялық зерттеулердің бірде сөздік қордың қойнауында сақталып көне дәуірден келе жатқан байырғы лексиканың мазмұнын ашуға бағытталғанын білсек, бірде этнос болмысынан, дүниетанымынан туындаған тілдік фактілердің сырын ашып, пайда болуын айқындауды мақсат еткенін көреміз[8].
Психолингвистика (фр. linguistigue -- лат. lingua - тіл) -- психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн[9]. Социолингвистика - бұл тіл мен қоғамның байланысы мен адамдардың әртүрлі әлеуметтік жағдайларда тілді қалай қолданатындығын зерттеу. Социолингвистиканың негізгі ережесі - бұл тіл өзгермелі және үнемі өзгеріп отыратындығы. Нәтижесінде тіл біркелкі емес немесе тұрақты болмайды. Керісінше, ол жеке пайдаланушы үшін де, сол тілді пайдаланатын спикерлер тобы үшін де әр түрлі және сәйкес келмейді. Адамдар сөйлесу тәсілдерін өздерінің әлеуметтік жағдайларына қарай өзгертеді. Мысалы, жеке адам балаға өзінің колледжінің профессорына қарағанда басқаша сөйлейді. Бұл әлеуметтік-ситуациялық өзгеріс кейде аталады тіркеу және тек қатысушылардың қарым-қатынасына ғана емес, сонымен бірге қатысушылардың аймағына, этникалық жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, жасына және жынысына байланысты[10].
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ
Тіл мен мәдениет бір бірімен тығыз байланысты ұғымдар, тіл мәдениетте дамып, мәдениетті де дамытады. Осыған байланысты, лингвомәдени логика пайда болып, лингвомәденииетану деген үлкен ғылым саласы қалыптасты. Лингвомәдениеттану термині соңғы онжылдықта В.Н. Телия басқаратын фразеологиялық мектептің жұмысына, Ю. С. Степанов, А. Д. Арутюнова, В. В. Воробьев, В. Шаклеин, В. А. Маслова және басқа зерттеушілердің еңбектеріне байланысты пайда болды[11,2]. Бұл терминге нақты тоқтала кететін болсақ, лингвомәдениеттану, немесе, лингвокультурология латынша "lingua" - тіл, "сultura" - мәдениет, "logos" - ілім деген терминдердің жинақталуын туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін ғылыми сала[12]. Лингвомәдениеттануға Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz