Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫПТЫҚ Оқу- әдістемелік құрал

Пәні : «Мейіргер ісі негіздері»

Тақырыбы: «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Асқазанды шаю. »

Мамандығы: 0302000 «Мейіргерлік ісі»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Құрастырған: пән-мұғалімі Баудинова Р. Р.

Талғар, 2020

Тақырыптық оқу- әдістемелік құралдың мазмұны

  1. Жұмыс оқу бағдарламасынан үзінді 4-5 бет
  2. Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары 6-8 бет
  3. Оқытудың міндеттері, тақырыптың негізгі сұрақтары 9 бет
  4. Дәрістің мазмұны, дәріс 10-25 бет
  5. Стандартты операциялық рәсімдер, стандарттар 26-30 бет
  6. Жағдаяттық тапсырмалар 31-32 бет
  7. Тест тапсырмалары 33-35 бет
  8. Тест тапсырмаларының жауабы 35 бет
  9. Қолданылған әдебиеттер 36 бет

9. Презентация, бейнетаспалар, карточкалар, «Жасырын сөздер» кестесі, сүреттер, ребустар ( қосымша 2 папкада)

Жұмыс бағдарламаСЫнАН үзінді

Тақырыптың аты

Барлық

сағат

саны

Білуі тиіс

Істей білуі

тиіс

Қорлар

Қолданылған

әдебиеттер

№: 20
Тақырыптың аты:

Тақырып 4. 4

Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Асқазанды шаю.

Барлықсағатсаны: 6
Білуі тиіс:

Асқорыту жүйесінің бұзылуының көрінісі: іштің ауыруы, тенезма-лар, асқазан

диспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттің бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі мүшелерін аспапты зерттеу әдістері. Асқазан шаюдың көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Емшара кезінде пациенттің жағдайын бақылау.

БҚ-2. 2; БҚ-3. 1;

Істей білуітиіс:

Мейіргерлік тексеру және тәуелсіз араласу. Белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасы.

Пациентті емшараға дайындау және емшараны орындау техникасын стандартқа сәйкес жүргізу . Жабдықтарды өндеу. Қолды гигиеналық деңгейде тазарту және тері антисептигімен өңдеу. Залалсыздандырылған қолғапты кию және шешу іс-әрекет алгоритмін стандартқа сәйкес орындау . Стомаларды күту,

пациентті және оның туыстарын стомаға өзіндік күтім көрсетуді үйрету. Зәржинағыш және памперсттерді қолдану. Жеке гигиенаны және шат аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.

КҚ-2. 3; КҚ-3. 1; КҚ-3. 3

Қорлар:

Тақырыптық

тізім № 20

Қолданылғанәдебиеттер:

Оқулықтар: «Мейірбикелік іс негіздері»

С. А. Мухина

И. И. Тарновская

2014 ж.

112-126 бет;

«Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритм-дері» Л. М. Адилова

2016 ж. 111 бет;

Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары № 20- 270 мин

Пәні: АП 01 Мейіргер ісі негіздері

Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Күні: Тобы:

Сабақтың тақырыбы: «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Асқазанды шаю».

Сабақтың түрі: тәжірибелік аралас сабақ

А) оқыту түрі : топтық, ұжымдық, жекелік

Ә) оқыту әдісі: дидактикалық және ойын түрінде оқыту, «Миға шабуыл», интерактивті, карточка, презентация, бейнебаяндар

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Ас қорыту жүйесінің бұзылуының көрінісін: іштің ауыруы, тенезмалар, асқазан диспепсиясын: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттің бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу жағдайларды, бірінші көмегін білү. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктерін, асқазанды шаю іс-әрекеттерді меңгеру.

Пациенттің жағдайын бақылауы бойынша күнделікті жүргізуді білу. Халі нашар пациенттерді тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу. Пацинттердің толық ақпарат жинақтауды білу: субъективті (анамнез жинау, аллергологиялық анамнез, жалпы биографиялық мәліметтер, еңбек жағдайы, зиянды әдеттері) объектівті тексеруді білу қарау кезіндегі мәліметтер: жалпы жағдайы, иесі, науқастың төсектегі қалпы, терісі, шырышты қабаттары, сана сезімі, жалпы дене бетімі; содан кейін қазіргі, приоритетті, потенциалды қажеттіліктерін анықтауды, мейіргерлік болжамды диагноз және ұзақ, қысқа мерзімді мақсатқа сай тәуелді, тәуелсіз, аралас көмек бойынша жоспарды құрастырып науқастарға сапалы күтім жүргізуді үйрету.

Түсініктерді меңгеру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т. б. алынған білімді практикада қолдана білу; БҚ- 1;

Дамытушылық : КҚ-3. 3;

Тәрбиелік: БҚ- 3. 1;

Пәнаралық байланыс: «Латын тілі», «Фармакология негіздері», «Қалыпты анатомия», «Қалыпты физиология», «Ішкі аурулар пропедевтикасы», «Психология негіздері», «Жұқпалы аурулары», «Микробиология», «Жалпы хирургия»;

Пәнішілік байланыс: өтілген тақырыптары мен:«Жүрек қан-тамыр жүйесінің бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»;

Сабақтың жабдықталуы: Тақырыптық тізімі №20

Сабақ өтілетін орын: оқу бөлмесі.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастырушылық кезең - 5 минут : сәлемдесу, студенттердің сабаққа катысуын, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру - 40 мин.

1. Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының көрінісі қандай?

2. АҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалуда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

3. Пульсті, артериалық қан қысымды өлшеу техникасын көрсетіңіз.

4. Су баланысын анықтау және күндізгі диурезді санау техникасын көрсетіңіз.

-Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау. Артериалды қысымды өлшеу, пульсты анықтау

3. Тәжірибелік іс-әрекеттердің орындалу техникасын түсіндіру және көрсету - 45 мин.

Оқытушы білім алушыларға тақырыпты түсіндіреді және көрсетеді:

1. Асқорыту жүйесінің анатомия - физиологиялық негіздері

2. Асқорыту жүйесінің кызметы бұзылған кездегі негізгі белгілері: іштің ауыруы, тенезмалар, асқазан диспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттің бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу.

3. Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс.

4. Асқорыту жүйесі мүшелерін аспапты зерттеу әдістері. Асқазан шаюдың көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

5. Асқазанды шаю техникасы

6. Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі алғашқы көмек

4. Студенттің өзіндік жұмысы өткізу бойынша нұсқау беру - 5 мин.

-білім алушыларға жұмыс орнын, күтім заттарын және медициналық құралдарды даярлау, қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін түсіндіреді;

  • әрбір білім алушының меңгеретін тапсырма тізімдерімен таныстырады;
  • манипуляцияны орындау іс-әрекеттері бойынша әрбір білім алушыларды стандарттармен қамтамасыз етеді ;
  • әрбір білім алушыға берілген практикалық стандартқа сәйкес, барлық практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін жұмыс істеуге білім алушының көңілін аударады;
  • орындалатын жұмысқа олардың байсалды көз қараспен қарауын талап етеді;
  • күнделікпен жұмыс істеуге кепілдеме береді;
  • білім алушыларға өз бетімен орындайтын жұмыс істеу уақытын және көлемін мәлімдейд

5. Өз бетімен жұмыс істеу- 120 минут

(Күнделікті толтыру)

Оқытушының жетекшілігімен білім алушылар аз топтарға бөлініп келесі тапсырмаларды орындайды:

  • стандарт бойынша практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін бірнеші рет қайталап, дәлме-дәл, істін реттілігін есептей отырып істейді және үйренген іс- әрекеттерді қолдана отырып ас қорыту жүйесінің мейіргерлік үрдістің 5 кезең бойынша: дәрігер- мейіргер-пациент және мейіргер- пациент рольдік ойын түрде білім алушылар берілген уақытты өткізеді, күнделікттерін толтырады.

Оқытушы:

  • білім алушылардың жұмысын бақылайды, өз уақытымен қателіктерін жояды;
  • білім алушының жіберген қателерін дұрыстап, оларды дұрыс әдіске үйретіп, оқу процесін басқарып отырады;
  • манипуляцияның орындалу дұрыстығын бақылап, нашар білім алушыны жеке үйретіп, әрбір білім алушының дағдыларды дұрыс орындауына жеткізеді;

6. Сабақты бекіту- 40 минут

Сұрақтар:

- Асқорыту жүйесінің негізгі қызметтері

- Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі негізгі белгілері

- Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі алғашқы көмек

- Асқазан шаюдың көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері

Тақырыпқа сай және өтілген тақырыптар бойынша жағдаяттық тапсырмаларды орындау

7. Сабаққа қорытындылауды өткізу - 10 минут

  • сабаққа талдау жүргізеді, сабақтың мақсатына жеткендігін хабарлайды

студенттердің жауаптарын бес балдық жүйемен бағалайды, бағалауға байланысты ұсыныстарды береді:

  • әрбір білім алушының жетістіктері мен көрсете алмаған іс-әрекеттерін белгілейді;
  • тақырып бойынша, материалды түсінгенін анықтап, білім алушылардың сұрақтарына

жауап береді;

  • тақырып бойынша дағдыларды игерудің қорытындысын айтады;
  • білім алушылардың күнделіктерін толтыруын тексереді;

8. Үйге тапсырма беру- 5 минут

Тақырып: «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік

Оқулықтар: ««Меірбикелік іс негіздері» С. А. Мухина И. И. Тарновская 2014 ж. 112-126 бет; «Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритм-дері» Л. М. Адилова 2016 ж. 111 бет;

https://www. google. com/search?hl=ru-KZ&authuser=0&rlz=1C1SAVU_enKZ606KZ611&ei=&q=сестринский+процесс+при+заболеваниях+органов+пищевар

Оқытушы: Р. Р. Баудинова

Әдіскер: А. А. Серикбаева

Тақырып № 20 «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Асқазанды шаю»

1. Оқытудың міндеттері:

  • Ас қорыту жүйесінің бұзылуының көрінісі: іштің ауыруы, тенезмалар, асқазан диспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттің бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу.
  • Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері.
  • Ас қорыту жүйесі мүшелерін аспапты зерттеу әдістері.
  • Асқазан шаюдың көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
  • Жабдықтарды өндеу.
  • Зәржинағыш және памперсттерді қолдану. Емшара кезінде пациенттің жағдайын бақылау.
  • Мейіргерлік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасы
  • Жеке гигиенаны және шат аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.

2. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Асқорыту жүйесінің бұзылуының көрінісітеріне не жатады?
  • Тенезімдер дегеніміз не?
  • Асқазан диспепсисы дегеніміз не?
  • Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету?
  • Белсенді және пассивті пациенттерге емшара дегеніміз не?
  • Мейіргер мен пациентті емшараға қалай дайындалады?

Картинки по запросу "жұтқыншақ"" Асқорыту жұйесі

Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс

Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі негізгі белгілері

Картинки по запросу "іштің ауруы"" Іштің ауыруы бұл тек ауыру сезімімен ғана сипатталмайды, сонымен қатар асқазанның алдыңғы қабырғасына қысымның түсуімен байланысты болады. Себептері: асқазанның тағамға толып кетуі, кебуі, асқазанның кеңейуі және төмен түсуі. Ауыру сезімі үнемі немесе белгілі бір уақытта қайталанып тұруы мүмкін және ұстама тәріздес болады, үнемі болатын ауыру сезімі бірнеше күн, бірнеше ай болады, ауыру сезімі бірде күшейеді, бірде әлсірейді, бірде интенсивті түрде болады, бірде тұйықталып, сыздап ауырады. Сыздап ауыру сезімі асқазан обырымен байланысты болуы мүмкін.

Картинки по запросу "тенезм"" Тенезм (грекше teinesmos - қатты іш) - қатты ауыру сезімімен жүретін, дәреттің жартылай немесе мүлдем болмауымен сипатталатын жалған толғақ сияқты ауыру сезімі.

Асқазан диспепсисы: дисфагия, қыжылдау, кекіру, тәбеттің бұзылуы, жүрек айнуы, құсу.

Асты қорыту ауыз қуысынан басталады, бұл жерде тағам бірнеше механикалық өңдеуден және уақталған түрде өңеш арқылы асқазанға түседі. Өңештің қорыту функциясы жоқ, оның атқаратын қызметі тағамды асқазанға өткізу. Өңеш зақымдалғанда тағамның өтуі қиындалады.

Картинки по запросу "дисфагия деген не"" Дисфагия - өңеш арқылы астың өтуінің бұзылуы; дисфагия органикалық және функциональді болады.

Функцианальді - невроз кезінде, бұлшықет спазмы болғанда, өңештің шырышты қабатының қабынуында (эзофагит) ;

Органикалық - рак кезінде, өңештің әр- түрлі себептерінен тарылуында.

Тәбеттің бұзылуы асқазан секрециясының жоғарлауымен сипатталады. Жедел гастрит, асқазан обырымен ауыратын адамдар тәбеттің мүлдем болмауымен сипатталады.

Картинки по запросу "қыжыл"" Қыжыл - өңеште күйю сезімінің болуы - өңешке асқазанның қышқыл сөлінің түсуімен байланысты. Мейірбике науқасқа қыжылды шақыратын тағамдардан бас тарту керектігін айтады (қара нан, тәтті кисельдер, варенье, ашщы және қуырылған тамақтар) .

Кекіру - ауыз қуысына асқазандағы немесе өңештегі тағамнаң кішкентай бөлігінің қайта шығуы. Кекіру ауамен (бос) және тағаммен кекіру болып бөлінеді.

Ауамен кекіру - кенеттен ауыздан ауаның шығуы, кейде дыбыс естіледі. Бұл асқазанда немесе өңеште жиналып қалған ауа.

Тамақпен кекіру - асқазан бұлшықетінің жиырылуы кезінде және асқазанның кардиальдік бөлігі ашық болған кезде.

Иісі бар кекірік - (шіріген жұмыртқа) привратник стенозы кезінде, секреторлық қызметінің төмендеген кезіндегі гастритте.

Ащы дәмі бар кекірік - он екі елі ішектегі өттің асқазанға түсу кезінде.

Қышқыл кекіру - асқазан секрециясы жоғары болғанда немесе ойық жара кезінде.

Бос ауамен кекіру кезінде мейірбике науқасқа тағамды асықпай, жай шайнап жеу керектігін, тағам қабылдау барысында кітап, газет, журналдарды оқымауды және сөйлемспеу керектігін, тағамды аз порциямен жеу керектігін айтып түсіндіреді.

Картинки по запросу "лоқсу"" Лоқсу - қабылдаған астың біраз бөлігінің ауызға қайта түсуі . Асқазанның алдыңғы қабырғасына қысымның түсуімен және ауыз қуысында жағымсыз сезімнің пайда болуымен қатар жүретін, терінің бозаруымен, аяқ - қолдардың жаурауымен, АҚ- түсуімен, әлсіздікпен, сілекейдің көп бөлінуімен жүретін құбылыс.

Картинки по запросу "құсуды шақыру"" Құсу - рефлекторлы акт. Асқазан рецепторларын сапасыз тағамның тітіркендіруі, сонымен қатар асқазан ауруында патологиялық түрде рецепторлардың тітіркенуімен сипатталады. Науқастар асқазан ауруларында жиі болатын құсуға шағымданады, кейбір науқастар аш қарынға таңертең құсады (түні бойы асқазан сөлінің және шырыштың жиналуынан, секрецияның жоғары болуынан) . Кейбір науқастар тағамды қабылдап болғаннан кейін құсады (асқазанның шырышты қабатының қабынуымен байланысты) . Ал асқазанның ойық жарасында науқас тағам қабылдап болғаннан кейін 1 - 3 сағ кейін құсады. Сонымен қатар кеш құсу - тағам қабылдағаннан кейін 6 сағ соң немесе кешке желінген тамақтан кейін болады (асқазан превратнигінің тарылуында және асқазанның бірдең созылып кетуінде) .

Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру

Бірінші кезең- тексеру, ақпараты жинау

-Мейіргерлік күтім ұйымдастыру мақсатымен қажеттілік қанағаттануының бұзылысын анықтау

1. Тамақты қабылдау, асқорыту қызметінің қажеттілігі қанағаттануының бұзылысы бар пациентің тән шағымдары:

Асқазан қызметінің бұзылыстары:
Ішек қызметінің бұзылыстары :
Асқазан қызметінің бұзылыстары:: -Қыжыл
Ішек қызметінің бұзылыстары :: -Іш өту
Асқазан қызметінің бұзылыстары:: -Дисфагия
Ішек қызметінің бұзылыстары :: -Іш қату
Асқазан қызметінің бұзылыстары:: -Кекіру
Ішек қызметінің бұзылыстары :: -Іш кебу (метеоризм)
Асқазан қызметінің бұзылыстары:: -Тәбетінің бұзылуы
Ішек қызметінің бұзылыстары :: -Нәжісті ұстамау
Асқазан қызметінің бұзылыстары:: -Асқазан және іш тұсындағы ауырсынуы
Ішек қызметінің бұзылыстары :: -Ішектен қан кету
Асқазан қызметінің бұзылыстары:: -Лоқсу, кусу
Ішек қызметінің бұзылыстары :: -Кенеттен болған әлсіздік, бас айналу, тершендік
Асқазан қызметінің бұзылыстары:: -Асқазанның қансырауы
Ішек қызметінің бұзылыстары :: -«Кофе тұнбасы» тәрізді құсық
Асқазан қызметінің бұзылыстары::
Ішек қызметінің бұзылыстары :: -Нәжістегі қан (мелена)

Қыжыл -төстің артында семсер тәрізді аймақта күйдіру тәрізді сезім;

Құсу - күрделі, рефлекторлы акт құсу орталығының қозуы кезінде асқазандағы заттардың еріксіз жұтқыншақ, тамақ, ауыз, кей кезде мұрын арқылы шығуы;

Жүрек айну - рефлекторлы акт;

Анорексия- тәбеттің жоғалуы

Іш қату - нәжіс ішекте 48 сағаттан артық кідіруі

Дисфагия - жұтыну актінің бұзылуы (қиындауы, ауырсынуы, кекіру)

Іш өту - жиі түзге отырудағы сүйық нәжіс (диарея)

Дәреті ұстамау -дұрыс құрылмаған нәжістің ағып кетуі

Метеоризм- ішекте ғаздың пайда болуының жоғарлауы және ішектің қозғалту қызметінің бұзылуы

Асқазаннан және ішектен қан кету - ас қорыту трактінің тесігіне (құысына) қан тамыр шеңберінен қанның шығуы

Іш теспесі - белгісіз генезді іштегі интенсивті ауырсынулар

Мелена - қара май тәрізді сұйық үлкен дәрет

2 . Пациентпен әңгімелесу, қажетті ақпарат жинай білу (anamnesis morbi, vitae, status praesens) - сұрақтарды қою:

-Сіз алғашқы рет асқазан ауырсынуын қашан сездіңіз?

-Ауырсынудың сипаты қандай болды: ұстама түрде әлде жай, қалай ауырды: қақсайтын, тесетін?

-Ауырсынудың пайда болуына не әсер етеді, (тамақпен немесе аш қарынға) басталуын сіз немен байланыстырасыз?

-Сіз өзіңіздің тәбетіңізді қалыпты деп есептейсіз бе? Тәбетіңіз жоғары ма, төмен бе?

Соңғы күндері сіздің салмағыңыз өзгерді ме? Егер өзгерсе, қалай?

-Сіздің күнделікті тамақтану тәртібіңіз және рационыңыз, тамақтың сипаты, көбінесе қандай тамақты қалайсыз : ащы, майлы, етті, сүтті тағамдарды?

-Тамақтануда қандай да бір шектеулер бар ма және неге?

-Қай тағамдарды, мысалы: жидек, шоколадты жегенде бөртпедер, қышыну, өзін жайсыз сезіну сезімдері болды ма?

-Тәулігіне орташа есеппен қанша сұйықтық мөлшерін қолданасыз ба? Көбіне не ішесіз: кофе, шай, минералды су?

-Сізде дәретке отыра алмайтын кездер бола ма? Дефекацияның ауырлығы және жиілігі қандай?

-Бөлінген нәжістің мөлшері қандай? Нәжіс қалпы, іш қатпасы, іш өту, ұстамау?

Сіз ішектің өтуін немен байланыстырасыз? Дұрыс тамактанбау, отырып істейтін ж жұмыс, жүктілік, басқа себептер ме?

-Сізде, нәжістің түсі өзгеше түсте бола ма, ақшыл не қара? Патологиялық қоспалар (қосындылар) -шырыш, қан, ірің нәжіспен аралас бола ма?

-Сіз, өзіңізді қашан жаман сезінесіз, Сіз өзіңізге көмектесуге, жеңілдік әкелуге тырысасыз ба және қалай? Жасанды жолмен шақырылған құсу бола ма? Ас содасын, сүт, дәрілерді қабылдайсыз ба? Клизма қолданасыз ба?

-Сіз күнделікті немесе ұзақ уақыт қандай да болсын дәрі-дәрмектер қолданасыз ба? Олардың әсері немесе Сіз оларды қалай көтердіңіз?

-Сіз медициналық, терапевт, гастроэнтеролог- дәрігердің көмектерін жиі талап етесіз бе?

-Туысқандардың ішінде осы аурумен біреу ауыра ма?

-Құрсақ қуысы мүшелеріне операция жасалды ма? Ішектік инфекциялар болды ма?

Ішектік инфекциялар болды ма? Сіз ас қорыту трактісінің ауруларымен ауырдыңыз ба?

-Жұмыстағы зиянды факторлар: гиподинамия, күйзелістер, улану . . . ?

-Сіз темекі шегесіз бе? Қанша темекі тәулігіне шегесіз?

Естеріңізде сақтаңыздар! Ацетилсалицил қышқылы, резерпин, кальций хлориді, преднизолон, бездің препараттары ас қорыту трактісінің шырышты қабатын тітіркендіреді

3. Қауіп факторларын анықтау.

Қауып факторлары

Дұрыс тамақтанбау, артық салмақ

Шылым шегу

Ішімдікке салыну

Аз қимылды өмір салты

Тағам заттарына аллергия

Жиі күйзелістік жағдайлар

Тұқым қуалаушылық

Улану, ішек инфекциялары

4. Жалпы жоспар бойынша объективті және субъективті мәлімет жинау:

Объективті
Субъективті
Объективті: -есі
Субъективті: -асқазан сөлінің бөлінуін және қышқылығын тексеру
Объективті: -төсектегі қалпы
Субъективті: -нәжіс анализі (капрологияға, жасырын қанға, қарапайымдарға, дисбактериозға, құрт жұмыртқаларына)
Объективті: -шырышты қабат пен терінің түсі
Субъективті: -қанның жалпы және биохимиялық анализдері
Объективті: -терінің ылғалдылығы
Субъективті: -зерттеудің рентген әдістері-асқазан және он елі ішектің рентгенографиясы, ирригография, ирригоскопия
Объективті: -ауыз қуысын қарау
Субъективті: -эндоскопиялық (фгдс, колоноскопия, ректороманоскопия)
Объективті: -ауыздан жағымсыз иіс
Субъективті: -удз - ультрадыбысты зерттеу
Объективті: -тіл (құрғақ, таңдақпен, жабылған, жарылған)
Субъективті:
Объективті: -алмалы- салмалы және бүлінген тістердің көрінісі
Субъективті:
Объективті: -жұтыну (ауырсыну, қиындықпен)
Субъективті:
Объективті: -дене қызуы
Субъективті:
Объективті: -тыныс алудың жиілігі, тереңдігі
Субъективті:
Объективті: -ақ, пульстің көрсеткіші, өзгеруі
Субъективті:
Объективті: -іші (көлемі жағынан ұлғайған, үрленген, кернелген, ұстап көрген кезде ауырсынулар)
Субъективті:
Объективті: -перианалдық аймақ (қабылған терісі геморройдалды түйіндердің ұлғаюы)
Субъективті:
Объективті: -нәжіс сипаттамасын көзбен бағалау (формасы, мөлшері, иісі, түсі, қоспалары)
Субъективті:
Объективті: -құсық масса сипаттамасына көзбен бағалау (мөлшері, құрамы, қоспалары)
Субъективті:

Екінші кезең - мейіргерлік мәселелерді анықтау, диагнозды қою

Физиологиялық мәселелер:

Нақты-қазіргі мәселелер
Приоритетті мәселелер
Потенциалді мәселелер
Нақты-қазіргі мәселелер: жүрек айну және құсу
Приоритетті мәселелер: «кофе тәрізді» құсық
Потенциалді мәселелер: өмірге төнетін дәріжелі қауіп
Нақты-қазіргі мәселелер: Қыжыл
Приоритетті мәселелер: ішектен қансырау (мелена)
Потенциалді мәселелер: жұмысқа қабілеттіктік төмендеуімен байланысты бейімделу мәселесі
Нақты-қазіргі мәселелер: тәбеттің бұзылуы
Приоритетті мәселелер: Геморрой
Потенциалді мәселелер: жиі жарақаттану және нәжіспен былғанумен байланысты перианалды аймақ терісі бүтінгінің бұзылуына үлкен қауіп, психологиялық адаптациялық қиындықтары
Нақты-қазіргі мәселелер: диарея (іш өту)
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер: пациенттің диеталық тамаққа және отбасы қамқорлығының аз болуы (жеткіліксіздігі, тапшылығы)
Нақты-қазіргі мәселелер: диета бұзылыстары
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: инфекциялы аурулармен байланысқан
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: күйзелісті жағдайлармен байланысқан
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: іш қату
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: Сусызданумен
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: Гиподинамиямен
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: дұрыс тамақтанбаумен байланысқан
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: метеоризм (іш кебу)
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: үлкен дәретті ұстай алмау
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: іштің қатты ауыруы
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: асқазан- ішектен қан кету
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
Нақты-қазіргі мәселелер: тагаммен улану
Приоритетті мәселелер:
Потенциалді мәселелер:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқазан жарасының асқынулары
Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр циррозының клиникалық көрінісі
Зәр шығару жүйесінің клиникалық белгілері
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Қант диабетінің патогенезі және этиологиясы
Қант диабеті кезіндегі аяқ күтімі
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Онкологиялық пациенттерге паллиативті көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz