Қарақұмық дақылының зиянкестері
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген қарақұмық дақылының сорттары және түрлері
2.2. Егістегі арамшөптермен және зиянкестермен күресу жолдары
2.3. Қарақұмық дақылының зиянкестері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қарақұмық бағалы және маңызды азық-түлік дақылы. Басқа жармалық дақылдардың ішінде азық-түліктік құндылығы бойынша ол бірінші орынды иеленеді. Азық-түліктік мақсатқа ол негізінен жарма түрінде, шамалы мөлшерде ұн түрінде қолданылады. Қарақұмық жармасы жеңіл қорытылатын, ақсылдарға, майларға, минералды заттар мен дәрумендерге бай. Ол жоғары калориялығымен, жақсы дәмдік сапасымен ерекшеленеді және диeгикалық қасиеттері бар. Қарақұмық ақуыздары (белоктар) қоректік қасиеттері бойынша дәндібұршақ дақылдарының ақуыздарына жақын. Олар айырбасқа жатпайтын амин қышқылдарының көптігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қарақұмықта тарыға қарағанда лизин он еседей кеп. Қарақұмық жемісінде емдік қасиеттерімен сипатталатын лецитин көп мөлшерде кездеседі. Қарақұмық жармасындағы ақуыздарға жоғары ерігіштік тән. Олардың арасында суда еритіндері (альбуминдер) 58 %, ал тұзда еритіндері (глобулиндер) 28 % салыстыру үшін -- бұл қасиеттер тары жармасында тиiсiнше не 5.2 және 5,8 %. Қарақұмық жемісінің құрамына кіретін майлар тотықтануға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді және соның нәтижесінде тіпті салыстырмалы түрде астығы мен жармасы ұзақ уақыт сақталғанда қаңсымайды. Қарақұмық жармасындағы органикалық қышқылдар (алма, қымыздық, лимон) және көп дәрумендер құрамы (В1, В2 , B6, Е, РР ж.б.) ас қорытудыжақсартады, әрі адам ағзасында артық мөлшерде тұздардың жинақталуына кедергі жасайды. Жеңіл сіңірілетін ақуыздардың айтарлықтай көп мөлшерде болуы және амин қышқылдарының, дәрумендердің, ораникалық қышқылдар мен әртүрлі қоректік азық-түліктің арақұмық жармасы мен ұнынан дайындалатын оңтайлы құрамы адам ағзасының физикалық жүктемеге, сонымен қатар радиоактивті және рентген сәулелеріне жоғары шыдамдылык пен төзімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Олар ішек- асқазан ауруларымен, қант диабеті, нефрит, мигрень, жүйке ауруына шалдыққан, жүрек-тамыр ауруларының түрлерінен зардап шегетін балаларға, ересек және ауру адамдарға өте пайдалы, әрі қажетті.
Қарақұмық жармасынан - ботқа (каша), пудингілер, запеканкалар, котлеттер, құймақ, пирогқа салынатын турамалар (фарштар) дайындалады. Қарақұмық ұны құймақ, варениктер, балалардың қоректік қоспаларын, дайындауда қолданылады. Майбұршакпен (қытайбұршақпен) араластырып әртүрлі кондитер өнімдерін, оның ішінде шоколад дайындау өндірісінде пайдаланылады. Қарақұмықтың бал әкелетін дақыл ретіндегі рөлі де зор. Ғылыми деректерде қарағанда қарақұмықтың әрбір гектар егістігі орта есеппен 40-60 кг, ал қолайлы жылдары 100 кг дейін бал жинауға мүмкіндік береді, ал оның емдік қасиеттері жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл дақылдың егістігі балараларының жақсы азықтық қоры болып табылады.
Қарақұмықтың шырынды өнімділігіне аударайы жағдайлары, сорттық ерекшеліктері, өсірудің агротехникалық шаралары (себу мерзімі, тыңайтқыштар, пестицидтерді қолдану ж. б.) әсер ететіні анықталған. Қарақұмықтың малшаруашылығы үшін де белгілі бір маңызы бар. Әдете мал азығына астыққа тазалағанда, іріктегенде және өндірістік өңдеуден өткенде алынатын қоспалар (семген, ұсақ, уатылған дәндер, мал азықтық те кебек) пайдаланылады. Олармен үй құстарын, шошқаларды, азықтандырады. Мұндай жағдайда қүстардың жүмырткалағыштығы артады, ал ет семіз әрі ашық түсті болады. Шошқалардың қосымша салмағы артады және майының сапасы жақсарады. Шошқа мен ірі қара мал төлдері үшін қарақұмық мекені жақсы мал азығы. Қарақұмық сабаны қоректілігі мен сіңімділігі жөнінен астық және бұршақ тұқымдас дақылдар сабандарының аралығынан орын алады. Жеміс салу кезеңінің басында жиналған қарақұмық массасы жасыл және құрғақ күйінде мал азықтық құндылығы бойынша шалғындық шөптерге таяу, ал оның сүрлемі ақуыздың мөлшері мен қоректілігі жағынан күнбағыс пен жүгері сүрлімінен қалыспайды. Бір есте ұстайтын жайт, ашық аландарда ұсталатын (бағылатын) ақ түсті малдарды мөлшерде және ұзақ уақыт қарақұмық сабаны, мекені пішенімен, жасыл балаусасы мен азықтандырғанда оларда қарақұмық бөртпесі ауруы пайда болады. Ол ауру ылғалды қабықшалармен терінің пигменттелмеген бөліктерінің қызаруы және қабынуынан байқалады. Аурудың ұзақ дамуынан мал терісіндегі жүн қабатының түсіп қалуы байқалады, теріде ісіктер түзіледі және коньюктивит, стоматит, ларингит пайда болады, тіпті, бастағы миды қабыну үрдісі жүреді. Бұл ауру түрі қарақұмық өсімдіктерінде кездесетін ерекше зат фагопириннің болуына байланысты. Жануарлар ағзасына енген фагопирин тері мен ылғалды калтқшалардың күн сәулесі өсеріне сезімталдығын арттырады. Ашык (ақ) түсті жануарларды қорада және әлсіз жарықта ұстағанда оларда қарақұмық бөртесі -нің белгілері байқалмаған. Қарақұмықтан дайындалған мал азығын орташа мөлшерде, жас, көгермеген түрде жәнебасқа мал азығымен араластырып азықтандырса бұл аурудан сақтандыруға болатыны дәлелденген. Қарақұмық сабаны мен мекенін малға буға қыздырып, немесе, басқа дақылдардың сабаны және мекенін орналастырып түйіршіктер мен брикеттерге өндеп берген дұрыс. Қоңыр түсті малдар қарақұмық бөртпесімен залалданбайды. Қарақұмық сабанынан жоғары сортты поташ (КСО) өндіріледі. Қарақұмықтың жеміс қабығы (лузгасы) негізінен клетчатка мен пентозандардан құрылған. Оның құрамында қорытылатын қоректік заттар жақтың касы және мал азықтық мақсаттарға тікелей пайдаланылмайды. Алайда лузганың құрамында айтарлықтай мөлшерде полисахаридтар болады, ал бұл микробиологиялық өнеркәсіпте мал азықтық ашытқылар өндіру мүмкіндігі барлығын көрсетеді.
2.1. Қазақстандағы қарақұмық дақылының түрлері және сорттары
Даму тарихы, таралуы және өнімі. Қарақұмық шамамен 2,5 мың жыл бұрын Азия материгінің шығыс бөлігінде ылғалды аудандарында мәдени өсімдік ретінде қалыптасқан. Оның морфологиясындағы ерекшеліктер мен өсу жағдайларына талаптары осымен түсіндіріледі. Мәдени қарақұмық жабайы татар қарақұмығынан (Fagopyrum tataricum L.) шыққан деп есептеледі. Бірінші жүзжылдықта ол Ресейге енген, ал кеңінен өсіріле бастаған кезеңі 15 - ғасырдан бастау алады. Осы уақытта ол Европа елдерінде де тарады. Дүние жүзінде жыл сайын қарақұмық 3,5 млн га егістікте өсіріледі, оның көбі Ресейде, АҚШ, Қытай, Үнді ж.б. елдерде. Қазақстанда ол өткен ғасырдың 60 - жылдарында (тың игеру жылдары), кең тарады. Соңғы 10 жыл (1997-2006 жж) ол жыл сайын орта есеппен 70,3 мың га алқапта өсіріліп, орташа астық өнім 5.0 цга шамасында болды, негізгі егістігі Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған (бүкіл егістіктің 80% дейін) және орташа астық өнімі тиісінше -- 3,5 және 6,7 цга құрады. Бұл дақылдың әлеуетті өнім мүмкіндігі айтарлықтай жоғары: мәселен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті АҚ- ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының кезекті бір танаптық тәжірибелерінде (Қарағанды облысының күңгірт қара-қоңыр топырақтарында) жекелеген варианттарда астық өнімі 19-22 цга дейін жетті. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сортсынау телімдерінде оның-астық өнімі 13,5 - 19,0 цга одан да жоғары. Қазақстанның озық шаруашылықтарының іссанасы көрсеткендей, қарақұмықтын, өсіру технологиясын дұрыс жүргізгенде тіпті үлкен егістік алқаптардың өзінде әр гектардың орташа өнімділігін 12-14 ц және одан жоғары көрсеткіштерге жеткізуге болатындығы байқалды. Қазіргі кезеңдегі қарақұмықтың астық өнімінің төмен деңгейде болып тұрған себебі негізінен оның өсіру технологиясын жасағанда ауыл енбеккерлері дақылдың морфологиялық, биологиялық және сорттық ерекшеліктерін ылғи ескере бермейді.
Ботаникалық сипаттамасы. Қарақұмық қарақұмықтар тұқымдасына (Polygonaceae), Fagopyrum туыстығына жатады және ол бірнеше түрлерді біріктіреді: Қазақстан аумағында мәдени қарақұмық (E sculentum) өсіріледі, ал жабайы түрлерінен арамшөп өсімді, ретінде татар қарақұмығы (F. tataricum) кездеседі; жартылай бұталы түрі (F suffruticosum) -- көпжылдық өсімдік, Ресейдің Сахалин аймағына тән. Мәдени қарақұмық екі түр тармағына бөлінеді: кәдімгі қарақұмық (subsp. Vulgare S.) барлық жерлерме өсіріледі және көпжапырақты қарақұмық (subsp.multifolium S.) негізінен Ресей Федерациясының Қиыр Шығысында өсірілетің өсімдік. Кәдімгі қарақұмық бірнеше түршелерге ажыратылған, олардың ішінде кең тарағандары екеу: var. alata Bat. -- жемістері қанатты (қырлары бүгілген) және var. aptera Bat. -- қанатсыз. Қарақұмықтың өсіп-жетілу кезеңі қысқа (70-85 тәулік), бастапқы өсуі шапшаң, гүлденуі мен пісуі созылыңқы, ал бұл аймақ жағдайындағыбозқырауды ескеруді талап етеді. Аталған дақылдың барлық өсіп-даму кезеңдері (егін көгінен басқалары) бір-бірімен ұштасып жүреді және егін жинағанға дейін созылады. Сондықтан кезендердің басталуы мен жаппай жүруі белгіленеді.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген қарақұмық сорттары:
Сумчанка. Украина дәндібұршақ және жармалық дақылдар ғылыми зерттеу институтының Сумы мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы стансасында шығарылған. Алята түршесіне жатады, ортадан ерте пісетін сорт, жапырылуға және шашылуға төзімді сорт. Сорттық технологиялық, жармалық сапа көрсеткіштері жоғары, дәндерінің қабықтылығы 19 20%, 1000 санының массасы 27,3-31,4 г. Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарында өсіріледі.
Богатырь. Ресей Федерациясының П.И. Лисицын атындағы Орлов ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Түршесі алята, орташа мерзімде пісетін бейімді сорт, жапырылуға және шашылуға төзімділігі орташа, технологиялық және жармалық сапалары жоғары, жармасының шығымы 65-75% дәнінің массасы 22-24г, қабықтылығы 20-24%. Ақмола, Алматы, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарында өсіріледі.
Шортандинская крупнозерная. Қазақстанның АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-де шығарылған. Түршесі алята, сорт жоғары өнімділігімен, орташа мерзімде пісетіндігімен және әлсіз шашылуымен ерекшеленеді. Басқа сорттармен салыстырғанда дәндерінің ірілігімен ядросының 70% шығымдылығымен сипатталады. Технологиялық және жармалық саласы бясоғары. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Шортандинская 2. ҚР АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-де шығарылған. Сорт өсімдіктерінің биік өсуімен (80-100 см-ге дейін) ерекшеленеді, орташа мерзімде піседі, себуден шаруашылықты пісу аралығы 86-91 тәулікті қамтиды. Жармасының шығымы 66-67% және жоғары дәмділік құндылығымен сипатталады. Солтүстік Қазақстан аймағында сыналған сорттардың ішінде барынша өнімдісі әлеуетті өнімділігі 44 цга дейін). Ақмола, Павлодар облыстарында өсіріледі.
Крупинка. Украинаның Сумы мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Сорт жоғары өнімді, орташа мерзімде піседі. Шығыс Қазақстанда өсіріледі.

Егістікте дақылдар егілмеген жағдайда, егістіктікті арамшөптерден түгел тазарту үшін жалпы жерді өңдеп шығып, топырақтағы арамшөптер потенциалын азайтамыз. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz